Томмазо Кампанелла және оның идеялары


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тарих факультеті
Дүние жүзі тарихы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Томмазо Кампанелла және оның идеялары
Орындаған:
4 курс студенті Өмірзақ Ғани
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. д., профессор Қ. Т. Жұмағұлов
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
т. ғ. д., профессор “ ” 2010 ж. Қ. Т. Жұмағұлов
Алматы 2010
Жоспар
Кіріспе
І тарау. Италиядағы утопиялық ойдың дамуы және Томмазо Кампанелла
- ХҮІ-ХҮІІ ғғ Италиядағы утопиялық ойдың дамуы
- Томмазо Кампанелланың тарихи тұлғасы
ІІ тарау. Томмазо Кампанелла шығармаларындағы негізгі идеялар мен философиясы
- Томмазо Кампанелла: негізгі шығармалары мен ұстанған бағыты
- Күн қаласы идеясы және оның мән-мағынасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат тарихындағы ең бір елеулі кезеңдердің бірі ΧYІ ғасырдың орта шенінде Батыс Европада өзінің қызығушылыларын тапқан гуманистік және утопиялық идеялардың дамуы болды. Бұл кезеңде әсіресе италиядағы гуманисттік және утопиялық ой-ең жоғарғы даму деңгейіне жетті. Ғылыми, әдеби көркемөнер, философиялық, педагогикалық көзқарастарда білінген Қайта өркендеу мәдениетінің идеялық мазмұны әдетте біз қарастырып отырған кезеңмен белгіленеді. XVI ғасырда пайда болған ғылыми және адамгершілік, утопиялық ойлардың негізінде жазылған сол кезеңнің шығармалары-қазіргі таңда және өткен уақыттарда әлем жұртшылығын өзіне қызықтыра біліп, әрқашан өзекті мәселелер қатарында болған. Бірақ XV ғасырдың өзінде-ақ Қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлері білімділікті, соның ішінде шынайы білімділікті шығармаларында білдіріп, насихаттады.
Батыс Европа қалаларында туындап келе жатқан капиталистік қатынастар жаңа идеологияның пайда болып, өрістеп дамуына қолайлы жағдайлар жасады. Осы кезеңде әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасынан шыққан білімді адамдардың ішінде итальяндық гуманистердің үлгісі бойынша антика заманы авторларының шығармаларын оқып-үйренуге қызығушылық білдірген үлкен топ қалыптасты.
Осылайша өз заманының ең озық білімді адамдары діни схоластикаға қарсы күресіп, дүниенің мәні туралы жаңаша көзқарастарын білдіре бастады. Солардың қатарында «Германияның қос шырағы» атанған Эразм Роттердамский мен Иоганн Рейхлин үлкен беделге ие болды. Бүгінде есімдері бүкіл адамзатқа танымал осы тұлғалардың қатарында италия ойшылы Томмазо Кампанелло да болды.
Томмазо Кампанелло Италияның сол заманғы қалыптасқан ойшылдарының ішінде көрнекті идеологтарының бірі болды. Ол өз дәуірінің және де өзіне дейінгі ғалымдардың пікірлеріне үлкен қолдау көрсетіп, өзі де көп ұзамай үлкен беделге ие болды. Томмазо Кампанелло жазған әр түрлі шығармаларында Рим папасы мен оның ізбасарларының озбырлық саясатын, испан билігіне қарсы әрекет етіп, аяусыз сынады деген жаламен бірнеше жыл абақтыда отырып, өзінің теңдесіз шығармаларын дүниеге әкелді. Рас, Томмазо Кампанелло өз шығармаларында папаның төңерегіндегілер мен бүкіл католиктік иерархияның арамтамақ өкілдерін аяусыз әшкерелеген тұстары да бар.
Томмазо Кампанеллоның ғылыми дүниетанымы, адамға, оның ішкі дүниесіне, адамның әлеуметтік статусына қарамай ар-ожданын құрметтеу идеясы оынң әдеби шығармашылығында орын алды. Оның еркін ойлау идеясын аңсайтын шығармалары XVI ғасырда феодалдық Еуропа үшін терең прогресивті мәні болды. Қалыптасып келе жатқан буржуазияның саяси идеологиясның дамуына үлес қосты.
Біз қарастырып отырған кезең, яғни ХҮІ ғасырдағы Батыс Еуропаның көптеген елдеріндегі қалыптасқан жағдай, гуманисттік идеялар мен утопиялық ойлардың дамуы шын мәнінде италия халқы мен алдыңғы қатарлы ойшылдар, соның ішінде Томмазо Кампанеллоның өз елін қалыптасқан жағдайдан құтқаруға бағытталып, ұмтылған азаттық қозғалысы, саяси бытыраңқылықққа қарсы жүргізілген күресі болды. Осы күрестің бел ортасында италия ойшылдарының үлкен тобының ішіндегі көрнектілерінің бірі Томмазо Кампанелло болғандығы рас. Өз халқы мен жалпы адамзаттың ар-ождан бостандығы мен өмір сүру құқығы үшін күрескен қайраткердің қиын-қыстау заманда, абақтының ішінде еркіндікті аңсап жазған шығармаларымен танысып, алға тартқан көзқарастарын оқып-үйрену, сонымен бірге сол заманғы дамыған идеяның мән-мазмұнын ашу ісі өзекті тақырыптардың қатарына жатары анық.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жоғарыда қарастырылып отырған еңбектер тобын тиімді пайдалана отырып, Томмазо Кампанеллоның тарихи шығармаларындағы алға тартқан көзқарастарының өз кезеңіндегі маңыздылығы мен қазіргі таңда тарих ғылымындағы өзектілігін ескере отырып, ХҮІ ғасырдың алдыңғы идеяларының бірі ретінде ашып көрсету диплом жұмысының басты мақсаты болып отыр. Мақсатымыз айқындалғаннан кейін, мақсатқа орай төмендегідей міндеттер туындады:
- Италиядағы гуманисттік идеялар мен утопиялық ойдың дамуы туралы мәселелерді сипаттау;
- Томмазо Кампанелло және ХҮІ ғасыр шеніндегі Италияның саяси жағдайына қатысты көзқарастарын талдау;
- Томмазо Кампанеллоның идеялары және оның дүниетанымдық көзқарастарының ерекшеліктерін көрсету;
- Томмазо Кампанеллоның «Күн қаласы» және т. б. еңбектерінің идеялық мазмұнын айқындап, салыстырмалы талдау жасау;
Деректік негізі. Томмазо Кампанеллоның көзқарастарын оқып-үйренуде ең басты дерек көзін ойшылың өз еңбектері құрайды. Томмазо Кампанелланың жалпы еңбектерінің саны бірнеше шығармадан тұрады. Оның біршамасы латын тілінде, ал көптеген шығармалары өзінің туған тілінде жазылған. Бұл шығармалары көптеген мемлекеттерде, нақтырақ айтқанда еуропаның Германия сынды елдерінде басылып шыққан. Томмазо Кампанелла шығармалар жариялап шығарғандар көбіне оның шәкірттері болған. Томмазо Кампанелла шығармаларын ең алғаш жинап, жазуына себеп болған Италияның қоғамдық және саяси өмірінде орын алған келеңсіздіктер болды. Томмазо Кампанелланың атақты еңбектерінің қатарына «Метафизика» атты еңбегін жатқызуымызға болады [1] . Аталған еңбекте таным түсінігін дамыта отырып, Томмазо Кампанелла ғылыми шынайылық мәселесіне тоқталады. Шынайылық деп Томмазо Кампанелла адам санасындағы түсінік пен заттардың қасиетінің дәлме-дәл келу деп түсіндіреді. Осы аталған шынайылық мәселесін Томмазо Кампанелла барынша атап өткен шығармада талдауға тырысқан. Сонымен қатар, Өзінің «Пұтқа табынушылар философиясына қарсы» атты еңбегіндегі «Жаңашылдық туралы» атты тарауында Томмазо Кампанелла ғалымдар мен философтардың жаңа ғылыми зерттеу жұмыстарындағы құқықтарын қорғап, «мемлекет пен шіркеудегі әрбір ғылыми жаңашылдық еш күмән келтірмеуі керек» деп, ал егерде қандай да бір қате пікірлер мен теориялар туындаса ол өзінің авторынан ұзақ өмір сүре алмайды деп сендіреді. Сонымен қатар, ғылымға негізделген даңашылдықтар ұрпақ үшін үнемі қалатындығында айтып, сол себепті де әр адам-жаңашылдыққа ұмтылуға толық құқылы деген пікірді айтады [2] .
Қоғамдық-саяси қатынастар тарихымен қатар автор астрономияға қатысты «Космология» атты еңбегінде жазады [3] . Қарап тұрсақ, автордың ғылыми танымы тек сол қоғам шеңберінде ғана емес, сонымен қатар астрономия мен аспан денелері туралы да қызығушылықтары басым болғандығын көреміз.
Өзінің «Сезінуге негізделген философия» атты шығармасында табиғатты танудың бір жолы сезіну екендігін айтқан Томмазо Кампанелла әлемді түсінудің ескі жүйесін алып тастау керек деген [4] . «Табиғатты ғылыми танып білу үшін сезінуге арқа сүйеу керекпіз. Себебі, сезіну ғана Құдай жаратқан табиғаттың тура келбетін бере алады» деп табиғатты танудың сезіну арқылы жолын былайша суреттеген Томмазо Кампанелла өзінің ғылыми ойларының дамуындағы алғашқы сатылардан осылайша көріне бастайды.
Диплом жұмысының деректік негізіне Томмазо Кампанелланың атақты «Күн қаласы» атты шығармасын айтпай кетпеске болмас [5] . Бұл еңбек италян тілінде 1602 жылы жазылады. Ал, латын тіліндегі жазбасы 1613-1614 жылдар аралығында жазылған. Осы нұсқасы Франкфурт қаласында 1623 жылы басылып шығып, саяхатшының қиял-қаласы туралы әңгімесі ретінде жарық көреді. Аталмыш деректе Томмазо Кампанелла өз еңбегіндегі көбіне-көп Калибрияда қалыптасқан жағдайларды мысалға ала отырып жазады. Осы тұстағы салық ісінің тым жоғары болып кетуі, шаруалардың оны төлеуге деген қызығушылықтан бұрын, жағдайының болмауы, сонымен қатар түрік әскері мен жергілікті қарақшыларды жаулап алу соғыстарына қатысты мәліметтер келтіріп, барша жұртқа арман болған Күн қаласы туралы мәліметтер келтіреді.
Томмазо Кампанелланың өмірі мен шығармашылығы туралы диплом жұмысын жазуда автордың өзіндік еңбектерінің жинағының да деректік маңызы өте зор.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Томмазо Кампанелланың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер өте көп. Италян утописі туралы алғашқы зерттеулерді оның замандастары жазған. Аталған мәселе Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүние жүзі тарихы мамандығы бойынша тыңнан көтеріліп жүрген тақырып деп айтуға толық негіз бар. Дегенмен де, аталған мәселе көлемінде В. Ф. Асмустың «Томмазо Кампанелла» атты зерттеу жұмыс бар [6] . Аталған еңбекте Томмазо Кампанелланың өмірі мен шығармашылығы турасында және ойшылдың ұстанған бағыты мен оның айтпақ болған негізгі идеялары туралы мол мәліметтер бар. Сонымен қатар, Г. Ф Александровтың «История западноевропейской философии» атты ғылыми зерттеу жұмысында диплом жұмысы барысында барынша қолдануға тырыстық [7] . Себебі, қарастырып отырған мәселеміздің пайда болуына әсер етуші жалпылама факторлар, Италияның сол заманғы даму жағдайы мен Томмазо Кампанелланың өзіндік көзқарасының қалыптасуы турасында да бізге жетерлік материалдар кездеседі. Диплом жұмысы барысында біз барынша қолданған еңбектердің бірі А. Э Штеклидің «Кампанелла» атты зерттеу жұмыс болып табылады [9] . Сонымен қатар, В. И Рутенбургтің «Кампанелла» атты жұмысы диплом жұмысымызды ғылыми түрде негіздеп жазуымызға көптеген септігін тигізді [10] . Себебі, диплом жұмысында біз негізінен ашып көрсеткен Томмазо Кампанелланың шығармашылығының негізгі бағыттары туралы осы аталған зерттеу жұмыстарында барынша жақсы жазылған деп баға бере аламыз.
Диплом жұмысын жазу барысында ерекше қолданыста болған еңбектің бірі-А. Х Горфункельдің «Томмазо Кампанелла» [12], «Гуманизм и натурфилософия итальянского Возрождения» [13], «Философия эпохи Возрождения» атты бірегей зерттеу жұмыстыр болып табылады [16] . Автор Томмазо Кампанелланың өскен ортасы, яғни Италияның ХҮІ ғасырдағы қандай былыққа батқандығын терең аша отырып, Томмазо Кампанелланың шығармашылығының қалыптасуының алғышарттарын сәтті көрсетіп береді. Сонымен қатар, автор Томмазо Кампанелланың шығармаларындағы басты жетекші ойлар туралы өзіндік ой-пікірлерін айта отырып, сол заманғы және антикалық кезеңдегі ойшылдардың еңбектеріндегі көтерілген негізгі ойлармен салыстыра отырып жазған.
Осындай маңызды зерттеу жұмыстарының қатаорына жоғарыда атап өткен А. Э Штеклидің «Город Солнца»: утопия и наука» атты еңбегін жатқызуға әбден болады [14] .
Сонымен қатар, С. Л. Львовтың «Гражданин Города Солнца: Повесть о Томмазо Кампанелле» атты жазба жұмысының да біздің қарастырып отырған мәселемізді ашуымызға сәтті көмекші болды [15] . Себебі, біз соңғы тарауымызда қарастырған «Күн қаласы» идеясының негізгі мәні де, айтары осы еңбекте жақсы жазылған деп баға бере аламыз.
Диплом жұмысын жазу барысында біздер көптеген қиыншылықтарға тап болдық. Оның басты негізі жоғарыда атап өткеніміздей, қазақ тіліндегі осы мәселеге қатысты зерттеулердің болмауы болып табылады. Дегенмен, осы бір диплом жұмысының соның алғашқы табалдырықтарының бірі ретінде сезіне отырып, диплом жұмысы барысында іргелі орыс ғалымдарының еңбектерін барынша пайдаландық. Солардың қатарында Д. В. Панченконың «Пифагорейские источники «Города Солнца» Кампанеллы и Псевдо-Окелл. » [17], «Кампанелла и Ямбул. Опыт текстологического анализа» [18], «Ямбул и Кампанелла (О некоторых механизмах утопического творчества) » [19], «Происхождение латинской редакции «Города Солнца» Т. Кампанеллы» атты еңбектерін атап өтпеске болмайды [20] .
Сонымен қатар, Реале Дж. «Западная философия от истоков до наших дней» мен Л. С Чиколинидің «Политические афоризмы» Кампанеллы» атты шығармасын келтіріп кетуге әбден болады. Томмазо Кампанелла еңбектерінің жазылу үлгісін аша отырып аталған авторлар біз қарастырып отырған мәселемізді барынша талдап беруге тырысқан.
Сондай-ақ осы іспеттес бірнеше кандидаттық дисертацияларды да диплом жұмысы барыснда барынша талдап, өз керегімізге жараттық. Осыдан келе түйетініміз кандидаттық диссертациясының да маңызы өте зор болды.
Зерттеудің методологиялық негізі: Диплом жұмысын жазу барысында жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, обьективтілік, тарихи-салыстырмалылық сияқты ғылыми таным принңиптерін негізге алдым. Сондай-ақ, осы тақырыпты жазуда соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып зерттеу барысында талдау, сараптау, анализдеу тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау да сәтті пайдаланылды және де ең бастысы қойылған міндеттерді орындау барысында жалпыға мәлім зерттеу әдістері де қолданылды. Ғылыми әдістің жалпыдан жалқыға көшу принципін сақтай отырып, еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқада әмбебаптық зерттеу әдістері барынша пайдаланылындым.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу ХҮ және ХҮІ ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Диплом жұмысы барысында осы кезеңдегі Томмазо Кампанеллоның өмірі мен шығармашылығы мәселесі қарастырып отырған мәселеміздің, яғни басты зерттеу обьектіміз ретінде қарастырыла келе, Батыс Еуропа елдерінде қалыптасқан саяси жағдай мен Италиядағы утопиялық ойдың дамуы, сонымен қатар қалыптасқан жағдайдың Томмазо Кампанеллоның өмірі және шығармашылығының тигізген әсерін де қарастыруды жөн санадық. Томмазо Кампанеллоның шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы мен көтерген идеялары өзекті мәселелер қатарында қарастыруға тырыстық. Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты өз зерттеу жұмыстарын жүргізген Отандық және әлем тарихшыларының еңбегін көрсетіп және тақырыпты барынша талдауға тырыстық, яғни жоғарыдағы мәселелердің негізінде бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХҮ ғасырдың аяғы ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегін қамтиды деп айтуға болады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін төмендегідей жаңалықтар жасадым. Мысалы:
- диплом жұмысымда қарастырып отырған Томмазо Кампанеллоның шығармашылығының пайда болуына әсер еткен негізгі мәселе, яғни Италиядағы орын алған саяси жағдайға барынша талдау жасалынады.
- Батыс Еуропадағы, соның ішінде Италиядағы гуманисттік және утопиялық ойдың дамуы жағдайы мен оған әсер етуші факторларды анықтап, барынша талдауға тырыстық.
- Томмазо Кампанеллоның өміріне өзімізше баға беріп, оның шығармасындағы негізгі идеялардың мәнін ашып, автордың еңбектерін, ондағы керекті мәселенің бейнелену дәрежесін барынша шынайы көрсетіп, ғылыми айналымға қостық.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, әр тарауы екі тармақшадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Италиядағы утопиялық ойдың дамуы және Томмазо
Кампанелла
- ХҮІ-ХҮІІ ғғ Италиядағы утопиялық ойдың дамуы
ХҮ ғасырдың соңы Еуропа тарихының жаңа бір кезеңін ашқан болатын. Осы заманғы экономиканың дамуы капиталдың қорлануы мен тығыз байланысты болды. Ұлыбритания және тағы да басқа дамыған Еуропалық елдерде қоғамдық қатынастардың жаңа бір түрі-капиталисттік қатынастар пайда бола бастады. Осы қатынастардың нәтижесінде жаңа таптар пайболып, тіпті жаңаша бір ұлттар дүниеге келім, мемлекеттік биліктің орталықтануы байқалған болатын. Осы тұста идеология ісі мықтап қолға алынып, адамдардың сана-сезімінде берік орнаған болатын. Мысалы, адамдардың бойында феодализмге, католиктік шіркеу мен адамды қанау ісіне ашық қарсы идеялар да айтыла бастады.
XVI ғасырдың бас кезіне таман Орталық және Батыс Европада күрделі және сан алуан тармақты жүйесі бар халықаралық ықпалды күшке айналған католиктік шіркеудің материалдық және саяси талаптары қатты өсіп кетті. Католиктік шіркеудің қойған талаптары тіпті ең ірі ақсүйек феодалдардың және одан да көбірек дәрежеде жаңа буржуазиялық идеология туа бастаған қала тұрғындарының наразылықтарын туғызды. Шіркеу талаптары мемлекетті орталықтандыру бағытына көшкен елдердегі король үкіметі тарапынан батыл тойтарысқа кездесіп отырды.
ХІҮ-ХҮ ғасырларда Италия жерінде Қайта өрлеу дәуірі басталды. Ал, басқа Еуропа елдерінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда орын алған деп айтылып жүр. Осы кезеңдерде гуманисттік бағыт пен шіркеудің реформация үрдісі де пайда болды. Осылардың әрқайсысы өзіндік құбылысы мен қоғамдық-саяси идеясымен ерекшеленді. Жалпы, ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Италиянық қоғамның дамуы феодалдық ақсүйектермен және олардың үлесінің өсуімен ерекшеленді.
Италияның Солтүстігінде және Тосканада рулық ақсүйектердің өте аздығы байқалды. Ал, Оңтүстік пен Папа иелігінде әлі де болса рулық ақсүйектер елдің әлеуметтік-саяси өмірінде ерекше рольге ие болып қалған еді. Олардың көбісі испандық биліктің қолдауына ие болып, осы мәртебеге жетіп отырды. Олардың иелігінде болып келген жер көлемдері алғашында демалыс орындары болып отырса, кейіннен уақыт өте келе жерді басқаларға пайдаландыру арқылы олар үлкен көлемдегі қаражаттарға ие болды. Яғни, жер көлемі ендігі кезекте дем алу емес, пайда табу көзіне айналды. Жер учаскелеріне ие болу үшін барлығы жанталасып бақты. Сонымен қатар, осы кездегі Италияның алуылды аймақтарында феодалдық және жартылай феодалдық дәстүрлер сақталды.
Жоғарғы тап өкілдері тым байыған сайын, төменгі жұмысшылардың жағдайы мен олардың өмір сүру деңгейі тым төмендеп кетті. Өздерінің еңбек ететін орындары немесе жұмыс берушелері оларға айлық жалақыны толық түрде бермей немесе өнім түрінде есеп-айырысып олардың жағдайын тым тұралатып жіберді. Жалақы мөлшері осы уақытта салыстырмалы түрде қарағанда тым төмендеп кеткен. Сонымен бірге, жұмысшы-кедейлердің өмір сүруін тым төмендеткен салық саясаты болды. Салық көбіне-көп осы тұста өзім арзқылы салынып, италия тұрғындары нан, шарап, май, сабын тұз өнімдерін төлеу арқылы өздерінің қожайындары алдында міндетінен құтылды. әсіресе, ең қиыны тұз салығы болғандығын қазіргі таңдағы зерттеушілер барынша айтып жүр. Осы кезеңдегі бір тұрғынның айтқан шағымы қазіргі таңдағы италия тарихының осы кезеңдегі саяси және жағдайынан толық мағлұмат береді. «Біз үйден шығуға қорқамыз. Үйден шыға сала бізге жаңа салық түрін салы, түрмелерге жауып, ал несиеқорлар бізді үнемі торуылдайды. Көпестер бізге адам ретінде қарамайды. Мұндай кедейшілікте өмір сүру енді мүмкін емес» деп айтқан екен. [27. 490б]
Осы қарастырып отырған уақытта жұмыссыздық қатты белең алды. Флоренциялық көпес Джулиано Риччи былай деген: «Жұмыстың жоқтығынан, көптеген тұрғындар толық кедейшілікке өтіп кетті. Қайыршылықты кәсіп еткенімен оларға нан немесе қайыр-садақа беретін адамның табылуы өте қиын еді» Міне, өмір сүру мүмкіндігін шектеген италян басшыларының саясаты осындай болды. Жоғарыда аталған мәліметтер бұл саясаттың бірі ұшы ғана. Жұмысшы-кедейлерді тікелей тонауға бағытталған италия үкіметінің саясаты жайлы айтылатын әңгіме бөлек немесе ол жеке тақырып. Ал, бұл саясат жұмысшы, кедейлерге қалай әсер етті, олардың сол заманғы мүддесін өз еңбектеріне арқау еткен ойшылдары қалай қабылдады? Ойшылдар соның ішінде қарастырып отырған кедейлену үрдісіне ұшыраған италия ойшылдарының билік өкілдерінің саясатына қарсы туындаған шығармалардың жазылуы жыл өткен сайын жиілей түсті. Осы тұста аталған мемлекетте түрлі ғылым мен қоғамдық ойдың түрлі салалары дамып, тарихта өзіндік атқа ие болып, бүгінгі диплом жұмысына арқау болып отыр. Соның бірі-италияда осы тұста утопиялық ойдың дамуы байқалды [27. 492б] .
ХҮІ ғасырдьң І-ші жартысында Батыс және Орталық Европада өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаты жөнінен антифеодалдық, ал идеологиялық формасы жөнінен діни (католик шіркеуінс қарсы) қоғамдық қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалыстын басты мақсаты-рим-католик шіркеуінің ресми доктринасына түзету енгізу, шіркеу құрылымын өзгерту және мемлекет пен шіркеу арасындағы өзара карым-қатынасты қайта құру болып табьлатындықтан, бұл қозғалыс реформация деген атқа ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz