Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық дағдыларын оқу-тәрбие процесінде тәрбиелеудің педагогикалық негіздері


Мазмұны
Кіріспе
1 бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық дағдыларын оқу-тәрбие процесінде тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
1. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының педагогикалық мәні
1. 1 Рухани адамгершілік пен мәдени мінез-құлық тәрбиелеу педагогтің басты міндеті
1. 2 Бастауыш мектепте мәдени мінез-құлықты тәрбие берудің педагогикалық ерекшеліктері
1. 3 Бастауыш сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
1 бөлім бойынша тұжырым
2 бөлім. Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларында мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді дамыту
2. 1 Ана тілі сабағында мінез-құлқ тәрбиені қалыптастыру негізінде тұлғаның қасиетін қалыптастыру
2. 2 Ана тілі сабағында мәдени мінез-құлықты тәрбиелеудің педагогикалық жолдарын дамыту
2 бөлім бойынша тұжырым
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша А қосымша Б қосымша В
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келумен, басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады, жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық әлеуметтік-мәдени, рухани ойластыруды талап етуде. Демек, оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім-тәрбие беру ғаламдық мәні бар проблемаға айналып отыр. Сондықтан еліміздің даму стратегиясына сай олардың рухани байлығын одан әрі жетілдіруде мінез-құлық тәрбиесіне ерекше мән берілуде.
Мектептегі тәрбие жұмысындағы негізгі мәселе- оқушылардың „субъект”-субъект аралық қатынасын дамыту, әрбір адамның құндылығын, даралығын, ерекшеліктерін, сезімін және өзіндік баға беруін қалыптастыру. Мұнда баланың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оның саналы түсінуіне қасиет-сапаларына баулу көзделеді. Рухани адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:
- тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;
- оқушылар рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
- оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.
Бүгінгі таңда жастарды биік адамгершілік, әдептілік пен имандылыққа, ұл мен қыз арасында дұрыс қарым-қатынас орнауына ерте бастан баулу, тәрбиешілердің бірден бір міндеті болып отыр.
Қазіргі кездегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен шиеленісуі, тұрмыстағы күйзеліс, адамгершілік құндылықтардың кемуі, білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, зорлық-зомбылық пен қатігездіктің белең алуы, жеке адамың қоғамнан, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеу ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруы және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет деп көрсетілген.
Осыған орай Қазақстанда құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы „Адам” деп танылып, заң жүзінде жарияланып отырған кезеңде халықтық педагогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.
Біздің міндетіміз - жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру болып отыр. Міне, мұның осындай өзекті мәселе екенін шын мағынасында ғалымдар мынадай шығармаларында дәлелдеген. Ежелгіден Әл-Фараби, Шоқан, Абай, Ыбырай, сынды шығыстың ұлы филосфтары мен ойшылдарын адам және оның тәрбиесі қаты толғандырған.
Мәселен, Әл-Фараби тәрбиелеу - деген ұғымға, халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерді дарыту деп анықтма берді.
Ал, Абай өзінің барлық ақыл-ой, саналы, көзқарастары, пікірімен тәрбиенің өте зор құдіретті күш екенін философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дәлелдеген.
Ы. Алтынсарин - өзі өмір сүрген саяси-әлеуметтік тарихи дәуір туғызған көкейтесті мәселе - халықтық ой- санасын ояту, адамгершілік құндылықтарды адам бойына дарыта отырып тәрбиелеу ісімен шұғылданды.
ХІХ ғасырдың !! жартысында ХХ ғасырдың басында өмір сурген халхымыздың ұлы қайраткерлері: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, О. Қалиев, Б. Күлеев, Ш. Бөкеев, С. Торайғыров, М. Саралин, Х. Досмұхатеов, т. б. туған халқының мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасысына байланысты тәлім-тәрбиелік қзық ой-пікірлер қалдырған.
Сонымен қатар педагогика ғылымының дамуында П. П. Белинский, Л. И. Божович, А. С. Выготский, А. С. Макаренко, т. б. іргелі зерттеулерінде құқықтық тәрбие айырықша орын алады.
Білім беретін мектептерде бастауыш сынып оқушыларына құлықты тәрбие беру проблемасын зерттеуде Ш. А. Амонашвили, Р. Г. Амосова, О. С. Богданова, В. . И. Петрова сонымен қатар Х. Арғынов, К. Б. Бозжанова, М. К. Жұбанова, Ғ. Н. Жүнісова, Р. М. Қоянбаев, А. К. Меңжанова, С. Р. Рахметова, Ә. С. Сыдықов, т. б. қомақты үлес қоста.
Бастауыш мектеп білім берудің алғашқы буыны жанұядан, балабақшадан алып келген, білген мәліметтерін алғашқы адамгершілік әліппесін бала бастауыш сыныптағы жүйелі жүргізілген педагогикалық процесс барысында жалғастырады. Осыған орай бастауыш сыныптарда оқушылардың құлықтық тәрбиесінің жүйесін құрастыру өзекті мәселе болып отыр.
Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашыл кемеңгерлерін тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестілік шағынан басталып, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. „Тәрбие”-терминін әрдайым „тар мағынада, тәрбиелейді” - деп қолданады. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қотын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.
Демек, зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасаған талдау жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда оқушылардың құлқын тәрбиелеудің қажеттілігі мен оның ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйелі зерттелмеуі, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, өздігінен дербес жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыру қажеттілігі мен оған негіз болатын тәрбие мазмұнын, әдіс-тәсілдерін зерттеген еңбектердің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшы бар екендігі анық байқалады.
Сондықтан зерттеу жұмысымыздың тақырыбын „2-сыныпта „Ана тілін” оқыту барысында оқушылардың мінез-құлқын, тәрбиесін қалыптастырудың жолдары” деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте оқыту мен тәрбиелеу процесінде мәдени мінез-құлықтық тәрбие берудің маңызын педагогикалық негізін талдау және оның жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері: 3. Рухани адамгершілк пен мәдени мінез-құлықтық тәрбиелеудің қазіргі педагогикалық мүмкіндік дағдыларын анықтау.
1. Бастауыш сыныптағы тәрбие жұмысының педагогикалық мәнін талдау.
2. Сапалы тәртіп пен мәдени мінез-құлықты тәрбиелеудің педагогикалық жолдарын зерттеу.
4. Бастауыш сыныпта ана тілі сабағын мінез-құлықтық тәрбие берудің әдістемеллік ерекшеліктерін анықтау
Оқыту объектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесі.
Оқыту пәні: Ана тілі пәні сабақтарында оқушыларға мінез-құлықтық тәрбие берудің педагогикалық жолдары.
Зерттеу әдістері:
1. Педагогикалық, әдістемелік, әдебиеттерді, зерттеулерді теориялық талдау, негіздеу.
2. Озат іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау.
3. Бақылау, анкета, әңгімелеу әдістері арқылы мінез-құлықтық тәрбие беруін педагогикалық жолдарын талдау.
1 БӨЛІМ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ
Тәрбиені педагогиканың бір бөлігі ретінде қарастырмастан бұрын бұл ұғым туралы бірнеше қалыптасқан көзқарастарға тоқталайық. Н. И. Болдыревтің „Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі” оқулығында: „Тәрбие - бұл тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бір мақсатқа бағытталған және өзара байланысты іс-әрекеті, осы жұмыс процесіндегі қарым-қатынасы, жеке адамды және ұжымды қалыптастырудағы ықпалы деген. „Қысқа психологиялық сөздікте” (1985) „Тәрбие - жас ұрпаққа қоғамдық-тарихы тәжірибені диалектикалық-материалистік көзқарастты, жоғарғы моральды, терең идеяны, қоғамдық белсенділікті, шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек мәдениетін және тәртіпті жеткізу жұмыстары” делініп сол кездегі идеология атынан терең пікір білдірген.
„Насихаттаушылардың қысқаша педагогикалық сөздігінде” „Тәрбие - адамдарды еңбекке тағы басқа да көптеген қоғамдағы пайдалы „іс-әрекетке дайындаушы, көптеген әлеуметтік функцияларды орындайтын - объективті заңды процесс” - деп, тәрбиені іс-қимыл емес процесс ретінде қарастырған. Белгілі гуманист-педагог Сухомлинский кезінде тәрбие жөнінде дәл осындай позиция ұстаған еді, өзінің „Жас мектеп директорымен әңгіме” деген еңбегінде „Тәрбие кең мағынада - үнемі рухани байытушы және жаңартушы көпқырлы процесс” деп жазған еді. Л. Н. Толстой отандық педагогиканыңқ алыптасуына көп үлес қосты: Тәрбие деп, біз кімді тәрбиелесек, соның жүрегіне әсер ету, Тәрбие деп- бір адамның екінші адамға мақсатты түрде әдет-ғұрыпты меңгеруге мәжбүр етуі деп жазған еді. Педагоикада Тәрбиенің категориялық бірнеше анықтамасы болғанымен жалпы көпшілік мойындаған категориясы жоқ. Х. И. Лийметстің тәрбие туралы анықтамасы мойындалған еді, онда Тәрбие - ол жеке адамның дамуындағы мақсаттық процесті басқару деген анықтамасы еді. Дегенмен, бұл А. В. Мудриктің анықтамасына өте жақсы еді, бірақ түбегейлі айырмашылығы да болды, ол осы кезге дейін педагогикада таралып келген тәрбиенің анықтамасы жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені жеткізу мақсат болатын және педагогтардың істейтін істері оқыту, белгілі білім беру, қабілетін жетілдірумен шектелетін.
Тәрбие-жалпыға ортақ процесс. Адам өзінің табиғи қажеттілігін іске асыруды, қалыптасуын, дамуын тәрбие деп мойындаған. Оны мойындау деңгейі қандай, қандай терминологиялық даулар жүріп жатыр, тәрбие бұлардың біріне тәуелді, байланысты емес. Тәрбие көп өлшемді процесс. Оның көп бөлігі әлеуметтік қалыптасуға, әр адамның өзін-өзі реттеуіне байланысты. Сонымен тәрбие өте күрделі процесс ұлттың тарихи-әлеуметтік, рухани мұрасын меңгеруші, педагогикалық іс-әрекет түрін жүргізуші, адамды жетілдіруші ұлы өнерді мееңгеруші және педагогика деген бір ғылымның саласы.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтасын көздеді.
Ежелгі грек ғалымы Платон балалар ата-анасы алдында ешбір міндетсіз, еркін ал ата-на оларға білім және тәрбие беруге міндетті деп жазған. „Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” деп тұжырымдаған.
Платонның ойынша, тәрбиешінің міндеті қатаң бақылауға бағындыру деп түсінген. „Заңды қырағы сақтау керек: - ол балалардың тәрбиесіне қамқор болуға, олардың мінезін түзетуге көмектеседі, барлық кезде тәрбиені заңмен келісуге бағыттап отыру қажет” деп жазды. (Платон „Закона”) .
Ян Амос Коменский „Ұлы дидактика” атты еңбегінде тәрбие және мектептегі тәрбие жұмыстары туралы құнды пікірлер қалдырған. Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы біздің қолымыздағы нәрсе деп, тәрбиенің ықпал ету күшін көрсете білді. Оқушыға мектептегі тәртіп және мұғалімнің ұйымдастырған тәрбие жұмысы ғана әсер әсер етеді деген.
Осы кезеңдерде қалыптасқан Д. Локктің „мектеп - балаларды теріс және келіссіз тәрбиелейтін ұя” деген пікірінде мектептегі тәрбие жұмысының кері әсерін айтып, отбасы тәрбиесін қуаттаған.
Еркін тәрбие теориясының негізін салушы Ж. Ж. Руссо „Адам тәрбиесі оның өмірге келуімен басталады, сөйлемес бұрын, естімес бұрын, ол тәлім негізін ала бастайды” деген. Ағартушы педагог баланы қадірлей отырып тәрбиелеу, еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың зіндік әрекетін дамыту тәрбиенің негізіне айналуы тиіс екендігін көрсеткен.
Г. Песталоцци бала дамуындағы тәрбие жұмыстарының рөлін жоғары бағалап, отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастыру қажеттігін атап көрсеткен.
Неміс ғалымы Гербард пікірлерінде тәрбиелеуді басқару, оқыту, адагершілік тәрбие арқылы шешуге болады деген. Соның ішінде баланың өз әрекетін түсінбейтін кезеңінде оны тәрбиелемей, бағындырып басқару керек деген пікіріне қосыла алмаймыз. Мектепте тәртіп ережесін бұзған оқушылар үшін айып кітабын тәрбиелеу тәсілі ретінде қолданған. Ғалымның бұл көзқарасы бүгінге дейін қалыптасқан ғылыми ой-пікірлерімен қарама-қайшы келеді.
Бала тәрбиесі туралы идеаларды кезінде өздерінің шығармалаында қазақ даласының ойшылдары да әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашғари тәрбие туралы аз пікірлер айтпаған.
Ұлы ойшыл әл-Фарабидің пікірінше „Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі” деген. Бұл біздің қай-қайсымызды да ойлантуы тиіс деп санаймын. Қайырымды қала тұрғындары қатарында шәкірттерді жатқыза отырып, мінезі түзу шәкірттерге білім еш қиындықсыз қонады, оларды тәрбиелеуге ұстаздар жалықпауы қажет деп ескертеді.
Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде бала тәрбиесіне де баса назар аударып, бұл орайда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін атап көрсетеді. „ Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі” деген.
Атақты „Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінің авторы Махмұд Қашғаридің да қазақ топырағында еңбек етуді сүйетін, білімге құштар, өз бақыты үшін күресе білетін ұрпақты тәрбиелеуді насихаттайды. Оның бұл еңбегінде әдеп, тәлім-тәрбие, моральдық, ой-пікірлер қомақты орын алды. Сонымен қатар мұнда адам бойындағы кейбір жаман қасиеттер дүниеқорлық, мансапқорлық, опасыздық, қорқақтық т. б. қатты сыналып ерлік, ізгілік, ақниеттілік, қонақжайлық сияқты адамгершілік қасиеттер дәріптеледі.
Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Ш. Уалиханов озық идеямен нәрленген мұғалімдер жас буындарды қоғамдағы зұлымдық аталуымен күресе алатын, адамгершілігі мол жеке мақсатын халық мүддесіне бағындыра білетін, озат прогрессивті көзқарасы бар адам етіп тәрбиелеуді талап етті.
Қазақ халқының кемеңгер ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов және т. б тәрбиеге үлкен мән берген.
А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы киелі де құнарла қазына тіршілік тұтқасы тәрбие мен білімдегі қабілеттілігінде деп жар салды. Данышпан бабамыздың тәрбие туралы ұлағатты өсиеттері қазіргі нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ұлтымыздың тәрбиеге жаңаша көзқарасының бағыт бағдар берерлік тағылым деп білеміз.
Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, болошағына жол сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі-жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - оқушы өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез келген затқа, жан-жануарға және экологияға жақсылық тілеп, жасауы. Сондықтан рухани-адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастыруды негізі болып табылады, оның көрсеткіштері: басқаларға жақслық жасау; жақсылыққа ұмтылу; өзін-өзі дамытып, жетілдіру.
Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлем тану, дамыту жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Осы жылдары одақ көлемінде Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Ш. Амонашвили, В. Ф. Шаталов, И. П. Волков, Е. Н. Ильин т. б. ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде оқушыны жан-жақты дамытып, оның белсенділігін арттыруды көздеген дамыта оқыту технологиялары дүниеге келді.
Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы рухани-адамгершілік байланысын орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш. Амонашвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: „Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысы мен ынтамақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығы мен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында рухани тұтастық болады”, - деп рухани-адагершілік қарым-қатынас қай кезде орнығатынын осылай пайымдайды.
Е. Н. Илиннің: „Оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу нысаны болып табылады”, - деген пікірі оқушының рухани-адагершілігін ынтымақтастыққа дамыта оқытуды көздегенін байқатады. Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер оқушылардың рухани-адамгершілігі дамыту масатында қазіргі кезде біздің оқу тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылуда.
Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе - баланы құрметтеу. Әр бір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігін түсінуі тиіс деп ойлаймыз. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйреткен мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек. Сндықтан мұғалімге мынадай қасиеттер қажет: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу шабыттандыра алу, шығармашылық ізденіс. Сыныптағы рухани адагершілік, психологиялық ахуал - бала үшін адамдар мен қатынастың алғашқы мектебі. Нақ осы өз сыныбында баланың мейірімділікке және зұлымдыққа, тәртәпке материалдық және рухани құндылықтарға деген көзқарасы қалыптасады. Сонымен қатар махаббат сезімін, достықты, жауапкершілік пен шындықты түйсінеді, яғни мектептердегі тәрбие өсіп келе жатқан балалардың барлық өмірлік іс-әрекетіне ықпалын тигізеді. Солардың кейбір көңіл бөліне бермейтін маңыздыларына тоқталатын болсақ, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі аса маңызды шарттардың бірі - мұғалім өзінің әрбір ісі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, сөйлеген сөзінің басқаларға ықпалы мен әсері, одан келіп шығатын нәтижеге жауапкершілігі. Бұны іске асырудың тетігі - мектепте туындап отырған әртүрлі ахуалдарды шешуде әділетті, дұрыс жөн табу. Өз ісіне жауапкершілікпен қарау өзін-өі тексеруден басталады. Үнемі сағат сайын, минут сайын бос уақытта өзін-өзі тексеру. Өйткені олар тез естіп, сезіп, біліп қояды. Мектепте тәрбиенің дұрыс іске асырылып жатқандығының басты белгісі: оқушының мұғалімнене еш нәрсені жасырмауы, оларға қрай үнемі ұмтылысы, жақын болуы. Осындай жағдай да ғана рухани жақындық туады. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы алуан түрлі іс-әрекет барысында жүзеге асады. Мұғалімдер осы жерде еңбектің балаға тигізетін ықпалына көңіл бөлуді естен шығарып алмауы қажет. Еңбектеніп жатқан бала емес, еңбек нәтижесі олар үшін маңыздырақ, тағы бір мұғалімнің қаперінінен тыс қалатын нәрсе оқушыларға көрсете, нұсқа бере отырып, істеген шаруасын бағалап, кемшілігі үшін тез шешім қабылдамай, оны жөндеуді үйрете отырып бірлесе істеу.
Педагог ғалымдар істің өзі емес, сол істегі мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалімдер арасыдағы қарым-қатынастың мәнді екенін, мұғалімнің тәлім-тәрбиелік ықпалы осындай жақын, бірлескен қарым-қатынас барысында іске асатынын дәлелдеген. Мұнда тағы бір маңызды мәселе шешіледі, ол - баланың істеп жатқан еңбегіне қызығушылығын ояту, оның пайда-зияныны білуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz