Соттық автотехникалық сараптама


М А З М Ұ Н Ы

К І Р І С П Е . . . 2

I-ТАРАУ. СОТ ӨНДІРІСІНДЕ АРНАЙЫ БІЛІМДІ ҚОЛДАНУ

1. 1. Арнайы білімнің ұғымы және оларды сот өндірісінде қолдану . . . 4

II ТАРАУ. СОТТЫҚ АВТОТЕХНИКАНЫҢ САРАПТАМАСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН НЫСАНДАРЫ

2. 1. Автотехникалық сараптамасының түсінігі мен мақсаты . . . 10

2. 2. Сот автотехникалық сараптаманы тағайындау мен материалдарды дайындау . . . 13

2. 3. Көліктің техникалық жағдайын зерттеу . . . 27

2. 4. Көлік құралдарының іздерін зерттеу сараптамасы . . . 38

2. 5. Жол - көлік оқиғаларының пайда болу жолдарын анықтау . . . 42

2. 6. Сарапшының қорытындысын тергеу мен сот органдарының бағалауы . . . 45

III-ТАРАУ. СОТТЫҚ АВТОТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМАНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢГЕ САЙ МҮМКІНДІКТЕРІ

3. 1. Соттық автотехникалық сараптаманың қазіргі кезеңдегі мүмкіндіктері мен келешектегі даму мақсаттарының жалпы сипаттамалары . . . 49

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы …… . . . 58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ . . . 60

К І Р І С П Е

Автокөлік сараптамасының өзектілігі. Автокөлік адамзаттың зор жетістіктерінің бірі болып табылады. Алайда, бұл үрдістің көптеген қолайсыз жақтары да бар, сөйтіп ол өзінің оңды жағдайларымен қоса, біздің өмірге оңсыз салдарын да ала келді. Қазіргі кездегі салынып жатқан жолдар, барған сайын құнарлы жерлердің едәуір бөлігін қамтып жатыр, автомобиль атмосфераны, суды, топырақты және басқаларын қоса алғанда, қоршаған ортаны ластауда айтарлықтай рөл атқарып отыр. Автокөліктердің санының өсуі мен жүк және жолаушыларды тасымалдаудың артуына қарай, жолдарда қозғалыстар жиілене түседі, ал ол өз кезегінде, жыл сайынғы жол көлігінің оқиғаларының санының көбеюіне әкеп соғады және олар адамдардың қаза болуы мен жарақат алуына, материалдық зиян шегуіне себепкер болады. Міне осылардың салдарынан, біздің елімізде жол-көлік оқиғасы саны жағынан жылжан-жылға өсе түсуде. Мысалға, 2008 жылы жол-көлік оқиғаларына байланысты, республикада 4, 5 мың адам қаза болды және 13 мыңнан артығы елеулі дене жарақаттарын алды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мәселелері күрделі болып табылады және оны шешу көптеген салалық ғылымдардың, солардың ішінде заң ғылымдарының, жекелеп айтқанда - криминологияның, қылмыстық және әкімшілік құқықтардың, құқықтық реттеу нормалары мен ғылыми ұсыныстарды зерттейтін криминаластиканың, келісімді түрде күш салуларын талап етеді, сонымен қатар, соларды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдардың жоспарлы түрдегі және күнделікті атқаратын қызметтерін қажет етеді.

Қылмыстық сот ісін жүргізудуің басты міндеті болып табылатыны: қылмысты тез және толығымен ашу, кінәлілерді әшкерелеу және заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында, әрбір қылмыс жасаушы әділ жазаға тартылуы керек және кінәсіз адамдардың бірде-бірі қылмыстық жауапкершілікке және сотқа тартылмауы керек. Біздің мемлекетте құқықтық тәртіпті бұзушылық пен қылмысты жою мәселесін шешу үшін, қылмысты ашу тәсілдерін күнделікті жетілдіріп отыру қажет және оларды құқық қорғау органдарына тез арада қолданысқа ендіріп отыру керек.

Бұл жерде ең басты орын алатыны - криминалистика. Криминалистика жасалған қылмыстың нақты тәсілдерінің, жағдайларының, материалдық салдарының және басқа да жайлардың арасындағы өзара байланыстарын анықтау мәселелерін өз алдына қояды, бұл бір жағынан болса, ал енді екіншісі қылмыскердің алға қойған мақсаты мен әрекеттерін анықтау, сонымен қатар, осы байланыстар арқылы табиғи, техникалық және қоғамдық ғылымдардың, сараптамалық тәжірибелерді қоса алғанда, солардың жетістіктерін пайдалана отырып, қылмысты ашу жолдарын, тәсілдері мен тез және толық ашу құралдарын анықтауды алға қояды.

Жол-көлік оқиғаларының ісі бойынша тағайындалатын соттық сараптамалардың әр түрлерінің ішінде, ең жиі қолданылатын сараптаманың бірі бұл - автотехникалық сараптама. Осы сараптаманың көмегімен іске байланысты, жол-көлік оқиғасының техникалық саралануы мен оқиғаға қатысқан көлік құралының техникалық жағдайына қатысты, маңызы бар нақты жайлар анықталады.

Жол-көлік оқиғасын болдырмау да және оның алдын алу да ішкі істер органдарының, прокуратураның, соттың қызметтерін, жол полициясы органдарының қызметтерін одан әрі дамыту және жетілдіре түсу аса маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі. Жол-көлік оқиғасын тез әрі сапалы зерттеуде оның өзіндік ерекшеліктерін білу, соған қатысты дәлелдерді бағалау мен оларды жинауға ерекше нақты жол табу, жол-көлік оқиғасына ықпал еткен себептерді анықтау, осы оқиғаны тергеу істеріне ғылыми әдістер мен зерттеудің тәсілдерін кеңінен енгізу, сондай-ақ жекелеген тергеу іс-қимылдарын дер кезінде жүргізу, атап айтқанда, жол-көлік оқиғасы болған жерді аса көңіл қойып қарау, өзінің әжептеуір септігін тигізеді.

Ғылыми зерттеудің дәрежесі Автотехникалық сараптамаға байланысты Якубенко Н. В., Коробеев А. И., Герасимов В. Н., Котик В. В., Котик М. М., ал қазақстандық криминалист ғалымдар Исаев А. А., Мозговых Г. А., Агушевич А. М., Б. М. Нургалиевтың ғылыми зерттеулері арналды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті - автотехникалық сараптамаға тәжірибелеріне қорытынды және саралау жүргізудің нәтижесінде, зерттеулер жүргізу мен әдістемелік және тәсілдік ұсыныстарды ойластырып жасау, сол арқылы оларды Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің алдын-ала тергеу мен анықтау органдарының, күнделікті жүргізетін жұмыс тәжірибесіне енгізу.

Осы алдыға қойған мақсатқа сәйкес, сараптама жүргізу мен оның жол-көлік оқиғасын тергеудегі атқаратын рөліне көңіл аудару.

Зерттеудің пәні - автотехникалық сараптамаға байланысты, оның заңдылығын ғылыми тұрғыда зерттеу.

Зерттеудің нысаны - жол-көлік оқиғасының алдын алу мен тергеу жұмысын жүргізу бойынша, тергеу әрекетінің, сот жүргізудің, сараптамалық тәжірибенің, мемлекеттік жол полициясы департаменті қызметінің алатын орны мен маңызы.

Жұмыстың әдістемелік негізі - Дипломдық жұмысты дайындау барысында мынандай қағидалар басты негізге алынды: материалистік диалектикалық қағидасы; салыстырмалы-құқықтық қағида; жүйелі-құрылымдық қағида; әлеуметтік және басқада зерттеу тәсілдерінің қағидалары.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі: А втотехникалық сараптама жүргізу міндеті мен мақсатына, оның пәні мен нысанына байланысты болып отыр, жұмыс кіріспеден, сегіз параграфты біріктіретін екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған оқулықтар тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. СОТ ӨНДІРІСІНДЕ АРНАЙЫ БІЛІМДІ ҚОЛДАНУ

  1. Арнайы білімнің ұғымы және оларды сот өндірісінде қолдану

Қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімдерді қолдану процесінің тиімділігін артттыру үшін оның дұрыс және біркелкі түсінігін анықтап алу керек. Арнайы білімдердің ғылыми түсініктемесін берер алдында “арнайы білім” түсінігіне заңнама берген анықтамасына көңіл аударайық, ҚР ҚІЖК-нің 7-бабының 41-пунктінде “адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеудің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім” ретінде анықталған.

Сонғы уақытқа дейін арнайы білімдердің гносеологиялық категория ретіндегі таным теориясындағы түсінігі қылмыстық іс жүргізуде анық емес болды.

“Арнайы білім” шынайы өмірде көп қолданылатын түсінік, бұл білімдер нақты бір адамның кәсіби оқудың немесе қандай да бір қызмет атқарудың нәтижесінде пайда болады. Арнайы білім ретінде заңмен бекітілген түсініктің ерекшелігі ретінде олардың қылмыстық процесте жалпыға мәлім еместігі және қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешуге бағытталғандығымен түсіндіріледі. Дегенмен қалыптасқан арнайы білімнің анықтамасы қылмыстық процестегі жалпыға мәлім және жалпыға мәлім емес білімдерді ажырататын критерийлерді нақты көрсетіп бермейді, ал бұл өз кезегінде арнайы білімдердің мәнін талқылаумен байланысты болып келетін заң ғылымындағы проблемалық жағдайлардың шешілмей келе жатқандығын көрсетеді.

Заң әдебиетінде қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімдердің мәнін, олардың мазмұнын және субъектісін, анықтауға біршама талпыныстар жасалған, бірақ арнайы білімдерге біркелкі түсініктеме берілген жоқ. Осы жағдай арнайы білімдердің түсінігін, оларды қолдану субъектілерін және сол білімдерді қолдану нысандарын анықтаудың қажеттілігін тудырады. Бұл факт өз кезегінде осы жұмыстың маңыздылығын көрсетеді.

Арнайы білімдердің түсінігін саралай отырып, А. А. Эйсман олардың қатарына заң, құқықтық ғылымды қоспағандағы, тек қана белгілі бір тұлғаларға тиесілі білімдерді жатқызады: “Бұл жалпыға мәлім емес, жалпының қолы жете бермейтін және жалпыға таралмайтын білім, қысқаша айтқанда бұл мамандардың шектелген ортасына ғана тиесілі білім, мәселен, физика саласындағы терең білім, биология саласындағы маман үшін арнайы білім болып табылатындығы сөзсіз және керісінше. Сәйкесінше, сот өзінің қызметінде өз тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, белгілі бір сауалды шешуге қажетті білімнің арнайы немесе арнайы еместігі туралы сұрақты шешу құқығын иеленген [2] .

Г. М. Надгорный арнайы білімдердің кәсіптік дайындық және кәсіптік қызметпен өзара байланысына көңіл бөледі. Ол қаралып отырған түсінікке келесідей анықтама береді: “Арнайы білімдер дегеніміз - ғылыми және инженерлік техникалық қызметтердің негізін құрайтын ғылым және техника саласындағы білімдер және кез-келген өзге де қызметпен айналысуға қажетті білімдер. Қылмыстық іс жүргізуде арнайы білімдер, дәлелдемелерді табуға, бекітуге, алуға, зерттеуге және бағалауға қолданылады. Дәлелдемелерді табу, бекіту, алу және зерттеуге қатысты арнайы заң ғылымдарының саласының білімдерін қоспағанда заң білімдері арнайы білімдерге жатпайды” [4] . Бұл дефиниция қылмыстық іс жүргізуде және тәжірибеде тергеу әрекеттеріне қатысушы анықтау органдарының сараптама-криминалистік және жедел іздестіру-техникалық топтарының қызметкерлері сарапшы деп танылып, олар арнайы білімге ие адамдар болып табылады деген ережеге сәйкес келеді.

Ю. К. Орлов арнайы білімді жалпы жұртқа белгілі білімнен келесідей ажыратады: “Арнайы білім ретінде жалпы білім беру және өмірлік тәжірибе саласының шегінен шығатын, тұлғалардың кейбіріне ғана тиесілі білімді танимыз. Арнайы білімдер ерекше дайындық пен кәсіби дағдылардың нәтижесінде қалыптасады. Арнайы білімдердің түсінігі, олардың жалпыға мәлім танымдардан айырмашылығы қоғамның даму деңгейіне, олардың жинаған білімдерінің көлеміне байланысты болып келеді.

Арнайы білімдердің қылмыстық істерді тергеуде пайдаланудағы мақсатты бағытының түсініктемесін Г. И. Грамович ұсынады. Оның пікірінше “қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білім болып нысаналы кәсіптік дайындық және жұмыс тәжірибесінен алынған, дәлелдемелер алуға бағытталған, қылмыстық әрекетті әшкерелейтін, қылмыстық іске маңызы бар дәлелдемелермен жұмыс істеудің құралдары мен тәсілдерін қалыптастыру жұмысында пайдаланылатын адам қызметінің жүйелендірілген ғылыми білімдері, дағдылары, тәжірибелері”[5, 23б. ] .

Арнайы білімдерді арнайы емес білімдерден айырудың қиындылығына көңіл бөлу керек. Арнайы білімдер адамдардың таным мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерінің кең болуына және жалпы білімдік дайындықтың тереңдеуіне байланысты адамдармен тез игеріліп, аз уақыт кезеңінде арнайы білімдер қатарынан арнайы емес білімдер қатарына өтіп кетеді. Сонымен қатар ғылымда арнайы білімдер мен ғылыми білімдердің арасында ешқандай айырмашылықтар жоқ деген пікірлер кездесіп жатады. Бұл пікір тек қана сарапшының қызметіне ғана тән болып келеді. Шындығында да сараптама жүргізу үшін арнайы ғылыми білімдердің бар болуы міндетті шарт болып табылады. Дегенмен маман мен тергеушіге қатысты мұндай шарт даулы болып келеді. Қылмыстық сот өндірісін жүзеге асыру үшін арнайы білімдердің қажет екендігімен дауласпаймыз, бірақ біздің ойымызша ол тұста қолданылатын білімдердің тек ғылыми болу керектігімен келісе алмаймыз. Қылмыстық істерді тергеу кезінде тергеуші немесе сотта кейбір мәселелерді шешу үшін жалпыға мәлім емес білім мен дағдыға ие тұлғаларды тарту қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген арнайы білімдердің мәні мен маңызына қатысты ғылымда бар көзқарастардан көретініміздей, арнайы білім дегеніміз - адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес ғылым. [1, 242б. ] Осы анықтама ҚР ҚІЖК-нің 7-бабының 41-тармағында көрсетілген.

Бірқатар ғалымдардың (А. А. Эйсманның, В. И. Шикановтың, Е. И. Зуевтің, И. В. Сорокотягинаның, Г. М. Надгорныйдың, Н. С. Романовтың, В. Н. Маховтың және тағы басқалардың) арнайы білімдердің мазмұнына қатысты тұжырымдарын саралауы арнайы білімдерді келесідей жүйе түрінде көрсетуге мүмкіндік берді:

- арнайы білімдер құқық пен жалпыға мәлім білімдерді қоспағандағы кез келген білімдердің жиынтығын білдіреді;

- арнайы білімдер белгілі бір мамандық иесінің кәсіби білімі болып табылады;

- арнайы білімдер ситуациялық сипатқа ие, өйткені оларды бұл санатқа жатқызу белгілі бір процессуалдық шешім қабылдауды білдіреді;

- арнайы білімдер ғылыми білім болып табылады;

- арнайы білімдер “отандық” ғылымдардың негізінде синтезделген білімдердің кешені болып табылады.

Жалпы, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі және соттағы өндірісте пайда болатын сауалдарды шешуде арнайы білімдерді қолданудың шарттары келесідей болып келеді:

а) арнайы білімдер, тек қана нақты фактілік және құқықтық негіздер болған жағдайда ғана қолданылуға жатады. Мәселен, сот сараптамасын тағайындаудың фактілік негізі болып іс бойынша арнайы білімдерді пайдалана отырып, іс бойынша сұрақтарды шешу қажеттілігі табылады. Сараптама тағайындаудың құқықтық негізі болып, сараптама тағайындаудың қажеттілігін негіздеп көрсететін іс материалдары табылады. Сот сараптамасын тағайындаудың міндетті жағдайларына байланысты іс жүргізушілік негіздер болып ҚР ҚІЖК-нің 241-бабы табылады;

ә) арнайы білімдер заңда көрсетілген қылмыстық-процессуалдық заң нысанында қолданылулары керек. Мысалы, сот сараптамасы секілді мұндай арнайы білімдерді қолдану нысаны ҚР ҚІЖК-нің арнайы 32-тарауы бар. Ал дәлелдеу процесінде арнайы ғылыми-техникалық құрылғыларды қолдану - ҚР ҚІЖК-нің 129-бабында көзделген;

б) арнайы білімерді тек қана тиісті тұлғалар (тергеуші, судья, прокурор, анықтаушы, сарапшы, маман, аудармашы) өздерінің процессуалдық функцияларының шегінде ғана пайдаланулары керек. Сонымен қатар аталған тұлғалардың тәжірибеде өздерінің іс жүргізушілік функцияларының шегінен шыға отырып арнайы білімдерді пайдаланулары ҚР ҚІЖК-нің 90, 91, 92, 95, 96 баптарына сәйкес оларды шеттетуге (отвод) негіз болып табылады. Сарапшы, маман, аудармашыға қатысты оларды шақыруға байланысты сұрақтарды шешуде олардың құзыреттеріне қосымша талаптар қойылады.

в) арнайы білімдерді қолдану бойынша қызметтің өзі қылмыстық іс жүргізудің салалық қағидалары мен ережелерін қамтитын қағидалы ережелерге негізделуі тиіс болып табылады. Мысалға алып қарайтын болсақ, дәлелдеу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану қылмыстық іс жүргізудің жалпы заңдылық, ғылыми маңыздылық, қылмыстық іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін және қауіпсіз болуы тиіс (ҚР ҚІЖК 129-бабы) .

г) арнайы білімдерді қолдану бойынша қызмет жүргізіліп жатқан процессуалдық әрекеттің шеңберінен шықпауы тиіс. Мәселен, сараптама тағайындаудың тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 242-бабымен реттеледі, ал сараптамалық үлгілер алудың тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 242-бабының мазмұнымен анықталады;

д) арнайы білімді қолдану қызметінің нәтижесі тиісті процессуалдық құжаттарда көрініс табулары тиіс. Жекелеген жағдайларда егер тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында фотосуретке түсіру, киноға түсіру, дыбыс және бейнежазба қолданылса . . . , онда хаттамада оны жүргізу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және алынған нәтижеер көрсетілуге тиіс (ҚР ҚІЖК 203-бабы)

Арнайы білімдерді қолдану бойынша қызметті шектейтін аталған талаптарды сақтағаннан кейін, қылмыстық сот ісін жүргізудегі мұндай білімдер процессуалдық маңызы бар “арнайы” маңызға ие болады және қылмыстық істерді тергеуде және сот қарауында пайда болатын сұрақтарды шешуде қолдануға жатады. Көпшілік авторлар арнайы білімдерді қолданатын тұлғаларға тек қана маманды не сарапшыны жатқызады. Тергеушінің (соттың) өзінің жеке арнайы білімін қолдану мүмкіндігі туралы сауал бүгінгі күнге дейін даулы болып отыр. Кәсіби оқудың немесе белгілі бір салада жұмыс істеу нәтижесінде игерілген арнайы білімдерді: тергеуші - оған қылмыстық іс өндірісін табыстаған кезде; сарапшы, маман, аудармашы - оларды сот немесе тергеуші іс жүргізушілік функцияларды жүзеге асыру үшін тартқан кезде қолдана алу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар ҚР ҚІЖК арнайы білімдері бар іс жүргізушілік тұлғаларды тікелей көрсетеді. Олар: сарапшы, маман, аудармашы, сонымен қатар олардың арнайы білімдері түрлі сипатқа ие: сарапшы - арнайы ғылыми білімге ие (ҚР ҚІЖК-нің 83-бабының 1-бөлімі), маман - арнайы білімдер мен дағдыларға ие (ҚР ҚІЖК-нің 84-бабының 2-бөлімі), аудармашы - аударуға қажетті болып табылатын тілді меңгерген (ҚР ҚІЖК-нің 85-бабының 1-б) .

Сот сарапшысының арнайы ғылыми білімдері белгілі бір сот сараптамасының түрін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес анықталады. А. А. Исаевтің пайымдауынша, “сараптама мекемелерінің сарапшыларының білімдерінің мазмұны ғылым, техника немесе өнер саласында танылуы тиіс және тергеу мен сот алдында тұрған сауалдарды сараптама жолымен шешуде қажет болатын тәжірибелік дағдылардың жүйесімен анықталады. Бұрын кездеспеген, жаңа объектілерді зерттеу кезінде дәлелдемелік ақпараттар алудағы сот-тергеу тәжірибесінің қажеттіліктері классификаторда сот сараптамасының жаңа топтарының, түрлерінің пайда болуларына алып келеді. Ал бұл дегеніміз сот сарапшыларының арнайы ғылыми білімдерінің аясының кеңею қажеттіліктерін көрсетіп отырады.

"Сот сараптамасы" ұғымын теориялық тұрғыдан түсіңдіру оның заңнамалық анықтамасына сәйкес келеді. Мәселен, ҚР-ның ҚР-ның 2009 жылғы қаңтардың 20-ы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сот - сараптама қызметі туралы» Заңының 1-бабында былай деп баянды етілген: "Сот сараптамасы - шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу". Жоғарыда келтірілген нормаға, сондай-ақ ҚІЖК-нің 240-бабына сәйкес сараптамалық зерттеу "арнаулы ғылыми білімдер" негізіңде жүргізілуі тиіс. ҚІЖК-нде (7-баптың 41-тармағы) "ғылыми" деген ұғымды нақтыламастан, "арнаулы білім" анықтамасы беріледі. "Арнаулы білім" - бұл қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын, адам кәсіптік оқу нәтижесінде немесе белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеу барысында меңгерген, қылмыстық процесте баршаға мөлім емес білім.

Осыдан келіп: "сот сараптамасы" ұғымының мазмұнына қатысты алғанда, "арнаулы білім" және "арнаулы ғылыми білім" ұғымдары тең мағыналы ұғымдар ма? деген заңды сұрақ туады. Оған жауап алу үшін кейбір әдеби көздерді талдау орынды болар деп ойлаймыз.

Ю. Н. Белозеров пен В. В. Рябоконьда сот сараптамасының негізін құрауға тиісті арнаулы (ғылыми) білімдер жөнінде ешқандай ескерту жоқ. "Сот сараптамасы - бұл қылмыстық (азаматтық) процесті жүргізетін адамдардың немесе органдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын және сарапшыларға жіберілген материалдарды зерттеуге және зерттеулердің нәтижелері бойынша сот дәлелдемелерінің маңызы бар қорытыңдылар беруге бағытгалған қызмет".

Р. Х. Якупов "арнаулы танымдар" жөнівде еске салып, мынадай анықтама береді: "Сараптама - бұл іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін адамның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларындағы арнаулы танымды қатыстыра отырып, белгілі бір адамдарға және басқа нысаңдарға зерттеу жүргізуді белгілеуден тұратын тергеу іс-әрекеті. Мұндай зерттеулер тексерілген адамдардың бостандығы мен жеке басына қол сұғылмауын немесе жеке адамның мүліктік және басқа құқықтарын шектеуге ұласады".

Л. Н. Башкатов, Г. Н. Ветрова, А. Д. Донценко, В. И. Зажицкий, В. И. Шестаков "сараптама" ұғымының анықтамасына біршама өзге тұрғыдан қарайды. Мәселен, олар " алға қойылған мәселелер бойынша қорытындылар жасау мақсатыңда сарапшының өзіне берілген материалдық объектілерді арнаулы танымның көмегі арқылы зерттеу процесін сараптама деп атау керек деп тұжырымдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тергеу әрекеттерінде сот сараптамасын қолдану
Соттық сараптаманы тағайындау
Қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру
Көлік құралымен орын алған оқиға болған жерді қарау
Оқиға болған жерді тексеру
Сот сарапшысының қорытындысы
Сот сараптамасы бойынша есептер
Ақпаратты нарықтағы ЖКА Бөлімшесінің АЖО-нын талдау
Сараптама зерттеулерін қолдану мен жүзеге асыру
Жол - көлік оқиғаларының болған жерін қарау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz