Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені


Жоспар:
- Агробизнес және агроөнеркәсіп кешен құрылымы.
- Агроөнеркәсіп құрылымын ретке келтіру.
- Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін реформалау.
- Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары.
- Агроөнеркәсіп өндірісі жұмыс істеуінің табиғи-экологиялық ерекшеліктері.
- Қорытынды. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.
- Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногына үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шарушылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.
Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз етеін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс несие де кіреді. Бұл сферада ауыл шаруашлылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашлығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салаларынарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамандандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.
Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және бөлшек сауда, қойма биржа, аукцион жүйелері және т. б. ) қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындардың қажеттілігінің өсуі мен азық түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.
Төртінші сферада агробизнесті толықтай және ооның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруалығын басқару, рыногті реттеу ұйымдары, ғылыми зерттеу, мамандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақтар түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешенінің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қоданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондайақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш негізгі сфераның басын құрайды.
Бірінші сфераға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.
Екінші сфераға таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашлылқ (өндірістіктен айырмашылығы бар) мал азығын өндіру жатады.
Үшінші сфераға әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалдауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде өздігіненше, жеке төртінші сфераға жатқызып жүр.
Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан болсын, сапалық жағынан болсын өздерінің құрамы бойынша бір бірінен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.
Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдеттте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік және экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші эклементі ретінде көрінетіні рас.
Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рационалды арақаысынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің республикамызда маркетингтік сфераны (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикзаты мен азық-түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсәп кешені түпкі өнімнің құрылымын Америка Құрамы Штаттарындағымен салыстыру көрсеткендей, АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімнің 70 процентінің астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50проценттен асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та үш сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.
Дәл осындай жағдай нарықтықт экономикасы дамығын басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының 75 проценттен астамы ауылшаруашылығынан тыс жерлерде жасалады. Скандинавия елдерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.
Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымы қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауылшаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық АҚШ -та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсе түсті. Қорды қажет ететін салалар (ауылшаруашылығы кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының бір бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің бболмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің(агроөнеркәсәп кешенінің екінші сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкісалалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып ортырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшылар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылағының өз ішінде мал басына арналған жем шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.
Бұрынғы КСРОда, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәкессіздіктерді жою әрекеті 80-жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатына Азық түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.
Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрыынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағанна кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.
Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені. Қазақстан - 16, 5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шаршы километр) алады.
Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агрохнеркәсіптік потенциалы да бар.
Ауыл шаруашлылқ жерінің жалпы көлемі 222, 3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гертар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2, 2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынана дамыған көптеген елдердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 1, 5 миллион тоннаға жетеғабыл ет, 3, 5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндіреді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті майлы жцне қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы (I қор шығаратын ) машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.
Агроөнеркәсіп үшін машин жасаумен Павлодар тракторы зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника бірлестігі және « Манкентживмаш», «Актюбсельмаш» пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.
Химиялық өнеркәсіп саласында Жамбыл жцне Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минералдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия жцне Өскемен титан магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі «Фосфор» өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қрғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басын Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск «өркениет» сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.
Республика агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (II ауыл шаруашылығы) экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұыс істейді.
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы (III - дайындау, сақтау және т. б. ) тамақ, ет сүт және ұнтақ жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай ақ ауылшаруашылығын өндірістік техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік санитарлық және суландыру жөнінен қызмет етеін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады.
Республика агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи экономикалық ерекшеліктері. Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен - топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100С) тиімді жиынтығы солтүстіктегі 25000 нан оңтүстік және оңтүстік шығыста 45000ға дейін аралықта қбылып отырады. Мұның өзі субтропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап жүзім және мақта өсіруге дейн мүмкіндік береді.
Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға нартәуекелмен баратындай аймаққа орнаасқан. Республиканың солтүстігі мен орталығында жауын шашын 140-135 ммден оңтүстіктің, оңтүстік шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450-900 ммге дейін жетеді.
Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоыр топырақ, қоңыр топырақ және ашық қоңыр топырақ болса, оңтүстігінде құба құмды топырақ, сұр топырақ жцне таулы сілтілі қара топырақты болы п келеді. Қара топырақты жер көлемі бар жоғы 15 миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға жуық гектар топырақты эрозияға ұшырауына бейім жер, 50 миллион гектарға жуық эрозияға қауіптіжер, оның ішінде 17, 7 миллион гектардан астам сортаң және кейбір топырақты жер, оның 7 миллионға жуық өңделген жер бар.
Республика агроөнеркәсіп кешенінің тағы бір ерекшелігі өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егістік жер клемі жағынан алғанда алты есеге жуық артық болдыү Жалпы өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды. Осы жағдай қазіргі өтпелі кезеңде кеңшарлар мен ұжымшарларды реформалауды және оларды шаруа зожалықтарына, кооперативтерге және басқа нарықтық үлгідегі аграрлық кәсіпорындарға айналдыруды әлдеқайда қиындатып отыр.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер көзге бірден түседі, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шыңаратын сфералар мен салалар, сондай ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-жыджардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64% ке жуық, бірінші сферада 8% ке жуық және үшінші сферада 28% тен астамырақ болды. Республикада автомашина жцне комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республиканың тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай ақ, Қазақстан еңбеккерлері өндіріген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz