Шағын және орта бизнестің дамуы
Кіріспе
1. Шағын бизнестің теориялық негіздері
1.1 Бизнес түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері және түрлері
1.2 Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі
2. Шағын және орта бизнестің даму тенденциясы және қызметін экономикалық талдау
3. Шағын және орта бизнестің даму проблемалары және шешу жолдары
3.1. Шағын бизнесті экономикадағы ролін арттыру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелердің пайда болумен сипатталады. Әсіресе шағын бизнесті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып саналады.
Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Сондықтан, шағын кәсіпорындарды дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.
Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:
-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
-импортқа тәуелділігі;
-қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы;
-аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.
Бұл аталғандар біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпорынды дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріске, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетке кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпорынды дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз емес болады.
Сондықтан бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру және олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке қойылып отыр. Оған куә ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің тарапынан жасалынып жатқан кәсіпкерлікті қолдау, жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық актілерді атап өтуге болады. Сондықтан кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күштері деп білуіміз қажет. Осыған орай айта кететін бір жайт, мемлекетімізде шағын кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау табуын тек кәсіпкерлікті дамыту үшін деп түсінбей, сонымен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесінің де қомақты екенің естен шығармауымыз қажет. Демек нарықтың өрлеп, өркендеуі кәсіпкерлердің қызметтеріне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерлік дамыған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады. Себебі өркениетті елдердің қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді.

1. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030, Алматы-1997 ж;
2. ҚР-ның Азаматтық кодексі, Алматы-1999 ж., 10-бап;
3. Окаев К.О. Предпринимательство в РК, Алматы-1999 ж;
4. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару, Алматы-2001 ж;
5. Бердалиев К.Б., Тұрсынбаев А.А. Менеджмент теориясы мен тәжірибесі, Алматы-2002 ж;
6. Под ред. Жатканбаева Е.Б. Малое препринимательство:теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2001 ж;
7. Битемиров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері, Алматы-1998 ж;
8. ҚР-ның Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау заңы, Алматы-1997ж;
9. Егемен Казақстан газеті // табыс та, міндет те көп. 27.12.2002 ж;
10. Афанасьев В. “Анатомия” малого бизнеса //Росийский экономический журнал. 1994. №2. –с.55-64.
11. Абалкин Л. Старна располагает условиями для вывода экономики на путь устойчивого равновесия // Экономист-1996 №1 –с.3-9.
12. Афанасьев В. Малый бизнес: проблемы становления // Росийский экономический журнал. 1993. №2. –с.59-62.
13. Баранников А. Помочь малому бизнесу // Экономика и жизнь. 1996. №6. с.33.
14. Қазақстанның қысқаша жылнамалылығы - 2006ж;
15. Дауранов И. Проблемы развития малого бизнеса в Казахстане, Аль-Пари, №3-4, 72-75бет.

Жоспары
Кіріспе
1. Шағын бизнестің теориялық негіздері
1.1 Бизнес түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері және түрлері
1.2 Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі
2. Шағын және орта бизнестің даму тенденциясы және қызметін экономикалық
талдау
3. Шағын және орта бизнестің даму проблемалары және шешу жолдары
3.1. Шағын бизнесті экономикадағы ролін арттыру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен
қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелердің пайда болумен сипатталады.
Әсіресе шағын бизнесті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды
бағыты болып саналады.
Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің
экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Сондықтан, шағын
кәсіпорындарды дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының
стратегиялық мәселесі болып табылады.
Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының
мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:
-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
-импортқа тәуелділігі;
-қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы;
-аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.
Бұл аталғандар біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын
бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпорынды
дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және
өндіріске, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете
алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің
жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетке
кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпорынды
дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз емес
болады.
Сондықтан бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру
жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып,
жандандыру және олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мемлекеттік реттеу
әдістерін жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке
қойылып отыр. Оған куә ретінде Қазақстан Республикасы
Президентінің тарапынан жасалынып жатқан кәсіпкерлікті қолдау, жандандырып
нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық
актілерді атап өтуге болады. Сондықтан кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық
қызметінің жандандырғыш күштері деп білуіміз қажет. Осыған орай айта
кететін бір жайт, мемлекетімізде шағын кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау
табуын тек кәсіпкерлікті дамыту үшін деп түсінбей, сонымен бірге оның
нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесінің де қомақты екенің естен
шығармауымыз қажет. Демек нарықтың өрлеп, өркендеуі кәсіпкерлердің
қызметтеріне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерлік дамыған
нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады.
Себебі өркениетті елдердің қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және
әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
Сондықтан, шағын кәсіпорындар мемлекеттегі нарықтық экономикалық
қатынастарды құруда алатын маңызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты:
– Қазақстан Республикасындағы шағын экономикадағы ролін анықтау және
жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.
– Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамытуды басқару мен оны
қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін
айқындау мен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталынады:
-шағын кәсіпорындардың теориялық негіздері, экономиакадағы ролін
анықтау;
-шағын кәсіпорындардың даму тенденциясын көрсету;
-Қазақстандағы шағын кәсіпорындарды ұйымдастыру тенденциялары мен
жағдайы зерттелінеді;
-шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен тиімділігін бағалау
ерекшеліктері;

Бизнес іс ретінде қарастырылады, оны істердің дипломатиялық қарым-
қатынастары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар ретінде қарастыру керек.
Сондықтан осы процеске қатынасатын адамдарды бизнесмен деп атайды.
Бизнес сондай-ақ пайда әкелетін әрекетретінде қарастырылады. Оның
басқа тірліктерден айырмашылығы – ол әртүрлі салаларда орындалады. Ол
негізінен өндіріс өрісіндегі бизнес, сауда айналым өрісі, банк, қызмет
көрсету салаларында жүзеге асырылады.
Бизнестің жеке түрінің бірі кәсіпкерлік бизнес болып саналады.
Бұл бизнестің экономикалық негізі өндіріс құралдарына жеке меншік және
басқа түрлі меншіктің болуымен сипатталады.
Жалпы кәсіпкерлік ұғымының тарихы орта ғасырлардан басталады. Тіпті
сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер, бастаушы
кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырда кәсіпкер деген термин одан
да бұрынғы антрепренерің , яғни француз сөзі делдалдық екі
мағынада қолданылады:
1)түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы;
2)өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы;
Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш 18 ғасырдың басында ағылшын
экономисі Ричард Контильон (1680-1734ж.ж) енгізген. Ол кәсіпкер деп нарық
жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге
асыратын адамды айтқан.
Ал француз экономисі Жан-Батист Сэй ( 1767 - 1832 ж.ж.) бойынша
кәсіпкерлік дегеніміз екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел
жағдайындағы шығармашылық үндесуі және бірігуі болып табылады. Сонымен
қатар, Сэйдің түсінігінше кәсіпкердің еңбегі шығармашылық еңбек, ал
менеджердікі біріңғай еңбек деп түсінген.
Американ экономисі Йозеф Шумпетердің ( 1883-1950 ж.ж. ) ойынша,
кәсіпкерлік дегеніміз-инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші болып
саналады. Яғни ол кәсіпкерлікті технологиялық дамуымен жаңашылдықтармен
және экономикалық өсумен байланыстырады. Шумпетер бойынша жаңа комбинацияны
жүзеге асыруға келесі бірқатар мәселелер әсер етеді:
1)жаңа өнімдер мен қызмет өндіру;
2)жаңа технологиялар енгізу;
3)өткізудің жаңа рыногына ие болу;
4)шикізаттың жаңа көздеріне ие болу мүмкіндіктері;
5)сала құрылымының қайта ұйымдастыру қажеттілігі;
1964ж. П.Друкер, кәсіпкер-белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп
пайда түсіретін адам. Қазіргі кездегі кәсіпкер деп-пайда табуға бағытталған
және тауарларға (қызмет,өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан
жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 10-бабында:
“Кәсіпкерлік деп-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда
табуға бағытталған ынталы қызметі” және ол кәсіпкердің өз атынан, оның
тәуекелдерімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның
негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
1)жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
2)жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
3)құралдарды іске асыру еркіндігі;
4)жаңа шешімдерді, идеяларды іздеу;
Жоғарыдағы кәәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент функцияларымен
байланысты екендігін көруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - ол
жеке бизнесті ұйымдастыра білу және оны тиімді түрде іске асыру болып
табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаты-оның
субъектісі мен объектісі.
Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі
мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер жатады, сосын кәсіпкерлік қызметті
бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни шаруашылық серіктестіктер,
акционерлік қоғамдар, кооперативтер.
Ал кәсіпкерліктің объектісіне адамның белгілі-бір қызметі, нақты
жағдайда жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әр-түрлі
факторларын қосу жатады..
Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет болып
табылады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде де қарастыруға болады, ол
4 сатыдан тұрады:
1) Жаңадан идеяларды іздеу мен бағалау.
Барынша көп табыс келтіру – кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы.
Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды
енгізеді, мақсаты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма
оларды белгілі-бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады.
Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске
шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
2) Бизнес-жоспарды құру.
Бизнес-жоспарды құру – күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық
сигменттерін қосатын. Оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг
жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып
табылады.
3) Қажетті ресурстарды табу.
Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы
деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен
байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
4) Құрылған кәсіпорынды басқару.
Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі – нақтыланған өнім стилінің
басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың
шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан
тұрады .
Ал жалпы жаңа шағын кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен
тұрады:
1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет түрін
және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдайды;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау
процестері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын енгізу
мәселелері шешіледі;
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның ұйымдастырушылық
құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын,
басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі
белгілері бар. Оның ішінде негізгілерінің бірі шаруашылық субъектілерінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін
қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы-
экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі
болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бәр сипаты- ол шаруашылық жүргізудегі тәуекелге
баруы. Тәуекел-жоспар немесе болжауды қарастырылған нұсқалармен
салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық
тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің
арақатнасы жатады.
Кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде
жаңашылдық, шығармашылық ізденіс, жауапкершілік, іскерлікте этикет
әрекеттері, жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да бар және
олар келесідей:
1) Мақсатты анықтау. Ол пайдалылықтың негізін енгізуде маңызды болады.
Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен. Ал
Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап
етеді Біріншісі - қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу.
Екіншісі – сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.
2) Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету
құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару
сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.
3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда
шығармашылық ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады.
Жазалау –ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнініде болады. Кәсіпкер
алдына жаңа мәселерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл
жағдайда ғылыми тәсіл қолданылады.
4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қауіп-қатер де, адамдарды
жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да жатады.
5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз
болады, яғни оның негізгі объектісі - өндіріс болып табылады. Құрылым
өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы
тиіс.
6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар,
сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы,
кәсіпорындардың шамалары.
7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері – ол қызмет еркіндігі,
субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет өрісінде
тәуелсіздік.
8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс
бағдарламасын қарастыруда көрінеді, мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.
9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағаштық таукел жане таукелдік түрлерінің
жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.
Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей болады:
1) қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
2) өндірістік- маркетингтік қызметті юасқару үшін басқарушы білімі мен
тәжірибесі болу;
3) өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды
ескеру, қаржы құралдарын тарта білу;
4) экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзіретті болу, іскерлік мәдениетті,
тәжірибелі болу;
5) өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге бару;
6) талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар
болуы.
Жоғарыдағы кәсіпкерлік қызмет пен кәсіпкердің сипаттамаларын
қарастыру негізінде оның атқаратын қызметтеріне тоқталу
қажет.Кәсіпкерліктің атқаратын қызметтеріне келетін болсақ: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және басқарушылық қызметтері бар.
Өндірістік қызметі өндіріс пен материалды-техникалық қаматмасыз етуді және
шаруашылық қызметті шикізат, құрал-жабдықтар және тағы басқаларымен өзара
байланыстылығын жүзеге асырыды.
Коммерциялық қызметті тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және
кәсіпорындар мен нарықтық контрагенттер арасындағы айырбас процесін
басқаруды жүзеге асырады.
Сонымен қатар тауар-ақша және сауда-айырбас пен сату сатып алу
бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
Қаржылық қызметі келесі функцияларды жүзеге асырады. Қаржы есебінің
енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың
мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша нарығы, банктер,
инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыстар қалыптастыру; сатып
алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингілік
қызметтер және тағы басқалары.
Басқарушылық қызмет кезінде келесі мәселелер қарастырылады:
1) кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен
өзара қарым-қатынастарын басқару, инициативалық талаптарды және
менеджмент тәжірибелерін қалыптастырып, тарату;
2) капиталдар мен табыстардың қолдануын басқару; ғылыми-зерттеу
жұмыстары мен жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану;
3) бизнес қажеттіліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарту, таңдау, жұмысқа
алу.
Сонымен, кәсіпкер қызметінің сферасына байланыссыз өз
қабілеттіліктерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:
1) нарықты зертеу арқылы төлемқабілетті сұранысы бар тауарлар мен
қызметтер іздеу;
2) тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды
бағалау;
3) төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
4) бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде
ұйымдастыру мен басқару;
5) маркетингтің қазіргі заманғы қағидаларын пайдалану арқылы тауарлар
мен қызметтерді сату, тарату;
6) табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, резервтік қорлар,
дивиденттерді төлеу қорлары арасында тағы басқаларын тиімді бөлу.
Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің қызметтеріне байланысты негізгі
түрлерін бөліп айтуға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық,
делдалдық, сақтандыру.
Өндірістік кәсіпкерлік негізінен тауарлар, қызметтер, ақпараттар,
рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Сондықтан өндіріс
функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі болып саналады.
Ал коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді сату және
сатып алу келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады, яғни тауарлы-ақшалай,
саудалық-айырбас операциялары сипатталады. Кәсіпкер бағасы тауарды сатып
алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң
шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Кәсіпкерлік қызметің ерекше түрі - қаржылық кәсіпкерлік болып
табылады. Оның сату-сатып алу қызмет саласы ақша айналымы, бағалы қағаздар,
валюталық қатынастар.
Делдалдық кәсіпкерлік дегеніміз бір мезгілге өзара мүдделі жақтардың
басын қосатын қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады және ол
делдалдық қызмет атқарады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі дегеніміз кәсіпкер сақтандырған жағдай болған
кезде ғана қайтарылатын сатандыру жарнасын алып отыратын қаржы
кәсіпкрлігінің ерекше формасы және жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік
табысты құрайды. Көріп отырғандай кәсіпкерліктің барлық түрлері пайда
табуға бағытталған.
Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметі байланысты
жіктелінеді:
біріншіден, көлемі бойынша: -шағын, орта, ірі;
екіншіден, меншік түріне қарай: -жеке, мемлекеттік және аралас;
үшіншіден, аумағы бойынша: -жергілікті, аймақтық, республикалық,
халықаралық;
төртіншіден салалық бағыты бойынша: -өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс,
көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;
бесіншіден атқаратын қызметтеріне байланысты: -өндірістік, коммерциялық,
қаржылық, кеңестік;
алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:
дара кәсіпкерлік, өндірістік кооперативтер;
толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер;
акционерлік қоғамдар.
Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш
негізгі нысанын кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік,
корпорациялар.
1)Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана шешім
қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жеке жауапкершілікті алатын, өндірісті
ұйымдастыру болып тбылады. Мысалы, 80 - жылдар ортасында АҚШ –та
7 миллионға таяу жекеше шаруашылықтар болған.
Артықшылығы:барлық істің жүруіне меншік иесі–қожайынның толық бақылауы.
Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы
басқалары үшін жеке жауапкершілік.
2) Серіктестік дегеніміз – екі немесе бірнеше кәсіпкерлер
кәсіпорын үшін бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті
ұйымдастыру түрі болып саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1
миллионнан астам серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.
Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлық серіктестіктер бірдей иелік
етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.
Бұл кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет көрсету
салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске
байланныссыз болады.
3) Корпорациялар акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылады.
Айырмашылығы: кәсіпкер жеке меншік пен жеке меншік иесінен бөлінген, оның
қаржылық қызметі шектелген.
Артықшылығы: акцияларды сату арқылы едәуір капиталды іске қатыстыру
мүмкіншілігі, корпорацияның иелері ешқандай материалды жауапкершілікке
тартылмайды.
Кемшіліктері: акция иелерінің барлығы бірдей корпорацияны басқару ісіне
қатысы алмайды, салық жалпы табысқа салынуымен қатар әрбір акция
иелерінің дивидендіне де салынады.
Қазіргі батыс экономикасында шағын кәсіпкерлік шаруашылықтың ірі
секторын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің әдеттегі формаларына франчайзинг
және венчурлық кәсіпкерлік жатады. Франчайзинг – ірі фирманың
фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі-бір салада,
белгілі-бір территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім
шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі болып табылады. Олардың бағаны
төмендету, тауарды жеткізуге, құрал - жабдықты сатып алуға, несие
алуға көмек түрлерінде жеңілдіктер бар. Ал венчурлық фирма – ол ғылыми
зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Олар
жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып
алушылар қажеттіліктеріне төменгі шығындарға сай келмей қалуының мүмкін
болуына байланысты жабылуға тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық
фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады.

Нарықтық экономикаға өту монополизмді жеңуге және бәсекелестіктің
дамуына бағыттала отырып, қоғамдық өндіріс құрылымының түбірлі қайта
құрылуын талап етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл міндетті шағын бизнестің
дамуынсыз мүмкін емес. Шағын экономиканың кәсіпорыны нарықтық жүйенің
объективті элементі болып табылады және үстемдік етуші қоғамдық – саяси
құрылыстан тәуелсіз, экономикада маңызды роль атқарады.
Соңғы уақытта мерзімді баспасөз беттерінде және ғылыми басылымдарда
республика экономикасындағы шағын бизнес формасының даму болашағымен
байланысты мәселелер кеңінен талқылануда. Көптеген авторлар шағын бизнесті
экономиканың нарықтық қатынастарға кіруінің неғұрлым тиімді және икемді
формасы ретінде қарастырады. Тек қана шағын кәсіпкерлік нарық
конъюктурасының өзгеруіне тез жауап қайтара отырып, нарықтық экономикаға
қажетті икемділікті береді. Мұндай белгілер тұтынушылар сұранымдарының
жылдам даралануы және саралануы, ғылыми – техникалық прогрестің жылдамдауы,
өндірілетін тауарлар мен қызметтер номенклатурасының өсуінің әсерінен
ерекше маңызға ие болады. Мұндай жағдайларда орта және шағын кәсіпорындар
ірілеріне қарағанда жылдам икемделгіш болып келеді, олар өте жаңа
технологияларды тиімді пайдаланады, өнімдердің жаңа түрлерін жылдам
игереді, сапалы заттар жасап шығарады.
Шағын экономика кәсіпорыны біздің еліміздің жағдайында халық
шаруашылығы тиімділігінің елеулі артуын қамтамасыз ете алады, әсіресе
күрделі және ағымдағы шығындарды жақсы пайдалану есебінен. Оларға мынандай
факторлар тән: құрылысқа жұмсалатын шығындарды қысқарту негізінде күрделі
жұмсалымдардың жылдам айналуы, өндірістік күштерді игеру және енгізу,
негізгі өндірістік қордың активті бөлігінің басымдылығы, инфрақұрылымды
объектілер құрылысына шығындардың аз жұмсалуы.
Ағымдағы шығындарды пайдалануды жақсарту жоғары еңбек өнімділігіне
және қолданылып отырған құрал – жабдықтарын жоғары өнімділігіне әсерін
тигізеді, басқарушы аппараттың шығындарын қысқартады.
Жоғары монополияландырылған бұрынғы одақтас республикалардың
экономикасында бірінші дәрежеге ие болатын бәсекелестік ортаны
қалыптастыруда шағын бизнес елеулі үлес қосады. В.Афанасьевтің пікірі
бойынша “шағын бизнес” өзінің табиғатынан монополияға қарсы, бұл оның
әрекет етуінің әртүрлі аспектілерінен көрінеді, ол өзінің элементерінің
көптігінен және олардың жоғары динамикалылығынан монополияға өте аз
дәрежеде ырық береді. Екінші жағынан, тар шеңберде мамандану мен жаңа
техниканы қолдануда шағын кәсіпкерлік бәсекеге ірі корпорациялардың
монополиялық позициясын бұзатын байсалды сапада түседі. Нақ осы аталған
сапа өнеркәсібі дамыған елдерде монополияның әлсіреуіне және тоқтап қалған
техникалық прогрестің жылжуында елеулі роль атқарады. Батыс экономистерінің
есебі бойынша “...белсенді бәсекелестік бөлу үшін, біртекті өнім
шығарушылардың саны 8-15, ал кем дегенде 4-5” болу керек..
Ресей экономистері Блинов А. мен Никитов А. Шағын бизнестің
“...көпшілік ірі кәсіпорындар көріп отырған инвестициялық жетіспеушіліктің
әлсіретуде аз роль атқармайтындығын бөліп көрсетеді.” Шындығында мемлекет
те, жеке тұлға да ірі кәсіпорынға капитал салуға асықпайды, “бір жағдайда,
тәртіп бойынша олар жиі ғана жоқ (мемлекет), ал екіншісінде олар бүгінгі
күнде пайдалы емес немесе, барлық жағдайда проблемалы.” Ол өте үлкен
көлемде капитал салуды талап етпейді, керісінше оның айналымының жоғары
жылдамдығын қамтамасыз етеді және аз емес пайда табуға нақтылы мүмкіндіктер
береді. Мұның бәрі өзінің шағын ғана қорларын инфляциядан сақтау жолын
іздеуші салымшыларды (ұсақтарын да қосқанда) өзіне тартатын еді.
Шағын бизнестің үлесі ғылыми – техникалық прогрестің маңызды
бағыттарын жүзеге асыруда елеулі байқалады. Мысалы, АҚШ-та әрбір оң жаңа
технология идеясының тоғызы шағын бизнесте пайда болады.
Шағын бизнестің осы айтылған және басқа да айтылмаған қасиеттерге
байланысты дамуы республика экономикасын реформалаудың елеулі факторы және
құрамды бөлігі екенін көрсетеді.
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы көптеген шағын фирмаларды
құрумен бірге жүреді. Бұл процестің шындығы көпшілікке таңымал, сондықтан
шағын кәсіпорындар кең ауқымды назар аударатын объектіге айналды.
“...шағын бизнессіз нарықтық экономика қалыптасу, не даму жағдайына ие
бола алмайды.”
Қазақстандық экономистер А.К.Қошановтың, А.А.Алимбаевтің,
Р.Каренованың, К.С.Сүлейменовтың, П.С.Шимнің жұмыстары ішінен олармен шағын
бизнес сипаттамасында бөліп көрсетілген мынадай белгілерге назар аудару
қажет: біріншіден, нақты кәсіпорын негізделетін меншік нысанының
көптүрлілігі; екіншіден, өндірістің шағын көлемділігі, демек бұл әртүрлі
қызмет түрлерін жариялауға кедергі келтірмейді; үшіншіден, шағын кәсіпорын
ірі құрылымнан басқару стилі бойынша ерекшеленеді, мұнда шешуші рөлді басшы
атқарады; төртіншіден, шағын кәсіпорындарды қаржыландыру сипаттамасы
толығымен мемлекеттік салымдарды қоспайды (қаржыландырудың жалғыз көзі жеке
өз қорлары мен банктердің шағын кредиттері). Бұған ірі кәсіпорындарды
мемлекет иелігінен алу процесінде, жекелеген реттерде мемлекетпен
қаржыландырылатын жаңа құрылушыға шағын кәсіпорындар кірмейді.
Тағы бір ескертетін нәрсе, мұнда мәселе шағын бизнестен алынған,
керемет бір сиқырлық қасиеті жөнінде болып отырған жоқ.Олар орта және ірі
кәсіпкерлікпен бірге органикалы біртұтас өмір сүре береді. Бірақ Батыс
мамандарының пікірі бойынша бұрынғы социалистік елдерде экономикалық өсу
нарықтық экономиканың дамуында негізгі элемен болу мүмкіндігі берілген
шағын бизнес көмегімен болады.
Дегенмен әлі күнге дейін “шағын бизнес” түсінігі мәселесінде
айқындылық жоқ. Шет елдік және отандық әдебиеттерде шағын бизнеске берілген
бірнеше анықтамаларды қарастырайық. Мысалы, Ботонның жұмысында (шағын
бизнес мәселесіне арналған классикалық жұмыс) шағын бизнес ролі қоғамның
экономикалық жүйесімен тығыз байланысты. Ол былай деп жазады: “...шағын
бизнестің ерекше ролін тану экономикалық жүйені тұтасымен қарастыруды талап
ететіндігі айқын болу керек. Бүгіндегі үлкен фирмалардың барлығы дерлік
шағыннан және осы күнгі көлеміне дейін осындай және басқа да әдістермен
өсті.”
Ал кейбір экономистер, “шағын бизнестің дамуын рыноктардың
жетіспеушілігінен және бәсекенің кемшілігінен” деп есептейді.
Эдит Пенроуз шағын кәсіпорындардың өмір сүруі нарықтық
түйіспеушіліктерді қолданумен байланысты деп есептейді: “шағын фирмалардың
өндірістік мүмкіндіктері үлкен фирмалардың қолдана алмай бос қалдырған
техникаларынан тұрады, шағындар осылардың көмегімен үлкен табысқа жету
мүмкіндіктеріне ие.”
Қазіргі шетел экономистері бұл мәселеге былайша қарайды. Мысалы,
Л.Филлионның анықтамасы бойынша, “шағын бизнес-бұл бір адамға немесе шағын
адамдар тобына жататын және олармен басқарылатын ұйым. Ол
жетіспеушіліктерді (нарықтағы) сезінеді және өзінің өмір сүруі үшін, үлкен
бизнес жасайтын ортагың өзгеруіне бейімделуге мәжбүр.”
Л.Филлионның анықтамасын жалғастыра отырып, Ресей экономисі
В.Любимова былайша толықтырады “бұл кәсіпорындардың ерекше белгілері болып,
уақытша және тұрақты жолдамалы жұмысшылар санының аздығы ... және олардың
қызметінің негізгі салынған капиталдан түскен пайда, өз еңбегі, кәсіпкерлік
молшығы болып табылады.”
Ресей экономисі Ф.Шамхаловтың анықтамасы сәл өзгеше болып келеді, ол
“...шаруашылық қызметтің бірнеше түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорын
қызметінің аз ғана үлеске ие.”
“Әр түрлі салалардың орта және шағын кәсіпорындарын біріктіретін
мұндай сала біздің шаруашылық тәжірибемізде шағын бизнес деген жалпы атқа
ие болды,”-деп есептейді.
Бұлардан Қазақстандық экономистерде шет қалған жоқ, олар “...
республикамызда көп мөлшерлі шағын кәсіпорындар құрмай толыққанды нарық
қалыптаспайды, өйткені нақ осы кәсіпорындар ғана ішкі рынокты тұтыну
тауарларымен тез толтыра алады” деп атап көрсетті.
П.С.Шимнің анықтамасы бойынша, шағын бизнес “... көбіне мемлекеттік
емес кәсіпорындардың, соның ішінде жекелердің қызмет формасы болуы қажет,
олар өндірісі дамыған елдерде өзінің тиімділігін өндіріс пен өндірген
құралдардың бір субъектіде және бір меншік иесінде болуының арқасында
жоғары екендігін дәлелдейді.” Авторлардың позицияларындағы айырмашылықтарды
түсіндіру қиын емес. Өйткені мәселе 90-жылдарға дейін біздің экономикалық
өмірімізде болмаған құбылыс жайында болып отыр. Жоғарғыдан, “шағын бизнес”
ұғымының кәсіпкерлік ұғымымен тығыз байланыстылығы шығады.
Кәсіпкерлікті қуат-күші мол және ынталы адамның интеллектуалды қызметі
деп атауға болады. Ол қандай да бір материалдық игіліктерді толық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz