Көркем шығарманың дәстүрлі және жаңа формаларына өзара байланысы


Жоспар
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Кеңес одағының алғашқы жылдарындағы қазақ халқының көркем шығармашылығы.
2. Көркем шығарманың дәстүрлі және жаңа формаларына өзара байланысы.
3. Музыка өнерінің ұлттық дәстүрде өркендеуі.
4. Кеңес одағындағы Қазақстанның музыка мәдениеті.
III. Қорытынды.
Кіріспе
Қазақ халқының көркемдік қызметі әрқашанда оның отбасылық-тұрмыстық, еңбек, діни-ғұрыптық, қоғамдық өмірінің ажырамас бөлшегі болды. Онда ежелден мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты, сондай-ақ ислам дінінің мұраттары мен түсінік ұғымдары, халықгық педагогиканың ғибратты нақыл-өсиеттері көрініс тапты.
Социалистік төңкеріс қарсаңында Қазақстан патшалық Ресейдің ерекше артта қалған аймактарының бірі болды. Тарихтың өтпелі кезендерінде қазақ халқына көптеген қиындықтарды басынан өткеруге тура келді. Шыңғысханның, Жоңғар, Қоқан, Хиуа хандары мен Бұқар әмірлерінің жыртқыш та қайырымсыз ордалары қазақ даласымен құйындай өтті. Халықгы қатал езгіде ұстап және құлдыққа сатқан олар бірнеше ұрпактың маңдай терімен құрылған құндылықтарды аяусызтонап, жойды.
Еңбекші халыққа жергілікгі феодал-хандардың, сұлтандардың, билер мен байлардың тепіріші де бақытсыздықпен қайғы-қасірет әкелді. Қарапайым көшпелілер қатал қанауда болып, мұқтаждықта өмір сүрді. Феодалдық соғыстар, өзара қырқыс, ру аралық тартыс, табиғат апаттары - мұның бәрі халықты аштық, мұқтаждық және өлімші күйге жеткізді.
XVIII ғасырдың 30-жылдары басталып, XIX ғасырдың екінші жартысында толық аяқталған Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқын Шығыстың феодалдық мемлекеттерінің қанауынан және де олардың артында тұрған империалистік отарлау езгісінен сақтап қалды. Сонымен қатар патша үкіметі халыққа қанау мен билеп-төстеудің жаңа түрлерін әкелді. Феодаддық-капиталисттік езгі ұлттыққанаумен толықгы. Патша әкімшілігінің өкілдері жергілікті феодалдық билікпен одақтаса отырып, зорлық-зомбылық жасау аркылы еңбекші халықты аяусыз тонады. Олар халықты қараңғылықта ұстап, мәдениет пен ілгерілеуге деген кез келген ұмтылысын аяусыз жанышты.
Қазақ халқының тарих көшіндегі өмір жағдайы қаншалықты ауыр болғанымен, соған қарамастан ол мейлінше мол құнды көркемдік мұра жасады.
Қазақ халық шығармашылығы халықтың көркемдік ойлауының айнасы болып табылады. Бірінші кезекте ол қоршаган ортаны, тұрмысты танумен өзара байланысты десек, халық арасында кеңінен ою-өрнек жэне қолданбалы өнер, ән-күй, би, сахналық өнердің жекелеген элементтері таралды.
Қазақстанның ою-өрнек жэне қолданбалы өнері ежелгі көне дәуірлерде-ақ дами бастады. Қазақстан жерін бір кездері мекендеген көне тайпалар кола құралдар мен қыш заттарынан жасалған құнды бұйымдар қаддырды. Сақтар, ғұндар, үйсіндер темірден жасалып қүйылған жэне қашалған тұлпарлар, түйелер, арыстандардың және өзге де ғажайып мүсіндер жасады. Алтыннан, күмістен, қоладан жасалған бұл әсем бұйымдар ат әбзелдерін, киім-кешектерді, ән-күй аспаптарын, қару-жарақтарды әшекейлеуге қолданылды. Қазақтардың дәстүрлі дамыған өнерлерінің бірі - зергерлік іс болды. ХҮ-ХУІП ғасырларда киіз үйді ою-өрнектеу, үй тұрмысына қажетті бұйымдарды әшекейлеу даму алды. Әсіресе киіз үйдің кигізден жасалған бөлшектері, ағаш және сүйекті ою-өрнектеу, тоқу өнерінің заттары айрықша назар аудартады.
Қазақ ежелден-ақ төлтума би мәдениетін иеленген халық. Сондай-ақ би халық өмірінің, оның діни ұғымының, эстетикалық мұратының, қоршаған табиғатының көрінісі іспеттес еді. Бақсышамандардың да билері болды. Олар ауру-сырқаулардан «үрейлі жынды қуу» үшін қызмет етті. Сонымен катар адамның табиғаттың сиқырлы күшіне және басқа да тылсым құдіретке табынуын білдіретін ырымдық-діни билер болды.
Театр өнері негізінен халықтық көшпелі театр топтарының күшімен дамьщы. 1223 жылғы Монғол шапқыншылығы кезінде жойылған Отырар қаласының Шымкенттен алыс емес орынында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде театрлық перде табылды. Бұл XIII ғасыр басында Қазақстанның ең көне қалаларының бірінде стационарлы театр болғанын жэне Қазақстанның театр өнері ежелден келе жатқанын дәледдей түседі. Қазақтарда әншілік-поэтикалық шығармашылық кеңінен дәстүрлі түрде айрықша таралды. Ежелгі уақыттан бері қазақ халқының рухани өмірінде, қоғамдық және отбасылық тұрмысында, еңбек қызметінде ерекше орын алып келген төлтума ән - күй мэдениеті орнықты. Көшпелі қазақтың тұтастай өмірін қамтыған барлық құбылыстар өнердің ән жэне күй түрінде шынайы көркемдік көрінісінін тапты.
Кейбір халықгар сияқгы қазақгарға да тек жеке орындаушылық формалар белгілі болды. Хормен ән айту, ансамбльдік аспапты музыка олардың тұрмыс салтында орын алған жоқ (кейбір жағдайда болмаса) . Әнші-орындаушы, ән-күй аспабында өзін сүйемелдеуші немесе аспапта орындаушы халықтық ән-күйді бірден-бір негізгі жеткізушілер болды. Қазақтардың мейлінше бай төлтума ұлттық ән-күй тілі іспеттес эуезі мен әуені ғасырлар бойы біртіндеп екшеліп пайда болды.
Төңкеріске дейінгі дәуірдегі халық ән-күйлерінде әлеуметтік сарын өзінің терең көрінісі мен сәулесін тапты. Ән мен күйде күштілердің әлсізге жасаған зорлық-зомбылығы эшкереленіп, байлар қанауындағы бақгашылар мен жалшылардың теңсіздіктегі шермұңы, теңін таппай қалың малға күштеп берілген қыз зары жырланды.
Сан ғасырлар бойы дамыған қазақтың музыкалық-поэтикалық фольклоры жазбаша емес халық шығармашылығының негізгі формасы болды. Мұның өзін еліміздегі көркем өнерпаздар шығармашылығының бастапқы сатысы болды деуге болады. Оның көркемдік-эстетикалық сипатына тән төлтумалық қасиеті соңғы он жыдда бірнеше еңбектердің зерттеу нысаны болды.
Мәселен, қазақ тіліндегі екі томдық академиялық басылымды, қазақ халық ауыз эдебиеті шығармашылығы тарихының орыс тілінде жарық көрген бір томдығьш атауға болады. Қазақтың дәстүрлі эпосы, лиро-эпосы, халық әндері, ертегілер, айтыс, сонымен қатар қазіргі қазақ фольклорынан арнаулы еңбектер жазылды. Бұл еңбектерде қазақ халқының дәстүрлі фольклорьшың түрлік-жанрлық көп қырлы табиғатының құрылымы, стильдік жэне мазмұндық сипаттары қарастырылған. Аталған еңбек авторлары қазақтар арасында әрқашан да ауызша әншілік-поэтикалық шығармашылық ерекше таралған деген ортақ пікірде.
Қазақ мақал-мәтелдерінде халық әндері қымбатты қазынаға баланады. Мәселен, "Хас шебердің қолы алтын, хас эншінің сөзі алтын". Ал халық даналығы "Қыз - ауыл гүлі, ән - көңілдің ажары" дейді. Халық эншілері тамаша әрі бас орындаушылық шеберліктерге ие болды. Оның дамуына ғасырлар бойы өрістеген көшпелі өмір салты жағдайынан туындаған сайын дала төсінде шүйіркелесе отырып, сыр ақтара сөйлесуде ерекше маңызды болған дауыс күшінің әсері айрықша ықпал етті.
Енді қазақ әншілік-поэтикалық фольклорының негізгі дәстүрлі жанрларының ерекшеліктерін қарастырайық. Оларға жыр (лирика) (ғұрыптық емес және ғұрыптық-тұрмыстық), еңбек, шаруашылық өлеңдер, өсиеттік өлендер, қиял-өлеңдер, сатиралық және юморлық өлеңдер, дастандар, термелер жатады.
Лирикалық әндер көңіл-күй пернесін дөп басар сырлы және интимді болып келеді. Оларда халықтың дүниетанымы өзінің шынайы көрінісін тапқан.
Лирикалық шығармалардың қаьарманы орындаушы немесе автордың өзі болып келеді. Ақындар мен белгісіз авторлар өз атынан өмір сүрген дәуірді, оның сол тұстағы мұратын (идеологиясын), саясатын бағалап, сол арқылы қоғам мен әлемге деген өз қатынасын білдіреді. Сонымен, бұл жанрдағы шығармаларда замана рухы шынайы суреттеледі.
Ғұрыптық емес лирикалық өлеңдер (әндер) арасында арнау, мадақтау, тарихи өлең, қара өлең, хат-өлең, ән-өлең, желдірме сияқты жанрларды атауға болады. Арнау әдетте жекелеген адамға немесе тұтас қауымға арна-лады. Суырып салма ақындар аталған өленді айтулы оқиғаға немесе ерекше жағдайларға байланысты шығарып, оны жиналған қауымға немесе қатысушыларға қатысты бағыттап арналған түрде орындайды. Ақындар нақты немесе өзге де болған оқиғалардың мән-маңызын әншілік-поэтикалық формада жырлап, оған деген өз көзқарасын білдіреді. Және де жиналған қауымға болған оқиғаға байланысты нақгы көзқарасын білдіруді ұсынады. Сонымен, арнау өлевдер өзінің жарқын көсем сөздігімен ерекшеленеді.
Бұдан басқа айтулы тұлғаларға арналған арнау өлең де бар. Поэтикалық суырып салмалықпен құрастырылатын шығарманың бұл түрі тарихи өлеңдерге жақын сюжетгігімен дараланады.
Мадақтау жанры жағынан еуропалық поэзиядағы одаларға жақын.
«Мадақтау» термині «панегирик» атты поэтикалықұғымға өте жақын. Ежелгі гректер мерекелік салтанаттарда жалпы әлеуметке белгілі қаьармандарға арнап мадақ өлевдерін шығарғаны мэлім. Классикалық Шығыс поэзиясында «панегирик» жанры Рудаки, Фирдоуси, Низами, Саади шығармаларына тән. Ал қазақ халық ақын-жыршыларының мадақ өлеңцерінің көркемдік сипаты жэне поэтикалық куатынатән өзіндік қасиеттері бар.
Басқа да халықтардың фольклорындағьщай, тарихи өлеңдер қазақ халық поэзиясындағы кеңінен тараған өлең жанры болып табылады.
Кеңінен тараған дәстүрлі қазақ тарихи өлеңі "Қаратаудың басынан көш келеді" деп аталады. Онда Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ халқының қайғылы тағдыры жырланады. Тарихи өлеқдерде сонымен қатар Қоқан және Хиуа бектеріне қарсы жүргізілген ауыр шайқастар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жырланады.
Лирикалық жанрға жататын жэне де қазақ халық поэзиясында көнеден келе жатқан қара өлең орыс частушкаларына жақын болып келеді.
Ақ Сәулешім, Ақ Сәулеш,
Сұр тұлпарға жарасар өмілдірік,
Мұндай тосын кездесуде
Өлең айт, досым, төгілдіріп.
Биік тастан да зәулім тастар бар,
Сол тас арасында мал жемейтін шөп болар.
Мені қайтіп жеңесің, беу, қарағым,
Көмейімде сұлу әннің ұясы бар.
Хат-өлең немесе сәлем хат - әлеуметтік-тұрмыстық поэзияның жанрлық түрінің бірі. Өзге де халықгарда, соның ішінде түркі-монғол халықгарында мұндай жанрлық түр жоқ екені мәлім.
Басқа да тұрмыстық арнаулар сиякты сәлем хат накты біреуге арналған сәлем, хал-жағдайын жэне денсаулығын сұрау, жаңалықтар түрінде болып келеді. Бұдан соң арнауға арқау болған, яғни сәлемдеме мазмұнын құрайтын негізгі бөлім кетеді.
Сәлем хаттың ауызша және жазбаша екі түрі бар. Мұның екеуі де халық арасында кеңінен тараған. Алайда төңкеріске дейін сәлем хаттың ауызша түрі жазбашаға қарағанда басымырақ болды. Қазіргі кезенде халық арасында ¥лы Отан соғысы майданынан жауынгерлердің жіберген көптеген сәлем хаттары сакталған.
Ән-өлең - ғұрыптық емес лириканың кеңінен белгілі жанрлық түрлерінің бірі.
Төңкеріске дейінгі кезенде бұл жанр Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ және өзге де белгілі қазақ ақындары мен эншілерінің шығармашылығында кеңінен көрініс тапты. Олардың өнерпаздық тұлғасы Қазақстан Ғылым Академиясының академигі А. Жұбанов еңбектерінде ғылыми тұрғыда кеңінен талданған.
Желдірме - қазактың ауызша поэтикалық әлеуметтік-саяси лирикасының өзіндік жанрлық түрі. Онда лирикалық өлең мен арнауга тән ерекшелік синкреттік түрде тоғысқан.
Тұрмыс-салт лирикасы. Бұл адамның сезімін, көңіл күйін білдіретін жэне де түрлі салт-сана, әдет-ғұрып жэне дәстүрмен байланысты лирикалық өлең. Тұрмыс-салт, өлеңдері сонау көне заманнан келеді. Қазақ халық поэзиясында оған тойбастар, жар-жар, беташар, бесік жыры, қоштасу, жоқтау, естірту көңіл апту жүбату жатады.
Той бастар - әр алуан қуанышты оқиғаларға байланысты мерекелік дастарқан отырыстарын ашуға арналган өлең (келін түсіру, батырдың жеңіспен оралуы, құрметті адамдардың мерей тойыт. б. ) .
Той тарқар - мерекені тәмамдайтын өлең. Бірақ та ол әрқашан орындала бермейді. Халық поэзиясында өлең жанрының бұл түрі аз тараған.
Тойбастар сияқты той тарқар да мерекелік салтанатты басқаратын ақын тарапынан айтылады. Осы өлеңнің айтылуымен көпшілік қауымға тойдың аяқталғаны жеткізіледі. Ақын салтанатты мерекеге жиналғандар мен оны жасаушыларга алғысын білдіріп, мерекенің есте қаларлық сәтгерін атайды. Әншілік және асқан орындаушылық шеберлігімен, терең тапқырлығы мен ерекшеленгендерді атап өтеді. Сонымен қатар орын алған кемшіліктерді де көрсетіп, олардың болашақта қайталанбауын ескертеді. Тойға қатысқандарға алғысьі мен ризашылығын білдіріп, өзінің көркем де нақышты әнімен тойдың аяқгалғанын жеткізеді.
Жар-жар - үйлену тойы, неке қиылар күні қыздар мен жігіттер кезектесе орындайтын тұрмыс-салт жыры.
Беташар - қазақ халық поэзиясында ежелден белгілі тұрмыс-салт жыры. Ол әншілік-поэтикалық қолма-қол суырып салма (импровизация) түрінде болып келеді. Ақын жаңа түскен келінді күйеудің туған-туысқандарын келісті әзілшыны аралас тұрғыда сипаттай отырып таныстырады. Өлең атынан байқалғандай, ол келіннің бетіндегі пердесін ашу сәтінде айтылады. Өлеңнің әрбір шумағынан кейін келін атасына, күйеуінің апасына, қайындарына бас иіп сәлем береді, яғни күйеуінің туған-туыстарымен өзіндік танысу жүреді.
Бұдан соң беташар орындаушы келінді мақтап, мадактауға көшеді. Дәстүрлі теңеулер қолданылып («Сауысқаннан сақ келін, Жұмыртқадан ақ келін»), мұнан соң келінге өсиет, ғибрат айтылады.
Бесік жыры ~ өмірге жаңа келген сәбидің бесігін тербетіп айтылатын халық өлеңі. Бұл өлең көнеде пайда болғанымен, қазіргі кезеқде де айтылады. Қазақ бесік жырының әр шумағы мынадай жолдармен басталады: «Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Батыр болар ма екенсің, Шебер болар ма екенсің, Шешен болар ма екенсің». Әрбір дэстүрлі бесік жырында баланың болашағына жақсы ізгі тілектер тіленеді.
Қоштасу. Қазақ халық поэзиясында қоштасу тақырыбы жағынан әр түрлі. Атап айтқанда, ата-анамен, туған-туысқанмен, ғашығымен, жақын жора-жолдаспен, тұлпармен, қыран құспен және тағысын тағы басқа да қоштасулар болып келеді.
Жоқтауды қайғылы да мұнды, шерлі де қасіретті сарыны, орындалуы және мазмұны тұрғысынан алғанда, бұл ретте оның қоштасудан айтарлықтай ерекшелігі жоқ деуге болады.
Естірту, көңіл айту, жұбату Адам өлімін жеткізе отырып, туған-туысқандарына көңіл айтпау мүмкін емес, ал көңіл айтып қайғыға ортақтасқан жағдайда қаралы жандарды жұбатпау тағы да мүмкін емес. Жоғарыда аталған өлең түрлері бір-бірінен ажырағысыз болып табылады.
Еңбек және кәсіп өлеңдері. Қазақтардың еңбек және кәсіп өлеңдері бақташылық, жер, аңшылық және шаруашылық өлеңдері болып бөлінеді. Бұл ретте бақташылардың, шопандардың өледдері болды десек, XIX ғасырдың екінші жартысьшда Қазақстанда шахталар мен рудниктердің ашылуына байланысты малынан айрылған кедей-кепшіктің өндіріс орындарына күнкөріс үшін баруынан казақ шаруаларының да өз өлеңдері болды. Кеншілер арасында шахта, рудник, зауыт жэне фабрика қожайындарының әділетсіздігін, жұмысшылар өмірі мен тұрмысын жырлаған өз ақындары болды.
Халықтық өсиет өлеңдерге өсиет өлең, жұмбақ өлең, мысал өлең, алғыс өлең, насихат өлец (благовещания) жатады. Бұл өлендерде халықтық педагогика, яғни тәлім-тәрбие туралы материал мейлінше мол.
Төңкеріске дейінгі қазақ поэзиясының алтын қазынасынан Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Жиенбет, Марғасқа, Шал-киіз, Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Абыл, Сүйінбай, Майкөт, Құлыншақ, Қашаған, Қашаубай, Ақтан, Майлықожа жэне өзге де орта ғасырлық ақын және жыраулардың асыл мұрасы болып табылатын құнды өсиеттері ұрпактан-ұрлаққа жетті. Қиял өлең (аңыз өлең, әпсана өлең) қазақ фольклорына ғана емес, өзге де халықтарға тән поэтикалық жанр. Поэзия қазынасында ертегілер мен аңыздар сюжетіне негізделген қиял-ғажайып өлеңдер айтарлыктай орын алады. Кез келген жыршы оларды балалар үшін үлкен шабытпен орындайды. Сатиралык өлеңдер - ақындар мен жыршылар орындауында қашан да өмірдегі, тұрмыстағы, мінез-құлықтағы жағымсыз көріністермен күрестегі қуатты қару болды. Халық ақындары бүгіндері де сатиралық, юморлық, әзіл-қалжың, сарказм, өткір шенеу сипатындагы шығармалар шығарады. Олар әр түрлі сипатта бола отырып, юмор, әзіл-қалжың, сын, өткір шенеу, сарказм, иронияны қамтиды.
Қазақтарда өлең шығармашылығымен қатар эпикалық баяндау сипатындағы дастандар ежелден кеңінен таралған.
«Дастан» термині қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінде көнеден қолданылады. Ол Орта Азия мен Қазақстан халықгарының тіліне араб және парсы тілдерінен енген. «Дастан» гректің «поэма», «эпос» сөздерінің синонимі және «баяндау» деген мағына береді. Бұл жанр Таяу ІІІығыс, Орта Азия жэне Қазақстан халыкгарыньщ арасына ертеден тараған. Х-ХІ ғасырларда араб, парсы, тэжік, өзбек, түркімен, әзербайжан әдебиетінде романтикалық дастандар дамыды. Осы жанрда «Еңілік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн», «Шәкір-Шәкірат», «Фархад-Шырын», «Мұңлық-Зарлық» және басқа да дастандар жазылды. Қазақ поэзиясында халық батырлары туралы дастандар ерекше белгілі. Байырғы дастандарда қазақ халқының Жоңғар, Қоқан жэне Хиуа басқыншылығына қарсы күресі көрініс тапты.
Қазақтың ән-күй поэтикалық фольклорындағы кеңінен тараған үлгілердің бірі - ақындар айтысы.
«Қазақ совет энциклопедиясының» бірінші томында айтыс жанрына мынадай анықтама берілген: «Айтыс - қазақ фольклорының көнеден бүгінге дейін дамып келе жатқан поэтикалық жанры. «Айтыс» термині «айт», «айтысу» етістігінен шыққан. Халық ақындары қолына домбыра, қобыз, сырнай алып диалог түріндегі өлең сайысына түседі.
Ақындар айтысы - музыкалық-поэтикалық қолма-қол суырып салмалықтың ең жоғарғы сатысы. Халық ортасынан шыққан талантты суырып салма ақындар қалың көпшіліктің, алқалаған әлеуметтің алдында бетпе-бет өнер сайысына түседі. Айтыстың шын мәніндегі шебері қарсыласына жауап беруде еш мүдірмейді. Оның суырып салмалығы мейлінше еркін әрі тамаша поэтикалық бейнелеуге бай және «қарсыласын» сескендірер тапқырлыққа, ұтқырлыққа толы болып келеді.
Ұлы Октябрь революциясына шейін қазақ музыкасы фольклорлың қалыпта келді. Ауыз әдебиетіміз сияқты музыкамыз да жазба мәдениетке жете алмады. Біраң сол бір «ауызша дәстүрдің» өзінде де қазақ музыкасы сан жағынан да, сапа жағынан да бай болатын. Ол жөнінде орыс және Европа білімпаздары аса көтере айтып кетті. Әндеріміз, күйлеріміз мазмұны, түр жақтарынан жан-жақты болды. Әндердің кейбіреулері куплеттік қалыптан асып кетіп, ал күйлердің көбі программалы болып келегін. Осының бәрі де халың музыкасының бай, көп сырлылығын дәлелдейді.
Бірақ қазақ музыкасы ол дәуірде профессионалдың сатыға көтеріле алмады, көтерілетін жағдай болмады. Әндерді, күйлерді шығарушы да, орындаушы да бір кісі болып, профессионалдың еңбек бөлісу деген болмайтын. Сөзін біреу, музыкасын екіншісі, орындаушы үшінші кісі болатын біздің заманымыздағыдай жағдай ол кезде кездеспеді. Алайда музыкаға аса қабілетті қазақ халқы ғасырлар асқанда өзінің рухани қымбатты бұйымын бірге ала жүріп, ақыры біздің сәулелі дәуірімізге жеткізіп берді.
Қазақтың халың музыкасы бірінші рет қомақты түрде сол біздің республикамыз құрылған жылы жинала бастады. Орыс музыка мәдениетінің көрнекті өкілі Александр Викторович Затаевич деген кісі 1920 жылы ол кездегі Қазақстанның астанасы Орынбор қаласына келіп, қазақтың ән-күйін қағазға (нотаға) түсіре бастады. Баста қалаға келген, ондағы тұрғын қазақтардан, бастауыш, орта дәрежелі мектеп оқытушыларынан, оқушыларынан, курста келгендерден әндер, күйлер жазып алып, кейін оларды жер-жердегі музыка жинауға кіріседі. Сөйтіп, ол 1920 жыл мек 1931 жылдың арасында қазақтың 1500 ән-күйін екі жинақ етіп бастырып шығарды. Бұл жұмыс қазақ музыкасының профессионалдың жолға қадам басуының алды еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz