Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
Туризм кафедрасы
Курстық жұмыс
Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы
(Талғар қаласы мысалында)
Орындаған
3 - нші курс студенті Бекбосынова А. Т.
Ғылыми жетекшісі Ақтымбаева А. С.
(г. ғ. к, доцент) (қолы, күні)
Нормоконтролер Байжокенова А. М.
(қолы, күні)
Кафедра меңгерушісі Артемьев А. М.
(қолы, күні)
Алматы, 2010 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Талғар аймағына физикалық - географиялық
сипаттама . . .
1. 1 Географиялық орны мен ерекшеліктері . . . 4
1. 2 Табиғи жағдайы мен ресурстары . . . 5
2 Талғар қаласының демалыс саласын дамытудың
алғышарттары . . .
2. 1 Туризм мен демалыс саласын дамытудың табиғи алғышарттары . . . 11
2. 2 Туризм мен демалыс саласын дамытудың әлеуметтік-экономикалық
алғышарттары . . . 17
2. 2. 1 Аймақ территориясының этнографиялық ерекшеліктері . . .
2. 2. 2 Тарихи - мәдени обьектілер . . .
3 Талғар аймағының туризм мен демалыс саласын
дамыту бағдарламасы . . .
3. 1 Туристік инфрақұрылымды жақсарту . . . 28
3. 2 Туристік орталықтарды қалыптастыру . . . 30
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Қосымша . . . 34
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамның рекреациялы іс-әрекеті әлемде қарқынды дамып келе жатыр. Бұл құбылыс қызмет көрсету көлемінің кеңеюіне, халықтың білім деңгейінің көтерілуіне және халықтың материалдық жағдайының жақсаруына байланысты көптеген дамыған индустриалды мемлекеттерде жүзеге асып жатыр.
Мен, Қазақстан Республикасының азаматшасы болғандықтан, елімнің өркендеуіне, жерімнің көркеюіне шамам жеткенше өз үлесімді қосуға міндеттімін деп ойлаймын. Өз басым сырға толы, жырға толы, киелі Талғар өңірінің перзенті болғандықтан, осы қасиетті өңірдің дамуына, бәсекеге қабілетті болуына, мен, өз кезегімде көмегімді тигізгім келеді.
Осы мақсатпен, курстық жұмысымның тақырыбын «Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы (Талғар қаласы бойынша) » деп алдым. Бұл курстық жұмыста туризмді дамыту үшін менің өз жобам ұсынылып отыр. Әрине, әзірше бұл жоба тек менің қиялым арқылы ғана жүзеге асырылып отыр, ал, болашақта осы жобаны жүзеге шынымен-ақ асырсам деген арманым бар!
Туризмді дамыту мәселесі Талғар аймағындағы ең негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Талғар аймағы туристік - рекреациялық ресурстарға өте бай өңір. Аудан рекреациялық сұранысты туғызатын әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткішінің жоғарылығымен және туристік салада рационалды түрде пайдалану мен жан - жақты зерттеуді қажет ететін бай туристік - рекреациялық әлеуетімен сипатталады.
Жұмыстың мақсаты . Аймақтың демалыс пен туризм саласын дамыту үшін туристік - рекреациялық ресурстарды белгілеу және оларды пайдалану жолдарын анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін курстық жұмыс барысында келесі міндеттер анықталды :
- аймақтың физикалық - географиялық орнына сипаттама беру;
- аймақтың туризм мен демалыс саласын дамытудың табиғи және әлеуметтік- экономикалық алғышарттарын анықтау;
-туристік-рекреациялық ресурстарды демалыс пен туризм саласында пайдаланудың жолдарын анықтау;
- туристік саланы дамытудың жобасын жасау;
Зерттеу әдістері :салыстырмалы аналитика, жүйелі түрдегі талдау, тарихи тұрғыдан зерттеу, экономикалық және статистикалық зерттеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы :Талғар қаласында ерекше мәнге ие туризмді дамыту жолдары мен әдістері анықталды. Туризмнің деңгейіне баға берілді және болашақтағы даму мүмкіншіліктері анықталды.
1 Талғар аймағына физикалық-географиялық сипаттама
- Географиялық орны мен ерекшеліктері
Талғар ауданы Алматы облысының оңтүстігінде Алматы каласының шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан территориясының жер аумағы - 3, 8 мың км. Аудан жер көлемі бойынша Алматы облысы территориясының 2, 7 пайызын алып жатыр. Талғар ауданы Алматы облысының құрамына кіретін аудандардың ішінде территориясының көлемі бойынша 12-нші орында тұр. Аудан солтүстік ендікте орналасып, солтүстіктен оңтүстікке қарай 250 км, шығыс бойлықта батыстан шығысқа қарай 100 км шамасында созылып жатыр. Талғар ауданы Іле Алатауының солтүстік баурайы мен Қапшағай бөгенінің оңтүстік аумағында орналасқан.
Талғар аймағының жері Қазақстанның оңтүстік-шығысынан орын алып жатқан таңғажайып географиялык жағдайы бар Жетісу өңірінде орналасқан. Жетісу географиялық облысы деген атының өзі оның нақтылы жеті озеннің атынан пайда болғаны туралы айтып тұрғандай. Жеті өзеннің кұрамына Іле, Шу, Ақсу, Қаратал, Лепсі, Тентек, Көксу озендері кіреді. Жеті өзеннің тізіміне Іле мен сол жағынан келіп құятын Талғар аймағындағы Шарын, ІПелек, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелен өзендерін де енгізген жөн деп көптеген ұсыныстар айтылуда. Бұл ұсыныстар да шындыққа жанасымды. Жетісу атауының түпкі негізінде "өзенге бай жер" деген үғым жатыр.
Жетісу өлкесінің ең бір құнарлы жерінен орын алған Талғар аймағы оңтүстікте Тянь-Шань тау жоталарының бірі Іле Алатаудан басталып солтүстік жағындағы Малайсары тау жотасына дейін кең ауқымды жерді алып жатыр. Талғар ауданының батыстағы шекарасы Шымбұлақ жотасынан басталып, шығысқа қарай - Аюлы сай, Шыбынды сай, Түзу сай, Сұлу сай, Көлсай, Кеңсай өңірлерін камтиды. Бүлардың бәрі де Талғар тау торабынан басталады. Талғар аймағының оңтүстік-шығыс шетінен Назар сайлары орын алып тұр. Одан ары Салт атты шатқалы айрықша көрініп түр. Салт атты шатқалынан 3-5 шақырым қашыктықта Тасты, Тау теректі сай-жыралары жатыр. Ол жерлерде орман өсірушілердің өз қолдарымен еккен, көптеген қайың-карағайдан құралған тоғайлар, орман шаруашылығының бау-бақшалары бар.
Талғар аймағының оңтүстігін Тянь-Шань тау жоталарының бірі Іле Алатауы қоршап жатыр. Осы қарлы жотаның үзындығы 350 км қашықтықта батыстан шығыска қарай созылып жатыр, ені 30-40 шақырымдай, орташа биіктігі 4000 м. Іле Алатауының ең биік шыңы - Алматы каласының шығыс жағында 20 шақырым жерде орналасқан Талғар тау торабының Талғар шыңы. Биіктігі - 5017 м. Талғар маңындағы Іле Алатау мұзарты, биік шыңды, шілде-тамыз айларының өзінде шыңдарының басында мәңгі мұз қорлар жатады. Іле Алатауының Талғар тау жотасында биіктігі 4200 м Мұхтар Әуезов шыңы ерекше бой көтеріп тұр. Осы тау торабында Талғар асуы бар, сол арқылы Медеу аймағынан Талғар өңіріне келуге болады. Ол асуда екі
жол бар, бірі Медеу, Күйгенсай арқылы Шыңбұлақ үстіртінен аспалы шаңғы жолымен көтеріліп, одан сол Талғар шатқалына түсуге болады. Екінші жол Үлкен Алматы шатқалына өрлей Тоғызақ асуына асып, сол Талғар өзенінің бас жағын ала сол жағынан шығуға болады. Іле Алатауының солтүстік бөктері тереңде тік жартасты алқаптары бар бай шатқалдардан тұрады.
Талғар тау торабы Іле Алатауының ең биік ауданы. Бұл жерлерде бұлттан асқан аса биік шыңдар, әсіресе оның ішінде Талғар шоқысының орасан зор мұзарттарының, үшкір ұштас жартастарының, үлкен үйінділерінің, мұнша қызғылықты ұштасуын табиғат Іле Алатауының басқа аудандарындағы ешбір жсрде жасай алмапты. Мұның өзі ерекше табиғи құбылыс.
Талғар шыңының шоқысын Талғар тау торабы жасырып тұр. Талғар шокысы Талғар қаласының шығыс жақ бөлігінен көзге шалынады, ал толық суреті Құлжа жол бойынан түгелдей көрінеді.
Іле Алатауын түңғыш рет П. П. Семенов Тянь-Шаньский, географ-ғалым Шокан Уалиханов және В. В. Дмитрисв зерттеп, көп құнды еңбектер калдырған.
Талғар аймағының жер бедері оңтүстікте кар мен мұз басқан биік таулардан тұрса, орталық және солтүстік бөлігі Қапшағай бөгеніне қарай ылдилап келеді. Территорияның үстіңгі бетіне байланысты аудан аймағын шартты түрде оңтүстік таулы бөлікке және солтүстік жазықтарға бөлуге болады. Бұл өңір сай-жыралармен катты тілімденген. Жердің 25 пайызын тау-кұздар алып жатыр.
Таулы аймақтың табиғаты төменде жазықтық табиғатынан ерекшеленіп тұрады. Таудың етегінде таңғажайып пирамида тәрізді теректермен жиектелген бау-бақша мен жүзім егісінің кең тармақтары жатыр. Таудың төменгі бөлігінде жабайы алма, өрік, долана және басқа да жапырақты ағаштар өседі. Таудан жоғары көтерілген сайын бұл ағаштар тобы құрамында тянь-шань шыршасы бар қылқан жапырақты ормандармен ауысады. Таудың одан жоғары қыраттарында құрамында көптеген гүлдермен көмкерілген шырынды, құнарлы шөптері бар альпілік шалғындар кездеседі. Бұл шалғындар жазғы жайылым ретінде саналады. Алпілік шалғындардан жоғары мүк пен қынадан тұратын тамырлы батпақпен жамылған тау тундрасы орналасқан. Тундраның үстінен өсімдік жамылғысы мүлдем жоқ қар мен мұз басқан қыраттар бой көтеріп тұр.
- Табиғи жағдайы мен ресурстары
Демалушылардың демалу мен саяхат орнын таңдауда табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады. Туристер сол ауданның ландшафт пен климат ерекшелігіне, өсімдік және жануар әлемдерінің әр түрлілігіне, спорт, аң мен балық аулау мүмкіндіктеріне қатты назар аударады. Рекреациялық іс-әрекеттің формалары мен түрін дамыту ауданның табиғи ресурс кешеніне байланысты. Үлкен туристік кешенді дамыту және жеке туристік объектінің пайда болуына бірдей мемлекеттің не ауданның географиялық орналасу орны маңызды рөл атқарады. Ол дегеніміз мұхит, орман және тау массивтеріне, демалушылардың негізгі ағымдарына, транспорттық магистраль жолдарына жакын орналасу болып табылады.
Жер бедері . Аудан территориясында екі негізгі морфоқұрылым орнықкан: Тянь-Шань таулы жүйесінің тау сілемдері және тау арасындағы Іле казаншұңкыры. Таулы аймақтардағы геоморфологиялық жағдайлар басқа да табиғи факторлармен бірігіп интенсивті эрозия және гравитациялық, гляциалды, қар-көшкінді және криогенді процесстердің болуына жағдай жасап тұрады. Мұнда жиі болатын табиғи процесстер - селдер.
Территориясының жер бедерінің қабатына байланысты аудан аймағын шартты түрде Оңтүстік таулы бөлікке және солтүстік жазықтарға бөлуге болады. Ауданның шеткі оңтүстік бөлігі Іле Алатауыңда жатыр. Іле Алатауы Тянь-Шань таулы жүйесінің шеткі солтүстік тізбегінде орналасып, Күнгей Алатауы жоталарымен Солтүстік Тянь-Шань тау жүйесін құрып тұр. Ауданның таулы бөлігі шығыс бойлық арасы мен солтүстік ендікте орналасқан. Іле Алатауы жотасы солтүстікте терең тектоникалық ойыс больп тұрған Іле қазаншұңқырымен шектеседі. Оңтүстікте Күнгей Алатауы тау жоталарынан ағып түсетін Шелек және Үлкен Кемин өзен аңғарларымен шектеседі. Күнгей Алатау тау жоталары орталык бөліктерімен Шелек-Кемин немесе Талғар тау сілемін құрады. Батыста Іле Алатауы Қастек асуынан кейін Кендік тас тау бөктеріне дейін созылып жатыр. Шығыста Шелек өзенінің анғары кесіп өткеннен кейін биік емес тау жоталарымен жалғасады.
Іле Алатауы ендік бойынша созылып жатқан дөңес құрып тұр. Доңестің көтеріңкі жағының ұзындығы 250 км-ге созылып, оңтүстікке қарай бағытталған. Сол 250 км ішіндегі 150 км биік орталық бөлік. Оның биіктігі 4000 м-ден асады. Негізгі суайрықты жотадан өткір шыңды тау қырқалары меридиан бағытында таралады. Бұл тау кырқалары негізгі өзен бассейндерін бөліп тұрады. Мұндағы негізгі тау адырлары бөлшекті адырлар жүйесін құрып тұрады.
Аймақтағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары кабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер және тағы баска палеозой жыныстары кездеседі. Тау етегі және аймақтың биіктігі орташа өнірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Аймақтағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоникалық процесстер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзеген. Мұнда ысы кезге дейін тектоникалық процесстер жалғасуда. Оқтын- оқтын болатын жер сілкінулер - соның айқын дәлелі.
Іле Алатауының осындай морфологиялық құрылымы оның солтүстік жоталарынан ағып түсетін меридиан бағытында жатқан өзен аңғарларының бағытын анықтайды. Іле Алатауының құрылымына солтүстік және солтүстік-батыс ауа массалары қатты әсерін тигізеді.
Климаттық жағдайлары. Аудан территориясындағы жазықты және таулы аймақтардың климаты кеңістігіне байланысты ерекшеленеді. Жазық кеңістіктерде континентальді климат, ал шеткі солтүстік облыстарында шұғыл континентальді климат басым. Жазық жерлердегі ауа температурасының жылдық амплитудасы 35° С-дан жоғары, ал кейбір кездерде 40° С-дан асады. Таулы аймақтарда тау ішіндегі шұңқырларды коспағанда әдетте ауа температурасының жылдық амплитудасы 25 С. Биік таулы аймақта ауа температурасы төмен болып, өзінің коитинентальдігімен теңіз жағалауындағы климатқа ұқсас.
Климаттың континентальдігі оның жылдан-жылға карай өзгерісінен де байқалады. Мысалы, аязды қыс мезгілі салыстырмалы жұмсак қыспен алмасады; қатты ыстық жаз коңыржайлы салкын ауа райымен алмасады. Ертеңгі және кешкі уақыттағы суықтық қолайлы жылы кезеңдермен кезектесіп отырады. Тауларда мұндай өзгерістер жиі байкалмайды. Бұл жағдайларды жерді рационалды түрде өңдеумен, мал шаруашылығымен және шаруашылыктың басқа сфераларымен айналысқанда ескеру керек.
Тауларда термикалық жағдайлар биіктікке байланысты өзгеріп отырады. Бұл процесстің маңызды жағы аязы жоқ, салқын ауа райының ұзаққа созылуы болып есептелінеді.
Биік таулы аймақтарда, әсіресе теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктен жоғары жерде аязсыз күндер мүлде байқалмайды. 3500 м биіктіктен жоғары жайлауларында тәулік бойы топырақта да суықтық, 4000 м биіктіктен жоғары ауада да суықтық байкалады. Іле Алатауының теріс жылдық ауа температурасы 2600-2700 м биіктікте байқалады. Биік таулы аудандарындағы өте маңызды термикалық жағдайлар ауа температурасының төмендеуі. Бұл процесстер әдетте жаз мезгілінде өтеді. Бірақ кейбір кезеңдерде оңтүстік экспозицияларда қыста қары жок учаскелерде де байқалады. Бұл температуралы факторлар түрлі инжинерлік құрылымдардьң беткі жағында айқын көрініс табады. Мысалы, жол жамылғыларында анық байқалады. Оңтүстіктердегі жарықтарда бұл кұбылыстар суық кезеңдерде айтарлықтай белсенді түрде өтеді. Іле Алатауының климаттық жағдайларына солтүстік және солтүстік-батыстағы ауа массаларының әсері өте мол. Биіктікке көтерілген сайын ауа температурасы төмендейді. Іле Алатауында биіктік өскен сайын жауын-шашын мөлшері көбейе түседі және ылғалдылық мол болады. Талғар аймағының климаты қоңыржай-континентальді.
Аудан территориясындағы жазықтардың ылғалдану таулы террито-риялармен қарама-қарсы жүреді. Жазық жерлерде жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 100-250мм аралығында түрленіп тұрады. Бұл территорияның аридтік ерекшелігін анықтайды. Тауларда жауын-шашын мөлшері анықталған гипсометрлік деңгейге (ЗОООм) қарай көбейеді, одан кейін барып төмендейді. Жалпы тауларда атмосфералық мөлшері 800 - 1400мм аралығында болады. Өсімдік жамылғысына жағымды әсерін тигізетін осы жағдайдың арқасында таудың ылғалдығы анықталады. Жазық жерлердегі жауын-шашынның аз мөлшері және буланудың жиілігі шөлді және шөлейтті ландшафттардың құрылуына себепші болды.
Ауданның қар жамылғысы кеңістік бойынша да, уақыт бойынша да өзгеріп тұрады. Жаздық кеңістіктердегі шөлді аймақтарда қар жамылғысының өзгерісі айқын білінеді. Құмды массивтерде қар жамылғысы ала-құла болып мозайкалық көрініс беріп тұрады. Жер бедерінің қарсыз жан-жақты кұмды төбелері қарлы адырлы жерлермен кезектесіп келеді. Сондықтан да қысқы құмды шөлдер ежелден қыс қыстау ретінде пайдаланып келген. Шөл мен шөлейттердің қар жамылғысы, оның үзіктілігі, қуаттылығының аздығы белсенді жел салмағының және қатты шөгінді жыныстардың болатытнын көрсетеді. Жазықтықтағы қар жамылғысы жылдан-жылға қарай өзгеріп тұрады. Ол негізінен климаттың континентальдігіне тікелей тәуелді.
Тауларда қар жамылғысының көптеген параметрлері биіктікке байланысты өзгеріп тұрады. Төменгі тау жоталарында жер бедерінің формасына байланысты қар жамылғысы (салыстырмалы ойысты жер аудандары, аз тілімденген жерлер, баяу соғатын желдер) ерекшеленеді. Төменгі тау жоталарында қар жамылғысның кеңістік бойынша үзіктілігі тау баурайларының құлама тік болуына, тасты сынықтар мен ірі қалдықтардың астында әдетте қар жамылғысы болмайды. Оңтүстік экспозициядағы қыраттарда қар жамылғысы қар көшкінінен кейін пайда болады. Бірақ ашық күндері қар жамылғысы бірнеше тәуліктен кейін еріп кетеді. Желдердің соғуы мен қардың басқа жерге орын алмастыруынан да қар жамылғысы көпке дейін жатпайды.
Биік таулы аймақтарда қар жамылғысының кеңістіктілігі максимум деңгейіне жетеді. Тауда қыраттар, қатқыл шөгінділер, кұрымдар кең таралған. Оларда қар жамылғысы мүлде жоқ немесе кейбір жерлерінде ғана таралған. Қыс мезгілінде қатты жел соғулар жиі болып тұрады. Жел айдап кеткен беткейлерде қар айдаулары көп болып тұрады. Қар айдаған үскірік желдің биіктігі 2 м дейін жететін куатты болады.
Орташа тау беткейлерінде қар көшкіндері кыс пен көктем айларында жиі болып тұрады. Биік тауларда қар көшкіні жыл бойы тоқтаусыз өтіп тұрады. Климатты сипаттайтын маңызды факторлардың бірі жел болып табылады. Іле Алатаудың таулы аймақтарында самал жел үздіксіз соғып тұрады. Қыс пен көктем айларында желдің арқасында біраз қолайсыз жағдайлар туындайды. Кейбір кездерде жердің жағымды пайдалы жағы да бар. Талғар қаласы мен оның айналасыньң ауасын тазартып тұрады. Сонымен ауданның климаттық жағдайлары аймақтың биіктігіне байланысты өзгеріп тұрады. Шаруашылық сферасында мұны ескеріп отыру қажет.
Өзендері. Жер беті суларының бір жағынан су спорт түрлерін дамыту, балык аулау, таза ауада шомылу маңызы болса, екінші жағынан
ландшафттың жоғары тартымдық көз қарасынан да маңызы зор. Рекреация үшін тиімді гидрологиялык жағдайлар басты орында қажетті температурасы мен ағысы дұрыс, ластанбаған су ағындары мен жер бетілік сулардың баршылығы, табиғи жағажайларды жасау, не болмаса жүзу бассейндерін құру үшін мүмкіндігін бере алады, одан басқа қозғалмайтын су көздері де су спортының әр түрін дамытуға жағдай жасайды.
Талғар аймағының өзендер жүйесі Балқаш-Іле макрогеожүйесіне кіреді. Мүндағы негізгі геожүйе Алматы субгеожүйесі. Алматы субгеожүйесі Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелен және Талғар өзендерінің аккумулятивті іс-әрекеттерінен құралған. Бұл өзендердің сол жағалаулы сағалары Қапшағай бөгеніне кұйылады. Мұзды ағынның көлемінен геожүйенің функциясының интенсивті деңгейі түзіледі. Алматы субгеожүйесін қүратын физикалык-геграфиялық ерекшеліктері: литогенді негізді құратын жыныстарының әр түрлі кезеңдерге жатуы; суайрықтардан төмен қарай геожүйенің сатылы дамуы; жауын-шашын мөлшерінің ағын зоналарына байланысты өзгеруі. Алматы қалалық агломерация геожүйенің дамуы кері әсер ететін энергетикалық, өндірістік және тағы басқа да антропогенді әсер етеді. Геожүйенің табиғи өмір сүруіне техногенез қуатты факторлардың бірі ретінде әсер етеді. Ауа бассейнінің ластануы Алматы субгеожүйесінің табиғи әлеуетіне өте үлкен зиян келтіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz