Пайда және өндіріс рентабельділігі


Пайда және өндіріс рентабельділігі
ЖОСПАР:
- Пайда - кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы
- Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- Өнімнің өзіндік құны, табыс, рентабельділік
Пайда - кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.
Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда - бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіп орында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек, қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар ондірісінің болуы мүмкін емес.
Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім ондіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шыгыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды дегон сөз.
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:
- тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
- тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
• сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т. б.
Есептеулік пайда - бұл негізгі өндірістік және айнымалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.
ІІайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. ІІайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
ІІайда белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі - кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
- өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
- негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
- өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен онім бағасы не жоғары, не төмен болуы ондірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
- өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады
- ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын сипаттайды
- инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру
Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір 6өлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы - салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым статъясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады.
Пайданы үлестірудің принциптері:
- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлект пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
- мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтық құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
- салықтан кейінгі кәсіпорынның карауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
- кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі - кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі - тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп койылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Өнімнің өзіндік құны, табыс, рентабельділік
Өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару төмендегідей тәртіппеи жүзеге асырылады:
- шығын мақсатына, негізгі қордың мазмұнынақарай есептеу объектілеріне бөлінеді;
- өнімнің өзіндік құны, негізгі өндіріске қызметкөрсететін көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді;
> өндірістік шығынның есептеу объектісі бойынша
жалпы сомасы анықталады;
> ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша егін шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны жеке-жеке есептеліп шығарылады.
Өнімнің озіндік құнын есептеуде мына төмендегі екі бағыт сақталады:
- өзіндік құнның калькуляциясы;
- шығын сметасы.
Өзіндік құнның калькуляциясы - өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау.
Шығын сметасы - шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы .
Рентабельділік немесе тиімділік неміс тілінен алынған "пайдалы" немесе "кірісті" деген ұғымды білдіреді. Бұл - кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық қүнына қатысы арқылы айқындалады.
1. Өнімдерді өндіру және сатуда шығын сметасы негізінде жоспарланган тауарларды шығару бойынша пайдасы, мұнда жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың өзіндік құны анықталады:
П тп = Цтп - Стп
Мұнда П тп - жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы;
Ц тп - жоспарлы уақытта өткізілетін бағамен шығарылған тауардың құны (қосылған құн салығы, акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда) ;
Стп - жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың толық өзіндік құны (өнімді өндіру және өткізуде, шығын сметасы есептелінген) ;
2. Өнімді өткізуден келтірілген пайданы былай да есептеп шығаруға болады:
Прп = Врп - Срп
мұнда П рп - сол уақытта өткізуге байланысты өнімдер бойынша жоспарланған пайда;
Врп - сатылатын бағамен өнімді өткізуден түсетін
жоспарлы түсім;
С рп - сол уақытта өткізілетін өнімнің толық, өзіндік құны:
3. Прп =П01+Птп -П02
Прп - жоспарлы уақытта өнімді өткізуден түскен пайда;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz