Сел және су тасқындарынан қорғану


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Негізгі бөлім
Сел
- тау өзені мен құрғақ сай арналарында пайда болатын минералды бөлшектер, тастар және тау жыныстарының сынықтары (тасқын көлемі 10-15-тен 75%-ға дейін) шоғырланған су тасқыны. Олардың орын алуына әдетте жауын-шашын, өте сирек жағдайда қардың үдемелі еруі, сондай-ақ теңіз және үйінді көлдердің жарылуы, опырылу, көшкін, жер сілкінісі әсер етеді.
Әдетте, сел тасқыны ағымының жылдамдығы 2, 5- 4, 0 м/с құрайды, бірақ бөгеттің бұзылуы барысында 8-10 м/с дейін жетуі мүмкін. Тас балшық үймегінің биіктігі 15 м-ге дейін жетіп, салмағы 300 тонна қойтастың өзі оңай дөңгеленіп жүрген жағдайлар да белгілі. Қозғалған сел тасқынының күрсілі мен гүрілі алыс қашықтықта естіледі. Апатқа адамдар (туристер, геологиялық барлаушылар, шекара сақшылары, жергілікті тұрғындар), тұрғын үйлер, инженерлік және жол құрылымдары ұшырауы мүмкін.
Сел қаупі оның талқандағыш күшінде ғана емес, сонымен қатар оның кенеттен пайда болуында да. Сел салдары апатты бола алады
.
СЕЛГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ ҚАЖЕТ
Әдетте сел тасқындары болатын жер белгілі. Тауға шығардың алдында бұл жерлерді өз маршрутыңыз бойынша біліп алған жөн, және оларға әсіресе жаңбыр мол жауғаннан кейін жоламаған дұрыс. Естеріңізден шығармаңыз, сел тасқынынан аулақ жүргенде ғана, одан сақтануға болады. Алдын-ала көшетін болсаңыз, үйіңізден шығардың алдында электр қуат, газ бен су құбырын ажыратып, есік, терезе және ауа тазартқыш тесіктерді тығыздап жапқан абзал.
СЕЛДЕРДІ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР
Сел қауіпті аудандарда селге қарсы бөгеттер мен тоғандар орналастырылады, айналма арықтар құрылады, тау көлдерінің деңгейі азайтылады, ағаштарды отырғызу арқылы тау баурайында жер нығайтылады, бақылау жүргізіледі, хабарландыру жүйесі ұйымдастырылады және көшіру жоспарланады.
СЕЛ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ
Жақындап келе жатқан сел тасқынының шуын естісеңіз, тез арада алқап түбінен кемінде 50-100 м. -ден кем емес жоғары қарай көтерілу қажет. Бұл жағдайда
«дүркіріген тасқыннан алыс қашықтықта өмірге қауіп төндіретін салмағы ауыр тастар атқылауы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн».
СЕЛ ТАСҚЫНЫ ЖҮРГЕННЕН КЕЙІНГІ ІС-ӘРЕКЕТ
Зардап шеккен адамдарға жәрдем көрсетіп, сел қозғалысы жолындағы және селдің негізгі салмағы түскен жерлеріндегі үйінділерді реттейтін жасақтар мен органдарға қолғабыс етіңіздер.
Егер Сіз зардап шеккен болсаңыз, өзіңізге дәрігерлік жәрдем алдындағы көмекті көрсетуге тырысыңыз. Дененің зақымдалған жерлерін, мүмкіндігінше, көтеріңкірілген күйде ұстап, олардың үстіне мұзды (сулы материяны) салып, қысатын байлауышты байлаған дұрыс. Дәрігерге көрініңіздер!
Сел және су тасқындары
Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Бөген, Сайрамсу өзендері облыс аумағындағы негізгі жер үсті су көздері болып табылады. Облыста ұзындығы 10-нан 200 км құрайтын барлығы 118 кіші өзендер, 28 су қоймасы және 25 көл бар. Олар елді мекендерді сумен жабдықтау көздерінің қызметін атқарады, жер суару үшін пайдаланылады. Қарқынды шаруашылық қызметтің әсерінен су ресурстары белгілі бір дәрежеде сапалық және сандық өзгерістерге ұшырады, елді мекендер мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар маңындағы өзен сулары жайылған жерлердің санитарлық ахуалы нашарлап кетті, ал күзгі-көктемгі тасқын кезінде бұл өзендер бейбіт тұрғындар үшін қатер тудырады. Өйткені, барлық өзендер таулы жерден бастау алады және олардың жылдамдығы жаңбыр немесе еріген қар суы ағынымен толасқан кезде күшейе түсіп, жылдан жылға жол-жөнекей өзен жағаларын шайып, үйлер мен өзге де нысандарды зақымдауда.
Толассыз жауған жаңбыр, тауда еріген мұз суларынан болатын көктемгі тасқын нәтижесінде Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Арыс, Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласының аумағында 143, 7 мың тұрғыны бар, көлемі 16, 7 ш. км. құрайтын су басып қалатын аймақтар пайда болуы мүмкін. Тасқын және су басып қалудың ең ықтимал кезені 20 наурыздан 20 маусымға дейінгі аралықты қамтиды.
Көктемгі тасқын ғимараттардың, жолдар мен көпірлердің қиратылып зақымдануына, бірқатар аудандарды энергия қуатымен жабдықтаудың бұзылуына, басқару байланысы мен хабарлау жүйелерінің ішінара істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Тасқын, су тасқындары мен су басып қалуға әкеп соқтыруға бейім өзендер мен су қоймалары:
- Арыс өзені, Ақсу өзені, Келес өзені, Бадам өзені, Боралдай өзені, Сайрамсу өзені, Сырдария өзені;
- Шардара су қоймасы, Бөген су қоймасы, Бадам су қоймасы, Косқорған су қоймасы, Қапшағай су қоймасы.
Облыс аумағында 5 ірі сі қоймасы салынған:
Шардара су қоймасы . Су басып қалуы ықтимал көлемі 16000 ш. км. құрайды. Бөгеттен су тасыған жағдайда облыстың үш ауданы Шардара, Арыс және Отырар аудандарының 70973 тұрғыны бар елді мекендері апатты су басып қалу аймағында қалып қояды.
Бөген су қоймасы . Су басып қалуы ықтимал көлемі 400 ш. км. құрайды. Су басып қалу ықтимал аймақта 3, 2 мың тұрғыны бар 5 елді мекен қалып қояды, оның ішінде: Сайрам аудандарының Жұлдыз, Маятас, Бадам-2, Қарабастау аудандары мен Шымкент қаласының бір бөлігі - Чапаевка поселкесі, «ПК ЮПМ» АҚ, МЖК аумағының бөлігін су басады.
Қапшағай су қоймасы. Су басып қалуы ықтимал көлемі 400 ш. км. құрайды. Су басып қалу ықтимал аймаққа Бәйдібек ауданының 1610 тұрғыны бар Қазата елді мекені кіреді.
Косқорған су қоймасы. Су басып қалуы ықтимал көлемі 180 ш. км. құрайды. Су басып қалу ықтимал аймаққа Түркістан қаласының 2, 2 мың тұрғыны бар Оранғай елді мекені кіреді.
Сырдария өзенінің тасу себебі - қыс мезгілінде температураның минус 20-30 градусқа дейін кенет төмендеп кетуінен өзен айдыны қалыңдығы 20-30 см дейін мұз басып, қатып қалады. Су қоймасынан 800-900 м 3 /сек. дейін су жіберу қарқыны ұлғайтылған кезде су мұз үстінен ағып, жағалардың төмен жерлерінде жаға бөгеттерінен асып кетеді. Сондай-ақ мұздың кептелуінің тағы бір себебі - мұз басқан айдынның біркелкі емес күйде жарылып, соңынан қабыршақ мұздардың пайда болуы. Олар өзен арнасының бағыты өзгерген кезде шиырланып, көпір аралығында мұздың кептеліп қалуына әкеп соқтырады.
Мұндай жағдайларды жою үшін:
- қордаланған мұзды жару жұмыстарын жүргізу қажет, сондай-ақ соның көмегімен уақытша пайда болған арнаның бұзылған жері арқылы жақын маңайдағы екі іргелес жатқан мұздақтар бірігеді. Нәтижесінде кептелісте жинақталған су ағыны бұрып жіберіледі;
- Сырдария өзені арнасының бойында орналасқан қорғау бөгеттерін қалпына келтіру жұмысын жүргізу, су басып қалу қаупін жою үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет етіледі;
Арнаны түзеу және жағаны күшейту жұмыстарын кезекті күзгі-көктемгі су тасқыны кезінде жүргізбестен, тасқын болатын кезеңге жыл сайын дайындалу қажет. Өйткені, тасқын сулар жағаны шайып, автожолдарды басып, көпірлерді зақымдап, жақын маңайда орналасқан тұрғын үйлерді басып қалу қаупін төндіреді, сондай-ақ қомақты материалдық залалға әкеп соқтырады.
4. Тасқын, су басып қалу кезінде қирап бұзылуы және шайылып кетуі ықтимал автомобиль және темір жолдар мен көпірлер:
Ұзындығы 20 км республикалық маңызы бар автожолдар, олар - М-39 Алматы - Ташкент - Термез автожолы, 612-632 км, көпірлер - 5 бірлік.
Ұзындығы 33 км жергілікті маңызы бар автожолдар:
Түркістан ауданы - Р-310 Кентау-Түркістан-Төрткүл 123-128 км, ОК-84;
Отырар ауданы - Ок-10 Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм 11-13 км, Ок-12
Шәуілдір-Ақдән 15-16 км;
Төлеби ауданы - ОК-82 «Біркөлік» санаторийіне кірер жол 4-6 км, Блинков-Төнкеріс 22-25 км, «Южная» турбазасына кірер жол 10-12 км;
Созақ ауданы - ОК-2 Бірлік-Екпінді 412-416 км, 560-567 км, Тараз-Ақкөл-Кентау 206-210 км. Көпірлер - 23 бірлік.
Ұзындығы 6, 2 км темір жолдар : Парк жол айрығы 3216 км. (500 м. )
Арыс ауданы - стансаның Түлкібас солтүстік қылтасы (300 м) ; Түлкібас ауданы - Күншағыр - Отрабат стансаларының екі аралығы (перегоны), 5 км; Түркістан қаласы, Тағансай-Шағыр (400 м. ) аралық тармағы, Арыс-Ташкент. Көпірлер - 5 бірлік.
Облыста сейсмикалық қауіпті 47 учаске анықтаталған.
Облыс аумағында сел тасқындары негізінен Бадам, Дөнқұзтау, Сайрамсу, Машатсу, Ақсу, Балдыбрек, Өгем және Жабағлысу өзендерінде байқалуда.
Көшкін қаупі бар қозғалыстар түрлі сипатта - қатты нәрселердің жылжуынан бастап тұтқыр сұйық заттардың ағысына дейін болуы мүмкін. Көшкін қозғалысының нәтижелік түрі көшкін немесе көшкінді ағын болып табылады.
Көшкіннің дамуы геологиялық (жер бедерінің қуаты, оның шағы мен генезисі), гидрометеорологиялық жағдайларға (атмосфералық жауын-шашын, жердің қатты ылғалдылығы, судың жер үстінен ағуы) тікелей байланысты.
Таулы аудандарды көп мақсатты қарқынмен игеру барысында беткейлердің табиғи жағдайының бұзылуы, ең әуелі, олардың іргесінің суландыру каналдарын, суармалы жерлер мен өзге де тораптық тұрпаттағы құрылыстарды пайдалану кезінде шайылып бұзылуымен байланысты. Сайып келгенде, мұның барлығы көптеген беткейлердің беріктігін төмендетіп, олардың опырылып бұзылу ықтималын арттырады.
Қазығұрт, Төлеби және Түлкібас аудандарының аумағында көшкін қауіпті 13 телім, онда 850 адам тұрады, 150 үй, 1 мектеп, 1 демалыс үйі орналасқан.
5. Күртік қар, көшкін, дауылды жел және температураның кенет төмендеуі
Гидрометеорология жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық орталығының бақылауынша, қыс мезгілінде темір жол мен автожолдардың жекелеген учаскелерін қар басып қалуы ықтимал. Қиын жағдай жердің төмен жақтарында және таулы асуларда, сондай-ақ ауыл арасы жолдарымен байланысқан және олар бойынша қозғалыс қарқыны төмен елді мекендерде орын алуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz