Шииттер


Тақырыбы: “Шииттер”
Шииттер
Шииттер - ислам діні бағыттарының ішіндегі (сүнниттерден кейінгі) екінші ірі бағытын ұстанушылар. Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед пайғамбардың жалғыз мирасқоры, мұсылман уммасын басқаруға лайықты имам ретінде төртінші “тақуа халиф” Әли мен оның ұрпақтарын ғана мойындайтын мұсылмандардың басын біріктіреді. “Шиа” араб тілінен аударғанда топ, партия, жақтаушылар, көмекшілер деген мағынаны білдіреді.
Шиизм діни доктрина ретінде біртіндеп қалыптасқан. Ол Хусейн (Мұхаммед пайғамбардың немересі, Әли және Фатима ұлдары) өлімі (680 жыл) және 749-750 жж. Аббасидтерәулетін халифтер ретінде мойындау кезі аралығында пайда болды деп есептеледі. Алайда Иранда ХҮ ғасырдың аяғына дейін суннизм үстемдік етуші болса да, имамның пәктік идеясы көрінісін беретін шиизм көптеген провинцияларда халық қозғалыстарының ұраны бола бастады. Олардың ішінде атақтылары: Куфы тұрғындарының омей халифі Хишамға (739-740), Абу Муслимге (747-750) қарсы көтерілістері, Хиджаздағы зейдитстік көтерілістер (762-763, 786), сонымен қатар Иранда ІХ-Х ғғ.
Шииттердің тарих сахнасына шыққан мерзімі туралы әртүрлі пікірлер бар. Шииттік дерек көздер бұл ағымның Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде ортаға шыққанын және Әзіреті Әлидің ұлылығын дәріптеп, соның жағында болғандардың “Әли Шиасын (партиясын) ” алға тартады. Кейбір тарихшылар шииттіктің Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Әлиді заңды халиф ретінде талап етушілердің ортаға шығарған таза саяси ағым екендігін айтады. Ал енді біреулер бұл ағымды үшінші халиф Османның өлімінен кейін пайда болған саяси әрекет деп бағалайды.
Алайда осы айтылғандардың барлығы бір қарағанда тарихи оқиғаларға сәйкес келгенімен, шииттіктің жүйелі түрде ағым болып қалыптасқан уақытын дәл көрсетіп тұрған жоқ. Шииттік шын мәнінде Әлидің ұлы Хусейннің 680 жылы Кербала деген жерде жауыздықпен өлтірілуінен кейін саяси сипаттағы жүйелі түрде ұйымдасқан ағым ретінде көріне бастады. Пайғамбардың ұрпағы, әрі сүйікті немересі Хусейннің қатыгездікпен өлтірілгендігі туралы хабар жан-жақта үлкен көтерілістердің шығуына себеп болды. Осындай дүмпулердің алғашқысы Медине қаласында Абдулла ибн Ханзала тарапынан ұйымдастырылды. Халықты өз жағына жиып алып ол Хусейннің өшін алу мақсатында халиф Язидке қарсы шықты. Медине маңындағы шайқаста халиф әскерлері оларды басып тастайды. Осы секілді шииттердің ислам тарихынан көптеген көтерілістеріне куә боламыз.
Бұл ағым - көптеген бағыттарға бөлініп кеткен өте бытыраңқы ағым. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәтижесінде жүріп отырды. VІІ ғасырдың өзінде-ақ шииттер ішінде екі бағыт - байыпты және радикал (шектен шыққан) шииттер қалыптасқан болатын. Олар біраз уақыт өткен соң түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шииттердің діни доктринасының негізін қалаған Абдулла ибн Саба деп есептеледі. Ол радикал шииттердің көшбасшысы болған (VІІ ғасырдың орта шені) . Оның есімімен әрбір пайғамбардың, соның арасында Мұхаммедтің де “рухани өсиетхатын қабылдаушысы” (васи) болатындығы туралы идея байланыстырылады. Әлиді васи, яғни пайғамбардың орынбасары деп жариялау оның тегінің таңдаулы екендігіне баса назар аударады. Әлидің көзі тірісінің өзінде-ақ, оның айналасындағылардың ішінде оны құдайдай көріп, пір тұтқан адамдар кездескен. Сондай адамдардың біразын исламды теріс сенімдерден сақтау мақсатында Әлидің өзі тірідей өртетіп жіберткен жағдайлар да болған. Шииттердің діни ілімінің рәсімделу кезеңі Аббасидтер әулетінің орнығу уақытымен, яғни VІІ ғасырдың соңынан VІІІ ғасырдың ортасына дейінгі дәуірмен анықталады. Оған қастандық жасалғаннан кейін жараланып өлген Әлидің қасіретінің культі және Кербалада 680 жылы өлтірілген оның баласы Хусейннің тартқан азабы - шииттердің діни ағымға айналуына әкелген факторлар еді.
Шиизм ішінде Алидтердің қайсысы имамат атына ие болуы туралы қақтығыстар негізінде пайда болған әртүрлі бағыттар бар. Шиизмнің негізгі тармақтары: кайсаниттер (ХІ ғасырда жойылған), зейдиттер, имамиттер. Бұл бағыттар исмаилттермен салыстырғанда бәсең болып табылады. Шиизмде имам (сунниттермен салыстырғанда) Алла және адам арасындағы делдал рөлін атқарады. Ол “құдіретті субстанция” болып табылады.
Шииттер де барлық ислам жолын ұстанушыларға ортақ бастау - Құранға иек артады. Рухани билікті Әлидің мұрагерлігіне беру туралы жалпы қағидат - имамат (қауымның жетекшілері) о бастан берілген, оны арнайы бекітуге болмайды. Нәтижесінде заңды талапкерді анықтау барысында өте күрделі, кейде, тіпті шешілместей мәселелер туындап отырған еді. Әрбір шииттік имам қайтыс болғаннан кейін оның орнын кім басатындығы туралы алауыздық басталып кететін, сөйтіп Әлидің үрім-бұтақтарының әрқайсысы өз тарапынан билікке келетін адамның мүддесін қорғайтын. Билікті берудің қағидатына қатысты көп түрлі түсініктер болғанымен де, шииттік ортада Әли әулетінің мұсылман қауымында билік етуге тікелей құқы барлығын бұлжымайтын қағида деп танитын.
Шииттер, сунниттер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастауы деп есептейді. Өздерінің аңыздарын шииттер әдетте ахбар (хабар, мәлімет) деп атайды. Олар Мұхаммед пайғамбардың замандастарының - Әлидің қарсыластарының қалдырған аңыздарын жалған деп, мойындамайды. Шииттік ахбарлар сунниттік ахбарлармен салыстырғанда кейініректегі ахбарлар болып табылады. Олардың өзіндік канондалу үдерісі Х-ХІ ғасырларға тиесілі. Мұсылмандардың қасиетті аңыздарын жинаушы шииттік діндарлар арасынан Мұхаммед әл-Кумми (903 ж. өлген), әл-Кулайни (939 ж. өлген), Мұхаммед ат-Тусидің (1067/8 ж. өлген) аттары әйгілі.
Шииттерде, сунниттерге қарағанда, қасірет шеккенді, азап тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азаптану идеясына, Әли мен оның баласы Хусейннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер баса назар аударады. Аңыз бойынша Әлидің сүйегі жерленген Неджеф қаласы, “ұлы азап тартушы” Хусейннің көмілген жері деп есептелетін тұста орналасқан Кербаладағы (Ирак) мешіт - шииттердің киелі орындары болып есептеледі, сонда олар қажылық жасайды. Шииттер табынатын тағы бір жерлер - Ирандағы Кум мен Мешхед қалалары.
Шииттік тәжірибеде кең орын алған қағидат тақия (байқампаздық, естілік, ақылдылық) - “өз сеніміңді ақылмен жасырып-жабу” қағидаты, яғни адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз дініңе, сеніміңе берік бола тұра, іс жүзінде - оған қарсы келетін нәрселер жасау мен айтуға рұқсат етіледі. Шииттер мұндайға жайдан жай жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар - өз тарихында саны жағынан аз болып, біраз қысым көрген жандар.
Шииттік секталар
Шиитер өз араларында жиырмаға жақын секталарға бөлініп кеткен. Солардың ішіндегі ірілері: кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, “шеткі” шииттер және исмаилиттер саналады.
Шииттер арасында Әлидің ұлдары Хасан мен Хусейннің ажалынан кейін кайсаниттер бірінші болып бөлек шықты. Олар Мұхаммед ибн әл-Ханафияны (700 ж. шамасында өлген) имам деп жариялады. Шииттердің көп бөлігі бұл сайлаудан бас тартты. Өйткені Мұхаммед ибн әл-Ханафия пайғамбардың қызының баласы емес еді. Кайсаниттер шеткі шииттерге жатады. Олар өздерінің мойнына “жазықсыз өлтірілген” Хусейн үшін кек қайтаруды жүктеген. Сондай-ақ ислам сеніміне жат болып саналатын рухтың бір денеден екінші бір денеге өтуі туралы сенімді енгізгендігі үшін кәпірлер деп саналған. Кайсаниттер Мұхаммед ибн әл-Ханафияны Мұхаммедтің пайғамбарлығының отын Әли арқылы қабылдаушы және киелі білімге иегер деп жариялады. Мұхаммед ибн әл-Ханафияның өлімінен соң оның ізбасарлары бірнеше секталар мен бағыттарға бөлініп кетті. Кайсаниттер қауымдары ІХ ғасырдың ортасына дейін тіршілік етті.
Зейдиттік ағымның негізін салушы - Хусейннің немересі Зейд ибн Әли болып табылады. Өздерінің көзқарастары тұрғысынан сунниттерге ең жақын шииттік ағым болып саналады. Олардың негізгі мақсаты Әли әулетінен тараған имам басқаратын теократиялық мемлекет құру болды. Зейд - Әлидің шөбересі, бесінші имам деп танылды. Зейдиттер Иранда, Иракта, Хиджазда, сол сияқты Йеменде де орналасқан. Аталған жерлерде олар терең тамыр жайып, өздерінің мемлекеттерін құрды. Зейдиттердің жоғары билік туралы іліміне сай, имаматқа келуге тек қана “Пайғамбар әулетінің” ғана құқы бар, яғни имамат тек Фатимадан және оның ұрпақтарынан бастау алуы тиіс делінеді. Өйткені оның үлкен ұлы - Хасанның болсын, кіші ұлы - Хусейннің болсын ұрпақтарының билікке бірдей құқы бар. Зейдиттік қауымдар біздің уақытымызға дейін жеткен және қазіргі таңда Йемен Араб Республикасының ресми мәзһабы болып табылады.
Шииттердің саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Әли әулетінен шыққан 12 имамды мойындайды. Имамиттердің басқа бір атауы - иснаашариттер. Иснаашариттер - 12 имам жолын жақтаушылар. Имамиттердің имамдар “баспалдағы” келесі адамдардан тұрады:
1. Әли ибн Әбу Тәліб (Куфада 661 ж. өлтірілген) ;
2. Хасан ибн Әли (Мединеде 669ж. өлген) ;
3. Хусейн ибн Әли (Кербалада 680 ж. өлтірілген) ;
4. Әли Зейн әл-Абидин (713 әлде 714 ж. өлген) ;
5. Мұхаммед әл-Бақыр (Меккеде 732 ж. өлген) ;
6. Джафар ас-Садық (Мединеде 765 ж. өлген) ;
7. Мұса әл-Казим (Бағдатта түрмеде 799 ж. өлген) ;
8. Әли ар-Риза (Тусада 818 ж. қайтыс болған әлде у беріп өлтірілген) ;
9. Мұхаммед ат-Тақи (Бағдатта 835 ж. өлген) ;
10. Әли ан-Наки ( 868 ж. өлген) ;
11. Хасан әл-Аскари (873/4 ж. өлді) ;
12. Мұхаммед әл-Махди (873/4 ж. жоғалып кетті) .
Имамиттердің сенімі бойынша он екінші имам болып саналатын Мұхаммед әл-Махди жас кезінде жоқ болып кеткен және қайтып оралмаған. Ақырзаман жақындағанда келетін “құтқарушы (махди) ” сол болып табылады. Қазіргі кезде имамизм мемлекеттік дін түрі ретінде Иранда қабылданған, Ирактың тұрғындарының жартысына дейінгі саны - шииттер-имамиттер, олардың қауымдастықтары Ливанда, Кувейтте, Бахрейнде, Сауд Арабиясында, Иорданияда, Ауғанстанда және де басқа ислам тараған елдерде бар. Сунниттік дінбасылар имамиттерді олардың догматтық ұстанымдарының байыптылығына сай, өздеріне жақын тартады. Олардың екі арасындағы келіспеушілік имаматтың мәнін түсінуге келгенде басталады.
Шииттік исламдағы шеткері бағытты ғулат (шектен шыққан көзқарастарды ұстанушылар) деген атау алған көптеген секталар мен тарамдалған бұталар танытады. Олардың “шектен шығып кетулерін” Әлиді және оның ұрпақтарын құдайдай көрулерінен байқауға болады. Шеткі шииттер ортасында имамдарға жаратылыстан тыс күш тиесілі деген ойлар туындады. Олардың “жасырын” күйі және дінге сенушілерге құтқару міндетін өтеу үшін қайта оралуы, имамдардың көріпкелдігі, жандарының көшіп-қонып жүруі және тағы басқа ойларын мысалға келтіруге болады. Шеткі шииттер белсенділігінің шарықтаған кезі VІІІ ғасыр болған еді. Ол - халифатта әулеттік дағдарыстар мен жөнсіздік күшейген уақытқа тұспа-тұс келеді. Көп жағдайларда олар Ирак территориясында әрекет еткен.
Шиит-имамиттер тарихында үш тарихи ірі кезең бөлінім қарастырылады. Біріншісі - «үлкен жасырынуға» дейінгі (940 ж. ) кезең. Ол уақытта қауымды имамдар басқарған, ал олардан соң «елшілер» басқарды. Сол кезде шиттік доктрина өзінің жалпылама нақты сүлбелерін анықтап алды. Екінші саты - догматиканы кодификациялау мен тереңдете даярлаумен басталған еді. Сол кезде шиттік қасиетті аңыздардың негізгі жинақтары пайда болды, құқықтану мен телогия жайындағы іргеді еңбектер жарық көрді. ХҮІ ғасырдан басталған үшінші кезең - Иранда имамизмнің мемлекеттік дін мәртебесін алуымен танымал кезең. ХІХ ғасырда имамизмнің мессиялық идеялар көмегімен өзгертуге бағытталған қозғалыс болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz