Мәдениет пен өркениет туралы


Жоспар
- Мәдениет пен өркениеттің арақатынасы
- Мәдениеттің дінмен байланысы
- Мәдениет пен табиғат
- Мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметі
А) Адамды қалыптастыру қызметі
Б) Жалғастың, мәдениет мұрагерлік қызметі
В) Танымдық қызметі
Г) Реттеу қызметі
Д) Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет
5. Өркениеттілік
Қолданылған әдебиеттер:
- «Мәдениеттану», Т. Ғабитов, Ж. Жүтәлітов, А. Құлсариева
Алматы «Раритет» 2001
- «Философия» Кішібеков Т. Алматы 2001 г.
Мәдениет пен өркениет
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда азаматтық деген мағынаны білдіреді. Римдиктер бұл ұғымды варварлықтар деп атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында көрсетілген. Яғни, өркениет олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
- Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гредер, Э. Б. Тайлор)
- Өркениет-мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилық антиподы. (Ж. Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер) .
- Өркениет-мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл)
- Өркениет - тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты. (Л. Морган)
- Өркениет-этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н. Я. Данилевский жіне т. б. )
- Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, калалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, колөнер мен сауда-ның оркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндеп маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени үйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның омір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, түты-нуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мүқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді боліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, омірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта үғымы мәдениеттің коммуникациялык (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік үйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.
Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, түрмыстық мәдени дәрежесі, адамдар-дың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау үйымдары (мүрағаттар, мүражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттык мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, - дейді белгілі философ Гердер, - тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И. Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252) . Мәдениет озінің кең мағынасында бір үрпақтың келесі үрпаққа жолдаған омір сүру тәсілі болғандық-тан, осы жалғастықты, мүрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет озегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салтдәстүрлерге Ғүзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақта, тәжірибенің сүрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қы да коркем бейнесі», (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, Зб-бет) .
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрып ған жазу-сызу мен азаматтық қоғам әлі жоқ кезде қалыптас салт-дәстүрлер мен әдет-ғүрыптар мэдени мирасқорлык жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғүрыптар надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәденметтер. архетипін аңғарған жөн.
Кез келген үлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ощ адамтершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тот тарлық жүйе үлттық мәдениеттерді қүрту мақсатында «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алын, еш дай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерлі тәрбиелеуге тырысты.
Ал шындығында діни Ренессанс («ренессанс» - франиуз сө қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарлы. Д : дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті куште баланса, үлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен коғамның қүдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтану мәдениеттану жоқ.
Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Таңбалы тастағы кескі мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаіі Шынында да, онер мәдениеттің алтын қазынасы, адамныңу; лығын білдіретін ғажап коріністердің бірі - оның әсемдікке сұлулыққа ұмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді айтуға болады: мәдениет - адам әлемі. Мәдениет көріністер : адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырыл игіліктер дүниесі қүралған. Сонымен бірге мәдениет адамды туған деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам - «хайуани мадани», яғни мәдениетті жан.
Адам - табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шы-ғармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам - табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар - адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адам-ның табиғи антимәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше) . Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты үштасты-руға тырысатын ілім - мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі - Э. Уилсон.
Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін корсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бұл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жон:
- а) академик В. И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;
- ә) Рим клубының экологиялық түжырымдары;
- б) Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы;
- в) Л. Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т. б. да-мытқан гуманистік этика т. б.
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ.
Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру - адамзаттың алдындағы келелі міндет.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады, Сонда мәдениет осыларлың қайсысымен көбірек анықталалы деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің озінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Дүние-бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні-руханилықтың адам әрекетінің нәтежиесінде заттандыруда
жатыр. Мәдениеттің ішкі және қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасыпда. парасатты сөздерінде, рухани ізденістерінде айқындалады,
Ж. П. Сартрдық косемсозді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы - адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр - азаттык, жауанкерпілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік денгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менім шығармашылығым.
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талдайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұгымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болганымен, одардың арасындагы мағыналык, айырмашылықты естен шығармаган жөн.
Қогам - әлемнің бір болігі, белгілі бір максаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлгалардың, топтардын, этностардың, мемлекеттсрдің) байланыс нысандар Яғни, қоғам ұгымындағы негізгі мәселе - адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қогамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану дсп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы коғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында колданылады.
Осыған дейін қарастырылган ұгымдарды негізге алып, коғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айкындау мүмкінді бар:
1. Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл-мәдениетгің қоғамдагы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұньмен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды, әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген, пікірталастардан сәл котерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырганына көзіміз жетеді. «Жеке адам озі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, І4~бет) . Маугли - көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада озіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам: үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толық қанды ашылуы болып табылады.
- Жалғастық, мәдениет мұрагерлікқызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты Ақпаратгық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. ІІІын мәнісінде қогамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар - салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, дін мен тіл, дін және өнер, білім т. б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
- Танымдыққызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды озіне аударатын нәрсе - мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маа-риф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату - интеллигенцияның басты міндеті. Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компью-терге кошумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен корінуі керек» (Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8-бет) . Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғы шарты болғанымен, бүл екі ұғымның арасында елеулі айыр-машылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нүқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке үмтыламыз, ал моральдык таным аркылы - жаксылық пен жамадықты айырамыз.
4. Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен баскару» атты сөздер кең етек алған. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, куыршакка айналдырған тоталитарлық, айла-шарғы үлгілерін көреміз. Айталык, Ертедегі Грекияда
ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты дсген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да, ол елдегі жоғарғы мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі.
Алайда солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мумкіндіпн жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет -жабулы қазан емес». Мәдсниеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарғыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ.
5. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәденииеттің қоғамдағы негізгі қьзметтерінің бірі. Адамдар қарым-қатынасы мәдениеттер сұхбаттасуы - әлеуметтік шыңдықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте -қарым-қатына өрісінде болады. Руханилық пен игілік, әдемілік пен
жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен коршаган; когамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасынын ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Ғылымда социализация (әлеуметтену) леп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым-қатынастардың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды каншама асыл болғанымен, егср ол рухани азық стетіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса. онда ол мәдсни айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол - жай темр мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтые кітап-шаң басып жатқан қағаз. Мәдениболмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз.
Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық, т. б. түрлерін айтады.
Мәдениет және өркениеттілік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz