Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы



Кіріспе:
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы

Негізгі бөлім:
I. Шанхай ынтымақтастық ұйымының ұғымы
1.1 ТМД елдерімен байланысы
1.2 Қазақстан Республикасымен Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастығы

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ – ШОС) тұрақты үкіметаралық ұйым ретінде 2001 жылғы маусымның 15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған. ШЫҰ – ға мүше мемлекеттер Евразия кеңістігінің жер аумағының 3/5-ін құрайды, ал жалпы ауданы 30 млн адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр.
ШЫҰ құрамына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары осы жолғы 10-ыншы отырысында бірлескен декларацияға қол қойды. Және саммитте лаңкестікке қарсы күрес тұжырымдамасы мақұлданды. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының тарихы осыдан 9 жыл бұрын басталған. 2001 жылы Шанхай бестігіне аталған ұйымға бақылаушы болып қатысып жүрген Өзбекстан қосылды. Кейбір бақылаушылар, Ресеймен қатынасын алшақ ұстауға тырысқан Өзбекстанның, Батыстан келетін әскери көмек азайған соң бұрынғы көзқарасы өзгерістерге ұшырады дейді. Қазір аймақтық ұйым құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Соңғы саммите Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының ролін арттыру керек деді. Қазіргі әлемде тәуелсіз мемлекеттердің ішкі ісіне араласу болмау керек деді ол. Назарбаевтің айтуынша, ұйымға бақылаушылар қосылғалы, осы ұйымға кіретін елдердің басшылары адамзаттың жарты халқының мүдделерін білдіреді.
«Егемен Қазақстан» газеті

«Айқын» газеті

«Түркістан» газеті

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Журналистика факультеті

әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Қабылдаған: Мысаева
Қарлыға
Орындаған: Бөлебай Айнұр

Алматы 2007

Жоспар
Кіріспе:
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы

Негізгі бөлім:
I. Шанхай ынтымақтастық ұйымының ұғымы
1.1 ТМД елдерімен байланысы
1.2 Қазақстан Республикасымен Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастығы

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ – ШОС) тұрақты үкіметаралық ұйым ретінде 2001
жылғы маусымның 15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей,
Тәжікістан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған. ШЫҰ – ға
мүше мемлекеттер Евразия кеңістігінің жер аумағының 35-ін құрайды, ал жалпы
ауданы 30 млн адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген тұрғындардың
төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр.
ШЫҰ құрамына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей
тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие
болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін өзге мемлекеттерге қарсы
бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары осы жолғы 10-ыншы
отырысында бірлескен декларацияға қол қойды. Және саммитте лаңкестікке қарсы
күрес тұжырымдамасы мақұлданды. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының тарихы осыдан 9
жыл бұрын басталған. 2001 жылы Шанхай бестігіне аталған ұйымға бақылаушы болып
қатысып жүрген Өзбекстан қосылды. Кейбір бақылаушылар, Ресеймен қатынасын алшақ
ұстауға тырысқан Өзбекстанның, Батыстан келетін әскери көмек азайған соң бұрынғы
көзқарасы өзгерістерге ұшырады дейді. Қазір аймақтық ұйым құрамына Қазақстан,
Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Соңғы саммите
Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының ролін арттыру керек
деді. Қазіргі әлемде тәуелсіз мемлекеттердің ішкі ісіне араласу болмау керек деді
ол. Назарбаевтің айтуынша, ұйымға бақылаушылар қосылғалы, осы ұйымға кіретін
елдердің басшылары адамзаттың жарты халқының мүдделерін білдіреді. Шанхай ұйымына
кіретін шағын мемлекеттер әскери және саяси ресурстардан дәмелі болса, Ресей мен
Қытай сырттан төнетін әскери ресурстардан қорғануды мақсат етеді дейді кейбір
сарапшылар. Бейжің мен Мәскеу АҚШ-тың Орталық Азияға деген әсерін ескеріп, өз
ықпалдарын күшейтуді мақсат ететініні белгілі дейді олар. Ресей президенті
Владимир Путин, басты міндет – қауіпсіздік және әлемдегі жағдайдың өзгеріп бара
жатқандығын ескеру керек деді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының ұғымы
Шанхай ынтымақтастығы 6ес бірдей мемлекеттің басын қосып отырған ірі халықаралық
ұйым. Оның құрамындағы алпауыт Ресей мен Қытайды айтпағанда, экономикасы жыл
санап қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның өзі ұйымның халықаралық қауымдастық
алдындағы беделін жыл санап арттырып келеді. Бұл жолғы Ташкенттегі басқосуда
негізінен сауда – экономикалық, мәдени – гуманитарлық мәселелердің жайы
талқыланды. Әрине экономикалық мәселеге келгенде кез-келген елдің өз мүддесі бар.
Ал есірткі бизнесі мен лаңкестерге қарсы күресте қай ел болса да бірлесіп
қимылдағанды қалайды. Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан және
Өзбекстан. Барлығы да Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер.
Тәжікстаннан өзгесінің Қазақ елімен шекарасы шектесіп жатыр. Импорт
тасымалдағанда яки экспортқа шыққанда көпшілік тауарымыз осы елдердің аумағынан
өтеді. Бірнеше елдің бір өзенді бірлесіп пайдаланып отырған жайы және бар.
Қысқасы ұйым құрамындағы мемлекеттер саясатта да, экономикада да біраз мәселені
ойлана отырып ортақ шешуге мәжбүр. Ташкенттегі бұл жолғы жиынға да 6 мемлекеттің
Премьер – министрлері осы мақсатпен келді. Әйтсе де әрбір елдің жеке мүддесі,
ішкі есебі бар. Сондықтан ешкімнің есесі кетпей ескерілуі тиіс. Басқосу басталмас
бұрын шағын құрамдағы отырыс өтті. Онда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше
мемлекеттердің Үкімет басшылары талқыланатын мәселелерді таразылап, күн тәртібін
бекітті. Содан соң кеңейтілген келіссөздер басталды. Енді солардың Қазақ
мемлекеті үшін маңызды тұстарына тоқталайық. Бірінші - энергетикалық
ынтымақтастық. Соңғы кездері Еуропа энергия тапшылығының зардабын тартып келеді.
Сондықтан кәрі құрлық елдерінің қуат көздеріне барынша бай Орталық Азия өңіріне
ерекше аңсары ауып отыр. Алайда Азияның өз қажеттілігі де жыл санап өсуде. Шанхай
ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекетердің қарым-қатынасында энергетикалық
әріптестік стратегиялық бағыт саналады. Жиында Қазақстан Үкіметінің төрағасы бұл
мәселеге қатысты ойын былай жеткізді.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер – министрі: Өткен жылғы Шанхайдағы саммитте Қазақстан
Президенті Азиялық энергетикалық стратегияны жасауды ұсынды. Бұл құжат Ұйым
құрамындағы мемлекеттерге энергетика саласында өзара тиімді байланыс орнатуға
мүмкіндік береді. Және алдағы уақытта ортақ энергоресурстар нарығын
қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан отын – энергиткалық кешен бойынша жұмыс
істейтін топқа осы жылдың соңына дейін стратеияны талқылау үшін арнайы отырыс
өткізуді ұсынамын.
Ұйым құрамындағы мемлекеттер үшін өзара сауда – саттықты арттыру аса өзекті
мәселе. Қазақстан осы ұйымдағы әріптестерімен өзге елдерге қарағанда көп тауар
алмасады. Экономикалық қарым-қатынасты бұдан да қарқынды дамыту үшін бірыңғай
көлік - логистикалық жүйе қажет. Егер Шанхай ынтымақтастығы ұйымындағы елдер
арасында бірыңғай автокөлік жолдары салынса тауар тасымалдау бұрынғыдан бетер
көбейеді. Қазақстан бұл бағытта қазірдің өзінде біраз жобаны қолға алды. Соның
бірі Батыс Қытай – Батыс Еуропа деп аталатын халықаралық транзиттік автокөлік
дәлізі.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер – министрі: Біз транзиттік дәліздің өзімізге тиесілі
бөлігін 2012 жылы аяқтаймыз. Бұл қайта жаңғырған Ұлы Жібек жолының құрамдас
бөлігі. Жобаның іске асуы – Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттерді
әлемдік транзиттік жүйеге тартудағы біздің қосқан нақты үлесіміз болады.
Қазақстан Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық транзиттік дәлізді дамытуда
ұйым құрамындағы мемлекеттерді бірлесіп қимылдауға шақырады.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Премьер – министрі: Көлік және
коммуникациялар саласында біздің ойымызша – Волгоград – Астрахан – Атырау –
Бейнеу; Кунград – Нукус – Бұқара – Ташкент және Ақтау – Бейнеу – Кунград – Нукус
– Бұқара – Ташкент автожолын бірлесіп салудың маңызы зор. Бұл халықаралық көлік
дәлізінің бір бөлігі.
Ташкентке жиналған мемлекеттердің барлығына да су ресурстарын тиімді пайдалану
мәселесі ортақ. Сондықтан Үкімет басшылары трансшекаралық өзендердің жайын
бірлесіп талқылады. Бұл проблема Қазақ еліне де таңсық емес. Себебі соңғы кездері
Қытай үкіметі Қара Ертістің арнасын бұрып жатыр дегенді жұрт жиі айтып жүр. Егер
Ертістің суы тартылса Қазақстан ғана емес Ресей де орасан экономикалық зардап
шегеді. Ендеше ортақ өзеннің қызығын Қытай ғана көріп, қалған ел қысылмауы тиіс.
Кез-келген әрекет кезінде өзге мемлекеттердің мүддесі ескеріледі. Әрбір шешім
халықаралық талаптар мен біріккен Ұлттар Ұйымының ережелеріне сай қабылданады.
Отырысқа қатысушылардың ортақ ойы осы.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер – министрі: Табиғи ресурстар жайлы айтқан кезде судың
қоры мен оны пайдалау проблемаларына ерекше тоқталғым келеді. Бұл жерде су
ресурстарын тиімді пайдалану туралы тұжырымдаманың жобасын жасап жатқан Орталық
Азия елдерін үлгі қылуға болады. Мұндай құжат Шанхай ынтымақтастығы ұйымының
аясында да жасалуы қажет. Көршілес мемлекеттер арасындағы су саясатына қатысты
мәселелер өркениетті түрде шешілуі тиіс.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына төтенше жағдайлармен күресетін арнайы орталық ашу
қажет. Ол орталық ұйым құрамындағы мемлекеттерде апат болып, қиналса жедел арада
көмекке келеді. Бұл Ресей тарапынан айтылған ұсыныс. Қазақстан Үкімет де бұл
бастаманы қолдап отыр. Тіпті мұндай орталықты ашуға өз жері мен ресурсын да
беруге әзір. Себебі Қазақ елі ұйым құрамындағы мемлекеттердің қақ ортасында тұр.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымындағы елдер бірлескен инвестициялық жобаларды іске
асыруды жоспарлап отыр. Бұл қадам Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы
жұмыссыздықты азайтуға ықпал етеді. Ал Қазақстан керісінше жұмыс күшіне тапшы
болғандықтан, заңсыз миграциямен күресіп әлек. Сондықтан бұл мәселені заңдық
тұрғыда реттеп алған жөн.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер – министрі: 2006 жылғы Шанхай саммитінде Қазақстан
Президенті заңсыз мигранттармен күресу мәселесін көтерген. Қазақстан жағы қысқа
мерзімде арнайы келісімнің де жобасын әзірлеп қойды. Алайда Ұйым мүшелерімұны
қолдағанмен нақтиы әрекет жасамай отыр. Сондықтан мен әріптестерімді осы мәселені
тездетіп шешуге шақырамын.
Енді отырыста қаралған мәдени – гуманитарлық мәселелер жайлы. Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер білім беру, денсаулық сақтау саласында
тығыз қарым-қатынас орнатуды қалап отыр. Мәселен Қытай Үкіметі өз елінде оқушылар
мен студенттерге арнап лагерь ашуға ниетті.
Виктор Зубков, Ресей Федерациясының Премьер – министрі: Білім беру саласы бойынша
ұйым шеңберінде жоғарғы оқу орындарымен тәжірибе алмасу жайы сөз болды. Ал
денсаулық сақтау салсында халықты әлеуметтік қорғаудың механизмдерін талқыладық.
Ұйым аясында жастар қауымдастығын құру да маңызды мәселе. Туризм саласындағы
байланыстардың да болашағы зор. Бұл мәселелерді барлық мемлекеттердің басшылары
құп көріп отыр.
Осы айтылған мәселенің кейбірін Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан
және Өзбекстан мемлекеттерінің Үкімет басшылары қағаз жүзінде бекітіп, бірқатар
көпжақты құжаттарға қол қойды. Олар: кеден істеріндегі өзара көмек және
ынтымақтастық туралы келісім, ұзақмерзімді сауда – экономикалық бағдарламаның
орындалуы жөніндегі ұйым хатшылығының есебі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2008
жылға арналған бюджеті, ұйым қызметінің қаржылық және ұйымдастыру құрылымдық
мәселелеріне қатысты шешім, және Үкімет басшылары Кеңесінің қорытындысы бойынша
бірлескен коммюнике. Премьер – министр Кәрім Мәсімов бұл жолғы сапарында өзге
елдерден келген әріптестерімен отырыстан бөлек жеке-жеке және кездесті. Қырғыз
Үкіметінің жетекшісі Алмазбек Атамбаев қиын-қыстау күндері көмек берген Қазақ
Үкіметіне алғыс айтты. Қырғызстан ай сайын қазақтың 50 мың тонна астығын сатып
алуға дайын. Ал Иран астық экспортындағы Қазақстанның әріптесі. Иран Ислам
Республикасының бірінші вице – президенті Парвиз Давудимен болған кездесуде
Қазақстан Президентінің Тегерандағы сапарына сәйкес берілген тапсырмалардың
орындалу барысы талқыланды. Кәрім Мәсімов Ресейдің Премьер –министрі Виктор
Зубковпен де жолықты. Екіжақты кездесуде сауда – экономикалық қарым-қатынастың
жайы талқыланды. Бұл қос Премьердің қызметке тағайындалғалы екінші кездесуі.
Ташкент отырысында қабылданған шешімдер қағаз жүзінде қалмай нақты іске асуы
керек. Ол үшін ұйымға мүше елдердің бірлескен қимылы қажет. Егер келісім
талаптарын тараптар орындамаса, қол қойған құжаттар сол қағазда ғана қалады.
Ендеше ұйымға ұйытқы болып отырған мемлекеттердің ортақ мәселелерді шешуге
қаншалықты ынталы екенін келер жылы Қазақ жерінде өтетін Үкімет басшыларының
басқосуында естіп-білеміз. Бұл жолғы отырыста Қазақстанның мүддесі барынша
айтылды. Ал жиынның орыс және қытай тілдерінде ғана өтіп, құжаттардың осы
тілдерде толтырылуы да біраз жайттан хабар береді.

ТМД елдерімен байланысы
Әскери саладағы өзара ынтымақтастыққа қарамастан, Қытай Шанхай ұйымы ешқашан
әскери блок болмайды деген мәлімдеме жасаған болатын. Бірақ, саммиттердің
бірінде, Қырғызстан өз территориясында ұйым атынан жұмыс істейтін лаңкестікке
қарсы орталық ашуды ұсынған-ды. Өз кезегінде Ресей Тәжікстан территориясында
әскери база ашуды ұсынды. Бұл екі ұсыныс та ұйымға кіретін мемлекеттер атынан
қолдау тапқан болатын.
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Орталық Азия аймағында тез шешуді қажет ететін
өте күрделі қарама қайшылық көп деді. Оның бағалауынша, соңғы оқиғалар геосаяси
жоспардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Қазақстан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдары
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
Шанхай ынтымақтастық ұйымы, органдары
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
Пәндер