Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы туралы



КІРІСПЕ

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ
1. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылу тарихы, құрылымы, қызметі

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗДЕСТІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
2. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы аясында халықаралық қылмыстық іздестірудің негізгі бағыттары
2. 2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қылмыстық санақтарын қолдану тәртібі және құрылымы

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
3. 1 Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Ұлттық Орталық Бюросы халықаралық қылмыстық іздестіру жүйесінің бөлігі ретінде
3. 2 Қазақстан Республикасында халықаралық қылмыстық іздеу саласында Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Ұлттық Орталық Бюросы қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Өмiрдiң барлық салаларындағы өрлеуi - бүгiн бiздiң әлемiмiз аз болып жатқанын бiлдiредi. Қазір “шекара” сөзі әр түрлі мазнұнға ие. Демек қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы шекаралар, адамдардың бір тобын екіншісінен бөлетiн, алынбас тосқауылдар емес. Егер заңға бағынатын адамдар үшiн бір нәрсе оңай болса, онда қылмыскерлер үшiн өмiр тіпті қиындыққа соқпайтыны жақсы белгілі. Қазiргi әлемдегi қылмыстылықтың өсуi, сондай-ақ "халықаралық қылмыстылықтың" да өсуімен тұспа-тұс келуде. Сондықтан батыс елдердің үкіметімен қауiптi қылмыскерлердi ұстау, iздестiру және тану iсіндегi үйлестiру және ұлттық полиция қызметтерiнiң өзара әрекеттесуiн қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі пайда болды.
ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы халықаралық қатынастардың кез-келген саласына, сонымен қатар ұлт аралық қылмыстылықпен күрес шеңберінде интеграцияның жаңа деңгейінің қалыптасуымен белгіленді. Қазіргі таңда бірнеше ғалымдардың, барлық мемлекеттер үшін халықаралық қатынастардың барлық салаларында бір-бірімен ынтымақтасуға байланысты заңи халықаралық-құқықтық міндеттеме белгіленіп келеді деген ойымен көнуге болады[1].
Қазақстан Республикасы Президентінің алтыншы Жолдауының негізгі мағынасы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында! Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» «Заманауи қатерге барабар ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» ретінде жарияланды. Осы стратегияның бір бөлігі діни экстремизмге қарсы әрекет және халықаралық терроризм мен есірткі саудасымен күресуге бағытталған саясат. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «терроризм, ұйымдасқан қылмыстылық, заңсыз қару тарату, есірткі саудасы және тағы осындай қатерлермен күресудегі халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту, Қазақстанның лайықты халықаралық келісім шарттарды өңдеу және тәжірибелік орындауда белсенді түрде қатысуын болжайды[2]. 1998 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 5-бабының 1-тармақшасына сәйкес, заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлсіреуі, сонымен қатар «қылмыстылықтың өсуі, оның ұйымдасқан күйін қоса алғанда, мемлекеттік органдарның криминалдық құрылымдармен жетілуі, заңсыз капитал айналымында лауазымды тұлғалардың қамқоршылық жасауы, сыбайлас жемқорлық, есірткі құралдары мен қаруды заңсыз айналдыру, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін төмендетеді және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді»[3]. Ескі қауіптердің күшеюі мен тұрақты түрде жаңадан пайда болып жатқан қатерлер, дүниежүзілік бірлестікке бірыңғай қауіп-қатер алдында бірігудің жаңа жолдарын табудан басқа таңдау қалдырмай отыр. «Сондықтан да біз үшін аймақтық және халықаралық жігердің бірігуі, соның ішінде адамзатқа қарсы қауіп, діни экстремизмге қарсы әрекет және халықаралық терроризм мен есірткі саудасымен күресуде өте маңызды»[4].
1. Ушаков Н.А. Курс международного права: В 7т. - М., 1989. – Т.2.- 39-б.
2. Назарбаев Н.А. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана «Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии» от 1 марта 2006 года //Казахстанская правда. – 2006. – 2 марта.
3. О национальной безопасности Республики Казахстан. Закон Республики Казахстан №233-1 от 26 июня 1998 года //Казахстанская правда. –1998. –30 июня.
4. Назарбаев Н.А. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана «К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной наций» от 19 марта 2004 года //Казахстанская правда. – 2004. – 20 марта.
5. Смирнов Г.Г. Организованная преступность и меры по ее предупреждению. – Екатеринбург, 1995. – 26-б.
6. Кудайбергенов М.Б. Международная уголовная ответственность физических лиц: Автореф. ...канд. юрид. наук. – Алматы, 2000. – 15-б.
7. Бреслер Ф. Интерпол. – М.: Центрполиграф, 1996. – 19, 21-22-б.
8. Радионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня и завтра. – М.: Международные отношения, 1990. – 222 с.
9. Самарин В.И. Интерпол. Международная организация уголовной полиции. – СПб.: Питер, 2004. – 201 с.
10. Дайчман И. Интерпол. Всемирная система борьба с преступностью. – М., 2003. – 42, 44-б.
11. Радионов К.С. Интерпол: миф и действительность. – М.: Международные отношения, 1982. – 31-б.
12. Электроная энциклопедия. Интерпол http://www.wikipedia.com
13. Корниенко Н.А. Российкие и международные криминалистические учеты. – СПб.: Питер, 2004. – 335 с.
14. Официальный сайт Интерпола http://www.interpol.int
15. Панов В.П. Сотрудничество государств в борьбе с международными уголовными преступлениями. – М., 1993. – 123,209-б.
16. Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года № 206-1. – Алматы: Юрист, 2003. – 204, 208-б.
17. Антропов А.Г. Место и роль НЦБ Интерпола в системе правоохранительных органов России. Теоретико-правовые аспекты: Дис. … канд. юрид. наук. – М., 1996. – 76, 40-б.
18. Путова И.В. Международный розыск преступников: правовое, организационное и оперативно-тактические аспекты: Дис. … канд. юрид. наук. – М., 2001. – 221 с.
19. Первушин М.В. Расследование краж предметов антиквариата. – М., 1999. –4-б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ
1. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылу тарихы, құрылымы,
қызметі

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ІЗДЕСТІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
2. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы аясында халықаралық қылмыстық
іздестірудің негізгі бағыттары

2. 2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қылмыстық санақтарын қолдану
тәртібі және құрылымы

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗІ
3. 1 Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының
Ұлттық Орталық Бюросы халықаралық қылмыстық іздестіру жүйесінің бөлігі
ретінде

3. 2 Қазақстан Республикасында халықаралық қылмыстық іздеу саласында
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Ұлттық Орталық Бюросы қызметінің
құқықтық негіздерін жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Өмiрдiң барлық салаларындағы өрлеуi - бүгiн бiздiң әлемiмiз аз болып
жатқанын бiлдiредi. Қазір “шекара” сөзі әр түрлі мазнұнға ие. Демек қазіргі
таңда мемлекеттер арасындағы шекаралар, адамдардың бір тобын екіншісінен
бөлетiн, алынбас тосқауылдар емес. Егер заңға бағынатын адамдар үшiн бір
нәрсе оңай болса, онда қылмыскерлер үшiн өмiр тіпті қиындыққа соқпайтыны
жақсы белгілі. Қазiргi әлемдегi қылмыстылықтың өсуi, сондай-ақ "халықаралық
қылмыстылықтың" да өсуімен тұспа-тұс келуде. Сондықтан батыс елдердің
үкіметімен қауiптi қылмыскерлердi ұстау, iздестiру және тану iсіндегi
үйлестiру және ұлттық полиция қызметтерiнiң өзара әрекеттесуiн қамтамасыз
ету үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі пайда болды.

ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы халықаралық қатынастардың кез-келген
саласына, сонымен қатар ұлт аралық қылмыстылықпен күрес шеңберінде
интеграцияның жаңа деңгейінің қалыптасуымен белгіленді. Қазіргі таңда
бірнеше ғалымдардың, барлық мемлекеттер үшін халықаралық қатынастардың
барлық салаларында бір-бірімен ынтымақтасуға байланысты заңи халықаралық-
құқықтық міндеттеме белгіленіп келеді деген ойымен көнуге болады[1].

Қазақстан Республикасы Президентінің алтыншы Жолдауының негізгі
мағынасы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында!
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы Заманауи қатерге барабар ұлттық қауіпсіздік стратегиясы
ретінде жарияланды. Осы стратегияның бір бөлігі діни экстремизмге қарсы
әрекет және халықаралық терроризм мен есірткі саудасымен күресуге
бағытталған саясат. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың айтуынша, терроризм, ұйымдасқан қылмыстылық, заңсыз қару
тарату, есірткі саудасы және тағы осындай қатерлермен күресудегі
халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту, Қазақстанның лайықты
халықаралық келісім шарттарды өңдеу және тәжірибелік орындауда белсенді
түрде қатысуын болжайды[2]. 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңының 5-бабының 1-
тармақшасына сәйкес, заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлсіреуі, сонымен
қатар қылмыстылықтың өсуі, оның ұйымдасқан күйін қоса алғанда, мемлекеттік
органдарның криминалдық құрылымдармен жетілуі, заңсыз капитал айналымында
лауазымды тұлғалардың қамқоршылық жасауы, сыбайлас жемқорлық, есірткі
құралдары мен қаруды заңсыз айналдыру, адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау деңгейін төмендетеді және Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді[3]. Ескі қауіптердің күшеюі
мен тұрақты түрде жаңадан пайда болып жатқан қатерлер, дүниежүзілік
бірлестікке бірыңғай қауіп-қатер алдында бірігудің жаңа жолдарын табудан
басқа таңдау қалдырмай отыр. Сондықтан да біз үшін аймақтық және
халықаралық жігердің бірігуі, соның ішінде адамзатқа қарсы қауіп, діни
экстремизмге қарсы әрекет және халықаралық терроризм мен есірткі саудасымен
күресуде өте маңызды[4].

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ

1. 1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылу тарихы, құрылымы,
қызметі

Қылмыскерлерді ұстап беру институты – халықаралық құқықтың көне
институттарының бірі. Ұстап беру қылмыстылықпен күресте халықаралық
ынтымақтастықтың бастауын құрады. Қазақстандық ғалым М.Б. Құдайбергеновтың
қарастыруы бойынша, қылмыстылықтың белгілі бір түрімен күресу саласында,
мемлекеттер арасындағы келісім шарттық құқықтық қатынастардың тарихи
дамуында қылмыскерлерді ұстап беру институты ерекше маңызға ие болады.
Сонымен қатар, ол жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі
институтының пайда болуы мен дамуына алып келді. Тек ұстап беру
институтынан халықаралық қылмыстық құқық өз бастамасын алады[6, 15б.].
Қазiргi әлемдегi қылмыстылықтың өсуi, сондай-ақ "халықаралық
қылмыстылықтың" да өсуімен тұспа-тұс келуде. Сондықтан батыс елдердің
үкіметімен қауiптi қылмыскерлердi ұстау, iздестiру және тану iсіндегi
үйлестiру және ұлттық полиция қызметтерiнiң өзара әрекеттесуiн қамтамасыз
ету үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі пайда болды.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – (ағылшын тілінен International
Criminal Police Organization - Interpol) халықаралық үкіметаралық ұйым[12].
1914 жылы Бірінші халықаралық криминалды полиция конгресі Монте-
Карлода Монако Альберт I-нің әрекетімен өтті. Бұл конгресте Еуропа, АҚШ
және Азияның 24 мемлекетінен заңгерлер, қорғаушылар мен полиция
қызметкерлері қатысты. Жиналыста екі мәселе қарастырылды: бірыңғай
халықаралық қылмыстық тiркеу орталығын құру және экстрадиция жұмысын
унификациялау. Алдымен мемлекеттер арасында халықаралық кәсіби
қылмыскерлерге қарсы әрекет мақсатында жедел ақпарат алмасу мәселесін шешу
ойластырылды. Конгресте айтылған ұсыныстардың ең маңыздысы, барлық
мемлекеттердің полицияларымен қолданыла алатын, белгілі бір ақпараттарды
орталықтандыру мақсатымен бірыңғай ұйым құру қажеттілігі болды[7, 21-22б.].
Бірақ Бірінші Дүниежүзілік соғыс халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын
құруға бағытталған әрекеттерді тоқтатты.
1923 жылы Венада Екінші халықаралық криминалды полиция конгресін
Австрияның астанасының бас комиссары Иоганн Шобер шақырды. Конгрестің
шешімі бойынша 7 қыргүйекте тұрақты ұйым - Халықаралық қылмыстық полиция
комиссиясы, жеке мемлекеттердің жалпы қылмыстық қылмыстылықпен күресу үшін
күштерiн үйлестiру мақсатында құрылды[8, 25б.]. 1924 жылы Халықаралық
қылмыстық полиция комиссиясы келесі маңызды шешімдер шығарды: дәлелдердiң
жүйелерiнiң өңдеу және қылмыскерлердің халықаралық іздестірілуі; адамдардың
қашықтықтағы теңестiрілуі; халықаралық полиция газетiнің шығарылуы; жалған
банкноталар және құжаттарды айқындау үшін бірыңғай бағдарлама өңдеу[9,
11б.]. Тағы бір ерекшелiк, ол Комиссия мүшелері еш уақытта саяси, діни
немесе нәсілге байланысты мәселелермен емес, тек қылмыстық қылмыстылықпен
жұмыс атқарды[10, 42б.].
Ресми түрде Комиссия өз қызметін Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде де
тоқтатпады. Штаб-пәтері Венада орналасты, өйткені сол уақытта австриялық
полицияда Еуропадағы халықаралық қылмыскерлерге ең толық досьенiң
картотекасы болды. Сонымен қатар бастапқы кезеңде Австрия Комиссияны
қаржыландыруын өз мойнына алды. Басында Комиссия құрылымдық дербестiкке ие
болған жоқ: ол халықаралық полиция конгресінің көмекші органы болды және
бір уақытта Австрияның юрисдикциясында болды. 1930 жылы Комиссияның Бас
Ассамблеясы ұйымның конгрестен тәуелсіз болуына дауыс берді. Осы уақыттан
бастап ұйымды қаржыландыру әр мүше-мемлекеттің жарнасымен жүзеге асырылды.
1930 жылы Комиссия бiржолата Хатшылықты құрды, ол келесі бөлімдерден
тұрды: жалғандардың әр түрімен күресетін Орталық халықаралық бюро,
халықаралық қылмыскерлерді тіркейтін Бөлім, теңестіру Бөлімі, құжаттарды
жалғандарымен күресетін Бөлім. 1935 жылы жеке халықаралық радио желiсiн
құру жұмыстары басталды[10, 44б.].
Австрияның Германияға қосылғанынан кейін барлық құжаттар ұлтшыл
үкіметтің қолына түсті, солай Берлинге орын ауыстырды. Германия соғысушы
елдерге және басып алғысы келген мемлекеттерге қарсы осы құжаттарды
қолданды[11, 31б.]. Соғыста Германия қирағаннан кейін, Комиссияны қайта
құруға дәл келді. Өйткені құжаттардың көбісі жоғалтылды. 1946 жылы
Брюссельде кезекті конгресс шақыртылады, онда Халықаралық қылмыстық полиция
комиссиясы шеңберінде байланыстарды жаңарту мәселесі талқыланды. 1956 жылы
Венада Бас Ассамблеяның 25-ші сессиясында делегаттардың барлығы жаңа Жарғы
қабылдауға шешім шығарады. Жаңа Жарғының 1 бабына сәйкес: Халықаралық
қылмыстық полиция комиссия – деп аталатын ұйым, енді Халықаралық қылмыстық
полиция ұйымы деп аталады.
Ұйымның Бас Хатшылығының орналасатын жері Франция деп шешілді.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ұйымның штаб-пәтері үш рет ауыстырылды.
1946 жылдан бастап Париждің өзінде, 1966 жылы Сан-Клуға, кейін 1989 жылдан
бастап қазіргі уақытқа дейін Лионда орналасады.
1946 жылдан 1971 жылға дейін Интерпол халықаралық үкiметтiк емес
ұйым мәртебесін БҰҰ ресми түрде 1948 жылы берді. Халықаралық қылмыстық
полиция ұйымы мен БҰҰ өзара әрекеттестігі 1971 жылы Интерпол мен
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арасында Арнайы келісім шарт
жасалғанда танылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1996 жылғы 15
қазанда Интерполға бақылаушы мәртебесі бекітілді. Нью-Йоркте 1997 жылы 8
шілдеде БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан мен Интерполдың Президенті Тошинори
Канемото БҰҰ мен Интерпол арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол
қойды[9, 40б.]. Демек осы келісім шарттардан кейін Интерполды - халықаралық
үкіметаралық ұйым деп тану керек.
Қазіргі уақытта Интерпол БҰҰ кейін мүше-мемлекеттерінің көлемі
бойынша екінші халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады, ол 188
мемлекетті біріктіреді.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы
1956 жылғы Жарғыға сәйкес Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы келесі
құрылымға ие:
• Ұйымның басты органы Бас Ассамблея болып табылады, жылына бір рет күз
уақытында шақырылады. Оған ұйымның мүше-мемлекеттерінің барлық
өкілдері қатысады. Жарғы бойынша өкiлеттiктері: Интерпол шеңберінде
әртүрлі мемлекеттердің полицияларының ынтымақтастығының негізгі
бағыттарын анықтайды; жаңа мүшелер қабылдайды; алдағы жылға бюджет пен
жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту; ұйымның лауазымды тұлғаларын
сайлайды және қаржы сұрақтарын шешеді. Осында кәмелетке толмағандардың
қылмыстылығымен, есірткіні тарату және осындай әрекеттермен күресу
мәселелеріне байланысты арнайы сұрақтарды шешетін, тұрақты және
уақытша комиссиялар құрылады. Бас Ассамблеяның ұйым ішіндегі сұрақтар
бойынша резолюцияларының атқарылуы міндетті, ал үкімет пен құқық
қорғау органдарына бағытталған резолюция кеңес ретінде қолданылады.
• Ұйымның атқарушы органы Атқарушы комитет Бас Ассамблеяның сессиялар
арасындағы қызметін атқарады. Ол жылына үш рет жиналып, Бас
Ассамблеяның ұсыныстарын жүзеге асырады, Бас Хатшының қызметіне
тексеріс жүргізеді және келесі кезекті сессияларының күн тәртібін
дайындайды. Атқарушы комитет Бас Ассамблеясымен сайланатын
Президенттен (4 жылдық мерзім), әртүрлі мемлекет пен аймақты (Азия,
АҚШ, Африка, Австралия және Еуропа) ұсынатын үш Вице-президенттен (3
жылдық мерзім) және тоғыз делегаттан тұрады. Атқарушы комитет
Президенті ұйымның басшысы болып табылады, ол Бас Ассамблеяның
сессиялар арасындағы қызметімен айналысады. Атқарушы комитет
мәжілістері жылына бір реттен кем болмай өткізіледі. Барлық шешімдер
көпшілік дауыспен қабылданады. Өз қызметтерін Атқарушы комитет
мүшелері өз мемлекеттерінің өкілдері ретінде емес, Интерпол өкілдері
ретінде атқарады.
• Ұйымның тұрақты қызмет ететін органы Бас Хатшылық, оған Бас Хатшы,
мамандар мен әкімшілік қызметкеолер кіреді. Ол Бас Ассамблея мен
Атқарушы комитет шешімдерін жүзеге асырады, жалпы қылмыстылықпен
күресуде халықаралық, мамандандырылған және ақпараттық орталық
қызметін атқарады, ұйымға тиімді әкімшілік басқарушылықты орындайды,
халықаралық ұйымдар мен ҰОБ байланыс орнатады, қажетті жариялымдарды
дайындайды, Бас Ассамблея сессияларында және Атқарушы комитет
мәжілістерінде хатшылықтың қызметін атқарады, Президентпен байланыс
орнатады. Бас Хатшылықты Бас Хатшы басқарады, оны Бас Ассамблея 5
жылдық мерзімге сайлайды (65 жастан артық емес). Бас Хатшы өз
қалауымен Бас Хатшылыққа қызметкерлерді алады және оның барлық
қызметтерін басқарады.
Бас Хатшылық 5 бөлімнен тұрады: әкімшілік және қаржылық, полициялық,
ғылыми-техникалық, ақпараттық аймақтық ынтымақтастық және даму. Соның
ішінде полициялық бөлімінің бөлімшелері бар, соның бірі Субаймақтық
бюро. Бұл бюролар Бангкокте (Оңтүстік-Шығыс Азия үшін), Буэнос-Айресте
(Оңтүстік Америка үшін), Сан-Сальвадорде (Кариб бассейні үшін),
Харарда (Оңтүстік Африка үшін), Найробада (Шығыс Африка үшін) және
Абиджанда (Батыс Африка үшін)[14].
• Ұлттық Орталық Бюро (ҰОБ) Интерполға мүше-мемлекеттердің барлығының
құқық қорғау органдар құрылымында құрылады. Белгілі бір мемлекетте ҰОБ
ұйымның тұрақты қызмет ететін органы болып, дәл сол уақытта
мемлекеттің полициялық органы да болып саналады. ҰОБ өз
мемлекеттерінде соттармен, прокуратурамен, кеден және шекара
қызметімен, ал халықаралық деңгейде басқа мемлекеттердің ҰОБ мен Бас
Хатшылықпен қызмет бойынша байланыста болады.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қызметі
Интерпол құрылғаннан бастап алдына қойылған міндеттері сол күйінде
қалған, алайда бүгінде оларды орындауға әлдеқайда ықпалды тәсілдер мен
шешімдер қажет. Қазір халықаралық құқық қорғау қызметі бір орында тұрған
жоқ, ол белсенді түрде даму үстінде. ХҚПҰ-тың құрылу тарихын оқып білгеннен
кейін, Интерполдың бүкіләлемдік халықаралық қылмыстық іздестіру жүйесі
ретінде құрылу барысында, осы жүйенің әр тетігі дамып келеді. Ж.О.
Құлжабаеваның айтуы бойынша адамзат қоғамының дамуына сәйкес қылмыстық
құқықтың дамуы саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату қажеттілігі
туады. Қазір халықаралық қоғамда халықаралық қылмыстылықтың үрдісі мен
құрылымы өзгереді. Халықаралық қылмыстылықтың жаңа түрлері: экоцид,
геноцид, адам құқықтарын жалпы бұзу сияқты пайда болып жатыр[42, 65б.].
1923 жылдан халықаралық қылмыстық іздеу тәртібі тым күрделенді және көп
сатыланды, бірақ ондағы көптеген аспектілері толықтыру мен жетілдіруді
қажет етеді.
Сол уақытта орнатылған халықаралық келісім шеңберінде экстрадициялық
және құқықтық көмек көрсету міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмауы,
Интерполды құруға себепкер болды. Мұның себебі, біріншіден, ақпараттық
орталығы және үйлестірушісі болмағандықтан, екіншіден, жағдайының
сәйкессіздігі, салада қылмыспен күресу істері нақты осы келісімде қамтылған
жағдайға сәйкес келмеуі. Интерполдың басты мақсаты, полиция органдары іс-
әрекеттерін қылмыстық жазадан жасырынған тұлғаларды, сондай-ақ, бүкіл
әлемдік көлемде іздестіру шараларында үйлестіру болып табылады. ХҚПҰ-тың
арқасында түрлі мемлекеттердің полициясы тек дипломатиялық арналар арқылы
ғана емес, қарым-қатынасты тікелей орнатуға мүмкіндік береді. Алайда,
Интерпол ешқашан бүкіләлемдік полиция болған емес, барлық іс-шаралар тек
ұлттық полиция күшімен өткізіледі. Осылайша, бір жағынан халықаралық
қылмыстық іздестіру ішкімемлекеттік деңгейде өткізілген іздеу іс-шараларын
білдірсе, ал екінші жағынан ұлттық іздестіру орталығынан айырмашылығы бар
өзге қызметтер атқаратын жеке тетік. Кез келген жағдайда Бас Хатшылық
құрылымының болсын, халықаралық құқық қорғау органдарының ұлтаралық қарым-
қатынаста және өз құзыретінде қолданатын іс-әрекеттері сол қорытынды мақсат
– жауаптыларды қылмыстық жауапқа тартуға бағытталған.
Бүгінгі таңда, тек ХҚПҰ ғана әлемдік масштабта қылмыстық іздестірумен
айналасады. И.В.Путов өз зерттеулерінде былай деп көрсетеді Интерполда
ғана ұйымдастырушылық және тіркеу рәсімдері жүргізіледі, содан соң басқалар
қылмыскерлерді халықаралық іздестіруге болатынын мойындады. Дәл осы ұйым
арқылы қылмыскерлерді әлемдік масштабта іздестіру мүмкін болады [18, 37
бет]. Біз Әлемдік масштабта тіркейік баса айтамыз, өйткені жергілікті
денгейде қылмыстық іздестіру тетіктері мемлекетаралық өзара әсерлесу деген
ұғымда қолданылады, мысалы Еуропалық Кеңес немесе ТМД. Бұл іздестіру түрі
халықаралық емес, мемлекетаралық. Себебі, олар тиісті жергілікті ұйымдар
мүшелері елдерінің ішінде іздестіруді жүргізеді. Бұндай тетіктердің ішінде
ең тиімдісі, мемлекетаралық іздестіру болып табылады, ол тетік Еуропа
аумағында жүргізіледі. Бірақ, кейде іс жүзінде іс-шара өтерде қызметтерді
қайталаулар ұшырасады, бұл іздестіруде ыңғайсыздық туғызады. Жекелеп
айтқанда, Интерпол мен Еурополдың өзара әрекеттері, соның ішінде қылмыстық
іздестіруде, жақсартуды талап етеді, өйткені халықаралық және трансұлттық
қылмыспен күресте ынтымақ керек-ақ.

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ІЗДЕСТІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ШАРАЛАРЫ

2. 1 ХҚПҰ аясындағы халықаралық қылмыстық іздестірудің негізгі
бағыттары
В.П. Пановтың ұйғарымы бойынша Интерпол қызметінің ең маңызды
түрлерінің бірі қылмыскерлерді халықаралық іздестіру болып табылады[15].
Алайда, алдағы тарауда айтылғандай, халықаралық қылмыстық іздестіруді тек
қылмыскерлерді іздестіруде қолданбау керек. Осылайша, халықаралық қылмыстық
іздестіру шараларын жоғарыда аталған анықтама төңірегінде қарастыратын
боламыз.
Интерпол аясында халықаралық қылмыстық іздестіру 4 бағыт бойынша іске
асырылады:
- қылмыскерлерді экстрадициялау мақсатында іздестіру (бұл ретте
қылмыскерлер дегеніміз бас бостандығынан айыру орындарынан қашты деген айып
тағылған айыпкерлер, күмәнділер);
- адамдарды тәртібіне бақылау жасау немесе олардың қатысуымен тергеу
амалдарын ұйымдастыру мақсатымен іздестіру (мұндай амалдар тек
қылмыскерлерге ғана емес, қылмыстың куәларына қолданылуы мүмкін);
- ізсіз жоғалған адамдарды іздестіру;
- қылмысқа қатысы бар немесе ұрланған немесе ұрланған деп танылған
автокөлікті, өнер туындыларын, тарихи жәдігерлерді, мәдени құндылықтарды,
зергерлік бұйымдар мен басқа да материалдық нысандарды іздестіру. Бұл
іздестіруді арнайы деп те аталады.
Адамды іздестірудің әр түрінің өзіне тән арнайы іздестіру туралы
үлгіге сәйкес келетін хабарламалары бар. Оны әдетте циркуляр немесе хабар
деп атайды. Іздестірудің түріне байланысты хабарлама бланкінің түсі
өзгешеленеді. Хабарламаның оң жақ жоғарғы шетінде оның санатына байланысты,
шаршыда Интерполдың белгісі орналасады. Бұл жүйені Интерполдың Бас Хатшысы
қызметін атқарған Жан Непот 1946 жылы ойластырып, ол осы күнге дейін ХҚПҰ
-та қолданылады. Тұтқындап, тапсыру мақсаттарында Бас Хатшылық мүше
мемлекеттердің Интерпол ҰОБ қызыл циркуляр жолдайды. Дәл осындай хабар
Интерпол жұмысында басқалардан жиі кездеседі. Егер адамның орналасқан жерін
тұтқындау үшін емес, оған бақылау жасау үшін іздестіретін болса, көк
циркуляр қолданылады. Із-түссіз жоғалған адамдарды іздестіру кезінде сары
циркуляр жіберіледі. Сонымен қатар, Интерпол тарапынан мемлекетті оның
аумағында болжамды кәсіби халықаралық қылмыскер болуы туралы және мүмкін
қауіп туралы хабарлайтын жасыл циркуляр қолданылады. Қара циркуляр
танылмаған өліктерді анықтау мақсатында жолданады. Бұл өліктің шетел
азаматы деген болжам болғанда іске асады.
Халықаралық іздестіру қызметінің жоғарыда көрсетілген бағыттарына жеке-
жеке тоқталайық.
Қылмыскерлердің халықаралық іздестіру жұмыстары ХҚПҰ іздестіру
қызметінің басты бағыты деп есептелінеді. Сондықтан, кейбір зерттеушілер
халықаралық іздестіруді қылмыскерлерді халықаралық іздестірумен теңестіріп,
іздестіру қызметінің қалған 3 бағытын ескермейді. Мұндай пікірмен біз
келісе алмаймыз. Алайда, қылмыскерлерді халықаралық іздестіру басымдығымен
келісеміз.
Мұнда қылмыскер сөзінің өзі жиынтық мағынада қолданылатынын атап
өткен жөн. Бұл оған қатысты адамдардың барлық санаттарын тізбектемеуге
арналады. Экстрадициялау мақсатында жүргізілетін іздестіру шаралары бас
бостандығынан айыру мекемелірен қашты деген күмәны бар, айып тағылған,
адамдарға қатысты екенін еске саламыз. Бұл орайда құқытық жағынан, тек
соңғыларын қылмыскер деп тани аламыз. Өйткені оларға соттың айыптау үкімі
жарияланды. Қылмыс сот үкімімен бекімегенге дейін күмәнді де, айыпталушы да
қылмыскер болмайды. Бұл ереже ерекше жағдайда болмаса, барлық
конституциямен бекітілген. Сондықтан, қылмыскерлерді іздестіру туралы
айтқанда, нақты қандай адамдар туралы екенін нақтылау керек.
Бірінші тарауда экстрадиция мен қылмыскерлердің халықаралық
іздестіруі бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, екі жекеленген
институтты білдіретінін көрсеткен болатынбыз. Іздестіру экстрадицияның бір
бөлігі емес, ал экстрадиция іздестіру шараларының бір бөлігі емес.
Іздестіру қызметі – құқық қорғау органдарының, ал халықаралық іздестіру
жағдайында Бас Хатшылықтың және Интерполдың Ұлттық Орталық Бюроларының
құзырында. Бұл шараларға басқа мемлекеттік қызметтер немесе халықаралық
органдар араласпайды. Ал, іздеудегі адамның орналасқан жері полицияға
белгілі болғаннан бастап, іздестіру жұмыстарының бастамасында тұрған елгер
тапсыру туралы мәселе көтеріледі. Бұл кезде халықаралық іздестіру шаралары
аяқталып, экстрадицияжұмыстары басталады. Бұл кезде құқық қорғау органдары
тек тапсыру нысанының болуын қамтамасыз етеді. Ал өзге халықаралық
қылмыстық құқық институты ретінде экстрадицияның негізін құрайтын ресми
мәселелер сәйкес мемлекеттердің сыртқы қатынас органдары мен
прокуратураларының тарапынан Интерполдың араласуынсыз қаралып, шешіледі.
Сондықтан, Бас Ассамблеяның 1960 жылдағы сессиясында адамды шығару кезінде
полиция органдары экстрадицияға жауапты үкіметтік департаменттің қосалқы
органы болып табылады деп белгіленді. Бұған қарамастан, барлық жедел-
оперативті іс-шаралар құқық қорғау органдары және ҰОБ мен Интерполдың Бас
Хатшылығымен іске асырылады. Сондықтан экстрадиция шаралары зерттеу
тақырыбына тікелей қатысы болмағандықтан, оған егжей-тегжейлі тоқталмай,
қылмыскерді тапсыруға дейінгі шараларға, яғни Интерпол қызметіне қатысты
мәселелерін зерттейміз.
Басқаша жағынан алғанда, мемлекеттер арасындағы тапсыру туралы
келісімнің болуы не болмауы іздестірудің әр жағдайында қандай бағытта
жүзеге асырылатынын анықтайды. Келісімшарт жасалған жағдайда іздестіру
соңынан іздеудегі адам табыс етіледі, ал болмаған жағдайда ізөдестіру тек
оның орналасқан жерін анықтап, оның жүріс-тұрысын бақылауда ұстау үшін
жасалады. Алайда, келісімшарт болмаған жағдайда да адам тапсырыла алады.
Бұл өзара байланыс нәтижесінде іске асуы ықтимал. Бұл норма ҚР ҚІЖК 521
бабында көрсетілген. Онда: Қазақстан Республикасы мен халықаралық
келісімшарт орнатылған шетел мемлекеттерінің тергеу органдары мен соттарына
құқықтық көмек көрсету мақсатында немесе өзара байланыс негізінде
процессуалды іс-әрекеттер жүзеге асуы мүмкін... деп көрсетілген [16,
204б.]. Мұндағы жүзеге асуы мүмкін сөзі сәйкес келісім жоқ, тек өзара
түсіністік негізінде жүзеге асатын кезде пайдаланылатынын атап өткен жөн.
Ал, келісім болған кезде шарттар міндетті түрде халықаралық міндеттер толық
орындалуы керек, себебі ол халықаралық құқықтың басты нормаларының бірі
болып табылады.
Интерпол әрқашан екіжақты келісімшарт қабылдап, оның орындалуын
қадағалайды. 1993 жылы Минскте өткен Бас Ассамблеяның сессиясы өтіп, онда
конвенция қабылданды. Сол сияқты конвенция кейбір толықтырлар мен
өзгертулермен 2002 жылы Кишиневте мүше мемлекеттермен қайта қабылданды.
Алайда ол қазіргі уақытқа дейін қажетті ратифицикацияланған алғысхаттардың
жоқтығынан өзінің заңды күшіне енген жоқ.
Біздің пікірімізше, адам тапсыру туралы аймақтық келісімдер мәселені
толыққанды шешпейтінін тәжірибе көрсетті. Тіпті, экстрадициялау туралы
екіжақты немесе аймақтық келісімшарттардың өзі мәселенің оң шешім
табатынына кепіл бола алмайды. Әдетте тапсыру туралы кез келген келісімде
мүше-мемлекет қандай жағдайда қылмыскерлерді тапсырып, қай кезде
тапсырмайтыны көрсетіледі. Сондай-ақ, қылмыстың бірінші санаты тек бас
бостаныдығынан айырумен шектеледі (мәселен, экстрадициялау туралы Еуропа
конвенциясында экстрадициялауға тек бас бостандығынан айыру мерзімі 1
жылдан асатын қылмыскерлер тартылады деп көрсетілген). Ал, тапсыру
жүргізілмейтін қылмыстар тек құрамдас бөліктер тізімі ретінде ғана
беріледі. Әдетте, оларжың қатарына саяси, қаржылық және әскери қылмыстар
жатады.
Қылмыскерді тұтқындау мақсатында Интерпол арналары арқылы жіберілетін
халықаралық іздестіру туралы хабарлама тиісті мемлекетке жолданады. Бұл
шаралар қылмыстық іс қозғалғанда, қамауға алу туралы прокурор санкциясымен
қаулы қабылданса, немесе қамауға алу туралы сот шешімі шықса, бас
бостандығынан айыру туралы сот үкімі күшіне енген жағдайда жүзеге асады
[17, 76б.].
1960 жылы Вашингтонда Бас Ассамблея экстрадциялау мақсатын көздейтін
қылмыскерлердің халықаралық іздестіру арнайы сызбасын мақұлдаған болатын.
ХҚПҰ тәжірибесінде тапсыруға лайықты адамдарды анықтауда іздестірудің 2
түрі: әдеттегі және жедел қолданылатынын ескеретін болсақ, аталған сызба
әдеттегі іздестіруге қатысты. Оған сәйкес, іздестіру шаралар кешені 8
кезеңнен тұрады:
1) мемлекеттің Интерпол ҰОБ-на елдің полиция органының шетелге қашқан
қылмыскерді іздестіруді бастау туралы өтінішін барлық қажетті мәліметтер
мен құжаттарды қоса отырып, арыз жолдайды. Сонымен қатар, арызда қылмыскер
ұсталған жағдайда оны экстрадициялау туралы құжат сол сәтте жіберілетіні
айтылады;
2) Интерпол ҰОБ-ның сұрауда көрсетілген мәліметтердің Жарғының 3
бабына сәйкес болуын тексеруі (Интерполдың саяси, әскери, діни және
нәсілдік мәселелерге араласуына тыйым салу). Одан ары қарай іс Интерполдың
Бас Хатшылығына жолданады;
3) сәйкес мемлекеттер Интерполдың ҰОБ-на қызыл циркуляр жолдау
(елдің заңнамасы ескеріледі). Әр мемлекет өз аумағында іздестіру шараларын
бастау туралы мәселені шешеді.
4) жергілікті полиция органдарымен іздестіру шараларын жүргізу
(қабылданған бюллетеньге сәйкес);
5) мемлекеттің заңдарын ескере отырып, қылмыскерді ұстау (ол табылған
жағдайда). Одан ары оны кейіннен экстрадициялау мақсатында қамауға алу
туралы мәселені шешу (жергілікті соттың қылмыскерді экстрадициялау алды
қамауға алуға қарсылық білдірген жағдайда, оның елде жүріп-тұруын бақылауда
ұстап, ол жайлы іздестірудің бастамашысы мен Бас Хатшылықты хабарлап
отыру);
6) Іздестіру туралы бастама жасаған елдің Интерполының ҰОБ мен Бас
Хатшылықты қылмыскердің қамауға алынғаны туралы хабарлау;
7) (бастамашы-ел Интерполының ҰОБ-ның жағынан) сол елдің қатысты
органдарын қылмыскердің қамауға алынғаны туралы хабардар ету. Одан кейін
қылмыскер ұсталған елге оны экстрадициялау туралы өтініш жолдайды.
8) қылмыскерді қамауға алып, іздестіруді тоқтату туралы Бас
Хатшылықтың хабарламасы (бастамашы-елден Интерполдың ҰОБ-на) [8, 106б.];
Жоғарыда атап өтілген жедел іздестіру Бас Хатшылықтан бұрын сәйкес
мемлекеттерінің Интерполдарының ҰОБ-на тікелей жүгіну мүмкіндігін көздейді.
Алайда кейіннен Бас Хатшылық шаралар туралы хабарлануы тиіс. Бұл
қылмыскерлерді ізін суытпай және оның жасырынған елі белгілі болған және
іздестіру туралы хабарламаларды әзірлеуге уақыт тығыздығы жағдайында
жасалады. Жедел іздестіру шараларына бөлінген мерзім 3 айды құрайды, одан
ары ол әдеттегімен ауыстырылады.
Аталған жұмыстардың шырқау шыңы іздеудегіні табу болып табылады.
Себебі осы сәтте ешнәрсе, соның ішінде заңнаманың кемшіліктері, іс-
әрекеттердің аяқталмауы қылмыскердің бостандықта болып, полиция назарынан
таса қалуына мүмкіндік жасамауы қажет. Әдетте, полиция органдары мен
Интерполдың ҰОБ-ның әрекеті бұл жағдайда мемлекет ішкі нормативтік құқықтық
актілермен реттеледі. Алайда, Интерполдың Бас Хатшылығы да бұл жұмыстардан
тыс қалмайды. Олар туралы жоғарыда айтылған халықаралық іздестіру
сызбасының 5-ші, 6-шы және 7-ші тармақтарында атап көрсетілді. Адамды
ұстағанға дейін құқық қорғау органдарының қызметі іздестіру шараларының
негізі болатыны белгілі. Өйткені қылмыскерді құрықтау тікелей полицияның
құзырындағы жедел-іздестіру шараларына байланысты. Аталған шараларды
Интерполдың ҰОБ-сы бұл кезде үйлестіруші орган ретінде қатысатындықтан оның
дұрыс атқарылуына көп нәрсе байланысты болады. Ары қарай, қылмыскер
ұсталғаннан кейін (6-8 кезең) полиция органдарының қызметі іздестіру
нысанының тапсыру кезінде болуын қамтамасыз етумен шектеледі. Осы орайда,
халықаралық іздестіру шаралары аяқталады. Осыдан кейін Интерполдың ҰОБ-сы
тек ақпараттық қызмет атқарады.
Осы себепті, Интерполдың Бас Ассамблеясы бекіткен сызбада көрсетілген
халықаралық іздестірудің соңғы үш кезеңі халықаралық іздестіру шараларына
қатысы жоқ деп есептейміз.
Сонымен қатар, экстрадиция мен халықаралық іздестіру арасындағы тығыз
байланысты жоққа шығармаймыз. Экстрадицияның халықаралық іздестіруге әсері
де айқын. Бұл жерде экстрадиция іздестіру қызметіне институт ретінде емес,
мемлекеттер арасындағы аталған мәселенің құқықтық реттелу деңгейі жоғары
болғаны үлкен роль атқарады. Жалпы, қылмыскерлердің тапсырылауы құқықтық
институт ретінде халықаралық қылмыстық құқық теориясында толық ашылған.
Сондай-ақ, экстрадицияға арналған ғылыми еңбектерде оның алдындағы
іздестіру қызметі туралы қысқа жазылған, бұл екі құқықтық түсініктің түрлі
деңгейде екенін көрсетеді. Халықаралық қылмыстық іздестіру құқық қорғау
қызметінің бөлігі бола тұра, оның қолданыстың бағыты басым, сол себепті
ғылыми зерттеуде қиындық туғызады.
Осылайша, жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, халықаралық қылмыстық
құқық саласында 2 түрлі құқықтық институт – халықаралық іздестіру қызметі
мен экстрадицияны айырып, оны нақты анықтау қажет деп есептейміз. Бұл
орайда, ғылыми тұрғыда сызбада көрсетілген қылмыскерлерді халықаралық
іздестіру қызметінің соңғы үш кезеңі тапсыру шараларына жатады. Тәжірибелік
ыңғай тұрғысында қарағанда оларды сызбаға қосу қисынды, тіпті, қажет деп
саналады. Қарастырылып жатқан екі институттың тығыз байланысы да осыдан
тұрады.
Бас Хатшылық Интерполға мүше-мемлекет елдерде бұл кезеңде құқық
қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілер туралы,
қашан және қандай жағдай да экстрадициялау тұтқындау жөніндегі өтініш
қалай әзірленіп, қалай жолданатыны жөнінде мәлімет жинауға құқылы. Бұл
мағлұмат Интерполдың барлық ҰОБ-на Интерполдың арнайы құжаттар жинағына
енгізілу үшін жіберіледі (VADE MECUM).
Іздестіруші ұсталғаннан кейін экстрадиция алды қамауға алу құзырына
кіретін әділет органының алдына келуі керек. Көпшілік мемлекеттерде бұл
соттар, ТМД елдері мен Қазақстан Республикасында ол Бас прокуратура. Бұл
ведомстволарға қылмыскерді тапсыру туралы мәселенің оң шешілуі үшін ұлттық
заңнамада көрсетілген мерзімде сұрау салатын мемлекет тарапынан қылмыскерді
қамауға алу туралы өтініш беріліп, немесе экстрадициялау туралы талап
қойылады. Алайда алдын-ала қамауға алу туралы өтінішті жіберу мерзімі өте
қысқа болады, яғни 1-3 тәулікке дейін (Қазақстанда 72 сағат). Егер
іздестірудің бастамашы елінен бұл мерзімде тұтқындалушыны экстрадициялау
туралы өтініш келмесе, онда ол қамаудан босатылады. Салыстыру үшін Франция,
Словакия, Швецияда бұл мерзім 24 сағат болса, Израильде ол 48 сағатқа дейін
жетеді. Алайда, бұл мерзім көп жағдайда ұзартылады.
Интерпол тарапынан іздестіру шаралары мақсатқа жеткенде не
көрсетілген мерзім аяқталғанда тоқтатылады. Күдіктілерге, айыптыларға және
сотталғандарға қатысты халықаралық іздестіру келесі негіздерде тоқтатылады:
1. Ізделушінің экстрадициялауынан кейін немесе мемлекеттің заңына
сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты тапсыруға қандай да
бір себептермен алмаған жағдайда;
2. Іздестіруге бастамашы болған мемлекет аумағында табылғанда;
3. Іздеудегінің мәйіті табылғанда не оның қайтыс болғаны туралы
құжаттың бар болған жағдайында;
4. Іздеушіге қатысты қылмыстық іс жабылғанда;
5. Жазалау шарасының тұтқындаудан басқа күдіктінің жүріп-тұруына
тыйым салынбайтын түріне өзгертілгенде;
6. Амнистия актісінен кейін;
7. Сәйкес циркуляр шыққанннан 5 жыл өткеннен кейін;
Қазіргі таңда Бас Хатшылық өз жұмысында халықаралық іздестіру
жариялаудағы жеделділікті арттыру мақсатында соңғы технологиялар мен
байланыс құралдарын, бұқаралық ақпарат құралдары мен қылмыскерлердің
халықаралық іздестіру шараларында Интернет ғаламдық жүйесін пайдалануды
басты міндеті деп есептейді.
1994 жылдан Интерполда Х-400 арнайы электронды коммуникациялық жүйесі
қолданылады. Ол ХҚПҰ арқылы мағлұмат жолдау жұмысын жеделдетіп, халықаралық
іздестіру шараларын жеңілдетті. Дәл осы жүйе жоғарыда аталған жедел
іздестіру шараларын ұйымдастыру кезінде қолданылады. Көптеген ҰОБ-да
бүгінде электронды байланыс құралдары арқылы тек мәтін ғана емес, іздеудегі
адамдардың суреттері мен дактокартасын жолдауға мүмкіндік беретін құрылғы
бар. 1996 жылдан бастап Интерполда ХҚПҰ-тың барлық мүшелері қолданатын
дактокартаның стандартты түрі пайдаланылады.
1984 жылы Бас Хатшылық құрамынан халықаралық іздестіру шараларын
хабарламаларын әзірлеп басумен айналысатын топ құрылды. Талқылау кезеңінде
Интерпол ҰОБ-нан Бас Хатшылыққа халықаралық іздестіруді электронды түрде Х-
400 жүйесін пайданала отырып, жариялау сұрауын жолдау мүмкіндіктері
қарастырылуда.
Бас Хатшылық құрылымдары деңгейде ғана емес, Ин,терполдың ҰОБ жұмысы
барысындағы халықаралық іздестіру шаралары жетілдірілуде. Бұл ең бастысы
құқық қорғау органдарының қызметіне жаңа технологиялар енгізіп, жедел
анықтамалық тіркеудің жаңа түрлерін қалыптастыру негізінде жүргізіледі.
Жергілікті жерлерде Интерполдың ҰОБ-ның жзұмысын жетілдірудің ең
негізгі тәсілі қазіргі заман талаптарын ашатын қылмыспен күрес жөнінде
мемлекеттер арасындағы іс-әрекеттерді жеңілдететін заңдар мен нормалар
қабылдау болып табылады. Халықаралық құқықтық құжаттар секілді Интерполға
мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамасы қылмыскерлердің халықаралық ізлестіру
жұмыстарынан пайда болатын керек емес, қолдан жасалған тосқауылдарды жоюды
басты мақсат деп білуі қажет. Әрине, бұл іс-әрекеттер мүше елдердің ұлттық
қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс.
Бұл мәселеде бірқатар мемлекеттердің алдын-ала қамауға алу туралы
хабарлама қамауға алу туралы халықаралық шешімді (Бас Хатшылықтың Қызыл
циркуляры) мойындауы аталған мәселеде үлкен табыс болып табылады. Оның
негізінде кейіннен адамды тапсыру үшін қамауға алынады. Кей мемлекеттер оны
іздестіруді бастаушы мемлекеттің экстрадиция туралы келісімшартының
негізінде іске асырады. Қазақстан Республикасы бұл мәселеде ілгері кетті.
Біз келісім жоқ мемлекеттерге де қылмыскерді тапсырамыз. Алайда оны барлық
ел қолдамайды. Ал қызыл циркулярды мойындамайтын елдерде түсіну мүмкін
емес. Олар оны адамды тұтқындау туралы өтініш деп қабылдамай, ол
процессуалды құжат емес деп есептейді. Яғни сұрау салатын салатын ел
тарапынан нақты қандай шаралар қажет екендігі көрсетілуі керек. Ол адамды
қамауға алу не Интерполдың Бас Хатшылығына емес, тікелей жіберілген
экстрадиция туралы өтініш болуы мүмкін. Мұның бәрі көп уақыт алғандықтан,
қылмыскерлердің жасыруына жағдай жасай алады. Бірақ бұл маңызды емес. Онда
егер Интерпол құрылымдарының құжаттары орындалмаса оның мүшелігіне кіріп,
өзара серіптестік туралы Жарғыға қол қоюдың қажеті бар ма еді? Тұтқындау
туралы Халықаралық арыздың заңдық құқығын мойындамайтын елдер қатарында
АҚШ, Жапония, Ресей секілді елдер бар.
Жалпы, көптеген елдерде Тұтқындау туралы Халықаралық арыздың ережесі
заңнамамен бекітілген. ҚР ҚІЖК-да мұндай бап болмағанымен, ол мазмұндас
баптармен (бұл туралы кеңірек соңғы тармақшада) толықтырылған. Жекеленген
мемлекеттердің құзырлы органдары тұтқындау туралы халықаралық арызды
ұлттық процессуалды құжат ретінде өз бетінше шығарады да, Интерпол
арналарымен таратады. Венгрия, Дания, Монако, Португалия, Иран, Намибия,
Уругвай, Чилиде осылай жасалады. Кейбір елдерде мұндай ордерлерді барлық
деңгейдегі соттар, ал біреулерінде тек орталық соттар ғана шығара алады
(Әділет Министрлігі, Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура). Қазақстан
Республикасында ҚР ҚІЖК-ның мәніне сәйкес, бұл өкілеттілік Бас Прокурорға
немесе өкілетті прокурорға берілген. Ол құқықтық көмек көрсету,
қылмыскерлерді тапсыру, яғни іздестіру шараларына қатысты барлық сұрақтарды
шешеді. Отандық ҚІЖК-та Интерполдың Бас Хатшылығына жүгіну жұмыстары
қарастырылмаған. Бұл, біздің пікірімізше, үлкен кемшілік болып табылады.
Тұтқындау туралы халықаралық арыз дегеніміз не? Бұл ізделушінің
жасаған қылмысы мен оның жағдайы туралы толық ақпарат беретін күрделі
құжат. Онда істің фабуласы (қылмыстың орны, уақыты және тәсілі), зардаптың
көлемі, ұлттық заңнаманың нормасына сәйкес қылмыстың құқықтық біліктілігі,
қылмыскер туралы барлық мәліметтер мен басқа да іздестіру жұмыстарына
көмектесе алатын фактілер мен жағдайлар көрсетіледі. Осындай процессуалды
құжат шығаратын орган қылмыскер атынан халықаралық іздестіру жариялауға
және оны Интерпол арналары арқылы жүзеге асыруға барлық негіз бар деп
есептейді.
Бас Прокуратура Интерполдың ҰОБ-на айыпталушыны халықаралық іздеу
туралы қаулыдан басқа да бірқатар құжаттар береді. Халықаралық іздестіру
мен оған қолданылатын жаза түрі туралы хабарлама, іздеудегі адам мен
қылмыс туралы толық мәліметтер, іздеудегіні анықтататын ақпараттар.
Интерполдың ҰОБ іздестіру шараларына көп жағдайда еш қажеті жоқ
ұзынсонар ақпарат талап етеді деген пікір жиі айтылады. Сонда да әр
сұратылатын ақпарат түбегейлі негізделіп, ұлттық полиция органдарының, Бас
хатшылық құрылымдарының қызметінің талдауы негізінде жасалады. Сұрауда
кейбір мәліметтер көрсетілмесе, ол іздестіру жұмыстары жүргізілмейді деуге
негіз емес. Дегенмен, іздестіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің мәселелері
Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы
Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігің
Халықаралық қылмыстық полицияның ұйымы шеңберiнде ынтымақтастықты зерттеу жолдары
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құқықтық мәртебесі
Халықаралық қылмыстық құқық ұғымы
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Мемлекеттік күзет қызметінің құқықтық негізін
Пәндер