Рынок экономикасы



1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
• Рынок экономикасының қазіргі көріністері.

• Рыноктық құрылымды қалыптастыру.

• Республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайлары.


3. Пайдаланылған әдебиеттер.
Шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға созылғанымен, бірақ та ол адамзат қоғамының даму таихынан қысқа. Алғашқы қауымда материалдық негіз – қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім болмағандықтан рыноктың өмір сүру нәтижесінде артық өнім, онымен қоса айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде рыноктық айырбасты қалыптастырады.
Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде шаруашылықты рыноктық ұйымдастыраудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар, жергілікті рыноктар құрылды. Жергілікті рыноктар арасында жай және кездейсоқ айырбас процесі қалыптаса бастады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі рыноктық экономиканың көптеген жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Рыноктың дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті рыноктардың арасындағы байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық рыноктың қалыптасуына жол ашты.
Рынок дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын айқындайтын және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы қатынастардың жиынтығы. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы рыноктық қатынсатардың элементтері: баға, сұраныс және ұсыныс, бәсеке болады.
Рыноктың маңызды қызметі еңбек шығынын, мөлшерін, көлемін және қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Рынок арқылы өндіріс құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек өнімділігін ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзене асырылады. Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде рынок өндірілген тауарлар құрылымын қоғамдық қажеттіліктер құрылымына және көлеміне сәйкестендіреді.
Жеке меншік рыноктық шаруашылықтың экономикалық негізі болып табылады. Біріншіден, жеке меншік пен рыноктық механизм өндіргіш күштердің даму жолына кедергі болған жоқ, өз ішінен ғылыми – техникалық революцияның дамуы үшін бұрын болмаған кеңістік ашты және тез дамуына жағдай жасады. Екіншіден, экономикалық қатынастар қатып қалған, қозғалмайтын құбылыс емес. Экономикалық қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер мен азаматтық қоғамның әр түрлі институттары сияқты көптеген факторлардың әсерін өзіне қабылдай отырып, тұрақты қозғалыста болады.
Формациялық теорияға сүйенген кеңес елі, басқа да бұрынғы «социалистік» елдерде орныққан жоспарлы, бір орталықтан басқару жүйесі тарихта өз артықшылықтарын дәлелдей алмады. Сондықтан жоғарыда аталған елдер рыноктық қатынасқа көше бастады.
Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық байланысының ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу жолымен айырбастау, яғни шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру. Рынок адамзаттың ерекше өнертабысы болды, әрі қоғамдық қажеттіліктерді барынша айқындады.
1. «Қазақстан экономикасы». Нұрғалиев Қ.Р. Алматы, 1999.
2. «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» Қ.С.Қаражан. Алматы, 2005.
3. “Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы” 9-сынып, Ахмедова К., Алматы, “Рауан”, 1994 жыл.
4. «Экономика Казахстана». К.Р.Нургалиев, А.К.Нургалиев. Алматы, 2007.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
• Рынок экономикасының қазіргі көріністері.

• Рыноктық құрылымды қалыптастыру.

• Республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайлары.

3. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға
созылғанымен, бірақ та ол адамзат қоғамының даму таихынан қысқа. Алғашқы
қауымда материалдық негіз – қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім
болмағандықтан рыноктың өмір сүру нәтижесінде артық өнім, онымен қоса
айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш
күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде
рыноктық айырбасты қалыптастырады.
Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде шаруашылықты рыноктық
ұйымдастыраудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда
орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар, жергілікті рыноктар
құрылды. Жергілікті рыноктар арасында жай және кездейсоқ айырбас процесі
қалыптаса бастады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі рыноктық экономиканың көптеген
жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Рыноктың
дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті рыноктардың арасындағы
байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық рыноктың қалыптасуына жол ашты.
Рынок дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын
айқындайтын және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы
қатынастардың жиынтығы. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы рыноктық
қатынсатардың элементтері: баға, сұраныс және ұсыныс, бәсеке болады.
Рыноктың маңызды қызметі еңбек шығынын, мөлшерін, көлемін және
қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Рынок арқылы өндіріс құралдарын және
еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек өнімділігін ынталандыру және
қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзене асырылады. Қоғамдық
өндірістің реттеушісі ретінде рынок өндірілген тауарлар құрылымын қоғамдық
қажеттіліктер құрылымына және көлеміне сәйкестендіреді.
Жеке меншік рыноктық шаруашылықтың экономикалық негізі болып табылады.
Біріншіден, жеке меншік пен рыноктық механизм өндіргіш күштердің даму
жолына кедергі болған жоқ, өз ішінен ғылыми – техникалық революцияның дамуы
үшін бұрын болмаған кеңістік ашты және тез дамуына жағдай жасады.
Екіншіден, экономикалық қатынастар қатып қалған, қозғалмайтын құбылыс емес.
Экономикалық қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер мен азаматтық қоғамның әр
түрлі институттары сияқты көптеген факторлардың әсерін өзіне қабылдай
отырып, тұрақты қозғалыста болады.
Формациялық теорияға сүйенген кеңес елі, басқа да бұрынғы
социалистік елдерде орныққан жоспарлы, бір орталықтан басқару жүйесі
тарихта өз артықшылықтарын дәлелдей алмады. Сондықтан жоғарыда аталған
елдер рыноктық қатынасқа көше бастады.
Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық байланысының
ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу жолымен айырбастау, яғни
шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру. Рынок адамзаттың ерекше өнертабысы
болды, әрі қоғамдық қажеттіліктерді барынша айқындады.

Рынок экономикасының қазіргі көріністері.

Рынок қазір өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды да, оның басты
тетіктері сұраныс, баға және ұсыныс т.б. болды, олардың бірлігі
рынок деген ұғымды құрайды.
Рынок экономикасы деген ұғым рынок ұғымынан кең, оған екі сала,
өндіріс және тұтыну жатады. Әлеуметтік реттелетін рынок экономикасы
деген ұңым одан да кең, ол рынок экономикасына, сғни сұраныс, баға, ұсыны,
өндіріс және тұтынуға реттеуші механизмді тікелей және жанама қоса
тіркейді. Реттеуші механизміне мемлекет, рынок институттары, әлемдік
экономика әсерлері жатады.
Рынок әлеуметтік реттеуші деп аталады. Реттелуге жататын субъект
бүкіл қоғам, оның институттары, реттелетін объект – қоғамдық экономика,
яғни рыноктық процестер, оның институттары мен факторлары (олар фирмалардың
өндіріс ішіндегі қызметі емес); реттеудің мақсаты – қоғамдық қажеттерді
қамтамасыз ету, рынок экономикасы басқа салаларының жалпы проблемаларын
шешу.
Рынок бүгінде сатып алу, сату объетісіне тән дәстүрлі тауарлармен
бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация
және интеллектуалды жетістіктерді біріктіреді. Соңғылары өте ерекше
тауарлар, оларды сатып алу, сату рыноктың жаға сапада болуын талап етеді.
Ол рыноктың материалдық – техникалық жүйесі; сатушы мен сатып алушылардың
кәіпкерлік білімі және айырбастың механизміне де сапалық өзгерістер
енгізеді. Рынок экономикасы жүйесінде сұраныс (тұтынудың) ролі өзгереді.
Әрине, қандай болмасын экономиканың өзегі әрқашанда өндіріс болып қала
береді. Ал енді рынок экономикасы үшін өндіріс технологиясында түбірлі
өзгерістердің жаалуына байланысты. Осы өзгерістер адамзат тарихында тұңғыш
рет постиндустриалды елдерде халықтың басым көпшілігінің негізгі
материалдық қажетін толық өтеуге мүмкіндік берді. Әңгіме бір жағынан тұрғын
үй, тағам, киім, аяқ киім туралы болса, онымен бірге жоғары білім және
денсаулық сақтауға қажеттілікті өтеуге де саяды.

Рыноктық құрылымды қалыптастыру.

Бұрынғы КСРО – да 1985 жылы басталған қайта құру, әкімшілдік -
әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы
болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық реформалар
жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Көп партиялы саяси жүйе
қалыптасуды, сөз бостандығы, баспасөз, митинг, шеру жасау бостандығы мен
басқа да демократиялық қоғамға тән құбылыстар қоғамдық өмірімізде орын
алуда. Экономика саласында негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып
жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік
кәсіпорындармен қатар, кооперативтік, жалгерлік, акционерлік қоғамдар мен
серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі
кезең көптеген күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл ішінде
дағдарыс одан әрі тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның
саяси өміріне, ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль,
өмірдің барлық салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Дағдарыс бір
бүйірден қысса, экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтік
тұрмысын одан әрі күйзелте түсуде. Мұның бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан
кешіп жатқандығының көрінісі. Сондықтан еліміздегі жағдайды қалпына келтіру
мен реформаны одан әрі қарай тереңдетіп жүргізу үшін ірі мемлекеттік
шаралар кешенін барлық салалар бойынша жасап, іске асыру қажет.
Елімізде рынокты дамытуға байланысты мақсат – мүдделеріміз қандай?
Бірінші мақсат – тауарлар мен қызмет көрсету рыногын дамыту. Мұнда
өндірістік тауарлар, қызмет көрсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар
тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Бір жағынан
қарағанда, мұндай рынок жаңалық емес. Бірақ нағыз рынок – жай сатып алу мен
сату ғана емес, ол – тауар өндіру мен қызмет көрсетуде – таңдау мүмкіндігі.
Соңғысы тек қана өндірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын
алады, әрі адамның табиғатына сәйкес, оның кең ауқымды қажеттіліктерін
есепке алғанда ғана нәтижелі болады. Таңдау мәселесін шешу – тауарлар мен
қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Бұл
шарттар қажет, бірақ жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсолютті
емес. Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керекті тауарды
таңдау үшін білімі мен мәдениет деңгейі болуы керек, әр түрлі ақпараттарға,
жарнамаларға зер салып отыруға тиіс, ал бұл адамның маңызды қасиеттерінің
бірі – таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, рыноктық
қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей
байланысты.
Екінші мақсат – финанс – қаржы рыногын қалыптастыру. Әңгіме, бұрын
болмысымызға таныс емес, ерекше бағалы қағаздар рыногы (акция, облигация,
т.б.) туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі маңызды орын алып отырған
осындай бағалы қағаз рыногының мәніне, сол елдердің тәжірибесіне сүйенбей
баға беру қиын. Негізінде финанс рыногы – бұл рынок құылымының биік
деңгейі, оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі.
Өтпелі кезең осындай рынокты қалыптастыру және сынақтан өткізу (апробация)
үшін керек, өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсыз
рыноктық экономиканың болуы мүмкін де емес. Бағалы қағаздардың шығарылуы
мен еркін айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін
куәландырып, олардың табысқа құқығын көрсету – зауыт, фабрикаларға,
материалдық иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясын жоюдың қажетті
шарттары. Басқаша айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша таьыс көздеріне ие
болып қана қоймай, меншік иесі де болып табылады. Бұл әлеуметтік шиеленісті
күрт төмендетіп қана қоймай, қоғамдағы әр түрлі топтарының
жақындастырылуына себеп болады. Сондай – ақ бағалы қағаздар тауар
эквиваленті ретінде ақшаны қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.
Үшінші мақсат – жұмыс күші еңбек рыногын қалыптастыру мен оны реттеу.
Біздің жағдайымызда, бұл ең қиын және өте нәзік мәселе. Шынында, ондаған
жылдар бойы бұрынғы КСРО – да еңбек рыногы жоқ және болуы мүмкін емес деп
уағыздалып келген еді, өйткені жұмы күші өндіріс құралдарынан бөліп
қаралмады, енді еңбек рыногын құру сөзсіз қажет болды. Бүл мәселе жақын
болашақта өте актуальды болмақ. Еңбекпен қамтамасыз ету саласы мен жалпы
рынок қатынастарын жете бағаламау, жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы
негіздерін жан – жақты зерттемеу, нарық жағдайында еңбекпен қамтамасыз
етудің мемлекеттік саясаты өлшемдерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп
тіреді.
Баспасөзде жұмыссыздар саны әр түрлі етіп көрсетіліп жүр. Кеңес
елінде жұмыссыздық болмайды деп есептелініп, азаматтар өз еркімен немесе
еріксіз түрде жұмыспен қамтылудың әр түрлі тәсілдері қолданылды. Қоғамдық
пайдалы еңбек (қоғамдық өндірісте, үй және қосалқы шаруашылықта) ету
еңбекпен толық қамтамасыз етудің нәтижесі ретінде көрсетілді. Алайда
жұмыссыз миллиондаған адам қоғамдық өндірісте жұмыс істемесе де еңбекпен
қамтамасыз етілгендер санатында болды. Қазір өз еңбегімен табыс табатын әрі
салық төлейтіндер еңбекпен қамтамасыз етілген деп санала бастады. Соңғы
жылдары қабылданған Республикадағы еңбекпен қамтамасыз ету туралы заңмен
біздің қоғамымыз рынок жүйесін қалыптастыруға тағы да бір қадам жасады. Бұл
заң жұмыс күші рыногын қалыптастырудың негізгі принциптерін айқындап заң
жүзінде белгілеп берді.
Ең алдымен еңбек етудің еріктілік принципі енгізілді. Соңғы 70 жыл
ішінде қазақстандық азаматтар нақты өмірде алғаш рет әр түрлі
заңдастырылған еңбек теу салаларын таңдауға мүмкіндік алды. Енді Қазақстан
Республикасының азаматтары бұрынғыдай арамтамақтық үшін қолданылатын
жазалау мерзімі мен заң орындарының қудалау қаупінен құтылды. Екіншіден,
жаңа Конституцияға сай барлық азаматтарға, сондай – ақ шетелдіктерге,
кәіпорындардың меншік түріне қарамастан жұмысқа жалдану саласында тең құқық
беріледі. Бұл, біздің жұмыс берушілерге, енді шетелдік маманданған жұмы
күшін пайдалануына мүмкіндік берсе, ал біздің жұмысшылар енді шет елдерде
жұмыс істей алады. Сонымен, еліміз дүниежүзілік жұмы күші рыногына
біртіндеп ене бастады. Үшіншіден, жұмыс орны жоқ және жұмыс орнын жоғалтқан
азаматтарға әлеуметтік кепілдіктер берілген, яғни түгелдей жұмыссыз
жағдайда жәрдем ақы ала алады.
Сонымен бірге жаңа заңның қабылдануымен республика азаматтарына
кепілдік жұмыспен қамтамасыз ету дәуірі де бітті. Ол кезде кәсіпорын
жетекшісі еңбегі өнімсіз қызметкерлерді еңбек тәртібін бұзбаса жұмыстан
босата алмайтын еді. Жоғары, орта, арнаулы оқу орындарының түлектері мен
халықтың басқа да топтарының жұмыс орындарының сақталынуына кепілдік
берілген еді. Енді жұмыспен қамтамасыз етудің рационалдауға байланысты
қызметкерлерді контракт жүйесімен жұмысқа алу енгізілуде. Өйткені тауарлар
мен қызмет көрсету рыногындағы сияқты еңбек рыногында да ұыныс пен
сұрыныстың сәйкессіздігі өте қиын жағдай қалыптастыруда. Жұмысын
жоғалтқанның бәрі еңбек биржасына бара бермейді. Өзіне сенгендер, көбінесе
еңбек биржасы ұсынған жұмыстардан гөрі айлығы жоғары жұмыс орындарын тауып
алады. Мемлекет көмегіне жұмысқа орналасу мәселесін өзі шеше алмайтын
адамдар жүгінеді.
Сонымен, рыноктық экономика - әр түрлі талғам мен таңдау экономикасы.
Рыноктық экономикаға апаратын жол бірдей емес. Рынокқа қай жол апарады? Бұл
сұрақтың жауабы рынокқа апаратын саяси және экономикалық қадамдардың өзара
әрекеттесуінен көрінеді.

Республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайлары.

Қазақстан Республикасында экономиканы қайта құру – нарықтық
қатынастарды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың
тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және
экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде
Қазақстанның нақтылы жағдайлары – табиғи мүмкіндіктері, экономикалық,
ғылыми – техникалық және салауатты салмақтары, экономикалық – географиялық
тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық
байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар.
Қазақстанның нарыққа еркін өту үшін негізгі концептуалдық
бағыттарының мынандай міндеттерін шешу қажет:
1. Экономикалық дербестікке қол жеткізу. Ол республиканың жерге деген
бірегей меншігі, оның қазба байлықтары, ішкі және аймақтардағы сулары,
әуе кеңістігі, өсімдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рынок экономикасының қазіргі көріністері
РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ТАЛДАУДАҒЫ (ЗЕРЕТТЕУДЕГІ) ФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІК БАҒЫТТАР
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары жайлы
Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен дамуының негізгі факторлары
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жұмысбастылық жағдайы
Әкімшілік және нарықтық экономика: салыстырмалы талдау
Жалақы және жұмысбастылық: монопсония және еңбек одақтары
Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Пәндер