Қазақ халқы мың өліп, мың тірілген халық


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

«Қазақ халқы мың өліп, мың тірілген халық»

Негізгі бөлім

  1. Қазақстанда жүргізілген халық санағы
  2. Демографиялық өсудің даму кезеңдері
  3. Халық санына болжам жасау

Қорытынды

Халық санын көбейтудегі төртінші перзенттің алатын орны

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ халқы Жұбан ақын айтқандай «мың өліп, мың тірілген халық». Күлтегін, Білге қаған, Елтіріс қаған билеген түрік заманындағы қақтығыстар, әлем әміршісі атануға ұмтылған Шыңғыс хан тұсындағы және Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі соғыстар қазақ халқының азаюына әсерін тигізді. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде «досына адал, дұшпанына қатал» қазақ халқының қару ұстауға жарайтын азаматтары түгелдей майданға аттанып, олардың 350 мыңдайы қайтып оралмады. Осындай қарқынды шығынды қайта қалпына келтіру үшін 75 жылдай уақыт өтті.

Қазақстан жеріндегі халық санағы б. ғ. д. 2ғ. Үйсіндер мемлекетінің кезінде жүргізілген болатын. Қытай елшілігінің деректеріне сүйенсек, онда 189 мың жауынгер шығара алатындай 630 мың тұрғын болған.

XV ғ. басында «қазақ жерін жинақтауды жүргізген» Қасым хан тұсында Қазақ хандығының халқы 1 млн адамға жетті. 1830ж, яғни 300 жылдай уақыт өткенде, ол бар болғаны 1, 5 есеге ғана өсті. Баяу өсудің негізгі себебі ұлы жұт жылдарындағы (1723-1725ж) орасан зор көп адам өлімі болды.

Қазақстанда жүргізілген халық санағы

Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық санағы 1999ж 25 ақпаны мен 4 наурыз аралығында жүргізілді. «Халық санағы» - елдегі барлық адамдарға немесе ел халқының нақты шектеулі бөлігіне қатысты белгілі бір уақыттағы жағдайы бар демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинаудың, жариялау мен таратудың бірыңғай процесі». Санақ барысында Қазақстан Республикасында халық тығыздығы 1 шаршы км-ге 5, 5 адамға келеді. Санақ бойынша Қазақстан Республикасында халық ең тығыз орналасқан аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы болып саналады.

1 шаршы км-ге 16, 9 мың адам келеді. Ал, Республика маңызындағы қала - халқының саны 1 млн адамнан асса, ол республика маңызындағы қала болып табылады. Оған Алматы қаласы жатады. Халқының саны 1 млн-нан асатын «миллиондық» қала болып табылады. Санақ аралық кезінде саны 5. 4%ға өсті. Ел астанасы Астанаға көшірілгеннен кейін ондағы халық 13, 4%ға өсті. Қазір елде халқының саны 50мың адамнан асатын 37 қала бар. Облыстың маңыздағы 37-қаланың халқының жалпы саны санақ аралық кезең ішінде 500мың адамға азайды, олардың ішінде тұрғындар саны 13-20%ға қысқарған Қарағанды, Жезқазған, Семей, Петропавл, Талдықорған, Кентау қалалары бар. Он жыл ішінде қалалар санының жетеуінде ғана халық саны өсті, олардың ішінде айтарлықтай елеулісі Тараз, Түркістан, Жаңаөзен қалалары. Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы қаласы болып табылады. (1129. 4мың адам) . 450 мың адамға дейінгі халқы бар қалаларға Қарағанды, Шымкент, Тараз, Астана, Өскемен, Павлодар; 300мыңға дейінгі тұрғындары бар Семей, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл; 200мыңға дейінгі Орал, Теміртау, Атырау, Қызылорда. Қалған қалалардағы халықтың саны 100мыңға дейін. Ал ұлттық құрамы жөнінен ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт қазақтар, өзбек, неміс, татар, ұйғырлар - саны жағынан көп б. т., олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95. 7%келеді.


Қазақстанның даму кезеңдері

Біздің еліміз демографиялық дамудың күрделі жолынан өтті. Демографиялық дамудың 1-ші кезеңінде өлу деңгейі тууға қарағанда тез төмендеді. Себебі: ол кезде сансыз көп соғысқа дейін туған ұрпақ некеге отырды. Қазақстанға тың көтеруге келген мыңдаған жастар некеге отырды. 2-ші кезеңге (1970-1987ж) туу мөлшері тұрақталып, кейде өтеріліп отырды. 50-ші 60-шы жылдардағы көп ұрпақ отбасын құрды. Қоғамдағы қарт адамның тобының көбеюі өлу деңгейін көтерді . 3-ші кезеңде (1987-1999) туудың кезекті құлдырауы басталды. 30-шы жылдардағы аштық пен Ұлы Отан соғысының демографиялық жаңғырығы тәрізді еді. Себебі: 1990ж ортасындағы экономикалық дағдарыс пен Қазақстаннан жас және орта жастағы адамның көшіп кетуі де себеп болды. 2000 жылда демографиялық дамудың 4-ші кезеңі (қазіргі кезең) басталды. Оның ерекше сипаттары туу мен табиғи өлімнің жоғарылауы және экономика мен елдің тұрмыс деңгейінің көтерілуі. Тәуелсіздік алғаннан кейін, яғни 2002ж халық саны көбейіп, 2004ж халық саны қайта 15млн. жетті. Қазіргі кезеңде тұрақты халықтың саны 14953, 1мың адам, соның ішінде 8377, 3 мың адам қалада, 8575, 8 мың адам ауылда тұрады.

Халық санына болжам

Аумақтың ауданы бойынша Қазақстаннан 8 елдің алда екені белгілі. Бірақ халықтың саны жөнінен біз әлемде 61-орындамыз. Біздің үлкен, кең байтақ мемлекетіміз үшін 15 млн адам аздық етеді. Сондықтан, Қ. Р. ғы басты мәселелердің бірі халық санын көбейту болып табылады. «Қазақстан 2030» стратегиясында меже 25 млн. адам деп аталған. Демографиялық есеп бойынша, 2010ж елде 17, 5 млн адам, 2015ж елде 20млн адамға жетеді деген болжам бар. Мұндай болжамдар ішкі және сыртқы факторларды есепке алып жасалынған жоспарлар.

Төртінші перзент. Бір қарағанда, бұл сөзде ешқандай мән жоқ сияқты, бірақ бұл мүлде бұлай емес. Біздің халқымыздың өсуіне әрбір шаңырақтағы 4-перзент қана жағдай жасай алады. Сондықтан, 4-перзенттің халық үшін мәні зор. Шындығында, қазақ халқы «мың өліп, мың тірілген», тағдыры ауыр халық. Бірінші бала егер ұл болса, әкесінің орнын, екінші бала егер қыз болса, шешесінің орнын басады. Ал үшінші бала халықта болып жатқан әртүрлі шығындардың орнын толтырады, яғни 3-ші баланы әйелдер құрбандық үшін туады. Бұл үш баладан халықтың саны не өспейді, не азаймайды, тек 4-ші бала ғана халықтың өсіміне сан қосады. Сондықтан, 4-перзентті қазақ әйелі ұлт үшін өмірге әкелуә керек. Әрі қарай тізбелейтін болсақ, бесінше бала Отан үшін, 6-шы баланы көктегі тәңірдің аруағын разы ету үшін дүниеге әкелсе, 7-ші бала ғана халықтың санына демогрфиялық өсу тасқынын алып келеді. Міне, сонда ғана сонау Адам ата мен Хауа анадан келе жатқан ата-баба аруағы қазақ әйеліне раза болмақ. Сондықтан байқағанымыздай әр баланың қоғамда алатын орны бар.

Тәуелсіздік алған Қазақстанның демографиялық дамуы ел ағасы Президентіміздің Н. Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына да байланысты. Көп ұлтты республикада ұлтаралық қатынастар дамуының тізгінін тең ұстап, сабыр мен салқындылыққа негізделген саясат жүргізіп отырған Президент Назарбаевтың аласапыран мына кезеңде алуан ұлттың өкілдерін ұлтаралық жарасым мен ынтымаққа ұстауының өзі бүкіл әлемді таң қалдыруда. Дербес елдің дара демографиялық саясатының біртіндеп қалыптасуында және оның жүзеге асуында. Н. Назарбаевтың өзіндік, дараланған тұлғасын атап көрсетуіміз керек.

Демография мен демократия екеуі екі ұғым. Олардың ұқсас болатыны - осы екі терминнің гректің «демос»-халық деген сөзінен шыққан. Еліміздің 2030 жылға дейігі елдің даму стратегиясы бойынша Қазақстанда ұзын саны 25 млн. жетерлік дені сау, тұрмысы ауқатты, әрі салауатты өмір салтын ұстанған білімі терең, мамандығы ұшталаған азаматтары мен тұрғындары болуы керек. Бұл бағытта көптеген әлеуметтік-экономикалық шаралар алда жүзеге асырылады.

Демографияның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, саяси және медециналық мәселелеріне арналған бүкіл әлемдік жоғары Үкіметтік дәрежеде өткен ғылыми конференциялар әр он жыл сайын тұрақты түрде өтіп келе жатыр. Мысалы, 1954 жылы - Делиде, 1964 жылы - Белградта, 1974 жылы - Мексикада, 1984 жылы - Бухаресиие, соңғысы 1994 жылы - Каһирде болды. Осы жылдар БҰҰ мен ЮНЕСКО бойынша отбасы мен демографияның әлемдік жылдары ресми түрде ұдайы жарияланып келеді.

Демографиялық саясат деп мемелекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айиқанда халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлі-жетімі мен көші-қонын және мекен-жайға

Дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды осы аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз.

Демографиялық саясаттың негізгі мақсаты - мемлекеттік дамуды, қоғамдық ахуалды және ұлттық мүддені қамтамасыз етуге арналған өзіне ғана тән, қажетінше тиісті, әрі тікелей тиімді жолдармен жетуді нысана етіп алады.

Дербес демографиялық саясатмыздың негізгі қағидалары 1994ж қыркүйектің 5-13 күндері Мысыр астанасы Каһир шаһарында БҰҰ-ның шақыруы бойынша өткен әлем бойынша «Халықтар өсуі және әлеуметтік даму» атты ғылыми конференцияның әр секцияларында жасалған алты бірдей және әр бағытта жасалған ғылыми баяндамаларымызда, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған демография сарапшыларының алғашқы пікір таласына салынып, барынша ерекшелінеді.

Демография ғана таза, әрі сыншыл және қоғамдық ғылым ретінде, тарихтан талай теперіш көрген халқымыздың көзіе ашып, оның болашағы бар екенін дәлелдеп бере алады. Көп уақыт қырық жылдық қыруар талпыныстың арқасында қарапайым санды күрделі санаға дейін көтере алдық. Ал енді біз алғаш ұсынып отырған терең парасатты дербес демографиялық саясат өркениет Санасы әлі балаң халқымызды жаңа биік әлеуметтік деңгейде бұрынғы ұлттық Санадан жаңа ұлыстық Санатқа көтре алатынына кәміл сенімдіміз.

Демографиялық саясат

Салмақты да салиқалы түрде мемлекеттік билік деңгейде дұрыс қабылдана қалған күнде, ло қазақ халқының бойы өсіп, жастарымыздың ақыл-ойы толғанша, оған ұлттық идеология ретінде өзінің шипалы да, шарапатты ықпалын жасай бермек деп сенеміз.

Дербес демографиялық саясаттың мемелекеттік деңгейге көтерілгенінің тағы бір айғағы 1998жылдың басында Президенттің жанынан демография мен миграция жөнінде арнаулы Агенттіктің құрылуы еді. Осы мемлекеттік мекемеде қызмет істеп жүрген азаматтар өз елінің нағыз патриоттары ретінде өзінде жүктелген әрі қиын, әрі қызық міндетті абыроймен орындап шығады деген сенімдеміз.

Мәскеу қаласынан шыққан 1985 жылы шыққан.

«Демографиялық энциклопедиялық сөздігінде»

Демографиялық саясат жөнінде оның әдістері мен мақсаттары туралы айтыла келе, ол туралы біртұтас ұғым мен біркелкі түсінік әлі қалыптаса қойған жоқ деліеген.

Жер бетінде соңғы кезде адамзат баласының демографиялық дүмпу нәтижесінде саны өте тез өсуіне байланысты бұлғаламдық деңгейде көтеріліп, кең таралып жатқананын тағы жасыруға әсте болмайды. Б. Ұ. Ұ белгілеген Жер шарындағы ғаламдық он үші ірі аса күрделі мәселелердің ішінде, бірінші - соғыс пен бейбітшіліктен және екінші қоршаған ортаны қорғаудан кейінгі, үшінші ірі ғаламдық мәселе ретінде осы демографиялық дүмпу немесе халық санының жедел өсу тасқыны артып отыр. Демографиялық тылсым тіршілікті үздіксіз жалғастыруда, қазақ сынды өміршең халықтың, бұрын бұрмаланып айтылып, келгендей мүлдем бұратана емес, нағыз «дана» халық болғаны бүгінде еш дау тудырмаса керекті. Демография ғылымы мен демография саясаты арқылы ғасырлар бойы жиналған осы бай өмірлік тәжірибені терең зерттеп, өзінше оны жан-жақтан қорытындылап, тиісті көрегенділікпен алысқа болжап, өз ұрпақтарымызға өшпес мұра етіп қалдыруымыз, бүгінгі мына біздерге бек ләзім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұбан Молдағалиев
Ж.Молдағалиев
Ж.Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық қызметі
Жалаулы жастардың алаулы шағы
Тұрғын халықтың демографиялық ахуалын талдау
Қоғамның демографиялық құрылымы
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІНІҢ ЖЫРДАРИЯСЫ
Қазіргі таңдағы демографилық ахуал
Қарқара көтерілісі
Дүниежүзі халқының саны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz