Электрондық почта ( E- mail)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Электрондық почта ( E. mail) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Outlook Express Электронды почтасымен жұмыс істеуге арналған бағдарлама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Outlook Express жұмыс терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Электронды почтаның жұмыс схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет тізімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның екінші балама түрі болып есептеледі. Мәліметті өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі денгейде) қазіргі почта қызметінің ертеңі “электронды почта” болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әр түрлі құжаттармен, жаңа жобалармен таныстырып, олардыңда осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.
Электрондық почта кез келген құжатты – ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәлімет бола ма (адресі, аты -жөні, тақырыбы) немесе жай хабар түріндегі текст (хаттың өзі) бола ма – бәрібір олардың информациялық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.
Электронды почтаны пайдалану кезінде компьютерде әр түрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен – біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынандай жұмыстар атқарады:
- алынған мәліметтерді талдау және дайындау
- байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу
Байланыс желісіндегі ең алғашқы программаның жұмысы компьютердегі текстік информациямен жұмыс істеген сияқты болады. Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық программа көмегімен тексті дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Тексті оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі почтамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер архиві болуы тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларды тағы қайталап оқып шығып, керек еместерін “қоржынға” тастап, керектеріне жауап жазу,кейбірін қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты “почта жәшігіне” салып, керекті адреске жөнелтеміз.
1. “Ифоматика 30 сабақ”, Е.Қ. Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов
2. “Электронная почта под редакцией Александра Орлова”
3. “Бүкілдүниежүзілік өрмек” әдістемелік құрал,
Е.Қ. Балапанов, , Б.Б.Бөрібаев, Р.М. Дүзбаева, Ғ.Б. Мамырбек

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
Электрондық почта ( E-
mail) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Outlook Express Электронды почтасымен жұмыс істеуге арналған
бағдарлама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
Outlook Express жұмыс
терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Электронды почтаның жұмыс
схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиет
тізімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы
байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның екінші
балама түрі болып есептеледі. Мәліметті өте жылдам, әрі толық күйінде оны
өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің
салыстырмалы бағасы төменгі денгейде) қазіргі почта қызметінің ертеңі
“электронды почта” болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген
ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әр түрлі
құжаттармен, жаңа жобалармен таныстырып, олардыңда осыларға деген пікірін
тез жинап алуға болады.
Электрондық почта кез келген құжатты – ол мейлі қызмет жайлы жалпы
мәлімет бола ма (адресі, аты -жөні, тақырыбы) немесе жай хабар түріндегі
текст (хаттың өзі) бола ма – бәрібір олардың информациялық негізін бірдей
түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.
Электронды почтаны пайдалану кезінде компьютерде әр түрлі арнаулы
программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен – біріне
жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынандай жұмыстар
атқарады:
- алынған мәліметтерді талдау және дайындау
- байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу
Байланыс желісіндегі ең алғашқы программаның жұмысы
компьютердегі текстік информациямен жұмыс істеген сияқты болады. Бұл
кезеңде белгілі бір редакторлық программа көмегімен тексті дайындап, оны
артынан қарап шығуға тура келеді. Тексті оқу, толықтыру, талдау жұмыстары
әдеттегі почтамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда
жинақталған мәліметтер архиві болуы тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларды
тағы қайталап оқып шығып, керек еместерін “қоржынға” тастап, керектеріне
жауап жазу,кейбірін қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында
дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты “почта жәшігіне”
салып, керекті адреске жөнелтеміз.
Сонымен, электрондық почтаның кәдімгі почтадан айырмасы “байланыс
бөлімі” өз компьютеріңізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.
Дайындалған корреспонденцияны жөңелту мен келген хаттарды қарап
шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол
программа хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым –
қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез келген
сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде
программа дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін
атқарады. Компьютер ішіндегі өз “почта жәшігіңіздегі” бұрынғы салынған
хаттар бүкіл тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге
келіп түскен мәліметтер ғана “жәшікте” жатады.
Дербес компьютерді жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс
істейтін болса, тораптық компьютермен байланысқан кезде келген барлық
корреспонденция бір жәшікке түспей, адреске сәйкес осы компьютердегі өз
иелерінің почта жәшіктеріне сұрыпталып салынады, олардыңда жіберілуге тиіс
мәліметтері керекті адрестеріне жөнелтіледі.
Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам почта администраторы
болып тағайындалады. Программаның басқаруымен компьютерге түскен заттар
“талап етілгенше” келіп түскен почта жәшігінде жатады. Мұның қолайлы жағы
– компьютер өшіп тұрғанда келіп түскен хаттар бірден жәшікте сақталып тұрып
қалады. Егер бұлай болмаса, тораптық компьютер жады алынбаған хаттарға
толып кетер еді. Сонда да көптеген иелері алмаған немесе қате кетіп
адрестері дұрыс
жазылмаған хаттар торапта біраз сақталған соң, оларға
арнайы белгі қойылып келген жеріне қайтарылады.

Электрондық почта ( E- mail)
Электрондық почта ( E- mail) – Интернет қызметінің ең көп тараған
және ішіндегі ең тиімділердің бірі.
Электрондық почта – кейінге қалдырылған оқудың типтік сервисі
(offline). Сіз Өзіңіздің хабарламаңызды кәдімгі мәтін түрінде жібересіз,
адрессат өз компьютері арқылы біршама ұзақ уақыт ішінде алуы мүмкін және
сіздің хабарламаңызды өзі қай кезде қаласа, сол кезде оқи алады.
( E- mail) кәдімгі қағаз почтаға өте ұқсас, сонын артықшылықтары
да, кемшіліктері де бірдей. Хат алушының мекен – жайы жазылып, жіберетін
почта бөлімшесінің штампы қойылатын конверттен және ішінде мазмұны бар жеке
хаттан тұрады. Электронды почта да конверттің ролін атқаратын қызметтік
ақпараты бар тақырыптардан (хаттың авторы, алушы, желі арқылы жүру жолы
және т.б. жөнінде) және жеке хаттың өзінен тұрады. Сіз әдетте кәдімгі хатқа
бір нәрсе, мысалы, фотография саласыз; сол сияқты файлды да осы электронды
почта арқылы жібере аласыз. Және кәдімгі хатқа қол қоя алсаңыз – электронды
хатқа да
қол қоя аласыз. Кәдімгі хат адресатқа жетпеуі мүмкін немесе көп кешігіп
жетуі мүмкін, ал электронды почта сол секілді. Кәдімгі хат арзан болса,
электрондық почта да байланыстың ең арзан түрі.
Сонымен, электронды почта кәдімгі почтаның артықшылықтарын да
(қарапайымдылығы, арзандығы, мәтіндік емес ақпаратты жіберу мүмкіндігі,
хатқа қол қою және шифрлеу мүмкіндігі), кемшіліктерін де (жіберудің
кепілдік берілмеген уақыты, жіберу кезінде үшінші тұлғалардың кіру
мүмкіндігі, төмен интерактивтілігі) қайталайды. Дегенмен, олардың елеулі
айырмашылықтары бар. Кәдімгі почтаны жіберу құны қайда, планетаның қай
түкпіріне жеткізілуіне және оның көлемі мен типіне байланысты болады.
Электронды почта үшін мұндай мәселелер жоқ немесе аса жоғары емес.
Электронды хатты қағаз хатқа қарағанда барынша сенімді және ыңғайлы
шифрлауға, қол қоюға болады – соңғысын, ашып айтқанда, жалпыға бірдей
шифрлау құралдары жоқ. Электронды хаттарды жеткізу жылдамдығы оның басқа
ресурстарына қарағанда барынша жоғары.
Тікелей кіру сервисі (on - line) ретінде пайдаланылатын Интернеттің
негізінен барлық қызметттерінің электронды почтаға интерфейсі бар, яғни
егер сіздің on – line режимінде Интернетке кіру рұқсатыңыз жоқ болса да,
сіз арзан электронды почта арқылы Интернетте сақталған ақпараттың қомақты
бөлігін ала аласыз.
Электронды почта хабарламасының жеткізу жылдамдығы оның қандай
түрде берілетініне тікелей байланысты. Интернетке тікелей жалғанған екі
машинаның арасындағы электронды хаттың жолы секунд қана болады және
мұндайда хатты жоғалту немесе ауыстыру ықтималдылығы шамалы. Екінші
жағынан, егер сіз өзіңіздің электронды хаттарыңызды беру үшін FTN(файлдарды
тізбек бойынша көптеген компьютерлермен біртіндеп беру) технологиясын
қолдансаңыз және хатты қандай да бір экзотикалық желіге жіберсеңіз, онда
хат, біріншіден, ұзақ бірнеше күн және тіпті апта бойы жүруі мүмкін,
екіншіден, тізбек бойынша беру уақытында байланыстың үзілуі кезінде босқа
жоғалу ықтималдылығы жоғары болады, үшіншіден, оны жолда оңай ауыстыруы
мүмкін.
Почталық программалардың түрі өте көп, олардың кейбірі тегін
таратылады. Олар бір – біріне өте ұқсас тек безендірілуі жағынан, қосымша
мүмкіндіктерімен және қабылданған стандартқа сәйкестігі дәрежесі бойынша
біршама айырмашылықтары бар. Төменде Windows 9598 жүйесіне арналған өте
көп тараған почталық программалар сипаттамалары берілген.
Microsoft Outlook Express - Microsoft Office пен Microsoft
Internet Explorer құрамына кіретін анағұрлым кейінгі программа. Оны
серверден тегін көшіруге болады. Ол IMAP –ты сүйемелдейді және оның әр
түрлі баптау саны көп.
Netscape Messenger - Netscape фирмасының тегін программасы, ол
Netscape Communicator құрамына кіреді. Мүмкіндігі жағынан Outlook Express
программасымен бірдей.
Eudora – Qualcomm фирмасыныңпочталық программасы. Жеңілдетілген
нұсқасын (Eudora Lite) www.eudora.com серверінен тегін көшіріп алуға
болады, ал толық нұсқасы ақшаға сатылады. Бастапқыда өте кең
қолданылғанымен басқа өндірушілердің тегін программасы көп тарағандықтан,
кейін дамымай қалды. Орыс тілінде мәлімет алысуға жарамайды.
The Bat - RITLABS фирмасының тез танымал болған программасы.
Баптаулардың жеңілдігімен, бірнеше почталық жәшік жүргізу мүмкіндігімен,
фильтерлер баптауларымен және корреспонденцияларды сұрыптауымен
ерекшеленеді.
Почталық программаларды конфигурациялау тәсілдерінің бір – бірінен
айырмашылықтары бар. Дегенмен барлық программаларға ортақ бірқатар
баптаулар мен қасиеттер бар. Почталық программаны нақты бір почталық
жәшікпен жұмыс істеуге лайықтау үшін оған келесі ақпараттарды міндетті
түрде енгізу қажет:
1. Тіркелген электрондық адрес.
2. SMTP – серверінің адресі.
3. POP3(IMAP) – серверінің адресі.
4. Тұтынушы аты және почталық жәшікпен қатынас құру паролі – құпиясөзі
(почталық жәшікті құру кезінде тіркеледі).

Бұдан басқа программалау түрлері көп. Ішіндегі негізгі программаға
көңіл бөлейік.

Outlook Express электронды почтасымен жұмыс істеуге арналған бағдарлама

Outlook Express бағдарламасы электронды хат алмасуды Internet
пайдаланушылары арасында енгізуге арналған. Осы бөлімді оқи отырып, сіз
электронды почта хабарламасын жасауды, жіберуді және алуды үйренетін
боласыз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды почта
Компьютерінде хат
Электрондық почта. Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу
Почталық файлдық сервер
Microsoft Outlook программасында электрондық почтамен жұмыс істеу
Электрондық почта туралы
Серверлерге қатынау хаттамасы
Электрондық пошта
Компьютерлік желілер жайлы ақпарат
Пәндер