Меншік: қатынастары, мағынасы, иесі



Кіріспе 3
1 Меншік: қатынастары, мағынасы, иесі 5
1.1 Меншіктің мәні және экономикалық категориясы 7
1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері 10

2 Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
15
2.1 Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізуші формалары
17
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері мен нәтижесі
20
2.3 Экономиканы реформалауда меншіктің орны, жеке меншікке ауысуда үлесі
23

Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 30
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік дегеніміз – материалдық және рухани игіліктерді пайдаланумен, оларды өндіру шарттары туралы адамдар арасындағы қатынастарды білдіреді. Басқаша айтсақ, меншік бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары иемдену, пайдалану, айналыс, тұтынудан тұрады. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру – адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады. Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған.
1. Жекешелендіру. 1-том. Қазақстанда жекешелендіруге қатысты құжаттар мен материалдар. Алматы, Атамұра-Қазақстан, 1994. – 152 бет.
2. Жекешелендіру. 2-том. Қазақстанда жекешелендіруге қатысты құжаттар мен материалдар. Алматы, Атамұра-Қазақстан, 1994. – 844 бет.
3. Жекешелендіру. 3-том. Қазақстанда жекешелендіруге қатысты құжаттар мен материалдар. Алматы, Атамұра-Қазақстан, 1994. – 160 бет.
4. Жекешелендіру. 4-том. Қазақстанда жекешелендіруге қатысты құжаттар мен материалдар. Алматы, Атамұра-Қазақстан, 1994. – 224 бет.
5. Жекешелендіру. 5-том. Қазақстанда жекешелендіруге қатысты құжаттар мен материалдар. Алматы, Атамұра-Қазақстан, 1995. – 272 бет.
6. Кошанов А.К., Рамазанов А.А., Экономичсекие основы и политика разгосударствления и приватизации собстенности в Республике Казахстан. Алматы, Гылым, 1993. – 216 с.
7. Теоретическая экономика. Политэкономия /Подред. Т.П.Журавлевой, Н.Мильчановой. М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 1997. – 463 с.
8. Экономика /Подред. А.С.Булатова. М.: изд. БЕК, 1996. – 776 с.


1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (ресми басылым)
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім)
3. Қазақстан Республиксының 2002 жылғы 21 мамырдағы “Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы” конституциялық заң күші бар Жарлығы
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы “Жекешелендіру туралы” заң күші бар Жарлығы
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы “Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту туралы” заң күші бар Жарлығы
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі “Акцияларды мемлекеттік пакеттерінен мемлекеттік меншік түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы” № 405 қаулысы
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі “Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері” № 1431 қаулысы
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі “Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын мақұлдау туралы” № 1095 қаулысы
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы “Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы” № 880 қаулысы
11. Қазақстан республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 мамырдағы “Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиімділігінің мониторингі туралы” № 491 қаулысы
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы “Жекешелендіру объектілерін сатудың ережерін бекіту туралы” № 942 қаулысы
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы “Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы” № 118 қаулысы
14. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымды қайта құрудың 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасы.
15. Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттырудың және жекешелендірудің 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе 3
1 Меншік: қатынастары, мағынасы, иесі 5
1.1 Меншіктің мәні және экономикалық категориясы 7
1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері 10

2 Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының
қалыптасуы 15
2.1 Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізуші формалары
17
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет
иелігінен алу процесінің ерекшеліктері мен нәтижесі 20
2.3 Экономиканы реформалауда меншіктің орны, жеке меншікке
ауысуда үлесі 23

Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 30

Кіріспе

1 Меншік: қатынастары, мағынасы, иесі

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ,
негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке
байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір
затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі
бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап,
оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада
және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік
қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады.
Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау
өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық
процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау
мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не?
Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген
өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы туындайтын қоғамдық
қатынастар. Меншік дегеніміз – материалдық және рухани игіліктерді
пайдаланумен, оларды өндіру шарттары туралы адамдар арасындағы қатынастарды
білдіреді. Басқаша айтсақ, меншік бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары
мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Меншік –
бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары
иемдену, пайдалану, айналыс, тұтынудан тұрады. Иемдену – бұл нақты қоғамдық
затты иелену әдісі. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру – адамдардың
өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады.
Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері
өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар
материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша,
адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен
иеленді.
Мысалы: аңшылық, балық аулау, терімшілік және т.с.с. Әрі қарай,
өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемденуге тек табиғат өнімдері
емес, сондай – ақ адамдар өндірген өнімдер жатады. Иемдену – адамдар
арасындағы экономикалық байланыстарды бейнелейді, егер мына зат менікі
десе, онда бұл жайт қалыптасып үлгерген шаруашылық байланыстарын сипаттайды
және бұл мүлікті кімнің иемденуге құқығы бар, ал кімнің құқығы жоқ
екендігін көрсетеді. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай
жүзеге асады...
Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке
иемдену (жеке меншік) айқын көрінеді. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе,
онда қоғамдық иелену (қоғамдық меншік) орын алады. Біз меншік қатынастары
меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады дедік. Айталық,
өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын
болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір
жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында
мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігін
иелену, пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына ие болады. Мұндай
қатынастарға мысал ретінде жалға беру – меншік иесі мүлкін уақытша
пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге
болады. Осыған байланысты бірнеше жағдайларды мысал ретінде ұсынайық:
1- ші Жағдай. Сіздің сағат жөндейтін шеберханаңыз бар делік және өзіңіз
сағат жөндеумен шұғылданасыз. Бұнда шеберхана иесі де, шеберхананы
пайдаланушы да, еңбек нәтижесінің иесі де тек қана сіз боласыз.
2-ші Жағдай. Жаңағы, меншігіңіздегі сағат жөндейтін шеберханаңызды
өзіңіз пайдаланбай (онымен шұғылдануға уақытыңыз жоқ) жалға бердіңіз.
Жалгер өзі атқарған жұмысына жалақысы үшін шеберхана табысын иемденеді. Бұл
жағдайда шеберхана иесі – сіз, шеберхананы пайдаланушы – жалгер, еңбек
нәтижесінінің иесі – жалгер болады. Ал сізге тиесілігі жалдау төлемі.
3-ші Жағдай. Барлығы 2-ші жағдайдағыдай, бірақ жалгер өзі жұмыс
істемейді, сіздің шеберханаңызда өзінің жобасын жүзеге асыратын
жұмыскерлерді жалдайды, және жалданған жұмыскерлердің еңбек нәтижесін өзі
иемденеді. Сіз өз шеберханаңыздың ақысы үшін жалдау төлемін иемденесіз, ал
жалданған өзіне тиесілі жалақысын алады.
Бұл жағдайлардан мынаны көруге болады: меншік иесі, уақытша иесі,
еңбектің нәтижесін. Бұдан барып (жаңағы жағдайлардан) “меншік табыс әкеле
бастаған сәттен өзін экономикалық жағынан ақтай алады” деген қорытындыға
келеміз. Осы меншік қатынастарының нәтижесінде меншік иесі пайда болады.
Меншік иесінің үш түрлері бар:
➢ потенциалды меншік иесі (мұрагер)
➢ меншік иесі заттарды тұтынушы ретінде. Бұл жерде меншік иесі толық
құқыққа ие емес.
➢ толық меншік иесі. Ол заттардың толық құнының меншік иесі және
бөтенсу құқығына ие.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез –
келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың
меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, мүлікті кепілге, жалға беруге құқылы.

1.1 Меншіктің мәні және экономикалық категориясы

Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ
меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затты жеке
пайдаланбаса , меншік туралы сұрақта тумайды. Меншік субъектің осы затты
пайдалануға ерекше құқы барын сипаттайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар,
олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет,
халық құрайды.
Сонымен, меншік туралы алғашқы тұжырым: меншік — материалдық және
рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар
арасындағы қатынастар немесе, игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық
әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материалдық және
рухани игіліктерді және оларды өндірудің шарттарын пайдалану туралы
қатынастар.
Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған
заманында қалыптаса бастаған. Еңбек етуге экономикалық және экономикалық
емес күштеудің барынша маңызды формалары, меншіктің әр алуан объектінің
монополиялануына сүйенеді. Демек, антикалық өндіріс тәсілінде, экономикалық
емес күштеу құлға - тікелей өндірушіге - меншіктің бар болуына негізделген,
азияттық өндіріс тәсілінде, айтылған жағдай жерге меншіктің болуына
негізделеді; феодализмде — жеке өндірушіге және жерге меншіктің болуына
негізделеді. Еңбек етуге экономикалық күштеу өндіріс шарттарына меншіктің
болуынан, яғни, капиталға меншіктің болуынан туады.
Экономикалық қатынастардың кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті
өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық
болмыстың мәнін көрсетеді. Танып білу экономикалық құбылыстарды ашумен,
олардың бар екенін білумен бітпейді. Меншік қатынастарын зерттеу процесінде
құбылыстардың мәнін айқындап, солармен айналысу қажет. Гегель айтқандай,
болмыстың ақиқаты соның мәні болады. Құбылыстардың мәнінің қозғалысы,
болмыстан түсінікке көшуді сипаттайды. Осы жолмен біздің де өтуіміз қажет.
Меншік - өте күрделі және көп жақты құрылым, сегіз қырлы, бір сырлы
құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа
меншіктің екі формасы мәлім - жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен
бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты,
формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара
әсер етеді.
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлардың
айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке
меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден.
Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін
көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй
бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар
(өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі
пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік
(бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген,
мемлекеттік, транс ұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің
мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен
анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашьшықтары), қауымдық,
ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Айырмашылықтың мағынасы көп болады: кейбіреуі өзара алмасуға ауысуға
жол береді, басқасы бұны болдырмайды. Меншік түрлерінің айырмашылығы көп
түрлі болғанда, арақайшылықтарды меншіктің бір түрінің оның басқа түріне
ауысқаны арқылы шешуге болады. Мысалы, отбасы меншіктің бірлестік түрінен,
үлестік түрге (баланың үлесін болу) айналуы және керісінше (жүбайының
меншігі — жасауы) — жалпы меншік болып қосылуы. Осы меншіктің жеке
объектері бірлестік пайдалануда (үй, пәтер), басқалары жеке, индивидуаддық
(жеке бастың заттары) пайдалануда болуы мүмкін. Егер меншіктің түрлері
арасындағы айырмашылықтар қарама-қарсылыққа дейін жеткен болса, өзара
алмасу жойылады. Өйткені Бұл меншіктің формасының өзінің күйреуі болып
табылады. Мысалы, қоғамдық (халықтық) меншік жалпы меншіктің түрлерінің
біреуі болып табылады, ал ол, жеке меншікпен ара қатынастарының көріністері
қандай болмасын, өзінің қарама-қарсылығы ретінде қатынасады. Жекешелөндіру
деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол жалпы халықтық меншікті
жеке меншік етіп қайта құру болады, ал национализациялау — керісінше
процесс, яғни, жеке меншіктің — қоғамдыққа айналуы, форманың ауысуы болып
табылады.
Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет
мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың
(дегейдің) объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың,
тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік,
индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке
қару-жарақ аң мен балық аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек
құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу
мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы,
индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке құн
көрісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бұндай шарттар
қолөнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте ұзақ мерзім бойы
семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мұның орынын
ауылдың көршілес қауымы басты. Мұндай қауымға дуализм тән болады:
егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші
өзінің отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып
өндейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып
мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ олардың рөлі мен
мағынасы, қоғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей
болмайды.

1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері

Меншік – қашанда белгілі бір тарихи формаларда пайда болып дамиды.
Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі.
1- рулық қоғам меншік типі ( алғашқы қауымдық меншік, отбасы меншігі)
2- Құл иеленушілік меншік типі және көпшілік жағдайда феодалдық меншік
типі (бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы)
3- Меншіктің капиталистік (буржуазиялық) типі. (жұмыс күшін сатып алу,
сату арқылы қосылуы)
Бұл типтер меншіктің қоғам бойынша алынған түрлері. Қоғамдық меншік
дегеніміз бәрімізге ортақ игілік, яғни белгілі бір әлеуметтік немесе
өндірістік қауымдастық шеңберінде әркім ортақ игіліктен өзінің үлесін алу
құқығына ие деген сөз. Мәселен жер шары адамзатқа ортақ игілік, ал өндіріс
құрал жабдығы ретінде әртүрлі мемлекет шегіндегі ұлттар мен ұлыстардың өмір
сүру ортасы санатында меншік нысанына айналады.
Меншіктің тарихи бастамасы ортақ меншік. Ол ортақ еңбек пен оның
нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделді. Құқықтық мағынадан қарағанда
мысалы мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға
тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге
бірнеше субъектілік меншік құқығы пайда болады. Айтылған екі немесе бірнеше
тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.
Мисалы: екі азаматтың меншігінде бір тұрғын үйдің болуы.
Ортақ меншіктің екі түрі бар: үлестік және бірлескен. Егер де мүлікте
меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілі болса,
онда мұндай ортақ меншікті үлестік меншік дейді. Үлесті меншіктегі мүлікке
билік ету оның барлық қатысу-шыларының келісуімен жүзеге асырылады, сонымен
қатар, үлесті меншіктегі мүлікті иелену де, пайдалану да оның барлық
қатысушыларының ықыласымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Ортақ бірлескен
меншікте қатысушыларының үлестері белгіленбеген, сондықтан да олардың
үлестері мүлікте тең деп есептелінеді. Бірлескен ортақ меншіктің мынадай
түрлері болуы мүмкін:
➢ ерлі – зайыптылардың ортақ меншігі
➢ шаруа қожалығының ортақ меншігі
➢ жекешелендірілген тұрғын үйге орта меншік.
Сонымен қатар, заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да
түрлері кездесуі мүмкін. Бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың
арасындағы, келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді
және пайдаланады.
Ортақ меншіктен кейін жеке меншік пайда болуы. Ол еңбектік және
еңбектік емес болып бөлінеді, яғни өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне
негізделген түрлері.
Меншіктің бұл түрлері еңбекке байланысты. Өз еңбегіне негізделген жеке
меншік субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілілер және басқа адамдар.
Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді. Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі,
екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады. Өзге адамның еңбегіне
негізделген жеке меншік - өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді.
Меншіктің басты формаларының бірі – ұжымдық меншік. Ұжымдық меншік –
бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып
және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншік мемлекеттік
кәсіпорынның мемесе басқа да субъектілердің барлық мүлкі еңбек ұжымының
меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген
басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен
бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған
табыс – олардың ортақ игілігі болып табылады. Ұжымдық меншіктің:
кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік
қоғамның шаруашылық ассоциацияларының бірлестіктерінің, қоғамдық ұйымдар
мен қорлардың және діни ұйымдардың меншіктері деп аталатын бірнеше түрі
болады.
Меншіктің келесі түрі – мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік – бұл
меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды
жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді.
Енді бүгінгі өтпелі кезеңдегі жаңа меншік формаларын қалыптастыруға
көшу болып отыр. Ол үшін әлемдік тәжірибеде бар өзгерту әдістерін
қолданады. Ондай өзгерту әдістеріне ұсттандыру, жекешелендіру,
денационализация жатады.
Ұлттандыру (наңлонализация) – бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына
(жер, өнеркәсіп, көлік, банктер) жеке меншіктің мемлекет меншігіне
көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тарихи кезеңде
жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік – экономикалық және саяси мәнге
ие болады. Ұлттандыруға қарама – қарасы процес жекешелендіру болып
табылады.
Жекешелендіру (лат, privates - жеке) – бұл мемлекеттік немесе
муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру
жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен
компанияларға жалға беру, болшектеп, мысалы акциялардың тек бір бөлігінің
сатылу мүмкіндігі, денационализация мен реприватизация түрінде жүзеге
асырылуы мүмкін.
Денационализация – ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруда
білдіреді. Қазіргі кезде бұл процесс Балттық елдері – Эстония, Латвия,
Литвада кеңінен іске асырылуда.
Реприватизация – бұл жеке меншік иелерінен бастапқы кезде сатылып
алынған кеісіпорындар, жер банктер, акциялар және тағы басқа сияқты
мемлекеттік меншікті жеке еншікке қайтару. Реприватизацияның
денационализациядан айырмашылығы, әдетте ол мемлекеттік билік актілерімен
жүргізіледі.
Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін шектеу сияқты анағұрлым
ірі процестің бір бөлігі болып табылады. Мемлекет иелігінен алу, оның
билігін шектеу – бұл өндірісті тікелей мемлекеттік - әкімшілік реттеуден
басым түрде нарықтық механизмдер негізінде реттеуге көму.
Мемлекет иелігінен алудың нәтижелері: бірінші ден, меншік құрылымы жеке
меншік пайдасына қалай өзгереді. және қоғамдық құрылым қысқарады.
Екіншіден, мемлекеттің экономикалық ролі мен қызметі өзгереді: мемлекет
шаруашылық жүргізуші тұлға болмайды және экономикалық процестерді
директивалар арқылы емес, өмірдің экономикалық жағдайларын өзгерту арқылы
реттейді, міндетті мемлекеттік тапсырыстардың орнына мемлекеттік сатып
алулар келеді, мемлекет ресурстарды бөліп тарату функцияларын жүзеге асыру
міндетінен босайды, біртіндеп сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік
монополия жойылады.
Міне, осы аталған әдістер арқылы меншік формаларын өзгертуге болады.

2 Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында
көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең
құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс
істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі
бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды
акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет
етеді.
Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері
бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап
берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш
рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін
екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің
болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа
қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге,
қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы
баптар бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 -шы бабында 1995жыл 30-шы
тамыз былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік және
бірдей қорғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық
игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен
объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен
шектері, оларды қорғау кепілдіктерді заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өнімдіктер мен жануарлар дүниесі,
басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай – ақ
заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы
мүмкін.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады.
Мемлекеттік меншік өзі атын айтып тұрғандай мемлекеттің меншігі.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншіктің субъектісі Қазақстан
Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және
билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген
тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі
мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге
бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазақстан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен турады. Республикалық бюджет қаражат, алтын –валюта қоры мен алмас
қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды
тұлғаларға бекітіліп өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Ресапубликасының
қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның
қойнауы, су, өсімдіктер жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғалардға бекітіліп мүліктен тұлрады.
Дәл казіргі сәтте Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және
мемлекеттік меншік, сонымен қатар, осы екеуіне тән негізделген меншіктің
әр түрлі түрлері заңды деп саналады. Олар:
➢ Арендалық кәсіпорынның меншігі;
➢ Кооперативтердің меншігі ;
➢ шаруашылық қоғамы мен серіктестіктің меншігі;
➢ Акционерлік қоғамның меншігі;
➢ Ассоциациялардың және бірлестіктердің меншігі;
➢ Қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі;
➢ Діни ұйымдардың меншігі.
Сонымен, нарықты экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын
қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік формаларының
бүкіл қоғамдық организмнің өзін - өзі ұйымдастыру, өзін - өзі реттеуінің
қажетті шарты. Бұл жағдайда меншіктің әр түрлі формасы өз орнын табады.
Меншіктің әр түлрлі формалары бұл олардың механикалық жиынтығы емес,
олардың динамикалық біртұтастығы, олардың бір – бірімен диалектикалық өзара
байланыстылығы.

2.1 Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізуші формалары

Меншік пен иелену қатынастарын, олардың өзара байланыстарын танып білу
өз кезегінде, меншіктің формалары мен түрлерінің арасындағы
айырмашылықтардың белгілерін және меншіктің бір түрінің екіншісіне айналу
механизмін білуге жол ашады. Бірақ меншіктің қандай түрінің шаруашылық
жүргізудің қандай формасын тілейтіні, меншік иелері мен басқа біреулердің
меншігін пайдаланушылардың арасында қандай қатынастардың орын алатындығы,
әлі мәлім болмайды. Осыларды білу үшін иемдену, пайдалану және жарлық ету
қатынастарының мазмұнымен танысу қажет.
Иемдену, біріншіден, толық, меншік емес, және, екіншіден, иемдену
қатынастарындағы меншіктің объектері тікелей иелік ететін объекті болып
емес, олар иемдену қатынастарында шаруашылық жүргізудің шарты болып
қатысады. Сондықтан иелену қатынастары жүйесіндегі иемдену, пайдалану
жарлық ету меншікпен белгіленген туынды екіншілік қатынастарды көрсететін,
өндіріс шарттарына меншігі барлар мен шаруашылық жүргізуші субъекттердің
арақатынастарын көрсететін категориялар болып табылады. Мысалы, банкир
өнеркәсіпшіге несиеге ақша капиталын береді. Бұл жағдайда банкирдің
капиталға меншігі сақталады, ал өнеркәсіпші капиталдың пайдаланушысына
айналады. Ол несие үшін банкирге қолданған капиталға төлем ретінде, карыз
процентін өзінің табысынан төлеуге міндетті болады. Осы тәрізді лизинг
(жабдықтар, техника арендасы) ғимараттар, пәтер, жер арендасы туралы
келісімдер жасалады. Осы келісімдердің барлығына ортақ жалпы шарт — олардың
белгілі мерзімге жасалуы. Иемденуші заттардың уақытша қожасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Меншік және иемдену заңдары
Меншік құқығы, субъектілері және объектілері
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері
Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік ұғымы мен түрлері
Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы туралы
Меншік туралы алғашқы түсініктер
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны туралы
Мемлекеттік және жеке меншік құқығы
Пәндер