Кенесары көтерілісі



Жоспар:

Кіріспе

1. Кенесары көтерілісінің басталу себептері.
2.Кенесары көтерілісінң қозғаушы күштері.
3.Кенесары көтерілісінің басты мақсаттары.
4.Қарулы күштің күшейген кезеңі.
5.Кенесары Қасымұлының қырғыздармен соғыста қаза табуы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Мақсат міндеттері:
- Көтеріліс жайында толық мәлімет беру
- Көтерілістің алғы шартын және нәтижесін көрсету
- Оны өрбу кезеңдерін анықтап көрсету
- Халық санасында алатын орнын көрсету
- Көтерілісті толық баяндау
Көтерілістің алғы шарттары жайында баяндау;
- Көтерілістің мақсаты мен міндетін анықтау;
- Көтерілістің жүргізілген кезеңдер мен уақыттарына баяндама беру;
- Көтерілістің жетістіктері мен жеңілістерін баяндау.


Тақырыптың өзектілігі: ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарындағы қазақ даласына деген отарлау саясатына қазақ батырларының қарсы тұруы жеде осы соғыстардың арқасында яғни ұлт-азаттық көтерілістің басталуы мен оның барысы.
Ш.Уәлиханов айтқандай, ХХ ғ. алғашқы жылдар арасында қазақ халқының басына түскен ең аласапыран кезең, яғни қазақ халқының қырылып, басы ауған жақтарына көшіп кетіп, көрші елдерге күң болып, Ресей патшалығының боданына айналу барысында, қазақ халқының арасында қол бастаған батырларымыздың аты мәңгі өшпес, олардың жүргізген соғыстары қазіргі қазақ халқының жойылып кетпей, өз жері мен елін сақтап қалуға өз септігін тигізген болатын. Бұл ұлт-азаттық көтерілістер санау үлкенде ірі Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы бағытталған болатын. Бұл Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс болатын, оның барысы мен нәтижесі болып табылады. Ұлт-азаттық көтеріліс бүкіл қазақ жерін жеде үш жүздің халқын қамтыған көтеріліс. Ол көтерілістің басты мақсаты патшалық Ресейдің құрамына кірмей қалған аймақтардың дербестігін сақтап қалу, қазақ жерлерінің бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Сонымен қатар қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірігіндегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосу еді. Ең бастысы – қозғаушы күш бұқара халық болатын. Бұл көтеріліс қазақ жерінде өткен ірілерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, бұл ең ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтеріліс болып табылады.
Тарихнама.
Ежелгі ата қонысты Көкшетау өңіріне отаршылар түбегейлі енген соң, Кеңесары әкесімен төрт ағасына «Абылай ханның Россиямен жасасқан шартын бұзғандарына көніп отыру бізге ұят. Құдай қаласа, барлық қазақтың басын қосып Абылайхан дәуренін қайта жаңартуымыз керек. Алла тағала өзі бір жар болғай !» дейді. Ахмет Сұлтан Кеңесары ұлы.
Кеңес дәуірі кезінде Кеңесары көтерілісінің жай-жапсарын терең бағалаған шоқтығы биік екі еңбекті айрықша атап көрсетуіміз керек . Оның бірі тарлан тарихшысы Е.Бекмахановтың «Қазаққстан 19ғ-дың 20-30жалдарында »атты монографиясы. Бұл кітаптың ұлтшылдықты уағыздайтын анти кеңестік ,компартия саясатына жат үгіт құралы деп танылғаны үшін, автордың 25-жылға сотталып тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталғаны белгілі. Екіншісі заманымыздың заңғар жазушысы І.Есенбердиннің «Қаһар» романының, көркем шығарма болғаны мен Бекмахановтың еңбегі қамауда жатқан кезде бұл романның талайымыздың көкірегімізде «осындай да бабаларымыз болыпты –ау » деген сенім сәулесін себелеген , тұтас бір ұрпеақтың ашып, көңілін оятқаны ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Қазақ атты халық мекендйтін байтық аумақты тұтас қамтыған Кеңесары көтерілісінің тарихи әлі таразыланып біткен жоқ. Оны зерттеу мен зерделеу деңгейінің нағыз биікке көтеріліп, Кеңесарының баршамыздың санамызда тұғырланар заманы алда. Бұрын олай деп жазған тархшыларымыз бүгін былай деп жатыр « Адамды заман билейді» дегендей оларға да сын айту қиын. Қлай болғанда да кейінгі аумалы кезеңде хан кене қозғалысы мәселесіне қадам тартқан жан кешті ағаларымыз Бекмахановпен Есенберлиндер салып кеткен даңғыл жолға айналары ақиқат. Оның кепілі бүгінгі тәуелсіздігіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Аспендияров С.Д. «История Казахстана». Алматы, 1935 г
2. Ахмет сұлтан Кенесарыұлы «Кенесары және Сыздық сұлтандар. Алматы, 1992 ж.
3. Бекмаханов Е. ХІХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақтан тарихы.
4. Күндебайұлы А., Абилев Е. История Казахстана Алматы, 1994 г.
5. «Қазақстан тарихы» ІІІ том. Алматы, 2002 ж.
6. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 2003 ж.
7. Қазақстан тарихы Көне заманынан бүгінге дейін ІІІ том, алматы, 1998 ж.
8. Қуаныш Ахметов «Кенесарыхан Ұлытау өңірінде». Астана, 2002 ж.
9.Маданов Х. «Ұлы дала тарихы». Алматы, Санат, 1994 ж.
10.Тынышбаев М. История Казахского народы. Алматы,

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Кенесары көтерілісінің басталу себептері.
2.Кенесары көтерілісінң қозғаушы күштері.
3.Кенесары көтерілісінің басты мақсаттары.
4.Қарулы күштің күшейген кезеңі.
5.Кенесары Қасымұлының қырғыздармен соғыста қаза табуы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Мақсат міндеттері:
- Көтеріліс жайында толық мәлімет беру
- Көтерілістің алғы шартын және нәтижесін көрсету
- Оны өрбу кезеңдерін анықтап көрсету
- Халық санасында алатын орнын көрсету
- Көтерілісті толық баяндау
Көтерілістің алғы шарттары жайында баяндау;
- Көтерілістің мақсаты мен міндетін анықтау;
- Көтерілістің жүргізілген кезеңдер мен уақыттарына баяндама беру;
- Көтерілістің жетістіктері мен жеңілістерін баяндау.

Тақырыптың өзектілігі: ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарындағы қазақ
даласына деген отарлау саясатына қазақ батырларының қарсы тұруы жеде осы
соғыстардың арқасында яғни ұлт-азаттық көтерілістің басталуы мен оның
барысы.
Ш.Уәлиханов айтқандай, ХХ ғ. алғашқы жылдар арасында қазақ халқының
басына түскен ең аласапыран кезең, яғни қазақ халқының қырылып, басы ауған
жақтарына көшіп кетіп, көрші елдерге күң болып, Ресей патшалығының боданына
айналу барысында, қазақ халқының арасында қол бастаған батырларымыздың аты
мәңгі өшпес, олардың жүргізген соғыстары қазіргі қазақ халқының жойылып
кетпей, өз жері мен елін сақтап қалуға өз септігін тигізген болатын. Бұл
ұлт-азаттық көтерілістер санау үлкенде ірі Ресей патшалығының отарлау
саясатына қарсы бағытталған болатын. Бұл Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-
азаттық қозғалыс болатын, оның барысы мен нәтижесі болып табылады. Ұлт-
азаттық көтеріліс бүкіл қазақ жерін жеде үш жүздің халқын қамтыған
көтеріліс. Ол көтерілістің басты мақсаты патшалық Ресейдің құрамына кірмей
қалған аймақтардың дербестігін сақтап қалу, қазақ жерлерінің бекіністер мен
жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Сонымен қатар
қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірігіндегі қазақтарды босатып,
оларды Қазақ хандығына қосу еді. Ең бастысы – қозғаушы күш бұқара халық
болатын. Бұл көтеріліс қазақ жерінде өткен ірілерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, бұл ең ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтеріліс болып табылады.
Тарихнама.
Ежелгі ата қонысты Көкшетау өңіріне отаршылар түбегейлі енген соң, Кеңесары
әкесімен төрт ағасына Абылай ханның Россиямен жасасқан шартын бұзғандарына
көніп отыру бізге ұят. Құдай қаласа, барлық қазақтың басын қосып Абылайхан
дәуренін қайта жаңартуымыз керек. Алла тағала өзі бір жар болғай ! дейді.
Ахмет Сұлтан Кеңесары ұлы.
Кеңес дәуірі кезінде Кеңесары көтерілісінің жай-жапсарын терең
бағалаған шоқтығы биік екі еңбекті айрықша атап көрсетуіміз керек . Оның
бірі тарлан тарихшысы Е.Бекмахановтың Қазаққстан 19ғ-дың 20-30жалдарында
атты монографиясы. Бұл кітаптың ұлтшылдықты уағыздайтын анти кеңестік
,компартия саясатына жат үгіт құралы деп танылғаны үшін, автордың 25-жылға
сотталып тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталғаны белгілі. Екіншісі
заманымыздың заңғар жазушысы І.Есенбердиннің Қаһар романының, көркем
шығарма болғаны мен Бекмахановтың еңбегі қамауда жатқан кезде бұл романның
талайымыздың көкірегімізде осындай да бабаларымыз болыпты –ау деген
сенім сәулесін себелеген , тұтас бір ұрпеақтың ашып, көңілін оятқаны
ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Қазақ атты халық мекендйтін байтық аумақты тұтас қамтыған Кеңесары
көтерілісінің тарихи әлі таразыланып біткен жоқ. Оны зерттеу мен зерделеу
деңгейінің нағыз биікке көтеріліп, Кеңесарының баршамыздың санамызда
тұғырланар заманы алда. Бұрын олай деп жазған тархшыларымыз бүгін былай деп
жатыр Адамды заман билейді дегендей оларға да сын айту қиын. Қлай
болғанда да кейінгі аумалы кезеңде хан кене қозғалысы мәселесіне қадам
тартқан жан кешті ағаларымыз Бекмахановпен Есенберлиндер салып кеткен
даңғыл жолға айналары ақиқат. Оның кепілі бүгінгі тәуелсіздігіміз.

Тақырыптың хронологиялық шегі
1937 жылы басталды, Кенесары Ақтау бекінісі қазақтарының тобына
тұңғыш шабуыл жасалуы. 1839 ж. 22 мамыр Ақмола бекініске шабуыл жасап,
өртеп жіберді.
1841 ж. Кенесары Ташкенттке аттанып, жұқпалы аурудың белең алуына
байланысты тоқтатылды.
1842 ж. Сібірден Сотников жіберілді.
1843 ж. 27 маусымда Лебедев 300 қазақтан тұратын тобы жіберілді.
1843 ж. тамызда Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы полковник Бизанов
бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.

Кіріспе
Сұлтан Кенесары Қасымұлының алғашқы әрекеттері
Абылай ханның отыз ұлының бәрі де атақты адамдар болыпты. Хан ордасы
Көкшетау маңын қоныс еткен.
Абылай уафат болғаннан кейін орнына Обайдолла деген баласы хан болыпты.
Шекарадағы орыс әкімдері яғни хан жеріне шектес Ақмола облысының ұлықтары
қала салу үшін Көкшетау жерін сұратып Обайдолла ханға адам жібереді. Хан
оларға: Қала салуларыңа қарсымын. Абылай хан мен Ақ патша екеуінің
жасасқан шарты бойынша, әрқайсысымыз өз жерімізде тыныш отыра берейік. Ал
егер жерді күшпен тартып алып қала саламын десеңіздер, онда бұған өздеріңіз
жауапты боласыздар деп жауап қайтарады. Бұл жауапты алғаннан кейін орыс
әкімдері ханды шақыртып алып, кейін қайтармай қояды. Обайдолланың орнына
інісі Уәли хан болды. Ол Көкшетауда қала салуға ризашылығын береді, бұған
Абылайдың басқа балалары да көнеді.
Абылай ханның отыз ұлының ішіндегі кенжесі Қасым сұлтан, оның екі әйелі
болған. Бәйбішеден алты ұл: Саржан, Есенгелді, Ағатай, Бопы, Кішік және
Кенесары, ал тоқалдан жалғыз Наурызбай туған. Ағатай сұлтан Наурызбайдан
тым жас кезінде қайтыс болыпты.
Көкшетау маңын орыстарға бергенде Кенесары әкесі мен төрт ағасына: Абылай
ханның Русиямен жасасқан шартын бұзғандарына көніп отыру бізге ұят. Құдай
қаласа, барлық қазақтың басын қосып, Абылай хан дәуренін қайта орнатуымыз
керек. Алла тағала өзі бізге жар болғай! дейді. Бұл сөз Қасым сұлтан мен
оның балаларына да ұнайды, сөйтіп бәрі де Русияға қарсы күресуге сөз
байласады, бұларға қазақ елінің көпшілігі қосылады.
Саржан, Есенгелді, Кенесары сұлтандар мен Қасымның басқа да балаларының
осылай сөз байласқандарын Уәли хан орыс әкімдеріне жеткізеді. Сонсоң
Ақмоладан орыс отряды шығып, сұлтандар мен оларға бағынышты қазақтардың
ауылдарын үш рет шабады, содан кейін Қасымның балалры Көкшетау маңынан
көшеді.

Кенесары басқарған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау
саясатын онан ары өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға
бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай
хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек
салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери
шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге әскери шептер, бекіністер
салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген қазақ-
орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі
әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз қарамағына
алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салынатын болды.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері
округтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және

Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. Олар қазақ жерінде бөліп ал да
билей бер деген отаршылдық қағиданыбұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ
жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп
айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін
Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп,
Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бой көтерді.
Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына
ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасымұлы болды. Ол патша
әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды.
Қазақтың ежелгі қоныстарына бекітістер салуды, қазақ жерлеріне қазақ-
орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көтеруді тоқтатуын талап етті.
оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда
барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан
хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол
40 мың үй мен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі
бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан
мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы
Кересарыны 1802 жылы туған Ташкент түрмесіне қаматты.
Қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата
мекені Ұлытауға келіп қоныстанды.
Осы Ұлытауда жүріп, ол өз өмірін қазақтың тәуелсіз ел, дербес мемлекет
болуы жолындағы күреске арнады. Ол Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен
күресу – қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды
тек әскери ғана емес, сонымен бірге дипломатиялық күш-жігерді де талап
ететінін ой таразысынан өткерді. Кенесары Қазақстан патшалық Ресейге де
Орта Азия хандықтарына да тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу
керек деп есептеді.
Ол патша әкімдеріне жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау,
Қарқаралы, Қазылық, Жарқауың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Ақият, Тоқзақ сияқты
ата-бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып
алынып, бекіністер салынды. Күн сайын біздің жерлерімізді басып алып,
әскери қамалдар салу арқылы халықты ашындыруға жол берілуде. мҰның өзі
біздің келешегіміз ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып
отыр деп көрсетті.
Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы
туралы айта келіп, тағы бір хатында ол былай деп жазады: 1825-1840 жылдар
аралығында олар біздің ауылдарымызда 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай
қысыммен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз бетіміз
ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ олар бізге мұнда да тыныштық
бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы қолыма қару алып, халқымның ұлы күресін
басқаруға шықтым. Бұл хаттан Кенесарының патша үкіметіне ашық қарсы
шыққанын көреміз.

Кенесары көтерілісінің басты мақсаты
Кенесары көтерілісінің басты мақсаты – патшалық Ресейдің құрамына
қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін
бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді.
Сондай-ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты – қоқандықтардың
тепкісіндегі оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды қазақ хандығына
қосу еді.
Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға
созылған көтерілістің басты қозғаушы күші – бұқара халық болды. Олар күшейе
бастаған орталық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты.
Олар көтерілісті, бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы
артықшылықтарын қайта алу, екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық
мемлекет құруды көздеді.
1838 жылы Кенесары туының астынан мыңдаған сарбаз жиналған еді.
Олардың арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді
қолдағандардың бірі арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары –
Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама,
Табын, Арғын т.б. ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі
мал өсірген, егін еккен. Осыған орай, жер шаруашылығынан зардап шеккендер
кедей және орта шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да
халық ішінде аты кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында
Шұбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың батыры – Иман, Табынның батырлары – Бұқарбай,
Тіленшіұлы Жоламан, Дулаттың батыры – Бұғыбай, Шапырашты руының батыры –
Сұраншы т.б. Кенесарының інілері – Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі – Бопай
көтеріліске белсене қатысты.
Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түркмен,
қырғыз, өзбек өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен Кенесары барлық әдіс
амалдарды қолданып тырысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды үш жүздің ру-
тайпалық бөлімдерін біріктіре алмады. Көтерілістің бастапқы кезінен-ақ
қазақ ақсүйектері бір-біріне қарсы күресуші екі жаққа бөлінді: патша
өкіметі әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп,
өздерінің саяси қарсылықтарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға
келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтана Қоңырқұлжа Құдаймендин,
Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмет пен Мұхаммед Жантөриндер, сұлтан
Баймағамбет Айшуақов т.б. болды. Кенесары Жетісуға өткеннен кейін
көтеріліске қарсы ымырасыздық позицияны Абылай ханның тұқымдары, яғни
өзінің туысқандары - Әли мен Сыйық та ұстанды. Бірақ осыған қарамастан,
Кенесары Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір
бөлігін топтастыра алды. Омбы облыстық басқармасына қарсы сот-жазалау
мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола,
Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам
сұлтандар мен билер, ағамандар қолдады.
1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне
қарсы алдын-ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен
шайқаста Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз
жаласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде
көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін
қолдаушы жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бұл тұста
Кенесарының аты қазақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүеіл қазақ
даласында дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам
жинап, әкесі Қасымханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы
астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл
қазақ халқының ханы етіп сайлады.
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-
салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдер мен сауда-
саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып, олардан
салық алынатын болды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп
шешетін жоғарғы органдарға ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар,
ханның туысқандары кірді. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында
қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке
басының батылдығы мен, дипломатиялық қабілетімен көрінген адамдар енді.
Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің,
үндеулерінің ауылдарда таратылуын, түсіндірілуін және орындалуын қадағалап
отырды.
Әскери істе де Кенесары және оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді
іске асырды. Батыралар мен төленгіттердің басқаруындағы көтерілісшілердің
әскери күші негізінен өз еркімен құралған жасақтар еді. Жасақтар
жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатылды.
Опасыздық жасағандар тек өлім жазасына кесілді.
Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Бірақ Орта
жүзге билігін жүргізіп отырған Батыс Сібір губернаторы Горчаков, Орынбор
губернаторы Перовский кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі
көзқараста болып, оның Ресей өкіметі мен мәмілеге келуіне кедергі жасады.
Әсіресе, өркөкірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне
деген өшпенділігін қоздырды.
1841-1842 жылдары кенесары жасақтары Қоқан қарсы соғыс жүргізді.
Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты.
Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты
тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айтып
кететін жәйт, Кенесары Бұқара әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-
қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара толық
сенімділік қатынас орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын
зеңбіректерімен, оқ-дәрімен жабдықтап отырды.
1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский
кетіп, оның орнына Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне
сыйластықпен қарайтын. Сондықтан көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді
Орынбор әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының
келуі, оны Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны қуғындауына кең мүмкіндік
жасады. Сөйтіп, Горчаков пен Обручев Кенесары бастаған ұлт-азаттық
көтерілісін тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда
патша Николай Біріншіден рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін14 мың согм,
Кенесарының басын кесіп әкелген адамға сйыға беру үшін түтін салығы
есебінен үш мың сом қаржы бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайына
келтірілді.
Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 1843 ж. 24 маусымда
басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен
Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты
болдырмады. Бұл тұста екі жақ та әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз
айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және
Бизянов бастаған 5 мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл, Қарқаралыдағы
әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорыққа аттанды. 1 және 7 қыркүйекте
Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар жүрді.
Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақ та жеңіске жете алмай, майдан
шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай, байтақ
даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан тиісіп, жау әскерін мазалап,
берекетін кетірді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде
патша әскерлері түні салқын, жауын-шашынды күз түсе бере ешбір нәтиже
шығара алмай бұрынғы тұрақтары Ор бекінісіне қайта оралды.

Қарулы күрестің күшейген кезеңі

1844-1845 жылдары қазақ даласындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық
қозғалысы өрлеудің ең жоңарғы шегіне жеткен кезі еді. Оған Сыр бойының,
Оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын – 20 мың адамға
жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап
қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дәрі жасау, оларды сатып
алу, азық-түлік дайындау жұмысы жолға қойылды. Патша әкімшілігі әскерлеріне
тыңшы жіберу, барлау жұмысы ұйымдастырылды.
1844 жылдың жазында Кенесары жасақтарын құртуға, халық қозғалысын басу
үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш үлкен
тобы шықты. Олардың алдына Кенесары жасақтарын қоршап, шешуші соққы беру
міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін, олар Сібірден
Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың
әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын
біріктірмеуге, сөйтіп өзінің жасақтарын қоршап алуына
мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту тактикасын қолдануды жөн көрді.
Сібір әскерінің алдынан шыққан оның шағын тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс
салып, кенесары күші Ұлытауға бет алыпты деген лақап таратып, жау күшін осы
жаққа тартты. Негізгі күшпен Ақмола бекінісін шауып, Жантөрин шоғырын
қоршап, ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары мен оның батырлары 1844 жылы
14 тамызда Атбасар бекінісін тікелей шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша
әкімшілігін қатты сақтырды. Дуниковский, Жантөрин, Жемчукжников әскерлеріне
көмекке полковник Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыдағы айтылған
шайқастардан кейін кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінген еді.
Кенесарының 1844 жылғы шайқастардағы табысы оның даңқын барлық
жерлерге жайды. Бұқара әмірі мен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс жасауға
ұмтылып, оған сыйлықтар жолдады. Кенесары патша өкіметінен бітім сұрап,
даулы мәселелердің барлығын келіссөз арқылы шешейік деді. Патша әкімдері
оған онша көп сене қойған жоқ. дегенмен келіссөз жөніндегі ұсынысты қабыл
алып, Кенесарының кепілдікке алып кеткен туыстарын, әйелін тұтқыннан
босатты. Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша өкіметі Долгов бастаған
бір топ адам жіберді. Олар Кенесары патша әкімшілігіне сөзсіз ешбір шарт
қоймай бағынатын болса, оған кешірім жасалады деп мәлімдеді. Кенесары бұл
мәселені ойланып көремін деп елшілерді екі ай бойы ұстады. Елшілер бітім
болмайтытына көз жеткізіп, кетеміз дегеннен кейін Кенесары Орынбор
генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында
патша өкіметі өзінің қазақ жеріндегі бекініс-қамалдарын бұзып, қазақ
халқына істеп отырған зорлық-зомбылығын тоқтатқанда ғана Ресейге бодан
болуға дайын екенін мәлімдеді.
1845 жылы Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуға келіп тоқтады.
Ақши, Күрті, Жирен айғыр деп аталатын жерлерді мекен етіп, осы арада ол Ұлы
жүздің халқын біріктіруді, қырғыздармен одақ құрып, қоқан хандығына шабуыл
жасауды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі
Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілістері туралы
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысы
Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер
Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Пәндер