Тарихи тұлғалар және оқиғалар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-7

1. Тарихи тұлғалар және оқиғалар . . . 8-34

2. Романдағы көркемдік шешім . . . 35-60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61-63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64-65

Қосымша әдебиеттер тізімі . . . 66

КІРІСПЕ

Халықтың санасы, рухани өмірінің жемісі - әдебиет өмір құбылыстарын жаппай қамти алатын көркем өнер туындысы. Ол адамның ақыл-сезімін көркем жетілдіруден басқа, өткен мен бүгінгі өмірді танытады. Себебі әдебиет шындықты шыңдайды, әрі шегелейді.

Бастау көзi - халықтың сонау ерте дәуірлерде шығарған өлең жырлары, мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, аңыз-ертегілерінен тарамдалатын қазақ әдебиеті ой мен сезімге толы поэзия, шындық пен шеберлік көмкерген проза, артық пен кемді бағалаған сын, сапалы да салмақты драматургия иеленген үлкен қарашаңырақ.

Табиғаттың құпия күштерін баяндаған миф, өткен заманның тарихын танытқан аңыздардан бастау алатын қазақ прозасы шағын жанр түріндегі шығармаларын ертеден бастаса да, көлемді жанрға ХХ ғасыр басында ойысты. М. Дулатовтың қаламынан туған “Бақытсыз Жамал”, Т. Жомартаевтың “Қыз көрелік”, С. Көбеевтің “Қалың мал” романдары қазақ романдарының тырнақ алдысы. Бұдан соң Ж. Аймауытовтың “Ақбілек”, “Қартқожа”, Б. Майлиннің “Қызыл жалау”, “Азамат Азаматыч” романдарымен жалғасып, қазақ романы М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясымен әлемдік аренаға шықты. Сөйтіп қазақ әдебиетінде проза, оның ішінде роман жетекші орынға айналды. Ол әсіресе ХХ ғасырдың ІІ жартысын қамтиды. Бұл кезде қазақ прозасы сөзден кесте төккен саңлақ суреткерлер Ғ. Мүсіреповті, Ғ. Мұстафинді, С. Мұқановты тудырды. Олар әдебиетке заман шындығы, замандас бейнесін әкелді.

Жаңа заман үшін күрес күндерін, халықтың басынан өткен сан алуан оқиғаны, таптар арасындағы қақтығыстарды бейнелейтін шығармалар қазірде әдебиетімізде мол. Бұл тақырыпта жазылған алпысқа жуық роман, повесть, жиырмадан астам пьеса бар. Қысқа әңгіме мен очерктер өз алдына бір төбе. Соғыстан кейінгі жылдар әдебиетіміздің ортасы толып, шексіз бір шалқыған тұстары болды. Қаламгерлердің бірі майданнан, бірі өзге сапардан оралды. Талайлары көңіл дәптеріне жазылған күрделі шығармаларын әкеліп жатты. Солардың бірі Хамза Ықсанұлы Есенжанов болатын.

Қазақ әдебиеті көгінде өзінің межелі биігіне тез-ақ шырқап шыққан тегеурінді талант әдебиет әлеміне бала күнінен құмартып, жігіт шағында қолына қалам алып, қоғамдық жұмыстарды қоса атқарып жүрген кезінде жалған, “ұлтшыл” деген жаламен темір тордың ар жағында көп жыл өткереді. Бұл туралы өзі: “менің өмірімнің гүлді көктемі тым жайсаң өтті, өйткені өз тұстастарыммен бірге білім алып, ең бастысы әдебиетші атын алдым. Көрікті де, мазмұнды көктемімнен кейін, мен өзімнің жазымды түгелдей және біржола жоғалтып алдым. Бірақ сеніммен өмір сүріп, күресе отырып мен өзімнің алтын күзіме де жеттім”, -дейді.

Иә, ерекше мақсатпен әдебиетті бастап, қапыда одан ажырап қалған жазушы жиырма жылға жуық уақыт өз әлемінен алыста жүріп, елге оралғаннан соң небәрі төрт-бес жылдың ішінде үш том роман жазды. Бұрын белгісіз есім қысқа мерзімде халыққа аты әйгілі, туған әдебиеттің белді қаламгеріне айналады. “Ақ Жайық” жарыққа шығып, халыққа тараған соң өліп кетсем деп арманым жоқ” деген дарабоз, “өлмейтұғын артына сөз қалдырған” санаулы ғана өнер иелерінің бірі, тума дарын сол мұратына жетіп, Батыс Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы қиян-кескі күрестің тарихы етіп, Ұлы Қазанның дүниені дүр сілкіндірген ұлы дүмпуінің тарихы болып, Жайық бойында сан ғасырға созылған күрестердің, ұлт-азаттық күрестердің тарихы, көркем картинасы - “Ақ Жайық” трилогиясын жазып бітіріп, халқымен қауыштырып кеткен болатын.

« Ақ Жайықты» оқып отырып Орал казак-орыстары құрған әскери үкімет пен алашорда хандығының жай-жапсары толық қамтылғанын байқайсыз. Орал большевиктерінің астыртын қимылына қатысып, солармен бірге қиналасыз. Сол тұстағы қазақ елінің тұрмыс тұңғиығына терең бойлап шығасыз. Қазақ әдебиетінде М. Әуезов бас болған тарихи роман жанрын дамытуда өзіндік үлесін қосқан Х. Есенжанов екеніне көзіңіз жетеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Мың өліп, мың тірілген қазақ елінің тарихы тереңен тамыр алып, кеңге жайылып, жоғалтқанымызды тауып қауышып, тарихымызды түгендеп жатқан заман. «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. »-деп Н. Назарбаев атаған тарихымыздың сонау ХХ ғасырында елге теңдік орнатып қара қазақтың бақытқа кенелетін шағын аңсап бас көтерген Қазан төңкерісі жылдарындағы ерлердің ерлігін естен шығару мүмкін еместігі былай тұрсын, үлкен күнә деп ойлаймыз. Сондақтан зерттеу нысанына айналып отырған тақырыбымыздың өзектілігі тарихын әділ таразылап, елдің кешегісін мәңгілікке ұмытылмастай етіп салмақтаған трилогияның тарихи шындығын ашып көрсетіп, өмір шындығының өнер шындығында қалай көмкерілгенін ашып беруде.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Жер тарпыған Тарланмен Қырымға қиқу салған Тарғын, сөзін қардай боратып, тұлпарының тұяғы Жайық бойын шаңдатып өткен Сырым, Исатай, Махамбет ғұмыр кешкен Жайық жағасында өткен төңкеріс, азамат соғысын бейнелеген “Ақ Жайық” трилогиясы талайлардың сүйікті кітабына айналса, енді біреулердің сын қармағына, не зерттеу нысанасына айналып та қойыпты. Бұл трилогия жазушының бас кітабы болғандықтан зерттеушілер көзіне тез іліккен. Романдар топтамасы шығысымен баспасөз бетінде мақалалар жарық көре бастаған.

М. Қаратаев “Қайсар талант”, М. Базарбаев “Өршіл талант”, З. Қабдолов “Күрестер мен жеңістер жыршысы”, Г. Бельгер “Ғибратты ғұмыр иесі”, З. Серікқалиев “Қилы заман жыршысы”, Б. Ойшыбаев “Замана суреттері”, З. Сисенғалиев “Ағадан қалған аманат”, Ә. Кекілбаев “Асыл азамат”, Т. Ахтанов “Кең құлашты, алуан сырлы суреткер” деп бағалап, “Социалистік Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті”, “Орал өңірі” газеттерінің бетінде мақалаларын жариялады. Бұлардың бірі трилогияның мазмұнына, бірі стиліне, ал енді бірі жазушының табанды еңбегіне тоқталды. Кейін Х. Әдібаев “Уақыт және қаламгер” еңбегінде, Т. Тоқбергенов “Тоғыз тарауында “Ақ Жайықты” тұтастай талдап, жазушының жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталған.

Х. Әдібаев жеті жыл ішінде үлкен-үлкен үш томды бітірген ерлігіне таңдана отырып “Жайық жыры” деп тамсанып, шығарма композициясын: “классикалық романдарда кездесетін композиция” дей келіп, трилогияның бас кемшілігін тақырып қуалап кетуінде” деп белгілейді.

Ал, Т. Тоқбергенов кейіпкерлер әрекетіне, олардың образдарына талдау жасайды.

М. Атымов пен З. Серікқалиев, Х. Есенжанов өмірі мен шығармашылығын зерттеп, жүйелеуде ерекше еңбек сіңірген зерттеушілер М. Атымов өзінің “Қазақ романдарының стилі” атты еңбегінде трилогияны жік-жікке бөліп талдап, жазушының ғылыми болмаса да, жалпы өмірбаянына тоқталып, Есенжанов қаламына тән жеті стильдік ерекшелікті белгілейді. Ол шығарманың бай тілінде, көркемдік тәсілінде көрінеді.

З. Серікқалиев 1968 жылы Абай атындғы Мемлекеттік педагогикалық институтта филология ғылымдарының кандидаттық дәрежесін алу үшін қорғаған “Қазіргі қазақ тарихи романының кейбір мәселелері” атты диссертациясының екінші тарауын “Ақ Жайыққа” арнайды. Кейін бұл ойлары 1971 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан “Жылдар сазы”, 1990 жылы тағы осы баспадан шыққан “Ақ жол” атты еңбектерінде беріледі.

З. Серікқалиев трилогиядағы “Жер басқан адам немесе характер құбылысы”, “Тарихи шындық және көркемдік шешім” мәселелерін көтереді. Ешбір сыншының қаламына ілікпеген Қажымұхан, Мәмбет образдарының суреттелуіне тоқталып, жазушының диалог, монолог қолдану ерекшеліктерін атайды.

Орыс әдебиетінің классик жазушысы М. Шолоховтан, заңғар суреткер М. Әуезовтен, шебер қаламгер Ғ. Мүсіреповтен оң баға алған “Ақ жайық” трилогиясындағы кейіпкерлер психлогиясына филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі әдебиеттанушы ғалым Б. Майтанов 1996 жылы “Санат” баспасынан шыққан “Қазақ романдары және психологиялық талдау” атты еңбегінде тоқталады. Б. Майтанов жазушының сұлу Мүкарама образын берудегі шеберлігін, Хакім, Михеев, Дмитриев тағы басқа да кейіпкерлердің ішкі психологиялық жағдайын сөзбен емес қимыл арқылы аңғартуын ерекше бағалайды.

Бұл жұмыстың мақсаты “Ақ Жайық” трилогиясының жазылу тарихы болғандықтан, жоғарыдан аталған зерттеуші, сыншы-ғалымдардың “Жүнісовтер трагедиясы” атты диалогия туралы пікірлеріне тоқталмадық.

Аталған зерттеулер Х. Есенжановтың бүкіл шығармашылығының жиынтығы, жазушының бас кітабы - “Ақ Жайық” трилогиясы деп танып, соған ғана баға беріп, жазушының өмірін, оның алғашқы және соңғы шығармалары жөнінде сөз етпеген. Бұл жағдай жұмыстың кейбір мәселелерін ашуда қиындықтар тудырды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың басты мақсаты Қазақ тарихында алтын ғасыр атанған ХХ ғасыр әдебиетіне өзіндік қолтаңбасымен келген Хамза Ықсанұлы Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясының тарихи шындығы мен көркемдік шешімін саралау. Батыс Қазақстан өлкесінің тарихына барлау жасау арқылы Қазан төңкерісінің сырын ашып, сол оқиғалардың бел ортасында жүрген тұлғалардың өміріне үңіліп, оқиғалардың көркем шығармада дұрыс берілгеніне көз жеткізу. Осыған байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

- Батыс Қазақстандағы Қазан төңкерісінің тарихын, трилогияда берілген оқиғалармен салыстыру;

- Төңкеріске қатысқан тұлғалар өміріне тоқталу;

- Өмір шындығын өнер шындығына ұштастыра білген жазушы шеберлігін анықтау;

Зерттеу нысаны.

Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясының тарихи оқиғаларын саралап, тарихи шындықты жазушы қалай көркемдеп әдеби туындыға айналдырғанына көз жеткізу зерттеудің нысаны болып танылады.

Зерттеу пәні.

Қазан төңкерісі кезіндегі Батыс Қазақстан даласының дүбірі мен Х. Есенжанов қаламының шеберлігі зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Зерттеу жұмысы барысында Х. Есенжановтың өмірбаяны бір жүйеге түсіріледі. «Ақ Жайық» трилогиясының қалай жазылғаны сараланады. Трилогияға арқау болған тарихи оқиғаларға белсене қатысқан тұлғалар өмірінен сыр шертеміз. Жазушының материалды қалай шебер игергенін барынша дәлелдер келтірдік.

Зерттеу жұмысының материалы ретінде Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы, белгілі төңкерісшіл қайраткер Х. Чуриннің «Дауылды жылдарда» атты еңбегі, тарих оқулықтары мен архив материалдары алынды.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері.

Зерттеу жұмысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу, негізгі дереккөздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау, салыстыру, баяндау; авторлық сөз қолданыстарын тексеру әдіс-тәсілдері қолданылды.

Зерттеу тақырыбының теориялық және әдістанымдық негізі.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы Х. Есенжанов шығармашылығының идеялық ойын, көркемдік тәсілін, жазушылық шеберлігін зерттеу нәтижелері автордың әдебиеттегі орын анықтауға мүмкіндік береді. Қаламгердің тарихтан алшақ кетпей көркем туындыда шындықты сақтай білген шынайылығын, сюжет құру, кейіпкерді сомдау ерекшеліктерін анықтауы Хамза туындылары әдебиет тарихы, жазушы лабораториясы тұрғысынан толықтырылады.

Ғылыми жұмысты жазу барысы мен әдеби сараптамалық талдаулар кезінде жұмыстың теориялық негізі ретінде А. Байтұрсынұлы, З. Қабдолов, М. Атымов, З. Серікқалиев сияқты тағы басқа зерттеу еңбектердің ғылыми негіздегі пікірлері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы.

Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер мен қорытынды тұжырымдыры жоғары оқу орындарының әдебиет тарихы, жазушы шеберлігі атты пәндер бойынша арнайы курстарда, практикалық сабақтарда қосымша, оқу-әдістемелік мәлімет құрастыруға көмкеші құрал ретінде пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тарихи тұлғалар және оқиғалар

Артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңлақ суреткер, яки, өзгелерін өз алдына қойғанда, шындық пен сырға, ой мен образға, сезім мен суретке, парасат пен философияға толы бір трилогия, бір диалогия - біріне-бірі жалғаса, бірінен-бірі туындай тұтасқан бес том тарих-төңкерістік романдар циклін жазып қалдырып кеткен тамаша сөз зергері - Хамза Ықсанұлы Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы тарихи тұлғалар мен оқиғалар желісіне ойыспас бұрын шығарманың азылу тарихына тоқтала кетсек. Бүкіл шығармашылық ғұмырында алға қойған басты мақсаты «Ақ Жайық» оқиғасын көпшілікке ұсыну болғандықтан бас кітабының ғұмыры өз өмірімен тығыз байланыста жатыр, сондықтан жазушы өмірінен бастаған жөн болар.

Хамза Ықсанұлы Есенжановтың 1908 жылы 23 желтоқсанда бұрынғы Жымпиты уезі Аңхаты болысының №1 аулында қазіргі Орал облысының Ақ Жайық ауданына қарасты Ленин атындағы колхоз орналасқан жерде дүниеге келді. Атасы Есенжан Жүнісбаев өзінің сегіз баласын да медреседе оқытқан орта шаруалы адам болған. Хамзаның бір ағасы Ғалымжан Есенжанов орысша оқып 20-жылдары Жымпиты уезінде кеңес өкіметін орнатуға белсене араласқан. Енді бірі Хайыржан мектепте оқытушы болып қызмет атқарған. Ата-анадан ерте жетім қалған Хамза Жымпиты орталығында жұмыс жасайтын Хайыржан ағасының қолында тәрбиеленеді. Сөйтіп 1920-27 жылдары Жымпитыдағы жетіжылдық мектепте білім алады. 1927 жылы Алматыға келіп, мұнда 1928-29 жылдар аралығында зоотехникумде, содан соң Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, оның тіл және әдебиет факультетін 1933 жылы бітіріп шығады. Осы жылдары үлкен оқу орнында студенттік күндердің қиыны мен қызығына қатар төзген замандасы, академик М. Қаратаев: “Сырт көркі де әдемі, киімі де таза сәнді. Арамызда ақ жаға көйлек киіп галстук тағатын да сол жалғыз Хамза. Бұл оның интеллигент семьяда өсіп ішті-тысты мәдениеті белгілі бір қалыпқа түскен жас екенін аңғартатын еді.

Қаламының желі бар жас прозаик Жазушылар Одағының ұйымдастыру комитетінде Ілияс Жансүгіровтің қарамағында аз уақыт хатшылық қызмет те атқарғаны есімде. 1932 жылы сахнаға қойылған Ғұзайыр Жасақбаевтың пьесасы туралы “Заман заңы” дейтін мақала жаздық. 1933-34 жылдары екеуміз қосылып бастауыш сыныптарға арналған оқулық кітабын шығардық” /1. 9/, -деп жазады.

Хамза 1934-36 жылдары аралығында Ленинградта аспирантурада оқиды. Тіл, тарих, әдебиет институтының аспирантурасында бір жыл оқығаннан кейін келесі жылы Мемлекеттік өнер зерттеу институтының аспирантурасына ауысады. Ленинградтан 1936 жылы күзде қайтқан бетте өнертену ғылымын меңгерген жас маман әуелі қазақ филормониясында әдебиет және өнер секторының меңгерушісі, 1937 жылы Қазақ мемлекеттік филормониясының директоры. Әрі осы жылдары Абай атындағы педагогикалық институтында орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді. Кейін Қазақ Мемлекеттік опера және балет театрының директоры.

Балалық шағы ескі ауылда басталып, жастық шағы төңкерістің жалынды жылдары мен Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңінде ұлы өзгерістер мен қым-қуыт тап күресі жағдайында өтіп, екі дүниенің мол өмір материалын балғын сана-сезіміне жинаған болашақ жазушы шығармашылыққа қалай келді? Бұл сұраққа жазушы:

“Бір кезде Жәлен Аймурзин дейтін ақынның өлеңдері губерниялық “Қызыл ту” газетінде жиі басылып жүрді. Бұл ақынның көп өлеңі қазақ қыздарының теңсіздігін, сүйгеніне қосыла алмай малға сатылып кететінін, бұл ауыр халдің сол кезге дейін қаламай келгенін сипаттаған. Оқушыға үлкен әсер еткен жастар жаттап алып, тақпақ етіп айтып жүретін. Сол Жәлекеңе еліктеп, жетіжылдық мектепте жүргенде бірінші өлеңімді жаздым. Онда туысқандары мал алып, қызды еріксіз көндіріп, зорлап ұзатқан қасіретті халді суреттеген болдым. Сөйтіп, “Жамал кетеді аулынан” деген өлеңімді “Қызыл ту” газетіне мен де жібердім. Әрине, ол өлең басылған жоқ. Оның көркемдік жағы әлсіз, шәкірттік шатпақ екені басылмағанынан-ақ көрініп тұр. Алайда бұл үлкен сабақ болды. Асықпай, мұқиаттап жазып, тығып тастап қайта оралып, көбірек көшіріп пісіңкіреу әдетіне үйретті.

Өлеңмен баспа бетіне шыға алмаған соң тағы да сондай тақырыпқа фельетон жаздым. Мұның сәті түсті: “Елші” деген бүркеме атпен жазған “Алтынның қадағы алты сом” деген тырнақалды шығармам “Қызыл туда” басылды. Келесі жылы тағы да сол “Қызыл ту” Қызыл Армияға алынған құрдастарыма бағыштаған кішкене өлеңімді жариялады”. /2. 84/, -дейді.

Өлеңдері мен әңгімелерінің ойда пісуі әріден, баспасөз бетінде көрінуі 1929 жылдан басталады десек те, жазушы Қазақ педагогикалық институтында оқып жүрген кезде жазған “Өлеңтінің жағасында” деген көлемді әңгімесін “осы тырнақ алды шығармамды Бейімбет Майлин оқып шығып аз-мұз түзеттіріп “Жаңа әдебиет” журналының 1930 жылғы 7 санында жариялады” /2. 84/, -дейді.

Осылайша жазушы-қаламын қаңтармай “Қызыл құшақ” атты повесін, “Жер шарында” атты 1 актілі пьесасын, “Ол он алтыда еді”, “Труба” атты әңгімелерін жазды.

Қасым Тоғызақовпен бірлесіп Иван Шуховтың “Өшпенділер”, “Карло Гальдонидың “Екі мырзаға бір қызметкер” пьесасын, А. С. Пушкиннің “Дубровский”, И. С. Тургеновтың “Рудин” романын қазақшаға аударды. Бастауыш және орта мектеп оқушыларына арнап, әдебиеттік оқу кітабы мен оқулық хрестоматиялар құрастырды, сондай-ақ әдебиеттің актуальді проблемаларына арнап бірнеше мақала жазды. Мәселен көркем шығарманың эстетикасы, көркем әдебиеттегі замандас тұлғасы, әділ сын, орыс романдары туралы, сонымен бірге түрлі публицистикалық және әріптестер шығармашылығына көз жібергендегі алуан түрлі ойлары жазушының мақалаларының негізгі арқауы.

Хамза Есенжанов шығармашылығы 1938-56 жылдар аралығында жеке басқа табынушылық зардабынан үзіліп, жазушы 17 жыл Сібірде айдауда болады. Жазушының аяулы жары София Тастемірова естелік мақаласында:

“1938 жылдың 19 наурыз күні таңертеңгі онда телефон шыр ете қалды. Көтерсем бейтаныс дауыс Хамзаны сұрайды. ҚазПИ-де лекциясы бар. Жұмысқа кетті, - дедім. Сағат он бірдің кезінде үш жігіт сау ете түсті. Өңдері суық, сөздері ызбарлы. Есім шығып кетті. Сенің ерің халық жауы ретінде ұсталды. Үйге тінту жүргіземіз, -деді. Құдайдың тас төбемнен ұрғанын сонда бір-ақ білдім” /3. 33/, -дейді. Бұл Хамза мен Софияның үйленгендеріне бір ғана жыл толған жылғы оқиға. Сөйтіп “бұрынғы Қазақ КСР НКВД Халық комиссары Замин, оның орынбасары Володько, сол комиссариаттың төртінші бөлім бастығы Павлов жазушыға “ұлтшыл” деген таңба таңады. Х. Есенжановтың ісі сотта қамауға алынғаннан кейін бір жарым жылдан соң қаралған. Ақыры Қазақ КСР НКВД әскерлері әскери трибуналының соты 1939 жылғы 8-17 тамыз күндері істі қарайды. Әуелі бес жылға кейін сегіз жылға кесіп, еңбекпен түзеу лагеріне жөнелту жөнінде ұйғарым жасалды. Сөйтіп Хамза Новосибирск, Томск түрмелерін көреді. 1945 жылы Новосибирскіден Томскіге ауыстырса, 1946 жылы қайтадан Новосибирскіге жібереді. Кесікті мерзімі де таяп қалған. Дегенмен көрмекке, жолығып сөйлеспекке София Сібірге барады. Алайда Хамзаның орнын сипап қалады. Сөйтсе келерінің алдында ғана босанып, лагерьден шығып кетіпті. Екеуі Томск стансасында табысады” /4. 9/ .

Мұнан кейінде 1948 жылы қайта ұстап тергейді. Бұл жолы әуелі бір жыл Теміртауда отырады, одан кейін жер аударып Красноярск жағына жібереді. Сот шешкен бап бойынша “По жизненная ссылка. Без срока” деп көрсетіледі. Бұл оның ғұмыр бойы еліне, жеріне мәңгі оралмайтынының белгісі болған соң, орыс декабристерінің әйелдері сияқты қайратты серік етіп, Хамзаны аударған жерге София да келеді. Сөйтіп екеуі Бирилюссыда тұрады. Екінші ұлдары Әлихан осы жерде дүниеге келеді. София дәрігер болып қызметін жалғастырса, Хамза көп әуре көріп, ақыры алты айдан кейін мал бордақылайтын орынға бухгалтерлік жұмысқа кіріседі. 1955 жылы ақталып Алматыға оралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Дүниетану пәнінің жұмыс бағдарламасы
Дүниетану пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Қазақ шежіре жырларының поэтикасы
Дереккөздер дегеніміз не. орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде?
Ілияс Есенберлин туралы
Конкурстың қазылар алқасы
Алаш қозғалысы басталуы, тұтастығы, қатысушылары
Соғыс жылдарындағы ақын жазушылардың шығармалары
ТАРИХИ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz