Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
: 1
Кіріспе: Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің теориялық негіздері
:
: 1. 1
Кіріспе: Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
:
: 1. 2
Кіріспе:

Жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық салдары және оны

төмендету жолдары

:
: 1. 3
Кіріспе: Қазақстандағы әлеуметтік саясатты іске асыру формалары
:
: 2
Кіріспе: Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің жағдайын талдау
:
: 2. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы
:
: 2. 2
Кіріспе: Жамбыл облысы еңбек нарығының ахуалын және өзгеру динамикасын зерттеу
:
: 2. 3
Кіріспе: Облыстың еңбек нарығын экономикалық бағалау
:
: 3
Кіріспе:

Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру

жолдары

:
: 3. 1
Кіріспе: Еңбек нарығын реттеудің тиімді экономикалық тетіктері
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:

Кіріспе

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К. Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д. Ж. Кейнс пен М. Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің үлгісін жасауға негіз болады. .

1. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің теориялық негіздері

1. 1 Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері

Еңбек рыногында сауда-саттық объектісі болып арнайы тауар адамның еңбек күші табылады. Нарықтық қатынастар жағдайыеда бұл тауар сатылуы мүмкін, бірақ, белгілі бір себептерге байланысты сатып алушы табылмауы да мүмкін, сондықтан оның иесі, яғни әлеуметтік статусы бойынша жалдамалы жұмыскер, жұмыс табуы да мүмкін, таппауы да мүмкін, немесе жұмыссыз болуы мүмкін [7] .

Жұмыссыздық маңызына тоқталмас бұрын, “жұмыссыз” түсінігін қарастырамыз.

Халықаралық ұйымдардың анықтамасына сәйкес жұмыссыздар - бұл жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт апта ішінде жұмыс іздеп жүргендер, немесе жұмысқа орналасып, бірақ әлі жұмысқа кіріспегендер. Мысалы, АҚШ-та заң бойынша жұмыссыздар деп: тексеру аптасы ішінде жұмыс істемегендер, алдыңғы төрт апта ішінде жұмыс табуға тырысқандар (жалдап алушыға немесе мемлекеттік жұмыспен қамту органдарына барғандар, болмаса достарына барғандар) ; тексеру аптасы ішінде жұмыс істей алатындар; 30 күн ішінде жұмысқа кірісуі қажет уақытша жұмыстан босатылғандар немесе жаңа жұмысқа жалданғандар.

Жапонияда жұмыссыздар деп тексеру аптасы ішінде бір сағат жұмыс істемегендер, Ұлыбританияда - тексеру аптасы ішінде жұмысы жоқтар, осы апта ішінде жұмыс іздегендер немесе денсаулығына байланысты жұмыс іздей алмайтындар немесе жұмысқа орналасу туралы келіссөз нәтижесін күтіп отырғандар [11] .

Қазақстанның жұмыспен қамту туралы заңына сәйкес жұмыссыздар деп жұмысы, табысы жоқ, жұмыс іздеп жүргендер және жұмыс іздеуге дайын еңбекке қабілетті жастағы азаматтарды айтады.

Статистикалық жинақтарда жұмыссыздарға тексеру кезінде жұмысы болмаған (табысы бар жұмыс), жұмыспен қамту орталығы көмегімен немесе өз бетінше жұмыс іздегендер және ұлттық заңда белгіленген уақыт ішінде жұмыс істеуге тез арада дайын 16 жасқа толған және одан жоғары жастағы адамдарды жатқызады. Адамдарды жұмыссыз қатарына жатқызғанда осы айтылған критерийлердің барлығы сақталу қажет [17] .

Жұмыссыздық - бұл еңбек етуге мүмкіндігі бар және еңбек еткісі келетін елдегі халықтың белгілі бір жұмысшы бөлігінде экономикалық себептерге байланысты жұмысының болмауы. Жұмыссыздықтың теориялық негізі бұл жұмыскер мен жұмыс беруші арасында адамның негізгі, табиғи құқын жүзеге асыру себебі бойынша - еңбекке, еңбекке деген қабілетін жүзеге асыру құқын, сонымен бірге тек өмірін сақтап қалуға және ұдайы өндіруге қажетті емес, және де еңбекте жеке тұлға ретінде адам құндылығы мен сапасын жұзеге асыру, оның тіршілік формасы ретінде табиғаттан еңбекке деген қажеттіліктердің бар екенін сипаттайтын категория ретінде қарастырылады.

Жұмыссыздық біртекті құбылыс емес. Жұмыссыздықтың нақты жағдайларға байланысты өзін көрсететін көптүрлі формалары бар. Жұмыссыздық жұмыс күші сұранысының ұсынысқа сәйкессіздігінен шығатын болса да, оны терең ішкі себептердің салдары деп қарастыру қажет.

Жұмысбастылықтың нарықтық концепциясы еңбек рыногындағы нарықтық жүйелер шаруашылығының айрылмас атрибуты болып табылады дегенді дәлелдейді. Демек, жұмыссыздық - әр елдегі нарықтық процесс категориясы, еңбек рыногы қызмет етуінің және дамуының объективті салдары. Олар, ең бірінші, капиталдың қорлануымен, өндіріс құрылысының өзгеруімен, өндірістік күштердің дамуымен байланысты [8] .

Жұмыссыздық түрлерін қарастырайық. Экономикалық теорияда пайда болу себептеріне байланысты жұмыссыздықтың келесі түрлері белгіленген: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық, ерікті және жасырын жұмыссыздық.

Фрикциондық жұмыссыздыққа өз еркімен жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыстан шығу себебінен, негізінен өз қабілетін жаңадан қолдану мақсатында жұмыссыз жүрген адамдар жатады. Оның себебі өз кәсіпорнынан шығып кеткен немесе өз еркімен кеткен жұмыскерге жаңа жұмыс орнын табу үшін уақыт қажет. Ол жұмыс оған қызмет жағынан да, ақысы жағынан да ұнауы қажет. Еңбек рыногында мұндай орындар бола тұрғанмен, оларды бірден таба алмайды.

Кейбір адамдар қиын және жоғары төлемді жұмыс істей алатынын біліп сондай жұмыс іздейді, басқалары өз жұмыс орнындағы талаптарға сай еместігіне көзі жетіп, төмен жалақысы бар жұмыс іздеу керек екенінін ескереді. Еркін нарықтық қоғамда түрлі себептер бойынша өзіне сай келетін жұмыс іздеп жүрген белгілі бір адамдар саны бар.

Бұдан басқа еңбек рыногында бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар бар (жастар, әйелдер, бала баққандар, және т. б) . мұндай адамдар фрикциондық жұмыссыздық деңгейін анықтағанда есепке алынады. Бұл процестер еңбек ресурстарын қолданудың тиімділігін жоғарылатуға, олардың рационалды түрде үлестірілуіне әсер етеді.

Экономикалық ғылым фрикциондық жұмыссыздық әдеттегі құбылыс және қорқыныш туғызбайды деп есептейді. Ол қысқа мерзімді сипат алады, оның ұзақтылығы еңбек рыногы конъюнктурасы туралы ақпараттың болуына байланысты.

Құрылымдық жұмыссыздық технологиялардағы өзгерістермен, сонымен бірге жаңа тауар мен қызмет көрсетудің үнемі өзгеріп отыруына (сұранысы жоқ ескі тауарларды ығыстыратын жаңа тауарлар пайда болады) байланысты. Осыған орай кәсіпорын өз ресурстарының құрылымын қайта қарастырады және еңбек ресурстарын да. Жаңа технологияларды енгізу жұмыс күшінің бір бөлігінің жұмыстан босатылуына, немесе персоналды қайта оқуына әсерін тигізеді.

Құрылымдық жұмыссыздық елге жалпы бос орындар саны басқа мамандығы бола тұра жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан кем түспесе қорқыныш туғызбайды. Егер жұмыс орны өте аз болса, онда бұл елде жұмыссыздықтың ең жағымсыз циклдық формасы пайда болды дегенді білдіреді [11] .

Технологиялық жұмыссыздық жұмыс күшін өндірістен ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен жабдықтауына байланысты ығыстыру салдарынан пайда болады.

Циклдық жұмыссыздық - бұл өндірістің құлдырауынан пайда болатын жұмыссыздықтың түрі. Экономиканың толқын тәрізді циклдық дамуы жұмысбастылықтың азаюына және жұмыссыздықтың өсуіне әкеледі. Циклдық жұмыссыздыққа қарсы әсер ететін факторлар бар. Олардың ең негізгілері: экономикалық жандану; бюджеттік, фискальдық, несие-ақша саясаты жолымен іскерлік белсенділікті ынталандыру; шағын және орта кәсіпкерліктің өсуі; экономиканың сала және секторлар арасындағы құбылуына әсер ететін жұмыс күшінің жұмылдырылуын көтеру; жандану және көтерілу фазаларында жаңа жұмыс орындары пайда болып, жұмыссыздық азаяды.

Тағы кейбір салаларда әртүрлі уақыт мезгілдерінде орындалатын, бірдей емес өндіріс көлеміне байланысты, (яғни кейбір айларда бұл салаларда жұмыс күшіне сұраныс көбейеді (жұмыссыздық азаяды), басқаларында - азаяды (жұмыссыздық көбейеді) ), маусымдық жұмыссыздықты айтуға болады. Бұл салаларға негізінен ауыл шаруашылығы мен құрылыс жатады.

Сондықтан, кейде жұмыссыздар категориясына маусымдық жұмысшыларды да жатқызады. Олар кейбір қызмет түрлері тек жылдың белгілі бір мезгілінде орындалғандықтан жұмыссыз қалады [12] .

Ерікті жұмыссыздық бұл әр қоғамда өзінің психикалық құрылымы немесе басқа да себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобының бар болуымен сипатталады. Сонымен бірге, егер жұмыскер жалақы деңгейіне, жұмыс жағдайларына немесе басқа да жағдайларға наразылығын білдірсе ол жұмыскер өз еркімен жұмыстан шығуына байланысты ерікті жұмыссыздық пайда болады.

1. 2 Жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық салдары және төмендету шаралары

20 ғасырдың 80-ші жылдардың аяғында басталған және қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар маңызды қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл мәселелердің қиындығы мен көптүрлілігін есепке ала отырып олардың ішінен бір мәселені жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдарын анықтау және болдырмау мәселесін қарастырамыз [15] .

Жұмыссыздықтың салдары маңызды мәселе ме? Әрине, сөзсіз. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары кедейшілік және әлеуметтік тұрақсыздық мәселелермен қатар өткір глобальды және ұлттық мәселелердің бірі.

Шынында, өтпелі кезеңде көпшілік адамдарды рационалды жұмысбастылық құрылымды қалыптастыру мақсатында түрткі болудың құралы оларды тиімсіз өндірістен ығыстыру болып табылады. Осымен қатар өте қатаң шараларды қолдану кәсіпорындардың көпшілігінің жабылып қалуына және әлеуметтік дүмпуге әкеліп соғатын жұмыссыздықтың пайда болуына себебін тигізеді. Сондықтан қатаңдықтың “дұрыс шараларын” сақтау қажет.

Әлбетте, жұмыстан босап қалған жұмыскерлер саны мен төленетін төлем ақы соммасын түрінде тек жұмыссыздықтың экономикалық эффекті ғана бағаланады да, ал әлеуметтік салдары бағаланбайды. Бірақ жұмыссыздықтың елдегі жағдайына теріс әсер ететін деңгейі нақты әлеуметтік жағдайдың параметрлеріне тәуелді. Қазақстан халқының, жұмыссыздардың төмен материалдық қамтамасыз етілуіне, сонымен қатар қоғамдағы жоғары әлеуметтік шиеленістердің салдарынан әлеуметтік күйзеліс туғызатын жұмыссыздық деңгейі жоғары. Осыған байланысты жұмыссыздықтың әлеуметтік және экономикалық салдарын жеке-жеке қарастыру қажеттілігі туындайды.

Біздің ойымызша, маңызды деген жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдарының жүйеге оң және теріс ықпал тигізетін көзқарасынан қарастырылатын толық классификациясын ұсынуға болады.

Жұмыссыздықтың теріс әлеуметтік салдары болып қылмыстың көбеюі, әлеуметтік шиеленістің күшеюі, физикалық және рухани аурулар санының өсуі, әлеуметтік теңсіздіктің көбеюі, еңбек белсенділігінің төмендеуі табылады.

Оң салдары: жұмыс орнының әлеуметтік құндылығының жоғарылауы, жеке бос уақыттың көбеюі, жұмыс орнын таңдау бостандығының өсуі, еңбектің әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығының өсуі.

Теріс экономикалық салдарына оқудың құнсыздануы, өндірістің қысқаруы, жұмыссыздарға көмек шығындары, мамандықты жоғалту, өмір деңгейінің төмендеуі, ұлттық табыстың өндірілмеуі, салық түсімдерінің азаюы жатады.

Оң экономикалық салдары: экономиканы құрылымдық қайта құру үшін жұмыс күші резервін құру, еңбекке қабілеттілігін дамыту, ынталандыру ретінде жұмыскерлер арасындағы бәсекелестік, білім деңгейін жоғарылату және қайта оқыту үшін жұмысбастылықтағы үзіліс, еңбек қарқынын және өнімділігін өсуді ынталандыру [19] .

Жұмыссыздықтың теріс әлеуметтік-экономикалық салдарын жою немесе жеңілдету үшін мемлекет қажетті шаралар жасауы қажет.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін мемлекет қандай қадамдар қолдануы қажет? Жұмыссыздық көптүрлілігі оны азайту міндетін қиынға соқтырады. Жұмыссыздықпен күресудің бірыңғай жолы болмағандықтан, әр елде бұл мәселені шешу үшін түрлі әдістер қолдануға тура келеді.

Жұмыспен қамту саясатының 3 негізгі әдісі қалыптасты: пассивті, орташа пассивті, белсенді. Пассивті саясат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу және оларға мемлекеттік жұмыспен қамту қызметін көрсету мекемелері арқылы жұмыс орныны таңдауды қамтиды.

Орташа пассивті жұмысбастылық саясаты да жұмыссыздарды материалдық қолдау, жұмыс орнын таңдау әр түрлі қызмет көретумен күшейтілген. Бұл екі нұсқа да ағымдағы мемлекеттік шығындар жағынан үнемді. Сонымен қатар экономикалық дамудың пассивті жағынан күтілуі еңбек рыногы мен жұмыс күшінің тек жоғары икемділігімен, өздігінше жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары позитивті экономикалық басымдылықтармен ақталады. Әйтпесе еңбек рыногындағы пассивті саясаттың реттеушілері әлсіз болып жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін. Ал белсенді саясаттың болмауы жұмысбастылық қызмет орындары функцияларын біршама төмендетеді.

Өтпелі экономика үшін бәсекелестігі бар өнімді шығаруды ынталандыру, қоғамның экономикалық өркендеуіне жағдай жасау ортасында халықтың мүмкіндігінше жоғары жұмысбастылығын және жұмыс күшінің сапасын қамтамасыз ете алатын белсенді саясат тиімді болып табылады [23] .

Нарықтық қатынастарға өту жағдайында барлық айтылған міндеттерге тағы бір міндет қосылады - экономиканың құрылымдық өзгерістеріне байланысты жұмыс істемейтін тұрғындарды әлеуметтік қорғау [24] .

Қазақстанда тиімді жұмысбастылық жүргізу механизмінің негізгі тетігі болып “Халықты жұмыспен қамту туралы ” Заңға сәйкес мемлекеттік жұмысбастылық қызметі табылады. Ол жергілікті әкімшілік және Қазақстанның еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау министрлігі нұсқауымен құрылған және отандық, қала, облыс және республикалық деңгейде жұмыс істейді және жұмысбастылықты қолдау мемлекеттік қоры есбінен қаржыландырылады.

Жұмысбастылық қызмет көрсету орны еңбек рыногының реттеушілері болып табылады. Ол бұл міндетті рынок жағдайы туралы ақпараттарды жинап, жұмыс күші тепе-теңсіздік зонасын анықтай отырып орындайды. Жұмысбастылық қызмет орны мүмкін болатын дисбалансты жөндеу жолдарын жеке тұлғалар мен органдарға көрсете отырып, жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы арасында кәсіби және географиялық тепе-теңдікті анықтайды [5] .

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін негізгі заң актісі болды. Онда мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуының негізгі жағдайлары, жұмысбастылықты реттеудің негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқығын жүзеге асыру бойынша, материалдық және әлеуметтік көмек, жұмысын жоғалтқан жағдайда мемлекет тарапынан кепілдеме беру сияқты маңызды мәселелер қарастырылған.

Мемлекет өзінің жұмыспен қамту саясатын жасағанда және жүзеге асырғанда әкімшілік және экономикалық шараларға сүйенеді.

Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеудің негізгі әкімшілік әдістеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • азаматтарды жұмыссыз деп тану тәртібін белгілеу;
  • жұмысбастылық қызмет көрсету орнында азаматтардың жұмысқа орналасу құқығын жариялау, тегін консультация, кәсіби дайындық, қайта даярлау және түрлі ақпараттарды алу;
  • еңбекті орындауға кепілдік беру, жұмысты өздігінше таңдау құқығын сақтау, жұмыссыз азаматтарды материалдық және әлеуметтік қолдау.

Халықтың жұмысбастылығына әсер ететін экономикалық әдістерге жататындар:

  • экономиканың жеке салаларын тікелей инвестициялау жолымен жұмыс орындарын сақтау және дамыту, жұмысбастылықты қамтамасыз ету мақсатында жеке аймақтар, салалар, кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін белгілеу;
  • жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туғызатын жаңа технологияларды шығаруды ынталандыру;
  • жеке өндірісті кеңейтуге бағытталған экспорт пен имортты таможнялық реттеу есебінен отандық өндірушілерді қолдау;
  • жұмысбастылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шығындар көлемін ұлғайту;
  • шағын бизнес пен тұрғындардың өздігінше жұмысқа орналасуын дамытуды қолдау;
  • мамандарды кәсіби қайта даярлау жүйесін дамыту;
  • жұмысбастылықтың икемді формаларын, уақытша жұмысбастылықты қолдау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Жұмысбастылықты реттеудің басты құралы болып тұрғындардың жұмысбастылығына көмек, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау ретінде мемлекеттік биліктің әр түрлі деңгейінде қабылданатын кешенді бағдарламалар табылуы қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2003 жылы үкімет 2003-2006 жылдарға арналған кедейшілік және жұмыссыздықпен күрес бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Ол негізінен, отбасының кем дегенде бір мүшесін жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған, Қазақстанның әр аймақ тұрғысынан осындай жағымсыз құбылыстардың азаюына байланысты нақты шараларды қамтыған. Жұмыссыздық деңгейін жұмыспен қамтамасыз етудің белсенді саясатын жүргізу көмегімен азайту - бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі [9] .

Қазіргі уақытта Қазақстандағы кедейшілікті азайту бойынша 2005-2008 жылдарға концепция жасалған. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықты азайту бұл концепцияда елдегі кедейшілік мәселесін шешу әдісінің негізі ретінде қарастырылған.

Үкімет басты назарын жұмыссыздарды қайта оқытуға, кәсіпкерлік негізге оқытуға, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша консультациялар жүргізуге, шетел жұмыс күшінің келу тәртібін реттеуге аударып отыр. Қазақстандағы шетел жұмысшыларының ресми түрде 10 мыңға жуығы тіркелген, ал жасырын келгендер бұдан бірнеше есе артық. Бір жағынан, еңбек министрлігі белсенді түрде жұмыс күшін шетелге жұмысқа орналастыру тәжірибесін қолданбақ.

Мысалы, министрліктің алдына қойылған міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы үкіметімен бірқатар нормативті-құқықтық актілердің қабылдануына мүмкіндік туғызды.

Қазақстан Республикасы үкіметі шағын бизнестің дамуына жете назар аударып отыр. Шағын бизнес, бір жағынан, әлеуметтік, технологиялық, ұдайы өндіріс қатынасында өзгеріс мультипликаторы ретінде, екінші жағынан, әрқкшан глобальды әлемдік шаруашылық процестерінің әсерін бастан кешіреді.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементі ретінде олардың ақшалай табысын индексациялауды жатқызады. Оның мәнісі: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді. Тұрғындардың табысын индексациялау өзінің экономикалық мазмұны бойынша - тұрғындардың ақшалай табыс мөлшерін түзететін механизм. Инфляцияның әсерінен болған тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің қымбаттауын сол механизм арқылы некен-саяқ немесе түгел орнын толтырады. Нарықтық экономика жағдайында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бірден-бір механизмі ретінде индексация өркениетті әлемде кеңінен қолданылады. Ол тұрғындардың ақшалай табысы мен сатып алу қабілеттілігін сүйемелдеуге бағытталған. Индексациялауға тұрғындардың бюджеттен алатын ақшалай табысы да жатады (жәрдем ақы, зейнет ақы, стипендия, жалақы және т. б. ) .

Индексацияны мынадай түрлерге жіктейд:

  • ақшалай табыс индексациясы;
  • сақталған ақшаны индексациялау және өмір сүру минимумын индексациялау.

Жалпы алғанда ақшалай табысты индексациялау механизмы төмендегідей түсіндіріледі. Мемлекеттік статистикалық агенстволар органдары тауар мен қызмет көрсетуге бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді. Осылар тұрғындардың жоғалтқан (бағаның көтерілуі т. б. ) нәрсесі көлемінің бағытын айқындайды және мөлшерінің орнын толтырады.

Индексация ретроспективті немесе күтетіндей болуы ықтимал. Әлеуметтік қорғаудың басты бағыты кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Еңбек нарығы туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері
Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі
Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста
Дағдарыс жағдайындағы халықты жұмыспен қамтуды реттеу
Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау
Еңбек нарығы және жұмыстың негізгі түсініктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz