Мемлекеттік қызметшілердің құқықтықтары және негізгі міндеттері



1. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары және негізгі міндеттері.
2. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және негізгі міндеттерін жүзеге асыру
3. Мемлекеттік қызметке кіруге рұқсат етпеудің заңды негіздері
4. Мемлекеттік қызмет саласындағы шектеулер мен тыйымдар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің жария құқықтарын, міндеттерін, заңды мүдделерін, кепілдіктерін және құқықтық жауапкершілігін нормативтік реттеу.
Ю.Н. Старилов атап өткендей, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі дегеніміз – мемлекеттік-қызметтік құқықтық қатынастардың мазмұны (мәні). Осы қатынастардың өзгеруімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі де өзгереді, мысалы, жұмыстан шығу, отставкаға кету, азаматтығынан айырылу, зейнетке шығу.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін тігінен және көлденеңінен құрылымдарды қамтитын, дифференциалды және кешенді жүйе ретінде қарастыруға болады.
Тігінен бөлу келесі түрде ажыратылады: 1) мемлекеттік қызмет түрлері (мысалы, мемлекеттік лауазымына қарай: мемлекеттік азаматтық қызмет жоғарғы, бас, жетекші, аға және кіші мемлекеттік қызметі) 2) мемлекеттік қызмет деңгейіне қарай: республикалық және жергілікті.
Көлденеңінен бөлу мемлекеттік қызметтің арнайы бағыттарының көптігіне нұсқайды: мұрағат қызметі, қауіпсіздік қызметі, әскери қызмет, дипломатиялық қызмет.
Мемлекеттік қызмет әкімшілік, еңбек, қаржы, азаматтық және тіпті қылмыстық құқық секілді көптеген құқық салаларының нормаларын қамтитын, салааралық күрделі институт болып табылады. Соған қарамастан, мемлекеттік қызметкерлер мен жұмыс беруші – мемлекеттің арасындағы жұмысшының өз міндеттерін орындау жөніндегі қатынастар бәрінен бұрын еңбек заңнамасымен реттеледі. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі мәселесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Мемлекеттік қызмет ұйымдастырушылық тұрғысынан алғанда аса маңызды әкімшілік-құқықтық институт, сол себепті, осы тұста Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жеке бостандығы мемлекет мүддесімен шектеледі, сондықтан да, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және бостандықтарын кез келген шектеуді және бұзуды болдырмас үшін оның құқықтық жағдайын нақты анықталуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік-құқықтық институты мемлекеттік қызметшілер құқықтық институтының орталық элементі болып табылады. Себебі, басқа элементтер мемлекеттік қызметшілер қызметін жүзеге асыруға «қызмет көрсетуге» бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер құқықтық институтының басқа элементтері мемлекеттік қызметтің потенциалын толықтай іске асыруға мүмкіндік береді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтықтары және негізгі міндеттері
1. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары және негізгі міндеттері.
2. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және негізгі міндеттерін жүзеге
асыру
3. Мемлекеттік қызметке кіруге рұқсат етпеудің заңды негіздері
4. Мемлекеттік қызмет саласындағы шектеулер мен тыйымдар

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің жария құқықтарын,
міндеттерін, заңды мүдделерін, кепілдіктерін және құқықтық жауапкершілігін
нормативтік реттеу.
Ю.Н. Старилов атап өткендей, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық
мәртебесі дегеніміз – мемлекеттік-қызметтік құқықтық қатынастардың мазмұны
(мәні). Осы қатынастардың өзгеруімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық
мәртебесі де өзгереді, мысалы, жұмыстан шығу, отставкаға кету,
азаматтығынан айырылу, зейнетке шығу.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін тігінен және
көлденеңінен құрылымдарды қамтитын, дифференциалды және кешенді жүйе
ретінде қарастыруға болады.
Тігінен бөлу келесі түрде ажыратылады: 1) мемлекеттік қызмет түрлері
(мысалы, мемлекеттік лауазымына қарай: мемлекеттік азаматтық қызмет
жоғарғы, бас, жетекші, аға және кіші мемлекеттік қызметі) 2) мемлекеттік
қызмет деңгейіне қарай: республикалық және жергілікті.
Көлденеңінен бөлу мемлекеттік қызметтің арнайы бағыттарының көптігіне
нұсқайды: мұрағат қызметі, қауіпсіздік қызметі, әскери қызмет,
дипломатиялық қызмет.
Мемлекеттік қызмет әкімшілік, еңбек, қаржы, азаматтық және тіпті
қылмыстық құқық секілді көптеген құқық салаларының нормаларын қамтитын,
салааралық күрделі институт болып табылады. Соған қарамастан, мемлекеттік
қызметкерлер мен жұмыс беруші – мемлекеттің арасындағы жұмысшының өз
міндеттерін орындау жөніндегі қатынастар бәрінен бұрын еңбек заңнамасымен
реттеледі. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі мәселесі әкімшілік
құқықтың пәні болып табылады. Мемлекеттік қызмет ұйымдастырушылық
тұрғысынан алғанда аса маңызды әкімшілік-құқықтық институт, сол себепті,
осы тұста Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жеке
бостандығы мемлекет мүддесімен шектеледі, сондықтан да, мемлекеттік
қызметшілердің құқықтарын және бостандықтарын кез келген шектеуді және
бұзуды болдырмас үшін оның құқықтық жағдайын нақты анықталуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік-құқықтық институты мемлекеттік
қызметшілер құқықтық институтының орталық элементі болып табылады. Себебі,
басқа элементтер мемлекеттік қызметшілер қызметін жүзеге асыруға қызмет
көрсетуге бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер құқықтық институтының басқа
элементтері мемлекеттік қызметтің потенциалын толықтай іске асыруға
мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметтің әкімшілік-құқықтық
мәртебесін нормалар кешені ретінде бекітетін, біртұтас құқықтық акт әлі
жоқ. Мемлекеттік қызметтің мәртебесі туралы мәселенің ашық, демократиялық,
құқықтық мемлекет принциптерімен арақатынасы шешілмеген. Іс жүзінде,
мемлекеттік органдағы жалдамалы жұмысшының еңбек заңнамасымен реттелетін
мәртебесі мемлекеттік қызметкер мәртебесі ретінде бекітілген.
Қазақстан заңнамасы мен мемлекеттік құрылыс тәжірибесі мемлекеттік
қызметшілердің мәртебесін мемлекетке қызмет ететін және мемлекетпен
қорғалатын мемлекеттік адам ретінде, қоғамның әлеуметтік-саяси және
экономикалық құндылықтарын қамтамасыз етуге ықпал ететін адам ретінде
түсіну деңгейіне әлі жеткен жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер орындайтын міндеттердің және іске асыратын
функциялардың ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің әртүрлі санаттарының
құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін сипаттайды.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, сонымен қатар,
мемлекеттік қызметтің ағымының мән-жайларына да байланысты болады. Кенеттен
туындаған қоғамдық-саяси немесе мемлекеттік-құқықтық жағдайда мемлекеттік
қызметкердің құқықтық мәртебесінің мазмұны да едәуір өзгеруі мүмкін:
қызметшілер қосымша өкілеттіктер, құқықтар алуы мүмкін, олар үшін арнайы
міндеттер, қызметті атқарудың ерекше шарттары бекітілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшілер мәртебесіне ие болу сәті туралы мәселе маңызды
болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен атаулы мәселе анық
және нақты шешілмеген. Мемлекеттік қызметке тағайындау туралы қызметтік
контракт жасалған сәттен бастап, яғни, мемлекеттік қызметшілер өз
құқықтарын іске асыру және тиісінше, оған жауапкершілік шараларын қолдану
мүмкіндіктері заңды түрде бекітілген сәттен бастап тұлға мемлекеттік
қызметші мәртебесіне ие болады деген Ю.Н. Стариловтың пікірімен келісу
керек секілді. Бос қызметке конкурс өткізу барысында тұлға конкурс
нәтижесін бекіткеннен кейін және қызметке тағайындау туралы бұйрық шыққан
соң мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесіне ие болады. Кейбір
жағдайларда, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесіне ие болудың
басқа мерзімдері көзделуі мүмкін (мысалы, мемлекетке адал болу жөнінде ант
берген сәтінен бастап).
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік-қызметтік құқықтық қатынастар
аяқталғанда, мемлекеттік қызмет жойылған сәттен, жұмыстан шыққанда,
отставкаға кеткенде, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет үшін
көзделген шекті жасқа жеткенде өзінің мәртебесінен айырылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық
мәртебесі мемлекеттік қызмет туралы заңнамада толығымен бекітілуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі

Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны
немесе тиісінше орындамағаны үшін (тәртіптік теріс қылығы үшін) тәртіптік
жауапкершілікке қатысты заңнамамен принципиальды ерекшеліктер бекітілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсанда
қабылдаған Саяси мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарының реестрін
бекіту туралы № 317 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999
жылғы 31 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының әкімшілік
мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза тағайындау ережесін бекіту
туралы № 321 Жарлығы мемлекеттік қызметшілерге қолданылуы мүмкін тәртіптік
жазалардың тізімін нақтылап берді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңының 28-
бабымен көзделген тәртіптік жазалардың түрлерімен (ескерту, сөгіс, қатаң
сөгіс, жұмыстан шығару, қызметіне сай еместігі туралы ескерту) қатар,
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсанда қабылдаған
Саяси мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының реестрін бекіту туралы №
317 Жарлығы қызметіне сай еместігі туралы ескерту секілді тәртіптік жаза
түрін келесі нормалармен толықтыра түседі: тиісінше өкілеттіктер беруден
бас тарту; мемлекеттік функцияларды орындаудан босату; лауазымын төмендету.
Алайда, тәртіпті қолдау құралы ретінде (мемлекеттік қызмет жүйесін
қоса алғанда) лауазымын төмендету (іс жүзінде қызметкердің келісімінсіз
басқа жұмысқа ауыстыру) халықаралық нормаларға сәйкес еңбек етуге
мәжбүрлеудің нысаны болып табылады. Ал, еңбекке мәжбүрлеу ҚР
Конституциясымен тыйым салынған (ҚР Конституциясының 24-бабы, ХЕҰ 1930
жылғы № 29 Мәжбүрлі еңбек және 1957 жылғы № 105 Мәжбүрлі еңбекті
қысқарту Конвенциялары). Сол себепті, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы
заңымен тәртіптік жазаның ұқсас шараларының көзделмеуі кездейсоқтық емес.
Осыны ескере отырып, біздің пікірімізше, тиісінше заң актілерінің тәртіптік
жазаның түрлеріне қатысты бөлігі мемлекеттік қызметті реттейтін Негізгі
заңмен сәйкестендірілуі тиіс.
Тәртіптік жаза шараларын ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңымен
көзделген мемлекеттік қызметшілерді лауазымдық міндеттерін орындаудан
уақытша шеттетуден (28-баптың 3-тармағы) ажырата білу керек. Қызмет
барысында теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметкерді тәртіптік
жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін қызметтік теріс қылықпен
байланысты мән-жайларды (мемлекеттік қызметшілердің кінәсін, кінәсінің
дәрежесін растайтын) анықтау және тексеру қажет болғанда осылайша шеттетуге
жол беріледіал,оның осы уақыт аралығында қызметтік міндеттерін орындауды
жалғастыра беруі ақылға сыйымсыз болар еді.
Қызметтен шеттету мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына
тағайындауға құқығы бар органмен немесе басшымен іске асырылады.
Қызметтік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшілерді лауазымдық
міндеттерін орындаудан шеттету мерзімі бір айдан аспауы керек. Қызметтен
шеттету мерзімі аралығында мемлекеттік қызметшілердің жалақысы сақталып
қалады.
Мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза қолданатындығының маңызы жоқ.
Жазалау шарасы ретінде мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылған жағдайдың
өзінде қызметінен шеттетілген барлық уақыт үшін жалақы төленуі тиіс.
Жаза қолданылғанға дейін, тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік
қызметшілерден жазбаша түсініктеме алынуы керек.
Мемлекеттік қызметшілердің өзі жасаған теріс қылық жөнінде түсініктеме
беруден бас тартуы, егер, бас тарту тиісінше құжаттармен расталса (мысалы,
бас тартудың куәлары көрсетілген акт), тәртіптік жаза қолдануға кедергі
болмайды.
Тәртіптік жаза тағайындалуы мүмкін уақыт аралығы мен мерзім шектері ҚР
Мемлекеттік қызмет туралы заңының 28-1 бабымен бекітілген.
Тәртіптік жаза теріс қылық жасалғандығы анықталғаннан кейін, бірақ,
мемлекеттік қызметшілердің сырқаттану немесе демалыста болған уақытын
есептемегенде, теріс қылықтың жасалғандығы анықталған күннен бастап бір
айдан кешіктірілмей қолданылады.
Тәртіптік жазаны тағайындау үшін үш айлық мерзім теріс қылық
анықталған күннен бастап есептеледі.
Үш айлық мерзімнің ағымы басталатын, теріс қылықтың жасалғандығын
анықталған күні, тәртіптік жаза тағайындау құқығының болу-болмауына
қарамастан, қызмет бабымен мемлекеттік қызметшілер бағынышты болатын
тұлғаға теріс қылықтың жасалғандығы белгілі болған күн деп саналады.
Тәртіптік жаза қолдану үшін көзделген үш айлық мерзімге мемлекеттік
қызметкердің сырқаттанған және демалыста болған уақыты кірмейді. Басқа
негіздер бойынша, соның ішінде, ұзақтығына қарамастан демалыс күндерін
пайдаланумен байланысты жұмыста болмауы атаулы мерзімнің ағымын үзбейді.
Мемлекеттік қызметші теріс қылықты жасағанға дейін өз еркімен
мемлекеттік қызметтен босату туралы арыз берген жағдайдың өзінде оған
тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін бір ғана тәртіптік жаза
тағайындалады. Алайда, тәртіптік жазаға тартылғандығына қарамастан,
мемлекеттік қызметкерге жүктелген міндеттер оның кінәсінен орындалмауы
немесе тиісінше орындалмауы жалғаса беретін болса, оған қатысты жаңа
тәртіптік жаза қолданылуы, сондай-ақ, жұмыстан шығарылуы мүмкін.
Тәртіптік жаза тиісінше басшының немесе органның бұйрығымен (өкімімен)
немесе қаулысымен рәсімделеді.
Тәртіптік жазаны қолдану туралы бұйрықпен немесе қаулымен жазаға
тартылған мемлекеттік қызметші таныстырылады және оған қол қойдырып
алынады.
Тәртіптік жаза бір жыл бойы күшінде болады. Егер, жаза тағайындалған
күннен бастап бір жылдың ішінде мемлекеттік қызметші қайтадан жазаға
тартылмаса, ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп саналады.
Мемлекеттік қызметші орындау үшін өзіне тапсырылған өкімнің құқыққа
сай екендігіне күмән келтірген жағдайда, ол жайлы өзінің тікелей басшысына,
өкімді шығарған басшыға, және жоғары тұрған басшыға жазбаша нысанда
хабарлауға тиіс. Егер, мемлекеттік қызметші бұл талапты орындамаса, және ол
құқыққа сәйкестігіне күмән келтіретін өкімді де орындамаса, осындай өкімді
орындағаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын
жағдайларды есептемегенде, оның іс-әрекеттері құқыққа қайшы деп танылады.
Мемлекеттік қызметшінің жазбаша нысанда тапсырған, өкімнің құқыққа
сәйкестігіне күмән келтіруіне қарамастан, жоғары тұрған басшы, ал ол жоқ
болса, өкімді шығарған басшы аталған өкімді растайтын болса, мемлекеттік
қызметкер өкімді орындау әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылатын
жағдайларды есептемегенде, аталмыш өкімді орындауға міндетті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата - ана мен бала арасындағы құқықтық қатынас
Бас бостандығынан айыру мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі қылмыстық жазасының жалпы сипаттамасы
«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы»
Ерлі-зайыптылардың теңдігі
Әскери қызметшілер және әскери қызмет
Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік лауазым
Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және құқықтық негіздері
Мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
Мемлекеттік қызмет түсінігі. Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы
Пәндер