Рецидивті қылмыстылық


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТАРАУ РЕЦИДИВ КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІР НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың рецидивінің түсінігі және түрлері . . . 6
1. 2 Қылмыстық құқықтағы рецидивтің түрлері . . . 20
2 ТАРАУ РЕЦИДИВТІ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Рецидивті қылмыстылықтың түсінігі . . . 27
2. 2 Рецидивті қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары . . . 30
2. 3 Рецидивистердің тұлғасының сипаттамасы . . . 36
2. 4 Рецидивті қылмыстылықтың алдын алу шаралары . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі :1995 жылғы тамыздың 30 күні бүкіл халық атынын қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғам, мемлекет және әрбір жеке адам тіршілігіңдегі ерекше орын алатын негізгі -негізгі тарихи қағидаларды бекітіп берді. Сол Қазақстан Республикасы Конституциясының ең бірінші бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы -адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды"[1] . Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын құқық тәртібін бұзғанына, тіпті қылмыс жасап қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді. Әдетте жалпы факторлар ішінен экономиканың жағдайы, қоғамның әлеуметтік-саяси және рухани даму деңгейі, құқықтық реттеудің ахуалы, түзету әрекеттері нәтижелерінің баяандылығы қарастырылады. Арнайы факторларға жазасын өтеушілер контингентіндегі сот практикасындағы өзгерістер, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің сапалы құрамы, олардың қылмыстан сақтандыру мен ескерту мәселелері бойынша өзге ұйымдармен өзара әрекет ету формалары мен құралдары жатады.
Қылмыс - әр қайсысына қылмыстық жазалау қарастырылған заңға қарсы барлық әрекеттердің, белгілі бір заңдылықтарға сандық және сапалық сипаттарға ие әлеуметтік-құқықтық негативтік бұқаралық құбылыстардың жиынтығын білдіретін криминологиялық ұғым.
Қылмыстық әр алуан түрлері болғанымен, олардың ішіндегі рецидивистік, кәсіби және ұйымдасқан қылмыс қоғамға аса қауіпті болып саналады. Қылмыстық әрекетер негізінде өмір сүретін тұтас әлеуметтік топтардың болуын қоғамның криминизациялану деңгейінің жоғарылығынан көреміз.
Бұл қылмыстарды зерттеудің объективті маңыздылығы : мұндай қылмыстардың латенттілігі жоғары болады, оны орындаушылар өз әрекеттерін бүркелелеу үшін арнайы шаралар қолданады, оның сыртында кәсіби және ұйымдасқан қылмыс - ұғымы криминологиялық ұғым болғандықтан қылмыстың бұл түрін - ресми статистикадан көру қиын. Әрекеттің объективті белгілерінен оның топталған жалпы қылмыстың немесе ұйымдасқан қылмысқа жататындығын анықтау да қиынға түседі. Сондықтан кәсіби және ұйымдасқан қылмысты зерттеуде эксперттік бағалау әдістері кеңінен қолданылады. Тәуелсіздіктің қалыптасу үрдісінің мақсаты және жаңа қоғамдық құрылыстың құрылуының алғышарты болып демократиялық қағидалардың дамуы, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының бекітілуі танылады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында жеке адам мемлекеттің ең басты құндылығы деп танылады. Осыған байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және олардың заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мемлекеттің ең басты міндеті болып қарастырылады. Қоғамдық құрылыстың ауысуы барысында бірқатар жағымсыз құбылыстар болуы мүмкін. Бұл өзгерістер қоғамға кері әсер етуде, әсіресе жас өскелең ұрпақ елдегі өзгерістерді ең алғашқылардың бірі болып сезінуде. Аталған факторлар өзінің жиынтығында қылмыстылықтың өсуіне әсер етуде. Қылмыстылықтың алдын алу мәселелері біздің елімізде қазіргі күнге дейін өзекті болып қалуда.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қылмыстардың рецидіві проблемасы отандық және кеңестік ғалымдардың, П. П. Андрушконың, М. Н. Авдеевтің, М. Н. Авербахтың, С. В. Бородиннің, М. С. Гринбергтің, Ю. А. Демидовтің, Н. И. Загородниковтің, И. И. Карпецтің, М. И. Ковалевтің, Д. П. Котовтың, А. И. Красиковтың, И. Ф. Кузнецованың, Ю. И. Ляпуновтың, Н. С. Малеиннің, П. С. Матышевскийдың, И. Ф. Огарковтің, А. А. Пионтковскийдің, М. Д. Шаргородскийдің, Д. Читловтің, сондай-ақ қазақстандық ғалымдар А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, Ғ. Ы. Баймурзиннің, Р. Т. Нұртаевтың, Е. І. Қайыржановтың, С. С. Молдабаевтың, С. М. Рахметовтың, И. И. Роговтың, А. А. Темербековтің, А. А. Смағұловтың М. С Нәрікбаевтың, Е. А. Оңғарбаевтың, Г. С. Мауленовтың, У. С. Джекебаевтың, Е. Ештаевтың еңбектерінде қарастырылған. Бірақта осы тақырып әлі де зерттеуді және зерделеуді қажет етеді. Қылмыстылықпен күресудің тиімді шараларын жасап қылмыстылықпен күресудің жаңа әдістерін қарастыру қажет. Әсіресе рецидивті қылмыстардың өсуін болдырмау қажет. Криминологтар кәмелетке толмағандардың арасында рецидив қылмыстарының өсіп жатқандығына байланысты дабыл қағуда. Мұндай келеңсіз құбылыстармен күресу осындай құбылыстарды жан жақты зерттеуге байланысты мүмкін болады. Күресудің осындай әдістері мен тәсілдерін ескере отыра субъектінің ерекшеліктері мен кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын қарастырған жөн. Рецидив қылмыстың қайталануының бір түрі бола отырып, қылмыстың бірненше мәрте жасалуы мен нақты жиынтықпен бірге қылмыстың қайталнушылығын құрайды. Осылардың ішінде ең өзекті ретінде қылмыс рецидівінің заңшығарушылық ұғымын анықтау және оны жүйелеу, осындай қылмыстылықпен күресу, заңнаманы жетілдіру танылады. Қылмыстың рецидівінің жалпы түсінігі арқылы қылмыстық заңда қылмыстардың қайталануының ең қауіпті түрі екендігіне көз жеткізе аламыз. Қылмыстардың рецидіві қылмыстардың көптігінің ең қауіпті түрі бола отырып, қылмыстық заңда ерекше орынды иеленеді. Оның мәні болып, қылмыстардың қайталануының ең қауіпті түрі болатындығымен, екі немесе одан да көп қылмысты жасауымен ерекшеленеді. Рецидивтің жоғары деңгейінде қылмыстық атқару жүйесінің кемшілігі ғана көрініп қоймайды, сонымен бірге алғаш рет қылмыс жасағандарға жалпы ескертудің төменгі тиімділігі де көрініс табады. Аталған жұмыстың мақсаты - қылмыс рецидівінің жалпы түсінігін, белгілерін, қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын мән жайларды талдау. Жұмыстың міндеті- қылмыс рецидівінің түсінігін ашу, қылмыс рецидівінің түрлерін топтастыруды қарастыру, қылмыс рецидівінің ерекшеліктерін талдау, кәмелетке толмағандар рецидівінің ерекшеліктерін талдау, рецидив қылмыстарының негізгі проблемаларын негіздеу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қылмыстың рецидівіне байланысты ғылыми күрделі мәселелердің деңгейін қарастыру, осындай қылмыстарымен күрес жүргізудің тиімді шараларының бірі жаза тағайындауды жетілдіру жұмыстың мақсаты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері . Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін дипломдық жұмыста төмендегідей міндеттерді шешу көзделген:
Қылмыстардың рецидівіне жаза тағайындау үшін қылмыстық жауаптылықты нақтылау және анықтау.
Қылмыстардың рецидівін басқа да қылмыстардың көптігінен ажырату.
Қылмыстардың рецидіві үшін жаза тағайындағанда еңбекпен түзеу мекемелерінда жазаны атқарудың әр түрлерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеуінің объектісі. Қылмыстардың рецидівін жасауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар
Дипломдық жұмыстың зерттеуінің заты. Қылмыстың рецидівінің түсінігі, қылмыстардың рецидіві үшін қылмыстық жаза мен жауаптылықты нақтылайтын заңдылықтың даму кезеңдері қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың методологиясы мен методикасы . Дипломдық жұмыс диалектикалық логика, философия, мемлекет және құқық теориясының, қылмыстық құқықтың және қылмыстық іс жүргізудің негізгі кағидалары мен негіздеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Қылмыстардың рецидіві ауыр және аса ауыр жасалатын қылмыстар үшін ғана пайдаланылатын ұғым болуы шарт;
Қылмыстардың рецидіві деген термин қылмыстардың қайталануы деген терминннің орнына қолданылуы қажет;
Қылмыстардың рецидівін көптік қылмыстардың ауыр түрі ретінде анықтай отырып оларға тек қана бас бостандығынан айыру және өлім жазасы ғана тағайындалуы тиіс;
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қылмыстардың рецидівінің түсінігі мен оларға жаза тағайындай отырып жеке даралаудың негізгі проблемаларын қарастыру.
Дипломдық жұмыста тәжірибелік және теориялық тұрғыда елеулі маңызы бар, теориялық және тәжірибелік тұжырымдар мен ұсыныстар бар. Сондай-ақ дипломдық жұмыста, қазіргі кезде қолданылып жүрген қылмыстық заңдылық терең сараланып, оны жетілдіру бойынша бірқатар үсыныстар жасалған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі осындай жұмыстарға қойылатын талаптарға толықтай сай келеді.
1 ТАРАУ РЕЦИДИВ КӨПТІК ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІР НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Қылмыстық қүқық теориясындағы қылмыстардың рецидивінің түсінігі
Кеңестік дәуірдегі заң әдебиеттерінде қылмыстың рецидиві түсінігін ашуға бірталай басылымдар арналған, дегенмен оның бірыңғай түсінігіне қол жетпейді.
Кейбір авторлар қылмыстың рецидиві ретінде қылмыстық жауаптылыққа алдыңғы қылмысы үшін тартылған немесе тартылмағандығына қарамастан бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауын түсінді. Рецидивтің мұндай түсінігі фактілік рецидив атауын алды. Қылмыстық құқықтың доктринасында фактілік рецидив идеясының авторы В. С. Утевский болып табылады. Ол жиырмасыншы жылдардың өзінде алғаш рет сотталған тұлғалардың бірталайы ертеректе де өзге немесе ұқсас қылмыстарды жасаған, көбінесе бірнеше жылдар бойы жасаған, бірақ бір рет ұсталып сотталған деп танылады. Өкінішке орай рецидивтің статистикасы мұндай қылмыскерлерді рецидивистер ретінде танымайды. Фактілік рецидивтің көптігіне көз жеткізу үшін соңғы жартыжылдықтағы газеттерден сот хроникасын қараудың өзі жеткілікті.
Б. С. Утевскийдің көзқарасын қарастырылып отырған мәселе бойынша 1960 жылы М. Я. Гинзбург пен М. А. Стручков қолдады [2, 14б] . Олар рецидивист ретінде екі немесе одан да көп біркелкі қылмыстар үшін соттылығы бар тұлғаны есептеді. Бірақ бұл анықтаманы сәтті деп есептеуге болмайды, ол бірқатар объективті жағдайларды ашып көрсетпейді. Кез келген екі рет сотталған адам қоғамға қауіпті емес. Қауіпті тұлға деп жүйелі түрде қылмыс жасайтын оның түсінігіне қоғамға қарсы өмірге паразиттік көзқарасы және еңбекке деген теріс қатынасы, өзінің мүдделерін тікелей қарама-қарсы қоятын, бірінші рет қылмыс жасаған тұлға да жатады.
Екінші рет сотталғандық бұл адал еңбек жолына түсуді қаламайтындықтан формальды заңи белгісі болып табылады.
Сол себепті рецидивті анықтауда көптеген авторлардың тұжырымы бойынша қылмыскердің әдетіне, қабілетіне көңіл бөлу керек.
Б. С. Никифоров арнайы рецидив ретінде бірнеше рет абортты, жүйелі түрде жалған құжатты жасауды жатқызуды қарастырды.
Кейінгі жылдары фактілік рецидив идеясын С. Степичев қорғады. Ол қылмыстық құқықта соттылық институтынан бас тартуды ұсынды.
Оның ойынша соттылық институтын жою жалпы және аса қауіпті рецидивті дұрыс анықтау үшін рецидивист деп алғашқы қылмысы үшін сотталғандығының бар-жоғаны қарамастан бірден көп қылмыс жасаған адам ретінде танылды.
Соңғы жылдары бұл көзқарас криминологиялық рецидив атымен оқытылуда. А. Ф. Зелинскийдің тұжырымы бойынша рецидив бұл бұрын қылмысы үшін сотталған немесе өзге де ықпал етуші шараларына ұшыраған кінәлідегі соттылықтың болуына байланыссыз тұлғаның жаңа қылмыс жасауы деп танылады.
Бірақ фактілік рецидив идеясы отандық криминалистер мен сот - тергеу практикасында қолдау тапқан жоқ және сонымен қатар, қылмыстық заңда көрініс тапқан жоқ.
Қылмыстық құқық доктринасында заңдылық рецидив тұжырымы басым қолдауға ие болды.
Легальды рецидив концепциясы А. М. Яковлевтің, П. Ф. Гришаниннің, И. И. Карпецтің, В. Н. Кудрявцевтің, Ю. М. Ткачевскийдің, Е. А. Фроловтың, Ю. И. Шутовтың және өзге де криминалистердің жұмыстарына негізделді.
А. М. Яковлев былай жазды, біздің заңнамамен танылған рецидив түсінігі заңдық рецидив концепциясына негізделген, яғни алдыңғы жасаған әрекеті үшін соттылығының анық болуы бар субъектінің екі немесе одан да көп қылмыс жасау жағдайлары [3, 9б] .
Гришанин П. Ф. Мынаны атап өтті, қылмыстық рецидив қарапайым қылмыстың қайталануынан сотталған тұлғамен ерекшеленеді.
Рецидивтің түсінігінде легалдық рецидив концепциясының жақтаушыларының арасында ауызбіршілік болмады.
Кейбір криминалистер рецидив ретінде жаңа қылмыс жасаған тұлға толық немесе соттың алғашқы үкімі бойынша жазаның ішінара өтегені болып табылады деп ойлады.
Ю. И. Шутов қылмыстық рецидивпен күрес шараларының аспектілерін зерттей келе рецидив бұл толықтай немесе соттың бұрынғы үкімі бойынша ішінара жазасын өтеген жаңа қылмыс тұлғасы деген қорытындыға келді.
Бұл көзқарасты Р. Галиакбаров, М. Ефимов, Б. Фроловтың қолдауы бойынша рецидив бұл жазасын қандай да болмасын өтеп жатқан немесе өтеп болған соттылығының бар болып қылмыс жасаған тұлға деп жазды [4, 7б] .
Бұл көзқарас қылмыстық құқықта жаңалық ретінде танылмайды.
Жиырмасыншы жылдарды бұл көзқарас А. А. Пионтковскиймен, ал соңына келе М. Д. Шаргородский мен де айтылған.
1924 жылы А. А. Пионтковский біздің кодекс бойынша рецидив ретінде бірдей және ұқсас қылмыстардың жазасын өтеп болғаннан кейін жасау болып танылады деп жазды. [5, 432б]
1958 жылы М. Д. Шаргородский рецидивтің бірнеше басқа да мағыналарының түсінігін атап өтті. Ол былай деп ойлады, қылмыскер өзінің жаңа қылмысын жасаған жағдайда жазасын өтеп болғаннан кейін және алғашқы қылмысы үшін толық түрде жазасын өтеген деп танылады [6, 56б] .
Қылмыстық құқық теориясы, сот - тергеу практикасы және қылмыстық заңнама бұл көзқарасты қабылдамады. Қылмыстық құқықта қылмыстық рецидив ретінде соттылығы жойылмаған немесе алғашқы қылмыс жасағаны үшін соттылығынан айырылмаған шешуші мағынаға баға берілмейді.
Криминалистер қылмыстың рецидиві ретінде қайта қасақана жасалған қылмысты ғана тану туралы ойды қорғады, ал абайсызда жасалған қылмыстар рецидивті құра алмайды. Ю. М. Ткачевскийдің көзқарасы бойынша қасақана жасалған қылмысы үшін тағы да қасақана қылмыс жасалған жағдайда рецидив анық көрінеді. Ол рецидивтің ерекшелігі болып екі немесе одан да көп нақты қылмыстарды жасау табылады деп жазды. Ауыр қылмыстарды қайталап жасау олардың біртектілігіне қарамастан сол сияқты қылмысы үшін сотталғаннан кейін рецидив ретінде қарастырылмайды. Қауіпті болып табылмайтын қылмыс сотталған тұлғаның қылмыс жасаған кезде тек қайталану туралы сөз болуы мүмкін. Ю. М. Ткачевскийдің ойы бойынша рецидив деп тану үшін кәмелетке толғанға дейінгі қылмыстар есепке алынбауы керек.
Ең көп тараған және де қауіптірек рецидив болып қасақана қылмыс рецидиві болып табылады. Сот - тергеу практикасында абайсыздық қылмыс рецидиві сирек кездеседі. Сол себепті заңнамада рецидивтің анықтамасына оны құрайтын қылмыстардың қасақаналық сипатын бекіткен 1997 жылғы ҚР ҚК-тің қарастыруы негізді болып табылады.
Жоғарыда аталғандай басқа да көзқарас қорғалады. Оған сәйкес рецидивті қасақаналық та, абайсыздық та қылмыстар құра алады. 1997 жылғы ҚР ҚК-мен еленбеген бұл көзқарастың жақтаушыларының ойынша қасақаналықтағы сияқты абайсыздық қылмыстардың рецидивінде де қылмыскердің әрекетінде басқа тұлғаларға, оған жүктелген міндеттерге, қоғам мен мемлекеттің мүддесіне немқұрайлылық немесе жеңілойлылық көрсетудің анық тенденциясы байқалады.
Мысалы, С. В. Голик және И. Я. Мирончик тұлғада соттылық атағының болуы жағдайында жаңа абайсыздықта қылмыс жасауы жеке құқықтық мағынаға ие және абайсыздық рецидиві адамдаи жазылған тиісті ережелер мен нұсқаулықтарды бұзуға әдеті жоқ, бірақ ол құқықбұзушылықтарға бейім, ол тұлғада жалпымен мойындалған алдын алу ережелерін сақтауға тұрақты теріс қатынастылығын көрсетеді деп айтты.
Осылай, 1997 жылғы ҚР ҚК-те қылмыстық рецидив түсінігі бұрын қасақана жасаған соттылығы бар тұлғаның жаңа қасақана қылмыс жасауы деген көзқарас заңи түрде бекітілді.
Бұл тұрғыдан келу елдегі жасалатын қылмыстардың сексен пайызынан астамы қасақана жасалатындықтан негізді болып табылады. Соған сәйкес ең көп таралғаны және де ең жоғары қоғамдық қауіптілікке қасақана қылмыстардың рецидиві ие болады.
Жоғарыда айтылғандай қазіргі күшіндегі заңнамаға сәйкес рецидивтің кез келген түрінің мәнді белгілері болып бұрынырақты жаңа қылмысты қасақана жасаған тұлғаның бұрынырақта қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығаның болуы табылады. Бас бостандығынан айыруға немесе өзге де қылмыстық жазаның түрлеріне байланысты соттылығының санына, сонымен қатар, бұрынғы және қайта жасаған қылмысының онша ауыр емес орташа ауырлықтағы, ауыр немесе аса ауыр қылмыс категориясына жатқызылуына байланысты рецидив жай, қауіпті және аса қаіпті болып бөлінеді.
ҚР ҚК-тің 77-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі.
Соттылық түсінігі отандық қылмыстық құқық доктринасында әртүрлі түсіндіріледі. Көп авторлардың басым көпшілігі соттылық ретінде сотталғаны үшін заңда анықталған қылмыстық құқықтық және жалпы құқықтық залалдарды көрсететін жазаны белгілей отырып соттың айыптау үкімімен тұлғаның сотталу фактісін көрсететін тұлғаның құқықтық жағдайын түсінді. Соттылық түсінігінің түсіндірмелері бар, мысалы оны соттау фактісінің негізінде пайда болған құқықтық жағдай.
Г. Б. Виттенберг соттылықты - тұлғаның қылмыс жасағаны үшін соттың қандай да бір жазалау шарасына соттау фактісімен қалыптастырылған қылмыстық құқықтық жағдайы деп санады. Бұл анықтаманың кемшілігі сотталған деп танылған тұлғаның қылмыстық құқықтық жағдайы неде екендігі анықтау емес.
В. Д. Филимонов соттылық тұлғаның нақты қылмысы үшін соттың қандай бір жазаға соттау фактісін қалыптастыратын заңмен белгіленген құқытарының жүзеге аспауы деп жазды. Бірақ та мұндай толығырақ анықтама да толық қолдануға жатпайды, себебі соттылықтың болмысы тек қана құқықтардың жүзеге аспауы ғана көрсетілген.
Құқықтардың жүзеге аспауы - заңда көрсетілген шарттарда туындайтын нақты соттылықтың нәтижесі.
Басқа да көзқарастар бар, бұрынырақта жазасын өтеген тұлғаны рецидивист деп тану үшін негіз болатын жағымсыз факт. Шынында да, соттылық - беделге нұқсан келтіретін факт болып табылады, бірақ соттылықтың функциясы қылмыс жасаған тұлғаның беделін түсіру болып табылмайды.
Кейбір авторлар соттылық ретінде заңда белгіленген жазаны өтеп болғаннан кейін жұмыс және тұрғылықты жерін таңдаудағы шектеулерді түсінеді.
Қылмыстық рецидивтің құрамына рецидивтен басқа қылмыстық рецидивтің көптүрлілігінің ерешелігі, сонымен қатар қылмыстардың көптігін және қылмыстардың жиынтығы кіреді.
Қылмыстың бірнеше рет қайталануы Қылмыстық кодестің бір бабының немесе баптың бөлігінің қарастырылуы бойынша 1997 жылғы Қазақстан Республиасының Қылмыстық кодексі бойынша екі немесе одан да көп қылмыстар бойынша түсініледі.
Қылмыстық кодексінің белгілі бір бабында немесе Ерекше бөлім бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті істеу қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады (11-баптың 1-бөлігі) .
Заңмен тіелей қарастырылған жағдайларда біртекті қылмыстардың да бірнеше мәрте жасалуы ескеріледі. Қайтадан бұрынғы объектіге (нысанға) немесе соған ұқсас объектіге (нысанға) қиянат келтіруші, кінәнің түрі бірдей және басқа да объективті және субъективті ұқсас белгілерден тұратын қылмыстар (мысалы: ұрлық, тонау, қарақшылық, т. б. ) біртекті қылмыстар деп танылады. Біртекті қылмыстарды есепе алу мүмкіндігі ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескертуде тікелей қарастырылған, атап айтқанда, былай делінген: “Осы кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарда, сондай-ақ осы кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады”. Осыған орай, бөтен мүлікті ұрлау қылмысы, бұған дейін де мүлік ұрланғандықтан жоғарыда аталған қылмыстардың бірін жасаған жағдайда да бірнеше рет жасалған деп танылатын болады.
Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленге тәртіп боцынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса немесе мұндай қылмыс үшін қылымыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды (ҚР ҚК 11-бап, 3-бөлігі) .
Қылмыстық Кодекстің әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса көптік қылмыстардың жиынтығының нысаны ретінде танылады (ҚР ҚК 12-бап, 1-бөлігі) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz