БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы
Бітіру жұмысы
БҰҰ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚОРҒАЛУЫ
Орындаған 4 курс студенті
Ғылыми жетекші т. ғ. к., доцент Бюжеева Б. З.
Норма бақылаушы т . ғ. к., доцент Бюжеева Б. З.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілдіт. ғ. д., доцент Черных И. А.
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ …… . . . . . . . ……. 3
І ТАРАУ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫ
1. 1 Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының мәні мен тарихы . . . 10
1. 2 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының (1948ж. ) мәні мен маңыздылығы . . . 13
1. 3 БҰҰ шеңберіндегі жеке тұлғаның саяси, азаматтық, экономикалық, әлеуметтік құқықтарына қатысты негізгі құжаттарының ерекшеліктері . . . 19
ІІ ТАРАУ. АДАМ ҚҰҚЫ МЕН НЕГІЗГІ БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ БҰҰ-ның ҚЫЗМЕТІ
2. 1 Адам құқықтарының сақталуы мен жүзеге асырылуын қадағалайтын бақылаушы органдардың негізгі қызметі . . . 28
2. 2 Адам құқықтарының сақталмауына қарсы БҰҰ көлемінде атқарылып жатқан іс-шаралар . . . 31
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МЕН БҰҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
3. 1. Қазақстан Республикасының адам құқы жөніндегі халықаралық-құқықтық негізге қосылуы . . . 41
3. 2 Қазақстан Республикасында адам құқының сақталуы және жүзеге асырылуы . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
Сілтемелер . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. Адам құқықтары мен бостандықтары - тұлғаның құқықтық статусының негізін құрайтын жалпы адамзаттық ұлы қазына. Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесiне ерекше назар аударумен келедi. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерiлiстер болғанда да әрбiр жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субъектiлердiң кең шеңберiне таралуына ұмтылыстар жасады.
Қазiргi қоғам дамуының негiзi адамның басты құқықтары мен бостандықтарының мәнiнiң өсуiмен сипатталады. Адам құқығы мәселесі әлем мемлекеттерінің демократизациялануына орай қоғамдық санада нық орнады. Бұл мәселе қазіргі кездегі ең қызықты әрі “сәнді” мәселе ретінде газет-журнал беттерінде, телевизор экрандарында, мемлекет қайраткерлері, саяси көшбасшылар, парламентарийлер, ғылыми конференция қатысушыларының сөйлеген сөздерінде өте жиі кездесетін болды. Адам құқығы мәселесі тек құқықтық емес, сонымен қатар саяси, этикалық сипат ала отырып, қазіргі кездегі халықаралық сахнадағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қоғамның және жеке болмыстың әртүрлi аспектiлерiн қамтитын адамзат дамуының ең жоғары құндылығы - адам құқығы. Адам құқығын қорғау үшiн бiрiншi кезекте адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын заң мазмұндарында көрсете отырып, оның қамтамасыз етiлуi мемлекет тұрғысынан ғана емес, жалпы адамзат, халықаралық қауымдастық тұрғысынан ескерiлуi, сол бағытта iс-әрекеттер жасалуы қажет.
Бұл қажеттілік әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айқын көрініс тапты. Адам құқықтарының жалпыға бірдей қорғалуы мен қамтамасыз етілуі - әлемдік қауымдастық тарапынан шешілуі тиіс ең маңызды мәселе болып қалыптасты. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы өзiнiң қызмет етуiнiң бiрiншi күндерiнен бастап адам құқығына үлкен мән бердi. Ол адам құқықтары төңiрегiнде 70-тен аса халықаралық құжаттарды қабылдады. БҰҰ-ның Жарғысы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілер мен аталған саладағы басқа да құжаттардың қабылдануы соғыс нәтижесінде қалыптасқан ауыр жағдайды біршама өзгертті. Халықаралық құжаттардың барлық түрлерi заңдық сипатына және жүзеге асырылуына байланысты өздерiнiң ерекшелiктерiне ие.
Аталған құжаттар мүше - мемлекеттерге адам құқығын қорғау саласында тек заңды міндеттер жүктеп қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттердің аталған міндеттерді орындауын қадағалайтын халықаралық механизмдер жүйесін құруды көздеді. Бұл жүйе қазіргі кезде екі деңгейде дамуда: әмбебап және аймақтық. Өзінің әмбебаптылығына орай адам құқығы мәселесі бүкіл әлем тарапынан танылуда.
Халықаралық органдардың көпжылдық тәжірибесі көрсеткендей, олар адам құқығын қорғаудың қосымша кепілдемесі мен қажетті элементі болып табылады. БҰҰ-ның Жарғысы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт пен оған қосымша екі Факультативті хаттама ұзақ жылдарға созылған талқылаулар нәтижесінде қабылданған болатын. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының өзі әр сөзіне дейін қайта қарастырылып, қатысушы мемлекеттердің мүдделерін қанағаттандырды.
Қазақстан Республикасы да өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі демократизация жолындағы саясатын жүзеге асыруда БҰҰ-на мүшелік етіп, аталған құжаттарға бірте-бірте қосыла бастады. Мемлекеттегі Заңнама жоғарыда аталған халықаралық құжаттарға сәйкестендіріліп жасалды. Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше назар аударылып, арнайы жұмыс органдары құрылды. Осының өзі Қазақстан халқы үшін аса маңызды қадам болды.
Осыған орай, әлемнің 200-ден аса мемлекеттері мүшелік ететін ең үлкен ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде адам құқығы мәселесінің қорғалуын зерттеу осы күнгі көптеген тараптардың қызығушылығын тудыратын өте өзекті мәселе деп ойлаймын.
Зерттеу нысаны - БҰҰ шеңберіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы болып табылады.
Зерттеу пәні. Адам құқығы мәселесінің БҰҰ шеңберінде қорғалуын зерттеуде халықаралық құжаттардың маңыздылығы мен олардың әлем мемлекеттері тарапынан мойындалып, жүзеге асырылуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағында осы салада жүргізіліп жатқан жұмыс сараптамасы негізге алынды.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - БҰҰ қызметі шеңберінде қабылданған халықаралық құжаттарға негізделе отырып, адам құқығы мәселесінің қорғалуын жан-жақты сараптау, Қазақстан Республикасындағы осы негізде атқаралып жатқан жұмыстарды қарастыру. Осы мақсатқа жету жолында келесідей міндеттер айқындалды:
- Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығын қорғау саласында қабылдаған халықаралық құжаттарының маңыздылығын қарастыру;
- Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының аталған саладағы қызметіне шолу жасау;
- БҰҰ-на мүше-мемлекеттердегі адам құқықтарының сақталмау салаларын анықтау мен олардың алдын алу жолдарын іздестіру;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен аталған саладағы атқарылып жатқан жұмысқа сараптама беру.
Бітіру жұмысының деректік негізі: Бітіру жұмысының алдына қойылған мақсат пен міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланылған деректерді бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топ - құжаттар . Оған БҰҰ-ң Жарғысын жатқызуға болады. Халықаралық қатынастардың басты қағидаларын айқындаған және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізіне алынған бұл құжат бітіру жұмысында кеңінен пайдаланылды [1] . 1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы БҰҰ тарапынан қорғалатын құқықтардың мән-мағынасын ашып, сараптама беруге зор үлесін қосты [2] . Ол адам құқығы саласындағы мәселелердің халықаралық деңгейде қорғалу мәселесін көтерген құжаттардың бірі болып табылады. 1966 жылы қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт пен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт - осы екі құжат мүше-мемлекеттерге ең алғаш адам құқығы саласындағы міндеткерліктер жүктеген құжаттар ретінде маңызды роль атқарды . Олар Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билль деген атпен белгілі құжатқа жинақталған [3-4] . Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қабылдаған басты құжат - Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995ж. ) [5] . Конституцияның 1/3 бөлігі адам құқықтары мәселесіне арналғанын атап кеткен жөн. Деректердің екінші тобына мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін халықаралық қатынастардың толлықанды мүшесі ретінде халықаралық ұйымдарға мүшелік етіп, халықаралық құжаттарға қосылуды баян ететін Президентіміздің еңбектері де пайдаланылды[6-8] . Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық сахнаға шығып, әлемге танылуына, басқа елдермен ынтымақтастығын нығайтуға, елдің демократияға өту жолындағы атқарылып жатқан қыруар жұмысқа үлесін қосқан атақты саясаткер және дипломат Қасымжомарт Тоқаевтың еңбектері, қазіргі Сыртқы Істер министрі Марат Тажинның сұхбаттары қолданылды [9-11] . Министр Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған БҰҰ жиналысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау механизмдерін дамыту мен жетілдіру бағдарламасы жөнінде сөз қозғап, әлемдегі бүгінгі күнгі қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу шараларын атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Т. Абишевтің аталған Комиссияның құқықтық және демократиялы мемлекет құру механизмі ретіндегі ролін анықтау жөніндегі сараптамасы қарастырылды[12] . Адам құқықтары орталығының басшысы В. Калюжный мырзаның Қазақстан Республикасындағы Омбудсмен институтының халықаралық ынтымақтастық үрдісі мен заңнаманы жетілдірудегі ролі жөніндегі баяндамасы да жұмысты жазу барысында құнды дерек болды[13] .
Адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына аса көңіл бөлген, БҰҰ-ның хатшысы Кофи Аннанның адам құқықтары мен демократиялық үрдістерді сараптауға арналған сөздері де жұмыста қолданылған болатын[14] . Ол өз сөздерінде осы күнгі халықаралық қайшылықтарға толы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мен халықтар арасындағы өзара түсінісушілікке жету жолында үнемі алдыңғы қатарда жүріп отыру қажеттігін айтады.
Жұмысты жазу барысында адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі құжаттар жинағы Қазақстандағы адам құқығының қорғалу деңгейін сараптауда аса құнды дерек болып табылады[15-18] .
Бітіру жұмысын жазу барысында қолданылған деректердің тағы бір тобы - бұл мерзімдік басылымдар болды. Қазақстанда 1994 жылдан бастап шығарылған мерзімдік басылымдағы газет-журналдар пайдаланылды[19-22] .
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметімен, осы саладағы басты құжаттар мен олардың қабылдану тарихы, қабылдану барысындағы мемлекеттердің ұстанымдары мен қайшылықтары мәселесімен нақты айналысқан адам саны өте аз болғанымен, адам құқықтары мен бостандықтары, олардың қорғалуы, осы саладағы БҰҰ-ның арнайы органдары жөнінде жазылған еңбектер, сараптамалар баршылық. Кез келген адамның қызығушылығын тудыратын осы күрделі мәселемен айналысқан кеңестік зерттеушілердің де еңбектері қарастырылды. Адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудегі халықаралық ұйымдардың қызметіне сараптама берген Островский Я. А. [23], Г. И. Морозов[24], А. П. Мовчанның[25] еңбектері аса маңызды болып табылады. Островский Я. А. БҰҰ-ның халықаралық қауымдастықтағы ролі мен оның шеңберіндегі адам құқығы мен бостандықтарының қорғалу мәселесіне көп көңіл бөлген болатын.
Г. И. Морозов БҰҰ-ның құрылымы мен қызметіндегі халықаралық құқықтық аспектілерді қарастыра отырып, оларға кең көлемді сараптама береді. Аталған еңбек БҰҰ-ның құқықтық аспектілеріне, ұйым құрылымындағы кемшіліктерге сараптама берген алғашқы жұмыстардың бірі болып табылады. А. П. Мовчан өз еңбегінде адам құқықтарының халықаралық қорғалу аспектілерін қарастырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметіне көңіл аударған авторлар қатарына Б. Г. Манов [26], В. Н. Кондратьев [27], Р. Л. Бобров, С. А. Малининді[28] де жатқызуға болады. Аталған авторлар БҰҰ-ның тарихына тоқтала отырып, ұйым туралы жалпы мәліметтер береді. В. Н. Кондратьев ХХ ғасырда жасалынған аса маңызды құжаттар, соның ішінде БҰҰ шеңберіндегі құжаттарға көңіл бөледі.
БҰҰ-ның құрылуы мен қызметіне, келісімдер жасау мен құжаттар қабылдау барысындағы туындаған мәселелерге назар аударған зерттеушілер қатарына В. А. Карташкин [29], Ф. М. Бурлацкий [30], К. Л. Обузов [31], И. И. Яковлевтың [32] еңбектерін жатқызуға болады. Аталған авторлардың арасында Ф. М. Бурлацкий БҰҰ-ның құрылғаннан кейінгі атқарған қызметіне, соның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше көңіл бөледі. В. А. Карташкин, К. Л. Обузов және И. И. Яковлев адам құқықтарының жалпы халықаралық құқықта қорғалуын қарастырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жөнінде шыққан “ООН: итоги, тенденции, перспективы” атты жинақта [33] келтірілген құжаттар, ұйымның жұмыс жасау салалары, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы аса маңызды роль атқаратын ұйымның даму жолдары айқындалған.
Адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық қорғалуы мен қамтамасыз етілуі жөніндегі кеңестік және шетел авторларының еңбектері бітіру жұмысын жазуда аса маңызды болды. Олардың қатарына А. Я. Азаровты [34], М. В. Баглай [35], С. И. Глушкова [36] , М. Крэнстонды[37] жатқызуға болады. А. Я. Азаров адам құқықтарының қазіргі әлемдегі жалпылама мәні мен қолданылуы, халықаралық қауымдастық тарапынан қорғалуын зерттейді. Адам құқықтарының саяси, азаматтық, құқықтық аспектілеріне көңіл бөледі. М. В. Баглай құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы мен оларды қалпына келтіру механизмдері мен жолдарын қарастырады. Құқықтар мен бостандықтардың халықаралық құжаттарда көзделген тәртіппен қамтамасыз етілу мәселелеріне көңіл бөледі. С. И. Глушкова Ресей қоғамындағы адам құқықтарының тарихы, бүгіні мен ертеңін сараптайды. М. Крэнстон адам құқықтары мен осы саладағы басты халықаралық құжаттармен жұмыс жасаған. Еңбекте халықаралық ұйымдар шеңберінде қабылданған адам құқықтары жөніндегі келісімдерге назар аударылады.
Г. И. Морозовтың халықаралық ұйымдарға арналған еңбегі халықаралық ұйымдарды зерттеуде теория мен пәрменді тәсіл қолдану мәселесінің маңыздылығын көрсете отырып, ұйымдардың келешектегі жағдайына көңіл аударды[38] .
БҰҰ құжаттарымен тікелей айналысқан, ұйым шеңберіндегі халықаралық қатынас дәрежесін анықтау мен оған бара беруге ұмтылыс білдірген, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізі ретінде БҰҰ-ның Жарғысын зерттеген авторлар қатарына Г. М. Ефимов [39], А. В. Козырев [40], И. В. Николайконы [41] жатқызуға болады.
“Основные сведения об Организации Объединенных Наций” атты ұжымдық еңбекте БҰҰ-ның пайда болған мәселелерді шешу үшін күрес пен бүгінгі күнгі мүмкіндіктерді пайдалану барысындағы мақсаттар мен жауапкершілік салалары қамтылған[42] .
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы мен қамтамасыз етілу механизмдерін зерттеумен айналысқан және оларға толыққанды сараптама берген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі М. А. Сарсембаевтың жұмыстары кеңінен пайдаланылды[43-45] .
Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты жүйенің қалыптасуын зерттеу барысында ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығы шығарған “О роли судебных и внесудебнх институтов в имплементации международных конвенций по правам человека” атты жинағы аса маңызды болды [46] . Аталған жинақта 2004 жылы 3 қарашада Астана қаласында өткізілген “Адам құқығы саласындағы конвенцияларды имплементациялаудағы соттық және соттан тыс институттардың ролі” атты халықаралық конференциядағы қатысушылардың баяндамалары жинақталған.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесін ғылыми тұрғыдан айқындаған С. К. Жүрсімбаевтың еңбегі өте маңызды болды[47] .
Сонымен қатар А. Калимукашеваның[48], Б. З. Бюжееваның[49], А. А. Сабитованың[50] адам құқықтары қорғалуының құқықтық, тарихи аспектілерін ашуға бағытталған мақалалары септігін тигізді. Аталған әдебиеттер зерттеліп отырған тақырыпты жан-жақты саралауда кең көлемде септігін тигізген болатын, алайда мәселе әлі де болса зерттелуді қажет етеді.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізі.
- БҰҰ шеңберіндегі көпжақты қарым-қатынастардағы адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы мен қамтамасыз етілу дәрежесін, сипатын, салдарын мен болашақ перспективаларын анықтаудағы сараптау, талдау әдісі.
- Адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық қауымдастықтағы орны мен әлемдегі екі жақты және көпжақты қатынастарға қосып отырған үлесін анықтайтын сараптамалық әдіс;
- Адам құқығы жөніндегі құжаттардың қабылдануы мен қарастырылуын, жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау әдісі;
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы жұмыстың барлық тараптар үшін аса қажет әрі қызықты адам құқы қорғалуының жан-жақты зерттелуінде. Автор БҰҰ шеңберінде аталған салада қабылданған маңызды құжаттар мен қорғауды қажет ететін адам құқықтарының салаларында зерттеу жұмысын жүргізді. Ғылыми айналысқа ресми құжаттар, шетел зерттеушілерінің еңбектері, статистикалық мәліметтер, оның ішінде әлемдік Интернет жүйесінде сақталған ғылыми деректер енгізілді. Жұмыста жинақталған құжаттар мен сирек кездесетін ақпараттар отандық зерттеушілердің жұмыстарында қолданылуы мүмкін. Қазақ тіліндегі материалдардың жетіспеуіне орай, көбісі орыс және ағылшын тілдерінен аударылды. Аталған материалдардың оқу процесінде қолданылуына да болады.
Жұмыстың қолданыстық маңыздылығы - көптеген дерек көздеріне сүйене отырып жазылған БҰҰ шеңберіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуына дипломатиялық және құқықтық негіздерге сүйене отырып, жан-жақты сараптама берілді. Аталған мәселенің халықаралық қауымдастықта алатын орнына ерекше көңіл аударылып, Қазақстан Республикасы үшін осы үрдіске қатысу перспективалары ашылды. Осыған орай Қазақстан Республикасы үшін жақында ратификацияланған Халықаралық пактілердің толық орындалуына барлық жағдай жасауға, ішкі қағидаларды халықаралық стандарттарға сай өзгертуге түрткі пайда болды. Осылайша еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен тең дәреже иеленуіне жағдай жасалуы мүмкін. Жұмыс барысында пайдаланылған әдебиеттер мен жасалынған қорытындылар жоғарғы оқу орындарында адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы курс барысында қолданылуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын мәселелер:
- БҰҰ құрылғаннан кейінгі адам құқықтарының қорғалуы мәселесіндегі халықаралық құжаттардың, соның ішінде әсіресе маңызды болған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, қабылдану қажеттігі туды. Одан басқа адамдардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық құжаттар да жарық көрді. Аталған құжаттар әлемнің барлық дерлік елдерін біріктіре отырып, адам құқы қорғалуының ортақ механизмін қалыптастырды.
- БҰҰ органдары аталған салада қыруар еңбек атқарып жатыр. Адам құқықтарының барлық салаларын қамтып, көптеген мәселелердің оң шешуін табуына тигізген әсері мол. Қоғамның ерекше қорғауға алынатын санатына көп көңіл аударылады.
- Адам құқытарының қорғалуы мен қамтамасыз етілуін аса қажет ететін қоғам санаттары - әйелдер, балалар, қарт адамдар мен мүгедектер болып табылады. Осы қоғам топтарының қорғалуына БҰҰ тарапынан ерекше назар аударылады. Арнайы конвенциялар қабылданып, осы мәселені түбімен шешудің жолдары іздестірілуде.
- Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1992 жылы БҰҰ-на мүшелік ете отырып, ұйым шеңберінде қабылданған адам құқықтары саласындағы құжаттарға қосылу үрдісін бастады. Қазіргі таңда адам құқы саласында қабылданған аса маңызды құжаттарды ратификациялады. Мемлекетте әлем стандарттарына сай ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты сияқты органдар құрылып, жұмыс жасауда.
Жұмыстың құрылымы : кіріспе, үш тараудан, қорытынды, сілтемелер және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫ
1. 1 Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының мәні мен тарихы.
Адам баласы барлық құндылықтардың арасынан шын мәнінде әмбебап, жалпыға бірдей құндылық деп танығаны - бұл адам құқықтары мен бостандықтары. Екі жарым мың жыл бойында өркениеттер танып, қалыптастырған адам құқықтары қазіргі заманға сай қалып пен түсінікке ие болды. Қазіргі өркениеттің басты құндылықтары ретінде адам құқықтары мен бостандықтары халықаралық қатынастар үшін маңыздылығын ХХІ ғасырда да жоғалтпайды. Ондай тұжырымдамаларды 2000 жылы қыркүйек айында өткен Мыңжылдық саммитіне қатысушы мемлекет және үкімет басшылары шығарған болатын [51] . Адам құқықтарын сыйлау қағидасы халықаралық қатынастардың басты қағидаларынаң бірі болып табылады.
Жалпы алғанда, адам құқытарының бір ғана анықтамасын беру мүмкін емес. Себебі адам құқығы кең көлемді мәселе болып табылады. Адам құқықтары мен бостандықтарының кең көлемділігі 1789 жылы қабылданған Адам және азамат құқықтарының декларациясында көрініс тапқан болатын. Бұл декларацияда “Әр мемлекеттің басты мақсаты - адам мен азаматтарды табиғи құқықтармен қамтамасыз ету” деп мәлімделеді[52] . Яғни әр мемлекеттің басты құндылығы адам және мемлекет оның құқықтарын қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салуы керек. Декларация сонау ХVІІІ ғасырда қабылданғанымен, қазіргі күннің өзінде маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Оның себебі Декларацияда жарияланған құқықтар мен бостандықтардың бүгінгі күннің өзінде кеңінен пайдаланылуында. Қарастырылған құқықтар мен бостандықтарға келесілер жатқызылды: барлық адамдардың тумысынан еркіндігі мен теңдігі; барлық адамдардың өз қабілеттерін дамытуға құқылы екендігі; әркімнің заң алдында тең қорғалуы; адамдардың ар-ождан мен наным-сенім бостандығы[53] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz