Шаруашылық жүргізу құқығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ

1. 1 Шаруашылық жүргізу құқығының түсінігі

1. 2 Шаруашылық жүргізудегі құқықтық нысандар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жанаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрпішіні, қызметтері өзгерді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті, құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.

І БӨЛІМ

1. 1 Шаруашылық құқығының жүргізу түсінігі

Шаруашылық жүргiзу құқығы1 - мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын ҚР АК және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.

Шаруашылық жүргізу құқығы мына құжаттардың негізінде туындайды:

• сатып алу - сату келісім-шарты;

• тегін беру келісім-шарты;

• келісім - шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын мүлікті беру;

• бөлінетін баланс немесе беру актісі (әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібінде)

• мүлікті заңды тұлға балансына беру туралы шешім, беруді-қабылдау акті (балансқа беру тәртібі бойынша) ;

• сот актілері;

• мүлікті беру туралы атқарушы органның шешімі немесе беру актісі

• жарғылық капиталына жылжымайтын мүлікті салу туралы шешім (құрылтайшы келісім-шарты, басқосу хаттамасы) ;

Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған көшірмесі) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін жиын мөлшері

Меншілікке құқықты, шаруашылық жүргізуге, шұғыл басқаруға, сенімділік басқаруға, кепілдікке, рента пайдалануға (сервитуттардан басқа) тіркеу үшін:

• пәтерге, жеке тұрғын үйге(шаруашылық құрылыстары және басқа сол сияқты обьектілерге) бір айдың есептік көрсеткіштерінен бастап, жиын төлеген уақытқа дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;

• тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстармен және басқа да ұқсас обьектілерге), тұрғын үйлердегі тұрғын емес жайларға, тұрғын емес құрылыстарға -есептік көрсеткіштің сегіз есе айлық көрсеткіші;

гаражға - бір айдың есептік көрсеткіштерінен бастап, жиын төлеген уақытқа дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;

• тұрғын емес жайдың мүліктік кешеннің қызмет ететін күніне жиын төлеу (ғимарат, құрылыс, қондырғы) :

• бір обьектен тұратын - 10 АЕК

• 2 ден 5-ке дейін бөлек тұрған обьектілер - 20(есе) АЕК

• 6 -дан 10ға дейін бөлек тұрған обьектілер - 20(есе) АЕК

• 10-нан жоғары бөлек тұрған обьектілер -25 (есе) АЕК шағын бизнес кәсіпкерлері үшін;

• тұрғын үйге (шаруашлықы құрылыстарымен және басқа да лайықты обьектілерімен) тұрғын үйдің тұрғын емес жайлары, тұрғын емес құрылыс, тұрғын емес мүліктік кешендер (ғимарат, құрылыс, қондырғылар) -1 АЕК;

• жер учаскелеріне құқылықты тіркеу: меншіктік құқық, жерді пайдалану, басқа да құқықтар - 50% АЕК;

• сервитутты тіркеу -50%АЕК;

• кондоминиум обьектілерін тіркеу - 1АЕК;

• ипотекалық куәліктің берілуін тіркеу және оның басқа иелерге соңынан берілуі -25% АЕК;

• құжаттың мемелекеттік тіркелгені туралы төлнұсқасын тіркеу - 25% АЕК;

• жылжымайтын обьектінің идентификациялық сипаттамасымен құқық иеленушінің ауысуын тіркеу;

• жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтату, адам қайтыс болғанда, тұрғын жай құлатылғанда, басқа да құқықтың ауысуы мен байланысты тіркеу - 25% АЕК;

• жылжымайтын мүлікке ипотеканың тоқтатылуын тіркеу - 25% АЕК;

• банк заимдарының шарты мен арзанға беру талаптарын тіркеу, міндеттеме де ипотекамен қамтамасыз етуді тіркеу - 25 % АЕК;

• келісім шартының өзгеру нәтижесінде құқықтың өзгеруін тіркеу, құқықты орнына келтіру негізі мен және заңды фактілерімен тіркеу - 25% АЕК;

• жылжымайтын мүлікке басқа да құқықтарды тіркеу - 50% АЕК;

Мемлекеттік тіркеу жиынының нөлдік мөлшері:

• жылжымайтын мүлікке Қазақстан Республикасының заңдылық актілері қарастырғандай мемлекеттік ұйымдарымен белгілі тәртіпте ауысқан құқық;

• жылжымайтын мемлекеттің меншігіндегі мүлікке құқық өкілетті мемлекеттік ұйымдар үшін, республикалық меншікті иеленуге, пайдалануға, билеуге құқын жүзеге асыратын, және оның аймақтық ұйымдарын;

• Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, әкімшілік-аймақтық бірліктегі және мерзімдегі, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу .

Мәміле нақтылы деп есептеледі:

• тіркелген уақытынан бастап;

• тіркелген мәмлелер оны жасаған тұлғаларымен атаулармен қол қойылып, толық аты жазылып, жылжымайтын обьектіні оның тұрғаны орнын, тіркелген құқын қысқаша суреттеп көрсетеді;

• егер мәмлені тіркеген нақтыламаған формада жасаса, оны тіркеуде бір жақ бас тартса сот екінші жақтың талабы бойынша мәмлені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл жағдайда мәмлені тіркеу соттың шешіміне сәйкес болады.

1. 2 Шаруашылық жүргізудегі құқық мазмұны

ҚР - да шаруашылық жүргізуде құқығтың 2 нысаны танылды: мемлекеттік және жеке . Осы меншік нысандары Конституцияға сәйкес бірдей танылады, қорғалады, құқықтық дәрежесі тең деп саналады. Жеке меншік құқықтың2 2 түрі бар: азаматтардың жеке меншігі және мемлекеттік заңды тұлғалардың жеке меншігі . Жеке меншікте заңмен тиым салынбаған кез келген материалдық игіліктер болуы мүмкін.

Егер меншік кұқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекетгік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Сонымен, мемлекеттік меншік құқығының объектісі болып азаматтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген объект табылады. Мемлекеттік меншіктің екі түрі бар: республикалық және коммуналдық .

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді, Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының қазынасын құрайды. Сонымсн қатар, Республика қазынасының катарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жергілікті бюджст қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеге өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару орындарының қарауына жатады делінген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа

органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң

құжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері

арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.

Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құрайтын мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығына негіздеп жүзеге асыруы мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық кұқық болғандықтан оны жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген мемлекеттік органның берген құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайлалану және билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік иесі мен құжаттарын сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ. Сонымсн қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негіздеген мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпорындармен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға, өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға; жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен процент ставкасын төмен процентпен төлем алуға; басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік және кепіл болушылық болуға.

Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз кызметінің мақсатына» меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін; қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып бөлінеді.

Жедел басқару құқығы өзінің құқықтық жағдайына байланысты шаруашылық жүргізу құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі: біріншіден, қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің тарапынан қаржыландырылады; екіншіден, қазыналық кәсіпорын да, мекеме де өз жабдықтарын сметалық көлемінде жүзеге асыра алады; үшіншіден, олар меншік иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды. Мекеме басқару, әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылып, бюджет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан оның құкықтық құдіреті заң құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар" туралы Жарлығының 3-ші тарауы қазыналық кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.

Мемлекет меншігінің түрлерін белгілеу ҚР Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылады. Осы екі меншік құқығынан басқа да түрлері бар: ортақ меншік құқығы. 2 немесе бірнеше тұлғаның ортақ меншік құқығы мүлікті бірлесіп және өз қалауы бойынша иеленуі, пайдалануы және оған билік етуі. Оған тән басты ерекшеліктер:

  1. меншіктің бірнеше субъектілерінің меншік құқығында болуы;
  2. меншіктің кейбір түрлері тек тікелей заңда көзделген жағдайларда ғана пайда болады.

Меншіктің қатысушылары: заңды тұлғалар, ҚР және оның әкімшілік-аумақтық бөліністері. Олардың саны заңмен шектелмеген. Азаматтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген зат меншік құқығының объектісі бола алады. Шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі. Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі олардың арасында шартта өзгеше белгіленбесе, ол осы қожалықтың мүшелеріне тиесілі болады. Шаруа (фермер) қожалығының бірлескен ортақ меншігінде оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған мүліктер, жер учаскелері, мал, құс, техникалық жабдықтар мен құрал-саймандар болады.

Азаматтық құқықтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген материалдық игіліктер меншік құқығының объектісі болып табылады. Кейбір объектілер тек арнайы рұқсат болғанда ғана меншік құқығында болуы мүмкін. Меншік құқығының мазмұнын меншік иесінің өз мүлкін иелену , пайдалану және оған билік ету өкілеттігі, яғни құқығы құрайды.

Иелену құқығы болып заң жүзінде қамтамасыз етілген мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру құқығы табылады.

Пайдалану құқығы болып мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, одан пайда табудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндіктері табылады.

Билік ету құқығы болып мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етуі.

Азаматтық Кодекстің 188 бабының 3 тармағына сәйкес, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, мүлікті басқа адам меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану, билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, кепілге беруге және одан да басқа әдістермен ауырпашылық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Меншік құқығы болып субъектінің заң құжаттары арқылы танылған және қорғалатын өзіне тиесілі бөлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы табылады. Меншік құқығы заңды маңызы бар фактілер негізінде пайда болады. Мысалы, сату - сатып алу, мұра, айырбастау шарты кезінде т. б. Меншікке байланысты қатынастар түрлі субъектілер арасында пайда болады және оның өзіне тән объектісі мен мазмұны болады. Меншік құқығының субъектісі - жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасы және оның әкімшілік-аудандық бөліністер. Меншік құқығының3 пайда болу негіздері - нәтижесінде меншік құқығы туындайтын заңды маңызы бар фактілер. Олар: бастапқы, туынды. Бастапқы негіз кезінде мүлікке меншік құқығы алғаш рет пайда болады, яғни ол мүлік осыған дейін ешкімнің меншігінде болмаған, мұндай негіздерге мүлікті алғаш рет жасау, иесіз заттың мемлекет меншігіне өтуі, мүлікті пайдалану нәтижесінде жеміс пен өнім алу, олжа табу.

Туынды негіз кезінде меншік құқығы бір адамнан екінші адамға ауысқан жағдайда пайда болады. Мысалы, біреудің меншігіндегі мүлікті екінші адамныі сатып алуы немесе айырбастап алуы немесе сыйға алуы, мұраны қабылдау нәтижесінде меншік құқығына ие болу, конфескациялау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
Шаруашылық жүргізу құқығы туралы
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Жер қатынастары және оларды жетілдіру
Заттық құқықтың белгілері
Азаматтардың меншік құқығы
Меншік құқығын қорғау
Шаруашылық серіктестіктегі қатынастардың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz