Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы



Кіріспе
Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі:
Қайта өрлеу деген сөз, бір замандағы, яғни б.з.д. V ғ шарықтаған грек философиясы, мәдениетті, өнері, әдебиетті 1500 ж бойы қыспақта болып, енді жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді. «Ренессанс» - «Қайта өркендеу», жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу.
Қайта өркендеу деп Батыс және Орталық Еуропадағы мәдениеттің XIV-XVI ғ даму кезеңін айтады. Бұл кездегі ойшылар шіркеу догмалары мен Орта ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырықына тәуелді екендігі туралы түсінікке күмәндік білдірді. Адамды әлем мәселелерінің ортасына қойып, олар оның өзін ғана емес, сонымен бірге іс- әрекеттерінің де мәнін жоғарғы көтерді. Адамға және оның тағдырына, шығармашылық бастамасына тұрақты көңіл аударғаны үшін оларды «гуманистер» деп атады. Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты оның адамға бағытталуы болды. Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына күш-қуат берген, рух, жігер туғызатын Космосты, ортағасырда Құдайды қойса, Қайта өрлеу дәуірінде Адам қойылды. Сондықтан, қайта өрлеудің ерекшелігі антропоцентризм. Енді зерттеудің орталық мәселесі - Құдай емес, адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның бостандығы, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Николло Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень секілді ойшылдарды толғандырды.
Жаңа құндылықтар жүйесі пайда болды, алғашқы болып адам және табиғат, одан кейін ғана дін және оның мәселелері тұратын болды. Бұл дәуірдің тағы бір ерекшелігі ренесанстық мәдениет пен философияның дінді ғылымнан, саясаттан, моральдан бөлуі, секуляризациялауы болды. Секуляризация - қоғамның, адамның дін ықпалынан арылуы, шіркеу меншігінің мемлекеттік меншікке ауысуы. Енді мемлекет, мораль және ғылым мәселелері дін арқылы қаралмады. Болмыстың әртүрлі саласында бұлар өз бетінше, діннен тыс өмір сүретіні, өзінің заңдары бары мойындалды. Бұл дін, Құдай, жанның азат болуы туралы мәселелер мүлдем тоқталды деген емес. Тек оларды философтар әзірше көп қарамады, тәжірибелік ғылымның қалыптасуына байланысты жалғыз ақиқат табиғат туралы білім болып саналды (Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно).
1. Алтаев Ж., Касабек А., Мухамбетәли Қ. Философия тарихы.Алматы-2000
2. Асмус В.Ф. Декарт М., 1956
3. Әбішев Қ. Философия.Алматы. Ақыл кітабы, 2001
4. Гайденко П.П. Эволюция понятие науки (ХҮІІ-ХҮІІІ вв.) М., 1987
5. Зайченко Г.А. Джон Локк М., 1973
6. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы. Раритет, 2004.
7. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Филосфия. Алматы.2003
8. Мырзалы С.Қ. Философия әлеміне саяхат.-Қостанай 2000
9. Нарский И.С. Годфрид Лейбниц. М.,1973
10. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. Алматы 1999
11. Соколов В.В. Спиноза М.,1977
12. Соколов В.В. Европейская философия ХҮ-ХҮІІ веков.- М.,2003
13. Философия Құр. Т.Ғабитов. Алматы. Раритет. 2003
14. Филосфиялық сөздік. Алматы. 1996.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі:

Кіріспе
Қайта өрлеу деген сөз, бір замандағы, яғни б.з.д. V ғ шарықтаған грек
философиясы, мәдениетті, өнері, әдебиетті 1500 ж бойы қыспақта болып, енді
жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді. Ренессанс - Қайта өркендеу,
жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу.
Қайта өркендеу деп Батыс және Орталық Еуропадағы мәдениеттің XIV-XVI ғ
даму кезеңін айтады. Бұл кездегі ойшылар шіркеу догмалары мен Орта
ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырықына тәуелді екендігі туралы
түсінікке күмәндік білдірді. Адамды әлем мәселелерінің ортасына қойып,
олар оның өзін ғана емес, сонымен бірге іс- әрекеттерінің де мәнін жоғарғы
көтерді. Адамға және оның тағдырына, шығармашылық бастамасына тұрақты көңіл
аударғаны үшін оларды гуманистер деп атады. Гуманизм қайта өркендеу
дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке
жетелеуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты оның адамға бағытталуы болды.
Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына күш-қуат берген, рух, жігер
туғызатын Космосты, ортағасырда Құдайды қойса, Қайта өрлеу дәуірінде Адам
қойылды. Сондықтан, қайта өрлеудің ерекшелігі антропоцентризм. Енді
зерттеудің орталық мәселесі - Құдай емес, адам болды. Адамның әлемдегі
орны, оның бостандығы, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм
Роттердамский, Николло Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень секілді
ойшылдарды толғандырды.
Жаңа құндылықтар жүйесі пайда болды, алғашқы болып адам және табиғат,
одан кейін ғана дін және оның мәселелері тұратын болды. Бұл дәуірдің тағы
бір ерекшелігі ренесанстық мәдениет пен философияның дінді ғылымнан,
саясаттан, моральдан бөлуі, секуляризациялауы болды. Секуляризация -
қоғамның, адамның дін ықпалынан арылуы, шіркеу меншігінің мемлекеттік
меншікке ауысуы. Енді мемлекет, мораль және ғылым мәселелері дін арқылы
қаралмады. Болмыстың әртүрлі саласында бұлар өз бетінше, діннен тыс өмір
сүретіні, өзінің заңдары бары мойындалды. Бұл дін, Құдай, жанның азат болуы
туралы мәселелер мүлдем тоқталды деген емес. Тек оларды философтар әзірше
көп қарамады, тәжірибелік ғылымның қалыптасуына байланысты жалғыз ақиқат
табиғат туралы білім болып саналды (Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно).

Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы

Осы кезде жаңа философиялық бағыттар пайда болды. Олар деизм және
пантеизм. Деизм әлемді Құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен
табиғат дамуына оның қатынасы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым. Деизм -
аспандағы парламентаризм. Деистердің көбі әлем туралы өз түсініктерін
жаратылыстану ғылымының жаңа салаларында қалыптастырды. Діннен ғылымның
тәуелсіздігін қорғады.
Пантеизм - (pan - бәрі және tcheos - Құдай) - Құдай мен әлем біртұтас
деп танитын, Құдіретті табиғатпен балаған философиялық ілім. Осы бағыттың
өкілі католик шіркеуінің қайраткері, кардинал, Германия легаты, атақты
философ Николай Кузанский (1401-1464), шын аты Кребс. Оның еңбектері:
Білместік ғылымдары туралы, Шығу тегі туралы, Мүмкіндіктің болмысы
туралы, Жер шарының айналуы туралы. Жаратушының өзін табиғат деп,
Құдайды аспаннан жерге түсірді.
Ол әлем дүниесі мен Құдай бірбүтін деп, жаратылыстану ғылым
зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады және адамның бұл
қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан, бірақ
дүние шексіз, материалды және қарама- қарсылық арқылы қозғалады. Адамды
Н.Кузанский аса жоғарғы қояды. Сонымен бірге Құдайдың адамға қатысы барлық
құбылыста, ең алдымен табиғатта бар деп есептейді. Құдай - әлемнің ортасы
және оның шегі. Ол бүтін, ал дүние әлемі - оның бір бөлігі. Дүние әлемі
Құдайда жиналады және Құдай оны әлемге айналу барысында күшейтеді. Ақиқат
барлық кезде таным процессі, Құдайға жету. Дүниенің бәрін, адамды да
құдай жаратты, бірақ Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, шын
мәнінде Жаратушының рөлін жоққа шығарды.
Коперник Николай (1473-1543) поляк астрономы, әлемнің гелиоцентрлік
жүйесін жасаушы. Негізгі еңбегі - Аспан денелерінің айналуы туралы.
Схоластар және шіркеу өкілдерінің ортағасырлық дәстүріндегі Аристотель -
Птолемейдің геоцентристік теориясына қарсы шықты. Жердің Күнді айналуы
туралы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы
теориясын ежелгі грек ғалымы Аристрах Самоскийдің пікіріне сүйеніп ұсынды:
Жер әлемнің орталығы емес. Күн жерге қарағанда ортада тұр, Жер Күнді
айналады;
Барлық космостық денелер өзінің траекториясы бойынша жылжиды. Космос
шексіз;
Космостағы процессер, табиғи көзқарас бойынша түсінікті, қасиеті
қағидалар мәтінінде түсініксіз.
Джордано Бруно (1548-1600). Оның орталық категориясы біртұтастық, ол
бір мезгілдегі болмыстың болу себебі және болмыс заттарының өзі. Бруно:
Табиғат деген ол заттардағы құдай, табиғаттың өзі құдай, не құдай
заттардың ішінде- дейді. Тұтастық материя түрімен үйлеседі, ал руханилығы
денемен сәйкес болады. Материяға келетін болсақ, ол бұл жағдайда әлемдік
заттардың басы мен соңы болады. Онда түр пайда болады және жоғалады,
материяның өзі мәңгілік, себепсіз себеп бола біледі.
Табиғат өздігінен табиғи қозғалыста болады. Күн жерге қарағанда ортада,
бірақ әлем дүниесінің ортасы емес, әлем - шексіз. әлем дүниесі галактикадан
тұрады. Барлық аспан денелері және ондағы бардың бәрінің қозғалу қасиеті
бар. Әлем дүниесінен бөлек құдай жоқ. Бруноның көзқарасын шіркеу
идеологтары аса жек көрді. Ол 1592 ж түрмеге жабылды. Инквизация одан өз
көзқарасынан бас тартуды ұсынды. Ол көнбеді. 1600 жылы Римде Орталық Гүл
алаңында оны отқа өртеп жіберді. Негізгі еңбектері: Себептілік бастама
және біртұтастық туралы, Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы.
Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік ойлар: Гуманизм терминін
(латинның humanitas адамшылық) белгілі Рим саяси қайраткері, шешен Цицерон
б.з.д І ғасырда қолданды. Оның ойынша humanitos – адамның тәрбиесі және
білімі, оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады. Адамның рухани
табиғатының жетілуінде негізгі роль грамматика, риторика, поэзия, тарих,
этика пәндеріне беріледі. Атап айтқанда, ренесанс мәдениетінің теориялық
негізі осы пәндер болады. Оларды studia humanitas (гуманитарлық пәндер) деп
атады.
Гуманизмнің негізін қалаушы - ақын, философ Франческо Петрарка (1304-
1374). Өз шығармаларында католік шіркеуінің рухани қыспағынан құтылуға
ұмтылуды, адамдардың бостандығы туралы идеяны қозғады. Петрарка антикалық
мұраны бағалауда жаңа тәсіл қолданды. Ол әдебиет, өнер, ғылымның жаңа
сатыда дамуы үшін, негізін қалаушылардың ойына еліктеуден гөрі, антикалық
мәдениеттің жоғарғы сатысына ұмтылуды, сонымен бірге, қайта ой толғай
отыра, кей жағдайда одан басым болуға шақырды. Петрарка салған жолда
антикалық мұра гуманизмнің жетекшісі болды. Қайта өрлеу дәуірдің басты
субъектісі ретінде адамды қойды.
Джованни Пико Дела Мирандолла (1463-1494). Шіркеу қағидаларына қарамай
ол адамды құдай өзіне ұқсас етіп жаратпаған, адам өзін-өзі жасаған деді.
Адам бойындағы ізгі қасиеттерді биік дәрежеге көтеру, абыройын қорғау - әр
адам алдына қойылған мақсат, ол оның ғана жетістігі мен бақыты болып
есептеледі.
Никколо Макиавелли (1469-1527) Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-
философиялық ойлау өкілі, ортағасырлардағы Құдайдың бәрін алдын ала болжауы
концепциясын фортуна (кез, бақыт) идеясымен ауыстырды, адамды
қажеттілікке байланысты әрекеттенуге, пайда болған жаңа жағдаймен санасуға
шақырды. Тағдыр адамды жартылай билейді, сондықтан қалыптасқан жағдаймен
күресу керек дейді. Фортунамен бірге ол тарихтың қозғаушы күші ретінде
Виртун (virtu) – адамның жігерлігін, іскерлігін талантын іске асыру -
терминін енгізді.
Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясында гуманистік дәстүр, тек қана
антикалық мұрамен емес, Рухани және Христиандықпен де көп байланысты болды.
Феодалдық қоғам ішінде өндіріс пен ғылымды дамытуға мүдделі болған күштер
пайда бола бастады. Бұл жаңа туып келе жатқан буржуазия еді, олар феодалдық
тәртіптерге, дін іліміне және схоластикалық философияға қарсы шықты.
Шіркеудің зорлық - зомбылықтарына қарсы батыл күрес әсіресе XV-XVII-
ғасырларда, Қайта өрлеу дәуірінде күшейе түсті. Бұл кезең Батыс Еуропа
елдерінде табиғатты танып білуге ұмтылушылық, Ертедегі Грецияның тәжірибелі
білімі мен алдынғы қатарлы философиясына көңіл аударушылықтың қатты
күшейген уақыты болды.
XVII-ғасырларда материализмнің жаңа отаны Ағылшын елі болды. Бұл
буржуазиялық революция жасаған алғашқы елдердің бірі еді. Жаңа заман
материализмінің негізін салушы, схоластикаға қарсы шыққан Фрэнсис Бэкон
(1561-1626). Ол Жаңа Заман материализмі мен тәжірибелік ғылымының негізін
қалаушы, білім - күш, күш - білімде деген қағиданы насихаттады.
Еңбектері: Ғылымдар табысы;, Жаңа органон, Жаңа Атлантида.
Ф.Бэкон Лондонда, Жоғарғы қызметкердің жанұясында туды. 20 жыл бойы
оның әкесі мөр сақтаушы, ең соңғы күніне дейін мемлекет орындарында қызмет
атқарады. Шешесі Анна Кук өте білімді болған, ежелгі грек, латын тілдерін,
телология және өнерді терең білді. Ағылшын тіліне бірнеше діни шығармаларды
аударды. Бэконның өзі 1573 Кембридж колледжін бітірді. Лорд - канцлер
дәрежесіне жетті. Ол Аристотель, Платон, Софокл, Эврипид және басқа
ойшылдардың еңбегін оқып, зерттеді. Оларға сыни көзбен қарады.
Бэкон ақиқатқа жету үшін адам ақылында кездесетін жалған пікірдің әр
түрлерінен, идолдардан құтылуды ұсынды. Ол идолдардың 4 түрін көрсетті:
1. Тектік елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы мен сезім
мүшелерінің жетілмеуінен шығады.
2. Үңгір елестері. Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік қажеттілік
түрде қабылдауымен байланысты.
3. Нарық (немесе базар алаңындағы) елестері, ол дұрыс емес, не дәл емес
сөздердің нәтижесінде туады.
4. Театр елестері беделге, соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге
сөзсіз сенуге негізделген.
Ол танымның жолындағы кедергілерді алып тастауды ұсынады, адамды
жаңа ақиқатты игеруге шақырады. Елестерді жоюдың негізгі құралы тәжірибеге
жүгіну және нақты деректерді ғылыми әдіспен талдау дейді. Мұндай бағыты
эмпиризм деп атайды. Ақиқат әдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық
(әдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі, нақты бейнелер арқылы көрсету),
әсіресе мысалдарда, ертегілерде көп қолданылатын әдіс - тәсілдермен шешеді.
Оның пікірінше танудың үш жолы бар - өрмекші, құмырсқа және ара жолдары.
Бұлардың әр қайсында өзінің жағымды және жағымсыз жақтары бар:
Өрмекшінің жолы - ақиқатты таза санадан шығару әрекеті. Бұл жол
фактілер мен шындықты менсінбейді. Мұндай әдіспен алатын қорытынды білім
гипотеза, ғылыми болжам түрінде болады. Олар ақиқат немесе жалған болуы
мүмкін. Бұл әдісті догмаларды ұстанушылар мен рационалистер қолданады.
Өрмекшінің өрмегі секілді оларда өз ақылдарын тоқиды.
Құмырсқа жолы - бір жақты эмпиризм, тек фактілерді жинау. Эмпириктер
құмырсқа секілді жекеленген фактілерді табандылықпен жинайды, бірақ бұл
әдіс аз нәтиже береді, себебі зерттеуші зерттеу затының мәнін толық қорыта
алмайды.
Ара жолы алғашқы екі әдістің жақсы жағын біріктіреді. Олардың
әрқайсысында бар кемшіліктен бос. Соның көмегінің арқасында эмпириядан
теория көтеріледі. Өсімдіктердің гүлінен нектар жинайтын, оны балға
айналдытын ара іскер болуы керек.
Бэкон теория мен практиканың танымда сезім мен рационалдықтың бірлігін
жақтады. Бірақ жаратылыстанудың дамуында математиканың рөлін кемітті,
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін мойындамады. Осыған қарамай ол
эксперименттік ғылымның негізін қалады. Бэконның басты шығармасы Жаңа
Органон, ол ғылыми танымның методологиясы. Бэкон негізгі әдіс ретінде
индукцияны ұстанады. Ол тәжірибе мен экспериментке сүйенеді, сонымен бірге
сезімдегіні қорытындылау және талдау әдісі арқылы айқындайды. Индукция жеке
жағдайлардан жалпы қорытындылар шығаратын ойлау тәсілі.
Томас Гоббс (1588-1679) 6 жасында латын және грек тілдерінде сөйлейді
және өте ерте Оксфорд Университетіне түсті. Негізгі еңбектері: Азамат
туралы философиялық ілімнің бастапқы негіздемесі, Левиафан. Ол
теологиялық схоластиканы жоққа шығарды. Философияның мақсаты: адамның іс-
әрекетінің практика жүзінде нәтижеге жетуіне және ғылыми- техникалық
прогрестің дамуына мүмкіндік туғызу. Гоббс дүние денелерден тұрады,
денесіз субстанцияны мойындау денесіз дене болады дегенге сай. Денелер
материяның туындысы. Адам мен жануарлар - күрделі машина, адамның аяғы мен
қолдары - доңғалақ, жүрегі мотор механизімі - деді.
Танымның әдісі ретінде Т.Гоббс индукция мен дедукцияны қолдануды
ұсынады. Адамның дүниені тануы сезімдік қабылдау арқылы іске асады. Бұл
сезім мүшелері (көз, құлақ және т.б.) арқылы қоршаған орта туралы алынатын
шартты белгіні ары қарай өңдеу. Бұл белгілерді Гоббс таңба деп атайды.
Таңбаларды былайша топтастырды:
1. Сигналдар - жануардың өз қимылдарын білдіретін дыбыстар шығаруы
(құстардың әні, мысықтардың мияуы, жыртқыш аңдардың ырылдауы).
2. Адамдардың бір - бірімен қатынасуы үшін ойланып табылған әртүрлі
белгілер.
3. Табиғи белгілер - табиғаттың сигналдары (найзағай, күннің
күркіреуі).
4. Жасырын әдіспен, кодпен жазу, сөйлеу. Көпке түсініксіз ғылыми тіл,
дін тілі, жаргон - жеке топтар тілінің сөздері;
5. Белгілердің белгісі, атаулардың атауы - әмбебаптық ұғым, түсініктер.

Гоббс механикалық материализмнің өкілі ретінде қоғамдық құбылыстарды
механикалық жаратылыстану тұрғысында қарады. Оның пікірінше геометриялық,
математикалық әдістер әмбебаптық ғылыми әдістер болып есептеледі. Сондықтан
қоғам саласында қолдануға болады. Қоғамды, мемлекетті үлкен механизм
ретінде қарады. Олардың негізгі элементтерін жіктеп, оны қарапайым табиғат
заңдарымен түсіндіреді. Гоббс қоғам тарихын екі кезеңге бөлді: Табиғи,
Азаматтық. Табиғи дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу философиясы
Жалғыз философия
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Макиавеллидің саяси философиясы
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Гуго Гроций философиясындағы құқықтық теория
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Пәндер