Халықаралық валюта қатынастары жайлы



Кіріспе.

I. Халықаралық валюта қатынастары.

1.1. Халықаралық валюта мәні және құрылымы.
1.2. Халықаралық валюта жүйесінің дамуы кезеңдері.

II. Еуропалық валюта жүйесі және валюталық одақты құру проблемалары.
2.1. Еуропалық валюта жүйесі.
2.2. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.

Қортынды
Қолданған әдебиеттер
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын, валюта қатынастарынның жолға қойылған жүйесінсіз, оның нақтылы әлем денгейінде біліп, қаржыландыруға болмайды. Өзіне тән үлгісінде валюта қатынастары елдің ішінде қолданылатын ақша айналысының заңдарын жүзеге асырады және дамытады. Бұл қатынастардың эвалюциясы өндіргіш күштердің дамуына, халықарылық енбек бөлінісінің терендеуіне, капиталистік шаруашлықтың құрылымдық өзгерісіне байланысты.
Валюта қатынастары – бұл дүниежүзілік қатынастардың қолданылуына байланысты және елдер арасындағы шаруашылық байланыстарының алуан түрлеріне(сыртқы сауда, сыртқы капитал шығару, пайданы инвестициялау, ғылыми техникалық айырбас, туризм және т.б.) қызмет көрсететін экономикалық қатынастар.
Қазіргі заманда валюта қатынастарының әлуметтік-экономикалық функциясы сол, дүниежүзілік және бүкіл дүнежүзілік шаруашылық шеңберінде капиталдың ұдайы өндірісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Валюта жүйелері ұлттық және дүниежүзілік болып екіге бөлінеді
Ұттық валюта жүйесі – елдің ұлттық зандары бойынша айқындалатын валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып табылады.
Дүниежүзілік валюта жүйесі – бұл дүниежүзілік шаруышылықтың дамуына байланысты және мемлекет келісімдерімен заң жүзінде баянды етілетін халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып келеді.
1. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
9. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
3. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
4. Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
5. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
6. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
7. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург 2001г.
10. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
11. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.
12. Бертаева К.Ж. «Наличные и срочные валютные операции» // Банки Казахстана, №3, 2004г.
13. Вестник Национального банка РК , 2006 ж. №1,2.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.

I. Халықаралық валюта қатынастары.

1.1. Халықаралық валюта мәні және құрылымы.
1.2. Халықаралық валюта жүйесінің дамуы кезеңдері.

II. Еуропалық валюта жүйесі және валюталық одақты құру проблемалары.
2.1. Еуропалық валюта жүйесі.
2.2. Қазақстан Республикасының валюта саясаты.

Қортынды
Қолданған әдебиеттер

Кіріспе

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын, валюта қатынастарынның жолға
қойылған жүйесінсіз, оның нақтылы әлем денгейінде біліп, қаржыландыруға
болмайды. Өзіне тән үлгісінде валюта қатынастары елдің ішінде қолданылатын
ақша айналысының заңдарын жүзеге асырады және дамытады. Бұл қатынастардың
эвалюциясы өндіргіш күштердің дамуына, халықарылық енбек бөлінісінің
терендеуіне, капиталистік шаруашлықтың құрылымдық өзгерісіне байланысты.
Валюта қатынастары – бұл дүниежүзілік қатынастардың қолданылуына
байланысты және елдер арасындағы шаруашылық байланыстарының алуан
түрлеріне(сыртқы сауда, сыртқы капитал шығару, пайданы инвестициялау,
ғылыми техникалық айырбас, туризм және т.б.) қызмет көрсететін экономикалық
қатынастар.
Қазіргі заманда валюта қатынастарының әлуметтік-экономикалық функциясы
сол, дүниежүзілік және бүкіл дүнежүзілік шаруашылық шеңберінде капиталдың
ұдайы өндірісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Валюта жүйелері
ұлттық және дүниежүзілік болып екіге бөлінеді
Ұттық валюта жүйесі – елдің ұлттық зандары бойынша айқындалатын валюта
қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып табылады.
Дүниежүзілік валюта жүйесі – бұл дүниежүзілік шаруышылықтың дамуына
байланысты және мемлекет келісімдерімен заң жүзінде баянды етілетін
халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып келеді.

І-ТАРАУ.Халықаралық валюта қатынастары
1.1. Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы

ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық,
қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді.
Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын
жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуы, жаңа валюта рыноктарын
құруды,әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді
көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің
дүниежүзілік ақша қызметіне ауысумен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы суда мен қызмет көрсетулерді,
капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аудару,несие және қарыз
беруді, ғылыми- техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың
ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық денгейде жүзеге
асады. Ұлттық денгейде олар ұлттық влюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта
жүйесі дегеніміз – мемлекеттік зандармен бекітілген, елдің валюталық
қатынастарын ұйымдастыру нысаны(формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады.
- Ұлттық валюта бірлігі;
- Ресми алтын валюта қорының құрлымы;
- Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын
механизімі;
- Валютаның айырбасталу мүмкіндігі;
- Валюталық шектеулердің деңгейі;
- Мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және
т.б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы
(құны) мен паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара
қатынасы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсететін жеке бір ел
валютасының бағасы.
Паритет - валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатынасы.
Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы(құны) оның паритетіне
дәлме – дәл келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашлық шеңберінде
валюталық қатынастарды ұйымдастыру нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашлықтың бірте – бірте
қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекет аралық келісімдер
арқылы заңдастырылған.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
- халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;
- валюталық паритеттер мен курстардың механизімі;
- валюталардың өзара айып басталу жағдайы;
- халықаралық есептеулердің нысаны;
- халықаралық валюта нарықтары мен дүниежүзілік алтын нарықтарындағы
орныққан тәртіп;
- халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықарылық
валюта қоры – МВФ, Халықаралық даму банкі – МБРР және т.б.)

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық
өсуді, инфляцияны ауыздықтауды,сыртқы экономикалық айырбас пен төлем
айналымын тепе – тендікте сақтауды қамтамасыз ету шенберіндегі халықаралық
есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды
кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің
бірі.

1.2.Халықаралық валюта жүйесінің даму кезендері.

Халықаралық валюта жүйесі – динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс
елдері экономикасындағы, дүниежүзілік щаруашлықтағы өзгерістер мен
қажеттіліктерге сәйкес бірте – бірте өрістеді.
Өз даму барысында халықаралық валюта негізгі төрт кезеңнен өтті және
сол кезеңдер халықаралық валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.
Халықаралық валюта жүйесінің бірінші түрі алтын стандарт жүйесі деп
аталады. Бұл жүйе ХІХ ғасырдың соңына қарай қалыптасты. Ол кезде бірқатар
мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі нарықтарда алтынға еркін
айырбасталды.
Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- әрбір валюта бірлігінде белгілі алтын мөлшерінің болуы;
- валютаны алтынға айырбасталу мүмкіндігі ел ішінде де, мемлекет
шекарасынан тысқары жерлерде сақталуы;
- алтын құймалардың монетаға (тиынға) айырбасталуы, алтынның еркін
экспортталуы мен импортталуы және халықаралық алтын рыноктарында
еркін сатылуы;
- алтынның ұлттық қоры мен ел ішіндегі ақша ұсынысы арасындағы қатаң
байланыстың болуы;
Алтын стандартқа негізделген халықаралық есептеулердің механизімі
қатаң курс бойынша жүргізіледі. Алтын стандарттардың басқа түрлеріне, алтын
монета, алтын құйма және алтын девиз стандарттары жатады.
Алтын стандарттың бір түрінен екінші түріне көшу дүниежүзілік
капитализм жүйесінің дамуы барысында жүзеге асып отырады.
Капиталистік шаруашылықты жүргізудің бірте – бірте күрделенуі,
жүниежүзілік шаруашлық байланыстарының кеңеуі мен тереңдеуі, экономикалық
дағдарыстардың циклдық қайталанулары экономиканы реттеуді күшейтуді
обьективті қажеттігін туғызып, мемлекеттің экономикалық процестерге
араласын күн тәртібіне қояды. Экономикаға мемлекеттің араласуының күшеюі
алтын стандартмен анықталатын қатаң валюта курсының реттелетін, өзара
байланысты валюта курсына айнала бастауына әсер етті.
Екінші жүйе – алтын девизді стандарт жүйесі 1922 жылғы Генуя
конференциясы шешімінің нәтижесінде пайда болды. Кейінірек бұл шешімді
капиталистік елдердің көпшілігі құптады. Алтын девизді стандарт жағдайында
банкноттар алтынға емес, басқа елдердің девиздеріне
(банкноттар,вексельдер,чектер) айырбасталып, содан кейін ғана алтынға
ауыстырылатын болады.Девиз валюта ретінде доллар мен фунт стерлингі
қабылданды. Алтын девизді стандарт іс жүзінде реттелетін валюта курс
жүйесіне, ең алдамен алтын-валюталық стандарт жүйесіне көшудің алғашғы
қадамдары еді.
Алтын – валюталық стандарт жүйесі ХХ ғасырдың 30- жылдарында
пайда болып, 50- жылдардың сонына қарай толық қалыптасты. Бұл жүйе бойынша
қағаз ақшаларды алтынға айырбастау тоқтатылды. Алтын – валюталық стандарт
жүйесі Бреттон-Вудс (АҚШ) қаласында 1944 жылы өткен халықаралық
конференцияда қабылданып, өз күшіне кірді. Бреттон – Вудс валюта жүйесінің
белгілеріне мыналар жатады:
- елдер арасындағы түпкілікті ақшалай есеп айырысу қызметін алтын
атқарады.
- әр түрлі елдердің валюталары құнының өлшемі ретінде және халықаралық
несие төлеу құралы болып американдық доллар бекітілді;
- басқа елдердің орталық банктері мен үкімет мекемелері АҚШ-тың
казначейліктерінде 35 долларды бір трояндық унция мөлшеріндегі алтын
курсы бойынша айырбастайды.
Унция – ағылшын өлшем жүйесіндегі масса бірлігі. Алтынның валюталық
бағасы ресми баға негізінде құралып, 1988 жылға дейін аса көп өзгерістерге
ұшыраған жоқ.
- валюталарды өзара салыстыру және оларды айырбастау алтын мен доллар
арқылы көрсетілетін валюталық паритеттер негізінде жүзеге асырылады;
- әрбір ел өз валютасы курсының тұрақтылығын басқа бір елдердің
валюталарына салыстырмалы жағдайда қамтамасыз етуге міндетті болады.
Валюталардың нарықтық курсы белгіленген алтын немесе доллар
паритеттерінен 1%-дан артық ауытқымауға тиіс. Паритеттерді өзгерту
жұмыстары төлем балансы тұрақты түрде бұзылған жағдайда ғана жүргізіледі.
- мемлекетаралық валюталық қатынастарды реттеу Бреттон- Вудс
конференциясында құрылған халықаралық валюта қоры арқылы жүзеге
асырылады.
Бреттон – Вудс келісімі халықаралық валюта жүйесінің дамуындағы
маңызды кезең болды. Тұңғыш рет халықаралық валюта жүйесі үкімет аралық
келісімдерге негізделеді Бреттон – вудс жүйесі алтын долларлық стандартты
орнықтыру арқылы сауда айналымын кеңейтуге, өнеркәсібі дамыған
мамлекеттердегі өндірістін өсуіне едәуір ықпал жасады.
60- сонына қарай Бреттон – Вудс жүйесі күшейе түскен дүние
жүзілік шаруашлықты интернациоландыру процесімен қайшылыққа келе бастады.
Трансұлттық корпарациялар қызметінде валюталық алып сатарлықтар көбейді.
Алтын – долларлық стандарт іс жүзінде бірте – бірте тек долларлық стандарт
жүйесіне айнала бастады. Ол аз дегендей АҚШ-тың өз экономикасы бірқатар
қйыншылықтарға тап болды, олардың ең бастысы Батыс Еуропа елдері мен
Жапонияның экономикалық қуаты артып, олардың ықпалының күшеюі 60- жылдардың
сонына қарай доллардың позициясын шайқалтты. Еуропа елдеріндегі доллардың
қоры орасан зор сомаға жетіп, дербес еуродоллар нарығын қалыптастырды.
Айталық 90-жылдардың басындаАҚШ-тан тыс елдердегі доллардың көлемі 30 млрд.
доллардан асып түсті. АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы шектен шығып
кетті. Бреттон – Вудс жүйесінің долларды алтынға айырбастау жөніндегі
талаптары АҚШ- экономикасына көптеген ауыртпалықтар алып келді.
70-жылдардың басында Бреттон – Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді. АҚШ
алтынды ресми бағасы бойынша долларға айырбастаудан бас тартты.
Дүниежүзілік нарықта алтынның бағасы күрт жоғарылап кетті.
Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ – тың Кингстонда
(Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-нің принциптері
төмендегідей:
1.Валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын құрал
ретіндегі алтынның функциясы жойылады, яғни алтынның ресми бағасы, алтын
паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды.
2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің
ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделі. Кез келген елге
валюталық курстардың кез келген режимін тандауға мүмкіндік береді. Жаңа
жағдайларда курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болады:
а) валюталардың сатып алушылық қабілеті.
ә) Халықаралық нарыққа валюталардың сұранысымен үсынысынның
арақатынасы .
б). арнаулы ақша резерві (СДР), яғни (қарыз берудің арнайы құқығы)
стандарты құрылды.
СДР негізгі резервтік валюта болып, басқа резервтік валюталардың рөлін
азайтты. СДР алтын мен доллардың альтернативасы болып табылады.
90-жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе -
валюталардың өзгермелі курсы қаллыптасты.
Бұл жүйе екі элементтен тұрады:
1) негізгі тіреуші бірліктер тандалады, ол бірліктер негізінде
жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай алады.
2) Валюталық курстардың ауытқу диапозоны үлкен амплетудаларда жүзеге
асырылады.
Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, басқа валюталарға
қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді: Ямайка келісімінде қабылданған
СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді.
Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестіріледі.
1944 жылдың шілде айынан бастап, СДР-дың алтындық құрамы алынып
тасталды.
СДР курсы валюталық кәрзеңкі негізінде анықталады.
Валюталық кәрзеңке – 16 ел валюталарының орташа өлшенген курстары, бұл
елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1 пайыздан кем болмауы тиіс.
1978 жылдың бірінші шілдесінен бастап, валюталық кәрзеңкенің құрамы мұнай
экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты
түзетілді.
1981 жылдың қаңтарынан бастап валюталық кәрзеңке 5 валютаға дейін
қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат - СДР-дың шартты құнын есептеуді
женілдету.
Бұл валюталарға жататындар АҚШ доллары, ГФР маркасы, жапон иені,
француз франкі, ағылшын фунт стерлингі.
Валюталық кәрзеңке - бұл белгілі бір валютаның орташа өлшенген курсын
басқа валюталар жинағына қатысты өлшеу. Валюталық кәрзеңкені есептеуге
мынадай элементтер әсер етеді: оның құрамы, валюталық компоненттердің
көлемі, долларға қатысты валюталардың нарықтық курсы. Көптеген
экономистердің пікірі бойынша, СДР әрі резервтік валюта, әрі несие болып
табылады.
Біз жоғарыда СДР валюталық бірлікті қарастырдық, сонымен бірге,
резервтік валютаның тағыда бір түрі бар. Ол – валюталар кәрзеңкесінің құны
негізінде анықталатын ЭКЮ бірлігі. ЭКЮ-дің СДР-ға қарағанда қолдану өрісі
кеңірек, ол тек ресми байланыстарда ғана емес, жеке меншік секторда да
пайдаланылады. Айталық, ЭКЮ валюта бірлігі есебінде бірлескен қорларда
және халықаралық валюта – несие, қаржы ұйымдарында, ауыл шаруашлығы
өкілдерінің бірыңғай жүйесі ретінде, Еуропаның Одаққа мүше елдердің орталық
валюталық интервенция жасағанда т.б. жағдайларда қолданылады. Жеке меншік
(коммерциялық) ЭКЮ еурооблигациялық земдерді, банктердің дипозиттері мен
кредиттерін қаржыландыратын валюта есебінде пайдаланылады. 500-ден аса
халықаралық ұйымдар несие беру шараларында ЭКЮ-ді пайдаланады. Еуропалық
валюта жүйесіне кіретін елдер валюталарының ондағы үлесі мынадай: неміс
маркасы 30,4% , француз франкі- 19,3% ,ағылшын фунты-12,6% , итальян лирасы-
9,9 %, голланд гульдені- 9,5 %, белбгиялық франк 7,8 %, даниялық крон 2,5
%, испандық пест- 5,2 %, португалдық эскудо- 0,8 %, гректердің драхмасы-
0,7 %, люксинбургтің франкі- 0,3% .
Еуропалық экономикалық одақтастық құралдарда біртұтас еуропалық валюта
жасау мәселесі қарастырылған жоқ болатын. Бірақ, 70 жылдардың ортасынан
бастап біртұтас валюталық одақ құру жолдары белсенді түрде іздестіріле
бастады. Еуропалық Одақтастықтың жетекшілері АҚШ долларына альтернативтік
валюта бірлігін жасауға ұмтылумен қатар, валюталар шайқасын тиімді бақылау
үшін валюталардың интеграциясын жүзеге асыруға мүдделі болады.
Еуропалық Одақ шенберінде өткен күрделі келіссөздердің нетижесінде
1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылады.
Еуропалық валюта жүйесі – ұлттық валюталардвң экономикалық интеграция
шеңберінде қызмет етумен байланысты экономикалық қатынастар жиынттығын
көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.
Еуропалық валюта жүйесі үш элеметтерден тұрады: 1)ЭКЮ еуропалық Валюта
жүйесінің негізі;2) валюта курстары мен интервенцияларының механизімі ;
3)валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын несиелеу механизімі.
Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:
- Еуропалық одақ елдер ішінде сенімді валюталалық тұрақтылықты орнату.
- Тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу.
- Экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, уеропалық
ынтымақтастыққа жаңа екпін беру;
- Халықаралық экономика және валюталық қатынастарға тұрақтандырушы
фактор ретінде әсер ету.;
Еуропалық валюта жүйесінің атқарушы механизімі ЭКЮ-ді қалыптастыру және
реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.
Еуропалық валюта валюталық қорлардың Одаққа мүше елдердің бәріне бірдей
ортақ болуына кепілдік береді.Еуропалық валюта жүйесінің қызмет етуі және
дамуы делор жоспары дегенмен тығыз байланысты.
Еуропалық Одақтың қайраткері Ж.Делор еуропа валюталарын біріктіру
жөнінде үш сатылы жоспар ұсынады: 1)Еуропалық одақтың жекелеген елдер
арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру;
2) Еуропалық одақтын орталық банкісін құру; 3)ұлттық валюталарды
Еуропалық одақтың ортақ валютасына ауыстыру.
1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия,
Ипания, Португалия қосылады. 1991 жылы бір тұтас Еуропалық экономикалық
кеністік құру жөніндегі Маастрих келісіміне қол қойылды. Осы келісімге
сәйкес Еуропалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық одақ
құруды құптады.
Батыс еуропа елдері валюталар курсының тербелуін реттеу мақсатында
құрылған валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті ойдағыдай
атқарады. Дегенмен, 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен
жаңылды. 1990 жылдың қыркүйегінде Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның
фунты бөлініп шықты, испандық песет пен португалялық эскудо
девольвацияға ұшырайды. Бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі аталған
елдердің орталық банктерінің биржалардың алып сатарлардың валюталарды
құнсыздандыру мақсатындағы әрекеттеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі
болады. Осының салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін
сегіз ақша бірліктерінің бесеуі солар үшін белгіленген курстың ең
төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Өз кезегінде бұл едердің орталық
банктері өз валюталарының күрсын жасанды түрде қолданудан бас тартты.
Аталған валюталар белгіленген курстан 15 –ке ауытқу мүмкіндігіне ие
болады. Орталық банктер өз кезегінде айырбас курсын тұрақты түрде
жоғарғы денгейде ұстап тұру үшін қажет болған есеп ставкаларын
төмендетуге өкілеттік алады.

II-ТАРАУ. Еуропалық валюта жүйесі және валюталық одақты
құру проблемалары.
2.1 Еуропалық одақтың құрылуы және қалыптасуы туралы.
Әңгімемізді ЕО-ның қалыптасу кезеңінен бастасақ, ол 1948 жылы Маршалл
жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық
экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде құрылды. Әуелде құрамында үш
мемлекет – Бельгия, Нидерланды және Люксембург болған бұл ұйым Бенилюкс
одағы деп те аталады. 1949 жылы Еуропа кеңесінің негізі қаланды. Ал 1951
жылы Париж шартына қол қойылып, көмір мен болат жөніндегі еуропалық
бірлестігі құрылды. Оның құрамына 6 мемлекет – Бельгия, Италия, Люксембург,
Нидерланды, ГФР және Франция кірді.
Уақыт өткен сайын ЕО-ның қызмет ауқымы кеңейіп, оған мүше елдердің саны
арта түсті. Мәселен, 1957 жылдың наурызында қол қойылған Рим шартына
байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік және атом энергиясы
жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Оның қызметі негізінен кедендік
одақ құрып, ішкі сауда кедергілерін жоюға және ядролық энергияны бейбіт
мақсатқа пайдалануды дамытуға бағытталды. Арада он жыл өткенде, яғни 1967
жылы ЕО-ның құрылымында өзгерістер жасалып, оның атқарушы органдары, атап
айтқанда, институттары – Еуропалық Комиссия, Еуорпалық Кеңес, Еуропалық
Парламент және Еуропалық Сот дүниеге келді.
Арада алты жыл өткен соң алтылық одаққа Дания, Ұлыбритания, Ирландия, ал
1981 жылы Грекия, 1986 жылы Испания мен Португалия қосылды. Осылайша
Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің саны 12-ге жетті. Енді ЕО-ның
өкілеттілігін нығайту міндеті алдыңғы кезекке шықты. Бұл айтарлықтай
күрделі шаруа еді. Өйткені, онда қатысушы елдердің әрқайсысының мақсаты мен
мүддесі жатты. Ақырында оған да қол жеткізіліп, 1987 жылы Еуропалық
Парламенттің өкілеттілігін нығайтатын және 1992 жылы ЕО-ға мүше елдер
арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, қаржы мен адам
қозғалысына көшу жөніндегі біртұтас еуропалық акт, сондай-ақ 1993 жылы
бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және
жалпы еуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген Еуропалық Одақ
туралы шарт күшіне енгізілді. Аталған шарт ЕО-ның конституциялық негізін
қалаған құжат болып табылады.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Еуропалық Одақ өз шекарасын шығысқа қарай
ұлғайтуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, соңғы он жылдың ішінде ЕО-ның қатары 25
мемлекетке жетті. Мәселен, 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылы
Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия
және Эстония қосылды. Одақ тарихында осы он жыл өзіндік белсенділігімен
ерекшеленеді. Бұлай деп отырған себебіміз – осы кезең ішінде ЕО-ны кеңейту
туралы жаңа стратегия қабылданды. Сонымен қатар, ЕО-ның алдындағы ішкі және
сыртқы міндеттері нақтыланып, оның институттарын оған мүше елдердің
азаматтарына жақындату және Одақтың әлемдегі жетекшілік рөлін арттыру
міндеті белгіленді.
2002 жылдың 1 қаңтарында Еуропалық Одақтың бірыңғай ортақ валютасы – еуро
айналымға енгізілді. Сөйтіп, ЕО-ның бастапқы кездегі экономикалық және
валюталық одақ құру үдерісі жемісті аяқталды.
Енді Еуропалық Одақтың институттары туралы сөз қозғайтын болсақ, олар
мыналар: Еуропалық Парламент, Еуропалық Одақтың кеңесі, Еуропалық Кеңес,
Еуропалық Комиссия, Аудиторлық сот, Экономикалық және әлеуметтік комитет,
Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық орталық банк және Еуропалық
омбудсмен. Осы құрылымдардың қызметіне қысқаша түсінік бере кеткен де
артықтық етпейді ғой деп ойлаймыз.
Еуропалық Парламент тікелей дауыс беру арқылы бес жылға сайланған 732
депутаттан тұрады. Депутаттар саны жағынан ең көбі Германия – 99. Одан
кейінгі орында Франция, Италия, Ұлыбритания тұр – әрқайсысынан 78
депутаттан. Испания мен Польшадан – 54, Нидерландыдан – 27, Бельгия,
Венгрия, Грекия, Португалия және Чехиядан – 24-тен, Швециядан – 19,
Австриядан – 18, Дания, Словакия және Финляндиядан – 14-тен, Ирландия мен
Литвадан – 13-тен, Латвиядан – 9, Словениядан – 7, Кипр, Люксембург және
Эстониядан – 6-дан, Мальтадан 5 депутаттан сайланған. ЕО-ға кезекті сайлау
2009 жылдың маусымында өтуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйедегі орны және оның экономикадағы маңызы
Несиенің қызметтері
Қазақстан республикасындағы валюталық реттеуді жетілдіру жолдары және оның даму перспективасы
Валюталық қатынастар және валюта жүйесі
Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері
Валюталық бағам және валюталық нарық
Қазақстан Республикасы валюта жүйесi
Валютаның сатып алу
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің валюталық операциялары және олардың дамуы
Пәндер