Пірлер институтының тарихи бастаулары мен эволюциясы



Кіріспе
1.бөлім. Пірлер институтының пайда болуы және эволюциясы.
2.бөлім. Пірлер институты қоғамдық қатынастар жүйесінде.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының рухани даму процесстердің түркі халықтарының саяси өміріне ықпалы әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасы болған емес. Тек соңғы жылдары ғана бұл мәселе зерттеушілер назарына ілеге бастады. Бірақ мұндай зерттеулер осы күнге дейін шындап қолға алынған жоқ.
Рухани және материалдық мәдениет үлгілері мен дәстүр-үрдісіне, өркениетті елдер қатарынан алатын орны мен үлесіне, тарихи тағдырына деген ерекше ықыласын туғызады. Қазақ қоғамындағы, оның ішінде VII-XVII ғасырлар аралығындағы қазақ қоғамындағы пірлер институты тәрізді әлеуметтік табиғатты күрделі құбылыс мәселелердің қатарына жатады.
Қазақ халқының тарихында пірлер институтының маңызы өте зор. Мемлекеттің рухани, саяси және әлеуметтік құрылымының ғұрыптық құқық негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші, әлеметтік құрылым ретінде пірлер институты қазақ қоғамыда – діни, мәдени-рухани, әлеуметтік, саяси функцияларды атқарды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен көпқырлылығы оның зерттеу деңгейін бірнеше топқа бөліп қарастыруды қажет етеді. Қарастырылып отырған тақырыбымыз «ислам», «суфизм» мәселелерімен тығыз байланысты болғандығтан, ислам тарихының зерттелуіне басты назар аударуымыз қажет.
Кеңестікке дейінгі және кеңестік тарих ғылымында ислам тарихы мәселесінің зерттелуінде көптеген «ақтандақтары» кездеседі. Көптеген еңбектердің тарихилық принципта жазылуы, бұл мәселенің жасырын түрде қалуына әкелді. Тек тәуелсіздігімізді жариялап, дербес мемлекет ретінде дүние жүзіне танылып, төл деректеріміз негізінде отан тарихымыздың объективті зерттеу мүмкіншілігі туып, біршама еңбектер жарық көрді. Олар Нуртазина Н.Н., Нургалиева , Жандарбек З.З., Қожаев М., Тұрантегі Д., Маңабай А.У., Айнабекұлы Т., Қартабаева Е.Т. және т.б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады.
1. Ислам. Энциклопедиясы. А.,1995.
2. Жандарбек З.З. Маулана Саи ад-дин Орұн Қойлақи «Насаб-намасы» Қазақстанның VIII-XII ғ.ғ. тарихы жөнінде: т.ғ.к. дәрежесін алу үшін жазылған диссертац. А., 2000
3. Нуртазина Н.Д. Ислам в истории Средней Азии и Казазстана. А., 2000
4. Идрис Шах. Суфизм. М., 1995
5. НургалиеваА.М. Очерки по истории ислама в Казахстане. А., 2005
6. Пишулина К.П.
7. Утемиш Хаджи. Чингиз-наме. А.,1992
8. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. А., 1995
9. Төрт батыр. А., 1990
10. Нуртазина Н.Д. Каз. Правда. 30 июнь,2000
11. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы Т-4. А.,2002
12. Нуртазина Н.Д. Вестник КазГУ серия ист. №4.23. 2000
13. Тримигэм Дж.С. Суфийские ордены в исламе. М.,1987
14. Суфизм в контексте мусульманской культуры. М., 1989
15. Массэ А. Ислам. Очерки истории. М., 1982
16. Мец А., Мусульманский ренессанс. М., 1966
17. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячилетия. А.,1992
18. Мечковская Н.Б. Язык и религия: лекции по философии и истории религии. М., 1998
19. Басилов В.Н. Культ святых в исламе. М., 1970
20. Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр-аңыздар. А., 1985
21. Босворт К.Э. Мусульманские династии. М., 1971
22. Бартольд В.В. Сочинения Т 1-9. М., 1963-1977
23. Қасабекова А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы тарихынп кіріспе. А., 1994
24. Кривец В.А. Ислам в Центральной Азии. М.,1999
25. Мұртаза Бұлытай. Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? А.,2000
26. Нуртазина Н.Д. Ислам және Қазақ мәдениеті. А., 2004
27. Тұрантегі Д. Исхақ баб. А., 1999
28. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингнз-хана. А.,2001.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Пірлер институтының тарихи бастаулары мен эволюциясы.

Жоспар

Кіріспе
1-бөлім. Пірлер институтының пайда болуы және эволюциясы.
2-бөлім. Пірлер институты қоғамдық қатынастар жүйесінде.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының рухани даму процесстердің түркі
халықтарының саяси өміріне ықпалы әлі күнге дейін арнайы зерттеу
нысанасы болған емес. Тек соңғы жылдары ғана бұл мәселе зерттеушілер
назарына ілеге бастады. Бірақ мұндай зерттеулер осы күнге дейін шындап
қолға алынған жоқ.
Рухани және материалдық мәдениет үлгілері мен дәстүр-үрдісіне,
өркениетті елдер қатарынан алатын орны мен үлесіне, тарихи тағдырына деген
ерекше ықыласын туғызады. Қазақ қоғамындағы, оның ішінде VII-XVII ғасырлар
аралығындағы қазақ қоғамындағы пірлер институты тәрізді әлеуметтік
табиғатты күрделі құбылыс мәселелердің қатарына жатады.
Қазақ халқының тарихында пірлер институтының маңызы өте зор.
Мемлекеттің рухани, саяси және әлеуметтік құрылымының ғұрыптық құқық
негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші, әлеметтік құрылым ретінде
пірлер институты қазақ қоғамыда – діни, мәдени-рухани, әлеуметтік, саяси
функцияларды атқарды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен
көпқырлылығы оның зерттеу деңгейін бірнеше топқа бөліп қарастыруды қажет
етеді. Қарастырылып отырған тақырыбымыз ислам, суфизм мәселелерімен
тығыз байланысты болғандығтан, ислам тарихының зерттелуіне басты назар
аударуымыз қажет.
Кеңестікке дейінгі және кеңестік тарих ғылымында ислам тарихы
мәселесінің зерттелуінде көптеген ақтандақтары кездеседі. Көптеген
еңбектердің тарихилық принципта жазылуы, бұл мәселенің жасырын түрде
қалуына әкелді. Тек тәуелсіздігімізді жариялап, дербес мемлекет ретінде
дүние жүзіне танылып, төл деректеріміз негізінде отан тарихымыздың
объективті зерттеу мүмкіншілігі туып, біршама еңбектер жарық көрді. Олар
Нуртазина Н.Н., Нургалиева , Жандарбек З.З., Қожаев М., Тұрантегі Д.,
Маңабай А.У., Айнабекұлы Т., Қартабаева Е.Т. және т.б. авторлардың
еңбектерін жатқызуға болады.
Кеңестік уақытта бұл мәселе өз зерттелу деңгейін таба алмасады,
кеңестік ғалымдарымыздың еңбектерін жоққа шығаруға болмайды, бірақ сын
көзбен қарауды қажет етеді. Олар - Тәжіқова К., Басилов В., Большаков,
Снесарев Г.П. т.б.
Ислам мәселесі тек мұсылман елдерінде ғана зерттеліп қоймай басқа да
өркениетті елдердің ғалымдары тарапынан зерттеліп, өз зерттеулерін
жалғастыруда, Трименгем Дж.С., Мец А., Мюллер А., Босворт К.Э., Гольдциер
И., Роузентал Ф. және т.б.
Зерттеудің мақсат-міндеттері: Жұмыстың мақсаты, Қазақстан
территориясын мекендеген орта ғасырлардағы көшпелі және жартылай көшпелі
қоғамдардың өркениеттік ерекшеліктерін талдау арқылы қазақ қоғамындағы,
оның ішінде VII-XVII ғасырлар аралығындағы пірлер институтының пайда
болуын, эволюциясын, оның әлеуметтік табиғаты мен саяси құрылымын, қоғамдық
статусын айқындау. Ал мақсатымнан туындаған міндеттерім:
- көшпелі қоғамында пірлер институтының пайда болу алғышарттарын анықтау;
- пірлер институтының эволюциясын қарастыру;
- пірлер институтының ішкі мазмұнын анықтау;
- көшпелі қоғамда пірлер институтының атқарған функцияларын анықтау.
Жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде тарих,
мәдениеттану, әлеуметтік философия ғылымдарының негізгі тұжырымдары мен
жаңашыл концепциялары басшылыққа алынды. Жұмысты жазу барысында тарихилық
принципті ұстанып, талдау, тарихи-салыстырмалы әдістерді қолданылдық.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды
және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Пірлер институтының пайда болуы және эволюциясы.

Пір – қажы, қазірет, ишан сияқты ірі дін басыларына байланысты
қолданылатын ұғым. Көбінесе сопылар арасында кездеседі. Пір әулие атанып,
аскеттік өмір сүреді. Діни ұғымда пір қолдаушы, қорғаушы, сүйеніш болып
есептелінеді, аруақ деген түсінікке жақындайды. Әулие тарихи тұлғаларды,
түрлі табиғи заттарды, ескі мазарларды, кейбір тарихи ескерткіштерді пір
тұтып, діни аңызға бөлеп, әулие күзетшісіне айналдырады. [1.38]
Ишан – халық арасында сауат ашу, ғибадат айту қызметін атқарады, діни
адамдарға берілетін діни атақ. Ишанның міндеті - өзінің қарамағындағы ауыл
тұрғындарының діни сауатын ашу, шамасы келгенше діни ғұрыптарды атқару.
Ишанның негізін Алла тағаланың разылығы үшін халыққа дінді, ақиқатты үйрету
мақсатындағы адам ниет құрайды. Ишан атадан-балаға өтетін мұрагерлік іс
десе де болады. [1.42]
Бұл ұғымдар қазақ қоғамында ислам діннің енумен, яғни
мұсылманшылықпен бірге енген болатын, сондықтан қазіргі ғалымдарымыз бұл
екі ұғымдарға анықтама бергенде тар мағыналы анықтамамен шектеледі: діни
уағыздаушы, діндар адам, әулие және т.б. Кез келген анықтама ислам діні
аумағында шектелген.
Исламдану үрдісінің алғашқы кезеңінде көшпелі қауымға ислам дінінің
шарттарын, догматикалық қағидаларын енгізу қиындық туғызды, сондықтан ислам
діні (оны уағыздаушылар) далалық көшпенділер өркениетімен қарым-қатынас
орнату үшін көп уағыздаудың арқасында, ислам дінінің иррационалды
айлакерлігімен көпір орнату арқылы іске асты. Көшпелі мәдениеттерге тән
нәрсе айнала қоршаған орта, қоршаған дүниені дәл осы құндылық тұрғысынан
игеру. Ислам діні мен далалық көшпенділер арасындағы көпір – осы
психологиялық құндылықтырды максималды түрде пайдаланып жүргізілді. Кез
келген дін екі жағдайды анықтайды: біріншіден, дін – болмыстың ең құнды
сұрақтарына жауап іздейді; екіншіден, бұл жауаптардың мазмұнында адам
санасының логикалық-абстракты емес, әлде қайда жоғары мазмұндағы,
адамның жаны, сезімі, ар-намысы, тілектері сияқты сананың жеке облыстарының
құндылықтарына арналады. Дін өз бойында психологиялық-танымдық
компоненттерді сақтайды, олар:
- сенім – психологиялық қағида, дінмен анықталған ақпаратты дұрыс деп
қабылдау компоненті;
- әпсаналық-поэтикалық (мифопоэтический) компонент;
- теоретикалық (абстрактно-логический) компонент
- интуициялық-мистикалық мазмұндағы компонент.
Жоғарыда аталған компоненттердің теоретикалық (абстрактық-логикалық)
компоненті ғана ортағасырлардағы адам психологиясына тән емес компонент
болып табылады, ал қалған компоненттерді қабылдау оңай, себебі олар
ортағасырлардағы Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы түркітілдес
тайпалардың исламға дейінгі VI-VIII ғасырларда зоорастризм, христиан,
буддизм, манихейлік діндеріне де тән компоненттер. Сондықтан түркітілдес
тайпаларға ислам діні догматикалық, әпсаналық, мистикалық (аскеттік)
позициясымен ене бастады. Ал бұл үрдісті іске асырған сол пірлер,
ишандар, әулиелер болды.
Орта Азия халықтарына ислам дінін уағыздау сопылық бауырластық
мектептерінің мүшелері, көзі ашық діндар адамдар арқылы жүзеге асты. Олар
халық арасында үлкен мәртебеге ие болып, олардың құрметті аты пір, баб,
әулие, ишан деп атала бастаған. Өз бастауларын сопылық бауырластық
мектептерден алған бұл әлеуметтік топ әр түрлі мұсылман елдеріндегі
халықтар арасында әр алуан қызмет атқарды. Сопы пірлердің басым көпшілігі
қожалардан шыққанын да ескеру керек.
Қазақ қоғамы арасында пірлер институтының тарихи бастаулары ислам
дінінің енуінен VIII ғасырдың ортасынан бастап алады, атап айтқанда
сопылық бауырластық мектептерден, яғни сопылық бағыттан (ат-тасаууф)
бастауын алады. Сопылық бауырластықтардың мүшелерін алғаш кезде мұсылман-
аскеттері деп атаған. Бұл мектептердің ішіндегі қарым-қатынас жүйесі ұстаз-
шәкірт, арабша муршид-мурид компоненті негізінде жүрді. Ұстаздың
негізгі мақсаты үирету емес, бағыт-бағдар беру болды. Шәкірт өз әдісін
(мазһаб) және бағытын, жолын (тариқа) ұстазынан алып, соған дәруштейді.
Сопылық бауырластық мектептерінің түркі қоғамындағы ерекшеліктері арнайы
топтық жиынның негізінде дамуы емес, жалғыз ұстаздық (учитель-одиночка)
пен ел аралап, диуана, дервиш, бедуин сияқты өмір сүру практикасы жүзінде
іске асты. Оған мысал,
Менің атым Шашты әзиз,
Қыламын десең ықылас,
Жарылқады жаратқан,
Ей, бейшара көзіңді аш!
... Мұны көріп екеуі
Түрегелді орнынан,
Иіскеді қолынан.
Жыртып алды тұмарлық
Диуананың қолынан.[9.12]
Осының нәтижесінде сопылар ел аралап, ислам дінін уағыздады,
муридтерді жинап, өз мектептеріннің негізн салды. Нәтижесінде халық
арасында үлкен беделге ие болып, пір, баб, ишан, әулие аттарына ие
болды. Пірлер институты алғаш уақыттан бастап әлеуметтік қызметі діни
салада ғана шектелмеді, ислам дінінің уағыздаушы қызметін атқарып, сопылық
бағытты дамыта отырып, мемлекет саясатына, соғыстарға , мемлекет билігіне
т.с.с. салаларда үлкен қызмет атқарды. Пірлер институтының үлкен пайызын
қожалар құрды. Оған дәлел түрік қоғамына аты әйгілі – Исхақ баб.
Исхақ баб – Али ибн Абу Талибтің ұлы, Мұхаммад ибн ал-Ханафияның
бесінші ұрпағы. Хиджраның 150 жылы 150 мың әскерімен Исхақ баб пен Абд ал-
Джалил баб Ферғана, Өзгент, Шам елдеріне исламды таратуға аттанады.Үш патша
бастаған мұсылман әскерлері Шаш – Исфахан – Табриз – Мазандарын – Серахс –
Балх – Термез – Бұхара – Самарқанд қалаларын басып өтеді. Шашты алған соң
әскер үшке бөлінеді, Исхақ баб Сайрамға жіберіледі. Исхақ баб Сайрамды
алады. Одан кейін Набтдар қашып барған Сұлханға барып, ол қорғанды алды.
Исхақ баб серіктерімен 766-767 жылдары Түркістанға келеді. Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстан жерінде өз билігін орнатады. [2.80-82] Ел аузында Исхақ
баб жайлы Алпамыс батыр жырында мынадай үзінділер бар:
Қожалардан бата алып,
Жапан кезген атанып,
Жоғары қарап өрледі...
Бәріне бір түнеді.
Әзіреті Қаратау
Әулиенің кені еді...
X-XI ғасырларда сопылық бағытты қолдаушылар көбейіп, пірлер
институтының беделі арта бастады. Ортағасырларда Орта Азияда исламның
таралуында, мәдениеттің өркендеуінде, ғылым – білімнің дамуында маңызды рөл
атқарған сопылық бауырластықтар: йассауийа (XIIғ.), нақшбандия (XVғ.),
кубрауийа(XIIIғ.) қадырийа(XIIғ.) жене т.б. Сопылық бағыт(ат-тасаууф) –
исламдағы діни-философиялық ағым. Ортғасырларда сопылық баырластықтардың
таралған ілімі қазақ халқының Абай, Шәкәрім сияқты ұлы даналардың
дүниетанымына тигізген әсері зор болды. Соның ішінде қазақ даласында
йассауийа бауырластығының ірі өкілі Ахмед Йассауийдің ілімі қазақ даласында
үлкен әсер еткен. Ахмет Йассауи түркілік суфизмнің негізін салушы, Арыстан
Бабтың алғашқы шәкірті, Ахмет Йассауидің насаб – намасы бойынша оның туысы.
XII ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан территориясында қалыптасқан
қоғамдағы ислам дінінің сопылық бағытының ерекшелігі йассауиа сопылық
бауырластық мектебінің іргесінің салынуы болды, мәселен, Орта Азиядаағы
кубрауйиа, нақшбандйиа т.с.с сопылық бауырластық мектептерден ерекшелігі
исламдағы түркі бағытындағы мистикалық таным негізінің салынуы. Бұл уақыт
пірлер институтының дамуындағы үлкен секірістің бастамасы болды. Мәселен,
институттың қызметі мемлекеттің түрлі салаларына белсенді араласа бастады.
Пірлер институтының беделімен санасуға дәулеттілер де мәжбүр болды. Елге
белгілі сопы шейхтерін пір тұтып, олардың ақыл-кеңестерін тыңдады. Сопы
әулиелердің зираттары тәуап етер орындарға айналды, тірі ишандарға
құлшылық еткендері сияқты аруақтардан да жақсылық дәметіп, көмек пен
сауықтыру тіледі.
X-XIII ғасырлар аралығында Қазақстан аса дамыған ортағасырлық ислам
өркениеті ьүрік өркениетінің ажырамас бөлігіне, дәлірек айтсақ, оның
шалғай айлағы, шетіне айналып, осы үрдіс барысында түркі-ислам синтезі
толық үстемдік құрды. [3.58]
XIII-XIVғасырлар аралығында сопылық бауырластық мектептердің шайхтары
Алтын Орда мемлекетінің мдениетінің өркендеуінде алатын орны үлкен, маңызды
рөл нақшбандиа шайыхтары болды, шайыхтарының шығу тегін пайғамбарымыз
Мұхаммедтен ғ.с. бастау алады “Члены Ордена Накшбанди возводят свою
духовную родословную к Мухаммаду, включая внее большинство ранних
классических учителей.”[3.421] Моңғол шапқыншылығынан кейін ислам діні
Оңтүстік Қазақстанның отырықшы халқы арасында үлкен мәртебеге ие болды
деген тұжырымдарды өз еңбегіндеА.М. Нургалиева келтіреді [5.8], ал К.А.
Пищулинаның [6]тұжырымы бойынша, нашествие монголов XIII века и
последовавшее за этим разрушение... ослабило влияние на степь книжного
городского ислама. Алтын Орда мемлекетінің исламдану процессі Берке хан
тұсында басталады. Берке ханның ислам дінін қабылдағаны, халқын
мұсылманшылыққа тарту туралы Шыңғыс-наме еңбегіндегі үзінділер: ...
Когда через несколько лет Йочи умер, он пришел в город Сыганак, не будучи
состояни находиться среди неверных. Когда он пришел в этот валайет, то,
прослышав о достохвальных качествах Шайх ал-алам Сайф ад-Дина Бахарзи,
который был из халифа хазрата полюса полюсов Шайх Наджм ад-Дина Кубра, со
страстным желанием и любовью прибыл к нему на служение и в течение
нескольких лет ревностно стремился овладеть крайней степенью [духовного]
совершенства святых... Однажды хазрат шейх сказал Берке хану: О, сын мой!
Такое последовало повеление от Господа Всевышнего, отправляйся и правь в
юрте отцов [своих]!... [7.96-97]. Исламдану үрдісі Өзбек хан (1312-
1342ж.ж.) тұсында толық аяқталады. Аңыз бойынша Өзбек ханның ислам дінін
қабылдату керектігі туралы төрт мұсылман қасиеттілеріне аян түскен.
Солардың бірі қасиетті бабамыз Баба Түкті Шашты Азиз.Оның мазары қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылында әлі күнге дейін
сақталған. Баба Тукластың ата тегі туралы нақты дерек Қадырғали Жалайырдың
“Шежірелер жинағы” болып табылады.Оның “Едіге би дастаны” бөлімінде былай
деп келтіреді: “Әуелгі бабасы Әмір әл-Момын Әбу Бакр әл-Садық Рази алланың
төрт ұлы бар еді. Екеуінен кішісі – ұлысы, оның аты Мұхаммед атты еді.
Шамда патша еді. Оның ұлы Сұлтан Каиб атты еді, ол да Шамда патша болды,
оның ұлы Сұлтан Хамид еді, ол Сарсарда болды. Оның ұлы Сұлтан Халид еді, ол
да Сарсарда патша болды. Оның ұлы Сұлтан Қайдар ол да Сарсарда патша
болды.Оның ұлы Сұлтан Маулид еді, ол да Сарсарда патша болды.Оның ұлы Әбу-л-
фана еді, ол Антақияда патша болды. Оның ұлы Сұлтан Сәлім еді, ол да
Антақияда патша еді. Оның ұлы Сұлтан Садық еді, ол да Антақияда патша
болды, оның ұлы Сұлтан Әбу-л-хақ еді, оның ұлы Сұлтан Осман, оның ұлы
Жалаладдин, оның ұлы Баба Туклас, оның ұлы Аббас, оның ұлы Тырма, оның ұлы
Қарачи, оның ұлы, оның ұлы Ислам, оның ұлы Құтлу Қия, оның ұлы Едіге
би ... .. Саида үшінші Әзиз Керемет Баба Тукластың атасы еді. Өзбек хан
мұсылман болғанда Ұзақ-Чораны Каабаға-Шәріпке жіберіпті. Онда бұл үш ерді
алып келіп мұсылман болыпты...” [8.57].
Менің атым Шашты әзиз,
Қыламын десең ықылас,
Жарылқады жаратқан,
Ей, бейшара көзіңді аш!
Ұлының аты Алпамыс,
Қызыңның аты Қарлығаш,
Атса мылтық өтпейді,
Шапса Қылыш кеспейді,
Қалмақтармен болар қас.
Түрегел де қолыңды жай,
Болады өзі өмірі жас!
XV-XVII ғасырлардағы Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Құндылықтар философиясы. Құндылықтар - қасиеттер
Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
Ш. Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы
Қазақ халқының рухани мәдениеті пәнінен дәрістер кешені
Пәндер