Қазіргі кездегі экономикадағы шығындар туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ ... ... ..5

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Шығындардың түрлері және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Шығындарды төмендетудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІ ЕЛІМІЗДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫ ... ... ... ... 16

2.1 Кәсіпорынның ерекшелігіне қарай өндіріске кеткен шығындарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын «Шығындар және оның құрылымы мен өндіріс дамуындағы маңыздылығы» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, олардың іске асуын уақтылы қаржымен қамтамасыз ету, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы болып табылады.
1. Курс экономической теории / Под ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой. – Киров, 1994, гл.13.
2. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. - М., 1997.
3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
4. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2003г. – 712 стр.
5. Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия. М: Банки и биржи, 1996г.
6. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
7. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметоа, У.А. Жанайдаров Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. –464 б.
8. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
9. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2001
10. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. - №6, 2000 г. – с. 3-6.
11. “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” Стратегия. – Алматы, 2003 ж.
12. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
13. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
14. Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.
15. Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.
16. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
17. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г. – 467 стр.
18. Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия. – М, 1997.
19. «Гермес» ЖШС-нің 2007 жылғы «Жылдық қорытынды есебі» - www. railways. kz сайты.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ ... ... ..5

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Шығындардың түрлері және олардың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Шығындарды төмендетудің негізгі әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ІІ ЕЛІМІЗДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫ ... ... ... ... 16

2.1 Кәсіпорынның ерекшелігіне қарай өндіріске кеткен шығындарының түрлері
... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 ГЕРМЕС ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында
басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым
бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі
төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс
көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.
Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң
бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң
өсуiне керi әсер етуде.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс
шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады.
Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы
төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және
бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі
мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады.
Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын
шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны
түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне
және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін
алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте
тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес
шығындарға бөленеді.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын Шығындар және оның
құрылымы мен өндіріс дамуындағы маңыздылығы деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi
болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге
қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып
келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып,
экономикалық шығындарды толық зерттеп, олардың іске асуын уақтылы қаржымен
қамтамасыз ету, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы
болып табылады.
Кәсіпорындардың дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық
шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу
маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калкуляциялық есебін жүргізу
арқылы кәсіпорындардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру
негізінде кәсіпорындардағы бизнес шешімін бағалаудағы шығындардың
маңыздылығын атап өту және кәсіпорын шығындарын басқарудағы қаржылық
менеджменттің рөлін анықтау болып табылады.
Кәсіпорынның өндіріске, өнім өндіруге, сатуға кеткен шығындарын
талдау барысында ЖШС Гермес кәсіпорнының шығындарын талдау негізінде
мысал келтіріп өттім. Бұл кәсіпорын негізінен тағам өнімдерін шығарады.
Сондықтан бұл кәсіпорын үшн аталған өндіріске, өндіруге, сатуға кеткен
шығындарды тиімді басқарудың маңыздылығы зор болып табылады.

I ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ

1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит
абсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы
шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке
жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке
бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың
барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер
шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те
дәлелдейді.
Маркцистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың
қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған
шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың
құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып
зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал
шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау
жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
XIX ғ. соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер
бойынша шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып
табылады. Олардың шекті пайдалығымен белгіленетін өндіріс факторлары үшін
фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық
теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп
есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының
функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының
субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың өндіріс шығындары, өндіріс
ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін
барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің
маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты
шығындарды барынша төмендету теориялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.
Кларк және Джон А. Гобсон қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан және
шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсалюттік, үстеме,
қаржылы, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген.
Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғымдар енгізді. Бұған еңбек
амаланың сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек
бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс
факторларына жұмсалатын шығындар тұрақты және өзгермелі сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы
пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу
шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық
шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу
бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас
дейді.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне
және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін
алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте
тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес
шығындарға бөленеді. Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп
классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден
көре аламыз:

Кесте 1- Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі

Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
Калкуляцияның өзіндік құнның баптары
Өзіндік құнның баптары
Негізгі және үстеме шығындар
Технологиялық процесс Бір элементтік, кешендік, жанама
Құрамы бойынша
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу Тікелей және жанама
тәсілі бойынша Өндірістік , өндірістен тыс
Өндіріс процесіндегі ролі
Шығын жасаудың мақсатқа сай Өнімділік және өнімділік емес
келетіндігі Жоспарланған, жоспарланбаған
Жоспарға енгізу мүмкіншілігі Тұрақты және өзгермелі
Өндіріс көлеміне қатысты Ағымды және біржолғылық
Пайда болуының кезектілігі Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын
Дайын өнімге қатынасы өнім шығындары

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша
формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы
ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге
жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.
Айқын емес шығындар – дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз
иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға
бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар
көрсетілмейді.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс
шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын
шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған
еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі
болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен
жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып
бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты
жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар
сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және
статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

1.2 Шығындардың түрлері және олардың ерекшеліктері

Экономикалық құрылымда шығындарды негізінен тұрақты және айнымалы
шығындар деп екіге бөледі.
Тұрақты шығындарға (FC) –өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты
өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық
төлемдер, аренда төлемі, тұрақты салынатын салықтар, сақтандыру төлемдері,
дербес басқарудың жалақысы, ренталық төлемдер, еңбекақы және т.б. Тұрақты
шығындарды бастапқы және қалдық шығындар деп екіге бөлуге болады. Қалдық
шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына
қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады.
Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты
жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Айнымалы шығындар (VC) дегеніміз шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен
бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға:
шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен
отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және
т.б. жатқызамыз. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығыдар өтелуі қажет.
Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап,
басқара алады.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін
тұрғыза аламыз. Келесі 1-ші суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы
кескіндемесі көрсетілген.

C
TC

FC
A VC

Q көлем

Сурет-1 - Өндірістік шығындар

Экономикада жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC
және ТС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю
заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың VC А нүктесіне
дейін төменгі жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында еңбек
өнімділігінің жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен
түсіндіріледі. Шекті өнімділіктің азаюя занының әсері күшейген кезде, өнім
шығару шамасының көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе
бастайды (А нүктесінен бастап қисық бойымен жоғары). ТС қисығы түгелімен VC
қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FC-тің жылжуы болып
табылады.
Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн
өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк
функцияны кесте түрiнде беруге болады ( Кесте-2)
Кесте 2

Еңбек және капитал шығынының өндiрiстiк функция кестесi

Капитал Еңбек шығыны, L
шығыны, K
10 20 30 40 50
5 8 16 22 26 30
10 16 24 30 34 36
15 22 30 36 40 42
20 26 34 40 44 46
25 30 36 42 46 48

Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15)
болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады.
Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi
шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында
тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ, яғни нан
өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1
жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер
5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемi келесi кесте және
графиктен көруге болады.
Кестеден көрiп отырғанымыздай жұмысшы саны өсуiне байланысты нақты
шығарылған бөлкенiң саны өскенiмен еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаяды. Мысалы
кете бойынша 1-шi жұмысшынiң шектi өнiмдiлiгi 50 болса, ал соңғы 5-шi
жұмысшыныкi 10 ғана бөлкенi құрайды. Мұнда құрал-жабдықтардың шығыны
тұрақты, өзгеретiн жұмыс күшiн жалдау шығындары өсiп отыр, сондықтан жалпы
жиынтық шығындарда өседi.

Кесте 3- Өндiрiс функциясы және жиынтық шығындар

Жұмысшылар Шығарылған Еңбектiң Құрал – Жұмыс күшiн Ресурстардың
саны бөлке саны шектi жабдықтарға жалдау жиынтық
өнiмдiлiгкеткен шығындары шығыны
i шығындар
0 0 0 30 0 30
1 50 50 30 10 40
2 90 40 30 20 50
3 120 30 30 30 60
4 140 20 30 40 70
5 150 10 30 50 80

Шығару көлемi

150 Өндiрiстiк
функция

100

50

0 1 2 3 4 5
Жұмысшы саны

Сурет-1 – Нан заводының өндiрiстiк функциясы.
Бұл график қолданылған ресурстың көлемi өсуiне байланысты өнiм
көлемiнiң өсуiн көрсетiп тұр. Бiрақ бұл функция шексiз өсе бермейдi,
өйткенi еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаюына байланысты бiр мезеттен кейiн
кемуi мүмкiн. Бұл дегенiмiз егер фирма өндiрiстi қайта ұйымдастырмаса
банкротқа алып баратын жағдай. Себебi жұмысшы көбейген сайын олар бiр-
бiрiне кедергi жасайды, қосымша құрал-жабдық қажет етедi. Графиктен
өндiрiстiк функцияның қисығынан шектi өнiмдiлiктiң кемуiн анық көруге
болады.
Жалпы өндiрiстiк функция белгiлi өндiрiс факторларын қолдана отырып
максималды өнiм өндiрiсiн сипаттайды. Әдетте өндiрiс теориясында үлгi
бойынша екi факторлы өндiрiстiк функция қарастырылады. Яғни капитал (К)
және еңбек (L).
Q = f (L K)
1.3 Шығындарды төмендетудің негізгі әдістері
Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және
шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз. Өндіріс пен сату өзгергендегі
шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:
1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы
өзгеруі, өндірістің көлемі мен мөлшерінің салыстырмалы өзгеруіне тең
болса 2-ші (а) сурет;
2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы
көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны 2-
ші (ә) сурет;
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың
өсуі, өндірістің көлемінен артық болса 2-ші (б) сурет.

С С
(а) (ә)

VC
VC

Q Q

(б)
VC

Cурет-2 – Айнымалы шығындар динамикасы
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп ТС – оның тұрақты және айнымалы
шығындарының сомасы болып табылады.
ТС = FC + VC

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың
сомасындай шамаға өсіп отырады. Өндіріс көлемі жиынтық шығындардың шамасын
белгілейтін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа, негізгі және
қосымша материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген
түрлеріне шығындар.
Айнымалы шығындардың жауап ретіндегі коэффицентті өндіріс көлемін
өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай
шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығындар деп аатйды. Шығындардың
басқа түрлері өндіріс көлемдеріне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорынның
әкімшілігінің және қорғанысқа кететін жалақы, арендаға алынған негізгі
құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде
жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорынның тек қызмет ету
шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығындар деп
атайды.
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болады.
Шығындарды мәні жағынан тұрақты және айнымалы деп бөлуден пайда жоқ. Бірақ
барлық айнымалы шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал
барлық тұрақты шығындар оған әсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге
жататын шығындардың өздері де әр түрлі болып келеді. Шешімдер қабылдаудың
белгілі бір жағдайында өзгермелі көп, ал басқа жағдайларда тұрақты шыығндар
көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе айнымалыға жата ма деген
сұрақтың жауабы екі фактордан тәуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан
және өндірістік факторлардың бөлінісінен.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығаруға жұмсалған шығындар, яғни
орташа шығындар туралы ақпарат өте маңызды болып табылады.
Орташа шығындар ATC – бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын
жалпы шығындар. Өндірістің орташа жалпы шығындары өндірілген өнім көлеміне
(Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы
шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығын келесі формуламен анықталады:
ATC = TC Q
Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып
табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді.
Осыған сәйкес орташа жалпы шығындарды орташа тұрақты (AFC) және орташа
айнымалы (AVC) шығындар деп бөледі. Олар келесідей анықталады:
AFC = FC Q;
AVC = VC Q;
Ұзақ мерзімде кәсіпорынның масштабының және оның өндіріс көлемінің
орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы
мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорынның кеңеюіне
сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі.
Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң
немесе теріс әсерімен дәлелденеді.
Ауқымның оң нәтижесі шығарылым өсуіне сәйкес фирманың ұзақ мерзімдік
орташа шығындары кемігенде орын алады.
Ауқымның теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлемінің өсуіне
байланысты ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті
ұйымдастыру мәселелері құрылады. Бұның басты себебі – фирманың әр түрлі
буындарының қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы
аппарат өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік пайыздан
алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді, өндірістің
тікелей және үстеме шығындарын өсіреді.
Дағдарыс кезеңінде бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршендігінің
мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін
бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.
Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға
мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте
қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы,
сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады.
Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi
өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи
монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 3-
шi суреттен көре аламыз 6, 173 бет .

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк
болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D”
нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып
тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады.
Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала
тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу
беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты
жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол
өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма
болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай
салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.

Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді
болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады. Кәсіпорынның
тиімділігінің барынша төмен көлемі, фирмаға өзінің ұзақ мерзімдік орташа
шығындарын барынша төмендетуге мүмкіндік беретін, өндірістің ең аз көлемі.

Шығындар

АС2

АС1 Орташа жиынтық

шығын (АС)

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-3 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

Өндіріс көлемі туралы сұрақ қаралғанда тек орташа шығындар мен ғана
емес, шекті шығындармен де есептесу қажет.
Шекті шығындар (МС) – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет
қосымша шығындарды көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:
MC = ∆TC ∆Q
Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда
шекті шығындар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте
береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы – доға тәрізді
формада болады. Бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты – еселеп өсіп
отыратын қосымша күн шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына
қолданылады.
Бастапқы шекті шыығндар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі
табыстылықты өсіретін масштабтың әсерімен байланысты. Өнім шығару көлемі
өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы
шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне тең болады. Осы
айтылғандарды ескере отырып, шекті шығынды былай есептеуімізге болады:
MC = ∆VC ∆Q
Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті
өнімділік пен шекті шыығндар арасында кері байланыс бар. Жоғарыда айтылған
байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем алуымызға болады.
МС, АС және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті-орташа деп аталатын
ережеге бағынады. Осыған сәйкес шекті шығындар орташа шығындардың барынша
төмен мағынасына тең болады. Келесі графикте бұл ереже МС қисық сызығының
АС және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып
табылады, яғни МС = min AC.
Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған
өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді оның бағасы шекті
шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының
қиысық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын
шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі.
Өндірістің шекті шығындары мен орташа шығындарыынң қисықтарын график
түрінде көрсетейік.
С

МС
Р
АС

AVC

Р min

Qmin Q опт
Q

Сурет-4 – Орташа және шекті шығындардың қисығы

МС, AVC және АС қисықтарының U тәрізді формасы жоғарыда айтылғандай
шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа өнімділіктің
арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі. Өнім шығару көлемін көбейткен
кезде АС және AVC қисықтары бір-біріне жақындайды, өйткені AFC бұл кезде
азаяды.
Фирманың пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін ұтымды өнім көлемін
таңдаған кезде, өндірушілер әрдайым орташа және шекті шығындардың өзгерісін
ескеріп отырады.

ІІ ЕЛІМІЗДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫ

2.1 Кәсіпорынның ерекшелігіне қарай өндіріске кеткен шығындарының түрлері

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар мен құрал-жабдықтардың
шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған
еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің
қандайына болмасын жанды және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп
тұжырымдалады. Өткен еңбек білім, информация түрінде жинақталады.
Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде – зат немесе құн түрінде -
өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін,
оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігі
айқындалады.
Өнімділік – осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген
өнімдерінің сол мерзімде жасалған немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған
ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталаған бір түрінің
(еңбек, капитал, қуат, ақпарат, материалдар) өнімділігін есептеу қажет
болса, онда бұл есеп өнімділікьің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі Тірі еңбек шығындары

Басқа да көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер
жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді.
Өнімділіктің тар және кең мағынасы болады. Оның тар мағынасында өндірістің
негізгі мақсатына көзқарас бағытынан өндірістік процестің тиімділігін
сипататйтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік
процестен тыс өткізілуге тағайындалған өнімдермен және бір немесе бірнеше
негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс
шарттары көрсетілмейді. 2, 78 б
Кәсіпорындардың мәселелері өнімділік өскен сайын бір көрсеткіш арқылы
оның іс-әрекетінің тиімділігіне баға беру қиындай түседі, сондықтан
көрсеткіштер жүйесін қолдануға көшкен ыңғайлы болады, яғни өнімділікті кеең
мағынада түсінуге.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар:
Біріншіге, өнімділіктің статикалық коэффиценттері жатады. Бұл жабайы
тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардың өлшеміне
бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге, өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен
мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффицентіне бөлінген, белгілі
мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффиценті. көрсеткіштері
Топтардың әрқайсысының ішінде өнімділіктің өлшеуіштерінің үш типі
болады: жеке, факторлық, көпфакторлық және жиынтық факторлық немесе
өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің
шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын
шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-
біріне ұқсамайды. Оны келесі суреттен көре аламыз:

Сурет-1 - Өнімділікке байланысты шығындар

Осы уақыт мерзімінде Өндіріске
тартылған ресурстар
пайдаланалған ресурстар
көлемін көрсетеді
көлемін көрсетеді

Көзі: В.В.Бочаров Корпоративные финансы

Экономикада өнімділікті жоғарлату басқару процесіне және өнімді
немесе еңбекті өзгерту процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады.
Төменде аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі.
1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ шығындардың өсу қарқыны өнімнің
өсу қарқынынан төмен болады.
4. Өнім көлемі өзгермейді, шыығндар төмендейді;
5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ шығындардың төмендеу қарқыны
жоғары болады.
Кейбір салаларда өндіріс шығындарының айырмашылықтары табиғи,
жаратылыс жағдайлармен байланысты болады. Бұған мысал болатын – біздің елде
осыдан бұрын маусымдық немесе аймақтық бағалардың болғаны.
Басқа салаларда шығындардың айырмашылығы дүниеге әкелетін жағдайлар –
жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құру, өндіруге,
дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек
ресурстарының сапасы мен мамандану дәрежесі. Өндіріс шығындарының
құрылымында ресурстардың қандай түрінің басым болуына байланысты салалар
мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш.
Бүгінгі заманда салалар масштаьында шығындардың динамикасын екі
қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін
факторларға:
• Тұтынудың өсуі осы себепті өндірістің жекеленуін көздеу;
• Шығарылымдардың ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруы, алмастырудың
қажеттігі;
• НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату,
жарнама шығындары.
Екіншісі, жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді
көздейтінімен байланысты.
Қазіргі заманда ілгері дамыған елдерде көп өнімдер бойынша өндіріс
дәрежесінің дамығаны соншама, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып
табылады. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатты болып
табылады.
Осымен қатар, бүгінгі кәсіпорындардың шығындарының өзгерістері,
автоматтанған өндірістер санының өсуімен де байланысты. Автоматтандыру
тұрақты шығындардың және инвестициялардың өсуіне және өзгермелі шығындардың
төмендеуіне әкеліп соғады. Өндіріс шығындары құрылымындағы осындай
өзгерістер өндіріс қуаттарын толық пайдалануға ынталандырады. 9, 127 б
Әрбір рыноктағы кәсіпорын келесідей шешім қабылдауға ынталы болады,
яғни жоғары пайданы қамтамасыз ету. Осы шартты орындауда негізгі
көрсеткіштің бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы салықтық реттеу
Бюджет - салық саясаты туралы
МЕМЛЕКЕТТІҢ САЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Пайда мен шығын теориясы
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты
Шығындар және оның құрылымы мен өндіріс дамуындағы маңыздылығы
Маркетинг
Мароэкономика
Шығындардың экономикалық элементтері
Пайда түрі мен есептелуі
Пәндер