Чжоу Эньлай мемлекет қайраткері


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ . . . 3-7
I -ТАРАУ. Чжоу Энлайдың революциялық қызметі.
1. Чжоу Эньлайдың саяси портреті . . . 8-11
2. Вампуәскери мектебінің құрылуы . . . 12-13
3. Біріккен майданның кұрылуы . . . 14-16
II -ТАРАУ. Чжоу Эньлай мемлекет қайраткері.
1. Ч. Эньлайдың мемлекеттік және саяси рөлі . . . 17-20
2. Ч. Эньлайдың дипломанттық рөлі . . . 21-41
Қорытынды . . . 42-44
Пайдаланған әдебиеттер . . . 45-47
КІРІСПЕ
Бұл тақырыпты алуымыздың негізгі себебі бүгінгі таңда дүние жүзінің терезесі тең елдерінің қатарыла ұзақ жылдар бойы антиманжурлық, антиимпериалистік және революциялық күрес жолымен жеткен Қытай Халық Республикасының мемлекет болып құрылуына ат салысқан революционер, мемлекет қайраткері, дипломат Чжоу Эньлай еңбегін көпшілік қауымға таныстырғымыз келеді. Қазіргі кезде өз егемендігін өз қолына алған Қазақстан 70 жылдан аса Советтік империяның бұғауылда болып келді. Ал, Қытай елі соңғы жүз жылда, әсіресе XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында Шығыста шиеленіске түскен елдің бірі болды. Мұны Қытай революционер қайраткері Чен Бода «Кытай халқы өз жеріне басқыншылық еткен барлық империалистік елдермен соғысты Қытай жері -революциялық күрес ең ұзақ уақыт жүрген жер» 1 . - деп жазды.
В. И. Ленин «Қытай халқы ғасырлар бойы жаншып келген құлдығына бас ұрмай, бостандық пен теңдігін армандап қана қоймай, Қытайдың қанаушыларына қарсы күреске шықты» - деп көрсетті.
Қытай - көп ғасыр бойы монархиялық дәстүр сақтаған, шарулар қауымы әлі де жойылмаған, жартылай феодалдық, жартылай орталық ел болды.
Қытай пролетариатының күреске шығуының да негізгі себебі осы болды. Халық манжурлық және өз жеріндегі феодалдық қанауда болды. Жұмысшылар өнеркәсіп орындарылда ұсталды. Деревнядағы кедейлер қанаушылыққа ұшырады. Осындай себептен Қытай еңбекші бұқарасы революциялық күреске араласып, әскери күшке айналды. Олар коммунистік партиясын құрды, ол партия Қытай революциясында жетекші роль атқарды. Қазіргі кезде КХР-да Қытай революциясы туралы көптеген зерттеулер мен мақалалар, бұрын бұл салада ғылыми талдаулар аз жасалылған жаңа материалдар, сонымен қатар Қытай революциясындағы сол кездегі басшы қайраткерлер рөлін ашу қолға алынды. Арада пікірталастар пайда болды. Мұны Батысгерм ан тарихшысы Т. Шидер сөзімен айтқанда «Тарихтың жекелеген фазалары соңғы бөлшектеріне дейін түсіндірілсе де тарих жұмбақ күйінде қала береді. »
Тарих әдебиеттердің бір бөлігі, әсіресе 1979-1981 жылдардағы «мәдени революция» кезіндегі Қытай коммунистерін ақтауға байланысты саяси компаниялардың мақсаты «мәдени революция», кезіндегі тарихи оқиғадан алыс тұрудан бас тарту болды. Бұл Қытайдағы революциялық қозғалысты жаңаша тұрде қарауды талап етіп отыр.
Соңғы кезде Қытайда «Қытай Коммунистік партиясының тарихы» туралы лекция жарық көрді. Оны Шанхай, Пекин, Цзимин, Ханчжоу, Ухан, Гуанчжоу сияқты ірі оқу орындарының орталықтары дайындады.
Бұл революция және оның жетекшілерінің тарихы туралы концепция негізгі үш кезеңнен тұрады:
1. ҚКП-ның Орталық комитетінің III-VI пленумы аралығы.
2. VI пленумы мен XXI съезд аралығы. /1981ж. 07-1982ж. 09. /
3. Қытай коммунистік партиясының XXI съезінен кейінгі кез.
Бірінші кезеңнің ерекшелігі «мәдени революция» кезін ғана сынға алушылық емес, сонымен бірге бір жақты пікірде болған 50 жылдардағы көзқарасты қайта қарау. Мұның ең бір шарықтау кезі 1980 жыл және 1981 жылдың бас кезі. Бұл кезде Қытай тарихшыларының көп жылғы еріксіз үнсіздіктерін жеңіп, тарихи шындыққа бет бұру болды.
Орыс тарихшысы А. И. Данилов «Тарихи әлем - оқиғаларға толы әлем. Олар жоқ жерде өзгеріс, қозғалыс, даму тіпті тарихи шындық та жоқ» - деп жазды.
Шындығында, Қытай революциясының жеңісі дүние жүзінде халқы жағынан көп қоныстанған Қытай елінің көп жылдар бойы күреспен жеңіп алған бостандығы болды. Қазан революциясынан үлгі алды, достық ықыласпен қол созды.
Соңғы жылдары Қытай революциялық қозғалысындағы коммунистік партия жетекшілерінің рөлін ашу үшін Батыстың прогрессивті тарихшылары қолға алды. Ол Франциуз тарихшысы Жан Шэно, Итальян тарихшысы Энрика Мишель және басқалары.
Орыс тарихшылары Қытай революциясын үшке бөледі: 1903-1917, 1917-1927, 1928-1949.
Бірінші кезеңде буржуазиялық деп сипаттауға болады, онын қозғаушы күші болып антициндік, антимонархистік 1911-1913ж. Синхай революциясы болды.
Екінші кезең - буржуазиялық - демократиялық деп аталынды. Бұл кезде халық белсенділігі артты, оның шарықтау шегі 1925-1927 ж, бірқатар әлеуметтік мәселені алға қойған жаңа типті өкімет әкелді.
Үшінші кезең - революциялық процесс, буржуазиялық қоғамды төңкерген капиталистік жолдан шыкқан уақыт болды. Әр кезеңнің өз алдыла қойған мақсаты болды. Революцияның соңғы кезеңі халықтық -демократиялық сипат болды. Бұл «халықтық демократиялық өкімет» түсінігі біздің қоғамымызда әртүрлі пікірге тап болды.
Орыс тарихшылары В. И. Гунин мен А. В. Милексетов «Бұл революция - демократиялық революция» - деп жазды.
Ал, тарихшы В. Ф. Ли «Социальная революция и власть в странах Востока» еңбегінде «Халықтық демократияның пайда болуы социалистік қайта құрудың алғы шарты» - деп түсіндіреді.
Менің пікірімше бұл революция халықтық - демократиялық революция. Осы революцияда өз елінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күреске революционер, мемлекет қайраткері, дипломант Чжоу Эньлай өмірі мен қызметі Қытай халқының ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз байланысты.
Ч. Эньлай - өмірінің соңына дейін совет халқының шылайы досы болды.
Академик, қытайтанушы С. Л. Тихвинский «1919 ж. 4-май қозғалысынан» бастап 1976 ж. өмірінің соңына дейін 60 жылдан аса уақытты Қытайдағы XX ғасырдың барлық оқигалары Ч. Энлаймен бірге өтті»- деп жазады.
Кеңес тарихшылары да, Қытай тарихшылары да Ч. Эньлайдың сыртқы саясаттағы көзқарасы, өз отанының ішкі саясатьгадағы рөлі туралы осы күнге дейін монография, журналдық статья өте аз жазғанын айту қажет. Осы жұмысты жазу барысында қажетті мағлұматтарды академик С. Л. Тихвинскийдің және басқа да кеңес тарихшыларының еңбектерінен алдым.
Қытай Коммунистік партиясы 1921 жылы құрылды. Оның көрнекті қайраткерлері Мао Цзе- Дун, Чжоу Эньлай, Чжу Дэ және Лю Щаоци және тағы да басқалар болды. Бұл қайраткерлердің өмірі мен бүкіл қызметі Қытай революциясының ірі оқиғаларымен және жас Қытай мемлекеті құрылғаннанкейінгі оның кұрылысымен тығыз байланысты. ҚХР жарияланғаннан кейін Америка интервенциясын және Қытайдың өз ішіндегі азамат соғысын біржолата тоқтатып демократиялық үкімет құруға өз үлестерін қосты. Халықаралық Коммунистік және жұмысшы қозғалысымен тығыз байланыста болды. Бұрылғы кеңес және Қытай тарихи саяси шығармаларында Ч. Эньлай өмірі Мао Цзе-Дунмен ұқсас болса да «мәдени революция» көлеңкесінде қалып қойды.
С. Л. Тихвинский өзінің естеліктерінде Қытайдың басқа мемлекет қайраткерлеріне қарағанда Ч. Эньлаймен 1949-1950 және 1957 жылдары, одан кейін де бірнеше рет кездескенін жазады. 1988 жылы Беймарда өткен Еуропа қытайтанушыларының кон-Ференциясында академик С. Л. Тихвинский «Қытай халқының ұлт-азаттық күресіндегі Ч. Эньлай рөлі туралы баяндама жасады». 1990 жылы С. Л. Тихвинский Токиода болып, «Ч. Эньлайдың 1918-1919ж. Жапонияда болғаны туралы деректерді жинау барысында Жапонияның марксист-профессоры Кавака Хадзимнің «Чжоу Эньлай» туралы еңбектерімен танысты.
Қазіргі кезде Қытай профессоры Цзи Чжунцзидің «Биография Чжоу Эньлая» еңбегінің 1-томы Пекинде жарық көрді. Ол 1898-1949ж. Аралығын қамтиды.
ҚХР жарияланғаннан кейін Чжоу Эньлай мемлекет және партияның басшы органдарында қызмет атқарды.
Елдің экономикасын, ғылымын, мәдениетін, қорғанысын нығайтуға, социализмнің негізін салуға үлкен күш атқарды.
Қытай Халық Республикасының дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттермен терезесі тең мемлекет болуға Чжоу Эньлайдың экономика мен саясаттағы еңбегі орасан зор.
І-ТАРАУ
ЧЖОУ ЭНЬЛАЙДЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЧЖОУ ЭНЬЛАЙДЫҢ САЯСИ ПОРТРЕТІ
Әрбір тарихи тұлғаның әлеуметтік - саяси еңбегін дүрыс түсіну үшін ең алдымен оның өмірін, өмір сүрген дэуірін және өскен ортасын анықтап алу қажет.
Осыған орай мен де Қытай халқының көрнекті саяси қайраткері Чжоу Эньлай өміріне қышқаша тоқталып өткім келеді.
Чжоу Эньлай 1898 жылы 5 наурызда Цзянсу провинциясының Хуайань қаласында кедейленген шэныпэнь семьясында дүниеге келді. Әкесі провинциядағы қаржы басқармасының ұсақ чиновнигі болды. Шешесінен ерте айрылды. Он жасынан бастап Солтүстік - Шығыс Қытайдағы /Маньчжурия/ полицейлік офицер қызметін атқарушы атасының қолында тәрбиеленді. Осы жылдары ол шетел миссионерлерінің қолдауымен ашылған бастауыш мектепке барды. Бірқатар Қытай классикалық әдебиеттерімен бірге, Еуропа авторларының еңбектерін, Ч. Дарвин, Ж. Ж. Руссо және тағы басқаларды оқыды. Осы жерде алғаш рет Қытайдың Маньчжурларға қарсы патриоттық публицистикасымен танысты. Мектепте ағылшын тілін оқыды. 1913 жылы Ч. Эньлай Америка миссионерлеріне қарасты Нанкиндегі орта мектепті төрт жыл оқыды. Бұл Қытайдағы революцияның басылыл қалған жылдары еді. Елде Солтүстіктің шетел империалистерімен біріккен реакциалық күші болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Еуропа державаларының қатысуын падаланып Жапон үкіметі Қытайдың Экономикалық және саяси жағдайына ене бастады.
«1915ж. Қаңтар айындағы Жапон үкіметінің Қытайға «21 талап» қоюы, Қытайдың алдыңғы қатарлы азаматтарына, соның ішінде оқушы, студент жастардың қарсылығына тап болды. Антижапондық қозғалыс өріс алды. Бұл қозғалысқа өзіндік үлесін Ч. Эньлай да қосты. » Ол «коллективпен бірге болу және еңбекті бағалау керек» деген мектептегі ассоциацияны ұйымдастырыл, осы жерде шығатын журналдың редакторы болды.
Журнал Қытай үкіметінің жапон агрессорларына қарсы шықпайтынын қатты сынға алды. Сун-Ятсеннің еңбектерін оқыды. Демократиялық идеяларын таратты.
1917ж. Жазында Ч. Эньлай Нанкин орта мектебін өте жақсы аяқтады. Жапонияға барды, осы жерде К. Маркстің «Капитал» еңбегімен танысты. Университетке дайындығын тастап, Жапониядағы Қытай студенттерінің өміріне белсене араласты.
Олармен бірігіп Жапон үкіметінің Қытай армиясымен Қиыр Шығысқа және Сібірге, Совет Одағына қарсы интервенция жасау әрекеттеріне қарсылық білдірді. Ч. Эньлай орыс революциясы туралы хабарларды, В. И. Лениннің қайраткерлік жолын қызыға оқыды. Бұларды Жапонияның социалистік баспасөз орталықтарынан алды.
1919ж. Апрельде Ч. Эньлай Тяньцзинге оралды. Осы жылы «Версаль бітіміне және оның шарттарына» қарсы шығушылардың бірі болды.
Бұл осы жылғы Қытай студент жастарының баскөтеруімен болған «4 - май қозғапысы» еді. Бұл қозғалысқа белсене қатысушылардың ішінде кейін Қытай Коммунистік партиясының көрнекті қайраткері болған Мао Цзедун, Ли Да Чжао, Цой Цю Бо, Ч. Эньдай т. б. болды.
«Революция - деп жазды В. И. Ленин 1919ж. - пролетариаттың өз еліндегі, өз ішіндегі буржуазияға ғана күресі емес, ол барлық қаналушы халықтың империализмге қарсы күресі. » - деген.
1919ж. Күз айында Ч. Эньлай жаңадан ашылған Нанькан университетінің студенті болды. Студенттік газетте, ол социализм идеяларын, шетел империалистерінің Қытай жұмысшыларының арзан еңбегін пайдаланыл отырғанын, лоардың жалақысын көтеру
жолындағы күресін жазды.
1919ж. 6 сентябрьде Тяньцзинде патриоттық студенттер Ассоциациясының құрылуына байланысты жиналыс өтті. Оған Қытайдың алғашқы марксистерінің бірі, Пекин университетінің профессоры Ли Да Чжао шақырылды. Осы кезде Ч. Эньлай «Коммунистік Манифесті» және марксизм ілімінің негізін салушылар еңбегін оқуды жалғастырды, Қытай Коммунистік партиясының негізін салушылардың бірі Чэнь Дусюмен кездесті.
1920 жылдың январь айында Жапон товарларына байкот жариялауға митингі болды. Басқа студенттермен бірге Ч. Эньлай да тұтқыңдалды. Тұрмеде ол өзінің жолдастарына марксизмді, экономика және право жөнінде сабақ берді, өздігінен білім алды. Сот барысында Ч. Эньлай өкіметтің жүргізіп отырған саясатын ашык айтты. Бұл оның тұрмеден шығуына бірден-бір себеп болды. Бұдан кейін Ассоциация студенттері Еуропада үлгі ала бастады. Артта қалған Қытай үшін күресті.
1920 ж. Ч. Эньлай студенттермен бірге Францияға барды. Бұл студенттерге Қытай үкіметі «субсидиямен» уэде берді. Бірақ Францияға келген студенттер қиын жағдайға тап болды. Өкіметтің «субсидия» дегені жалған болып шықты. Жоғары оку орындары туралы тіпті сөз де болмады. Жастардың көшпілігі Парижде және Лиондағы, Лилльдегі көмір шахталарына жұмысқа орналасты. Ч. Эньлай Париждегі жұмысшы қалашығы Бийянкурге орналасты. Бірінші күннен бастап - ақ Еуропадағы жұмыс істеп жүрген немесе оқып жүрген Қытай жастарының арасында ұйымдастырушылық және революциялық үгіт жұмысын жүргізуге ат салысты. Өзі де заводта, шахталарда жұмыс істеді. Бельгияда, Германияда болды. Берлинде болашақ Қытай Қызыл Армиясының колбасшысы, сол жерде білім алып жүрген Чжу Дэмен кездесті. Осы жылдары Ч. Эньлай Тяньцзиндегі «Ишибао» газетінің штаттан тыс тілшілік қызметін атқарды. Газеттің беттерінде Францияға оқуға келген Қытай жастарының қиылшылыгын, Еуропа державаларылың Советтік Ресейге қарсы саясатын, Германиядағы жағдайды, Еуропа елдеріндегі жұмысшы қозғалысын, Версаль конференциясындағы Жапон үкіметінің қойған мәселесі туралы мақалалар жариялап отырды. Тихвинский С. Л. «Францияда Ч. Эньлай жанындағы Цой Хәсэнь, Ли Лисань, Дэн Сяопин, Ле Фучунь, Чэнь И және тағы басқа марксизм идеяларын үгіттеді. Бұл қайраткерлер Қытай Коммунистік партиясының құрылуына дейін-ақ Парижде Коммунистік Лиганың негізін салды», Лиганың ұйымдастыру бөлімін Ч. Эньлай жүргізді. «Жастар» журналының редакторы болды.
1922ж. Қытай Коммунистік Партиясының құрылуына байланысты Лига мүшелері Бұлон орманындағы конференцияда ҚКП- ның құрамына кіруге және Еуропада оның секциясын ашуға шешім қабылдады. Сондықтан да Қытай Халық Республикасында Ч. Эньлайды ҚКП-ның негізін салушылардың алғашқы адамдарының бірі деп санайды. Ұлттық революция жыңдарылда Коминтерннің нұсқауымен Гомьиндан партиясының құрамына кірді. Осы кезде Қытайда Гоминьдан мен ҚКП бірігіп жұмыс атқарды.
1924 жылы сентябрьде ҚКП - ның шешімімен Ч. Эньлай Еуропадан Қытайға келді. Ол Гуанчжоудағы Сун Ятсен басқарған революциялық үкіметтің құрамына кірді. Ч. Эньлай ҚКП - ның Гуандун - Гуанский комитетінде секретарь және әскери бөлімнің басшысы болды.
Тихвинский С. Л. «1925ж. 27 жастағы Ч. Эньлай Дэн Инчоға үйленді. 1919 жылдан бастап хат алысып тұрған Дэн Инчаомен өмірдің ауыртпалығын елу жылдан аса бірге көрді. Балалары болмаған. Олар революция үшін күрестегі қаза болған достарының балаларын өздері тәрбиеледі. Солардың бірі Қытай мемлекеттік советінің төрағасы Ли Пэнді айтуға болады.
2. ВАМПУ ӘСКЕРИ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1924ж. Май айында құрылған Вампу әскери мектебінің саяси бөлімінің басшысы болды. Мектептегі Чан Кайши басқарды. Оңтүстіктегі Қытайдың милитаристеріне қарсы соғыста, ұлттық революциядағы операцияларда Ч. Эньлай әскери тәжірибе жинақтады. Мектеп курсанттарылың арасында беделді болды. 1923ж. Қытайдың революциялық үкіметі шақыруы бойынша барған бірінші совет әскери маманы А. И. Черепанов өз естелігінде : «Гуанчжоуда коммунистер «ерекше аудандар» құрды, олар революциялық пункттер құрды. Бұл аудандар Гоминьданның Орталық Комитетіне тікелей бағынышты болды», - деп жазды. Коммунистер көшелерде, қаланың кәсіподақтарылда белсенді жұмыс атқарды. Әртүрлі клубтар мен жұмыс орындарында жұмысшыларды ұйымдастырды. Үгіт коммунистердің социалистік одақтары арқылы студенттер арасында жүрді.
Сол кезде Қытай Коммунистік Партиясының саны көп болмады: барлығы 500-600 адам» - деп жазды А. И. Черепанов. «Партияның көптеген мүшелері өзіндік саяси іс жүргізуге әлі дайындықтары болмады. ҚКП- ның Орталық Комитетіне ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмысты көп жүргізуіне тура келді. Ол үшін коммунистердің идеологиялық дәрежесін көтеру керек болды. Коммунистердің партия Гуанчжоу мен Шанхайдағы халық арасына үгіт жұмысы жеткілікті уақытты талап етті». 1924 жылы 1 ноябрьде Вампу мектебінде 1500 адам болды. Олардың ішінде мұғалімдер мен офицерлер саны - 62, әкімшілік кұрамы-131, ауыспалы құрамы-950, қызмет көрсетушілер-237 болды. Мектептің негізгі мақсаты алты ай мерзімде жаяу әскер дайындау керек болды. Арнайы артиллерия, саперлік, байланыс, пулеметшілер дайындайтын класы болды, Кейінірек мектепте саяси қызметшілер дайылдайтын бөлім ұйымдастырылды. Ол кейін Орталық әскери- саяси училище деген атқа ие болды. Мұғалімдер құрамындағы офицерлер әртүрлі жерден әскери дайындықтан өткендер болды: бірі Жапонияда, тіпті көпшілігі, бірі, БАОдиндегі ескі типтегі Қытай әскери мектебін немесе провинциядағы әскери мектепті аяқтағандар болды. Курсанттар көбінесе жоғары және орта оқу орындарынан, Гуанчжоу, Шанхай және т. б. қалалардан алынды. Мектептің бірінші түлегінен отыз тоғыз коммунист шықты. Жұмысшы өкілдері болмады. Кейін мектептің жанылан халықтың өз еркімен күреске шығатындары үшін арнайы курстар ұйымдастырылды. Шаруалар мен қала кедейлері болды. Білімдері болмады. А. И. Черепанов: «1925 жылы аяқтағанда 2500 курсанттардың 1640- шаруалардан шықты, 100-жұмысшы, 400- саудагерлер, 400- оқушылар, 10- солдат, 15- чиновник, 12-интеллигенция өкілдері болды. »
Коммунистер армияны тәрбиелеуде және әскери қабілеттілікті арттьфуда зор еңбек сіңірді. Саяси бөлімнің жұмысы коммунистік топтардың белсенділігін арттырды.
3. БІРІККЕН МАЙДАННЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
1924 жылы сентябрьде ҚКП- ның шешімімен Ч. Эньлай Еуропадағы Қытайға келді. Осы жылы Сун Ят Сенмен Компартияның қатарында болды. Революциялық үкімет Гуанчжоуда болды. Ч. Эньлай 1924 жылы Коммунистік партияның Гуагдун - Гуанский комитетінде секретарь және бөлімнің басшысы болды. Осы жылдарда ҚКП- ның тікелей өкілеттілігін атқарды.
1924 жылы май айында құрылған Вампу әскери мектебінің саяси бөлімін басқарды. Бұл 1937 жылы Гомньдан мен ҚКП - ның біріккен ұлгтық майданыныңашылуына себеп болды. 1925 жылы ақпан - наурыздағы Чэнь Цзюнминге қарсы бірінші Шығыс жорықтарындағы әскери қимылдардың нәтижесінде Қытайда жаңа ұлттық - революциялық армия (НРА) құрылды.
1927жылы 1 августе Наньчань қаласында Гоминьдан әскери басшыларылың арасында көтеріліс болды. Оған Е. Тин, Чжу Дэ және Хэ Лун, Ч. Эньлай оңтүстікке, Гуандунге кетті. Осыдан кейін бірінші август Қытайда «ұлт - азаттық» күні ретінде аталып өтіледі.
Ч. Эньлайдың Гоминьданнан шығу себебі: 1925-1926ж. Оңтүстік революциялық армияның солтүстік жоғары Қытайда революциялық жеңіске жетті. 1927 жылы 21 наурызда пролетариатқа Қытайдың өнеркәсіп орталығын басыл алу мүмкіндігі туды және үш апта бойы ұлттық армия келгенше Чан Кайши басқарып тұрды. Бірақ ол он екінші сәуірде Шанхайға армия әкеліп, империалистермен ымыраға келді. Көтерілісшілерге сатқындық әрекет жасады. ҚКП-ның құрамынан Гоминьданның оңшыл қанаты бөлінді. Нанкинде Чан Кайшидің контрреволюциялық үкіметі құрылды. Бұл окиға Ч. Эньлайдың Гоминьданнан шығуына үлкен себеп болды. 1924 жылдың аяғында жұмысшы шаруалар қозғалысы біршама белсенді бола бастады, бірқатар провинцияларда аз ғана тұрақты Қызыл армиялар құрылды.
Бірінші Шығыс жорығындағы (1925ж. Февраль-март) әскери қимылдардың нәтижесінде ( Чэнь Цзюминге қарсы) Қытайда жаңа ұлттық- революциялық армия қалыптасты.
ҚКП - ның 1927 жылғы көктеміндегі V съезде Ч. Эньлай Орталық Комитеттің мүшесі болыл қабылданды. Әскери бөлімнің басшысы болды. 1927 жылғы 1 августегі Наньчан қаласындағы революцияда Е. Тин, Чжу Дэ, және Хэ Лун сияқты басшылары өз сенімдерін ақтады.
1928 жылы Ч. Эньлай Коминтерннің бірігуімен болған Москвадағы июнь- июль айларында ҚКП- ның VI съезіне келеді. Съезд 1925-1927 жылғы революцияға қорытынды жасайды, және ұлт- азаттық күрестің одан әрі даму жолын көрсетті. Съезде Ч. Эньлай жұмысшыларды ұйымдастыру және әскери мәселе бойынша есеп берді. Ол ұйымдастыру бөлімінің басшылығына ауысты. Осы жылы Москвадағы Коминтерннің VI конгресінің жұмысына қатынасты. Коминтерннің Атқару Комитетінің мүшелігіне кандидаттыққа ілінді. Гоминьданның, ҚКП - ның Біріккен Ұлттық майданынан бөлінуі, елде қатаң репрессия жүргізді. Ол коммунистерге, жұмысшыларға, жастарға ауыр соққы болды.
Мұндай жағдайда Ч. Эньлай партияның жұмысын астыртын атқаруға мәжбұр болды. 1928 жылы октябрьде Ч. Эньлай Шанхайға келіп, коммунистік партияны жаңа жағдайда ұйымдастыруға кірісті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz