Экономикалық қауіпсіздік жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТЕОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Экономикалық қауіпсіздіктің мәні және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Экономикалық қауіпсіздік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ДСҰ.ҒА КІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ , ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 ҚР.ғы экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық сипаттағы маңыздылығы ..13
2.2 Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің экономикалық қауіпсіздікке
тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Еліміздің экономикалық қауіпсіздігі соңғы жылдары актуалды және көптеген ТМД және Батыс ғалымдарының белсенді түрде зерттеу обьектілерінің біріне айналған мәселенің бірі болып табылады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында ұлттық қауіпсіздікке зор мән берілген. Мұнда біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайтудың барынша басым бағыттары анықталған.
Курстық жұмысты елдің экономикалық қауіпсіздік деңгейінің төмендеу факторлары мен себептеріне талдау жасаумен қатар осы мәселелерді шешудегі мамандардың ұсыныстары варианттарын ұсынғым келеді. Бүгінгі таңда орын алып отырған бұл проблемаларды шешу қазіргі жағдайда өткір мәселелердің бірі болып отыр.
Қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайға талдау жасай отырып, 90-жылдармен салыстрғанда әлемдік шаруашылық жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырады деп айтуымызға болады. Біріншіден, әлемдік экономикалық өмірде ғаламдану тенденциялары айқын көріне бастады. Екіншіден, әлемдік интеграциялануының үшжақтылығының, әсіресе перифириялық аймақтарда басым әсері байқалады: «индустрияландыру – интернационалдандыру - трансұлттандыру». Үшіншіден, кез-келген елдің экономикасы, әсіресе перифириядан соң, одан әрі сыртқы жағдайларға байланысты бола түсті. Бұл оның экономикалық әлсіздігіне алып келеді.
Экономикалық қауіпсіздіктің мәселелері сөз болғанда бұл жөнінде айтушылар мен жазушылардың бірінші тобы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік стратегиясын жасау керек десе, екіншілері, оның тұжырымдамасын жасау керек дегенге саяды. Бұл екі түсінікті бір-біріне қарсы қоймай-ақ қарағанда екеуінің әрқайсысының өзіндік мағынасы мен орны бар сияқты.
Елдің экономикасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сөз еткенде, оның стратегиясы мен тұжырымдамасын жасағанда ең басты мақсаттың бірі – экономикалық өсуді қалпына келтіру, тұтыну секторында төлемдік қабілеті бар сұранысты көтеру, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру болуға тиіс деп ойлаймын.
Ғаламдану жағдайында ұлттық экономикалық қауіпсіздік стратегиясын жасау әрбір мемлекет үшін маңызды шара болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстанның ғаламдану жағдайында әлемдік экономикаға интеграциялануы барысында ұлттық экономикалық қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасап, елдегі экономикалық қауіптердің алдын алу шараларына тоқталу болып табылады. Сонымен қатар бұл жұмыста елдің жалпы экономикалық жағдайына шолу жасалып, дәл қазіргі уақытта елімізде орын алып отырған экономикалық қауіпсіздік мәселелері мен перспективалары сөз болады.

1 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы, 1998ж. 26 маусым
2 2003-2015 ж.ж. арналған «Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы», Астана, 2003ж.
3 Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін», Астана, 2004 ж. 19 наурыз
4 «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясы, Алматы, 2001
5 «ҚР 2030 ж. дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2006 ж. 30 наурыздағы №80 жарлығына түсініктеме/Егемен Қазақстан, 2006 – 1 сәуір
6 ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарыны кіру стратегиясы», 2006 1 наурыз
7 «2005-2007 жылдарға арналған ҚР экономикалық сферада заң бұзушылықпен күрес» бағдарламасы, 2004ж.27 желтлқсан
8 Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан», 2007ж 3 наурыз.
9 «Основы экономической безопасности», Учебное пособие под ред. Е.А.Олейникова, 1997г.
10 Г.С.Вечканов «Экономическая безопасность», Вектор, 2005г.
11 «Международная торговля, экономическая безопасность и таможенные преступления» под ред. Г.Г. Мокрова, Москва, Юнкнига, 2004г.
12 М.В. Сандарчук «Экономическая безопасность государства в условиях переходного периода: традиции, опыт, проблемы», Астана, 2008г.
13 «Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері», Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 10 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары – 1 бөлім, Астана, 2006ж.
14 А.И. Тазабеков «Экономическая безопасность Казахстана: региональный аспект», Болашақ-Баспа, 2007 ж.
15 Е.Т. Садыков «Экономические интересы и стратегия экономической безопасности», Алматы, «Жан», 1997г.
17 Диссертация « Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету контекстіндегі кеден саясатының қалыптасу
ерекшеліктері» Төлебеков .Ж.С Алматы 2006ж
18 Интернет /www/.stat.kz.2008 г.
19 К.Т. Арыстанбеков «На вступления Казахстан в ВТО нетсерьезных
преград» Аль Пари журнал. 2(42) 2007ж (3 – 9с)

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТЕОРИЯСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Экономикалық қауіпсіздіктің мәні және құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Экономикалық қауіпсіздік
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ДСҰ-ҒА
КІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ , ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 13
2.1 ҚР-ғы экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық сипаттағы маңыздылығы ..13
2.2 Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің экономикалық қауіпсіздікке
тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Еліміздің экономикалық қауіпсіздігі соңғы жылдары актуалды және
көптеген ТМД және Батыс ғалымдарының белсенді түрде зерттеу обьектілерінің
біріне айналған мәселенің бірі болып табылады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында ұлттық қауіпсіздікке зор мән
берілген. Мұнда біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайтудың
барынша басым бағыттары анықталған.
Курстық жұмысты елдің экономикалық қауіпсіздік деңгейінің төмендеу
факторлары мен себептеріне талдау жасаумен қатар осы мәселелерді шешудегі
мамандардың ұсыныстары варианттарын ұсынғым келеді. Бүгінгі таңда орын алып
отырған бұл проблемаларды шешу қазіргі жағдайда өткір мәселелердің бірі
болып отыр.
Қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайға талдау жасай отырып, 90-
жылдармен салыстрғанда әлемдік шаруашылық жүйесі күрделі өзгерістерге
ұшырады деп айтуымызға болады. Біріншіден, әлемдік экономикалық өмірде
ғаламдану тенденциялары айқын көріне бастады. Екіншіден, әлемдік
интеграциялануының үшжақтылығының, әсіресе перифириялық аймақтарда басым
әсері байқалады: индустрияландыру – интернационалдандыру -
трансұлттандыру. Үшіншіден, кез-келген елдің экономикасы, әсіресе
перифириядан соң, одан әрі сыртқы жағдайларға байланысты бола түсті. Бұл
оның экономикалық әлсіздігіне алып келеді.
Экономикалық қауіпсіздіктің мәселелері сөз болғанда бұл жөнінде
айтушылар мен жазушылардың бірінші тобы экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің мемлекеттік стратегиясын жасау керек десе, екіншілері,
оның тұжырымдамасын жасау керек дегенге саяды. Бұл екі түсінікті бір-біріне
қарсы қоймай-ақ қарағанда екеуінің әрқайсысының өзіндік мағынасы мен орны
бар сияқты.
Елдің экономикасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сөз еткенде, оның
стратегиясы мен тұжырымдамасын жасағанда ең басты мақсаттың бірі –
экономикалық өсуді қалпына келтіру, тұтыну секторында төлемдік қабілеті бар
сұранысты көтеру, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру болуға тиіс деп
ойлаймын.
Ғаламдану жағдайында ұлттық экономикалық қауіпсіздік стратегиясын
жасау әрбір мемлекет үшін маңызды шара болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстанның ғаламдану жағдайында әлемдік
экономикаға интеграциялануы барысында ұлттық экономикалық қауіпсіздік
мәселелеріне талдау жасап, елдегі экономикалық қауіптердің алдын алу
шараларына тоқталу болып табылады. Сонымен қатар бұл жұмыста елдің жалпы
экономикалық жағдайына шолу жасалып, дәл қазіргі уақытта елімізде орын алып
отырған экономикалық қауіпсіздік мәселелері мен перспективалары сөз болады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер орындалды: ұлттық
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі методологиялық проблемаларды
зерттеу, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің елдегі
ерекшеліктері мен құрылымын қарастыру, оның бастапқы мәндерін анықтау мен
ұлттық қауіпсіздіктің макроэкономикалық көрсеткіштерінің жүйесін
қарастырумен қатар Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі
кездегі жағдайына шамалы талдау жүргізілді.
Осы жерде экономикалық қауіпсіздік мәселесін қарастырған мына
шетелдік экономистер Л.И.Абалкин, В.А.Савин, В.Тамбовцев, В.Сенчагов, Г.Г.
Мокрова, Г.С.Вечканов, Е.А.Олейникованың еңбектерін қарастырдым.
Ал отандық экономистер ішінен осы мәселеге байланысты Жатқанбаев.Е.Б,
А.И.Тазабеков, Г.Т.Куренкеева, К.С.Мухтарова, Е.Т. Садыков, М.В.Сандарчук,
Айтуғанова.З.Ш., Оксикбаев.О.Н., Төлебеков.Ж.С. еңбектерін қарастырдым.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТЕОРИЯСЫ
1.1 Экономикалық қауіпсіздіктің мәні және құрылымы
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету – бұл елдің тәуелсіздігінің кепілі, қоғам өмірінің
тұрақтылығы мен тиімділігінің, табысқа жетудің керекті жағдайы.
Экономикалық қауіпсіздік қазақстандық экономиканы басқару органдарының
лексиконындағы жаңа түсінік болып табылады. Экономикалық қауіпсіздік
терминін ең алғаш рет 1934 жылы Ф.Рузвельт қолданған болатын. Бұл ұғым
батыс елдерінің басқару құрылымдарының қызмет практикасында жиі қолданылады
және өте кең ұғым болып табылады. Жалпы айтқанда, экономикалық қауіпсіздік
мазмұнын, оның құраушы элементтерін, сондай-ақ оны қамтамасыз етуші
механизмдерді анықтау әртүрлі түсіндіріледі, бұл проблемаларды әр алуан
теориялық-методологиялық байыптаулар шеңберінде зерттеумен сабақтасып
жатыр.
Академик Л.И.Абалкиннің түсіндіруінше, экономикалық қауіпсіздік елдің
мықты қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, қоғамда әлеуметтік тыныштықты
сақтау, экологиялық апаттан сақтау, энергетикалық қауіпсіздік сияқты
құрамдас бөліктерімен қоса мемлекеттік қауіпсіздік жүйесінің құрамына
кіреді.Мұнда бәрі бір-бірімен байланысты және бірін бірі толықтырып
отырады: әлсіз және тиімсіз экономика жағдайында әскери қауіпсіздік болуы
мүмкін емес, сонымен қатар әлеуметтік конфликтілер орын алған қоғамда
әскери қауіпсіздік те, тиімді экономика да болуы мүмкін емес. Осындай
байланыстарды нақтылай отырып, мұндағы шешуші және басты роль экономикалық
қауіпсіздікке берілетінін ескеру қажет.
Экономикалық қауіпсіздік біршама күрделі ішкі құрылымға ие. Нақты
процестердің анализі мен бұл проблеманы шешудегі отандық және шет елдік
тәжірибелерді қарастыру оның негізгі 3 элементін бөліп қарастыруға
мүмкіндіе береді:
1) Экономикалық тәуелсіздік, бұл қазіргі кездегі әлемдік шаруашылық
жағдайында ешқандай абсолютті сипатқа ие болмайды. Халықаралық еңбек
бөлінісі ұлттық экономикаларды бір-біріне байланысты және тәуелді етеді.
Бұндай жағдайда экономикалық тәуелсіздік мемлекеттің ұлттық ресурстарға
бақылау жүргізу, бәсекеге қабілетті және әлемдік саудада, кооперациялық
байланыстарға және ғылыми-техникалық жетістіктермен айырбасқа тең дәрежеде
қатысуға мүмкіндік беретін сапалы және тиімді өнім өндірісі деңгейіне
жетуге бақылау жасауға мүмкіндігін көрсетеді.
2) Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен орнықтылығы, бұл меншіктің кез-
келген түрін қорғауға алғышарттар жасайды, кәсіпкерлік белсенділікке кепіл
беру және нақты жағдай жасау, жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін факторлардан
қорғау, экономикадағы криминалды құрылымдармен күрес, табыстарды бөлуде
қоғамдық толқулар тудыру қауіпін туғызатын көзге ұратын алшақтықтарды
болдырмау, т.б.
3) Өздігінен даму және прогресске қабілеттілігі, бұл әсіресе қазірге
динамикалық дамушы әлемдегі басты мәселе. Инвестициялар мен инновациялар
үшін жағымды климат тудыру, өндірісті әрдайым модернизациялау,
жұмысшылардың жалпы мәдени дамуы және мамандануы, олардың білім деңгейін
көтеру ұлттық экономиканың өзін-өзі сақтауы мен тұрақтылығының қажетті және
міндетті шарттары болып табылады.
Осылайша, экономикалық қауіпсіздік – бұл ұлттық экономиканың
тәуелсіздігін, оның тұрақтылығы мен қалыптылығын, әрдайым жаңару мен өзін-
өзі жетілдіруді қамтамасыз ететін жағдайлар (шарттар) мен факторлардың
жиынтығы болып табылады. [5,20-22б ]
В.Тамбовцев ойынша, ...осы және басқа жүйенің экономикалық
қауіпсіздігі ретінде бар жүйенін мақсаттарына жетудің мүмкіндігін
қамтамасыз ететін оның өндірістік жүйе астының қасиеттерінің жиынтық
жағдайын түсіну қажет.
В.А.Савин бойынша, экономикалық қауіпсіздік елдің өмірлік мүдделерін
қорғау жүйесін сипаттайды. Қорғау обьектілері ретінде: елдің тұтастай халық
шаруашылығы, елдің бөлек аймақтары, шаруашылықтың бөлек салалары мен
сфералары, шаруашылық қызмет субьекті ретінде заңды және жеке тұлғалар бола
алады. [6,202-203б]
Академик В.Сенчагов экономикалық қауіпсіздік деген түсінікті айқындау
үшін оның құрамды бөліктерін анықтау керек, ол үшін елдің ерекше ұлттық-
мемлекеттік мүддесін және оның мақсаттарын тану керектігін айтады. Бұл
мүдделер елдің шекарасы көлемінде де, одан тысқары да өмір сүретіндігін
айтады. Ол мүдделер: мемлекеттік егемендікті және дербес дамуды қолдау,
елдің халықаралық жағдайы, оның әлемдік еңбек бөлінісіндегі, өндірістің
мамандануы мен кооперациялануында, әлемдік саудада, халықаралық қаржы және
банк жүйелерінде, тауар мен ақылы қызмет бағалы қағаздардың маңызды
рыноктарында алатын орны, елдің көпұлттық мемлекет ретінде дамуы, қорғануы
және сақталуы.
В.Сенчагов экономикалық қауіпсіздік мәнін ұғыну үшін оның даму және
орнықтылық деген түсініктермен байланысын ұғу керектігін айттады. Даму –
экономикалық қауіпсіздіктің құрылымдарының бірі. Егер экономика дамымаса,
онда оның өмір сүруі, сыртқы және ішкі қауіптерге бейімделуі мен қарсы тұру
мүмкіндігі кемиді.
Экономиканың орнықтылығы оның тетіктерінің мықтылығы мен сенімділігін,
жүйе ішіндегі жоғарыдан төмен қарай, көлденеңінен және басқа байланыстарын,
ішкі және сыртқы ауыртпалыққа шыдай алатын қабілетін сипаттайды.
Пропорциялардың және жүйенің әртүрлі құрамдық бөліктерінің арасындағы
байланыстардың бұзылуы экономиканың қауіпсіз жағдайдан қауіпті күйге
көшкенінің белгісі болып көрінеді.
Экономикалық қауіпсіздіктің мәнісін экономика мен үкімет
институттарының ұлттық мүдделердің нық қорғалуын қамтамасыз ете алатын
күйін, елдің әлеуметтік бағытпен дамуы, ішкі және сыртқы процестердің
қолайсыз жағдайда дамыған кездің өзінде жеткілікті қорғаныс потенциалы
болуы деп анықтауға болады. Сонымен, экономикалық қауіпсіздік – ол тек қана
ұлттық мүдделердің қорғалуы ғана емес, сонымен бірге өкімен институттарының
отандық экономиканы дамытуға, қоғамдық әлеуметтік-саяси тұрақтылығын
сақтауға қажетті тетіктерді құра алатын қабілеттілігі мен дайындығы. [11,57-
59б]
Н.А.Шабдарбаев анықтауынша, экономикалық қауіпсіздік – Қазақстан
Республикасы ұлттық экономикасының экономикалық тәуелсіздігі мен орнықты
дамуына қауіп тудыратын факторлар мен процестердің, сыртқы және ішкі
қатерлерден қорғалу жағдайы болып табылады. [12,32-33б]
Экономикалық қауіпсіздіктің мәні оптималды еңбек шығындары және
қоршаған орта мен табиғи шикізат қорларын тиімді пайдалану жағдайында
Қазақстан Республикасының азаматтарының әлеуметтік және экономикалық
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында елдің экономикалық дамуын
қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық қауіпсіздік сөз болғанда мәселенің қылмыстық қырынан
бастап, қазіргі кездегі дүниежүзілік экономикалық тәртіптің, елдің геосаяси
жағдайының күрделі мәселелеріне дейін қамтитын өте көп сұрақтар
қамтылатынын ескерген жөн.
Экономикалық қауіпсіздіктің келесідей деңгейлерін бөліп қарастыруға
болады: халықаралық (глобальды, ғаламдық) және аймақтық (региональная),
ұлттық, локальді (ел ішіндегі аймақтық және салалық), жеке (фирма және
тұлға).
Халықаралық экономикалық қауіпсіздік әлемдік қауымдастықтың әрбір
мемлекет-мүшесіне сыртқы және саяси қысымға ұшырамай және араласпау (қол
сұқпау), түсінушілік, басқа мемлекеттер тарапынан тиімді екі жақты
серіктестікке бағытталған ерікті (тәуелсіз таңдау) сайлау және өзінің
әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндікті
қамтамасыз ететін бірлесіп өмір сүру (сосуществования) келісімдері мен
институционалды құрылымдардың кешенін сипаттайды.
Ұлттық қауіпсіздік идеясы ең алғаш рет АҚШ-та 1947 жылы Ұлттық
қауіпсіздік туралы заң қабылданғанда және Президент жанындағы Ұлттық
Қауіпсіздік Кеңесі құрылуымен байланысты заңды түрде танылды, сонымен
қатар көптеген елдердің осындай заңдар мен концепциялар қабылдауына үлгі
болды.
Ұлттық қауіпсіздік – бұл ұлттық мүдделердің қорғалу кепілі, тұтастай
елдің әлеуметтік бағытта дамуы, тіпті жағымсыз сыртқы және ішкі
процестердің даму түрлерінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс
потенциалы болуы қамтамасыз етілетін экономика мен басқару институттарының
жағдайы.
Ұлттық қауіпсіздік құрылымы:
1) Экономикалық қауіпсіздік
2) Экологиялық қауіпсіздік
3) Ақпараттық қауіпсіздік
4) Әскери-қорғаныс қауіпсіздік
5) Әлеуметтік қауіпсіздік
6) Саяси қауіпсіздік
7) Рухани-адамгершілік қауіпсіздік
Ұлттық қауіпсіздік құрылымында экономикалық қауіпсіздік негізгі орын
алады. Бұл экономиканың қоғам, мемлекет және жеке тұлға іс-әрекетінің
өмірлік маңызды жағының бірін сипатауымен байланысты. Экономикалық
қауіпсіздік экономиканың барлық өндірістік жүйесіне әсер етеді.
Сонымен экономикалық қауіпсіздік дегеніміз, ұлттық экономиканың
тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар мен факторлардың жиынтығы болып
есептеледі. Сондай-ақ экономикалық қауіпсіздік деген ұғымға елдің ресурстық
әлеуетіне (қорлар мүмкіндігіне), үйлесімді және үдемелі өсу мүмкіндігіне,
әлеуметтік дамуына, экологиясына қатысты маңызды мүдделерін қамтамасыз
ететін экономикалық, саяси, құқықтық, геосаяси жағдайлардың біртұтас
жиынтығы кіреді.[8,20-22б]
Кесте 1- Экономикалық мүдделер интеграциясы деңгейінде экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдері
Субьектілер Экономикалық мүдделер интеграциясының деңгейі
Мемлекеттік Аймақтық Жергілікті
Тұлға Жеке табыстың Қосымша жұмыс Адам әлеуетінің
өсуі орындарын құру дамуы
әлеуметтік топ Өмір деңгейі мен Дербес экономикалық Халықтың әлсіз
сапасын көтеру белсенділікті қорғалған
ынталандыру топтарының азаюы
Ұйым Стратегиялық Экономиканың нақты Қайырымдылық және
салаларға секторына қосылған гуманитарлық
мемлекеттік ұйымдарға жеңілдік бағытта қызмет
бақылауды сақтау беру және оларды істейтін ұйым
көтермелеу
Аймақ Табиғи шикізаттықАумақтық Экономиканың
және еңбек айырмашылықтарды дәстүрлі салаларын
ресурстарын экономикалық даму қолдау және дамыту
тиімді пайдалану деңгейінде теңестіру
Мемлекет ІЖӨ мен ұлттық Материалдық Мемлекеттің
табыстың өсуі игіліктер мен экономикалық
ресурстардың бағытын қолдау
бөлінуіне бақылау
1.2 Экономикалық қауіпсіздік жүйесі
Экономикалық қауіпсіздік жүйелік сипатқа ие. Елдің экономикалық
қауіпсіздік жүйесінің келесідей құрамды бөліктерін атап көрсетуге болады:
1) экономикалық қауіпсіздік жағдайы
2) экономикалық қауіпсіздік критериилерінің сандық және сапалық
критериилері
3) экономикалық қауіпсіздіктің қатерлері және осы қатерлердің пайда
болуын анықтаушы факторлар
4) экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиясы мен
жүйелік шаралары
Экономикалық қауіпсіздік проблемалары өзіндік обьекті ретінде елдің
экономикалық жүйесін, сонымен қатар басқа да мүмкін болатын қызмет
сфераларының өзара әрекеттерінің обьектілеріне байланысты орын алады.
Экономикалық қауіпсіздік проблемалары экономикалық жүйе шеңберінен
шығып кетеді, сондықтан да экономикалық қауіпсіздік проблемасын экономиклық
сферада сыртқы экономикалық және ішкі экономикалық проблемаларды, сондай-ақ
аралық сфераларды қоса қарастырылады.
Аралық сфераларға әскери-экономикалық сфера, елдің ғылыми-техникалық
және интеллектуалды потенциалын қорғау сферасы, қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету сферасы (көлеңкелі экономика, экономикадағы ұйымдасқан
қылмыс пен коррупция, заңды тұрғыда жүзеге асырылатын экономикалық афералар
проблемалары, т.б); экономика мен табиғаттың әрекеттесу сферасы және тағы
да басқа аралық экономикадан тыс сфералар (энергетика, қорғаныс, т.б.).
Осыған сәйкес, экономикалық қауіпсіздік құрылымында келесідей түрлерін
бөліп көрсетуге болады:
1) азық-түлік қауіпсіздігі
2) энергетикалық қауіпсіздік
3) өндірістік қауіпсіздік
4) технологиялық қауіпсіздік
5) әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік
6) қаржылық қауіпсіздік
7) инвестициялық қауіпсіздік
8) транспортты-коммуникациялық қауіпсіздік
9) сыртқыэкономикалық қауіпсіздік
Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің обьектіне мемлекетпен қатар
оның экономикалық жүйесі және оның барлық табиғи байлықтары, сонымен қатар
қоғам және оның институттары, мекемелер, фирмалар және тұлға кіреді.[13,63-
67б]
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің субьектілеріне:
функционалды және салалық министрліктер мен ведомствалар, салық және кеден
қызметі, банктер, биржалар, қорлар және сақтандыру кампаниялары, сонымен
қатар өнім, қызмет өндірушілер мен оны сатушылар, тұтынушылар ұйымдары
жатады.
Кесте 2 - Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шешім
қабылдаудың субьектілік деңгейлері 18
Заңнамалық Ұйымдастыру-экономиҚызметтер
нормативтік калық
қамтамасыз ету
мемлекеттік Ел парламенті Үкімет Ұлттық мүдделерді
агрегациялау жәене
артикуляциялау
Аймақтық Ел парламенті Аймақтық әкімшілік Экономикалық
қауіпсіздікті
сақтау жөнінде
ұйымдастыру
шаралады
іс-қимылын
қамтамасыз ету
Жергілікті Ел парламенті, Министрлік және Қажетті жағдай
(ұйымдар, топтар мәслихаттар ведомства, жаспа, тиісінше
мен индивидтер) жергілікті нормаларды сақтай
әкімшілік отырып, жергілікті
деңгейде шешімдер
әзірлеу, қабылдау
және орындау
Экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан келгенде, экономикалық жүйе
ресурстары, біздің ойымызша, үш түрге бөлінеді:
1) Қаржылық-материалдық (алтын-валюта қоры, негізгі және айналым
қаражаттары, табиғи шикізаттар, елдің ұлттық байлығын құрайтын және басқа
ресурстар).
2) Әлеуметтік ресурстар (саяси режим типі, қоғамның әлеуметтік
стативтілігі, қоғамдық өзара қарым-қатынасын реттеу механизмдері және т.б).
3) Адам капиталы (халық саны мен құрылымы, жұрттың білімділік және
әлеуметтік-кәсіби әлеуеті, медициналық-демографиялық сипаттамасы және
т.б.).[9,252-253б]
Экономикалық жүйенің орнықтылық кепілі едәуір қаржылық-материалдық
ресурстар болуымен, әлеуметтік әлеует пен адам капиталын дамытуға қолайлы
жағдай қалыптастырумен, сондай-ақ ресурстар алмасу варианттарын кеңейтумен
қамтамасыз етіледі. Дамыған елдерде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету – мемлекеттік саясаттың приориетті бағыты, сондықтан экономикалық
қауіпсіздік сөзсіз кепілдеме ретінде екі денгейде түсініледі:
● сыртқы саясат – мемлекет егемендігі;
● ішкі саясат – қоғамның әлеуметтік – экономикалық тұрақтылығы.
Экономикалық жүйе тұрақты болған сайын , экономика өмірге икемдірек
болады, яғни қауіпсіздігін бағалау жоғарылайды.
Кесте 7 - Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағалау жүйесі
критериялар индикаторлар ұстанымдар қауіпсіздік
құрлымы
1 2 3 4
Мемлекеттің Өмір денгейі мен - Кешендік Технологиялық
ресурс потенциялысапасы - Тұрақтылық - Азық – түлік
Ресурстарды, Инфлияция қарқыны - Жеткіліктілік - Қаржы –
капиталды Жұмыссыздық - Өзгергіштік несиелік
және еңбекті нормасы Превентивтілік - Өндірістік
қолдану ЖІӨ-нің Транспарент- - Сыртқы
тиімділігінің экономикалық тілік экономикалық
денгейі өсуі - Инвестиция –
- Экономика -ның Бюджет лық
бәсекеге Дефициті - Энергетика -
қабілеттігі Мемлекеттік лық
- Егемендік қарыз - Көлік –
- Әлеуметтік Әлемдік байланыс
тұрақтылық экономикаға - Әлеуметтік
кіріктірме
Алтын валюта
қорлары
Көлеңкелі
Экономика
қызметі
Қазіргі заманғы экономикалық қауіпсіздіктің бастапқы мәндеріне талдау
жасай отырып, елдегі оны қамтамасыз етудің шараларын түбірімен өзгерту
қажеттілігі тұрғандығын байқауға болады. Қазақстанның экономикалық
ерекшеліктерін ескере отырып экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
ойластырылған концепциясын жасау қажет. Барлық экономикалық қайта құрулар
Қазақстанның өзіне ұлттық және экономикалық қауіп тудырмайтын ұзақ мерзімді
концепцияға негізделуі қажет.[31]
Кесте 3 - Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде экономикалық жүйе
тармақтарының мақсаттары мен міндеттері.
Аты мақсаттары міндеттері
Қаржы-кредиттік Қаржы жүйесінің Ұлттық валюта орнықтылығы мен
тұрақтылығын қамтамасызалтын-валюталық қорларының
ету өсуін қолдау
Инвестициялық Тартылған қаражаттарды Өнеркәсіптік және ғылымды көп
тиімді пайдалану және керек ететін салаларға
қайтару механизмдерін инвестициялар тарту
жасау
Технологиялық Ғылымды көп керек Әлемдік нарықта бәсекелесуге
ететін және жоғары қабілетті өнімдер жасау
технологиялық өнім
өндіру
Көлік-коммуникациялБаламалы көлік Өзара ауыстыратын көліктік
ық коммуникацияларының күретамыр құру
жүйесін кеңейту
Энергетикалық Экономика салаларын Электр қуатының баламалы және
дамытуға қажетті электрқосымша көздерін қалыптастыру
қуатын жеткілікті үшін жағдай жасау
мөлшерде өндіру
Өнеркәсіптік Индустриальдық сектордыҚосымша жұмыс орындарын құру
дамыту, оның ішінде және халықтың экономикалық
қорғаныс өнеркәсібін белсенділігін арттыру жолымен
жұмыссздар санын азайту
Азық-түліктік Азық-түлік тауарларыменОтандық тамақ өнімдерін өндіру
қамтамасыз ету
Әлеуметтік-экономикКедейшілік деңгейін Қосымша жұмыс орындарын құру
алық төмендету, халықтың және халықтың экономикалық
өмір сүру сапасын белсенділігін арттыру жолымен
арттыру жұмыссыздар санын азайту
Сыртқы экономикалықЭкономиканың ашықтығы Елдің халықаралық еңбек
сақталып отырған бөлінісі мен халықаралық қаржы
жағдайында сыртқы ұйымдарының қатысуын қамтамасыз
экономикалық ықпалдан ету
ішкі нарықты қорғау
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
2.1 ҚР-ғы экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық сипаттағы маңыздылығы
Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздіктің негізгі
міндеттері:
1) Экономикалық қызметтерді жүзеге асырудың халқаралық стандарттарына
сай тұрақты заңнаманың базасын жасау;
2) Сыртқы және ішкі қарыздар бойынша мәселелерді реттеуді қамтамасыз
ететін валюта-қаржылық қауіпсіздіктің элементтерімен тығыз қарым-қатынас;
3) Инвестициялық саясатты дұрыс жүргізу және обьективті инвестициялық
климат жасау;
4) Экономикалық және тәуелсіздікті тиімді қамтамасыз ету үшін
мемлекеттік реттеу органдарының нақты жүйесін қалыптастыру.
Кесте 6 - Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету.
Экономикалық Мемлекеттің экономикалық егемендігі мен
қауіпсіздік мақсаты тәуелсіздігін қамтамасыз ету
Міндеттер Жалпымемлекеттік құндылықтар мен мүддделердің
орнықты жүйесін қалыптастыру. Ұлттық мүдделерді
қорғау. Елде әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау.
Ұлттық экономиклық Ұлттық экономиканың көтерілуі және экономикалық
мүдделер өсу. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Табиғи шикізат
және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.
Стратегиялық салаларға мемлекеттік бақылауды
сақтау. Елдің халықаралық экономикалық рейтингін
жоғарылату.
Экономикалық Ұлттық экономиканы өркендету және дамыту, ғылым мен
басымдықтар техниканың жаңа жетістіктері базасында елдегі
әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, отандық
өндірушілерді қолдау. Мемлекеттің сыртқы ресурстар
көздеріне, еркін сауда нарағына, әуе жолы
қатынастарына дүние жүзінің басқа мемлекеттерімен
терезесі тең жағдайда қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Елді дамыту стратегиясы - 2030 бағдарламасына сай
Қазақстанның болашақта гүлденуінің негізі ретінде
білімді, ғылым мен мәдениетті дамыту. Ғылымды көп
керек ететін өндірістер мен отандық технологияны
дамытуға бағдарлану.
Экономикалық қатерлер Ұлттық экономика дамуының орнықтылығына әсер ететін
сыртқы және ішкі факторлар
Сыртқы:
Шетелдік қатысу кең көлемде дендеп енуі және оларды
ұлттық экономиканы жаулап алуы
Ұлттық экспорттың шикізаттық бағыты
Отандық өнеркәсіп алыптарын шетелдік фирмаларға
басқаруға беруде ең қолайлы жағдай режимі
Сыртқы қарыздың жоғары деңгейі
Ұлттық экономиканың халықаралық қаржы ұйымдары
кредиттеріне барынша тәуелділігі
Экспор-импорт операциялары көліктік құрылымдарының
дамымауы.
Ішкі:
Экономиканың құрылымдық өзгеруі
Экономиканың бәсекелестікке төмен қабілеті
Ғылыми-техникалық әлеует жай-күйінің нашарлығы
Барланған пайдалы қазбалар қорын көбейту оларды
шығару масштабынан артта қалуы
Экономиканы монополияландырудың жоғары деңгейі
Инветициялық төмен белсенділік және капиталды
тұралаған өндірісті қалпына келтіруге емес,
делдалдық немесе қаржылық қызметке салу етек алуы
Халықтың мүліктік жіктелуінің күшеюі, қоғамның кең
көлемде кедейленуі
әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық жіктелуі
күшеюі
экономиканың криминалдануы
экономикалық саясатты қалыптастыру механизмдерінің
жетілдірілмеуі
жекешелендіру саласындағы теріс саясат
Құқықтық кепілдіктер Қазақстан Республикасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
саласына қатысты тұжырымдама, заң, құқықтық және
нормативтік актілер
Қазақстан Республикасы экономикасы қауіпсіздігінің
тұжырымдамасы
Экономикалық Қатерлерді бейтараптауға бағытталған шаралар мен
қауіпсіздікті әрекеттер кешенін таңдау
қамтамасыз ету
әдістері
Институционалдық Экономикалық қауіпсіздік саласында арнаулы бақылау
сүйемелдеу органдарын құру (мониторинг, болжам және
ұсыныстар).
Алынған көзі: Алынған көзі: Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, Қаржы полициясы органдарының
құрылғанына 10 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияның материалдары – 1 бөлім, Астана, 2006ж
Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздіктің көрсеткіштері келесідей
сипат алады:
1) ЖІӨ құлдырау деңгейі (1990ж. 100%) – 28-30% дейін
2) Бюджет дефициті – ЖІӨ-ге шаққандағы 3-4%
3) Мемлекеттік сыртқы қарыз деңгейі ЖІӨ деңгейінің 25% аспайды
4) Алтынвалюталық резерв – 2,5 млрд. АҚШ долл. кем емес
5) Инфляция деңгейі – жылына 3-4%
6) Сыртқы сауда айналымының оң сальдосы 0 ден жоғары
Бұдан мынандай қорытынды шығаруымызға болады: көрсеткіштердің
бастапқы мәндерінен ауытқу жоғары болған сайын ұлттық экономика динамикалық
өзіндік дамуға, ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін
жоғалтады, интернационалды және транснационалды монополиялардың
экоспансияларының обьектіне айналады, парақорлық, криминал және ұлттық
байлықты ішкі және сыртқы тонаулардан зардап шегеді.
Ішкі қатерлер:
1) Бұрынғыдан қалған экономиканың құрылымдық деформациясы пайдалы шикізат
қорын зерттеудің оларды қазып алудан артта қалуы;
2) экономиканың монополиялануының жоғарғы деңгейі, оның мұнай газ және
шикізаттық бағытта дамуының күшеюі
3) инвестициялық белсенділіктің төмендігі және капитал салымдарының
өндіріске емес, делдалдық және қаржы қызметтеріне салынуы
4) өндірістік деңгейде жан басына шаққандағы табыс арасындағы алшақтықтар;
5) экономиканың криминалдануы, коррупция мен ұйымдасқан қылмыстардың өсуі,
олардың мемлекеттік бақылаудың әлсіреу салдарынан ел экономикасына дендеп
енуі, билік институттарының әлсіздігі, сонымен қатар табыстарды жасыру және
сот жүйесі мен заңдардың адекваттылығы мен рыноктық экономиканың басты
институттарын құрудың артта қалуы.[5,154б]
Бүгінгі күнде қылмыстық жолмен ақша жымқырумен байланысты проблема
актуалды болып отыр: салықтан жалтару, пара алу, коррупция, т.б.
экономиканың көптеген секторында, әсіресе саудада, комменциялық
делдалдықта, банктік қызметте, мұнай-газ секторында көлеңкелі экономиканың
үлесі жоғарылап отыр. Кейбір мәліметтерге сай, 2005 ж. Қазақстандық 80
мыңға жуық салық төлеуші кәсіпкерлер мүлдем қосылған құнға салынатын
салықты төлемеген. Ал олардың бір бөлігі бұл салықтың өте аз мөлшерін
төлеген.
Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, көлеңкелі экономика деп нақты
статистикаға кірмеген және қоғаммен басқарылмайтын материалдық игіліктерді
өндіру, тұтыну, айырбас және бөлу. Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың
негізделуі мен дамуының нақты көздері, біріншіден, капитал, шикізаттық және
энергетикалық ресурстарды көптеп сыртқа шығарумен байланысты. Бірақ мұндағы
келісім-шарттардың бәріне жуығы заңды негізде жасалады. Шикізат пен
энегоресурстар делдал компаниялар арқылы шет елдерге төмендетілген бағамен
сатылады. Ал олардың табыстан түскен пайдасының бір бөлігі сол шет елде
қалып қояды. Екіншіден, мемлекеттік органдармен тіркелмеген шаруашылық
қызметі болып табылады.[13,135-137б]
Әлемдік масштабта көлеңкелі экономиканың үлесі жалпы ішкі өнімнің 5-
10% құрайды деп бағаланады. Айта кетсек, африкандық елдерде бұл көрсектіш
30%, Чехияда - 18%, Украинада - 50%, Ресейде - 40%. Оның 40-50% көрсеткіші
шекті мөлшер болып саналады.
1) экономикалық саясат механизмдерін құрудың жетілмеген экономикалық
шешімдер қабылдаудағы аймақтық және салалы лоббизм ықпалының жоғарылығы,
орталық экономикалық ведомстволардың іс-әрекеттерінің бір-бірімен
сәйкессіздігі мен жүйесіздігі қаржылық тепе-теңдіктік бұзылуына, әлеуметтік
қақтығыстар қаупінің тууына, отандық тауар өндірушілердің бәсекелестік
қабілеттілігін жасанды түрде әлсіретуге алып келуі мүмкін.
2) Көптеген салалардағы технологиялық базаның артта қалуымен түсіндірілетін
энергия сиымдылығы мен ресурс сиымдылығын жоғарылығы, өнімнің сапасының
төмендігі және жоғары өндіріс шығындары.
3) Ғылыми-техникалық потенциал жағдайының құлдырауы, ғылыми техникалық
дамудың жеке бағыттарында мидың ағылуы және мамандардың басқа салаларға
кетуінің нәтижесінде басымдықтарды жоғалту және интеллектуалды еңбектің
престиждігін жоғалтуы
Сыртқы қатерлер:
1) Қазақстанның ішкі рыногын шет ел фирмаларының жаулап алуы, бұл
Қазақстанның көптеген өнім түрлерінің, оның ішінде стратегиялық мәні бар
азық-түлік товарлары, сонымен бірге машина жасауға қажетті құрал-жабдықтар
импортына тәуелділігінкөрсетеді. Ауыл шаруашылығының ЖІӨ құрылымындағы
үлесі өткен 15 жыл ішінде үш еседен көп мөлшерде төмендеген, ал былтырғы
жылы 6,5% төмендеген Қазіргі кезде Қазақстанның ауыл шаруашылық саласында
АҚШ-тың 100 аса компаниясы, сонымен қатар американдық капиталдың қатысуымен
370 бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.
2) Қазақстандық экспортта шикізат товарларының басымдылығы, дәстүрлі машина
мен әскери өнімдер жасау саласының дамымауы.
3) Шет ел фирмаларының қазақстандық кәсіпорындарды отандық өнімдерді сыртқы
немесе ішкі рыноктардан ығыстыру мақсатында сатып алуы
4) Қазақстанмен сыртқы экономикалық қатынастарда шет ел
мемлекеттерінің және олардың қоғамдастықтарының дискриминациялық шаралары.
Сыртқы қарыздың жоғарғы деңгейі және оның өсуі, сонымен байланысты оны
қайтаруға бюджет шығындарының көлемінің өсуі және қарыздарды экономикалық
және саяси шешімдер қабылдауға ықпал ету үшін пайдалануға тырысу
шараларының күшеюі. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің мәліметтерін
сүйенсек, 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстаның
мемлекеттік және мемлекетпен кепілдендірілген қарыздарының жалпы көлемі
784336144 мың тенгені немесе 5863311 мың АҚШ долларын құраған. Оның
ішіндегі мемлекеттің ішкі қарыздарының сомасы 297875696 мың тг. (2226768
мың дол.), сыртқы қарыздарының сомасы 237659153 мың тг. (1776625 мың дол.)
болса, ал мемлекетпен кепілдендірілген сыртқы қарыз сомасы 79264697 мың тг.
(592545 мың дол.) құраған.
1) Экспорттық және валюталық бақылаудың жеткіліксіздігі және кедендік
шекараның жабық жүйесінің жоқтығы. Осының салдарынан ұлттық байлықтың
ақшалай да, заттай да талан-таражға ұшырап жатқандығы белгілі.
2) Экспортты-импортты операциялардың транспоттық инфрастук - турасының
жетілмегендігі. Теңіз бен мұхитқа шығатын тікелей жолдың жоқтың қасы
болғандықтан, экономикалық қарым-қатынас барлық жүк тасымалы Ресей сияқты
алып елдің аумағы арқылы өтеді. Қазақстан аумағынан 2005 ж. 11 млн. тонна
жүк өткен, оның 2,5 млн-ы транзитті жүк ретінде өткен. Өткен жүктің үлкен
бөлігі – қазақстандық минералды шикізаттардың (руда,металл өнімдері)
экспорты. Болжам бойынша. 2011 жылға дейін шекаралық кеден жолдары арқылы
өтетін жүк көлемі 25 млн-ға дейін жетеді деп күтілуде.[14,154-156б]
Сыртқы қарыз өте өзекті проблема болып отыр.Егер теорияға үңілетін
болсақ, сыртқы қарыз белгілі бір деңгейі ішкі жалпы өнімнің белгілі бір
параметрлеріне сай болуы керек деген арнаулы экономикалық қауіпсіздік
деңгейінің көрсеткіші болады. Ол әр елде әр түрлі. Егер сыртқы қарыз ІЖӨ-
нің 20-25 пайызына тең болса, онда экономикалық қауіпсіздікке қатер
төнбейді, ондай елдер тұрақты дамып келе жатқан мемлекет деп аталады. Ал
бізде жағдай басқаша рең алып барады. Қазіргі кезде 40 миллиард доллар
сыртқы қарыз болса, ІЖӨ осы 40 миллиард доллардан сәл ғана жоғары. Бұл
мемлекетке төніп тұрған тікелей қауіптің барлығының дәлелі.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz