Референдум - Қазақстан халқының билікті тікелей жүзеге асыруының конституциялық құқықтық нысаны



РЕФЕРАТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ГЛОСАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.8
1 РЕФЕРЕНДУМ . ХАЛЫҚ БИЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
1.1 Референдумның түсінігі, маңызы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Қазақстан Республикасындағы референдум институтының дамуы және құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Референдум тағайындау туралы бастамашылық ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2 Дауыс беру және оны қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.3 Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы
мәселені Республиканың Конституциялық Кеңесінің қарауы ... ... ... ... ... ...54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Әр мемлекеттің құрылуымен, дамуына мемлекеттің тарихи өзгерістері әлеуметтік және мемлкеттік–құқықтық болмыстары белгілі бір мақсатқа жетудің бірден-бір көзі екендігі мәлім.1 [1.23 б.]Алдыңғы тәжіребиені еске ала отырып, яғни батыс демократия қағидасына сүйене отырып, көпұлтты және көпфессионалды қоғамымызбен ерекшелене отырып, алғаш тарихымыздағы тәуелсіз мемлекет құрдық – деп толық сеніммен айта аламыз. Біз демократияны жаңа өмірдің бастауы еместігін, ол біздің мемлекетіміздің басты мақсаты екенін білдік. Демократияны жою мүмкін емес. Сонымен Қазақ мемлекеті құрылды. Біздің мемлекетіміз саяси даму моделі жағынан және әлеуметтік дамуы жағынан батыс демократияға теңестірілген мемлекет ретінде әлемге, жалпыға танылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті болуына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принцептерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социолизм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден-жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы көрсетілді.
Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа негізделді.
Конституцияда республиканың мемлекеттік өкіметінің барлық органдарынан құрылымы мен функциялары, республикалық және жалпы федеративтік органдарынан өзара қарым-қатынастары белгіленген, барлық еңбекшілердің нәсілі мен ұлтына қарамастан толық тең екендігі кепілдік берілетіні жазылды. Конституция Кеңестер сайлауынан жүйесі мен тәртіптерін, олардың компетенциясын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері белгіленді.
1 Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, народ – Алматы: «Жеті жарғы», 1997 – 198 с.
2 Послание Приезидента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана (Часть І ). НОВЫЙ КАЗАХСТАН В НОВОМ МИРЕ. Астана, 28 февраля 2007 года.
3 http. w.w.w. akorda.kz . «Референдум в Казахстана»
4 Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана //Казахстанская правда, 11 октября 1997
5 Қазақ ұлттық энцоклопедия. А-, 1998-820 с.
6 Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. - М: Белые Альвы, 1996-с.157
7 Катков Д.Б., Корчиго Е.В. Конституционное право. - М., 1999 – 227 с.
8 Мурашин А.Г. Непосредственное народовластие в системе социалистического самоуправления народа. - Киев: «Вышая школа», 1989. - 289 с.
9 Сафаров Р.А. Институт референдума в условиях общенародного государства. // Советское государство и право. 1963. – 20 с. 10 Ведомости съезда народных депутатов СССР и Верховного Совета СССР, 1991. - №1. – 16 с
11 Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан. // 1993. - №23-24. - 513 с.
12 Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан. // 1995 №1-2, 21 с.
13 Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 №22, с. 131//
14 «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік
Бағдарламасы туралы» Қазақстан Республика Президентінің Жарлығы.
24.031994ж.
15 Сообщение Центральной комиссии референдума Республики Казахстан об
итогах голосования республиканском референдуме 29 апреля 1995 года
// Советы Казахстана, 1995,4 мая//
16 Зиманов С. Конституция и Парламент Республики Казахстан, Алматы: «Жеті Жарғы», 1996. 264 с.
17 Балиева З. Избирателю о выборах в РК (памятка). - Алматы, 1998. - 91 с.
18 Конституционный Закон Республии Казахстан о референдуме 6 апреля
1999 // Каз.Правда, 8 мая. 1999 год

19 Ведомости Верхного Совета Республики Совета, 1995 год, ІІІ-2, с.140
20 Ведомости Верхного Совета Республики Совета, 1995 год, П-2, 21
21 Вопросы регу лиования порядка назначения и проявления инициативы о
проведении республиканского референдума. // Саясат. - 1998г.- №4. – 60 с.
22 Конституционный закон Республики Казахстан. О внесении измений и
дополнений в Указ Президента РК, имеющий силу Конституционного Закона
о республиканском референдуме от 6 апреля 1999 года.
//Каз. Правда, 8 мая, 1999г.
23 Ведомости Верховного Совета РК. //1995,,№ 22, с.131.//
24 Пхон Бунтхал . Правовое регулирование вопросов организации и
провдения республиканского референдума. - // Саясат. - №8. – 1997.160 с.с.
25 Коваленко А.И. Конституционное право России: Право и Закон, 1997 137 с.
1.1 Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995, Алматы, 1995.
1.2 Конституция Республики Казахстан от 28 января 1993, Алматы, Казахстан, 1993.
1.3 Закон Республики Казахстан о внесении измений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан от 7 ноября 1998 // КазПравда, 1998, 8 октября//
1.4 Декларация «О государственном суверенитете Казахской Советской Социалистической Республики» от 25 ноября 1990. Этапы государственности, Алматы, Жеті Жаргы, 1997.
1.5 Конституционный закон «О государственной независимости Республики Казахстан» от 16 декабря 1991 года //Вечерняя Алма-Ата, 1991, 19 октября//
1.6 Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Конституционного закона «О Республиканском референдуме» от 25 марта 1995 //Вести Казахстана, 1995, 4 ноября //
1.7 Конституционный Закон «О республиканском референдуме» от 2 ноября 1995 // Вести Казахстана, 1995, 4 ноября//
1.8 Конституционный Закон Республики Казахстан о внесении измений и дополнений в Указ Президента, имеющего силу Конституционного закона «О республиканском референдууме» от 6 апреля 1999, //КазПравда, 1999, 8 мая//
1.9 Конституционный Закон «О выборах в Республики Казахстан» от 28 сентября 1995 // Вести Казахстана, 1995, 30 сентября.//
1.10 Конституционный Закон Республики Казахстан о внесении измениий и дополнений в Указ Президента Республики Казахста, имеющий силу Конституционного закона «О выборах в РК» от 6 апреля 1999 //Казахстанская Правда, 1999,8 мая//
1.11 Конституционный Закон «О Парламента РК и статусе его депутатов» от 16 октября 1995 //КазПравда, 1995, 18 октября//
1.12 Закон Республики Казахстан от 31 мая 1996 «Об общественных объединениях». Законы и постановления, принятые на 1 сессии Парламента РК 1-го созыва //Алматы, Парламент РКД 996.//
1.13 Закон о всенародном голосовании (республиканский референдум СССР) //Известия советов народных депутатов СССР, 1990, 29 декабря//
1.14 Постановление Центральной Избирательной комиссии от 8 деакбря 1997 об избрании и регистрации депутатов Сената Парламента РК на выборах, состоявшихся 8 октября 1997 //КазПравда, 1997, 9 декабря//
1.15 Закон КазССР от 27 июля 1991 «Об общественных объеинениях в КазССР» //КазПравда, 1991, 15 августа//
1.16 Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона от 17 марта 1995 «О порядке организации и проведения собраний, митингов, шествий и демонстраций в РК», // Вечерний Алматы ,1995, 20 марта//
1.17 Конституция Японии от 3 мая 1947. Конституции 16 стран мира, Алматы, //Жеті жарғы, 1995//
1.18 Закон РК. О Внесении измении и дополнении в закон «О республиканском референдуме» от 4 мая 2008 года.
2.19 Баймаханова Д.М. Конституционно- правовые проблемы развития непосредственной демократии, дисс. к.ю.н., Алматы, 1998.
2.20 Баймаханова Д.М. Референдум: к вопросу о понятии //Вестник КазГУ, серия юридическая, Алматы, 1997, №5//
2.21 Баишев Ж., Шакиров К. Конституция 16 стран мира, Алматы, «Жеті Жарғы», 1995
2.22 Балиева З. Избирателю о выборах в РК (памятка), Алматы, 1998
2.23 Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995, №22
2.24 //Ведомости Верховного Совета Республи Казахстан, 1995, №1-2//
2.25 //Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1993,№23-24//
2.26 //Ведомости съезда народных депутатов и Верховного Совета СССР, 1991, №1//
2.27 //Вестник Центральной избирательной комиссии РК, 1995, №10-11//
2.28 Волкова О. Да и нет не говорите. Почему у вас нет закона на референдумах //Комсомольская Правда, 1989, 15 января//
2.29 ЗимановС Конституция и Парламент РК, Алматы, Жеті Жарғы, 1996
2.30 Ибраймов С.Б. Правовое государство //Закон и время, Алматы, 1999, №1//
2.31 Йовичич М. Референдум, Белград, 1957
2.32 Ким В.А. Основной закон работает //КазПравда, 1989, 20 июня//
2.33 Ким В.А., Ким Г.В. Конституционный строй РК, Алматы, 1998
2.34 Казахстан: этапы государственности (Конституционные акты), Алматы, «Жеті Жарғы», 1995
2.35 Коваленко Конституционное право России, право и закон, 1997.
2.36 Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право России, Москва, «Юрист, 1996»
2.37 Коток В.Ф. Проблемы развития непосредственной демократии в Советском государстве, Автореф.дисс. д.ю.н., Москва, 1965
2.38 Коток В.Ф.Референдум в Системе социалистической демократии, Москва наука, 1964
2.39 Коток В.Ф. Съезды и совещания трудящихся – форма непосредственной демократии, «Москва, Юридическая литература, 1964»
2.40 Коток В.Ф. Наказы избирателей в социалистическом государстве, «Москва Наука, 1967»
2.41 Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ, Алматы, Жеті Жарғы, 1997
2.42 Маманов, Табаков С.А. Лукуяненко М.В. Конституционное право РК (терминологический словарь), Алматы, Сауле, 1995
72
2.43 Марченко А.Референдум –это мы // КомсПравда, 1989, 28 августа
2.44 Мишин А.А. Конституционное (госдарутвенное) право зарубежных стран, Москва, Белые Альвы, 1996
2.45 Мурашин А.Г. Непосредственное народовластие в системе социалитического самоуправления народа, Киев, вышая школа, 1989
2.46 Морозова Л.А. Конференция по вопросам подготовки и проведения референдумов //Госдарство//

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы

Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы

Республикалық референдум –Қазақстан халқының билікті тікелей жүзеге
асыруының конституциялық құқықтық нысаны

Орындаған: Сыртқы
бөлімінің 3-курс
ІІ-топ студенті Кыдырбаева А.Е.

Ғылыми жетекші:

Жарболова А.Ж.

Норма бақылаушы:

Құсайнов Д.Ө.

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға
жіберілді
Кенжалиев З.Ж.
з.ғ.д. профессор

Алматы, 2010

М А З М Ұ Н Ы

РЕФЕРАТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ГЛОСАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-8
1 РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ БИЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
1.1 Референдумның түсінігі, маңызы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Қазақстан Республикасындағы референдум институтының дамуы және
құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Референдум тағайындау туралы бастамашылық ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2. Дауыс беру және оны қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...42
3. Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы
мәселені Республиканың Конституциялық Кеңесінің қарауы ... ... ... ... ... ...54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

Р Е Ф Е Р А Т

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Референдум - Қазақстан халқының
билікті тікелей жүзеге асыруының конституциялық құқықтық нысаны деп
аталады.
Жұмыстың мақсаты референдум түсінігін мазмұнын ашу, оның түрлерін
анықтау, Қазақстан Республикасындағы аталған институттың пайда болуы, даму
процессі, референдумның жүргізілуі және тағы басқа тақырыпқа қатысты
сұрақтар қаралады.
1- бөлігінде референдумның түсінігі және оны топтастыру. Сонымен
бірге референдумды өткізу кезіндегі тәртіптік реттеудің ескі және жаңа
нормативтік актілеріне анализ жасадым.
2-бөлігінде Республикалық референдумның өткізілу механизмін ашамын.
Дипломдық жұмыс мазмұнын сипаттайтын термонологиялар:
Конституция - Негізгі заң, Жарлық, Конституциялық заң, құқықтық мемлекет,
Қазақстан Республикасы, демократиялық мемлекет, суверенді мемлекет,
тәуелсіз мемлекет, бап, дәреже, мәртебе, дауыс беру, сайлау, референдум,
бүкілхалықтық дауыс беру және т.б.
Өзімнің қорытындым және ұсыныстарым жұмысымның беттерінде.
Жұмыстың көлемі 58 беттерден тұрады.
Жұмысым Кіріспеден, 2 бөлім, 6 бөлімшеден, рефераттан, дипломдық
жұмыс мазмұннан, сондай-ақ қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

ГЛОСАРИЙ

Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының,
конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге де
неғұрлым маңызды мәселеріне арналған шешімдердің жобалары бойынша
бүкілхалықтық дауыс беру.
Демократия – халык билігі, мемлекеттік кұрылыс нысаны. Бұл билік
халықты биліктін қайнар көзі деп тануға негізделеді және тендік пен
бостандаык, мемлекеттің негізгі органдарының сайланбалық кағидаттарын
басшылыққа алуға сүйенеді.
Президент – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының
негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халыкаралық катынастарда
Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Парламент – ең жоғары өкілетті заң шығарушы билік органы
Конституция – тұтастай алғанда мемлекет пен коғамның негізгі заң, қазақ
коғамында Ата заң деп аталады.
Конституциялык кенес – Қазақстан Республикасының Конституциясын корғауға
арналған ерекше орган.
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Вето – Парламент кабылдаған заң жобасына Президенттің қол коймауы, яғни
кабыл алмауы.
Акт – мемлекеттік орган кабылдаған шешім немесе кұжат

КІРІСПЕ

Әр мемлекеттің құрылуымен, дамуына мемлекеттің тарихи
өзгерістері әлеуметтік және мемлкеттік–құқықтық болмыстары белгілі бір
мақсатқа жетудің бірден-бір көзі екендігі мәлім.1 [1.23 б.]Алдыңғы
тәжіребиені еске ала отырып, яғни батыс демократия қағидасына сүйене
отырып, көпұлтты және көпфессионалды қоғамымызбен ерекшелене отырып, алғаш
тарихымыздағы тәуелсіз мемлекет құрдық – деп толық сеніммен айта аламыз.
Біз демократияны жаңа өмірдің бастауы еместігін, ол біздің мемлекетіміздің
басты мақсаты екенін білдік. Демократияны жою мүмкін емес. Сонымен Қазақ
мемлекеті құрылды. Біздің мемлекетіміз саяси даму моделі жағынан және
әлеуметтік дамуы жағынан батыс демократияға теңестірілген мемлекет ретінде
әлемге, жалпыға танылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті
даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік
актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен
сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті болуына жинақтаған.
Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған
ұйымдастырылуы мен қызметі принцептерін белгілейді. Онда адамдар мен
азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл
халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек
конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық
салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік
құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән. Конституцияны Қазақстан халқы
қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі
білдірілген. Социолизм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп
есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден-жұмысшы табынан, шаруалар мен
еңбек интеллигенциясынан тұратындығы көрсетілді.

Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа,
марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа негізделді.
Конституцияда республиканың мемлекеттік өкіметінің барлық
органдарынан құрылымы мен функциялары, республикалық және жалпы
федеративтік органдарынан өзара қарым-қатынастары белгіленген, барлық
еңбекшілердің нәсілі мен ұлтына қарамастан толық тең екендігі кепілдік
берілетіні жазылды. Конституция Кеңестер сайлауынан жүйесі мен тәртіптерін,
олардың компетенциясын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері
белгіленді. 1 [2, 33 б.]

5
Қазақ АССР –нің Одақтас республика болуы оның жаңа Конституциясын
жасау да қажет етті. Осыған сай Орталық Атқау Комитеті Президумның 1936
жылы 9 маусымдағы 3 қаулысы бойынша Констиутциялық комиссия құрылды.
Комиссия Конституцияның негізінде КСРО-ның жаңа Конституциясын басшылыққа
ала отырып және Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси өміріндегі
өзгерістерді ескере отырып, Қазақ ССР-і Конституциясының жобасын жасап
шығаруға шешім қабылдады.
Конституциялық комиссия ұсынған жобаны Орталық Атқару комитеті
Президумы негізінен мақұлдап, оны Қазақстан Советтерінің төтенше
Х-съезінің қарауына жолдау ұйғарылды. Жоба бүкіл халықтық талқылауға 9
ақпан 1937 жылы баспасөз арқылы жарияланды. Талқылау 1,5 айдан астам уақыт
жүргізілді. 1937жылғы 26 наурызда съезд Қазақ ССР-і Конституциясын
бекітті. Конституция Қазақс Советтік Социалистік Республикасы
жұмысшыларымен шаруалардың социалистік мемлкеті, оның саяси негізі
еңбекшілер депутаттарының Советтері болып табылады деп жариялады. 2 [3.]
Алғаш және соңғы рет референдум Кеңес Одағы тарихында 1991
жылы наурыз айында саяси шешімге келу кезінде қолданылды. Бірақ ол Кеңес
Одағының ыдырауын тоқтата алмады.
Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы референдумды
мемлекеттің маңызды мәселелерін шешудің құралы ретінде қарастырды.
Республикада 1995 жылы 2 жалпы республикалық референдум өткізілді. Бірінші
29 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін ұзарту
жөнінде;
екіншісі 30 тамызда Қазақстан Республикасы Констиутциясын қабылдау
кезінде.
1995 жылы 2 қарашасында Республикалық референдум туралы
Мемлекеттің жаңа заңында жалпыхалықтық дауыс беру институттары арасынан
айрықша көрініп тұрды. Референдумның құқықтық негізін - Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлығымен бекітеді.1 [4.16 б.]
Қазақ заң ғалымдарының теориялық зерттеуінің толыққанды
объектісі болмады.. Бірақ референдум туралы заңды білу және практика
жүзінде оны қолдану, проблемаларды жүйелі түрде анализдеу, түрлі
шешімдерді шешуге көмектеседі. Қазақстан Республикасы Президентінің
халыққа жолдауында, Қазақстан-2030 даму стратегиясында қазіргі заманғы
жағдайларды ұғына отырып, Қазақстанда өткізілген әлемдік деңгейдегі
республиканың жаңа институттары құрылды. Референдумда – халыққа қатысты
проблемалар, шешімдер немесе керісінше жалпыұлттық сайлауды жария етуге
тыйым салынған мемлекеттік және қоғамдық проблемалар қарастырылды.
Өзіңнің

6
стратегияңды құру үшін, болып жатқан процесстердің күшті және әлсіз
жақтарына ұстамды көзқарас керек.
Респуликалық референдумда көптеген мәселелер құқықтық реттеуде
туындайды. Сырттан қарағанда референдум сайлау процессін еске түсіреді.
Яғни, дауыс беру арқылы бір шешімге келуі. Бүкілхалықтық дауыс беруді
ұйымдастыру кезіндегі заңдық жобада және мемлкеттік маңызы бар мәселелерді
шешуді өзіндік азғана өзгешелігі бар, дәл сол тікелей демократияның өзгеше
формасы. Көптеген шешімі жоқ мәселелер референдум комиссиясының
өкілеттілігінің құрылу реті жолымен байланысты. Тағы да тап осы органның
функциясын сайлау комиссиясы атқарады, онда болған кемшіліктер және
жетіспеушіліктер референдумның қызметіне ауыстырылады.
Референдумды қаржыландыру мәселесі даусыз шешіледі. Өйткені
референдумды тек мемлекет тарапынан қаржыландырады.
Референдумның дамуына тікелей демократияның дамуы ретіндегі сұрақ етіп
дипломдық жұмысқа тақырып етіп алдым.
Осы зерттеулер өзіне төмендегідей мақсат қояды:
- референдум түсігін тұжырымдау, оның түрлерін анықтау, мазмұнын ашу,
ұйымдастыру қағидаларын білу, оның Қазақстан Республикасында өткізілу
институттарын анализдеу.
- жергілікті референдумның республикалық деңгейдегі өткізілу ретінің мәнін
ашу.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалар:
- Референдум функциясына қатысты сұрақтарды жарыққа шығару;
- Конституция - тікелей демократияның аса маңызды формасы ретінде заң
шығарушы құрал ретінде;

Дипломдық жұмыстың нормативтік негізі. Дипломдық жұмыстың
нормативтік негізі құрады: Қазақстан Республикасының Конституциясы,
толықтырулар мен өзгертулер енгізілген, Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңы, Республикалық Референдум туралы заңы, Қазақстан
Республикасының сайлау туралы заңы және басқа да нормативтік құқықтық
актілер, шет мемлекеттердің конституциялары, нормативтік құқықтық актілері.

Республикалық референдум - Қазақстан халқының билікті тікелей
жүзеге асыруының конституциялық-құқықтық нысаны тақырыбында
көптеген ғалымдардың еңбектері жазылды. Бірақ референдум институттары енді
бой көтергенімен, оған халықтар демократияның бірден-бір қозғаушы

7
көзі ретінде көңіл бөлді.1 [5, 1-5,7 б.]
Дипломдық жұмысты жазғанда: В.А.Сапарғалиевтің, Г.С.Баймаханованың,
Д.М.Пхон Бултхананың еңбектерін жиі назарда ұстадым.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізін В.Ф.Коток, А.А.Мишин,
М.Иовичин, В.А.Ким, Д.М.Баймаханова сынды ғалымдардың идеяларын қостым.

8
1 РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ БИЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

1.1 Референдумның түсінігі, маңызы және түрлері

Референдум (лат. referendum-хабарландыруға тиісті нәрсе) мемлекеттік
маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демократиялық мемлекет
алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше,
шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң не халықтар жобасы,
басқару сипатындағы мәселер ұсынылады. Референдумның негізгі екі түрі бар.
Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз
бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа референдумда ғана
күші болады және жаңа референдумда ғана жойылады. 1 [5.187 б.]
Консультативті референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың
пікірін білу үшін өткізіледі. Мұндай референдум ның қорытындысы өкімет үшін
міндетті болмайды. Халықтар құқықтық мәселе бойынша референдум (көбіне
плебисцит делінеді) өткізу ХХ ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды.
Мысалы; Еуропа Кеңесіне мүше болу болмау мәселесі бойынша Франция, Дания,
Норвегия, Швеция, Ирландия елдерінде референдум өткізіледі. Қазақстанда
референдум өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Президенті
қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот
төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік
орындарының құзіреті басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы; әкімшілік-
аумақтық құрылыс пен шекра мәселесі референдумға негіз бола алмайды.
Тәуелсіз Қазақтан тарихындағы алғашқы референдум өткізіліп, халық
бірауыздан Ата Заңды қабылдады.
Республикалық референдум–Қазақстан Республикасы Конституциясының,
конституциялық заңдарының мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды
мәселелеріне арналған шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс
беру. Қазақстан Республикасының алдымен егемендік алуы, ал кейін
мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі юридикциялық акт есебінде бас-аяғы 1-
2 жылдың ішінде болғанымен (1990-1991 жылдар), шын мәнінде өте күрделі,
талас, тартысқа толы тарихи оқиғалар еді, Ал Қазақ халқы үшін бұл
даталардың қасиетті де қастерлі екені айтпаса да түсінікті.
Республикамыздың егемендігі мен тәуелсіздігінің тарихын тұтастай тарататып
айтар болсақ ғасырлар қойнауына кетеріміз анық. Кеңестер Одағының
ыдырауымен және тәуелсіз мемлекеттер

9
достастығының құрылуымен байланысты екендігіне ешкім шүбә келтіре қоймас.
Осы төңкеріс күндерінен кейін-ақ партия қатарынан жаппай шығу процесі белең
алды және бұл процесті тоқтату мүмкін емес екендігі өмір ақиқатына
айналды.1 [1. 9 б.] 1991 жылы КСРО Президенті өзінің арнайы жарлығымен СОКП-
ның Орталық Комитетін таратуға мәжбүр болды. 1991 жылдың желтоқсан айында
Кеңес Одағы құлады. Оның құрамындағы Одақтас Республикалар тәуелсіз
мемлекет болып қайта құрылды. Қазақ КСРО-сы жойылды. Оның аумағында жаңа
мемлекет яғни, Қазақстан Републикасы бой көтерді. Қазақстан Республикасының
заңдық күші бар құқықтық актілері енгізілді. Қазақстан халықтар
Ассамблеясында жобасы мақұлданған, республикалық референдумда
қабылданған, Қазақстан Республикасының құқықтық актісі – Қазақстан
Республикасының Конституциясы болып табылады. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құқықтық практикасында референдум тікелей демократиялық нысаны
ретінде қолданыла бастады. 2 [2. 37 б.]
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халық таптық
сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы,
шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы еңбекші
термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да
қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында халық тұрғындардың бүкіләлеуметтік
қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады.
Осыған орай, халық ұғымы Қазақстан Конституциясына сәйкес, біріншіден,
ол байлық
жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді,
сөз жоқ, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады.
Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде
танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші
бір тобын кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет
тиісінше, олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық
қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасының
Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын
шектемей конституциялық–құқықтық қатынастар субъектісі ретінде таниды.
Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл
халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше:
құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер
берілмейтіндігін білдіреді.
Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп
тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасының
1995

10
жылғы Конституциясы Біз, Қазақстан халқы... осы Конституцияны қабылдаймыз
деген сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны референдумның
қорытындысымен қабылдады. Қазақстан республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі
мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қойған жоқ, ол
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент
Парламенттің қарауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда да халық сырт
қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан
қабылдайды.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субъект деп
танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі
мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы
болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция
арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым
нысандарын, әлеуметтік–
экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді.
Тек халық, ал халық атынан тек парламент қана мемлекеттің құрылым
негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда
мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық
принцептері нығайтылған. Ол – мемлекеттік құрылымының біртұтас нысаны,
басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны
қабылдау мен оған өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық
жүйені қалыптастыру мен дамытудағы мейлінше ерекше орнын, Парламент,
Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін, азаматтар
үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты оның барлық
нормативтік қағидаларының еш шүбәсіз танылатындығынан, басқа ешбір
нормативтік құқықтық акт Конституция нормаларын ескірген, өмір шындығына
сай келмейтін деп және басқалай тани алмайды.
Мұндай ерекше сипат тек Конституцияға ғана тән.
Бұл жағдайға назар аударып отырған себебіміз, конституциялық
қағидаларға атүсті айтылған сындар кейде жақсылық нышанындай есептеледі.
Конституцияның қайсыбір нормаларына, киімді ауыстырған сияқты,
өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылады. Мұндай акциялар ескінің,
кеңестік кезеңнің сарқыны, ол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Одақтас
Республикалардың Жоғары

11
Кеңестерінің әр сессиясында дерлік Конституцияға өзгерістер мен
толықтырулар жеңіл енгізіле беретін. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы
Конституциясымен де осылай болды, айналып келгенде ол ешкімге қажеті жоқ
жалаң нұсқаулық құжатқа айналды.
Әрине, бұдан Конституцияның жекелеген нормалары уақыт сынына
ұшырауы, өскелең қоғамдық қатынас талаптарына сай келмеуі мүмкін емес
деген ой тумаса керек. Қоғамдық қатынас ылғи да қозғалыста, өзгерісте
болады, сондықтан конституциялық нормаларды өзгерту қажеттігі де
туындайды. Мұндай процесс өтпелі үлгідегі қоғам үшін тән құбыыс. Нақ
осындай қоғамда түбірлі өзгерістер мейлінше тез және жиі жүреді. Бұл
процесстің Конституцияның жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес. Осыны ескере
отырып, өткеннен де сабақ алу керек. Конситуцияның тұрақтылығын, оның
беделінің жоғарлығын қамьамасыз ету үшін мұндай туған жағдайда
Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға тіркеуге
болатындай етіп, жеке ерекше нормативтік акт ретінде рәсімдеу керек.
Мұндай көзқарастың бірқатар сәтті жақтары бар. Біріншіден, Қазақстан
Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты сақталады. Шын мәнінде,
Қазақстан Конституциясы бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір
сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым
және басқару нысандарымен, қоғамның экономикалық құрылысының жаңа
негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекетті құрды.
Екіншіден, аталған құрылтайшылық сипатына орай Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы құқықтық мәдениеттің тарихи жадын бейнелейді.
Ешқашан енді мұндай Конституция болмайды.
Ол Қазақстан мемлекетінің қазіргі кезеңіндегі қалыптасуы мен
дамуының тарихи өзгерістері аясында туды.
Сондықтан ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде,
қабылданған күйінде сақталуын талап етеді. Үшіншіден, ерекше құрылтайшылық
сипаты мен тарихи мәні қасиетті акт ретінде азаматтардың Конституцияға
деген құрмет сезімін қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін
ұрпақтардың алдында оның беделін тұрақты көтеру үшін де маңызды. Бұл
орайда, әлдеқашан ескірген қағидаларының аз емесетігіне қарамастан, оның
басты актілердің негізі болып отырған АҚШ Конституциясын еске алған жөн.
Көптеген қағидаларының тек тарихи-танымдық ғана мәні бар болса, дінге
сенушілер үшін бірнеше мың жылдар бойғы діни жазбалар қасиетті сенім
сияқты есептеледі.
Бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы
ретінде қолданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл
халықтың

12
мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы
ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық
атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен:
аумағынан, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және
басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың
қоғаммен, қоғамдық институттарымен өзара қатынасының негізін қалайды.
Конституция қоғамдық: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік
құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет ғана емес, оны
институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын
жинақтайды. Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметін
Конституцияға негіздеуі тиіс. Жекелеген заңдардың қайсыбір жекелеген
қоғамдық институттарға: саяси партияларға, діни, мәдени бірлестіктерге
және басқаларына қатынасы болуы мүмкін. Мақсаты мен әрекеті конституциялық
құрылысты күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды көздейтін
қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салатын
Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады.
Президенттің Парламентке немесе Референдумға Конституцияға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу құқы ерекше, оның мемлекеттің басшысы ретінде,
халықтың және мемлекеттің атынан сөйлейтін жағдайымен белгеленген арнаулық
құқығы бар. Мұндай құқықты президенттің конституциялық бастама құқы деп
атауға болады. Бұл мазмұны терең құқық, өйткені, Парламенттің қарауына
немесе референдумға енгізілетін Конституцияның өзгерістер мен
толықтыруларының мазмұнын, Президенттің өзі белгілейді. Енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын Президенттің белгілейтіні
Конституцияның 91-бабында көрсетілген, онда былай делінген. Егер
Президент оны парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға
шығарылмайды. демек, жоба деген сөзді енгізілген мәселенің тұжырымдалуы
деп түсінген жөн. Мұны Президенттің 1995 жылғы 2 қарашадағы Республикалық
референдум туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығының 18-бабындағы
қағида растайды. Онда, референдум тағайындау туралы шешімді Республика
Президенті оған енгізілетін (енгізілген) мәселенің (мәселелердің)
тұжырымдалуы белгіленетін тиісті Жарлық шығару жолымен енгізетіндігі
айтылған. Демек, конституциялық заңда Президенттің конституциялық бастама
құқына ие екендігі анық көрсетілген. Президентте конституциялық бастама
құқының болуы Конституцияның тұрақтылық негізіне қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, Президент туралы,
Парламент және оның депутаттары туралы, Республикалық референдум туралы

13

Жарлықтарында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын
актінің бір ғана түрі қарастырылған – ол шешім. Қаулы емес, жарлық емес,
конституциялық немесе жай заң емес, шешім. Осындай шешім қабылданғаннан
кейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әрине,
өзгерістер мен толықтыруларға қажеттілік Конституцияның сапасына,
конституциялық қағидалардың мемлекет пен қоғамның болашақтағы стратегиялық
мақсаттары мен міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне,
конституциялық идеялардың қазіргі деңгейін, сондай-ақ халықаралық құқық
нормаларын қаншалықты бейнелей алатындығына байланысты туындайды. Егер
Қазақстан Республикасы Конституциясына қатаң талап тұрғысынан келсек,
негізінен, ол бұған жауап бере алады. Қазақстандағы саяси тұрақтылық бұл
көбіне көп Конституция қызметінің нәтижесі. Мұны теріске шығаруға
болмайды. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын
жетілтірмейді деген сөз емес. Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен
толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сонымен бірге Конституцияның тұрақтылығына
қамқорлық жасап та отыру қажет.
Демократияның тікелей әрі маңызды түрі референдум болып саналады.
Осыған орай Өзбекстан Республикасы Конституциясының 9-бабында: Қоғамдық
және мемлекеттік тұрғыдағы ең маңызды да көкейкесті мәселелер халықтың
талқылауына шығарылып, жалпы дауыс беруге ұсынылады делінген.
Референдумды өткізу тәртібі заңмен белгіленеді. Қырғыз Республикасы
Конституциясының 1-бабы бойынша. Халықтың еркін анықтап алу үшін заңдар
мен соған ұқсас мемлекет өміріне қатысты мәселелер референдумға қойылу
мүмкін. Референдум өткізудің негіздері мен тәртібі конституциялық
заңдармен белгіленеді.
Референдумның басты мақсаты жалпымемлекеттік тұрғыдағы ең маңызды
мәселелерді (мысалы, мемлекет басшысының не парламенттің елге үндеуі) не
болмаса жергілікті маңызды мәселелерді (жергілікті басқару органдарының
жергілікті сайлау корпусына үндеуі) сайлау корпусына таратып, шешуді
білдіреді. Мысалы, Эстония Республикасы Конституциясының 105-бабына сәйкес
Мемлекеттік Жиналыс Мемлекет өміріне қатысты заң жобаларын не соған ұқсас
мәселелерді референдумға қоюға құқылы. Осы көрсетілген Конституцияның 106-
бабында: референдумға бюджет, салық, мемлекеттің қаржылық міндеттемелері
мәселелерін, шетел мемлекеттерімен болған келісім-шарттарды бекіту не оны
бекерге шығару, төтенше жағдайларды енгізумен және оны жою, сондай-ақ
мемлекеттік қорғанысқа тиісті мәселелерді қоюға болмайтыны айтылған.

Ресей Федерациясы Конституцияның 84-бабына сәйкес референдумды бұл
елде Ресей Федерациясының Президенті тағайындайды.

14
Референдумда қойылатын мәселелерді өз мәніне қарай төмендегіше
бөліп көрсетуге болады;
Конституциялық (өзгертулер мен толықтырулар енгзіу үшін
ұсынылатын жаңа конституция жобасы);
Заң шығарушы (жаңа заңның жобасы немесе күші бар заң);
консультациялық (мысалы, нақты бір елдің халықаралық қатынасына тікелей
тиісті маңызды бір мәселе бойынша жұртшылық пікірін білуді ұйымдастыру.
Осындай референдум Швейцарияда оның БҰҰ-ға мүше болып кіруі алдында
өткізілді): міндетті (референдум өткізуді конституция бекіткен. Мысалы,
Жапония Конституциясының 96-бабында парламенттің екі палатасы қуаттаған
елдің Негізгі заңына жасалған өзгертулер жобасын референдумға қою
міндеттелген; сол секілді Өзбекстан Республикасы Конституциясының 74-
бабына сәйкес Қарақалпақстан, Өзбекстан Республикасы құрамынан қарақалпақ
халқының жалпыға бірдей референдумы негізінде шыға алады.) факультативтік
(кейбір мәселелерді референдумда өткізу, әдетте өкіметтің немесе сайлау
корпусының еркіне беріледі. Кейде, мысалы, Литва Республикасы
Конституциясының 9-бабына сәйкес
референдум сайлау құқығына ие 300 мыңнан кем емес азаматтардың талабымен
де өткізіледі).
Осы арада сайлаудың да, референдумның да бір-біріне ұқсас жақтары көп
екенін айта кеткеніміз жөн: олардың екеуіне бірдей дәл сол сайлау
корпусының өзі қатысады; оны әдетте дәл сол органдар өткізіп, дауыс беру
нәтижелерін де солар жүзеге асырады. Алайда, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік
ерекешеліктері де бар. Ол жайлы айтар болсақ, әуелі сайлауда еркін
білдірудің негізгі объектісі болып әрдайым адам саналса (депутатқа,
президентке және т.б.), ал референдумда қандайда бір нақты мәселе
(конституция жобасы немесе аса маңызды ішкі саяси немесе халықаралық
мәелелерді қамтитын және т.б. заңдар) қаралады. Екіншіден, сайлауларда
дауыс беру нәтижелері мажоритарлық, тепе-теңдік, аралас жүйелермен
анықталатын болса, ал дауыс берудің нәтижелері референдумда тек
мажоритарлық жүйемен жүзеге асады. Сонымен қатар, референдум өткізгенде
әдетте, сайлау округтері құрылмайды. Шетелдердің мемлекеттік әдетте,
сайлау округтері құрылмайды. Шетелдердің мемлекеттік тәжірибелерінде одан
да басқа өзгешіліктердің болуы ықтимал. 1 [6. 15 б.]

15
Референдум институты ХХ ғасырда кеңінен таралды және бүгінгі таңда
заңмен бекітілді, көп жағдайда әлем елдерінде заңдық кепіл бола алады.
Референдум – бұл азаматтардың көңіл білдіру формасы. Республикалық
референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық
заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне
арналған шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.
Референдумның маңызды нысаны:
- Референдум-бұл дауыс беру арқылы ерікін білдіру.
- Референдумда қабылданған заң жобалар, жаңа референдумде күшін жоғалтады.
- Референдум халықтардың тікелей өзін депутаттарға жанама өкілеттігін
білдіруі.
- бұл қандай да бір органдардың бекітілуінсіз референдумның қорытындылары
ресми түрде жарияланған кейін заңдық күшіне енетін референдумда қабылданған
шешім. 1 [7. 110 б.]
Біздің Конституцияның 3-бабы 2-тармағында көрсетілген, Халық
билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге
асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға
береді.
Жоғарыда аталғандай Конституциялық заң Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес рефпубликалық референдумды тағайындау, әзірлеу және
өткізу тәртібін белгілейді.
Референдум - осы заманғы мемлекетке сай көрсетілген органға сайлау
жүйесіндегі дауыс беру арқылы тікелей демократияның формасы. Сонымен қатар,
шет мемлекеттерде кез келген дауыс беруді референдум деп атайды.
Референдум - қатып қалған ереже емес, тек ғана ережеден тыс дүние.
Демократияның маңызы-референдумның күшті байқалатын қозғаушы күштері
тікелей халық болып табылатын мемлекеттер жетерлік: Мысалға:Швейцария,
Австрия, Италия. Бұл өте қуанышты жай, өйткені Швейцария бүгінгі таңда
демократиялық мемлекеттердің арасындағы өткізілген референдумдар саны
жағынан алдыңғы орынға шыққан мемлекет. Мұнда қандай да бір заңды қабылдау
және референдумда халықты жинап өткізу шарт емес, тек ғана 50 мың халықтың
қол жинаса болады. Сонда да референдумды өткізу – барлық елдерде қиын әрі
уақытты қажет етеді.
Референдумның құндылығы мынада:
- референдум арқылы халық тікелей өзінің ерікін білдіреді.
- халықтың ерікізаң болады.
- халық өзінің мемлекеттік ішкі және сыртқы саяси істеріне ықпалын
тигізеді.
-референдумның өткізілуі мемлекеттік органдар мен үкіметтің халықтың
пікірімен санасуға жол ашады.

16
Жоғарыда айтылғандай, референдумның әлеуметтік жағдайдағы түсінігін
қорытындылайтын болсақ, референдум конституциялық заңда қабылданған
шешімдермен халықпен жалпықабылданған заңдар, пікірлер сәйкес келеді.
Мысалға: Италияда. Италия мен Ирандағы басқару жүйесін өзгертуде және алдын
ала келісу кезінде де референдум арқылы шешімін тапқан болатын. Испания мен
Ұлыбритания арасындағы мемлкетаралық жаңа заңды қабылдау референдум арқылы
шешілді.

Референдум - еуропалық елдерде валюталық келісім-шарттардың
мақұлдануы, әскери және саяси одақтасу сұрақтары бойынша өткізіледі.
Референдум арқылы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
қабылданды. Конституциялық теория референдумның түрлі негіздерін
топтастырады.Көптеген ғалымдар бұл институттарды өз еңбектерінде атап
көрсеткен. Өткізілу міндеттеріне қарай:
Референдумды әртүрлі негіздерге топтастыруға болады:
- пәні бойынша яғни сұрақтары бойынша
- дауыс беруге қарай, референдумдағы қабылданған шешімдерге сәйкес
- референдумды қозғаушы субъектісі бойынша
- бүкілхалықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша.

Орналасу территориясына байланысты жалпыхалықтық (жалпыұлттық) және
жергілікті болып бөлінеді.
Жалпымемлекеттік референдум - тек мемлекеттің аумағында өткізіледі.
Жергілікті референдум - әкімшілік-аумақтық бөліністегі жергілікті
мемлекеттік маңызы бар мәселелерді мемлекет аумағында шешіледі. Олар
федерациядан бөлек өткізіледі. Практикада жергілікті референдумдар өте
сирек өткізіліп тұрады. Мысалы, Қазақстанда жергілікті референдум ешқашан
өткізілмеген. Біздің мемлекетте жергілікті референдумның құқықтық негізі
жоқ, бар бірақ оған қатысты акті жоқ.
Жергілікті референдумдар - маслихаттың актісі жобасымен шақырылады.
Ол жергілікті жердегі маңызды мәселелері бойынша, халық көп жиналып,
облыстық, аудандық, қала, елді мекен, ауылдық жерлердің қоғамдық
мекемелерінде өткізіледі. Жергілікті референдумның өткізілу жөніндегі
қорытындыларын, мемлекеттік маңызы бар, өкілетті органдар: маслихат
комиссиясының құрамындағы депутаттар, азаматтардың қоғамдық мекемелерінде
жасай алады.

17
Референдумда қабылданған актілер мына түрлерге Конституциялық және
халықаралық мәселелері бойынша заң шығаратын болып бөлінеді:
Конституциялық референдумда жаңа конституцияның жобасы шығарылады
немесе конституциялық реформа немесе конституцияға толықтар өзгертулер
енгізеді, конституциялық заңдар қабылданады. Мұндай референдумдар
ұйымдастырушы қызметін атқарады.
Конституциялық референдумдар демократиялық қоғамда кеңінен таралған.
Толығымен бекітілген. Конституция бұл өзгеше қоғамдық келісім-шарт, әркімге
қорғаныш, құқықтарының сақталуына кепіл береді.Келісім-шарт қоғамдағы
әртүрлі топтардағы түрлі жағдайларда бейбітшілікті қамтамасыз етеді.
Сонымен конституцияға мына елдерде Германия, Испания, Қазақстан,
Литва, Морокко, Турция, Франция, Эстонияда негізгі заңға жаңа Конституцияны
бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылдайды.
Заң шығарушы референдумға әдеттегі заңдар, референдум жолымен
бекітілген өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заңдар шығарылады,
Заң шығарушы референдум арқылы мемлекеттің саяси ішкі және сыртқы
мәселелері шешіледі, қаралады. Аса маңызды саяси шешімдер барлық
азаматтардың қарауына референдум жолымен өткізілуіне жіберіледі. Бұл
Испанияның Конституциясында бекітілген норма. 92б. Бірақ кейбір
мемлекеттерде заң шығарушы референдумға белгеленген заңдарда көрсетілген
шектеулер бар. Мысалы, Италияда, рефрендумға салық және бюджет туралы
заңдар және амнистия (рақымшылық) және кешірім жасаушылық (помилование)
мемлекеттер арасында жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарын бекітіп, оған
заңды күш беру халықаралық келісім-шарттарына шығармайды, қаралмайды.
Көрсетілген шектеулер, халықтық суверенитетке қайшы келеді, өйткені билік
халықтың қолында. Профеесор В.Ф.Коток референдумды қабылданған шешеімдердің
заңдық күшіне қарай екіге бөлді. Кеңес беруші (консультативный) және
императивтік (императивный).
Кеңес беруші (консультативный) референдумды өткізу барысында көп
пікірлер айтылады, халықтың пікірлері, ойлары талқыланылады, бірақ ақырғы
шешімді белгілі мемлекеттік орган қабылдайды. Бізге бұл мүлде дұрыс емес
болып көрінеді. Аты айтып тұрағандай кеңес беруші референдум - яғни
референдумның дәл өзі емес пе? Референдум дегеніміз не? Бұл дауыс беру,
жауабы қарсы келісемін деген емес пе? Егерде осындай бағытты алатын
болсақ, мысалға Қазақстан Республикасының 1995 жылғы қабылданған

18
Конституциясын кеңес беруші референдумға жатқызуға болады. Кеңес беруші
референдумның шешімі - мемлекеттің жетік органдары өзінің белгіленген
өкілеттіктерінде қоғамдық дамуға бағытталған мәселелерді шешуден айырмайды.
Кеңес беруші референдумда халықтың тұтастай еркіндігі тек ойға
ақпарат беру ғана. Сонымен Испанияның 1978 жылғы 27 желтоқсанындағы
конституциясының 92-бабында көрсетлігендей маңызды саяси шешімдер қарауына
жіберіледі.
Бұл сұрақтардың жауаптары Бас Кортесамен немесе Королмен, заңмен
бекітіледі. Ал, императивтік референдум дегеніміз - соңында бәріне міндетті
түрде шешім қолданылуы. Мысалға, 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Императивтік пен кеңес беруші референдумдарды салыстыратын болсақ,
бүкілхалықтық дауыс беру кезінде сұрақ қаншалықты маңызды болса, сонша
халықтың пікіріне құлақ асады. Кез келген демократиялық мемлекетте
Конституцияны референдум арқылы қабылдайтынын еске түсірсек болды, бұл
нақты шешім болып саналады. Басқа сұрақтар бүкілхалықтық дауыс беруінсіз
жолымен шешіле береді.Бүкілхалықтық дауыс беру тәсіліне қарай міндетті
(обязательный) және факультативті (факультативные) болып бөлінеді.
Міндетті (обязательный) референдум деп, пайда болған актінің міндетті
түрде сайлаушының бекітуіне жатқызуын айтады.
Мысалы, АҚШ.-тың барлық штаттарындағы конституциясының өзгертілген жобасы.
Осы кезде нақты сұрақ референдумның тәсілімен басқаша шешілмейді.
Факультативті референдум - сол өзі сондай референдум, референдумның бұл
сұрақтары бойынша өткізілуі міндетті емес, мұндай бүкілхалықтық дауыс
беруді тағайындауды референдумды тағайындайтын органдар қарайды. Мұндай
референдумның өткізілуін сайлаушылардың ынтасына байланысты өткізіледі.
(Мысалы, Италия) федерациясының субъектісінен (Швейцария) немесе орталық
өкіметтің ынтасы сияқты.
Міндетті факультативті референдумдар заңдық күші бар қабылданған
шешімдер тек халықтық дауыс беру арқылы тоқталылады және жүзеге асырылады.
Факультативті референдум шешім тудырады, халық дауыс берумен және өкілді
органмен өзгертеді, тоқтата алады.
Шетел авторлары әртүрлі елдердің Конституциясын анализдеу
барысында міндетті референдумды абсолютті міндетті және біршама міндетті
деп екіге бөлді. Абсолютті міндетті референдум жоғарыда айтылғандай біршама

19
нақтыланған референдум конституциялық өкілді органдардың арасындағы
келіспеушіліктің арнайы құралы болып табылады. Шетелдің конституциялық
құқық оқулықтарының авторлары референдумның тағы бір түрін бұзуға жататын
(отменительный) референдум. (халықтың бұзу құқығы). Мысал келтірілетін
болсақ Италия Конституциясының 75-бабы немесе актінің толығымен немесе
жарым-жартылай заңдық күшіне ену мәселелерін қарайды. Біздің құқықтық
системамызды бұзуға жататын референдумға жатпайды. Тағы бір бөлігі – қабыл
алмау референдумы. Қабыл алмау референдумынан, сайлаушылардың белгеленген
күні қабылданған заңды бұзудан, (петиционный) үкіметке жазбаша берілетін
ұжымдық арнаулы яғни АҚШ-та көп таралған өтініштен айыра білуімз қажет.
Бұл референдум азаматтардың белгілі бір заңды қабылдау кезінде қол
қою арқылы белгілі бір күнде өткізіледі.
Сайлаудан ерекшелігі (онда депуттарды сайламайды, халық тікелей
шешім қабылдайды), референдум сонымен бірге соларға ұқсас формасыда
кездеседі. Референдумда, сайлауда сияқты, елдің барлық сайлау корпустары
қатыса алады. Екі жағдайда да дауыс беру процессі болады. Референдумға
дайындық кезінде сайлауға дайындық кезіндегідей мүдделі партиялар кең
пропагандық компанияны әр жерге орналастырады.
Әдебиеттерде референдумның басқа түрлерін уақытқа, оның
өткізілуіне, міндетті күшті және басқа жағдайларға бөледі. Референдумға бір
мағыналы баға беру мүмкін емес. Референдум жүргізген бұл институттың
демократизмі немесе реакционисі (әсері) шынайы саяси жағдайлардан және
шарттан байқалады. Қазір көптеген мемлекеттер референдумға жақындауға
конституциялық үлгімен шектеледі. Мысалға Данияның 1953 жылғы
Конституцияның 42-бабының 6-тармағында референдумның көп сұрақтарының
тізбесі мазмұндалған.
Бұл, мысалға бюджеттік-қаржылық мәселелері, монархтың статусы
жөніндегі анықтама секілді және т.б. 1958 жылдың 4 қазанындағы Франция
Республикасы Конституциясының 5-тарау 89–бабында келісілгендей Франциядағы
Республикалық басқарудың форматы қайта қараудың пәні бола алмайды. Халықтық
сувернитеттің мұндай шектеулерінің түрі антидемократиялық бейнеде болады,
бұл ұнағанымен мүлде мәні болмайды, егер бұл мемлекеттердің конституциясы
халықтық референдумда қабылданғанын еске алсақ, халық өзінің бостандығын
шектеді сонымен бірге сувернитеті, еркіндігі көріне бастайды.

20
Халық билігі мемлекеттің дамуындағы ішкі саяси мәселелерін шешеді,
халықтық сувернитет түсінігі халықаралық қатынаста еркіндікті, халықтың
көңіл блдіруін болжайды. Бұл түрі халықаралық мәселелері сияқты бекітіледі.
Сонымен 1995 жылғы Ұлыбританияда референдумның Еуропалық бірлестіктегі
мемлекеттің әрі қарай мекен ету мүмкіндіктерін қарау мәселесі, яғни ондағы
қабылданған оң шешімдер. Мемлекеттің саяси өміріндегі түрлі облыстардағы
мәселелерді шеше отырып, референдумдар құқық бастаушы немесе құқық
тоқтатушы мәнде болады. Басқаша айтқанда, бүкілхалық дауыс берудің
жүргізілу мақсаты бойынша екіге бөлінеді: қондырушы және жоюшы. Мұндай
классификация мемлекеттік құқық теориясында жоқ. Топтастыру және
референдумның түрлері теорияға қажет. Референдумды толық түсіну мемлекеттің
саяси маңызды мәселелерін шешу үшін және оны мүмкіндігінше қолдану.
Бекітілген референдумды түсіну керек, оның заң шығару кезінде
сұрақ шығаруы, халықаралық шарттар және т.б. Мысалға, мұндай плебисцит
референдумға қызмет жасайды. 1979 жылы Шотландия және Уэльсте заң қабылдау
кезінде мәселелері бойынша, оларға көрсетілген автономиялар өкілді атқару
органдары және жеке парламенттермен бекітіледі.
Бұзылған референдум халықтың заң шығаратын орындардың қарауына
тыйым салуы немесе бұзумен бейнеленеді. Оған қолданыстағы заңды толығымен
немесе жарым-жартылай бұзу мәселелері қарастырылады. Тоқтатылған референдум
халықтың сувернитетін кеңінен жүзеге асырады. Сонымен, дауыс беру пәнінің
көңіл бөлуі халықтың заң шығаратын орындардың қарауына тыйым салу заңына
көңіл бөлуі сияқты, бірақ Италияның Конституциясында көрсетілгендей бұл
заңның қолдануында бұл шектеулерден дауыс беруден айырмашылығы, мемлекеттің
саяси өміріндегі анархиядан аластады және қоғамның саяси тұрақтылығына
қызмет етеді. Бұзылған референдумды бір жылда өткізуге рұқсат етілмейді,
парламенттің бір палатасының өкілеттік мерзімі бітуі және сайлау
комитетінің шақыруынан кейінгі алты ай ішінде палатаны сайлау кезінде ғана
жол беріледі. Бұзылған референдумның фактісі ретінде, оның өткізілудегі
бастаушысы, заңға сәйкес, әр мемлекеттегі аталған институтты реттейтін,
азаматтардың ережесі сияқты, белсенді таңдау құқығы бар, яғни тікелей халық
болып табылады. Сонымен қатар бекітуші референдум заңда қаралған өзге
бастаушысы болуы мүмкін.
Сонымен, бекітуші және бұзылған референдум халық өз билігін
мемлекетте толық жүзеге асыруы. Өйткені заңды бұзу құқығы заңды қолдану

21
құқығы сияқты маңызды. Ол мемлекеттің жетік органдарындағы заңдық қызметін
қадағалауды қамтамасыз етеді және бұл құқықты теріс пайдалану мүмкіндігінен
аулақ болуы. Қазіргі мемлекеттік ғылымында халықтық дауыс берудің бастамасы
ретінде субъектісі жағынан топтастыруы мен өткізуін қабылданған болатын.
Сонымен, референдумды бастаушы құқығын иемденушілер: президент, король,
парламент, сонымен қатар сайлаушылар референдумның петициялдық бастаушысы
бола алады.
Қазіргі таңда берілген негізі бойынша референдумды үш түрге бөледі.
-Президенттің бастауымен
-Парламент бастауымен
-Сайлаушылар бастауымен
Бірақ, мұндай топтастыру мемлекеттік басқарудың монархиялық формасы бола
алмайды. Төмендегі топтастырудың қолдану дұрыс болар еді.
1. елбасының бастауымен
2. парламенттің бастауымен
3. сайлаушылар бастауымен
Сонымен, қазіргі таңда түрлі демократиялық форманы мемлекеттік
басқармасында тәжірибе қолдану, референдум сияқты мемлекеттік басқарудағы
халықтың қатысуы теорияны алудағы бір форманың әртүрлі системасын ашуға
көмектеседі.
Қазіргі заманда тікелей демократияның кейбір институттары айтарлықтай
қиындаса, референдум сияқты институттар керісінше, күшейді. Белгілі
болғандай 70 жылдан аса уақыт ішінде Советтік үкімет кезінде бір-ақ рет
бүкілмемлекеттік референдум өткізілді. (1991 жыл наурыз айында). 1995
жылдың өзінде Қазақстанда екі республикалық референдум өткізілді,
Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы формасында конституциялық заң
күші бар екі акт қабылданды. Қазір айтуға қиын, оның практикаға қатысын,
референдумдардың мемлекеттік құрылымның біріккен элементі болама әлде жоқ
па. Практикаға көңіл аударатын болсақ, қарайық, референдумға қатысу
барысында халық белсенді болды ма. Бірінші референдум 1995 жылы 29 сәуірде
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылдың 1
желтоқсанында бүкілхалықтық дауыс берудегі өкілеттігін 2000 жылдың 1
желтоқсанына дейін созуға келісесіздер ме? деген мәселе бойынша
өткізілген болатын. Бұл референдумның өткізілу процессіде дауыс беру
референдумның барлық 10.194 аумақтарында болды. Республиканың 9.110.156.
азаматтарынан, референдумға қатысушылардың қатарына енгізілгендерден,

22
дауыс беруге қатысқандар 8.309.637.адам, немесе 91,21%. Дауыс беруге
қатысқан азаматтардың 7.932.834 Президенттің өкілеттігін созу жөнінде пікір
айтқандар, 95,46% құрады, 312,256 немесе 3,76 % қарсы дауыс берді, 64,647
(0,8%) бюллетендер жарамсыз болып қалды.1 [15.]
Екінші референдум 1995 жылы 30 тамызда 1995 жылдың 1 тамызында
жобасы жарияланған жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясын
қабылдайсыздар ма? деген мәселемен өткізілді.
Бұл референдумның өткізілу процессінде дауыс беру барлық 10.253.
аумақта болды. Республика азаматтарының жалпы саны, дауыс берушілерді
қосқанда 8.933.516 адам. ИӘ деген дауыс беруші азаматтардың саны
-7.212.733, немесе 89,14%. ЖОҚ дегендер - 800.839, немесе 9,90%, жарамсыз
деп танылған бюллетендер саны-78,103.1 [15.]
Референдумға қатысу азаматтарды экономикалық былықтар кезінде яғни
өздеріне сенімді, яғни қандай да бір нақты шешімнің қабылдануына
ықпал жасайтынына, бюрократизм және пара алушылық, коррупция кезінде әлсіз
екеніне толық сенеді.
Заңжобалар, жоғары халықтық санкция алғандар, нормативтік актілер,
жалпы міндетті өткізілу тәртібімен бекітіледі. Дауыс беру қорытындыны
жариялаған сәттен бастап құқықтық көзі ретінде қолданылады. Сонымен қатар,
актілер, халықпен бекітілген заңның маңызды бір түрін құрайды, олар
Қазақстан халықтырының тікелей сувернитетін білдіреді.2 [9.24-25б.]
Қазіргі таңда түрлі демократиялық құрал ретінде заңдық қолдануға көп
жағдай жасауда соның ішінде біздің еліміз бүкіл әлемге өзінің дамыған,
сайлау жүйесі дамыған, ел ретінде көрсетті. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының сайлау заңы қарастырылуда. Сайлау жүйесінде тек Қазақстан
сарапшылары емес басқа да көптеген шетел сарапшы мамандар тікелей қатысуда.
2008 жылдың 17 сәуірінде сенат депутаттарының толық мәжілісінде
Республикалық референдум туралы конституциялық заңға өзгертулер мен
толықтырулар енгізген болатын. Құжат елбасының заңдық инициативасы
қаралған. Бұл Қазақстан Републикасының өзгертулер мен толықтырулар енгізуге
себеп болды. Заңдық нормаларға толықтырулар өзгерген конституциямен
жасалады.
Жаңарған Конституция жобасы Республикалық референдумға шығарылмайды,
егерде президент парламент қарауына жіберетін болса. Парламент шешімі
Конституцияға сәйкес шығарылады. Егер Республика Президенті Констиутцияға
өзгерістер мен толықтыруларды республикалық

23
референдумға шығару туралы Парламент ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент
Палаталарының әрқайсының депутаттары жапы санының кемінде бестен төртініңң,
көпшілік дауысымен Парламент Конституцияға осы өзгерістер мен
толықтыруларды енгізіу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда
Республика президенті сол заңға қол қояды немесе оны республикалық
референдумға шығарады. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар
республикалық референдумға шығару,
қабылданған деп есептеледі, олар үшін жартысынан көбі дауыс берсе, дауыс
беруге екі үш облыс қатысса, республикалық маңызы бар қалалар және облыстан
қатысса, қабылданған деп есептеледі.
Заң Қазақстан Республикасы Президентке қол қоюға жіберілді және қол
қойылған мерзімі 06.05.2008ж.

2. Қазақстан Республикасындағы референдум институтының дамуы
және құқықтық реттелуі

Референдум институты бұрын қалыптасқан. Ол алғаш рет Швейцарияда
Берн контонында 1439 жылы өткізілді. Әрине, бұл институт дамуын ХХ ғасырда
көре аламыз. Бүкілхалықтық референдум түрі өтімді түрде: Европада -101,
Африкада-25, Австралия және Океанияда-45.1 [6.152 б.] Халықтық дауыс беру
тарихын анализдеу барысында бұл институт әрқашан демократияның дамуына
қызмет жасады деп айтуға болмайды, керісінше реакциясына назар аударады.
Әрине, референдум әрқашанда прогрестік мақсатқа қызмет жасаған жоқ.
Референдумды Гитлер бірнеше рет қолданды. 1933 жылы Германияның Лиги
Ұлтынан шығу кезінде және Президент Фюрер мен Рейхсканцлер постарының
қосылуында сонымен қатар 1938 жылы Австрияның Германияға қосылуы кезінде
қолданылған болатын.
Басқа да мысал келтіретін болсақ 1989 жылы сәуірде Уругвайда 1986
жылы рақымшылық туралы заңға қатысты мәселе бойынша плебисцит өткізілді. 53
% ресми тіркелгендердің 2,3 млн қатысушылардың дауыс беруі заңды қолдануда
көрінді. Осылай, 80-ге жуық өлім туралы істерде, басқа да қылмыстарда, 180-
нен 200-ге дейін әскери офицерлердің қатысуымен, диктатура кезінде,
ғасырлар бойы мұрағатта болады және қылмыскерлер ешқашан жазаланбайды
деләнген. Демократиялық мемлекетте, Қазақстан Республикасы өзін
жариялағандай референдумде оның кері жақтарымен жетіспеушіліктер

24
болғанымен күшті демократиялық потенциал болып табылады. Референдум -
жалғыз елеулі белгі емес, демократияяның міндетті атрибуты, бірақ оның
қажетті негізгі шарты. Бұл басты саяси институт, халыққа өкіметтің шынайы
көзі ретінде алға шығуы, ал азаматтық қоғамға-өкіметті қадағалау. Қазақстан
Республикасы Конституцияның 3-бабында айтылғандай мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы-халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум
және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге

асыруды мемлекеттік органдарға береді.
Референдум қоғам дамуында мықты алғышарт және саяси-құқықтық механизмнің
маңызды бір бөлігі болып табылады.
Біріншіден, халық тікелей жоғары заң шығарушы ретінде алға шығады,
мемлекеттік органдардағы барлық азаматтарға және қызметтік тұлғаларға
қоғамның құқықтық нормасын санкциялайды.
Екіншіден, референдум азаматтардың ойлау дәрежесін жетелдетеді.
Үшіншіден, халықтық әлеуметтік функциясы жүзеге асырылады,
көрсетілген органның қызметін қоғамдық қадағалау сияқты, солай болғандықтан
референдумдарда заңдықжобаларға императивтік баға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Қазақстан Республикасындағы демократия
Демократиялық саяси режим белгілері
Конституциялық құқық пәнінен дәрістер
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау
Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы
Саяси тәртiп туралы
Республика Президентін сайлау
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер