Жасанды түсік


Жасанды түсік
Жүктілікгің үзілу дәрежесіне қарай ерте түсіктер бірнеше сатыларға бөлінеді: түсік қаупі, басталған түсік, жүрістегі түсік, жартылай түсік, толық түсік (11-кесте) .
- Түсік қаупінің клиникалық белгілері - ейелдің белі және іштің төменгі жағы шамалы ауырады, жатыр мойны жабық болып, жыныс мүшелерінен қан ақпайды, себебі жатырдағы ұрық жатырдың шырышты қабығынан белінбейді. Жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келеді, жатырдың қозғыштығы жоғары болады.
- Басталған түсікте - әйелдің іші толғақ сияқты қатты ауырып, жыныс мүшелерінен аздап қан ағады. Жатырдағы ұрық бірте-бірте жартылай шырыш қабығынан бөлініп, жатыр мойнының ашылуы мүмкін. Жатырдың көлемі жүктілік мерзімімен сәйкес келеді. Бұл екі жағдайда да жүктілікті сақтауға болады
- Жүрістегі түсік - әйелдің іші толғақ тәрізді қатты ауырып, жатыр мойны ашылып қан көп кетеді, себебі ұрық бөліктері мойын қуысында қадады.
- Жартылай түсікте - әйелдің іші толғақ тәрізді қатты ауырып, жатыр мойны ашылып, қан кетеді. Жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келмейді, себебі жатыр қуысында ұрық қалдықтары жартылай қалады.
- Толық түсікте - ұрық тұтас жатырдың қуысынан түсіп, жатыр көк еттері жиырылып, оның мойны жабылып, қан кету тоқталады. Кейбір жағдайларда ұрық жатыр қуысында өспей шетінеуі мүмкін, бұны жүктіліктің өспей үзілуі дейді (жатырдың мөлшері жүктілік мерзіміне сәйкес келмейді) . УДЗ арқылы анықтайды. Көбіне түсіктерденкейін, жатыр қуысына немесе басқа жыныс мүшелеріне инфекция еніп, әйелдің дене ыстығы көтеріліп, қаны улануы мүмкін.
Емдеу жолдары. Жүктіліктің түсік қаупінде, басталған түсікте әйелді бірден емханаға жатқызып емдейді. Емі: төсекте жату ережесін сақтау; жүйке жүйесінің қозуын басатын (триоксазин, валериана, седуксен), витаминдерді ( Е, В), гормондық дәрі-дәрмектерді (гестаген, эстроген, кортикостероид, т. б. ), қан тамырларының түйілуіне қарсы (но-шпа, магний сульфаты, баралгин), алжатырдағы нәрестенің қысылуы мен тұншығуында - Николаев үштігін, АТФ, кокарбоксилазаны, реополиглюкинді кеңінен қолданады; алупент пен партусистенді тамшылатып венаға енгізеді.
Кеш түсіктер - миметиктерді пайдаланады. Түсіктін басқа түрлерінде, жүрістегі, жартылай, толық түсікте жүктілігі сақтауға болмайды, жатыр қуысын жедел қырып, ұрық қалдықтарынан толық тазартады. Содан кейін жатырдың жиырылуын жылдамдататын окситоцин, метилэргометринді т. б. және инфекциялық асқынудың алдын алу үшін антибиотиктерді пайдаланады. Әйел қансыраған жағдайда міндетті түрде қан құяды. Емдеу ұзақтығы екі жұма. Мезгілсіз үзілген жүктіліктің емін оның себептеріне қарап жүргізу керек. Ол үшін - ерте түсік тастаған, жүктілігі мезгілсіз үзілген әйелдер тобын әйелдер кеңес орнында бала көтермей тұрып, зерттеу қажет.
Зерттеу әдістері
(12-кесте) :
тиісті мәліметтер алу; клиникалық зерттеулер жүргізу - объективті, қынаптық; қан құрамын, резусфакторды анықтау; бактериялық, гормондық (17-КС, эстроген, прогестеронды) ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) тәсілін кеңінен қолданады. Сонымен қатар
басқа маман дәрігерлердің (терапевт, кардиолог т. б. ) тексеруінен өтуі қажет. Әйелді зерттеуден өткізіп, түсіктің себебін анықтағаннан кейін, емін жүргізеді. Мысалы, жыныс мүшелерінің толық жетілмеуінде екі-үш етеккір циклінда, гормондық емдерді жүргізеді (микрофоллин-прогестерон), ал жатыр мойнының толық жетіспеушілігіңце (ж. м. ж. ) мойын пластика операциясын жасайды.
Жасанды түсік
... жалғасыТүтіктік аборттың клиникасы жалпы жүктіліктін субъективті және объектииті белгілерімен қосарлана жүреді. Әдетті етеккірдің аз келуінен кейін іштің төменгі жағының толық тәрізді, қайталамалы, ұстамалы ауырсынулар, жиірек бір жақты, белгілі бір уақыт аралығында жыныс мүшелерінен қою-қанды бөліністер болады. Ол дицидуалды қабаттың ажырауынан болады. Түтіктік аборт әдетте ұзақ өтеді, көп жағдайда жедел клиникалық көрініссіз. Аурудың басында жатыр түтігіндегі ұрық жасушасының ажырағандығы, қаны іш қуысына аз мөлшерде ағуы, мұнда жедел перитоналды және анемизациялық көріністер болмайды. Түтіктік аборттың кеш клиникалық көрінісі іш қуысына екіншіілік қан кетумен, жатыр-тік ішек қуысында гематома түзілуімен, анемия және іш астардың тітіркенуімен сипатталады.
Диагностикасы: Динамикалық-клиникалық симптомдарды бағалау аса маңызды. Жүктілікте иммунологиялық реакцияның оң мәнді болуы да маңызды роль атқарады. Жатырдан тыс жүктілік кезіндегі түтік жарылуының симптоматикалық сипаты жеткілікті. Алайда аналогиялық-посттеморрагиялық және перитонеоналды шоқты себептері, басқа да аурулар мүмкін (аналық без апоплекяиясы, жедел аппендицит) көрсетілген аурулардың түтік жарылысыннан айырмашылығы жүктілік белгілерінің болмауы. Аналық бездің жарылуы әдетте еттккір циклының ортасында болды. Іш қуыстық қан кету аналық без апоплексиясы салдарынан болып жатқан анықталса, мұнда да түтік жарылғандад\ғыдай жедел оперативті араласу қажет ететін көрініс болып табылады. Жедел аппендицит кезінде іштің тітіркенуі айтарлықтай анық, температуралық жоғарылауы, жоғары лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы байқалады. Түтіктің жарылуы кезіндегі жедел ауырсыну біртіндеп, басылады, ал аппендицит кезінде жоғарылайды. Жедел аппендицитке пальпация жасаған өсіндінің орналасу аймағында өткір ауырсыну және ол іштің алдыңғы қабырғасы бұлшық еттерінің бірден тырысуымен сипатталады. Аппендицит кезінде қандағы гемоглобин концентрациясы төмендемейді, ал бұзылған жатырдан тыс жүктілік кезінде ол төмендейді. Соңына келгенде аппендициттің барлық жағдайында болатын аппендикулярлы симптомдар тән. Бұл жатырдан тыс жүктілікте кездеспейді. Диагнозды дұрыс толығымен анықтау үшін гинекологиялық тексерулер жүргізіледі.
Жүктілік аборт түрінде үзілетін жатырдан тыс жүктілік өзінің клиникалық белгісі бойынша жатырлық жүктіліктің алғашқы кезеңдеріндегі үзілу симптомдарымен ұқсас келеді. Дифференциалды диагностикасы берілген анализге, клиникалық көрінісіне және қосымша зерттеу әдістеріне негізделеді.
Диагноз қоюға сондай-ақ кульдоскопия әдісі де көмектеседі, ол арқылы жатыр түтіктерін визуалды бағалауға болады түтіктік аборт түрінде үзілетін жатырдан тыс жүректілікті симптомдарының ұқсастығына байланысты жедел аппендицитпен, аналық без апоплексиясынан, жатыр қосалқыларының қабынуларының асқынуларынан ажырата білу керек. эЕмі: диагностикаланған жатырдан тыс жүктілікке жедел жасалатын оперативті ем жүргізеді. Әдетте жатыр түтігінің патологиялық өзгеріске алып тастайды. Басқа да жағдайларда жатыр түтігіне пластикалық операция жасалады. Пластикалық операция дәрігердің хирургиялық техникасының жоғары дәрежелігін талап етеді.
Үзілген жатырдан тыс жүктілікке диагноз қойып болғаннан соң, 30-40 минуттың ішінде операция жасау керек. Осы уақыттан бастап, қан құю қан алмастырғыш заттар құю керек. Қанның жедел құйылуы науқаста қан жоғалтудан дамитын гиповолемиялық шоққа қарсы жүргізіледі.
Операция кезінде ауто қан реинфузиясын жүргізеді. Бұл мақсатта іс астардағы қанды 5 сағ. Ішінде қолдануға болады. Реинфузия техникасы мынадан тұрады: іш қуыстан қанды алу үшін және оны қайта құю үшін стерилді І литрлік кең ауызды, банка, воронка, қасық және система керек. Мұндай жинақты әдетте операциялық бөлмеде сақтайды. Операция алдында
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz