Қазақ радиосы - қазақтың киелі қарашаңырағы



Кіріспе
Қазақ радиосы . қазақтың киелі қарашаңырағы

Негізгі бөлім
1.Балалар хабарының бала өміріндегі алатын орны;
2.Радиодағы балаларға арналған хабарлардың тәрбиелік маңызы;
а) Балауса (Орта мектеп оқушыларына арналған хабар)
ә) Еркетай (Балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арналған хабар).
б) Кім тапқыр? (Тұтас балалар әлеміне арналған интеллектуалды ойын.сауықтық бағдарлама).
3.Көзқарас пен пайым ( Жекелеген тыңдаушылар, маман және жүргізуші пікірі).

4.Қорытынды
Радиодағы балалар хабары
Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің қарашаңырағы болып табылатын, тәуелсіздігімізді алып, мемлекетімізді қалыптастыруда қазақы рухтың айнасы болған Қазақ радиосы ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, қазақтың рухын аспанға шарықтатып келеді.
Тарих қойнауына көз салсақ, тіліміз бен ділімізге қауіп төнген қатерлі кезеңдерде де Қазақ радиосы- ұлттық дүниетанымымыздың шырақшысы бола білді.
Бүгінгі аласапыран заманда да осы бағытынан адаспай, ұлттық рухқа қалтқысыз қызмет етуде. радиосын республикамыздың барлық аумағы, көршілес Орталық Азия республикалары, Европа елдері, тіпті интернет арқылы алем халықтары да тыңдай алады. Қазақ радиосы- бүгінде Қазақстанның ақпарат алыптарының бірі. Қазақ радиосы 101ҒМ деген толқын жиілігімен 24сағат хабар таратады. Онымен қатар 18сағат жұмыс істейтін «Шалқар» ұлттық арнасы бар. Сонда радио халыққа тәулігіне 42сағат қызмет көрсетіп отыр. Жаңа кестеге 53жаңа бағдарлама енгізілді.
Қазақ радиосы- қазақтың киелі қарашаңырағы. Бұл қасиетті орында елімізге белгілі ғалымдар мен дикторлардың ізі жатыр. Мұнда елге қадірлі, сыйлы, өзіңді, сөзіңді, өнеріңді түсінетін азаматтарқызмет етті. Бүгінде радио жаңа заманға қарай жаңа сипатқа ие болып отыр. Жаңа толқын легі келді. Тәуелсіз еліміздің тыныс тіршілігі мен келбетін кескіндейтін хабарлар көптеп ашылуда. Қазақ радиосы халыққа ең үлкен мәдениетті, әдебиет пен тарихты дәріптеп отыратын киелі жер.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Қазақ радиосы - қазақтың киелі қарашаңырағы

Негізгі бөлім
1.Балалар хабарының бала өміріндегі алатын орны;
2.Радиодағы балаларға арналған хабарлардың тәрбиелік маңызы;
а) Балауса (Орта мектеп оқушыларына арналған хабар)
ә) Еркетай (Балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арналған хабар).
б) Кім тапқыр? (Тұтас балалар әлеміне арналған интеллектуалды ойын-сауықтық
бағдарлама).
3.Көзқарас пен пайым ( Жекелеген тыңдаушылар, маман және жүргізуші пікірі).

4.Қорытынды
Радиодағы балалар хабары

Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің қарашаңырағы болып
табылатын, тәуелсіздігімізді алып, мемлекетімізді қалыптастыруда қазақы
рухтың айнасы болған Қазақ радиосы ұлттық құндылықтарымызды насихаттап,
қазақтың рухын аспанға шарықтатып келеді.
Тарих қойнауына көз салсақ, тіліміз бен ділімізге қауіп
төнген қатерлі кезеңдерде де Қазақ радиосы- ұлттық дүниетанымымыздың
шырақшысы бола білді.
Бүгінгі аласапыран заманда да осы бағытынан адаспай, ұлттық
рухқа қалтқысыз қызмет етуде. радиосын республикамыздың барлық аумағы,
көршілес Орталық Азия республикалары, Европа елдері, тіпті интернет арқылы
алем халықтары да тыңдай алады. Қазақ радиосы- бүгінде Қазақстанның ақпарат
алыптарының бірі. Қазақ радиосы 101ҒМ деген толқын жиілігімен 24сағат хабар
таратады. Онымен қатар 18сағат жұмыс істейтін Шалқар ұлттық арнасы бар.
Сонда радио халыққа тәулігіне 42сағат қызмет көрсетіп отыр. Жаңа кестеге
53жаңа бағдарлама енгізілді.
Қазақ радиосы- қазақтың киелі қарашаңырағы. Бұл қасиетті
орында елімізге белгілі ғалымдар мен дикторлардың ізі жатыр. Мұнда елге
қадірлі, сыйлы, өзіңді, сөзіңді, өнеріңді түсінетін азаматтарқызмет етті.
Бүгінде радио жаңа заманға қарай жаңа сипатқа ие болып отыр. Жаңа толқын
легі келді. Тәуелсіз еліміздің тыныс тіршілігі мен келбетін кескіндейтін
хабарлар көптеп ашылуда. Қазақ радиосы халыққа ең үлкен мәдениетті, әдебиет
пен тарихты дәріптеп отыратын киелі жер.
Қазіргі күндері балаларды теледидарсыз елестетіп көріңізші,
мүмкін емес. Оны көріп өспеген жасөспірім заманынан артта қалғандай
елестейді. Балаға сурет салып берші десең небір құбыжықтарды салуға әуес.
Себебі олардың көпшілігі дерлік Неколодеум, Жетикс, Картон нетворд т.б.
телеарналардан күндіз-түні толассыз берілетін төртбұрыш басты адамдар,
сұйықтық формасындағы монстрлар туралы мультипликатциялық фильмдерді,
сериалдарды телміре қарайды. Бұрын ата-бабаларымыз ұл-қыздарын ән-жырмен,
ақыл-өсиет, ертегі-әңгімемен баулып, өсе келе ұлды саятшылыққа, батырлыққа
тәрбиелеп, қызды үй тұрмысы мәселесіне үйретсе, қазіргі ата-ананың ондай
мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі жас ұрпаққа көгілдір экран алдында отырып әлемге
саяхат жасауға, анадан алуға тиісті тәлімді кезекті хабардан тыңдауға тура
келеді. Мұның жағымсыз жақтары қыруар.Қазақта: Мүйіз сұрап жүргенде,
құлақтан қоса айырылыпты,- деген сөз бар. Сол сияқты бір кездегі бір ғана
телеарнаның иелігінде балаларға арналған бірнеше хабар болушы еді. Қазір
қолыңызға теледидар бағдарламасын алып, ұлт тіліндегі балалар хабарын
санамалап көріңіз он қолыңыздың бес саусағы түгел бүгілмейді.
Ақпараттың көптігі бала миын шаршатады демей ме, кейбір ата-
аналар балаларына теледидар көрсетпеуге тырысады, одан да кітап оқысын,-
дейді.Бұл пікірдің түп-төркіні: 1.Шынында керексіз хабарды үзбей көріп
босқа шаршауда; 2.Балаларға арналған лайықты хабардың жоқтығында жатыр.
Себебі, бір кездері хабарлардың тақырыптары: Біз мектепке барамыз, Кел,
балалар оқылық!, Кел, балалар, көрелік!, Мектеп және өмір, Әлем
халықтарының ертегілері, Қазақ тілін үйренеміз! деп аталып, олар мектеп
жасына дейінгі балаларға бағытталатын. Мысалы, Біз мектепке барамыз!
тақырыптан қуаныш сезімі байқалғанмен, бар баланың мектепке баратыны
белгілі гой. Мағыналық жағынан алсақ басқа тақырыптарды сөзсіз қайталап
тұратын.Кел, балалар, көрелік! пен Кел, балалар оқылық!-тың арасында
қандай алшақтық бар десеңізші? Тіпті сөйлем құрлысының бірдейлігінен,
аттарын шатастыруға болатындай. Ал Мектеп және өмір бұл да бұлдыр бояулы
тақырып болатын. Ойлаңыздаршы, Мектеп және өмір десе түсінікті. Мектеп
және заман десе де, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың мектеп
өміріне әсері деп ойлар едік. Мектеп дегеннің өзі қайнаған өмір емес пе?
Өмір ол қай ғасырда да бірдей. Тек формасы түрлі: болатыны шындық. Және ол
бізден бөлек нәрсе емес. Біздің әрбір әрекетіміз- өмір. Оны жер және
аспан деп бөлу қателік секілді.
Әрбір хабардың жақсы тәрбиеге бастайтынына қарамастан, тақырып
ауқымына сәйкес қарастыратын өз шеңбері яғни мақсаты бар. Байқасаңыз, көп
хабарларға бас салып оқу-білімге шақыру тән. Оқушы екенсің, оқуыңды біл!
Сонда шынымен балаларда оқудан басқа мәселе жоқ па? Кел, балалар оқылық!,
Кел, балалар, оқылық! бұл екеуінде де оқуға үндеу. Мектеп және өмір ол
да. Тіпті мектепте оқымайтын балаларды да оқы деп басын ауыртатынбыз.
Оқушыға бала-бақшада тәрбиеші, мектеп те ұстаз, үйде ата-ана оқы деп көк
желкесінен нұқып отырмай ма? Ендеше телевизиясызда баланы оқыту іске асып
жатыр. Неге бізге көңіл сергітпеске?...
Қандай хабар болсын, кімге арналған хабар болсын өзінің
белгілі бір аудиториясы болатыны белгілі. Ол аудитория сол хабарды толық
түсініп, өзіне қажеттісін алып, одан әрі қарай ой өрбіте алатындай болу
керек. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балаға саясат туралы айта алмаймыз
ғой. Мұнан- хабардың психологиялық шағындылығы мәселесі туындайды.
(Психологиялық шағындылық дегеніміз- жас ерекшеліктеріне, психологиялық
дамуына байланысты аудиторияны топтарға бөлу). Балаларға арналған хабарлар.
Жалпы, бала деген кім? Қай жас аралығын бала жасы деуге болады? Қазақта жас
ерекшеліктеріне қарай балаларды былай атайды екен: бір жасқа дейінгі баланы-
нәресте, бір жастан екі жасқа дейінгі баланы- бөбек, екі жас пен үш жас
аралығындағы баланы- бүлдіршін, үш жас пен жеті жас аралығындағы баланы-
балдырған, жеті жас пен он жас аралығы- жасөспірім, он жас пен он бес жас
аралығындағы- жеткіншек кезеңі деп аталады да он алты мен он тоғыз жас
аралығындағы қыз-жігіттер- бозбала.(Қазақ дәстүрлі мәдениетінің
энциклопедиялық сөздігі Алматы, Сөздік 1997ж, 273-274 беттер), Бұл
атаулар бір жағынан психологиялық шағындылықтың көрсеткіші де болмақ.
Әрине, бір жас пен үш жас аралығындағы сәбилердің дүниені тану мүмкіндігі
шамалы. Дегенмен, телевизияның қызметі үш жастан жеті жасқа дейінгі
балалардан басталады. Ал, енді мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
хабар Біз мектепке барамыз-ды қарайық. Өте тиімсіз: Біріншіден, әлгінде
айтқан оқу мәселесі- мектепке даярлау, екіншіден, қарсы алдында отырған
мұғалімнен зорға ұғатын бала теледидар арқылы сауатын ашатынына сене
алмайсың. Үшіншіден, мұнда да балаға оқудан басқа ешнәрсе үйретпеу сарыны.
Осы ретте автордың ең басты кемшілігіжас ерекшелігіне сәйкес, шағын, шынайы
нәрсені бере білмеуінде. Тіпті, режиссер жас ерекшелігіне шағындай алмай
қиналса, хабарды неге психологиялық тексертіп алмасқа? Балалар хабары-
арнайы біреумен кездесу, я бір саяси мәндегі дүние болмағандықтан, оған
арнайы журналист қажет болмауы мүмкін. Кейбір журналисттердің бейімділігі
сұрақ қоюға ғана жететіні жасырын емес. Ал, баламен бала болып тілдесу
үшін үлкен актерлік қабілет керек.
Балалар хабарын дикторлар (бұрын солай аталатын, қазір
жүргізуші), я болмаса мұғалімдер жүргізе беретін. Олар бәрін де сценарий
бойынша жасауға тырысып, өздерін тым қатаң ұстайтын. Ал, кейбір сөздері
күлкі шақыратындай. Тілдерінде трафаретке айналған сөздер көп қайталанатын.
Мысалы: Солай емес пе, балалар?, Ендеше сендер де байқап көріңдер, Осы
жөнінінде бізге хат жазыңдар, Балалар білесіңдер ме? т.б. жауыр болған
сауалдар көптеп кездеседі.
Қазір кейбір хабарларға жүргізушімен бірге балалар,
қуыршақтар, ақын жазушылар қатысады. Бұл өте жақсы әдіс, тәсіл. Алдымен
қуыршақтарға тоқталар болсақ, олардың сапасы төмен, сыртқы кейіптері
балаларды қорқытатындай. Ақын- жазушылардың қатысуы қызықты болғанмен,
кейбір жағдайда көп сөзге, балалар түсінбейтін әңгімелерге орын беріп
алады. Сосын әңгімеге тек ақынның не жазушының жеке өмірі, балалары жөнінен
айтсақ, хабар қызықтырақ болар ма еді. Ал, кішкетай бүлдіршіндер қатысқан
хабар қай кезде де қызықты болады. Өйткені, көрермен, тыңдарман- бүлдіршін
онымен өзін салыстырып, шынайы ой шиеленіске түседі. Өзі де солай болуды
армандайды. Өкінішке қарай, мұндай хабарлар жоғарыда айтылғандай сирек. Осы
тұрғыда еліміздің театрларында қойылатын балаларға арналған ертегі-
көріністерді телевизия неге ұтымды пайдаланбайды?- деген сауал туындайды.
Жалпы, балалар хабарының бәріне тән және ең күрделі
мәселенің бірі- аудармашылық. Орысша хабарларға еліктеу, қайталау яғни
соның көшірмесіне айналу- балалар хабарының өн бойында кездесіп жатады.
Стильдік тұрғыда тәжірбие алмасу бар да, елдіктеу бар. Еліктеудің әрқилы
ыңғайсыздыққа ұғындырары сөзсіз.
Өскелең ұрпақ үшін радио- жан- жақты азамат болып қалыптасу
университеті, адам баласының ең асыл қасиеттерін тарату мектебі. Радионың
басқа ақпарат құралдарынан негізгі айырмашылығы да, пәрменділігі де
балаларға әр түрлі дыбыс арқылы әсер ететіндігінде болса керек. Олардың
дыбыс құдіреті арқылы түрліше көңіл- күйге түсіп: қуануы мен ренжуіне,
ойлануы мен толғануына, ең бастысы, жаңалық тыңдауына мүмкіндігі мол.
Ондай мүмкіндікті қазір жас шамалары әркелкі балаларымыз
пайдалана алады. Мысалы, Бүкілодақтық радионың балалар мен жасөспірімдерге
арналған хабарлар бас редакциясының бас редакторы қызметін атқарған А.
Меньшикова ол тұрғысында былай дейді: Бүкілодақтық радионың программасында
әлі жаза, сыза білмейтін сәбилерден бастап, орта мектепті аяқтап, өмірге
қадам басқалы отырған жасөспірім қыздар мен жігіттерге де арналған хабарлар
бар. Дәл осындай хабарлар Қазақ радиосында да беріледі.
Дыбыс ерекшелігін жас балалар жақсы ұғынып, тез қабылдайды.
Олар бір-біріне қайсібір оқиғаны, ойды жеткізу үшін екеуара диалогтан гөрі,
әр түрлі дыбыстардың балалар жан дүниесіне ерекше әсері бар екенін аңғару
қиын емес. Сондықтан балалар хабарында әр түрлі дыбыс, сөйлем, музыкалық үн
бір-бірімен жымдасып тұрса, мазмұны мен тартымдылығы үйлесіп кетсе, ол
жақсы тыңдалады.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: Балалық шақ- күн сайын
айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша
қабылдау. Туған жерді, Отанды тану оны қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да
сәби жүрегіне адам жанының сұлулығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі
жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады,- деген еді. Яғни
жас ұрпақты өнегелітәрбиелеп өсіру ісі Отан, ел мүддесімен берік қабысып
жатуға тиіс. Ұлы тәрбиеші, тамаша педагог Біздің балаларымыз – еліміздің
және әлем азаматтарының ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды.
Балаларымыздың тамаша азамат болып өсуі қажет.
Республикалық радионың балаларға арналған алғашқы
хабарларының мәтінін мұрағат қорларынан кездестіру қиын. Бірақ оның қай
кезден бастап берілгендігі туралы мағлұматберелік деректер бар.
Қазақ радиосының бүгінгі хабарлары мен қазіргісін салыстыруға
болмайды. Қазақ радиосының балалар редакциясының хабарлары олардың жас
ерекшеліктерімен дүниетанымдарына қарай үш топқа бөлінді. Олар:
балдырғандар мен төменгі, орта және жоғарғы класс оқушыларына арналған
хабарлар.
Жастарға арналған алғашқы радиохабарлардың артықшылығы-
берілген материалдардың мазмұндылығында, яғни тәрбиелік мәнінің
тереңдігінде, кемшілігі- радиожурналистикаға қойылатын талаптарды түгел
дерлік ескере бермегендіктерінде. Оның обьективтік себебін, маман
қызметкерлердің жетіспегендігімен түсіндіруге болады. Ал жалпы жастарға
арналған алғашқы хабарлардың маңызы- эфирден жастар даусына тұңғыш жол
жасалғандығы.
Бүгінгі таңда Қазақ радиосында жеті Бас редакция жұмыс
істейді. Соның бірі- Жастар мен балалар бас редакциясы.
Қазақ радиосы бүгінде қай жағынан болмасын өзге де ақпарат
құралдарынан көш ілгері келеді, өзім еңбек еткен осы бір жыл ішіндегі
көрген- түйгенімді радио көлемінде болып жатқан тың жаңалықтар мен шыттай
жаңа өзгерістерді бір 5 минут отырып ой елегінен өткізіп шықсам, шынымен
де басыңды көтеріп, кеудеңді керіп ұстайтын мақтаныш сезімі ұялайды. Ең
бір сүйсінерлігі радиомыздың хабар тарату тұжырымдамасы- елдікті,
мемлекеттілікті, отаншылдықты, ұлттық идеялогияны, ұлтаралық татулықты,
рухани байлығымызды, халықтық мақсат- мүддемізді бірінші орынға қойды.
Бұның қатарында әсіресе, балаларға, олардың дұрыс тәлім тәрбие алып, елдік
пен кеңдікті, достық пен бауырмашылдықты, бейбітшілікті және осылардың
негізінде құрылған бақытты сезініп өсуіне жағдай жасалды. Олардың жан
дүниесіне керек нәрселер де радиомыздың алға қойған мақсаттарының бірі
болды. Осы негізде Балауса балалар хабары жаңа қырынан көрінді.
Еркетай балалар хабары және Балдәурен халықаралық радиофестивалі
дүниеге келді. Балдәурен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ радиосындағы «Ұлағат» және «Парыз» бағдарламаларын талда
Қазақстан астаналарының тарихи кезеңдері
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
Моңғолиядағы қазақ тілді баспа сөз және Жаңа дәуір газеті
Радио, хабар, радиохабар туралы
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
Қазақ ұлттық драма театрының қалыптасуы мен дамуы
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
ЖAНБOЛAТ AУПБAЕВ ШЫҒAРМAШЫЛЫҒЫ
Шетелдегі қазақ әдебиеті және әдеби байланыс
Пәндер