КСРО-ның құлауы және ТМД- ның құрылуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. КСРО-ның құлауы және ТМД- ның құрылуы
  2. Президентті бүкілхалықтық сайлау
  3. Қазақстанның Мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялау


Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы

КСРО-ның құлауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы

РСФСР, Беларусь және Украинаның басшылары желтоқсан айының басында Беларусь астанасы Минск қаласында бас қосты. Бұл респеубликалардың басшылары жүргізілген келіссөзден соң 1922 жылғы КСРО- ны құру туралы келісім- шарт күшін жойғанын мәлімдеп, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстран Президенті Н. Назарбаев та, басқа ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Халық арасында славян республикаларының өзіндік фактісі құрылып жатыр деген әңгіме тарай бастады.

1991 жылғы желтоқсанның 13- інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабад қаласында бас қосты. Беларусь кездесуінен кейін пайда болған қолайсыздықтың бәрін жеңе отырып, Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары Минск қаласында қабылданған шешімді қолдайтындықтары жөнінде хабарлады. Бұл бұрыңғы КСРО республикаларының, қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің Алматыда бас қосуына мүмкіндік берді.

Желтоқсанның 20- сында тәуелсіз елдер одағы төңірегіндегі бірқыдыру мәселелерді талқылау үшін Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, РСФСР, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылғы желтоқсанның 21- інде жергілікті уақытпен он бір сағат отыз минутта тәуелсіз елдердің басшылары Қазақстан Президентінің Резиденциясына жиналды. М. С. Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15- те күні бұрын әзірленген құжаттарды талқылау аяқталды. Жергілікті уақытпен сағат 17- де Алматыда он бір республиканың басшысы жиналыстың қорытынды құжаттарына өз қолдарын қойды. Міне, осы сәттен бастап қана КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты және құрамына кірген республикалар тең құқылы құрылтайшысы болып саналатын Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы дүниеге келді. ТМД- ны құру жөніндегі хаттамаға қол қойылғаннан кейінгі пресс- конференцияны Н. Ә. Назарбаев ашты.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша- қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

Президентті бүкілхалықтық сайлау

Республика егемендігінің орнығуымен бірге Республика Президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі туындады. Қазақ КСР- ның Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы қазанның 16- сындағы қаулысында 1991 жылғы желтоқсанның 1- інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. Қазақстан халықтарының алдында Президентпен қатар бір ауқытта вице- президентті сайлап алу міндеті тұрды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында «Президент сайлау жөніндегі Заң» қабылданып, Президенттік қызметке Н. Ә. Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны Қазақстанның көптеген тұрғындарына жақсы таныс еді. Ол 1940 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Мамандығы- инженер- металлург. Экономика ғылымының докторы.

Өзінің еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» тресі басқармасында түрлі қол жұмысын істеуден бастады. Кейінірек шойын өңдеуші, реттеуші, газ маманы, Қарағанды металлургия комбинатының балқыту пешіндегі аға газ маманы болып істеді. 1969 жылы партия саласында ауысты да, Теміртау қалалық партия комитетінің өндірістік- көлік бөлімінің меңгерушісі болды. 1969- 1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1971 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Ал 1973-77 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1979 жылдан 1984 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет істеді.

1989 жылғы маусым тайынан Н. Ә. Назарбаев- Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылғы сәуір айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті етіп сайлады.

19914 жылғы желтоқсанның 1- інде бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, ал Е. М. Асанбаев- вице- президенттікке өтті. Желтоқсанның 10-ы күні, жергілікті уақытпен 15 сағатта Республика сарайында Президенттің таққа отыру рәсімі болды. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант берді. Қазақтың дәстүріне орай ол ұлттық киім киіп шықты, ақсақалдар оған алдағы ауқытта табыс тіледі және республикада тыныштық сақтауды аманаттады.

Әкімгершілік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік» және «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10- ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп қайтадан атау жөнінде шешім шығарылды. Бұл бірден- бір дұрыс шешім болатын, өйткені идеологиялық рең алған бұрынғы атау республикадағы қазіргі шынайы өмірді бейнелей алмады.

Қазақстанның Мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялау

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылғы желтоқсанның 16- сында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы үлкен айтыс- тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның туәелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

Қабылданған құжаттың 1- бабында Қазақстан Республикасына тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет ретінде анықтама берілген. Ол өз территориясында барлық өкімет билігін толығынан қолданады: ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттермен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым- қатынасын орнықтырады. Қазіргі бүкіл Қазақстан территориясының шекаралары біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды.

2- тарауында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, шыққан тегі, әлеуметтік және дүние- мүліктік жағдайына, айналысатын ісіне, тұрған жеріне қарамастан құқылар мен міндеткерліктерін бірдей пайдаланатындығы атап көрсетілген. Егемендіктің бірден- бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика территориясын тастап кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе басқа мемлекеттің азаматы болуымен қатар Қазақстанның азаматтығын қоса алу құқығы берілді: жаппай қуғын- сүргін жылдары, зорлықпен ұжымдандыру кезінде, адамгершілікке қайшы саяси акциялар нәтижесінде республика территориясынан қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдай туғызылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КСРО – ның ыдырауының себептері және ТМД мемлекетінің қалыптасуы мен даму бағыттары
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
КСРО-ның тарап кету себептері
1991 жылғы тамыз төңкерісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату
Постсоциалистік елдердегі өзгерістер
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты негізі
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ – ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz