Философия: пәні мен функциясы



Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Философия: пәні мен функциясы

2) Философия ғылым ретінде

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттері
Философия – адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениетпен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап жетілдіруге жеткізеді. Философия деген не? Дүниеге қашан келді? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жылдар бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. 2500 жыл бұрын (б.з.б. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек дамократиясында классикалық түрге ие болды, ерекше білім ретінде қалыптасты. Дүние қалай жаратылған бастамасы қайда? Дүние мәңгі ме? Адам дегеніміз не, оның дүние жүзіндегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу философияның міндеті. Екіншіден, адамның дүниеге қарым - қатынасы сан -қилы. Осыған сәйкес көзқарастың түрлері көп. Олардың себебін біліп ажырата білу де керек. «Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді.
Ол алғашқы рет XVIII ғ неміс философиясы мен мәдениетінде кездеседі (Кант, Фихте, Гете), адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғасынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы пайда болатын білімге байланысты. Білім дегеніміз объективті, біздің санамызға, іс-әрекетімізге тәуелсіз өтіп жатқан заттар мен құбылыстардың, қатынастардың құрылымы мен заңдылықтары, басқалармен байланысты туралы деректер жиынтығы саналса, құндылық адамдардың, олардың әртүрлі дәрежедегі топтарының (жанұя, еңбек ұжымы, тұрғындар қауымы, ұлт, халық, адамзат т.б.) тарихи даму сұранысына сай сол заттар мен құбылыстарды бағалауы, өз іс- әрекеттеріне қатыстыруы немесе ескермеуі. Осы ретте дүниеге көзқарас әрқашан объективтік білім мен субъективтік құндылықтың бірлігі болып табылады, олар бі- бірімен қайшылыққа келіп, бірін- бірі жетелеп отырады, дүниеге көзқарасты тереңдете түседі, оның ғылыми объективті бастауын кеңейтіп отырады. Сондықтан білім деңгейіне байланыстырып дүниеге көзқарастың дәрежелерін ажыратуға болады. Астрономияда аспан әлеміндегі денелердің құрылымы мен қозғалысы зерттелсе, математика, есептеу саласын, геометрия – математиканың бір тарауы ретінде үшбұрыш, текше, квадрат, геометриялық дене, шар, пирамидаларды, натурфилософия- табиғатты зерттеу ілімі ретінде теориялық көзқарастар жүйесін қалыптастырады. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі бағалау белгісі болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни, философиялық, әдептілік, саяси, экономикалық және т.б. көзқарастар ажыратылады.
1. Антология мировой философии Т.3.М., 1971
2. Абдильдин Ж.М. Избарнные сочинения в 5 томах. Алматы 2001
3. Алтай Ж., Касабек А, Мұхамбетәлі. Философия тарихы Алматы 2000
4. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы 1992
5. Әбішев Қ. Философия Алматы. Ақыл кітабы. 2001
6. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы. 1992
7. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.Алматы 2003
8. Мир философии: Хрестоматия в 2-х частях М.,1991
9. Мырзалы С.Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай 2000
10. Мәдени-философиялық энцеклопедиялық сөздік / Т.Ғабитов, А.Т. Құлсариева.-Алматы, Раритет 2004/
11. Нысанбаев Ә., ӘбжановТ. Философия тарихы Алматы 1999
12. Современная западная философия. Словарь М.,2000
13. Фрейд З. Тотем и табу. М.,1990
14. Философия (под ред. Никитич Л.А.) М.,2000
15. Философия (Құр. Т.Ғабитов Аламты, Раритет, 2005)
16. Филсофиялық сөздік. Алматы 1996
17. Фрейд З. Я и Оно. М., 1998

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Философия: пәні мен функциясы

2) Философия ғылым ретінде

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттері

Философия: пәні мен функциясы

Философия – адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы.
Философияны мақсатты түрде оқу ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың
қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениетпен өркениеттің байлықтарын тұрақты және
жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге,
мамандықты саналы таңдап жетілдіруге жеткізеді. Философия деген не? Дүниеге
қашан келді? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жылдар бұрын
Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. 2500 жыл бұрын
(б.з.б. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек дамократиясында
классикалық түрге ие болды, ерекше білім ретінде қалыптасты. Дүние қалай
жаратылған бастамасы қайда? Дүние мәңгі ме? Адам дегеніміз не, оның дүние
жүзіндегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің
мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды?
Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануар өмірі және олардың
қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай мәңгілік
сұрақтарға жауап іздеу философияның міндеті. Екіншіден, адамның дүниеге
қарым - қатынасы сан -қилы. Осыған сәйкес көзқарастың түрлері көп. Олардың
себебін біліп ажырата білу де керек. Дүниеге көзқарас термині ғылым
тіліне, күнделікті сөзге терең енді.
Ол алғашқы рет XVIII ғ неміс философиясы мен мәдениетінде кездеседі
(Кант, Фихте, Гете), адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани
құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі білім
мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғасынан, ол адамның дүниеге
және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған
жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы пайда болатын білімге байланысты.
Білім дегеніміз объективті, біздің санамызға, іс-әрекетімізге тәуелсіз өтіп
жатқан заттар мен құбылыстардың, қатынастардың құрылымы мен заңдылықтары,
басқалармен байланысты туралы деректер жиынтығы саналса, құндылық
адамдардың, олардың әртүрлі дәрежедегі топтарының (жанұя, еңбек ұжымы,
тұрғындар қауымы, ұлт, халық, адамзат т.б.) тарихи даму сұранысына сай сол
заттар мен құбылыстарды бағалауы, өз іс- әрекеттеріне қатыстыруы немесе
ескермеуі. Осы ретте дүниеге көзқарас әрқашан объективтік білім мен
субъективтік құндылықтың бірлігі болып табылады, олар бі- бірімен
қайшылыққа келіп, бірін- бірі жетелеп отырады, дүниеге көзқарасты тереңдете
түседі, оның ғылыми объективті бастауын кеңейтіп отырады. Сондықтан білім
деңгейіне байланыстырып дүниеге көзқарастың дәрежелерін ажыратуға болады.
Астрономияда аспан әлеміндегі денелердің құрылымы мен қозғалысы зерттелсе,
математика, есептеу саласын, геометрия – математиканың бір тарауы ретінде
үшбұрыш, текше, квадрат, геометриялық дене, шар, пирамидаларды,
натурфилософия- табиғатты зерттеу ілімі ретінде теориялық көзқарастар
жүйесін қалыптастырады. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі бағалау белгісі
болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни, философиялық,
әдептілік, саяси, экономикалық және т.б. көзқарастар ажыратылады. Саналы
адам шамамен 50 мың жыл бұрын пайда болды деп есептеледі. Олай болса
адамдар көзқарасы осыдан бастап, әртүрде қалыптаса бастады.
Көзқарастың түрлері:
1. Жай немесе қарапайым көзқарас, күнделікті өмір қажетінен туған
білім мен құндылықтар жиынтығы.
2. Теориялық көзқарас - белгілі бір тәртіпке келтірілген, жүйеге
салынған көзқарас.
3. Ғылыми- теориялық көзқарас; дін - теориялық, бірақ ғылыми емес.

Философия ғылым ретінде

Философияны ғылым ретінде қарағанда одан: дүниетанымдық, теориялық,
әдістемелік (жалпы ғылым әдісі ретінде немесе жеке ғылымдардың әдісі
туралы) мазмұндарды ажыратуға болады.
Олар табиғатты, қоғамды, адам санасын тұтас бір құбылыс ретінде алып,
бәріне ортақ жалпы заңдылықтарды ашады, объективтік шындық жөнінде негізгі
қағидалар жүйесін қалыптастырады. Болып жатқан белгілі бір жағдайларды
жанаша танып байқау, белгілі тәртіпте ұғынуды ұсынады. Көзқарас әр түрде әр
адамда өзінше қалыптасады. Былайша айтқанда: прогрессивтік, реакциялық
(кертартпалық), консервативтік, интернационалдық, патриоттық, гуманистік
(адамгершілік), ғылыми- сипаттарда көрініс береді.
Көзқарас дегеніміз - дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзқарас
болу үшін сана, оның жетілуі үшін білім керек. Неғұрлым көп білу ынталану
арқылы жүреді. Көзқарас негізінен әртүрлі дәрежеде қалыптасады.
1. Сезімдік. Сезім сананы ояттады. Мысалы, музыка адамды қуантады,
әдемі әсер етеді,ойды билейді, кей қайғылы әуендер адамды қайғыртады.
2. Ұғым қабылдаудың жеке бейнелерін жинақтаудан туады. Қорқу, уайымдау,
қуану күйлері (эмоциялар) бейнелердің ерекшеліктеріне әсер етеді.
3. Ұғыну, ойға салу, неге олай болды деп пайымдау алғашқы көзқарастарды
тудырады.
4. Илану (сену). Иланусыз көзқарас болмайды, сенімің үшін күресуді
талап етеді. Дін де илануды (нануды) талап етеді, бірақ ол еш нәрсенің
себебін ашпайды. Наным, сенім - көзқарастың өзегі.
5. Тұрақты пікір. Пікір тұрақталмаса көзқарастың күштілігі жоқ. Дүниеге
көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттен ғана тумайды, объективтік шындықтың
адамға ықпал жасайтын әсерінен пайда болады. Олар: күдіктену, уайымдау,
қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, масаттану және қуану. Бұлар
адам интеллектісі мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну,
әуестік, көңіл күйі) - әрдайым ізденістің бастамасы.
Ғалым, ақын, артист болу үшін де адамның эмоциясы (ішкі дүниесі,
сезімі) бай болуы керек. Көз - адамның ішкі дүниесінің айнасы. Тұрақты
көзқарастың екінші бір негізі теория болуы шарт.
Көзқарастың тарихи түрлері: Миф, дін, философия. Дүниеге көзқарастың
тарихи алғашқы түрі- миф (аңыз, ертегі). Мифология (гр mythos- аңыз, logos-
ілім) қоғамдық сананың түрі. Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі біздің
ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды роль атқарды, алғашқы қауым адамын
табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф
қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді.
Миф келесі негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысады: әлемнің пайда болуының
жолдары, жер және адам қатынасы, табиғи құбылыстар, оларды түсіну мәнін
ашу, адам тағдырының көзі, адам функциясы және оның табыстары, намыс пен ар
мәселесі, қарыз бен борыш, этика және өнегелік т.б.
Мифтың ерекшелігі: табиғатқа адамның өз қасиеттерін беріп адам қатарына
қосуы, құдіретті құдайдың бар болуына кәміл сену. Адамдардың өзара
қатынасы және әрекеті, абсрактылық толғануы (рефлексия - сананың өз-өзіне
бағытталып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі) нақты өмірдегі
шаруашылықты практикалық бағытта дамытып апаттан қорғауға арналады. Бұл
мәселелерде мифологиялық сюжеттердің біртүрлігі және үстірттілігі басым,
яғни барлық халықтар бастауын дүниеге көзқарастың осы деңгейінен алады.
Әрбір жеке адам өз дамуында адамзат тарихын өте қысқа түрде қайталайды деп
В.И.Ленин айтқандай, мифологиялық сананы жас баланың санасымен теңестіруге
болады. Олар да өзінің саналы жан екенін түсінбей ойыншықтармен сөйлесіп,
ұрысып, әке-шешесінің өзіне істегенін оларға істеп, шын көңілмен оларды
өздеріне тең санап өмір сүреді. Балалар санасы да синкретикалық (тұтастық
сипаттағы, бөлінбеген) сипатта көрінеді. Сана біртұтас қалыпта, ақыл мен
сезім деңгейлері ажыратылмаған, жақсы мен жаман істер анықталмаған күйде
өтеді. Балалы үйде ұрлық жатпайды деген қазақ халқының мақалы да осыдан
туған болар. Бала тек кейін өсе келе, шындықты айтып таяқ жегеннен кейін
ғана өтірік айтуға, кейбір ойын, іс- әрекетін жасырып қалуға, яғни ақылмен
сезімде берілгенді тежеп ұстауға үйренеді. Мифологиялық сана арқылы ғана
адамдар алғашқы қауымға бірігіп адамдық қатынастарды дамытып жетілдіре
алады. Ұрпақ жалғастырудың не себепті өтетінін білмеуге байланысты ру
мүшелерін бір тотемнің (көбіне жануарлардың бір түрі) тұқымдары деп санап,
өзара бауырластық, теңдік, көмектесу талаптарын, кейін сүйіспеншілік,
борышты болу қасиеттерін дамытты. Биологияның тіршіліктің басқа түрлерімен
және өзара мәңгі күресу заңының шеңберінен шығып, әлеуметтік заңдылықтарға
бағынуға үлкен қадам жасады, өздерінің рухани жандық сипатын (санадағы
бейне, түсініктерге сүйеніп, жоспарлы түрде іс- әрекет жасау) жетілдіре
түсті. Миф сананы оятады, прогрестің дамуының негізі - жазба мәдениетінің
пайда болуы арқылы дін, философияға біртіндеп өтеді. Дін- көзқарастың бір
түрі. Дін- табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім.
Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған
ортаны сезімдік, бейнелік - эмоциональдық түрде қабылдауды сипаттайды. Дін
қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерден: христан, ислам, буддизмнен және
көптеген ұлттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм, тәңірлік, кофуцийлік
т.б. тұрады. Дін адамдардың үлкен топтарын, халықтарды біріктіреді, және
қоғамды идеялдар арқылы тұрақтандырады. Ол мәдениеттің кеңістікте тарауына
мүмкіндік туғызды және ортақ салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал етеді.
Өнегелік-тәрбиелік саласында жақыныңа сүйіспенділік, қайғысына ортақтасу,
адалдықты, төзімділік, парасаттылықты міндет деп санайды. Дін адамды
адамгершілікке тазалыққа үйретеді. Діни сенім заңды түрде тарихи
қалыптасады. Тотемдік сенімнен табиғаттан тыс күшке (құдай, сайтанға)
сенудің арасында табиғаттың дүлей күштеріне (найзағай, теңіз, ай, күн) сену
жатыр - оны пұтқа (заттық формадағы нәрсеге: икона, сурет, мүсіндерге)
илану деп санайды. Шынайы дін жеке заттан бүкіл аспанға, әлемдік ғарышқа
табыну (тәңірге сену, конфуциялық ілім), абстракциялық күштер күресі
(зооастризмдегі жарық пен түнектің мәңгі шайқасы, кезектеле жеңіске жетуі)
идеялары арқылы жетіліп, қазіргі әлемдік діндерде қалыптасты. Бұл
негізінен сананың жетілуі, абстракциялық ойлаудың, жақсы мен жамандық
идеялдарын құрастыра білу мүмкіндігінің пайда болуының жемісі. Идеалдар да
ештен алынған жоқ, ол реалдық адам болмысының қарама-қарсы бастауларын
жинақтаудың нәтижесі. Жамандық адам бойындағы биологиялық заңдылықтар (тек
өз қамын ойлау, жануарлық инстинктіге бағыну, ұмтылыстарына жету үшін,
күшке, алдауға сүйену т.б.), жақсылық- тәрбиеден алынған әлеуметтік
заңдылықтарды пір тұтып дамыту. Адам бойындағы реалды қасиеттер
топтастырылып, бірі сайтан жолы, екіншісі- құдай, имандылық жолы аталып,
олардың мәңгілік күресі мойындалды. Тек қоғамда ғана адам болып туып, өмір
сүре алатындық ескеріліп, оның тұрақтылығын, бейбіт дамуын қалайды. Бірақ
үстемдік етуші әулеттер, тап пен ұлттар, елдің көңілін ішкі қисық шешімдегі
мәселелерден сыртқа аудару үшін, діндердің әртүрлі көзқарастарды
ұстанатынын, бұқара халықтың ғылыми білімінен алшақтығын пайдаланып,
өздерінің саяси-экономикалық тартыстарын діни соғыстарға аударуға
тырысатындығы да тарихта жиі кездеседі. Діни көзқарас, сана мен сенім -
қарапайым халықтың философиясы, - деуге да болады, яғни оның қоғамға
қажеттілігі әлі де жоғалған жоқ. Егер рационалдық ғылыми білімнің әрқашан
бүгінде шешімі жоқ бір нәрселерге тап болып отыратындығын, ал сенім тек
тұтастық ретіндегі көзқарастың жемісі екенін, сондықтан жетіспеген білімді
адамдар мифологиямен толықтыратынын пайымдасақ, дінді мәңгі қоғамдық
құбылыс санау орынды. Оның тәрбиелік мәні орасан зор, себебі әрбір жаңа
ұрпақ биологиялық заңдылықтардан тек өз күшімен, ақылымен арылуы қиян, ал
мемлекет тарапынан күш көрсету кері нәтижеге жиі әкеледі. Сондықтан, оның
мифологиялық бастамаларын символдар ретінде қарап біртіндеп рационалдық
күйге көшіріп, әлемдік діндердің алшақтаған идеологиясынан құтылып, діни
сенімді адам көзқарасының қажетті бастауларының бірі санауға ұмтылған жжөн.
Діннің үш элементі бар: діни түсіктер, діни сезімдер, діни табыну мен әдеп-
ғұрып жоралары. Олар әлеуметтік жағдайларға байланысты әртүрлі болып
келеді.
Дін дүниені екіге бөледі: о дүние және бұл дүние. Дін өз нұсқауларын
құдай атымен мәңгі-бақи бекітпекші болатын неғұрлым консервативтік
идеологияның форма болып табылады, яғни оны реформалау ағыстықты қаламайды.

Философия көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі
келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың
түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды философ деп атайды.
Философ деген сөзді алғашқы рет грек математигі, ойшылы Пифагор (580-500
б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д)
атымен байланысты. Philo- сүйемін, sophia- даналық, яғни даналықты сүйемін
деген мағынаны береді. Араб тілінде фәлсәфа деп аталады. Философ
алғашқыда әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой
көрсетті. Сондықтан, бұларды натурфилософтар деп атады. Философияның
дүниеге келуі дегеніміз - өмірлік тәжірибеде адам сезімінің, идеалдық
үміттің және әлем туралы білімнің үйлесімдігін іздеу нәтижесінде ерекше
рухтың қалыптасуы болады. Философия пайда болуынан бастап барлық ғылымды
қамтыды, яғни ғылымның ғылымы болды. Кейінірек әр пән өз алдына ғылыми пән
ретінде қалыптасты. Б.з.д IV ғ ежелгі Грекияда теориялық логика пәні, ал
б.з.д. ІІ ғ математика (Евклид геометриясы және арифметика, астрономия
(астрологиямен бірге), кейінірек филология және тағы басқалары бөлінді,
яғни ғылымды жіктеу (дифференциялау, бөлшектеу) басталады. Әр дәуірде
философиялық ілімдердің ішіндегі ғылымның құрамында әртүрлі көзқарас
болды. Эллиндік дәуірде стоиктер мен эпикуршылар философияны логика, физика
және этика деп жеке бөліктерге бөлді. Оны бақшаға теңеді. Бақтың қоршауы -
логика (логикаға танымның барлық мәселелерін, тіпті тілді қосады), физика -
оның жемістері, яғни табиғатқа байланысты (астрономиялық, физикалық,
биологиялық және т.б. білімдер). Этика - адамның тәртібі туралы ғылым, ол
философияның ұйытқысы (ядросы), ол бағыт және керекті тәртіпке жол
көрсетеді деп саналды.
Ортағасырларда Схоластикалық философияны болмыстың негізгі себебі және
жоғарғы принципі туралы ғылым ретінде түсіне бастады, сонымен бірге ол
діни ілімнің құлы болып саналды. Қайта Өрлеу дәуірінде философиясының
ерекше сапалы бөлігі болып натурфилософия (табиғат философиясы) көрінді.
Жаңа Заман философиясында жаратылыс ғылымдарының кешені қалыптасты (физика,
химия, биология және т.б.). Енді олар философия саласына тіпті кірмейтін
болды. Және де гуманитарлық ғылымдар (тарих, лингвистика, өнертану және
т.б.) бөлінді. Философияда барлық ғылымдардың әдістемелік ролін сақтап
қалды. ХІХ-ХХ ғ марксизмде Гегель философиясының негізінде философия пәні
туралы төмендегі түсінік қалыптасты. Философия дегеніміз табиғат, қоғам
және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым және қоғамдық
сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі,
адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия пәні
осылай түсінілумен бірге ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі
мәселесінің қандай болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.
Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):
1. Онтология (ontos- тіршілік, logos- ілім) - болмыс туралы ілім.
2. Гносеология (гр gnosis - таным және logos - ілім) – таным туралы
ілім.
3. Әлеуметтік философия- қоғам туралы ілім.
Философияның пәндері:
1. логика, эстетика, этика, ғылыми әдістемелік, ғылымдар философиясы
(математиканың астрономияның, физиканың, биологияның және т.б. философиялық
мәселелері).
2. философиялық антропология- адам болмысы,
3. мәдениет философиясы- мәдениет әлемі,
4. тарих философиясы,
5. құқық философиясы- мемлекеттік заңдар әлемі,
6. дін философиясы.
Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі
саналады. Оны ашық түрде алғашқы анықтаған марксизм ол монизм, дуализм,
плюрализм ұғымдарымен тығыз байланыста болды. Монизм (гр mones- біреу,
жалғыз) - дүниенің негізінде бір ғана бастама бар деп танитын философиялық
бағыт, идеалистік ілімдерде - рух, материалситік ұғымда- материя. Монистер
- деп барлық дәйекті материалистерді (Демокрит, Фалес, Анаксимен,
Анаксимандр, Гераклит, Дидро, Гольбах, Маркс, Ленин) және барлық дәйекті
идеалистерді (Августин, Фома Аквинский, Конт, Гегель, Юм) санайды.
Дуализм (лат duo- екеу) - дүниенің негізі бір біріне бағынбайтын, тепе-
тең екі нәрседен- рухтан және материядан - басталады деп, материализм мен
идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.
Плюрализм (лат. Plurais - көптік) - дүниенің негізі бір-бірімен
байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ мәндерден турады дейтін ілім.
Болмыстың негізіде көптеген (жер, су, рух т.б.) нәрселер бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Философиялық көзқарастың ерекшелігі
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Философия функциясы
Ғылымның қажеттілігі
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Пәндер