Орынды тәуекел


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

а) Орынды тәуекелдің негізгі мағынасы мен түсінігі.

б) Орынды тәуекелдің және оның аса қажеттілік пен екеуінің арасындағы ұқсастықтар.

3. Қорытынды.

Қазіргі ғылым мен техниканың күрт дамуы кезеңінде тәуекел қажеттілігі көп туындап отыр. Бұл жағдай, яғни технологияны жетілдіру, өндірістік істер жүргізуді үйрену, ғылыми тәжірибелер жүргізу-заңмен қорғалатын мүдделерге қатысты тәуекелсіз жұмыстар жүргізу мүмкін еместігімен сипатталады.

Қылмыстық заңға сәйкес, әрекеттің қылмыстылғын жоққа шығаратын мән-жайлардың бірі ретінде орынды тәуекел танылады. Дәлірек айтсақ, қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте Қылмыстық заңмен қорғалатын мудделерге зиян келтіру қылмыс ьолып табылмайды. Орынды тәуекелдің қылмыстық заңға енгізілуі, біріншіден, бүгінгі таңдағы түрлі кәсіби қызмет салаларында тәуекел ету жағдайларының құқықпен қорғалатын мүдделерге жиі зиян келтіруінің орын алуымен байланысты.

Қазіргі ғылым мен техниканының күрт дамуы кезеңінде тәуекел қажеттілігі көп туындап отыр. Бұл жағдай яғни, технологияны жетілдіру өндірістік істер жүргізуді үйрену, ғылыми тәжірибелер жүргізу заңмен қорғалатын мүдделерге қатысты тәуекелсіз жұмыстар жүргізу мүмкін еместігімен сипатталады.

Қылмыстық кодекстің 35-бабында әлеуметтік пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел кезінде заңмен қорғалған құқықтықмүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген.

Қылмыстық кодексте мұндай ұғым болмаған еді. Сондықтан да бұл қылмыстық заңдағы жаңа институт болып табылады. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсе, ал қойылған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса және тәуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады.

Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатар төндіретін, экологиялық апатқа немесе өзге де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тәуекел орынсыз деп танылады.

Заңға сәйкес орынды тәуекелге байланысты әрекеттер екі турлі шартқа байланысты қылмыс болып табылмайды. Бұл шарттарды екі түрлі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа тәуекел әрекеттерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады.

Тәуекел әрекеттерін қолдануға медицина, ғылым, техника, мәдениет, шаруашылық саласы қызметінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі негіз болады. Қажеттілік қоғам мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттерді шешуден де туындайды. Ғылым, техника, өнер саласында жаңалықтар ашу көп жағдайда әр түрлі тәжірибелерді игеру нәтежиесінде жүзеге асырылады. Мұндай кәсіптік немесе шаруашылық қызметінде орын алатын осындай қажеттіліктерге жол бермеу орын алса, онда ғылым мен техниканың дамуы да болмас еді.

Мұндай тәуекелге барудың негізгі мақсаты сол арқылы тиімді жетістіктерге жету, тәуекелсіз алға қойылған мақсаттың орындалуы жүзеге аспайтындығы болып табылады.

Осыған байланысты мұндай әрекеттерден туындайтын теріс зардаптар орынды тәуекел күйінде келтірілген деп саналып, ол қылмыс қатарына жатқызылмайды. Тәуекел орынды болуы үшін онда мынадай бірқатар шарттардың болуы қажет:

  1. Тәуекел әлеуметтік пайдалы мақсатқа жетуге бағытталған болуы керек адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, мемлекет қорғанысын күшейтуге және т. б.
  2. Алға қойылған әлеуметтік пайдалы мақсаттың, тәуекелсіз жүзеге аспауы немесе жетістіктерге жету тәуекелсіз жүзеге аспауы немесе жетістіктерге жетуі тәуекелсіз мүмкін емес болуы керек:
  3. Тәуекелге бел буған адам заңмен қорғалатын мүдделерге қажетті жағдайлардың барлығын жасаған болуы керек.

Орынды тәуекелдің аса қажеттілікпен белгілі бір ұқсастығы бар. Ол ұқсастық мынада: екі жағдайда да қоғамға пайдалы мақсатқа жету қоғам мүдделеріне зиян келтіру арқылы орындалады.

Аса қажеттілікте адамның әрекеті зиянды тойтаруға бағыттылған. Орынды тәуекелде әрекет қоғамға пайдалы жаңа жетістіктерге немесе қолда барды жақсартуға бағыттылған. Орынды тәуекелде әрекет қоғамға пайдалы жаңа жетістіктерге немесе қаралуы. Аса қажеттілік жағдайында зиян ушінші жаққа келтіріледі. Ал орынды тәуекелге зиян тек қана бейтарап жаққа немесе қоғамдық мүдделерге келтіріледі. Аса қажеттілік жағдайында қауіпті тойтару арқылы сақтап қалған мүдделерге азырақ зиян келтіріледі. Ал орынды тәуекелде зиянның көлемінде ешқандай шек болмайды. Тәуекел әрекеттері кейде кездейсоқ жағдайларға байланысты да қолданылады.

Мысалы, соқырішекпен ауырған адамға операция жасау үшін оны 120 шақырым жердегі жердегі ауруханаға жеткізу қажет болады. Оған жеткенше жолдың кедір-бұдырына байланысты аурудың жағдайы өте қиынға соғуы мүмкін. Жергілікті дәрігер жағдайды жан-жақты есепке алып және аурудың көлікке отыруға жарамайтынын, оның ауыр жағдайын ескеріп, қажетті жағдайлардың жоқтығына қарамастан операцияны өзі жасауға шешім жасауға тәуекел еткен. Нәтежиесінде ауру адам қаза болған. Мұндай жағдайда адам өмірін құтқарып қалуға байланысты әрекет орынды тәуекел күйінде жасалған деп танылды. Яғни, осыған сәйкес қажеттілік орынды тәуекелдікті қолданудың бірінші негізі болып алға қойған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаған талаптан туындайтындығы болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету қолданылып жүоген технологиялық әдістердің, ғылыми эксперименттердің, нұсқаулықтарда, ережеде көрсетілген талаптардың шеңберінде жүзеге асырылмайтын болса. Онда орынды тәуекелді қолданудың да негізі жоқ.

Қылмыс болып табылмайтын тәуекелді қолдануға байланысты шарттар да теорияда бірнеше түрге бөолінеді. Оның бірінші шарты- кәсіптік тәуекелді жүзеге асыру. Екінші шарт орынды кәсіби тәуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын мүдделерге зиян келтіру. Үшінші шарт, орынды тәуекел ақталған болуы керек. Орынды тәуекелде құқық қорғайтын мүдделерге зиян келтірілуі мүмкін. Кәсіпкер тәуекелді қолдана отырып оның зияндылығын сезеді және одан болатын жалпыға қауіпті зардапты болжайды. Сөйте тұра тәуекелге бел буды. Бұлай етпеуінше ол алға қойған мақсатына жетпейді. Сондықтан да тәуекел жай емес-ақталған, орынды болуы қажет. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге және тәжірибеоерге сәйкес болса, тәуекел орынды деп танылады. Осы шартқа сәйкес осындай тәуекелге барған адамның теориялық білімге және іс тәжірибелік істерге негізделген жеткілікті кәсіптік сауаты болуы қажет. Иұндай біліктілік белгілі бір әрекетті білгірлікпен жүзеге асыруға, жаңалықтар табу арқылы алға қойған мақсатына жетуге мүмкіндіктер туғызады.

Егер тәуекел күні бұрын экологиялық қауіптің болуына немесе адамдардың өміріне, денсаулығына қатер туғызатын болса, онда ол орынды тәуекелге жатпайды.

Төртінші шарт, тәуекелді қолданған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық шараларын қолданса ғана ол орынды тәуекел болады. Осы шартқа байланысты адам тәуекелге байланысты әрекеттерді істегенге дейін мүмкін болатын барлық кедергілерді күні бұрын қарастырып, оны жоюдың амалдарын ойластырып, одан туындайтын қоғамға зиянды нәтежиелерді болдырмаудың барлық шараларын қолдануы қажет.

Бесініші шарт, орынды тәуекел алға қойған мақсатқа тәуекелге байлансыыз әрекеттерсіз жетуге мүмкін болмаса ғана қолданылады. Яғни, орынды тәуекелдің алға қойған мақсаты қоғамға пайдалы нәтежиеге жету болып табылады. Олар ғылымда, техникада жаңалық ашу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, жаңа материалдар, шикізаттар жасап шығару, ауруға қарсы тиімді емдер табу және тағы басқалар, тәуекелге орынды деп саналмайды, кінәлі адам жалпы негізде жауапқа тартылады. Аса қажеттілік пен орынды тәуекелдің бір-бірімен ұқсастығы, сондай-ақ эзара айрмашылықтары да бар.

Бұларға тән ортақ белгілер: екеуінің де құқықтық де құқықтық және әлеуметтік мәні бірдей, екеуі де құқық қорғайтын мүддеге зиян келтіруімен байланысты.

Аса қажеттілік құқық қорғайтын мүддеге табиғи күштерінің биологиялық процесстердің, адамдардығ қоғамға зиянды әрекеттері арқылы қауіп төндіруі жағдайы негізінде пайда болады. Орынды тәуекел мұндай қауіппен байланысты емес. Аса қажеттілікте адамның әрекеті зиянды тойтаруға бағытталған. Орынды тәуекелде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы
Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар
Қылмыс істеген адамды ұстағанда сай емес зиян келтіру және оған қылмыстық жауаптылықтың сипаты
Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау саласы
Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайлар
Екінші шарт - орынды кәсіби тәуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын мүдделерге зиян келтіру
Әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлардың түрлері
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz