Райымбек батыр және ұлттық патриотизм


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Батырлардың туған жылы-тарихи оқиғаның түп қазығы
  2. Райымбек батырдың шайқастары
  3. Райымбек -Әулие
  4. Райымбек батыр және ұлттық патриотизм

Ұлы жүзде аға баласы атанған Албан елінде Райымбек батырдан аруақты да ардақты есім жоқ.

Аты елдің ұранына айналған, ел қорғаған ер бабамыздың рухына тағзым ете отырып, ол кісі жөніндегі таным-дәйектердің атасы Ханкелдіден бастағанды жөн көрдік.

Ханкелді - жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен Қазақ батыры. 1723 жылы жоңғар қалмақтарының қазақ жеріне жасаған жойқын шабуылына қарсы үйсін тайпаларының басын қосып, үзақ жыл бойы азаттық күрес жүргізген батырлардың бірі. Ханкелдінің жауынгерлік жорығын немересі Райымбек батыр жалғастырады

Түке Ханкелдіұлы

Түке Ханкелдіұлы - Райымбек батырдың әкесі. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген.

Айтолы ана

Райымбектің анасының аты Айтолы. Айтолы кеңпейілді, ақылды адам болған. Ол Райымбекті бала жасынан баптап, 17-ге толған шағында жауға қарсы жорыққа қосады.

Бірде Ханкелді атасы қол бастап жорыққа кетеді. Күш-қайраты тасып, жауына дөген өшпенділігі артып тұрған батыр, анасы Айтолыдан рұқсат сұрайды. Айтолы анасы ақ батасын беріп, Райымбекті жорыққа аттандырады. Райымбек осы жорықта қалмақтарды жеңіп, ерлікті еншілеп, батыр атанып қайтады. Райымбек батыр ғұмырының 33 жылын қас дұшпанмен шайқаста өткізген. Жорық жолдарында 77 рет жараланған. Ол ерлігімен қоса әулие адам ретінде де даңққа бөленгең.

Қазақ тарихындағы күні бүгінге дейін толық зерттеліп бітпеген тақырыптың бірі -жаңғар шапқыншылығы. Оны мынадан да көреміз: қаламын тарихтың сиясына малып жүрген жазушы-журналистер, кейбір кәнігі тарихшылар. Жоңғар қалмақтармен, ойраттармен болған соғысты бірі 100 жылға, екінші 150 жылға, үшінші біреулері 200 жылға созып жүр. Сонымен қатар ерлік көрсеткен батырлардың туған жылдары да нақты емес. Ал біз бүгінгі тақырыпқа алғалы отырған Райымбек батырдың туған жылы әлі нақтылынбаған.

Райымбектің аты ел ішіне тек 1747 жылдан кейін шыға бастады: «Қазақ әдебиеті», «Райымбек батыр» газеттерінде Аухадиев алғашқы мақаласында: «Ал Богенбай Арқада Сілеті бойында қайтты. Былтыр оның денесін асыға алып келіп, Қожа Ахмет сағанасының жанында жерлерді, »-дейінген. Былтыр деп отырғаны-1775 жыл деп түсініктеме берілген. «Қангельдіні бізден гөрі көбірек білген» Қазыбек би. 1775 жылғы оқиғаны да жазып отырса, үнемі өзінің қасында болатын Қангелді бабамыз Райымбектің аты ел ішіне тек 1747 жылдан кейін ғана шыға бастағанын Қазыбек бектен жасырып, 28 жылдан астам уақыт мүлде айтпаған болды ғой. Автордың «Райымбектің туған жылы 1705 жыл еместігін түзетуге тиіспіз» дегенімен келісуге болмайды. Албаннан шыққан Раймбек батыр қазіргі Нарыңқол аймағында туып-өскен.

Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек » поэмасында жылым барыс, мінеки, асып барам он үштен деп, батыр бабамыздың аузымен айтқызатын туған жылына сенбейміз бе? Мұқағалидің ел тарихынан хабары молдығын, білімдарлығымен жазғанына өте жауапты қарайтындығын әркім-ақ мойындайды. 1698, 1710, 1722, 1734 жылдар барыс жылдары. Сонда Райымбек осы жылдардың қайсысында дүниеге келген? Ал енді «Қазақ совет энциклопедиясының» 9 томы Райымбек батырды 1705 жылы туды дейді. Бұл жорамал, сірә Райымбек 17 жасында Қалмақпен алғаш соғысса, ал «Ақтабан шұбырынды» 1723 жылы басталса, онда Райымбек сол жылдары 17-18-де болуы керек қай деген есеппен өмір сүріп кеткен болуы керек. Мүмкін 1747 жылы 13 жасқа толғанында алғашқы айқасқа. Қатысқаны үшін қойылды деп есептейтін шығармыз.

Райымбек батыр шайқастары.

Қангелді немері Райымбек үш жаста ат басын алып жүрді, бес жаста өзі ат ұстап мініп, жылқы айдапты. Жеті жасында белгілі бір жігіттің салында жылқы бағуға жарамды еді. Райымбектің нағашы атасы. Жалайыр Орақ батырдың тұқымынан екен. Райымбек жеті жасқа келгенде нағашы атасы бір көк тай, садақ, айбалта, қылыш, найза, қалқан, сауыт, болат, семсер даярлап келіп, Қанкелді батырға тапсырады. Райымбек сол заман көк тайды өзі иеленіп, өзіне «Көкойнақ» деп те ат қойды.

Көкойнаққа берген тапсырма

1-қарғып секіру,

2- жат десе жатып, хабар бермей тұрмау

3- қылышын алысқа көрсетпей тастап тапқызып алып келу

4- сумен жүзу, өзі жеке мініп те өту,

5- төрт атты қатар тұрғызып өзі мініп тұрып төрт аттын сауырына төрт айғын қойып сол арында рұқсатсыз жерге түспеу

6- алысқа жатқызып қойып, хабарламай басын көтермеуді тапсыру.

Осы білімді «Көкойнақ» сегіз жасқа жасар болғанға дейін үйреніп болды. Райымбек өзі он бес жастан асқанша өзін-өзі садақ тартып, қылыш шабу, атпен ойнау. Әдістерін де, суда жүзу, атпен жүзу, жеке өзі суға сүңгіп малтып өту әдістерін де толық білді.

Райымбек-әулие

Біз Райымбекті әулие дегенде, оның даналығын, ерлігін, хакімдігін айтпақпыз. Райымбек бабамыз таза әулиеліп жолына түсіп, ғұмырды жалған деп тәркі етпеген. Абай айтқандай: «пенділіктің кәмәләті әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып ну деп тарихатқа кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда малды кім бағады, кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді?» Райымбек батыр ғұмырды жалған демей, ақиқат деп түсінген. Және ол елдің қорғаны, қалың жұрттың көш басшысы, адасқан шақта жол табатын кемеңгер әулие болған адам. әулие деген ұяты күшті адам, олай болса ол-арлы адам. Арлы адамның намысшыл келетіні де түсінікті, сондықтан Райымбек бабамыздың батырлығы, ел намысының қорғаны болғаны да әулиеліктің айқын көрінісі.

Ұят дегенге келсек, Абай: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы»-дейді, ол және де : «Ұяты күшті адамдарлы адам» дейді сондықтан. Арлы адамның қандай болмасын ісі- батырлық, ерлік, әулиелік, даналық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әскер – ел қорғаны
Оқушыларды отансүйгіштік интерноционалдық тәрбиелеудің теориялық мәселелері
Қазақ халқының батырларының ерлігі
Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру (сыныптан тыс жұмыс арқылы)
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Патриоттық тәрбие
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz