Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы


МАЗМҰНЫ:
І КІРІСПЕ
Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің негізгі сипаты . . . 5
ІІ Негізгі бөлім
1. Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтың өмір шындығы бейнелейтін поэзиялық туындылары . . . 7
- Патша өкіметінің озбырлығына қарсы табанды күресі . . . 13
- Бостандық тақырыбына арнаған өлеңдері . . . 18
- Жоспарды оқу-білімге, еңбекке үндеу . . . 25
- Поэма жанрындағы қаламгерлердің өзіндік ерекшелігі . . . 29Халық аңыздарына құрылған поэмалар . . . 33Дәуір тынысы поэмалардың негізгі арқауы . . . 36
- Қос жазушының прозалық шығармалары - тарих беттерінің айнасы . . . 43Кеңес дәуіріндегі тың жаңалықтардың романдарында көркем бейнеленуі . . . 50Ұлы тұлғаларымызды дәріптейтін тарихи романдар . . . 53
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59-61
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысының тақырыбы: Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Бітіру жұмысының көлемі: 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны: 39
Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: әдебиет, қазақ әдебиеті, жанр, проза, тек, түр, поэзия, өмір шындығы, көркемдік шындық, шиеленіс, Алаш қозғалысы және т. б.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш үлкен бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті:
Бітіру жұмысының басты мақсаты - Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығын, барлық кезеңдерін қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістермен байланыстыра отырып, олардың қоғамдық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен жағдайларды, Алаш қозғалысындағы орны мен рөлін айқындау, қоғамдық-саяси және шығармашылық қызметін тарихи тұрғыда зерттеу болып табылады. Кең ауқымды деректер негізінде Сәбит Мұқанов пен С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік, мәдени-ағарту қызметтеріне талдау жасай отырып, мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
- Сәбит пен Сәкеннің өскен, білім алған ортасы, олардың қоғамдық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен негізгі факторларды анықтау;
- Қазақ халқының отаршылдық саясатына, ұлттық езгіні сынауы және қазақ халқының жер, дін, оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарастарын айқындай отырып, ұлтымыздың кемшілігін тани білгендіктерін көрсету;
- Сәбит пен Сәкен шығармашылық сабақтастығын ашып көрсететін туындыларының халық мүддесін көтерудегі рөлін анықтау;
- Сәбит пен Сәкен дәуіріндегі халықтың саяси көзқарасының туындыларынан көрініс тапқандығын шығармалары арқылы дәлелдеу;
- Сәбит пен Сәкеннің атқарған қоғамдық-саяси қызметі мен өзара шығармаларындағы ойларының бір жерден шығуының түрткі болған себептерді ашып көрсету;
- Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің саяси көзқарасының қалыптасу негіздерін анықтау;
- Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің қазақ жерлерінің Қазақ Автономиясына біріктірудегі еңбектерін қарастыру;
- Қазақ үкіметін басқарған қызметін, өзіндік ұстанымдары мен көзқарасын сол кезеңдегі халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесімен, ондағы өзгерістерімен тығыз байланыста, салыстыра талдап, тұжырымдау;
- Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің Қазақстандағы оқу-ағарту ісін ұйымдастыру ісіне қосқан еңбектеріне талдау жасау;
- Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің қазақ тілін ресми қолданыс деңгейіне жеткізудегі, қазақ мамандарын даярлаудағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижесіне талдау жасау;
- Қазақ партия-кеңес номенклатурасының сипатын, Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің әр түрлі бағыт ұстанған топшылдармен қарым-қатынасын елеусіз, ескерілмей келген мұрағаттық деректерді айналымға енгізу негізінде анықтау;
- Шығармашылығы мен қызметін талдау негізінде Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы кеңестік реформаларға ұстанған позициясы мен көзқарасын айқындау;
- Сәбит пен Сәкеннің өскен, білім алған ортасы, олардың қоғамдық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен негізгі факторларды анықтау;
- Қазақ халқының отаршылдық саясатына, ұлттық езгіні сынауы және қазақ халқының жер, дін, оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарастарын айқындай отырып, ұлтымыздың кемшілігін тани білгендіктерін көрсету;
- Сәбит пен Сәкен шығармашылық сабақтастығын ашып көрсететін туындыларының халық мүддесін көтерудегі рөлін анықтау;
- Сәбит пен Сәкен дәуіріндегі халықтың саяси көзқарасының туындыларынан көрініс тапқандығын шығармалары арқылы дәлелдеу;
- Сәбит пен Сәкеннің атқарған қоғамдық-саяси қызметі мен өзара шығармаларындағы ойларының бір жерден шығуының түрткі болған себептерді ашып көрсету;
Бітіру жұмысының өзектілігі:
Әдебиетте замандас бейнесін суреттеу - әдебиет тарихында көне дәуірлерден келе жатқан әдеби-эстетикалық үрдіс. Әр дәуірдің әдеби даму ерекшеліктеріне, әр халықтың ұлттық нақышына, сондай-ақ заман мен қоғамның саяси-әлеуметтік ұстанымдарына қарай әдеби-көркем шығармалардағы замандас бейнелері авторлардың өмірлік дүниетанымдары мен көзқарастарына сай әр алуан мазмұнда бейнеленді.
Рухани құндылықтарымызға жаңаша көзқарас қалыптасып жатқан кезеңде төл әдебиетіміздің, оның ішінде көркем прозаның дамуына үлес қосқан Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллиндей қабырғалы қаламгерлердің творчестволық тұлғасын таныту әдебиеттану ғылымында іргелі мәдени құбылыстардың қатарын молайтуға әдебиеттану ғылымының теориялық деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Сонымен қатар Сәбит пен Сәкеннің шығармашылық сабақтастығын айқындауда, олардың прозалық шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктерді, суреткерлердің тілі мен стилін, жазу мәнері мен машығын ғылыми тұрғыдан талдай отырып, олардың тек әдебиетке емес, халықтың саяси көзқарасын өздерінің шығармаларына арқау еткендігін көрсете аламыз.
Сөз өнеріндегі Сәбит пен Сәкен шығармашылық сабақтастығын тек олардың шығармаларынан ғана емес, сонымен қатар екі үлкен тұлғаның рухани сабақтастығы мен ішкі жан дүниесінің ұқсатығынан, ойларының бір жерден шығатындығынан анық аңғарамыз. Олардың шығармаларындағы қоғам мен адам, замандастар образын суреттеудегі шығармашылық зертханасының қыр-сырын, осы жолдағы суреткерлік қалам қарымын дәйектеу тұрғысында арналы қарастырылған еңбектердің әдебиеттану ғылымында орын алғандығы және туындыларының қарастырылмаған жақтары мен зерттеуге зәру тұстарын жан-жақты ашып көрсету - зерттеудің қажеттілігін, яғни тақырыптың өзекті мәселеге айналғанын айқындай түседі. Ең негізгісі, зерттеу тақырыбы - өмір-уақыт шындықтарын арқау етеді, әрі ондағы замандастар бейнесінің көркемдік-рухани құндылықтарын, басты ұстанымын жан-жақты ашуымен де өзекті, мәнді болып табылады.
Сәкен мен Сәбит - қазақ тарихында өз орнын алған ұлы тұлғалардың бірі. Өйткені олардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы халқына адал еңбек етіп, болашаққа жөн сілтеп, өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосуға бағытталған.
Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса да, ұзақ жылдар бойына ұлтының ұлы тұлғалары атағына кеш келгендігі, олардың өмірлік жолдарының «тар жол, тайғақ кешуден» өткендігі қазіргі заман қажет етіп отырған тың тақырып екендігін айғақтайды. Жалпы, бітіру жұмысының тарихи-танымдық маңызы осындай өзектілігімен ерекшеленеді.
Бітіру жұмысының методологиялық негізі обьективтік, тарихилық, жүйелік, салыстырмалық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне сүйеніп құрылған. Зерттеу жұмысын талдауда соңғы жылдары тарих ғылымындағы өзекті тарихи тақырыптар, соның ішінде ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті тарихи тұлғаларының өмірі мен қызметін зерттеуде қалыптасқан жаңа концепциялар мен ой-тұжырымдар негізге алынды.
Сәбит пен Сәкен шығармашылық сабақтастығын зерттеу барысында екі тұлғаның шығармашылық байланысын ғана емес, олардың шығармаларынан қазақ халқының сол дәуірдегі тыныс-тіршілігінен хабардар болдық, жалпы қазақ ұлтының қазіргі кезеңге дейінгі бейнесінің көрінісін еңбектері арқылы айқындай түстік.
Бітіру жұмысының дереккөздері: Зерттеу жұмысының ауқымдылығына орай негізгі дерек көзі ретінде Сәкен мен Сәбиттің шығармаларын, олардың ғылыми еңбектерін, ұлы туындыларын, екі тұлға туралы зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерін, жалпы Кеңес әдебиетін қамтитын, яғни өмір сүрген уақытын қамтитын әдебиеттерді, көптеген саяси еңбектерді және қазіргі таңдағы әлеуметтік-саяси маңыздылықты құрайтын БАҚ көздерінен алдық.
Бітіру жұмысында негізгі дереккөзі ретінде Т. Кәкішұлы, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Қ. Жұмалиев, Е. Исмайылов, Б. Кенжебаев, Е. Бекенов, Б. Кенжебаев, Р. Бердібаев, Б. Шалабаев, Т. Нұртазин, З. Бейсенғали, Ө. Әбдіманов, М. Дүйсенов, М. Хасенов, т. б. зерттеуші-ғалымдардың, қаламгерлердің еңбектерін пайдаландым.
Бітіру жұмысының зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама жасала отырып, жазушылардың туындыларындағы рухани-адамгершілік ізденістер мен бүгінде барша адамзатқа ортақ әлемдік гуманистік мәселелерді зерттеуде жүйелі комплексті, обьективті-аналитикалық, салыстырмалы-салғастырамалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістерінің негізінде нақты, затты түсінік беріледі
Бітіру жұмысының зерттеу тәсілдері: Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін шығармаларындағы көркемдік жүйелерге, ұлттық белгілерге, образдардың сұрыпталу ерекшелігі мен сомдалу дәрежесіне үңіліп, көтерілген идеялардың мәнділігіне назар аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға, қағазға түсіру, сыр қылып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Сабит пен Сәкеннің шығармаларынан танып, көруге болады. Қазақ елінің мұң-мұқтажын, қажеттілігін жоғары деңгейде атап өтіп қана қоймай, сол үшін жан пида еткенін мұраларына шолу жүргізгенде аңғаратынымыз, бұл ұлы тұлғалардың жаңаша көзқарас қалыптастыруда, өмірлік қорытынды жасауда ерекше бір серпін беретіні сөзсіз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Өмір шындығын образ әрекеті, кейіпкер психологиясы, шығармадағы адам мен қоғам арасындағы өзара үндестік пен тартыс, қайшылықтар диалектикасы арқылы суреттеу, автордың өз замандастарының көркем образдарын сомдау ерекшеліктері әдебиеттану ғылымындағы өзекті зерттеу нысанасы болып табылады. Осы бағытта, яки әдебиеттегі замандас бейнесін зерттеу мәселесі алыс-жақын елдердің ғылымында кең орын алды.
Мәселенің зерттелу деңгейі Сәбит пен Сәкен шығармаларының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін, көзқарасын біртұтас кешенді ғылыми жеке тақырып ретінде арнайы зерттелмегенімен, әдебиетте белгілі дәрежеде ғылыми айналысқа енді. Олардың құндылығы ғұмырнамалық, әдеби, саяси құқықтық көзқарасы ғылыми танымдық тұрғысынан жазылғандығымен және берілген бағалар өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқының патриот перзенті Сәбит пен Сәкеннің аз ғана ғұмырының барлық қыры арнайы зерттеуге лайық. Ал жарық көрген әртүрлі зерттеулерді саралау Сәбит пен Сәкеннің өмірі мен қызметінің толық ашылып, зерттелмеген тұстары көбірек екендігін көрсетіп отыр. Ғалымдар Сәбиттің де, Сәкеннің де әдеби-шығармашылық қызметінің қыр-сырын ашу бағытында көп еңбектенді. Сәбит пен Сәкен туралы зерттеулердің басым көпшілігі оның ақын-жазушы, қаламгер ретіндегі шығармашылығын ашуға арналған. Ал олардың кейбір еңбектері, қоғамдық-саяси қызметі толымды түрде жазылмай келеді. Бұл жағдайдың қалыптасуы тиісті деректердің ғылыми айналымға енбеуімен байланысты.
Сәбит пен Сәкен - өткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған қазақ интеллигенциясының қайраткерлері қатарындағы ірі тұлғалардың бірі, қоғам және саясат қайраткері, шығармашылықтың ірі өкілдері.
КІРІСПЕ
Адамгершілік, ар-ождан мәселесі адамзат тарихының өнбойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде барша адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген үшінші мыңжылдықта да рухани асыл мұрат - адамгершілік, азаматтық парыз, ар тазалығы қалпында қала бермек.
Бүгінгі таңда ізгі ниетті адамды елеңдетіп отырған үлкен көкейкесті мәселе - ғасырлар бойы тірнектеп құраған адам баласының рухани байлығының құнсыздана бастауы.
XX ғасырда адамзат екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешті. Адам ойының «жетістігінен» қаншама ядролық зардаптарға тап болды. Ғарышты бағындыру мен ғылыми-техникалық шарықтаулар әсерінен табиғат зардап шегуде (жер сілкіністері, су тасқындары, өзен, көлдер, теңіздердің тартылуы, мұхиттардың ластануы, дүниежүзіндегі ормандардың көлемінің азаюы, бағалы аңдар санының күн санап кемуі) . Сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы ұрпақтар санасының елегінен өтіп, жинақталған рухани игіліктердің арзандауына, ең бастысы адамгершілік асыл қасиеттердің төмендеуіне, тіршіліктің алтын қазығы іспеттес махаббат сезімінің әлсіреуіне жол беруде. Мәселен, өркениет биігіне көтерілген Батыс Европа, Италия, Америка елдерінде рухани құлдырау өріс алуда. Бұл жағдай енді ғана қаз басып келе жатқан біздің мемлекетіміздің жастары арасында да көрініс беруде.
Кемелденген әдебиетіміздің ұлы көкжиегі саналатын кемеңгер жазушы М. О. Әуезов кезінде: «Әдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, әр шақта, әр дәуірде адамды оның жан-дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеуі керек болатындығын» жете түсіндірген еді. Себебі: «Көркем туынды ең алдымен, адамды ойлауға, толғануға үйретіп, оның рухын арттырып, әсемдікке қарай талпынтуға міндетті». Ал орыс ғалымы Ф. Ф. Кузнецов: «Шын мәніндегі әрбір әдебиет үшін, егер ол әдебиет, яғни адамтану болса, онда адамгершілік ізденістердің болуы міндетті», - деп жазады. Бұл қолына қалам алған жазушының шығармашылық міндеті екені сөзсіз. Осы ойымызды орыстың ұлы жазушысы М. Шолоховтың: «Жазушы шығармашылығы дегеніміз ол ең алдымен, мораль, адамгершілік, гуманизм ісі емес пе?!» деген сөздері нақтылай түседі.
Олай болатын болса, жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан халқын біртұтас отаншылдық рухында баулаудағы, өзімшілдік пен жеке бастың мүддесін ойлауға, тоғышарлық пен мансапқорлыққа, жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудегі қазақ әдебиетінің орны айрықша.
Осы орайда әдебиеттің мәңгілік ізденісі адамгершілік гуманизм мәселелерін, моральдық проблемаларды бүкіл прозалық шығармаларына өзек еткен қаламгерлердің туындысын зерттеу бүгінгі таңдағы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін өзекті.
Сондай ұлы қаламгерлер - Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын зерттеу қазақ әдебиетінің мұрасын көркейте, дамыта түсетіндігі анық.
Арғы атам - ер түрік,
Біз - қазақ еліміз.
Ерке өскен Арқаның
Еркесі - серіміз.
Алаштың аруағы
Жебесін, қолдасын!
Ақсақал, тілей көр,
Сапарды оңдасын.
Жасаған жар болсын
Қазақтың еліне,
Жасасын, сақтасын
Алаштың ордасын -
деп Жүсіпбек Аймауытов жыр жолдарында тебірене жырлағандай, қазақ халқының ұлт болып, жеке дербес халық болуы үшін тер төккен ұлы тұлғалар есімі аз емес-ті. Олардың халық игілі үшін жасаған еңбектерінің орасан екендігін біз қазіргі таңдағы күйімізбен ғана емес, халық қазынасына айналған шығармаларының негізінде оны айқындай, айғақтай түсетініміз анық.
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты.
Қазақ әдебиетiнiң қалыптасуы, дамуы тарихының барлық кезеңдерiндегi туындыларда халықтың басынан өткен өмiр шындығын танытуда мазмұн мен пiшiн жүйесiмен қамтып бейнелеу жүзеге асырылып келедi. Қазақ халқының жеке мемлекет болып қалыптасуы жолында болып өткен қоғамдық-әлеуметтiк оқиғалардың және олардағы көрнектi тұлғалардың өмiрлiк шындық деректерiн көркем шындықпен бүгiнгi оқырман ұрпақтың жан әлемiне танытуда тарихи тақырыптағы эпикалық шығармалардың маңыздылығы анық. Әсiресе, Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгi жарияланып, дербес егемен мемлекет болып өмiр сүре бастаған жылдар белестерi халқымыздың ұлттық-отаншылдық санасын сiлкiндiрдi, ұлтымыздың өзiн-өзi тануы жаңа көзқарастармен байи түстi. Қазақ әдебиетi тарихындағы классикалық үрдiстердi қалыптастырған сөз өнерi алыптары мерейтойларының Бiрiккен Ұлттар Ұйымының ЮНЕСКО шешiмiмен әлем өркениетi кеңiстiгiнде бағаланып, аталып өтiлетiнi де әдеби дамудағы көрнектi, кесек туындылардың жаңаша жазылуына себепкер болды.
Кеңес дәуіріндегі социалистік реализм әдісінің қасаң қағидалары құрсауындағы социалистік қоғам мен социализм құрылысшыларының образдарын жасаған әдеби туындылардың ішінде, сол қоғамның ішкі қайшылықтарын шығармалар сюжеттеріндегі образдар тартысы арқылы ашық та астарлы түрде суреттеген Сәкеннің де, Сәбиттің де шығармашылық мұраларындағы замандастар образдары - жеке зерттеудің жүйесін құрайды. Өйткені, ұлттық мұрат орнына - интернационализм танымы, ұлттық құндылықтарды - әлеуметтік қоғам идеалдары, адамзаттық мораль мен гуманизмді - таптық, әлеуметтік идеялар, әдебиет дәстүрінен нәр алған көркем образдарды - саяси-идеологиялық бейне алмастырған Кеңес дәуірі әдебиетіндегі замандастар образдарының галереясын жасаушы көркемсөз шеберінің туындылары жеке зерттеуді қажет етері даусыз. Оған қоса, публицистика және эпика жанрының сан алуан үлгілерінде ұлттық әдебиеттің көркемдік деңгейін көтеріп, оның сапалық биігін танытуда зор еңбек сіңірген, бүгінде тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің ұлттық өрнегін өрістетуге ерен еңбек етіп жүрген қаламгер шығармашылығы жаңаша ғылыми танымның өзегіне айналуы ұнамды құбылыстардың бірі.
Қазiргi қазақ прозасындағы көркем шығармаларда халық тарихының аса елеулi кезеңдерi, тұлғалары уақыт шындығының мол деректерiн негiзге алып жазылуда. Көп ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық соғыстарға, отарлау езгiсiне, әдейi ұйымдастырылған ашаршылықтарға, босқыншы-лықтарға, саяси құғын-сүргiндерге және т. б. озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейiн негiзгi халықтық-ұлттық дiлiн сақтаған қазақ ұрпақтарының әдебиет шығармаларында көркем шындықпен бейнеленуi - аса зәру мәселе екендiгi айқын сезiледi. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» (1996) кiтабындағы пiкiрiнiң қазiргi қазақ романдарындағы тарихи шындық пен көркемдiк шешiм мәселелерiн жүзеге асыруға тиянақты бағдар болатыны да күмәнсiз: «Мен өз халқымның көнбеске көнiп, шыдамасқа шыдай бiлетiн төзiмдiлiгiне қайран қаламын. Мәңгiлiктiң қатыгез басқыны бiржолата шайып әкететiндей талай қилы кезең тұсында қиналса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бiрақ өмiрге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсенi көтерiп, тәуекелге бел буғызды» [1, 268-269 бб] .
Бұл - қазақ халқының басынан өткен өмiр шындығы. ХХ ғасырдың 90-жылдары мен қазiргi ХХI ғасырдың басындағы қазақ романдарында аталған тарихи кезеңдердiң өмiр шындығы эпикалық көлеммен қамтылып жазыла бастады. Халықтың басынан өткен өмiр оқиғаларын, ондағы жеке тұлғаларды, тұтастай алғанда, халық тағдырын қарама-қайшылықты сипатымен қамту жүзеге асырылуда.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық - ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz