Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

I. Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы.

1.1. Валюталық қатынастар мен валюта жүйесінің түсінігі ... ... ... ... ... ... .3
1.2 Халықаралық валюта жүйесінің реттелуі және валюталық саясат ... ..6
1.3. Валюта бағамы: жүйелері, факторлары, паритеті ... ... ... ... ... ... ..9

IІ. Халықаралық валюта табыстары.

2.1 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық
операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаның проблемалары ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді.Сондықтан мен экономикалық теория пәнінен курстық жұмысының тақырыбын бүгіндегі өзекті мәселелердің бірі "Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны тұрақтандыру мен нығайту проблемалары" деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым біріншіден, жалпы халықаралық валюталық жүйенің түсінігіне және құрлымына оның пайда болу себептері мен негізін қараушы элементтеріне валюталық бағам және оған әсер етуші факторларға тоқталып екіншіден Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесіндегі орнын, еліміздегі валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесін қарастыру.
Валюталық жүйені талдамас бұрын "валюта" терминінің мәнін ашып алайық. Ол Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, валюта деп мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма - қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттарды білдіреді.Халықаралық валюта мәселесі – қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.Енді осы валюталық қатынастарға олардың қызмет етуіне, валюта бағамына кеңінен тоқталайық.
1. М.Қ.Байгісиев “Халықаралық валюта қатынастары және
валюталық құқық ” Алматы 2004 ж.
2. Б.А.Көшенова “Ақша, Несие, Банктер. Валюта қатынастары” Алматы
2000ж.
3. Я.Әубәкіров, К. Нәрібаев, Е.Жатқанбаев, Е.Байжұмаев “Экономикалық
теория негіздері” Алматы 1998 ж.
4. С.М.Омирбаев “Финансы” Астана 2002ж. Гл-17.
5. М.С.Саниев “Ақша, Несие, Банктер” Оқулық . Алматы: 2001ж.
6.”Свобода слово”газеті 17.04.2008 Алматы 3-бет
7. И.Я.Носкова., Л.М.Максимова “Международные экономические
отношения” М.,1997ж.
8. С.Әкімбаев, А.С.Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров “Экономикалық
теория” Астана 2002 ж.
9. Мықыш С.Б. “Ақша айналысы және несие”.Оқу құралы. Алматы: Қазақ
университеті 2000 ж.
10. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К. О.; Абдраимова Г.Т. “Бухгалтерский
учет и отчетность в банках,” Алматы “Қаржы-қаражат” 2000 ж.
11. Поляков В.П., Московкина Л.А. “Основы денежного обращения и
кредита” М., “Инфра-М” 1996 ж.
12. Ғ.С.Сейітқасымова “Ақша, Несие, Банктер” Алматы: «экономика»
2001ж.
13.Н.Қ.Мамыров,М.Ә.Тілеужанов ‘‘Макроэкономика’’2003 ж.
14.Айқын Республикалық саяси газет 18.04.2008ж. 2 бет
15.Время 12.09. 2007ж. 4бет

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

I. Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы.

1.1. Валюталық қатынастар мен валюта жүйесінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... .3
1.2 Халықаралық валюта жүйесінің реттелуі және валюталық саясат ... ..6
1.3. Валюта бағамы: жүйелері, факторлары, паритеті ... ... ... ... ... ... ..9

IІ. Халықаралық валюта табыстары.

2.1 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық
операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаның проблемалары ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ

Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш
күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық
еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану
және жанандануымен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе
дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын
туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың
жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы
халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық
капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық
жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және
халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық
валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды
атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық
валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің
экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан әлемдегі валюта
өзгерістері бізге де әсер етеді.Сондықтан мен экономикалық теория пәнінен
курстық жұмысының тақырыбын бүгіндегі өзекті мәселелердің бірі "Қазақстан
Республикасындағы ұлттық валютаны тұрақтандыру мен нығайту проблемалары"
деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым біріншіден, жалпы халықаралық
валюталық жүйенің түсінігіне және құрлымына оның пайда болу себептері мен
негізін қараушы элементтеріне валюталық бағам және оған әсер етуші
факторларға тоқталып екіншіден Қазақстан Республикасының ұлттық валюта
жүйесіндегі орнын, еліміздегі валюталық операциялар мен валюта бағамының
жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесін
қарастыру.
Валюталық жүйені талдамас бұрын "валюта" терминінің мәнін ашып
алайық. Ол Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, валюта деп
мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері
немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат
жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген
ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма - қол
және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы
соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі
қаражаттарды білдіреді.Халықаралық валюта мәселесі – қазіргі таңда өзекті
мәселелердің бірі.Енді осы валюталық қатынастарға олардың қызмет етуіне,
валюта бағамына кеңінен тоқталайық.
І. Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы.

1. Валюталық қатынастар мен валюта жүйесінің түсінігі

Халықаралық валюта қатынастары - дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықта
орын алатын валюталық іс әрекеттермен кезінде қалыптасатын және ұлттық
шаруашылықтар қызметі нәтижелерінің өзара айырбасын жүзеге асатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері
векселдік және айырбастау әрекеттері түрінде ежелгі Греция мен Римде орын
алғандығы тарихтан белгілі. Валюталық қатынастар дамуының келесі кезеңі
ортағасырлық Лион Антвериен қалаларындағы "вексельдік жәрменкелер" болып
табылады. Капиталистік өндіріс әдістері қалыптаса бастаған кезеңдерінде
халықаралық есептеу жүйесі банктер арқылы дами бастады.
Халықыралық валюта қатынастары өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды
өсуімен дүние жүзілік рыноктың қалыптасуы мен халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және
жихандануымен сипатталады.
Халықаралық валюта қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың
дамуына жалпылама түрде өзінің онды әсерін тигізеді.
Халықаралық экономикалық қатынастар материалдық өндіріс арасында
тікелей және кері байланыстар қалыптасқан. Олардың абективті негізгі
халықаралық тауарлар, капиталдар, қызмет көрсетулер айырбасын туындататын
қоғамдық ұдайы өндіріс процесі болып табылады.
Валюталық қатнастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономикалық
дамуын ақ саяси себептерден тәуелді, сондай - ақ халықаралық қатынастарға
тән әріптестік және қайшылық сияқты екі үрдестер арақатынасына да тығыз
байланысты болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда соның ішінде
валюталық байланыстар да бар саясат пен экономика дипломатия мен коммерция
өнеркәсіп өндірісі мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар
ұлттық өндірісімен мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар
ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықта ерекше орын алады. Дүниежүзілік
рыноктың капиталдар айналымы процесіне қосылуы ақша капиталы бір бөлігінің
ұлттық ақшадан шетелдік валютаға және шетелдік валютаға және шетелдік
валютаның ұлттық ақшаға айналып жатқанын көрсетеді мұның өзі халықаралық
есептеулерде валюталық, кредиттік және қаржылық операцияларда орын алып
жатады.
Валюталық қатынастар удайы өндіріске қатысты екіншілей болғанымен бұл
қатнастардың салыстырмалы дербестігі бар және олар удайы өндіріске қарама
қарсы әсер етеді шаруашылықтың интернационалдануы жағдайларында ұдайы
өндіріске қарама - қарсы әсер етеді. Шаруашылықтың интернационалдану
жағдайларында ұдайы өндірісінің сыртқы факторлардан дүниежүзілік өндірістің
динамикасынан шетелдік ғылым мен техника деңгейінен халықаралық сауданың
дамуынан, шетелдік капиталдардың келуінен тәуелділігінің күшейе түседі.
Халықаралық валюта қатынастары ұймдастыру және реттеу формасы. Ұлттық
дүниежүзілік халықаралық валюталық жүйелер ажыратылады.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының
интернациалдануы негізінде бірте-бірте белгілі бір формаларды иемдене
бастады. Нәтижесінде валюта жүйе қалыптасты. Валюталық жүйе дегеніміз-
ұлттық заңнамамен немесе мемлекет аралық келісіммен бекітілген валюталық
қатнастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық валюталық жүйелер ажыратылады.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ғаламдық шаруашылықтағы мақсаттары және
қызметі мен реттелуі механизмдерінің ерекшеліктері бола тұра оның өзі
ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланыста болады. Бұл байланыс сыртқы
экономикалық әрекеттерге қызмет көрсететін елдердің валюталық саясатын
мемлекетаралық реттеу мен үйлестіру аясында көрініс табады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің өзара байланысы олардың
ұқсастығын көрсетпейді себебі олардың мақсаттары мен міндеттері, қызметі
мен реттелуі жекелеген елдердің экономикасына және дүниежүзілік
шаруашылыққа әсері әртүрлі.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- ұлттық валюта;
- ұлттық валютаның айырбасталу, аударылу(конвертациялау)мүмкіндікте рі;
- ұлттық валютаның паритеті (құны)
- ұлттық валюта курсының (бағанының) режимі;
- валюталық шектеулердің бары немесе жоғы валюталық бақылау;
- ел валютасының халықаралық өтімділігін ұлттың реттеу;
- халықаралық кредиттік құралдар айналымын пайдалануы ережесі;
- елдің халықаралық есептеулер ережелері;
- ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногының режимі (тәртібі);
- елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші ұлттық органдар;
- ал дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері болып төменде
көрсетілгендер саналады;
- резервтік валюталар халықаралық есептеуге арналған валюталық бірліктер.
- валюталардың өзара айырбасталу шартары;
- валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу;
- халықаралық есептеулердің негізгі факторларын үйлестіру;
- мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар;
Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген
ұлттық валюта - ақша бірлігін құрайды. Халықаралық экономикалық
қатынастарда пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық
есептеулерде әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бөлігі
пайдаланылады. Шетелдік валютадағы кез келген төлем құралы - девиз түсінігі
анықтауышысы болып табылады.
Шетелдік валюта валюталық рыноктардағы сатып алу - сату объектісі
болып табылады, халықаралық есептеулерді пайдаланылады, банктік
есепшоттарда сақталады, бірақ осы мемлекет аумағында заңды төлем құралды
бола алмайды. Кез келген елді күшті инфляция мен дағдарысты жағдай
орыналғанда ұлттық валютасы одан гөрі тұрақты шетелдік валюта ығыстырады.
Қазіргі кезде мұндай валютаға доллар жатады. Еуроодоқ елдерінің ортақ
валютасы еуро да соңғы уақыттарда доллармен тайталаса алу мүмкіндіктердің
көрсетіп бағуда. "Валюта" категориясы ұлттық және дүниежүзілік
шаруашылықтың өзара әрекеті мен байланысын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік ақша деп халықаралық экономикалық, саяси, мәдени
қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың
қызметтерінің формалалары ұлттық ақшалар түрін өткен алтын ақшалардан
кредиттік ақшаларға дейінгі жолда қайталайды. Нәтижесінде XX ғасырдың
валюта жүйесі бір немесе бірнеше ұлттық валютаға негізделеді.
Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына
резервтік валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және резервтік
қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағам
рөлін атқарады сондай - ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің
валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшін
қолданылатын құрал болып табылады. Қазіргі кезде резервтік валюта ретінде
АҚШ-тың доллары еуроодақтың еуросы пайдаланып отыр.
Резервтік валюта мәртебесі оны шығарушы елге мынадай артықшылықтар
береді; төлем, балансын тапшылығын ұлттық валюта есебінен жабу мүмкіндігі
дүниежүзілік рыныктағы бәсекелік күресте ұлттық экспотерлердің позициясын
нығайту. Сонымен қатар ұлттық валютаны резервтік валюта рөлін жоғарлату сол
елдің экономикасына белгілі бір міндеттер жүктейді Олар; осы валютаның
салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ету девальвацияға бармау сондай - ақ
валюталық және сауда шектеулерін алып тастау.
Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетель валютасына айырбасталу
дәрежесі еркін айырбастайтын валюталық шектеулерден сақталған жартылай
айырбасталатын валюталар бар екендігі белгілі.
Валюталық шектеулерден бар немесе жоқ болуы да валюта жүйесін
элементтерінің біріне жатады. Валюталық құндылықтарымен операцияларды
шектеуде халықаралық валюта қоры арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі
болып саналады.
Халықаралық валюта өтімділігін реттеу валюта жүйесінің тағы да бір
элементі болып саналады және оның өзі халықаралық шектеулерді қажетті төлем
қаражаттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Халықаралық валюта өтімділігінің көрсеткіші ретінде әдетте ресми
алтын - валюта резервтері сомасының бір жылдық тауар импорты сомасына
қатынасы қолданылады.
Валюталық рынок және алтын рыногы режимі ұлттық және халықаралық
реттеу объектісі болып табылады. Валюта жүйесініңең маңызды элементіне
институционалдық элемент жатады. Бұған елдер валюталық қатынастарды ұлттық
басқару мен реттеу органдары (ұлттық банк, қаржы және экономика
министрліктері, кейбір елдерде валюталық бақылау жатады.
Ұлттық валюталық заңнама ұлттық және шетелдік валютамен операцияларды
реттейді (иемдену, әкелу және әкету, сатып алу-сату құқықтары).
Халықаралық валюталық реттеуді халықаралық валюта қоры жүзеге
асырады, ал Еуропада бұл мәселелермен Еуропа орталық банкі шұғылданады.
Аталған институттар Халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастарды
қауіпсіз, дағдарыссыз дамыту режимін талдау жасап, оның тұрақтылығын
қамтамасыз етуге болады.
Валюталық гегемония орталықтары-валюта сферасындағы үстемдіктер елдер
дамуының біркелкі болмауының кезендік ауысуларға тап болып тұратын жағдайы
бар. Мысалы, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін валюталық үстемдік
Ұлыбританияның қолында болды. Дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қаржылық
орталық Еуропадан АҚШ-қа қарап аусты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
бірден-бір үстем валюта ролін доллар атқарып кетті.
XX ғасырдың 70-90 жылдары валюталық үстемдіктің үш бірдей орталығы
қалыптасып үлгерді. Олар: Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония. Мұның өзі
доллардың монополиялық тұғырын едәуір шайқалтқан еді.Бірақ соңғы 2006-2007
жылдары Америкадағы кризиске байланысты,доллардың бағасы 25% төмендеді,ал
Евро валютасы 20% көтерілді.Ал қазір валюталық үстемдіктің орталығы
Жапония сосын Батыс Еуропа болып табылады.

1.2 Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
• нарықтық реттеу;
• мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ
олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына
бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында
жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысы эквивалентін,
тауарлар,көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына
байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық
ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы
валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер
валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері
туралы біле алады.Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы
туралы ақпараттар көздері болып табылады.Бірақта, мемлекет ертеден бері
валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде,
кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей
араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғасырда алтын стандарты алынып тасталуына
байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі қызметін
тоқтатты.Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық
дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр
әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін бірі
толықтырады.Біріншісі, бәсекеге негізделген , яғни дамуды ынталандыра
түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс
салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты
жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да,
олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады.Дағдарыс, соғыс және тағы
басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы
артады. Сондай-ақ валюталық –экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында
валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын
алады. Бірақ та мемлекет, бұл жағдайда да, валюталық қатынастарды қалыпқа
келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Валюталық саясат
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат-бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына
сәйкес, халықаралық валюталық және басқадай экономикалық қатынастар
аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығын білдіреді.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары:
тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, жұмыссыздықпен
инфлясияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап
отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің
валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына,
әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар,яғни, елдегі
және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалармен байланысты
операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар
жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар
бойынша мемлекеттер арасындағы жасалатын келісім – шарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы-валюталық
ретьеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу—заңды актілер және атқарушы өкіметтің
әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу—нарықтық
экономикалық агенттерінің мінез құлқына экономикалық, валюталық және
несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсет етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы—Халықаралық Валюталық Қор
(ХВҚ) Болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты
екіге бөлінеді.
1) Құрылымдық валюталық саясат;
2) Ағымдық валюталық саясат;
Құрылымдық валюталық саясат—дүниежүзілік валюталық жүйедегі
құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған ұзақ мерзімді
шаралар жиынтығын білдіреді. Ол, валюталық саясат реформа формасында
іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық
саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат-- валюталық бағамды, валюталық
операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін
күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді
шаралар жиынтығы.
Валюталық саясаттың келесідей формалары қолданылады:
1) дисконтық валюталық саясат;
2) девиздік валюталық саясат;
Сонымен қатар, девиздік саясаттың келесісідей жүзеге асырылу
формалары болады:
• Валюталық интервенция
• Валюталық резервтерді диверсификасиялау
• Валюталық шектеу
• Валюталардың алмастыру дәрежесін реттеу
• Валюталық бағам режимі
• Девальвация
• Ревалвация
Дисконттық (есепке алу) саясаты—біржағынан, валюталық бағам мен
төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша
массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағатталатын орталық
банктің есепке алу мөлшерін өзгертуін білдіреді.Мысалы: пассивтік
төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында
есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар
елдерден капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын
жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал, егер орталық
банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шет
елдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы
азаяды және валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген.
Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу
мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады.
Ал оның төмендеуі, төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың
сыртқа ағылуына жол береді.
Девиздік саясат-- мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің
шет ел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта
бағамына әсер ету әдісін білдіреді.
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел
валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шет ел валютасын ұлттық
валютаға айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге
асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла
бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық
интервенция кеңінен қанат жайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде
мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары—ХВҚ, сондай-ақ аймақтық-
европалық валюталық институт құрылды (1994ж.)
Валюталық резервтарді диверсификациялау—бұл халықаралық
есепайырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және
валюталық шығындардан сақтау мақсатында әртүрлі валюталарды қосу жолымен,
валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған, мемлекеетің және
банктердің саясаты болып табылады.
Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық
есепайырылысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге
асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және
мамлекетаралық реттеу обьектісі болып табылады.
Девальвация мен ревальвация—валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне
жатады.
Девальвация—Ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатысы
төмендетуді білдіреді.
Ревальвация—Ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарға қатынасы бойынша
жоғарлатуды түсіндіреді.
Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу
үздіксіз пайдаланылады.
Валюталық шектеу-резиденттер мен резидент валюталар және басқадай
валюталық, құндылықтармен жасалатыноперацияларын заңды түрде немесе
әкімшілік түрде тыйым салуын, шектеуін білдіреді.Валюталық шектеу,
валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу
валюталық заңдармен бекітіледі.
Валюталық шектеудің мақсаттары келесідей:
-төлем балансын теңестіру;
-валюталық бағамды қолдану
-ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттіңқолында
валюталық шектеу келесідей қағидаларға сүйенеді:
-Валюталық операцияларды орталық және өкілетті (девиздік) банктерде
орталықтандырылуы;
-Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;
-Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
-Валюталардың қайтарымдылығын шектеу;

1.3 Валюта бағамы: жүйелері, факторлары, паритеті

Экономикадағы төлем балансында көрінетін өзгерістер түбінде келіп
валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтік білдірмей,
белсенді түрде экономикадағы процестерге әсер етеді. Мемлекеттің валюта
нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерінде қатынасуының әр түрлі
дәрежесімен сипатталады. Осыған байланысты валюта нарығын және курсын
ұйымдастырудың қарама-қарсы екі жүйесі болады:
• Валютаның айырбастау кукрсы сұраныс пен ұсыныспен белгіленген
жағдайдағы валюта курсының жұмсақ немесе еркін жүзу жүйесі. Шұғыл
өзгерістер болып қалғанда, мемлекет курсты жанама реттеу арқылы қолдап
отырады;
• Қатал беогіленген валюта курстарының жүйесі. Осы жағдайда сұраныс және
ұсыныс өзгерістерінің нәтижесінде курстың ауытқуы болмайды. Бұл жағдай
валюталық күшті болуымен қамтамасыз етіледі.
Валюта курсының осы екі қарама-қарсы жүйелерінен басқа көптеген аралық
жүйелерде болады.Демек, экономистердің көбінің тұжырымдалуы бойынша,
бүгінгі АҚШ-та еркін жүзетін, қатал белгіленген курстар жоқ, онда
“басқарылған жүзу” жүйесі қолданылады. Осы жүйе доллардың маңайында басқа
валюталардың жүзуіне, егер осы “жүзу” АҚШ экономикасына жағымды болса, жол
береді.
Валюта курсы ұзақ мерзімде паритетпен белгіленуге тиісті. Паритет, өз
кезегімен, елдегі еңбек өнімділігінің дәрежесіне, экономикалық өсудің
қарқыны және сапасына, экономиканың құрылымына және халықаралық еңбек
бөлінісіне тартылуына тәуелді болады.
Валюта курсы, қысқа және орта мерзімде валюта нарығындағы сұраныс және
ұсыныспен белгіленеді. Осы процестер төлем балансында көрсетіледі.
Сондықтан, айырбас балансын белгілейтіен факторлар, сонымен қатар, айырбас
курсына әсер етеді. Валюта нарығындағы тепе-теңдік экспорт және импорт
көлемімен, капиталдың кіріс және шығысымен байланысты болады. Валюта курсын
белгілейтін факторлармен танысайық.
1.Тұтынушылардың талғамының өзгеруі тауарлар мен қызметтердің
экспортын немесе импортын өсіреді.Шетел тауарларыныңдылығын жарнама және
т.б. арқылы өсіруге болады. Импорттық тауарлардың ұнамдылығының өсуі
олардың тұтынуын өсіреді. Экспорт көлемі өзгермесе ұлттық валютаның
ұсынысы, шетелдікімен салыстырғанда, өседі.Жергілікті сұраныс валютаға
өзгермесе, шетел валютасына да сұраныс өседі. Осы фактордың ықпал ету
нәтижесінде, ұлттық валюта құнсызданады. Егер тұтынушылардың талғамы
жергілікті заттарға ауысқан болса, керісінше процестер жүреді.
2. Белсенді саясаты да экспортерлер мен импортерлер жасап отырған
экспорттың және импорттың (валютаға сұраныс) және ұсыныс көлемін өзгерте
алады. Баж салығы және импорт квотасы енгізілгенде, тауардың сапсына және
қоршаған ортаны сақтаудың қатал стандартына “күтпеген” жаңалықтар,
енгізілгенде, импорт төмендейді.Бұндай шаралар әкімшілдік болғандықтан
халықаралық сауданың көлемін төмендетеді, жеке елдерге дискриминация
тудырады. Сондықтан валюта нарығын тұрақтандыру мақсатымен осындай саясатты
қолдану негативтік нәтижелерді тудырады.
3. Импорттық тауарларға сұраныстың икемділігі. Импорттық тауарларға
икемді сұраныс, валюта нарығындағы доллардың санын көбейтеді. Импорттық
тауарларға икемді емес сұраныс, сатылған тауарлар айырбасынан нарыққа
түсетін доллардың санын азайтады.
4.Табыстардағы салыстырмалы өзгерістер. Бұрыннан мәлім, тұтынулық
шығындардың көлемі ұлттық табыстың дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Табыс
өскен сайын осы елднгі тауарлардыңда, шетел тауарларыныңда тұтынуы өсе
түседі. Сондықтан, тауарлар мен қызметтердың импорты өндірілген ұлттық
табысқа тәуелді болады. Егер бір елднгі ұлттық табыстың өсуі келесі елднегі
осы көрсеткіштен артық болса, онда шетел тауарларының импортының өсуі,
экспорттан тез жүріп отырғаны (басқа шарттар тұрақты болып қалғанда) болып
табылады. Осы жағдай валюта нарығында ұлттық валюта курсының төмендегені
болып көрінеді. Сондықтан, ұлттық табысты өсіретін барлық факторлар валюта
курсының төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
5.Инфляция (бағаның салыстырмалы өзгеруі). Егер бір елдегі бағаның
өсу қарқыны басқа елдегі осы көрсеткіштен артық болса, онда импорттық
тауарлар (курс өзгермегенше) арзандау болады. Бұл осы тауарларға сұранысты
өсіреді, бұның нәтижесінде шетел валютасына сұраныс өсіп, ұлттық акция
құнсызданады. Шетел валютасын қымбаттататын тағы бір жағдай-ол инфляция
өскен сайын адамдардың өздерінің нақты табыстарын сақтап қалуға тырысуы.
Жинақтарын сақтап қалу мақсатымен адамдар мықты валютаға сұранысын өсіреді.
Ал валютасының ұсынысы өзгермейді, сондықтан айналымдағы ақшаның көбеюі мен
инфляция валютасының айырбас курсын төмендетеді.
6. Нақты проценттік ставканың жанама көлемі. Біз осыған дейін ағымдағы
есепшат арқылы қалыптасатын, айырбас курсына әсер ететін факторларды
қарастырған болатынбыз. Ағымдағы есепшоттың дисбалансым нәтижесінде пайда
болатын валютаның сұранысы мен ұсынысының сәйкес келмеуін капиталдың келуі
мен кетуі ғана жояды. Сондықтан елге капиталдың келуіне ат салысатын
факторлар ұлттық валютаның курсын өсіре алады және керісінше, нақты
проценттік ставкалардың (номиналдық ставкадан бағаның өсу қарқынын алып
тастағанда) көлемі, инвестор үшін, капиталды орналастыратын елді
белгілейтін маңызды көрсеткішболып табылады.Нақты проценнтік ставка жлғары
болған сайын, сондықтан, басқа елдермен салыстырғанда, елдегі құнды
қағаздардың табыстылығы жоғары болған сайын, қаржы құралдарын салуға осы ел
ұнамды болады. Ұлттық қаржы активтеріне сұраныстың өсуі, шетел валютасының
ұсынысында көрінеді және ол ұлттық ақшаның өсуіне әсер етеді.
7. Белгілі айырбас курсын күту.
Шаруашылық агенттерінде болашақтағы экономиканың өсу қарқыны, инфляция
темпі, нақты проценттік ставка көлемі, макроэкономикалық саясаттың
бағыттары туралы шешімдер болжамдайды. Басқа шарттар бірдей болғанда
портфельдік активтерді күтім бойынша айырбасының курсы өсетін валюта
түрінде сақтьпаған пайдалы болады. Сонымен қатар, халықаралық нарықта
болашақта курсы төмендеп кететін валюта түрінде қарыз алған пайдалы болады.
Осыдан басқа нашар валюта ұстаушылар оны күшті валютаға айырбастауға
тырысады (мұның курсы өседі). Осы себептермен жүргізілген валюта айырбасы,
валютаның болашақта құнсыздану немесе қымбаттау қаупін күшейте түседі.
Шешуіші рөлді саяси тұрақтылық атқарады.
8. Экономиканы мемлекттік макрореттеу.
Осыған жататындар: ресми валюта резервін пайдалану, сауда саясаты, валюта
нарығында валюталық бақылау және валюта нарығын рационалдау, қаржылық және
ақша- несиелік саясат. Валюта резервін шебер қолдана отырып, шетел
валютасының ұсынысын өсіру үшін валюта нарығында белгілі валюта курсын
ұстап тұруға болады. Бірақ резервтің көлемі шектелген, сондықтан, осы
жолмен курсты ұстап т ұру қысқа мерзімде ғана мүмкін.
Сұраныс пен ұсынысқа әсер етудің басқа жолы – валюталық бақылау немесе
рационалдау. Валютаның ұсынысын өсіру мақсатымен мемлекет экспортерлерге
түскен барлық валютаның 100% - ін міндетті түрде сатуға мәжбүр етеді.
Сұранысты азайту үшін, әкімшілік шешім арқылы валюта тұтынуына шек қоюға
болады. Бірақ осындай саясат, мән жағынвн, нарықтық емес саясат болып
табылады, сондықтан, ол жағымсыз нәтижелер тудырады.
Бүкіләлемдік заңдылық бар: экономикалық дамудың дәрижесі және
экономиканың ашықтығының дәрежесі өскен сайын ішкі бағалар әлемдік дәрежеге
жақындай түседі, бқл автоматты түрде ұлттық валютаның нақты курсын
өсіреді.Валюта курсы, ұзақмерзімдік тепе – теңдік болмысынан төмен, немесе,
жоғары екенін көрсететін көрсеткіштер аз емес.
Біріншіден, экспорт және импорттың өсу қарқындары.Егер экспорттың
өсу қарқыны импортпен салыстырғанда артық болса, онда басқа шарттар бірлей
болғанда, ұлттық валюта курсы төмен болғаны айқындаладыц. Егер импорт
экспорттан жылдам өскен болса, онда керісінше курс көрсеткішінің жоғары
болғаны.
Екіншіден, сальдоның белгісі және сауда балансының өсу қарқыны. Егер
сауда балансы оң шамада, немесе өскен болса, онда бұл жағдай валюта
курсының төмен екенін ақиқат етеді және керісінше.
Үшіншіден, валюта резервтерінің көлемі және динамикасы. Егер елдегі
валюта резервтері өскен болса, онда басқа шарртар бірдей болғанда, осы
жағдай курсты төмендету саясаты бар екенін көрсетеді. Егер резервтер
азайған болса онда курсты қолдау көзделіп отырғанды көрінеді.
Төртіншіден, орташа жалақаны және жалпы ақшалай табыстарды доллар
арқылы бағалау. Егер доллар арқылы есептелген табыстар өскен болса, онда
басқа шарттар бірдей болғанда, ұлттық валютаның нақты нығайына болып
табылады, төмендесе- нашарлағаны болғаны.
Нарықтың барлық ушеуіндегі – тауарлық, ақшалық және сыртқы нарықтағы
тепе – теңдіктің шарттарымен танысайық.Сыртқы нарықта жүріп отыратын
процестер елдің төлем балансында көрсетіледі. Ағымдағы операциялар және
капиталдың қозғалыстары есепшоттарының сальдосы нөлге тең болғанда, осы
нарық тепе- теңдікте болады.Басқаша айтсақ, ағымдағы операциялар
есепшотының балансы, капиталдар қозғалысының есепшотының балансына тең
болуы керек.
Импорт-экспорт = Капитал экспорты – Капитал импорты.
Тауарлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта жүйесі: маңызы, даму кезеңдері, түрлері, құрамы
Халықаралық валюталық қатынастар мәні
Халықаралық қаржы-валюта қатынастары
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Валюта жүйесі жайлы
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйедегі орны және оның экономикадағы маңызы
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер