Қытай тілі



КІРІСПЕ
1. ҚЫТАЙ ТІЛІНІҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУДАҒЫ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР.
1.1. ҚЫТАЙ ТІЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.2. АУДАРМАШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.3. ҚЫТАЙ АУДАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ.

2. ҚЫТАЙ ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2.1. ИЕРОГЛИФТЕР МЕН СӨЗДЕРДІ ДҰРЫС ТАНУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Аударма – қиын да, күрделі іс, жауапты да, маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы, әрі аударма зерттеушісі К.Чуковский аударманы биік өнер деп бағалаған. Өйткені неміс ғалымы И.Гете пайымдауында «аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді». Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір біріне жеткізуші, халықтар арасындағы шығармашылық өнерді дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Шығысымыздағы алып көршіміз – Қытай Халық Республикасы тек өзінің бүгінгі әулетімен ғана құдіретті емес, қайта бай мәдениеті мен ұзақ тарихы арқылы әлемнен өз орнын баяғыда күреп алған санаулы державалардың бірі, Адамзаттың көне мәдениет ошағының бірі де бірегейі болған бұл ел, сол бай да, ескі мәдени жәдігерліктерді бүгінге жеткізіп, адамзат баласының қазіргі ұрпағының игілігіне айналуына үлес қосуымен де ерекшеленеді. Адамзатта алғашқы болып 4 ірі тапқырлықты да (компас, қағаз жасау, мылтық дәрісі, баспа техникасы) қытайлардың өмірге әкелгенін ескерсек, аталған ел адамзат ескі мәдениетінің бірегей ошағы екендігіне еш күмән қалмаса керек. Демек, адамзаттың өте бағзы дәуірлердегі рухани құндылықтарына ден қою үшін оны зерттеп білу үшін қытай тілін білу керек болады.
Тағы бір жағынан, шығысымызда жатқан Шын елі ежелдің ең күнінін бері қарайғы біздің «құдай қосқан» көршіміз. Небір аумалы төкпелі замандарды басынан өткерген халқымыз «мың өліп, мың тіріле» жүріп, бүгінге зорға жетіп отырғаны құпия емес. Біз оны зерттеуде археологиялық қазбалар мен көрші елдердің жазбаларына сүйенеміз. Бұл ретте, ең байырғы, аса жүйелі, өте құнды деректер қытай жазбаларында екені белгілі. Демек, туған халқымыздың мәдениетін байытып, тарихын қалыңдату үшін де қытай тілін меңгеру керек деген сөз.
Бұдан тыс, бәрінен де маңыздысы Қытайдың қазіргі таңдағы экономикасы мен ғылымының даму қарқыны әлем халықтарын сөзсіз таңқалдыруда. Егер де ол өз дамуын дәл осындай дәрежеде сақтайтын болса, «XXI ғасыр сөзсіз Қытай ғасыры болады» деген болжамның де негізі жоқ емес. Осы себепті де, қазіргі жаппай экономикалық ынтымақтастық пен бәсекелестік заманында біз үшін Қытайдың даму деңгейі, оның осындай дәрежеге жету жолын білудің маңызы зор.
Міне, осындай сан салалы қажеттіліктер қытай тілінен қазақ тіліне аударудың негізгі мақсаттары мен маңыздылығын айқындайды.
1. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2005. 272 бет.
2. Мәсімхан Д, Әбиденқызы А. Қытай филологиясына кіріспе. Алматы: Қазақ Университеті, 2002.-237 бет.
3. Бархударов Л.Язык и перевод. – М, 1975.-240
4. Тарақов Ә. Аударма әлемі.¬ – Алматы: Қазақ Университеті, 2007. 243 бет.
5. Мәсімхан Д, Мамытан Қ. Қытай тілі фонетикасының негіздері.- Алматы: ҚазақУниверситеті, 2001.- 162 бет.
6. Қазыбек Г.Қ. Аударматануға кіріспе. Алматы: Қазақ Университеті, 2004.- 215

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Қытай тілінің сипаты және оны аударудағы негізгі талаптар.
1.1. Қытай тілі туралы жалпы түсінік.
1.2. АУДАРМАШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.3. ҚЫТАЙ АУДАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ.

2. ҚЫТАЙ ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2.1. Иероглифтер мен сөздерді дұрыс тану

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Аударма – қиын да, күрделі іс, жауапты да, маңызды, шығармашылық
өнердің ең биігі. Талантты аудармашы, әрі аударма зерттеушісі К.Чуковский
аударманы биік өнер деп бағалаған. Өйткені неміс ғалымы И.Гете пайымдауында
аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды
істердің бірі болып қалды және қала береді. Шын мәнінде аударма қалыптасу
кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени
құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы шығармашылық өнерді
дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Шығысымыздағы алып көршіміз – Қытай Халық Республикасы тек өзінің
бүгінгі әулетімен ғана құдіретті емес, қайта бай мәдениеті мен ұзақ тарихы
арқылы әлемнен өз орнын баяғыда күреп алған санаулы державалардың бірі,
Адамзаттың көне мәдениет ошағының бірі де бірегейі болған бұл ел, сол бай
да, ескі мәдени жәдігерліктерді бүгінге жеткізіп, адамзат баласының қазіргі
ұрпағының игілігіне айналуына үлес қосуымен де ерекшеленеді. Адамзатта
алғашқы болып 4 ірі тапқырлықты да (компас, қағаз жасау, мылтық дәрісі,
баспа техникасы) қытайлардың өмірге әкелгенін ескерсек, аталған ел адамзат
ескі мәдениетінің бірегей ошағы екендігіне еш күмән қалмаса керек. Демек,
адамзаттың өте бағзы дәуірлердегі рухани құндылықтарына ден қою үшін оны
зерттеп білу үшін қытай тілін білу керек болады.
Тағы бір жағынан, шығысымызда жатқан Шын елі ежелдің ең күнінін бері
қарайғы біздің құдай қосқан көршіміз. Небір аумалы - төкпелі замандарды
басынан өткерген халқымыз мың өліп, мың тіріле жүріп, бүгінге зорға жетіп
отырғаны құпия емес. Біз оны зерттеуде археологиялық қазбалар мен көрші
елдердің жазбаларына сүйенеміз. Бұл ретте, ең байырғы, аса жүйелі, өте
құнды деректер қытай жазбаларында екені белгілі. Демек, туған халқымыздың
мәдениетін байытып, тарихын қалыңдату үшін де қытай тілін меңгеру керек
деген сөз.
Бұдан тыс, бәрінен де маңыздысы Қытайдың қазіргі таңдағы экономикасы
мен ғылымының даму қарқыны әлем халықтарын сөзсіз таңқалдыруда. Егер де ол
өз дамуын дәл осындай дәрежеде сақтайтын болса, XXI ғасыр сөзсіз Қытай
ғасыры болады деген болжамның де негізі жоқ емес. Осы себепті де, қазіргі
жаппай экономикалық ынтымақтастық пен бәсекелестік заманында біз үшін
Қытайдың даму деңгейі, оның осындай дәрежеге жету жолын білудің маңызы зор.

Міне, осындай сан-салалы қажеттіліктер қытай тілінен қазақ тіліне
аударудың негізгі мақсаттары мен маңыздылығын айқындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты – қытай тілінен қазақ тіліне аударудың
маңыздылығын анықтау және аудару барысындағы негізгі ерекшеліктеріне талдау
жасау. Осыған байланысты мынадай міндеттер туындайды:
▪ Қытай тілінің өзіндік фонетикалық, лексикалық және грамматикалық
ерекшеліктеріне тоқталу;
▪ Қытай тілінен қазақ тіліне аударушыға қойылатын негізгі талаптарды
анықтау;
▪ Қытай тілінен қазақ тіліне аударудың негізгі ерекшеліктеріне талдау
жасау;
▪ аудару барысындағы кездесетін қиындықтарды танып білу;
Курстық жұмысты жазу барысында дерек көзі ретінде пайдаланылған Жақсылық
Сәмитұлының Аударма териясы және практикасы атты зерттеу еңбегі және
қытай тілінің адармасы мен қытай филологиясын зерттеген Д. Мәсімхан, Фәтима
Болатқызы қатарлы қытайтанушы ғалымдардың еңбектері қытай тілінің өзіндік
ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігіне негізделіп, мақсат-міндеттері
айқындалды, пайдаланылған әдебиеттер мен курс жұмысының құрылымына талдау
жасалды.
Қытай тілінің сипаты және оны аударудың талаптары атты бірінші
тарауда Қытай тілінің өзіндік фонетикалық, лексикалық және грамматикалық
өзгешеліктері баяндалды. Осыған байланысты аталған тарауда аударушыға
қойылатын негізгі талаптар айқындалды.
Қытай тілінен қазақ тіліне аударудың негізгі ерекшеліктері деп
аталатын екінші тарауда аударушының қытай тілінің иероглифтері мен сөздерін
дұрыс тану ережелері туралы айтылып, олардың қолданылу аясына талдау
жасалды. Сонымен қатар, сөздердің түрлі сала атауларына байланысты
аударудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Қорыта келгенде, адамзат мәдениетіне өз септігін тигізген, бүгінгі күннің
қарқынды дамыған, әлемдегі алпауыт мемлекеттерінің бірі Қытайдың ортақ
тілінен қазақ тіліне аудару практикасы туралы курстық жұмыс болмақ.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қытай тілінің сипаты және оны аударудағы негізгі талаптар.
1.1. Қытай тілі туралы жалпы түсінік.

Қытай тілі - ең ертедегі тілдердің бірі. Қазіргі дүние жүзінде қытай
тілінде сөйлейтін адам саны басқа тілде сөйлейтіндердің қай-қайсысынан да
көп, сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының әр түрлі қызметтерінде ортақ
қолданылатын алты (ағылшын, қытай, француз, орыс, испан, араб тілдері)
тілдің бірі болып табылады.
Қытай тілінің ғалымдары қытай иероглифтерінің пада болуын біздің жыл
санауымыздан бұрынғы 16-14 ғасыр мөлшеріндегі сауыт, сүйек жазуы немесе мыс
жазбалар дәуірінен, яғни, бұдан 3300 жыл ілгері уақытта қарастырады және
оның қазірге дейін ешбір алфавиттерге ұқсамайтынын, тек қытай ұлтына ғана
тән өзгеше таңбалары (иероглифтер) бар екенін мақтанышпен ауызға алады.
Бұл жазулар ең бастапқыда сурет тектес бейнелі иероглифтер
болғандықтан, олардың саны да ерекше көп болған. Тарихтан қалған бір-біріне
ұқсамайтын алуан түрлі иероглифтердің жалпы саны 50-60 мың шамасында деп
мөлшерленуде. ҚХР-ның тіл және жазу комитеті кейінгі кезде жаппай
қолданылатын иероглифтердің саны 7000 деп есептеліп отыр, ал мұның ішінде
үнемі қолданылатын 3500 иероглиф деген мәлімет береді.
Кеңінен қарастырар болсақ, қытай иероглифтері ертедегі иероглиф және
жаңа заманғы иероглиф деп екі түрге бөлінеді. Жаңа заманғы иероглиф деп
Қытайда 1919 жылы болған 4 маусым жастар қозғалысынан кейінгі реформаланған
таңбаларды айтады, сонымен бірге қытай иероглифтері ескісі, жаңасы болсын,
жалпы көлемнен қарастырғанда ұлы құрлықтағы коммунистік Қытай қолданып
отырған таңбаларды Формуза, Гонконг, Аомэнь, Жапония, Оңтүстік Корея
қатарлы елдердегі пайдаланылатын иероглифтерді қамтиды.
Қытай иероглифтерінің құрылымы формалық және дыбыстық деп екі
бөлшектен жасалады. Сондықтан оның оқылуының да, жазылуының да аса күрделі
екенін мойындамай болмайды. Бұл Қытай иероглифтерінің бір тобы бейнеленетін
нәрсенің формасына қарап жасалса, енді бір тобы оның қалай аталуына
негізделіп таңбаланғандығын білдіреді. Сондықтан оны сырттай қарап түсіну
аса қиынға соғады. Және басқа алфавиттердегі сияқты алғашқы бір топ таңбаны
біліп алғаннан кейін, сол негізде қалғанын ежіктеп оқып кетуге мүлде
болмайды.
Бұл неше мың иероглиф болса, соның әрқайсысын жеке-жеке оқып-тану және
олардың сөйлемдегі орнына қарай өзгеріп отыратын мағынасын да жеке-жеке
толық білу деген сөз. Сондықтан мұны тек белгілі дәрежедегі білімі бар адам
болмаса, басқа адам түсіне алмайды.
Қытай иероглифтері алуан түрлі ұсақ сызықтар -лардан құралады. Қытай
тіліндегі 7000 иероглифті зерттеп көргенде қытай ғалымдары олардың ортақ
сызығы бір иероглифке 10.76 сызықтан тура келетінін есептеп шығарған.
Бұлардың ішіндегі ең күрделі бір иероглифті мысалға алсақ, ол
мұрынның бітіп қалуын білдіретін 齉 дыбысталып, 36 сызықтан тұратындығын
көрсетеді.
Ал қытай ғалымдарының кейінгі кезде қытай иероглифтерін оңайлату үшін
олардың сызықтарын қысқарту жағында көп күш салып отырғанын да айипай
болмайды. ҚХР-ның статистикалық мәліметтеріне сүйенер болсақ, мұндай
қысқартылып қайта жасалған иероглифтер кейінгі кезде,1956 жылы қаңтардан
бастап жалпы қытай иероглифтерінің үштен бірінен артығын құрайтындығына көз
жеткіземіз.
Қытайлар өз иероглифтерін жалпы сыртқы формасына қарап, тқртбұрышты
жазу деп атайды. Осы төртбұрышты таңба формасын ан оның тағы бір қызық
ерекшелігі туындайды. Дүние жүзіндегі біз білетін барлық иероглифтер,
жазулар бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, араб алфавиті оңнан солға қарай,
латын, кириллица алфавиттері солдан оңға қарай, ал монғол жазулары
жоғарыдан төменге қарй жазылып, сол бағыт бойынша оқылады.
Мұндай жазу әдісі оларда тарихтан бері сақталып келеді. Әсіресе,
ертедегі тарихи кітаптарда, романдарда көп қолданылып келгені анық. Тіпті,
қазіргі кезде де бар. Бүгінгі таңда да Қытай газеттері мен журналдарында
қысқа хабарларды бірінен-бірін айыру үшін біреуін оң жағынан, біреуін сол
жағынан бастап, енді біреуін жоғарыдан төмен қарай оқитын етіп орналастыру
жағдайы көптеп кездеседі. Бұл форма оқушыға ешқандай қиындық тудырмайды.
Бұл айтылғандар, қытай тілінің көзге бірден көрінетін абстракт түрдегі
сыртқы ерекшеліктері. Қытай тілін оқыған адам, әрине, ең алдымен осыларды
түсініп шығады. Ал аудармашының алдына кезігетін қиыншылықтар мұнан өзгеше.

Осы ретте біздің қарастырып отырған қытай және қазақ тілдерінің
типологиялық жағынан алшақ жатқан тілдер деп айтуымыздың негізі бар. Бұл
жайында орыс қытайтанушылары қытай тіліндегіт кейбір агглютинация
құбылыстарын негізге ала отырып, оны дараланушы тілдердің дараланушы-
агглютинативті полтипіне жатқызады.
Қытай тілінің өзге тілдерге ұқсамайтын көптеген ерекшеліктері бар
екендігін тіл ғалымдары ерте байқаған. Бұл жерде ең алдымен қытай тілі тек
өзіне ғана тән фонетикалық және морфологиялық қасиеттерімен
дараланатындығын, сонымен қатар көптеген грамматикалық өзгешеліктері де бар
екенін, онда сөйлем мүшелерінің саны қазақ тіліндегідей 5 емес, 6 болып
келетіндігін септік, жіктік, тәуелдік жалғауларының болмайтындығын баса
айтқан жөн. Бұлардың сыртында қытай тілінің көне және жаңа тіл, 7500-ден
астам иероглифтің күрделі және қарапайым иероглиф болып екі түрде
бейнеленіп келгендігін, әсіресе, дыбыстардың тек иероглифпен ғaна
таңбаланып жазылатындығын, олардың арасында қазақ тіліндегі сияқты үндестік
заңы, дыбыс және буын үндестігі, ілгерінді және кейінгі ықпал дегенлерлің
мүлде болмайтындығын ескеретін болсақ, онда қытай тілінің аударма
теориясына қатысты да алуан түрлі айырмашылықтардың болатындығы өзінен-өзі
белгілі.
1) Фонетикалық ерекшелігі.
Қазіргі қытай тілінің фонетикасын өзге тілдермен салыстырғанда көзг қрып
тұратын көрнекті бір ерекшелігі – бір буынның басында немесе соңында болсын
екі не үш дауыссыз дыбыс қатар келетін жағдай кездеспейді. Бұл жағдай
әсіресе, түркі немесе славян тілдерімен салыстырғанда анық байқалады.
Мысалға қызық тіліндегі өрт, құрт деген бір буынды сөздегі іркес-
тіркес келіп тұрған дауыссыздарды алайық, немесе орыс тіліндегі екі-үш
дауыссыздың қатар келетін жағдайларын (парк, здравствуй) алайық, бұл
секілді құбылыстар қытай тілінің фонетикасына мүлдем жат. Бұдан шығатын
қорытынды мынау: қытай тіліндегі буындардың құрылымдық формасы ретті,
буындардың шет-шекарасы өте айқын. Есесіне сөздердегі дауысты дыбыстардың
орны ерекше, яғни буындардағы дауысты дыбыстардың сандық салмағы
дауыссыздардан әлдеқайда көп екендігін байқауға болады. Сондай-ақ ашық
буыннң көптігі де, әр буында тиесілі ырғақ (тон) болатындығы да қытай
тілінің фонетикасының басты ерекшелігі болып табылады.
2) Лексикалық ерекшелігі. Қазіргі қытай тілінің лексикасының басты
ерекшеліктерінің бірі – сөздердің дәстүрлі бір буындылықтан жаппай қос
буындылыққа көшіп бара жатқандығы. Бұл жағдай, әсіресе, мына бірнеше
себептерден байқалуда. Біріншіден, көне қытай тіліндегі буын сөздердің
орнын түгелге дерлік екі буынды сөздер басуда. Мысалы, көне қытай тілінде
көз - 目деген жалғыз сөз болса, бүгінде оның орнын 眼睛 деген қос
буынды сөздің бақаны белгілі. Сол секілді 军–ның орнын 军队 ,可-ның
орнын 可以 басқанын т.с.с. атауға болады. Екіншіден, көне қытай тіліндегі
бір буынды сөздердің біразы қазіргі қытай тілінде аллофондық рөл атқарып,
қос буынды сөз жасаудың белсендісі болған жайы бар. Мысалы, көне қытай
тіліндегі білу деген мағынаны білдіретін 习 деген сөз үйрену学习,
пысықтау 练习,практика 实 习 немесе 习题 (пысықтау сұраулары) деген
секілді қос буынды сөз жасайтын аллофон болып жүр. Бұған да мысал көп.
Үшіншіден, қытай тіліндегі бұрын соңды қалыптасқан сөздер немесе сөз
тіркестері уақыт озған сайын ықшамдалып, қос буынды сөздерге өзгеріп
барады. Мысалы,科学研究 - 科研医疗效果一疗效 өзгеру секілді үрдіс бет
алуда. Төртіншіден, өзге тілдердің дыбыстық аударма арқылы кірген көп
буынды сөздердің де орнын таза қытайша екі буынды сөздер иеленуде. Мысалы,
қытайлар ғасыр басында ғылым деген сөзді 塞因斯деп сырттан қабылдаған
болса, бұл күнде ол сөздің 科学орнын деген екі буынды қытай сөзі иеленді.
Сол секілді 德 莫 克 拉 西–дің 民主 –ге өзгергенін айтуға болады.
Бұлардан тыс қытай тілінің лексикасының тағы бір ерекшелігі ретінде – тір
сөздерді біріктіру арқылы жаңа сөз жасағышытық қасиетін айтуға болады.
Демек, қытай тілінің сөзжасамдағы ерекшелігі сөзді туындату арқылы емес,
түбір сөздерді біріктіру арқылы жүзеге асатындығын байқауға болады. Әрине,
қытай тіліндегі жаңа сөз жасаудың бұдан өзге де тәсілдері (ырғақсыздандыру,
ырландыру, қабаттау) секілді бар. Дей тұрғанмен, ең көп қоданылатын, әрі
өнімді нәтиже беріп келе жатқан тәсіл сол – кіріктіру-біріктіру.
3) Грамматикалық ерекшелігі. Қазіргі қытай тілінің грамматикалық
тұрғысынан аналитикалық тілге жатады. Яғни, онда жеке сөздің өз басы
өзгеріске ұшырамайды да, грамматикалық мағыналар көп жағдайда өздерінің
орын-реті, шылаулар арқылы білдіріліп жатады. Мысалы: 他деген сөйлемде
他找我 бастауыш болатын болса, 我找他 дегенде толықтауыш болып тұр. Сол
сияқты, 我 和老师, 我的老师 - 和,的 шылауларының арқасында біресе,
салалас, біресе сабақтас тіркес болып тұр. Ал ұқсас бір етістіктің соңынан
жалғанған 着 шылауы сол істің әлі де жалғасып жатқандығын, ал了 шылауы
аяқталғандығын білдіреді. Қазіргі қытай тілінің грамматикасындағы көрнекті
ерекшелік деуге тұрарлық құбылыстардың бірі - ондағы шама есім мөлшер сөз
мағынасын білдіретін сөздердің көптігі. Бұл топтағы сөздердің көптігі
соншалық, қытай тілі морфологиясында ол өзінше сөз табы ретінде
қарастырылады. Яғни, қытай тілінде зат есімді анықтап келетінсан есім зат
есімге тікелей қосақталмайды. Міндетті түрде сол заттың сандық сапасын
білдіретін мөлшер есімдер зат есім мен сан есімнің ортасында тұруы керек.
Қытай тіліндегі барлық зат есімдердің өзіне тән мөлшер есімдері болады.
Соны тек дұрыстап игеріп лауы керек. Бұлардан тыс қазіргі қытай тілінде
модальдық сөздер де аса көп. Ал жұртқа белгілі болғандай, модальды сөздің
көптігі сол тілдің бай-икемділігінің белгісі болып есептеледі.

1.2. АУДАРМАШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Аударма қызметі - аса қиын, жауапты қызмет. Ол аудармашыдан ең алдымен
шынай болуды, ғылыми ұстанымдарға толық бойұсынуды талап етеді. Сондықтан,
аудармашылар мынадай бірнеше щартқа дайын болуы керек:
1. Аудармашы болған адам ең алдымен аударатын өзге тілді жетік білуі қажет.
Сонымен қатар, өзінің ана тілін толық білуі, лексикалық қорының бай болуы,
бейнелеу қуатының күшті болуы керек. Түпнұсқаны толық түсіну, оны дәл
бейнелеу аударманың сапасына кепілдік етудегі негізгі шарт болып табылады.
Аударатын өзге тілді толық білмеген дағдайда бұл мақсатқа жету мүмкін емес.
Ал егер өз ана тіліңді жақсы білмесең, түпнұсқаның мазмүнын дәл бейнелеп,
түсінікті, жатық етіп жеткізе алуың да қиын. Бұл екі шарттың қай-қайсысы
кем болса да, аударма сапасы ақсап қалады.
Мысалы: 莫非将来她靠裙带吃饭?
Мұны біреулер енді оған көйлек-көншіктеріне сүйеніп күнелтуден басқа
не қалды? деп аударған. Иә, әрине, мұндағы 裙иероглифтің лесикалық
мағынасының көйлек екені рас. Бірақ, 裙带 болып келгенде, оның апа-
сіңлі, абысын-ажын деген басқа бір мағынаны білдіретіні тағы бар.
Аудармашы оның сөздіктегі лексикалық мағынасын ғана біліп, екінші түрдегі
мағынасын түсіне алмаған. Оның дұрыс аудармасы былай болып келеді: енді
дұрыс абысы-ажын, апа-сіңлілеріне сүйеніп күнелтуден басқа не қалды?
2. Аудармашы әр ғылымнан хаабары бар, бұрынғыны да, бүгінгіні де жақсы
білетін , мол білімді адам болуы керек. Тар өрісті,таяз адамдар екінің
бірінде қателікке бой алдырып, ұятқа қалып жатады.
Мысалы: 大房女佣张嫂突然打了一个纸灯笼从外面走进来了。
(Сырттан үлкен үйдегі әйел қызметші Zhang жеңгей қағаз панар көтеріп,
кенеттен кіріп келді). Бұрын қытай балалары бірнеше әйел алатын да, оның
үлкен әйелі 大房, екінші әйелі 二房 деп аталатын. Жоғарыдағы сөйлемде
аударушы деген сөзді үстірт қана мөлшерлеп, үлкен үй деп аудара
салған. Бұл оның қытай тілінен шала сауатты екендігін түсіндіріп қана
қоймастан, аударма қызметіне немқұрайлы қарайтындығын да білдіреді.
Сондықтан аударма қате болып шыққан. Мұның дұрыс аудармасы мындадай:
Бәйбішенің үй қызметшісі Zhang жеңгей кенет сырттан қағаз панар көтеріп
кіріп келді.
3. Аудармашы үшін өзге тілді жақсы меңгеру өзінің ана тілін толық білудің
алғышарты екені шындық. Бірақ, оның сыртында аудармашы болған адам екі
тілдің бейнелеу жағындағы ерекшеліктерін де жан-жақтылы игеруден тыс,
аударма теориясы мен оның тәсілдеріне де атүсті қарауына әсте болмайды.
Мысалы: 一家那哭啊,就别提了!
Мұны бір аудармашы Бала-шағамның зар жылауына қоя берші деп алған
көрінеді.
Бұл сөздің қытайша мағынасын айтпаған күннің өзінде қазақша сөз
қолданысы да кісі күлерлік екені көрініп тұр. Көркем шығарма аудармасында
кейбір сөз-сөйлемдер автордың түпнұсқасындағы сөз саптауына, қолданған
сөзінің ішкі әуеніне де байланысты жанды түрде бейнеленетіндігін ұмытпаған
дұрыс. Мұны біз жоғарғы сөйлемдегі 啊 иероглифін меңзеп айтып отырмыз.
Автордың бұл иероглифті қолдану арқылы сөйлемге лептік әуен беруге
ұмтылғаны айқын байқалады. Әйтпесе, сол 啊 иероглифін алмай кетсе, екінші
жай сөйлемдегі 提 иероглифі қытай тілінде көп мағыналы сөздер қатарына
жатады. Көтеру, сұрақ қою, алу (затты), ашу (істі), айту сияқты бірнеше
мағынаны білдіреді.
Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, дәл осы мәтінді аударғна кезде, осы
көп сөздің қайсысы лайық екені жөнінде жан-жақтылы ойлауымыз, сонан соң
оның ішіндегі мазмұнға дәл келетін біреуін таңдап алуымыз керек. Сонда
сөйлемнің мағынасы былай болып шығады: Бір үйлі жанның қалай зар
еңірегенін айтып сұрама!
4. Аудармашы идеялық және саяси жағынан, саналы теориялық білім жағынан
сауатты болуы керек.
Аударма жұмысы қашанда болсын тарихтағы және қазіргі кездегі алуан
түрлі саясатапен қатысты болмай қоймайды. Әсіресе, саяси-тероиялық
щығармаларды аудар, онда аудармашының бұл жақтағы білімі таяз болса,
қателік көп кездеседі. Сондықтан аудармашы әрбір тарихи дәуірдің саяси
жағдайына қанық болуы шарт. Сол дәуірдегі қоғамдық тәртіпті , саяси
экономиканы, алуан түрлі ағымдарды толық түсінуі, соларға қатысты атау-
терминдерді айқын білуі қажет.
Мысалы: 一九四三年三月,蒋介石写过一本书叫 中国 之 命 运, 强调
反对共严主义和自由主义.
Аудармашы мұны 1943 жылы наурызда Jiang Jieshe Қытайдің тағдыры
деген кітабын жазып, коммунизмге және либерализмге қарсы тұруды дәріптеген
деп аударған.
Былай қарағнда, аударма дұрыс сияқты. Бірақ зер сала қарайтын болсақ,
аудармашының сол кездегі тарихи жағдайды және Jiang Jieshe-ның сол кездегі
идеялық көзқарастарын түсінбегені анық көрінеді. Себебі, мұндағы 自由主义
деген сөздің екі мағынасы бар. Бірі – либерализм, екіншісі –
бостандықшылдық. Бұл жерде аудармашы Қытайдың сол кездегі президенті Jiang
Jieshe-ның саяси қуаттамасы не екеніне ой жүгіртуі қажет еді. Қытай
президенті шығармаларын да оқып көруі тиіс еді. Сол кезде компартия мен
қиян-кескі азаматтық соғыс жүргізіп жатқан президент компартияға қарсы
тұрумен бірге компартия үгіттеп жатқан еркндікке де қарсы тұратынын
түсінгенде ғана мәтінді дәл мағынасында аудара алатын еді. Бірақ, ол
自由主义 деген сөздің сыңар мағынасын ғана ала салған.
Олай болса, мәтіннің дұрыс аудармасы былай болуы керек: 1943 жылы
наурызда Jiang Jieshe Қытайдің тағдыры деген кітабын жазып, онда
коммунизмге және либерализмге қарсы тұруды дәріпеді.

1.3. ҚЫТАЙ АУДАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ.

Қытай мәдениеті дамыған, байырғы ел. Сондықтан оның аудармашылығы да
ұзақ тарихқа және даңқты дәстүрге ие. Сонау Цинь, Хань дәуірінен бұрын-ақ
орта жазық өңірінде қытай ұлты аударма арқылы басқа ұлттармен және көршілес
елдермен барыс-келіс жасаған. Жора-жосын Хандың түзім деген кітапта:
Орта жазықта өмір сүріп жатқан адамдардың тілдері ұқсамайды. Салт-санасы
да түрліше.Олардың ой-сезімін, талабын жеткізу ji (寄) үшін оңтүстікте
xiang(象), батыстаdi(狄),деген сияқты аудармашылық орындары құрылған.
Батыс Хань дәуірінде ел арасындағы тілмаштар мен сыртқы істердегі
аудармашылар недәуір молайып, сол арқылы ұлтаралық және халықаралық қарым-
қатынас орнаған. Чжаң Цянь Хань У-ди патшаға жолдаған хатында жан-жаққа
тілмаш жіберу арқылы алыстағы ұлттар мен елдерді өзімізге тартайық деп
ұсыныс қойған екен. Кейбір деректерге қарағанда, Хань патшалағында да
көптеген тілмаштар болған көрінеді. Шыңжанды өз ішіне алған батыстағы 36
ел де аудармашылықпен шұғылданған деген сөз бар.
Хань Миңди Юнпиң жылнамасының 8 жылында (жаңа эраның 65 жылы)
Қытайда будда діні кеңінен таралады. Сөйтіп, будда номын аударуды өзек
еткен аудармашылық қимылы да етек ала бастады.
Будда номын тұңғыш рет аударған әйгілі аудармашы Аршак (安清) Патиялық
адам. Ол жасынан құлшына үйреніп,санскрит тіліне де жетік болған. Ол жаңа
эраның 148 жылынан 172 жылына дейін жиырма неше жыл ішінде түрлі номнан 35
бөлігін,41 орамасын аударған. Ол аударманың шұбалаңқы тартымсыз болмай,
ұғыныңқы да жатық болуын онда сөзді саралап, орнын тауып қолдануды
дәріптеп, кейінгілердің құрметіне бөленді.
Жин дәуіріне келгенде төте аударушылардың өкілі 揲道安ретінде шығады.
揲道安(Shedaoan) (жаңа эраның 314-385жылдары) Chang Shan (қазіргі
Хэбей өлкесінде) деген жердің адамы. Ол будда номын аударуда нақтылы
тәжірибелерді біртіндеп қорытындылап бес ұстанымды ортаға қояды.
1. Номдаға орны ауысқан сөздерді қытай тілінің грамматикалық
заңдылығы бойынша өзгерту; 2. Номның сөзі қарапайым, сондықтан аударма
құсқаны өңдеу; 3. Номдағы қайталанған сөздерді қысқарту; 4. Номда әр
абзацтың соңында қайталанған шағын қорытындыны қысқарту; 5. Номда бірер
істі баяндап болып, енді бір істі бастағанда, алдыңғы істің мазмұнын қайта
бір айтып өтеді, мұндай қайталанған жерін аударғанда, қысқартып тастау
керек. Міне, бұл Қытайдағы ең алғашқы аудару тәсілі болса керек.
Мағынасы бойынша аударудың алғашқы өкілі, әрі шебері Кумараджа
болған. Кумараджа Shedaoanмен бір дәуірде өмір сүрген адам. Оның әкесі-
үндістандық, ал шешесі-кушарлық.Ол санскрит тіліне де, қытай тіліне де
жетік болған. Сондықтан, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне қытай тілі және қазіргі қытай тілінің қытай әдебиетіне ықпалы
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
Қытай тілінің құрылымдық ерекшелігі және оның қазақ тілінен айырмашылығы
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Қытай тілі жөнінде
Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
Қазіргі қытай тілі грамматикасындағы қытай тілінің сөз жасам тәсілі
Шетелдік Азия халықтарына этнодемографиялық сипаттама
Табиғи әдіс негізінде пайда болған шет тілдерін оқыту әдісі
Тілдердің классификациясы
Пәндер