Халықаралық сауда туралы ақпарат



1. Халықаралық сауда ұғымының мәні, Халықаралық қатынастарда алатын орны.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық саудаға қатысуы.
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.
Халықаралық сауда дегеніміз – халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүниежүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.
Сыртқы сауда операцияларының 4түрі бар:
Экспорттық операция – шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке тауарды сату;
Импорттық операция – шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен тауарды сатып алу;
Реэкспорттық операция – бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
Реимпорттық операция – бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды щеттен әкелу арқылы сатып алу.
Осы процестер халықаралық нарықта жүзеге асырылып отырады.
ҒТР, өнеркәсіптік өндіріс мамандандырылуы мен корпорациялар дамуы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтті. Осы ұлттық нарықтардың жиынтығы дүниежүзілік нарықты құрайды. “Дүниежүзілік нарық” ұғымы Ұлы Географиялық ашулар кезеңінен бері қолданылып келеді. Нақ осы кезде ХЕБ дами бастады.Бұл кездегі халықаралық сауда дамудың тек басында еді.
Кейін XX ғасырдың екінші жартысында сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Оның жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1. ХЕБ мен өндірісті интернационализациялау;
2. Экономикада жаңа салалардың пайда болуы және негізгі
капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ҒТР;
1) Қазақстан Республикасының халқына жолдауы, 19-наурыз, 2004 ж.
2) Мамыров, Мадиярова “Халықаралық экономикалық қатынастар”
3) Дербіс-Әлі “Халықаралық экономикалық қатынастар”
4) У.Кожантаевна “Статсатика” // “Деловая неделя” №7(585), 2004ж. 8-б
5) У.Кожантаевна “Фундамент заложен” // “Деловая неделя” №6(584) 2004 ж. 6-б.
6) Таблица // “Деловая неделя” №2(580) 2004ж. 3-б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық сауда.

Жоспары:

1. Халықаралық сауда ұғымының мәні, Халықаралық қатынастарда алатын орны.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық саудаға қатысуы.
Халықаралық сауда ұғымының мәні, халықаралық экономикалық қатынастарда
алатын орны.

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық
сауда ерекше орын алады.
Халықаралық сауда дегеніміз – халықаралық тауар-ақша қатынастарының
сферасы, дүниежүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.
Сыртқы сауда операцияларының 4түрі бар:
Экспорттық операция – шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке
тауарды сату;
Импорттық операция – шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен
тауарды сатып алу;
Реэкспорттық операция – бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген
тауарларды шетке шығару арқылы сату;
Реимпорттық операция – бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген
тауарларды щеттен әкелу арқылы сатып алу.
Осы процестер халықаралық нарықта жүзеге асырылып отырады.
ҒТР, өнеркәсіптік өндіріс мамандандырылуы мен корпорациялар дамуы
әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық
экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтті. Осы ұлттық нарықтардың жиынтығы
дүниежүзілік нарықты құрайды. “Дүниежүзілік нарық” ұғымы Ұлы Географиялық
ашулар кезеңінен бері қолданылып келеді. Нақ осы кезде ХЕБ дами бастады.Бұл
кездегі халықаралық сауда дамудың тек басында еді.
Кейін XX ғасырдың екінші жартысында сауда жоғары қарқынмен жедел дами
бастады. Оның жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1. ХЕБ мен өндірісті интернационализациялау;
2. Экономикада жаңа салалардың пайда болуы және негізгі
капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ҒТР;
3. Дүниежүзілік нарықтағы ТНК-лардың белсенді қызметі;
4. Тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы
халықаралық сауданың реттелуі;
5. Көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден
бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. Сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға
бірдей нарықтардың қалыптасуы;
7. Сыртқы нарыққа бейімделген экономикасы бар “жаңа индустриалды
елдердің” пайда болуы т. б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне
бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-
экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы
басымдығынан айрыла бастады. Егер, 1950 ж. АҚШ үлесіне дүниежүзілік
экспорттың ⅓ тиген болса, 1990 ж. ол тек қана ⅛ тең болды. Яғни,
халықаралық саудаға көбірек елдер қатыса бастап, бәсеке күшейді.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы 400-ге жуық
критериилерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс,
инфляция деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда,
аталғандардан басқа, қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-
жабдықтары т. б. факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында
бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде
бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықталды.
Мамандардың болжауы бойынша, 2030 ж. бәсекеге ең қабілетті үш
мемлекетке АҚШ, Жапония және Қытай енеді. Бұлардан соң Сингапур, Оңтүстік
Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария.
Халықаралық сауда – халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі
және ең кең дамыған формасы. Көптеген есептеулер бойынша, халықаралық сауда
халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемінің 80% үлесін алып
отыр. Яғни, барлық дерлік мемлекеттер сыртқы сауда арқылы бір-бірімен
қатынас жасап отырады.
Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды дамып келе жатқан секторы - өңдеуші
өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде ғылыми тауарлар экспорты жылына 500 млрд.
долл. құрайды, ал жоғары технологиялық өнімнің үлесі 40%-ға жақын.
Машиналар мен жабдықтар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты
ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие айырбасы кең қанат
жаюда. Электротехникалық және электро жабдықтар экспорты жедел дамуда. Бұл
сала жөнінен лидерлік орынға Азия елдері, атап айтқанда, Жапония, Оңтүстік
Корея елдері ие.
Халықаралық саудада дамып келе жатқан салалардың бірі – химиялық
өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен,
оның саудадағы үлесі едәуір төмен. Мұның себебі, біріншіден, шикізатты
алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден, шикізаттың өзін
ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз өңдеу процестерін қолдану. Дүниежүзілік
азық-түлік саудасының маңызы азайып келе жатыр. Бұл белгілі дәрежеде
дамыған елдердің азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Сонымен
қатар, шикізат экспорты мүлдем жойылды деуге болмайды. Мысалы, ОПЕК елдері
мұнайды экспорттаумен экономикалық тұрақтылықтарын сақтап отырған
мемлекеттер.
Көп жпғдайда халықаралық сауданың қарқыны мен дамуы дамыған
мемелекеттердің экономикалық жағдайлары мен тұрақтылықтарына байланысты.
Халықаралық ұйымдардың мәліметі бойынша, халықаралық сауда жылына 6%-ға
өсуде. Ал, мысалы, 1993ж. ол 4% болған. Осы жылдары Өнеркәсібі дамыған
елдерінің көбінде экономикалық тоқыралық жағдайы байқалған.
Көптеген дамушы мемлекеттер де халықаралық саудаға қатысады. Бірақ олардың
қатысуы негізінен шикізатқа негізлелген.Сол сияқты біздің еліміздің қатысуы
да соған негізделген. Осыған толығырақ тоқталайық.
Қазақстанның халықаралық саудаға қатысуы.

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және тағы басқа
да халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасының халықаралық сауда
қарым-қатынастарына интеграциялануына объективті жағдай тудырды. Жалпы,
Қазақстан Республикасының геосаяси орны, шекарасы, басқа аймақтармен
байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты
өндірістік өнеркәсіпті кооперациялауға, агроөнеркәсіптік кешендердің
қызметінің дамуына алғышарт жасайды.
Жалпы, еліміз 145 мемелекетпен сауда байланысын жасайды. 122 елге
тауарды экспортқа шығарып, 115 елден тауарды импорттаймыз.
2003 жылғы мәліметтер бойынша, Мемлекеттің сыртқы сауда айналымы 20
млрд. $-ға жетті. Тауарлар экспорты 12,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл
экспорт көлемінің 31%-ға өскенін көрсетеді. Оның 85%-ын шикізат құрайды.

2003 жылғы экспорттың тауарлық құрылымы
Минералды өнімдер – 65%
Химиялық өнімдер, пластмассалар, каучук – 4%
Азық-түлік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
ДСҰ мен Қазақстанның болашақтағы потенциалы
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі. Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстың қалыптасуы және дамуы
ҚР сыртқы сауда жүйесі
Экономикалық ақпарат тұжырымдамасы экономикалық ақпарат жүйесі
Әлемдік саудадағы тендердің рөлі және оның Қазақстандағы тәжірибесі
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Пәндер