Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

І Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты . . . 6

1. 1 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызметі және қолданылу саласы . . . 6

1. 2 Ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатуға арналған ретінде жіктеу . . . 8

1. 3 Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) өлшеу . . . 10

1. 4 Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топты көрсету . . . 15

ІІ Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты . . . 21

2. 1 Бірлескен қызметке қатысу . . . 21

2. 2 Бірлесе бақыланатын операциялар . . . 25

2. 3. Кәсіпкер мен бірлескен қызмет арасындағы операциялар . . . 33

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37

Кіріспе

Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарынан алынып тасталған кәсіпорынның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер өлшемге қойылатын осы Стандарттың талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың өлшемге қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша өлшенетіндей болып қолданылады. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Сату бір жыл өткен соң орын алады деп күтілсе, онда кәсіпорын сату шығындарын келтірілген құн бойынша өлшеуге тиіс. Сату шығындарының келтірілген құнын уақыт ағынымен кез келген ұлғайту пайданың немесе залалдың құрамында қаржыландыру шығындары ретінде көрсетілуге тиіс. Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарының қолданылу аясына кірмейтін, бірақ сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кіретін кез келген активтің немесе міндеттеменің баланстық құны қолданылып жүрген ХҚЕС-на сәйкес сату шығындарын шегергендегі. Сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың активтерін баланста басқа активтерден бөлек көрсетуге тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелері баланста басқа міндеттемелерден бөлек көрсетілуі керек. Бұл активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынбауы және бір сома ретінде көрсетілмеуі керек. Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметі бөлек не баланстың өзінде, не 39-параграфпен рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ескертулерде ашып көрсетілуге тиіс. Кәсіпорын тікелей меншікті капиталда танылған және сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (шығаруға арналған топқа) жататын кез келген жинақталған кірістер мен шығыстарды бөлек көрсетілген. Кәсіпорын ұзақ мерзімді активтер бойынша немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтардың активтері мен міндеттемелері бойынша көрсетілген сомаларды өткен кезеңдердің баланстарында ең соңғы көрсетілген кезең үшін баланста көрсету үшін екінші рет қайта жіктемеуге және ұсынбауы керкек.


І Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

1. 1 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызметі және қолданылу саласы

Осы Стандарттың мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтау және тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну әрі ашып көрсету болып табылады. Атап айтқанда, осы Стандарт. Сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтердің ең аз баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен өлшенуін және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын; және сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтерді баланстың өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді.

Осы Стандартта көзделген деректерді жіктеуге және ұсынуға қойылатын талаптар барлық танылған ұзақ мерзімді активтерге және кәсіпорынның шығаруға арналған топтарына қолданылады. Осы Стандартта көзделген өлшеуге қойылатын талаптар 5-параграфта аталған, бұдан былай да көрсетілген Стандартқа сәйкес өлшенуге тиісті активтерді қоспағанда, барлық танылған ұзақ мерзімді активтерге және кәсіпорынның шығаруға арналған топтарына (4-параграфта көрсетілген) қолданылады.

1 -«Қаржы есептілігін ұсыну» (2003 жылғы редакциясы) Халықаралық стандартына сәйкес ұзақ мерзімді деп жіктелген активтер осы Стандартқа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне сай келмейінше, қысқа мерзімді активтерге қайта жіктелмеуі тиіс. Кәсіпорын әдетте ұзақ мерзімді деп қарастыратын түрге жататын және кейінірек тек қана қайта сату мақсатында алынған активтер, егер олар осы Стандартқа сәйкес тек сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне жауап бермесе, қысқа мерзімді деп жіктелмеуі тиіс.

Кейде кәсіпорын активтер тобын шығаруды кейбір тікелей байланысты жағдайлармен бірге мүмкін бір операциямен жүзеге асырады. Мұндай шығаруға арналған топ ақша қаражатын құрайтын бірліктер тобы, ақша қаражатын құрайтын жеке бірлік немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін. Топқа қысқа мерзімді активтер және осы Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарынан 5-параграфпен алынып тасталған кәсіпорынның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер өлшемге қойылатын осы Стандарттың талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың өлшемге қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша өлшенетіндей болып қолданылады. Шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылатын жекелеген активтер мен міндеттемелерді өлшеу жөніндегі талаптар 18, 19 және 23-параграфтарда баяндалған.

Осы Стандарттың өлшеу бойынша ережелері жекелеген активтерге сияқты да емес, шығаруға арналған топтың бір бөлігіне сияқты да емес, аталған стандарттармен реттелетін мынадай активтерге қолданылмайды:

(а) кейінге қалдырылған салықтық активтер (12-«Пайдаға салынатын салықтар» ) ;

(b) қызметкерлерге сыйақылар нәтижесінде пайда болған активтер (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» ) ;

(с) 39-«Қаржы құралдары: тану және өлшеу» қолданылу аясына кіретін қаржы активтері;

(d) 40-«Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» ұсынылған әділ құн бойынша есепке алу моделіне сәйкес есепке алынатын ұзақ мерзімді активтер;

(e) 41-«Ауыл шаруашылығы» сәйкес болжанып отырған сату шығыстарын шегергендегі әділ құн бойынша өлшенетін ұзақ мерзімді активтер;

(f) 4-«Сақтандыру шарттары» IFRS айқындалған сақтандыру шарттарына байланысты құқықтар.


1. 2 Ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатуға арналған ретінде жіктеу

Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс. Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс. Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұған қоса, 9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс. Оқиғалардың немесе жағдайлардың ықпалымен сатуды аяқтау кезеңі бір жылдан асуы мүмкін. Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақыламайтын оқиғалар немесе жағдайлар болып табылса әрі кәсіпорынның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауды жалғастыратыны жеткілікті расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі келтірмейді. Бұл В Қосымшасындағы критерийлер сақталғанда орындалады. Айырбастаудың 16- «Негізгі құралдар» Халықаралық стандартына сәйкес коммерциялық мәні болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді басқа ұзақ мерзімді активтерге айырбастау сату операцияларына жатады. Кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) тек кейіннен шығару мақсатында сатып алғанда ғана ол ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) 8-параграфпен көзделген кезеңді бір жылмен шектеу бойынша талап орындалса ғана (9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда), сатып алу күні сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс, және де 7 және 8-параграфтардағы осы күнге қанағаттандырылмаған кез келген басқа критерийдің сатып алғаннан кейін қысқа кезең ішінде (әдетте үш ай ішінде) қанағаттандырылуы әбден мүмкін.

Егер 7 және 8-параграфтарда көрсетілген критерийлер есепті күннен кейін қанағаттандырылса, онда кәсіпорын шығару сәтінде осы қаржы есептілігінде ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс. Алайда, егер бұл критерийлер есепті күннен кейін, бірақ қаржы есептілігі шығаруға бекітілгенге дейін қанағаттандырылған болса, онда кәсіпорын бұл ақпаратты 41(а), (b) және (d) параграфтарда көрсетілгендей, ескертулерде ашып көрсетуі тиіс.

Сатылмай тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активтер Кәсіпорын пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс, өйткені оның баланстық құны негізінен алғанда пайдалануды жалғастыру арқылы өтеледі. Алайда, егер пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс шығаруға арналған топ 32(а) -(с) -параграфта көрсетілген критерийлерге жауап берсе, онда кәсіпорын шығаруға арналған топтың ақша қаражатының нәтижелері мен ағындарын пайдалану тоқтатылған күні 33 және 34-параграфтарға сәйкес тоқтатылған қызмет ретінде көрсетуі тиіс. Пайдаланылуы тоқтатылатын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) экономикалық қызметінің мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) және жабылатын, бірақ сатылмайтын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) кіреді. Кәсіпорын пайдаланудан уақытша алынып тасталған активті (немесе шығаруға арналған топты) оның пайдаланылуы тоқтатылған ретінде есепке алмауға тиіс.

1. 3 Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) өлшеу

Ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) өлшеу

Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегере отырып, ең аз баланстық немесе әділ құны бойынша өлшеуге тиіс.

Егер таяу арада сатып алынған актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретіндегі жіктеу критерийлеріне жауап берсе (11-параграфты қараңыз), онда 15-параграфты қолдану активті (немесе шығаруға арналған топты) бастапқы таныған кезде, егер ол осылайша (мысалы, өзіндік құны бойынша) жіктелмеген болса, баланстық құнның және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азымен өлшеуге әкеледі. Сөйтіп, егер актив (немесе шығаруға арналған топ) бизнесті біріктірудің бір бөлігі ретінде сатып алынса, онда ол сату шығындарын шегергендегі әділ құн бойынша өлшенуге тиіс.

Сату бір жыл өткен соң орын алады деп күтілсе, онда кәсіпорын сату шығындарын келтірілген құн бойынша өлшеуге тиіс. Сату шығындарының келтірілген құнын уақыт ағынымен кез келген ұлғайту пайданың немесе залалдың құрамында қаржыландыру шығындары ретінде көрсетілуге тиіс.

Активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде тікелей бастапқы жіктеу алдында активтің (немесе топтағы барлық активтер мен міндеттемелердің) баланстық құны қолданылып жүрген ХҚЕС-ына сәйкес өлшенуге тиіс. Шығаруға арналған топты бұдан әрі қайта өлшеген кезде осы Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарының қолданылу аясына кірмейтін, бірақ сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кіретін кез келген активтің немесе міндеттеменің баланстық құны қолданылып жүрген ХҚЕС-на сәйкес сату шығындарын шегергендегі шығаруға арналған топтың әділ құнын қайта өлшегенге дейін өлшенуге тиіс.

Құнсызданудан болған залалдарды тану және реверсивті жазбалар

Кәсіпорын активті (немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегергендегі әділ құнға дейін кез келген бастапқы немесе бұдан кейінгі есептен шығарған кезде құнсызданудан болған залалды ол 19-параграфқа сәйкес танылмаған шамада тануға тиіс.

Кәсіпорын активті сату шығындарын шегергендегі әділ құндағы кез келген кейінгі ұлғаюдан болған, бірақ құнсызданудан болған, не осы Стандартқа сәйкес танылған, не бұрын 36- «Активтердің құнсыздануы» Халықаралық стандартына сәйкес жинақталған шығын сомасынан аспайтын басқа да пайданы тануға тиіс.

Кәсіпорын шығаруға арналған топты сату шығындарын шегергендегі әділ құндағы кез келген кейінгі ұлғаюдан болған басқа да пайданы:

(а) ол 19-параграфқа сәйкес танылмаған шамада, бірақ

(b) не осы Стандартқа сәйкес, не бұрын осы Стандарттың өлшеу жөніндегі талаптарының қолданылу аясындағы ұзақ мерзімді активтер бойынша 36 Халықаралық стандартына сәйкес танылған құнсызданудан болған жинақталған шығыннан асырмай, тануға тиіс.

Шығаруға арналған топ үшін танылған, құнсызданудан болған шығын (немесе кез келген кейінгі пайда) осы Стандарттың өлшеу бойынша талаптарының қолданылу аясына 36 (2004 жылғы редакциясы) 104(а) және (в) және 122-параграфтарында баяндалған бөлу тәртібімен кіретін топтағы ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнын азайтуға (немесе ұлғайтуға) тиіс.

Пайда немесе ілгеріде ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату күні танылмаған залал тануды тоқтату күні танылуға тиіс. Тануды тоқтатуға қатысты талаптар:

(а) 16 (2003 жылғы редакциясы) Халықаралық стандартының негізгі құралдарға арналған 67-72-параграфтарында; және

(b) 38- «Материалдық емес активтер» Халықаралық стандартының материалдық емес активтерге арналған 112-117-параграфтарында (2004 жылғы редакциясы) жазылған.

Ұзақ мерзімді актив сатуға арналған ретінде жіктеліп тұрғанда немесе ол сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып тұрғанда, кәсіпорын оны амортизацияламауға тиіс. Пайыздар және сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелеріне жатқызылатын шығыстар үшін тану жалғастырыла беруге тиіс.

Сату жоспарындағы өзгерістер

Егер кәсіпорын активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктесе, бірақ 7-9-параграфтарда көрсетілген критерийлер бұдан былай қанағаттандырылмаса, онда кәсіпорын активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуді тоқтатуға тиіс.

Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктеуі тоқтатылған (немесе бұдан былай сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кірмейтін) ұзақ мерзімді активті:

(а) актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелгенге дейінгі, егер де актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелмеген болса, танылар еді деген амортизациялау немесе қайта бағалау сомасына түзетілген баланстық құнының және

(b) оның бұдан кейінгі сатпау туралы шешім күні өтелетін сомасының ең азымен өлшеуге тиіс.

Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктеуі тоқтатылған ұзақ мерзімді активтің баланстық құнының кез келген талап етілетін түзетулерін 7-9-параграфтардағы критерийлер бұдан былай қанағаттандырылмайтын кезеңде жалғастырылып отырған қызметтің пайдасына кіргізуі тиіс. Кәсіпорын мұндай түзетуді, пайда және залал туралы есептің, егер 37-параграфқа сәйкес мұндайлар бар болса, пайда немесе залал көрсетілген сол бабында көрсетуі тиіс.

Егер кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтан жеке бір активті немесе міндеттемені алса, онда шығаруға арналған топтың сатылатын қалған активтері немесе міндеттемелері бұдан былай да тек, егер бұл топ 7-9-параграфтардың критерийлеріне жауап берген жағдайда ғана топ ретінде өлшенуге тиіс. Өзге жағдайларда топтың жеке алғанда сатуға арналған ретіндегі жіктеу критерийлеріне сай келетін қалған ұзақ мерзімді активтері баланстық және сату шығындарын шегергендегі сол күнгі әділ құнының ең азымен жеке-жеке өлшенуі тиіс. Критерийлерге сай келмейтін ұзақ мерзімді актив бұдан былай 26-параграфқа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелмеуге тиіс.

Ақпаратты ұсыну және ашып көрсету

Кәсіпорын қаржы есептілігінің пайдаланушыларына ұзақ мерзімді активтердің (шығаруға арналған топтардың) тоқтатылған қызметінен және шығарылуынан болған қаржы нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынуға және ашып көрсетуге тиіс.

Тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну

Кәсіпорын компонентіне операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін кәсіпорынның басқа бөлігінен айқын оңашаланған болуы мүмкін ақша қаражатының қызметі мен ағындары кіреді. Басқаша айтқанда, кәсіпорын компоненті ол пайдалануға арналып тұрған кезде ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе бірліктер тобы болуға тиіс.

Тоқтатылған қызмет кәсіпорынның не шығарылып кеткен, не сатуға арналған ретінде жіктелетін компоненті болып табылады, және

(а) жеке маңызды қызмет түрі немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданы болып табылады;

(b) жеке маңызды қызмет түрінің үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады;

(с) тек кейіннен сату мақсатында сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады.

33 Кәсіпорын мыналарды:

(а) пайда және залал туралы есептің өзінде бір соманы ашып көрсетуге тиіс, ол мыналардан:

(і) тоқтатылған қызметтен салықтардан кейінгі пайдадан немесе залалдан;

(іі) сату шығындары шегеріліп, әділ құнға дейін өлшеген кезде немесе тоқтатылған қызмет болып табылатын активтер немесе шығаруға арналған топ(тар) шығарылған кезде танылған салықтардан кейінгі пайдадан немесе залалдан тұрады;

(b) (а) тармағында көрсетілген соманы мыналардан:

-тоқтатылған қызметтен салықтарға дейін түсімнен, шығыстардан және пайдадан немесе залалдан;

-12 Халықаралық стандартының 81(һ) -параграфында талап етілген пайдаға салынатын салық бойынша тиісті шығыстардан;

-сату шығындары шегеріліп, әділ құнға дейін өлшеген кезде немесе тоқтатылған қызмет болып табылатын активтер немесе шығаруға арналған топ(тар) шығарылған кезде танылған пайдадан немесе залалдан; және

-12 Халықаралық стандартының 81(һ) -параграфында талап етілген пайдаға салынатын салық бойынша тиісті шығыстардан құрайтындарды ашып көрсетуі тиіс.

Құрамдастар жөніндегі талдауды ескертулерде немесе пайда және залал туралы есептің өзінде көрсетуге болады. Егер ол пайда және залал туралы есептің өзінде көрсетілген болса, онда тоқтатылған қызметке жатқызылған болып сәйкестендірілген бөлігінде, яғни жалғастырылып отырған қызметтен бөлек көрсетілуге тиіс. Еншілес кәсіпорындар таяуда ғана сатып алған, сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне жауап берген шығаруға арналған топтарды талдаудың қажеті жоқ (11-параграфты қараңыз) .

- операциялық және инвестициялық қызметке, сондай-ақ тоқтатылған қызметті қаржыландыру бойынша қызметке жатқызылатын ақша қаражатының таза ағындарын ашып көрсетуі тиіс. Осылайша ашып көрсету сатып алған кезде сатуға арналған ретіндегі жіктеу критерийлеріне жауап беретін еншілес кәсіпорындар таяуда сатып алған шығаруға арналған топтар үшін талап етілмейді (11-параграфты қараңыз) . Кәсіпорын 33-параграфта талап етілетін, қаржы есептілігінде ұсынылған өткен кезеңдерге қатысты ашып көрсетулерді осылар ең соңғы ұсынылған кезеңдегі есепті күні тоқтатылған бүкіл қызметке қатысты болатындай етіп қайта ұсынуға тиіс. Ағымдағы кезеңде ілгеріде тоқтатылған қызмет құрамында ұсынылған, өткен кезеңде тоқтатылған қызметтің шығарылуына қатысты сомаларға жасалған түзетулер тоқтатылған қызмет құрамында бөлек жіктелуге тиіс. Мұндай түзетулердің сипаты мен сомасы ашып көрсетілуге тиіс. Осындай түзетулер туындауы мүмкін жағдайлардың мысалдарына мыналар жатады:

(а) шығару операциясының шарттары нәтижесінде туындайтын белгісіздікті жою, мысалы, сатып алушымен сатып алу бағасын түзетуді және өтемақы мәселелерін реттеу;

(b) салдары ретінде туындайтын және компоненттің ол шығарылғанға дейінгі қызметіне тікелей қатысты белгісіздікті жою, мысалы, қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелер және сатушыда сақталатын өнімдер бойынша кепілдік міндеттемелер;

(с) шығару операциясына тікелей қатысы бар екендігін ескере отырып, зейнетақы жоспарының міндеттемелерін өтеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
8 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі
Қарыздар бойынша шығындар
Активтерге жататын субсидиялар туралы ақпарат беру
10 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz