Тіл және коммуникация


Жоспар
Кіріспе
1. ТІЛ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
1. 1 Тіл мен коммуникацияның байланысы мен ерекшеліктері
1. 2 Тіл біліміндегі коммуникациялық зерттеулер
1. 3 Аңшылық пен саятшылық өнерінің қазақ коммуникацияіндегі орны
2 Мемлекеттік тіл және коммуникация
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар халқымыздың дүниетанымдық ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік береді. Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар ұлттық рухани мұраны өз бойына сақтап келеді. Осы атаулардың тілдік қабаттарын зерттеудің маңыздылығы өте зор.
Әлемдік тіл білімі соңғы жылдарды ерекше қарқынмен дамып, жаңаша бағыт алып, тың өзгерістер мен жаңа ғылыми көзқарастар легін алып келді. Ұлт тіліндегі әрбір тілдік элементтердің табиғатын ұлт болмыс-бітімімен, этнос тіршілігімен сабақтастыра қарастыру бүгінгі таңдағы ғалымдардың алға қойған мақсаттары болып отыр.
Қазақ тіліндегі халықтың рухани-материалдық дүниесіне қатысты барлық фактарларды тілдік нысан ретінде зерттеудің өзектілігі артып келеді. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында аңшылық пен саятшылыққа қатысты атауларының тілдік таңба ретінде қалыптасу үрдісін зерттеуге, сипаттауға арналған.
Жұмыста қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулары зерттелінді. Оның ішінде аңшылық пен саятшылықта қолданылатын құрал-жабдық атаулары, қыран бүркіттің жасына байланысты атаулардың семантикалық ерекшеліктері талданды. Зерттеуде қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, этимологиялық сөздік, фразеологиялық сөздіктердегі атауларға талдау жасалынып, олардың тіліміздегі алатын орнына мән берілді.
АС қатысты атаулар да өзге тілдік бірліктер сияқты талай ғасырды артқа салып, қазақ тілімен бірге жасап келеді. Олар қазақ тілінің сөздік қорынан ерекше орын алады. Қазақ тілінің сөздік қорына еніп, сөйлеу тілімізде, әсіресе, саятшылар мен аңшылар тілінде қолданысқа ие. АС қатысты атауларды зерттеу - қазақ тіл білімінің негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Оларды жинастыру, зерттеу - бүгінгі күннің талабы.
АС қатысты атаулар әлемі де кең, олар адамның материалдық-рухани өмірімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды рөл атқарады.
1. ТІЛ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
1. 1 Тіл мен коммуникацияның байланысы мен ерекшеліктері
Әлем өрісінің, заман құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Ғылым мен өнер көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жердің шалғай ғалам кеңістігін де нақты деректермен беріле зерттеп, мүмкіндігінше оларды адамзаттың өмір шындығына біртабан жақын, шынайы бейнелеуге ізгі талпыныстар жасауда.
Халықтың санасындағы дүниені бағалау, қабылдау, жалпы тіршілік-әлемге деген көзқарасы - ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық ойлау мәнері, қоршаған әлемді қабылдау үрдістерінің нәтижесі және ұлттық құндылықтар әлемінің көрсеткіші деуге болады. «Нақты бір этникалық топтың тұлғалық терең мәні бар құндылықтар құрылымына сәйкес күнделікті мінез-құлық пен жүріс-тұрысын қалыптастыруы ұлт ментальдылығын көрсетеді. Бұл құндылықтар тұлғаның бойына әлеуметтік тұрақтану үрдісінде - жанұясымен, туыстарымен, достарымен, яғни, өзін қоршаған ортадағылар тарапынан қабылданады» [1, 11 б] . Сол менталитеттің бір көрінісі ретінде тілдің қарым-қатынас, экспрессивтік тағы басқа қызметтерінен өзге тарихи жинақталған реалий және абстракт ұғымдарды белгілейтін ұлттық-мәдени қызметін атауға болады.
Шындықты әр ұжым, әр ұлт өз биігінен таниды. Өз биігі дегеніміз ғасырлар бойы қалыптасқан ойлау ерекшелігі, дүниетанымы, сана-сезімі. А. Вежбицкаяның айтуы бойынша, тіл біріншіден, адамға қызмет ету үшін жаралған және әлемдегі объектілер мен құбылыстардың тілдегі барлық категориялары адамға бағытталып жасалған. Бұл - кез келген тілдің қасиеті. Екіншіден, кез келген тілдің ұлттық ерекшелігі бар және тілде тек табиғи немесе мәдени ерекшеліктер ғана емес, сонымен қатар, ұлттық мінез-құлықтың ерекшеліктері де айқындалады [2, 21 б. ] .
Біздің мақсатымыз - осы ерекшеліктердің себебін табуға әрекет жасау, оларға қандай фактор әсер етті немесе сол тілді жасаушы халықтың өзіне тән ақиқатты қабылдау қасиеттеріне байланысты болды ма, осы сияқты сұрақтарға жауап іздеу.
Тілдің қоғам өміріндегі маңызы туралы ғалым Қ. Аханов: «Адам санасында шындық өмірдің бейнеленуі тілсіз іске асуы мүмкін емес. Тіл біздің ойымызды білдіре отырып, қоршаған шындық өмір жайындағы білімімізді сақтап жеткізуші болып есептеледі. Тіл объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар, олардың сапа, белгілері және бір-бірімен қарым-қатынасы туралы қандай бір ойды болса да айтып жеткізуге икемді келеді» деп жазады [3, 50 б. ] .
Адам дүниедегі бір затты тілдегі сөздермен белгілейді, ал тілдік бейнесі жоқ, тосын дүниені немесе затты қабылдау санаға қиын соғады. Әлемнің адам санасындағы бейнесі тілдегі бейнелермен, яғни сөздермен өте ұқсас, көп жағдайда олар бірін-бірі қайталайды.
Әр ұлттың, халықтың санасында әлем бейнесі сыртқы және ішкі факторларға байланысты әр түрлі болғандықтан, тілдегі ерекшеліктер де сан алуан. Сыртқы факторларға географиялық орта, әлеуметтік жағдай, шаруашылық түрі, діннің ықпалы, тарихи жағдай т. с. с. жатса, ішкі факторларға әдет-ғұрып, дүниетанымды, әдеп-шарттарын, жол-жосықты жатқызамыз.
Тілдегі әлем бейнесі, басқаша айтқанда, сөздердің қоршаған дүниені белгілеп атауы қандай жағдайларға байланысты жүзеге асады деген сұраққа көптеген ғалымдар осы уақытқа дейін жауап іздеуде. Бұл тақырыпқа байланысты зерттеулер тілдің әлемді танудағы қызметін жан-жақты қарастыратын әр түрлі пікірталас тудыруда.
Л. О. Чернейконың еңбегінде тілдің философиялық табиғатын, шындықты (реальность) бейнелеу сапасын, абстракт атауларды когнитивтік тұрғыдан қарастырады: "Сепир - Уорф гипотезасының тұжырымдары көптеген зерттеулерге жол ашты, нәтижесінде бірқатар этностық мәселелер шешімін тапты, көптеген деректер дәлелденді, нақтыланды. Бұдан мынадай қорытынды шығады: ұжымдық сана дыбыстық атауы жоқ дүниені, затты, құбылысты, нәрсені танымайды, "көрмейді", ал сана арқылы тану лексика-семантикалық деңгейде алатын болсақ - семантикалық кеңістікке, тілдің құрылымына, сөздердің санына және олардың меңгерілу түріне байланысты" [4, 10 б. ] . Чернейко ақиқат (действительность) - және шындық (реальность) ұғымдары туралы мынадай түсінік бар екендігін айтады: ақиқат деп санадан тыс, белгісіз дүниені айтамыз, ал шындық санамызға тәуелді, таныс дүние. Ақиқат дүние материалды және идеалды болып екіге бөлінеді. Осы тұста Г. В. Гактың пікірін айта кеткіміз келеді: "Ақиқаттың кейбір элементтерінің тілде арнайы белгіленбеу себебі осы тілде сөйлеуші адамдардың санасында соған сәйкес түсініктің жоғына байланысты" [5, 257 б. ] . Материалды дүниенің тілдегі бейнесі шындыққа жақын болуы мүмкін.
Әлем бейнесі әлемге деген белгілі бір көзқарастың бүтіндігін, жалпылығын білдіреді. Бұл туралы Э. Д. Сүлейменова: "Әлем бейнесі ұғымында бүтіндік белгісі бар және ол тілде адамдардың ұзақ қатынасы негізінде мәтін түрінде жүзеге асуы мүмкін. Жеке сөздердің табиғатында әлемнің тілдік бейнесі мүмкіндігінің жоқтығы, олардың қарым-қатынас қызметін атқару мүмкіндігі бомауымен барабар" [6, 14 б. ] деп жазады.
«Ғылымда ғылыми әдістер көмегімен жасалынатын әлем бейнелерімен қатар, дағдылы сана-сезім арқылы қалыптасқан ғылымнан тыс әр түрлі әлем бейнелері бар және олардың қызметі бүгінгі таңда аса өзекті болып табылады. Әрине, кез келген шынайы әлем бейнесі шындыққа біршама жақын немесе одан алыс теориялық көшірме, танымға тәуелсіз пайда болған болмыстың объективті байланыстары мен қарым-қатынастарының көрінісі» [7, 4 б. ] .
Ұлттық коммуникацияның ең маңызды және күрделі құрамдарының бірі - тіл болып табылады. Шындықтың адам санасында қабылданып, ой елегінен өтіп, сөз болып қалыптасып, сөз тіркесі немесе сөйлем ретінде айтылу үрдісі нәтижесінде - әлем бейнесі тілде екінші көрінісін табады. Сондықтан, әлемнің бейнесі мен тіл екеуі өзара тығыз қарым-қатынаста. Осыдан келіп, әлемнің тілдегі бейнесі атты ұғым пайда болуы әбден заңды. Тіл білімінде әлем бейнесін көптеген ғалымдар зерттеу объектісі етіп алады. Осы бағытта біршама жұмыс жасаған ғалымдар - Б. А. Серебренников[8], Е. С. Кубрякова [9], В. М. Постовалова [10], А. А. Леонтьев [11], Г. В. Колшанский [12], В. А. Маслова [13], Н. Ю. Шведова [14], Г. А. Брутян [1] ., Н. Г. Комлев [15] ., Э. Д. Сүлейменова [6] т. б. Бұл еңбектерде негізінен тілдің өмір сүруіндегі, дамуындағы, қызмет етуіндегі адамның рөлі қарастырылған.
Әлемнің тілдік бейнесі деген ұғым қазіргі таңда дүние жүзі бойынша көптеген ғалымдардың зерттеу объектісі болып келеді. Бұл мәселемен айналысу көне заманнан басталды деуге дәлелдер бар. Тек зерттеудің әр кезеңінде ғалымдар «әлемнің тілдік бейнесі» деген ұғым аясын кеңейтіп, тіл білімі ғылымына өз үлестерін қосуда.
«Әлемнің тілдік бейнесі» тақырыбына деген қызығушылық танытқан, осы мәселені тереңдете зерттеушілердің бірі - неміс лингвисті В. фон Гумбольдт өз еңбегінде: «түрлі тілдер - ұлт үшін ерекше пайымдау мен қабылдау органдары болып табылады» дейді [16, 324 б. ] . Бұл пікірді қостаушылардың қатарына Е. Кассирер[17], Ш. Балли [18], Л. Вайсгербер [19] сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.
В. Гумбольдтың зерттеулерін Америкада әрі қарай жалғастырған лингвистердің бірі - Эдуард Сепир. Бұл салада Э. Сепир «Тіл» (1927), «Грамматист және оның тілі» (1924), «Лингвистиканың ғылым ретіндегі статусы» (1929), «Қарапайым тілдердегі концептуалды категориялар» (1931) атты және т. б мақалалар жазды.
Ғалым «Лингвистиканың ғылым ретіндегі статусы» деген еңбегінде тілдің «социалды шындықтағы» жол көрсетуші екендігін айтады [20, 26 б. ] . Қоғамтануға тіл аса үлкен қызығушылық танытпағанымен, ол біздің қоғамдық үрдістер мен мәселелер туралы түсініктерімізге бірталай әсерін тигізеді. Адамдар тек материалды немесе социалды әлемде өмір сүрмейді, олардың бәрі сол қоғамның қатынас құралы болған тілдің иелігінде болады. Адамдардың сыртқы дүниеде тілсіз де жол табуға болады және де тілді пайымдау мен сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасаудың өзіндік мәселелерін шешудегі кездейсоқ құралы деген түсінігі - жай ғана иллюзия. Шын мәнісінде «шындық дүние» әлдебір социалды топтың тілдік әдеттерінің негізінде құрылады. Екі түрлі тіл бір-біріне бір социалды шындықтың көрініс құралы деп санайтындай ұқсастық жоқ. Әр түрлі қауым өмір сүретін әлемдер - ол әртүрлі таңбалары бар өзгеше кеңістік деген сөз. Мысалы, бір жай ғана өлеңді түсіну оны құраушы әр сөздің әдеттегі мағынасын түсіну ғана емес: сөздерде көрсетілген және олардың мағыналарының реңінде айқындалатын аталған қауымның символдық көзқарасы, бүкіл өмірінің бейнесі түсінілуі қажет.
. . . «Мы видим, слышим и вообще воспринимаем окружающий мир именно так, а не иначе, благодаря тому, что наш выбор при его интерпретации предопределяется языковыми привычками нашего общества» - деп жазады Э. Сепир [20, с. 261] . Өзіміз байқағандай, Э. Сепир көзқарасындағы адамдардың сыртқы дүниені қабылдауы және тануы тек тіл арқылы жүзеге асады деген пікір қазіргі кезеңдегі ғылыми тұжырымдармен сәйкес келе бермейді. Дегенмен, Э. Сепирдің «әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын алғаш зерттеушілер ретінде лингвистикаға қосқан үлесі орасан. Бұл ұғым ғалымның еңбектерінде былай суреттеледі:
1) Белгілі бір тілдің шеңберінде алынған тілдік формалар әлемі таңбаланудың аяқталған жүйесі болып табылады. Бір тілден екінші тілге көшу психологиялық тұрғыдан бір геометриялық санау жүйесінен екіншісіне көшумен барабар.
2) Әрбір тіл психологиялық тұрғыдан алғанда қанағаттанарлықтай формалды түрде аяқталған бағыт-бағдарды иемденеді, бірақ бұл бағдар тілде сөйлеушілердің саналық ойлау жүйелерінің қатпар қатпарында тым тереңдеп орналасқан.
3) Тілдер іс-жүзінде психикалық үрдістердің мәдени қоймасы болып табылады [20, 255 б. ] .
Л. Вайсгербер «Неогумбольдшылардың лингвофилософиялық концепциясы» деген мақаласында «әлемнің тілдік бейнесі» деген терминді «Weltbild der Sprache» деп атап, алғаш рет тіл ғылымына енгізеді [19, 224 б. ] . Лео Вайсгерберді ерекше қызықтырғаны - тілдің идиоэтникалық мазмұны. Этникалық идеяны Л. Вайсгербер В. Гумбольдтың тілдің ішкі формалары жайында жазған еңбектерінен тапқан. «Әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын тұжырымдауды Л. Вайсгербер 30-жылдардың басында бастайды. Өзінің «Ана тілі, ойлау және іс-әрекет арасындағы байланыс» деп аталатын тұңғыш мақаласында «белгілі бір тілдің сөздік қоры барлық тілдік таңбалар жиынтығынан және сол тілдік қоғамның үлесінде болатын ұғымдық пайымдау құралдарынан тұрады; сол тілде сөйлеушілердің әрқайсысы осы сөздік қорды меңгеру шарқына қарай осы тілдік қоғамның әрбір мүшесі өз ұлтына тән пайымдау құралын да меңгереді; осы тұрғыда ана тілдің мүмкіндігі өз түсініктерінде белгілі бір әлемдік бейнені иемденетінінен және осы бейнені өз қоғамының барлық адамдарына тарататындығынан тұрады» деп жазады [19, 224 б. ] . Осылай Л. Вайсгербер «әлемнің тілдік бейнесін» тікелей тіл феноменімен байланыстырады, дегенмен ол бейне бүкіл тіл бойынан емес, тек тілдегі сөздік қордан көрінетінін айтады. Кейіннен Л. Вайсгербер «әлемнің тілдік бейнесі» ұғымындағы сыртқы объективті дүниенің ролін төмендетіп, тіпті назарынан тыс қалдырып, оның дүниетанымдық, субъективті ұлттық, идиоэтникалық жағын қарастыра бастайды. Дүние дегенді дүниеге көзқарас деп алып, Л. Вайсгербер 1953 жылы жазған «Мазмұнға бағдарланған грамматика» атты кітабында тілдің ішкі пішінінің әсері адамдық рухтың мүмкіншіліктері мен жағдайларына сәйкес, болмыстың әр тілдің жеке болмысына айналуына көмектеседі дейді [21, 256 б. ] .
Л. Вайсгербердің объективті дүниенің тілге қатысы жайлы тұжырымдары әлемнің тілдік бейнесі мен ғылыми бейнесін салыстыра зерттегенде өзгере бастады. Ол Эрнэст Кассирердің «Символикалық пішіндердің философиясы» деген еңбегінде философиялық таным ең алдымен тіл мен мифтің құрсауларынан арылуы қажет деп жазғанымен келіспеді. Сайып келгенде Э. Кассирер әрбір теориялық танымның алғышарты тіл арқылы құрылған дүние және барлық ғылым адамдары заттарды тіл қалай көрсетсе солай қабылдайды дегенді айтады. Э. Кассирердің пікірі бойынша тіл айналымындағы ғылыми таным одан босап шығуы керек, өйткені тілдердің сан алуан дүниетанымды тасымалдаушы болуы ғылымның универсалдылығына сәйкес келмейді [17, 116 б. ] .
Американ лингвисті Б. Уорф әлемнің ғылыми бейнесі әлемнің тілдік бейнесінен туындайды дейді. Ол «Біз табиғатты және де бүкіл дүниені біздің ана тілімізбен көрсетілген бағытта бөлшектейміз. Біз құбылыстар әлемінде қайсібір категорияларды өздігінен білініп тұратыны үшін емес, керісінше, дүние біздің алдымызда біздің санамызбен реттеліп, ұйымдастырылуы тиісті түрлі әсерлердің калейдоскоптық толқыны түрінде көрінетінінен байқап ажыратамыз. Сана арқылы реттеледі дегеніміз - санамызда сақталатын тілдік жүйе арқылы бір ретке келтіріледі деген сөз» [22, 123 б. ] .
Б. Уорфтың пікірінше әлемнің тілдік бейнесі мен ғылыми бейнесі арасына теңдік белгісін қойған жөн. Өйткені әлемнің тілдік бейнесі жалпы халықтық, үйреншікті сананы кескіндейді. Американдық ғалымның тұжырымы бойынша біз қоршаған ортадан алған барлық әсерлерімізді реттеу мақсатымен осы сананың елегінен өткізуіміз қажет.
Л. Вайсгербер әлемнің ғылыми бейнесінің универсалды болуы оны кеңістік және уақыт жағдайларынан тәуелсіз болуында, және де ғылым нәтижелері адамзаттың рухына сәйкес болған жағдайда ғана ғылымның универсалдылығы танылады деген пікірді баса айтады. Л. Вайсгербердің ойы бойынша әр адам өзінің ана тілін меңгеру және қолдану процесінде маневр жасауға мүмкіндігі бар, және адам бұл тұрғыда өзінің жеке тұлға ретіндегі өзіндік ерекшелігін сақтай алады дейді. Бірақ бұл жерде Л. Вайсгербердің тұлғаның өзіндік ерекшелігі деп отырғаны оның әлемдік тілдік көріністің ұлттық ерекшелігімен шектелген. Сондықтан да Л. Вайсгербердің айтуы бойынша, әр ұлт қоршаған ортаны, дүниені өз танымы арқылы өз көкжиегінен көреді [19, 56 б. ] . Бұл жердегі Л. Вайсгербердің «әр тілде сөйлейтін адамдар әр түрлі дүниеде өмір сүреді» дегені Э. Сепирдің пікірімен сәйкес келеді.
Тілдің күрделі жүйе екені және ол әр түрлі кішігірім жүйелерден тұратыны мәлім. Сонымен қатар әр жүйенің өзінің тілдік бейнесі бар. Солардың ішінде танымдық мүмкіндіктері басымырағы - тілдің лексикалық жүйесі. Морфологиялық, синтаксистік және тағы басқаларына қарағанда әлемнің лесикалық бейнесінің басымырақ болуы тілде басқа бірліктерге қарағанда лексикалық бірліктердің есепсіз көп болуымен түсіндіріледі. Әлемнің тілдік бейнесінің танымдық табиғатын осы лексикалық бірліктерден табу әлдеқайда оңай болады. Л. Вайсгербер өз еңбектерінде адамның өзінің ана тілінен танымдық тәуелділігін көрсету үшін біршама лексикалық мысалдар қолданған. Осы жерде сол мысалдардың ең көрнектісін айта кеткен жөн. Ол аспандағы түрлі шоқжұлдыздарға қойылатын есімдер турасында. Л. Вайсгербердің пікірі бойынша және өзімізге де астрономия пәнінен белгілі ешқандай шоқжұлдыздар жоқ. Адамдардың шоқжұлдыздар деп жүргені - тек жердегі адамдар үшін жұлдыз шоғыры сияқты болып көрінетін астрономиялық денелер. Шын мәнісінде адамдарға шоғырланып көрінетін жұлдыздар бір-бірінен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасуы мүмкін. Дегенмен, жұлдыздар әлемі адамдар санасында өмір сүреді. Осы жерде тілдің таным қалыптастырушы күші қайда деген ғалым, ол күш біздің ана тіліміздегі жұлдыз шоғырларына берілген атауларда дейді. Бұл атауларды біз өзіміздің алдымыздағы ұрпақ арқылы қабылдап, тура солар секілді жұлдыздар әлемінің бейнесін де жасап алуға мәжбүр боламыз. Әр тілде жұлдыз атауларының саны әр түрлі болуына байланысты осы тілде сөйлеушілердің де жұлдыздар әлемі әр түрлі болады. Сөйтіп, қарастыра келе Л. Вайсгербер грек тілінде тек 48 жұлдыз атауларын тапса, қытай тілінде 283 атау бар екенін анықтаған. Сондықтан, дейді ғалым, гректің өз жұлдыздар әлемі, қытайлықтың өз жұлдыздар әлемі бар деп тануымыз керек.
Осы тақырып саласында жұмыс істеген келесі бір американдық ғалым Бенжамен Ли Уорф. Л. Вайсгербер сияқты Б. Уорф та тілдің идиоэтникалық жағын көп қарастырып, «біз дүниені бөлшектейміз, ол бөлшектерді ұғымдарға топтастырамыз, таңбалау үрдісі де тек сол ретте қойылады, өйткені біз тап осы жүйелілікті талап ететін келісім шарттың мүшелеріміз. Бұл келісім белгілі бір тілдік ұжымда ғана күшіне ене алады» дейді [23, 174 б. ] . Б. Уорф әлемнің тілдік бейнесі мен ғылыми бейнесін салыстыра отырып, ол бейнелердің екеуі де «қоршаған дүние анализдерінің жүйесі» дейді. Бірақ екі бейне арасындағы айырмашылық тілдік бейне - тілді өздері жасап, сол тілде сөйлеушілердің еңбегінің нәтижесі болса, ғылыми бейне - ғылым адамдарының еңбегінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Біріншісі тұрмыстық түсінікті бейнелесе, екіншісі ғылыми түсінікті бейнелейді. Өзінің кейінгі салыстыруларында Б. Уорф әлемнің тілдік бейнелері ғылыми бейнелерден әлдеқайда бұрын пайда болғанын және осымен байланысты мазмұндық жақтарының да әлдеқайда бай болып келуін айтады. Оған қосымша тілдік бейнелер универсалдылыққа ұмтылған ғылыми бейнелерден алуан түрлілігімен және плюралистік сипатқа ие болуымен ерекшеленеді. Жоғарыда келтірілген тілдік бейнелердің сипаттаулары Б. Уорфты ғылымның бұлақ көзі объективті шындық емес, сол объективті шындықтың тілдегі көрінісі болуы қажет деген ойға келтірді. Б. Уорфтың пікірі бойынша құбылыс, болмыс, зат, ара қатынас және тағы сол сияқты философиялық категориялардың мәнін түсіндіруде бұл атаулардың объективті мазмұнына емес, олардың тілдегі таңбалануларына назар аудару қажет дейді. Өйткені, болмыстың немесе құбылыстардың мағынасын олардың табиғаттағы түрімен анықтамаймыз, әлдебір тілдің грамматикалық категорияларымен анықтаймыз дейді.
1. 2 Тіл біліміндегі коммуникациялық зерттеулер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz