Пайғамбарымыздың жұбайлары


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Аллаһтың салауаты мен сәлемі пайғамбарлар мен елшілердің ең ардақтысы, ақырзаман пайғамбары Абдуллаһұлы Мұхаммедке, оның әулетіне, сахабаларына және қияметке дейін оның сүннетін ұстанып, ол көрсеткен жолмен жүрген мүмін-мұсылмандарға болсын!

Аллаһты Раббы, Мұхаммедті, оған Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын, пайғамбар деп иман келтірген әрбір мұсылман, Аллаһтан кейін ең алдымен өз пайғамбарын барлық әкесінен, балаларынан және барлық адамдардан жақсы көруге міндетті. Онсыз иманы кәміл болмайды. Иманды кәміл етудің жетпістен астам жолы бар. Соның бірі - Пайғамбар әулетін, оның отбасы мүшелерін жақсы көру, оларды әрдайым ардақтап, қадірін білу. Пайғамбарымыздың ең соңғы өсиеттерінің бірі -өз әулеттеріне деген махаббат сезімі еді.

Соңғы кездерді алатын болсақ, дінге жалпы қызығушылықтың көбейгенімен, дін тағылымдарынан тым ұзақ, жүрегіне иман әлі де ұяламаған, тура жолдан адасқан жандар ардақты пайғамбарымызға, оған Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын, тілдері мен қаламдарын сермеп, дініміз Исламның беделіне нұқсан келтіруде. Алайда Аллаһ Тағала Кұран-кәрімде былай дап айтады:

« لقد كان لكم فى رسول الله أسوة حسنة لمن كان يرجوا الله وا ليوم الأخر و ذكر الله كثيرا »

«Расында сендер үшін, Аллаһты да ахирет күнін де үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін; Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» [18, Ахзаб сүресі-21] .

Пайғамбарымыздың әулетің білу - оған деген махаббатымызды арттырып, нәтижесінде, оған деген иманымызды күшейтеді. Аллаһ елшісінің жұбайлары - мүміндердің аналары. Олардың Аллаһ дініне жасаған қызметтері орасан зор. Пайғамбарымыз бізге қандай көркем өнеге болса, оның жұбайлары да бізге (әсіресе әйелдерімізге) көркем өнеге болуға әбден лайық. Олар, керек десеңіз, адамзат тарихындағы біртуар тұлғалар. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед барлық пайғамбарлардың абзалы болса, оның әулеті барлық әулеттердің абзалы. Демек, оның сахабалары жалпы пайғамбарларға ілескендердің абзалы, ал оның үмметі - жер бетінде өмір сүргендердің абзалы.

Зерттеудің өзектілігі. Жоғарыда айтылғандай, дінге енді бет бұрып келе жатқан еліміз діни тағылымдарға мұқтаж. Жетпіс жыл жалғасқан атеистік көзқарастардың әсері әлі де сезіледі. Дін дұшпандары ислам шариғаты және Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) өмірінен кемшіліктер табуға тырысады. Олар Пайғамбарымыздың оннан аса әйелді некесіне алғанын әйелқұмарлық, шәһуатын ұстай алмағандық немесе пайғамбарлықты пайдаланып, өзінің жеке бас деп сезімдерін қанағаттандыру деп түсіндіреді. Кеңестік дәуірде шыққан атеистік еңбектерді қарасаңыз, осындай ойларды байқайсыз. Осындай пікірлерге тойтарыс жауаптарды ғылыми да тарихи тұрғыда бере білу - салауатты мұсылмандардың борышы. Пайғамбарымыздың отбасылық өмірін, отбасына байланысты айтқан өсиеттерін зерттейтін болсақ, мұсылман отбасы, ондағы қарым-қатынастардың шынайы мәнін түсініп, күнделікті тіршілікте іске асыра алатын боламыз. Аллаһ тағала айтпақшы: «Сендерге Аллаһтың елшісінде көркем өнегелер бар» [18, Ахзаб, 21] .

Зерттеудің нысаны Пайғамбарымыздың отбасылық өмірі, оның жұбайлары мен ұл-қыздары және Аллаһ елшісі (с. ғ. с. ) әулетінің мүшелері арасындағы қарым-қатынастар.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Пайғамбар әулетінің дәрежесін білу, сол әулетте болған жағдайлардан тиісті қорытындылар шығарып, оны іс жүзінде қолдану.

Зерттеудің жаңалығы . Пайғамбарымыздың өмірбаяны, Оның (с. ғ. с. ) отбасы мүшелері туралы жазылған еңбектер аз емес. Алайда бұл жұмыс аталған тақырыптардың моральдық және тәрбиелік мәніне тоқталып, ізденушілерге сол тақырыптардың жаңа қыр-сырың ашады.

Зерттеудің дерек көздері. Қолыңыздағы жұмыстың дерек көздеріне Құран кәрім тәпсірлері, Пайғамбарымыздың хадистер жинақтары, оның өмірбаяны (сира) және Ислам тарихы туралы жазылған еңбектер мен зерттеулер жатады.

Зерттеудің практикалық мәні . Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) жұбайлары жайлы айтылса, екінші тарауда Пайғамбарымыздың көп әйел алғанының себептеріне тоқталамыз. Үшінші тарауда сөз Аллаһ елшісінің ұлдары мен қыздары туралы қозғалады. Жұмысты діни уағыздарда және сира, Ислам тарихы, Ислам тәрбиесі және Ислам мінез-құлықтары пәндерінде қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Кіріспе соңында Египет және Қазақстан президенттерінің келісімімен ашылған, еліміздегі жоғарғы діни білім берудің бірегей ордасы «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетіне рахметімді айтамын. Және ондағы алыстағы Мысыр елінен келіп, қазақ жастарына тәлім берген ардақты ұстаздарыма айрықша алғысымды білдіргім келеді. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) : «Адамдарға алғыс айтпаған адам - Аллаһқа да шүкір еткен болмайды» деген хадисіне амал ете отырып, осы жұмысымды жазуға көмектесіп, құнды кеңестерін беріп, пікір айтқан барлық ұстаздарыма, достарыма және курстастарыма алғыс білдіремін. Аллаһ тағала барлығымыздан разы болсын!


І ТАРАУ. Пайғамбарымыздың жұбайлары

Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын алпыс үш жылдық өмірінде некелеп алған әйелдерінің саны он бір еді:

1. 1 Хадижа бинт Хуайлид;

1. 2 Сауда бинт Замға;

1. 3 Айша бинт әбу Бәкір ас-Сыддық;

1. 4 Хафса бинт Омар әл-Фаруқ;

1. 5 Зәйнаб бинт Хузейма;

1. 6 Умму Сәләма;

1. 7 Зәйнаб бинт Жахш;

1. 8 Рамла бинт әбу Суфиян, Умму Хабиба;

1. 9 Жуайрия бинт әл-Харис;

1. 10 Сафийя бинт Хуяй ибн Ахтаб;

1. 11 Маймуна бинт әл-Харис.

Аллаһ олардың барлығынан да разы болсын.

Бұлардан Сафийя еврей ұлтынан болса, қалғандары араб еді. Ұлты араб әйелдерінің алтауы меккелік Құрайыш руынан болған.

Хадиша бинт Хуайлид (Аллаһ одан разы болсын)

Аллаһ елшісінің некелескен алғашқы жұбайы Хадижа еді. Хадижа анамыз Пайғамбарымызбен (оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын) тұрмыс құрғанда жасы 40 еді. Олар жиырма бес жыл бірге өмір сүрді. Жиырма бес жыл жалғасқан бұл бақытты отбасы өмірінің он бес жылы Мұхаммедке (оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын) пайғамбарлық міндеттері жүктелмей тұрып өткен еді. Он жылдық бөлігі болса, пайғамбарлықтың алғашқы басқышы болатын.

Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын) бірінші болып иман келтірген, артынан бірінші болып намаз оқыған адам Хадиша анамыз болды. Ол кісі Ислам тарихында, керек десеңіз, адамзат тарихындағы ең ұлы әйелдердің бірі, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын) алты перзентінің анасы еді. Мединеге һижра жасамастан үш жыл бұрын, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын) елу жаста болғанда Хадиша (Аллаһ одан разы болсын) дүние салды1.

Сауда бинт Замға (Аллаһ одан разы болсын)

Ибн Исхақтың айтуынша, пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, Хадиша анамыздан кейін алған алғашқы әйел Сауда болды. Хадижаның өлімінен бір неше жыл кейін, Таиф қаласынан қатты қиналып қайтқан еді. Сауда анамызға үйленуі дәл осы бір кезге тура келді. Сауда ілгеріде күйеуі Сакранмен бірге Хабашыстанға2 екінші керуен арқасында һижра жасаған еді. Күйеуі сол жерде қайтыс болғанда, ол Меккеге өзі жалғыз қайтады. Сол кезде жасы бірталайға келіп қалған Сауда анамыз туған жері Меккеге келгеннің өзін көп қиналған еді. Күйеуі Сакран мұсылманшылық жолында үйін, отаның және өмірін пида қылған жан болатын-ды. Ол уақытта мұсылман жамағаты тым аз еді. Мемлекеттің әдеті бойынша, асыраушысыз қалған бұл әйелді өз қарамағына алатын ешкім табылмады. Расулуллаһ, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, тұрмыс жағынан өте ауыр түсетінін ескеріп, Саудаға үйленеді3. Сауда анамыз, Аллаһ одан разы болсын, пайғамбарымыздан, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, кейін Омардың халифалық дәуірінде дүние салады. Сауда пайғамбарымыздан, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, бес хадис жеткізген. Оның бірін Имам әл-Бұхари риуаят қылған.

Айша бинт әбу Бәкір әс-Сыддиқ (Аллаһ одан разы болсын)

Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, бірінші жұбайы Хадижа, Аллаһ одан разы болсын, һижрадан бұрын Меккеде қайтыс болып, пайғамбарымыз жалғыз қалған еді. Саудаға үйленбестен бұрын Әбу Бәкірдің жетіге толмаған қызы Айшамен некелесті. Кейін, Мадинаға көшіп барған соң онымен бірге тұрмыс құрды.

Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте ол: «Пайғамбардан Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын айттырғанда мен алты жасар едім. Сосын біз Мәдинаға келіп, әл-харис ибн хазраж әулеті (үйлерінің біріне) түстік. Сол кезде мен науқастанып, шаштарым түсіп қалды, сосын (қайтадан) қалың боп өсті. (Бір күні) мен құрбы қыздарыммен әткеншекте (ойнап жатқанымда) анам Умму Руман келіп, дауыстап шақырды. Мен оған келдім, (бірақ) менен не қалайтынын білген жоқпын. Ол мені қолымнан жетектеп есік алдына әкелді. Мен ентігіп қалған едім, тынысым қалпына түскен соң біраз су алды да онымен бетімді және басымды сүртті. Содан кейін мені үйге кіргізді. Қарасам үйде ансарлардың әйелдері отыр екен, олар: «Қайыр-береке және сәттілік (тілейміз) », -десті. Сөйтіп анам мені оларға тапсырды, ал олар мені үйлену тойына әзірледі. Сәске әлетінде Аллаһ елшісіоған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын келді де, (анам) мені оған тапсырды, мен ол кезде тоғыз жаста едім», -деген4.

Айша анамыз, Аллаһ одан разы болсын, тұрмысқа тым жас еді. Пайғамбарымызбен, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, араларында жас айырмашылығы едәуір көп болатын. Алайда осындай жас аралықпен тұрмыс құру ол кездегі қоғамның әдеттеріне қайшы келмеген. Әбу Бәкір, Аллаһ одан разы болсын, алғашқы кезінен бері пайғамбарымызға оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын ең көп берілген жандардың бірі болып есептелетін. Араларында рухани байланыстары бар пайғамбармен оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын туыстық қарым-қатынастардың да болғанын қалайтын. Осыны көп үміттенетін. Пайғамбарымыз да, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, осы ойда еді. Бұл неке екі жақтың да өзара қалауларының нәтижесі болды.

Айша анамыз, Аллаһ одан разы болсын, Аллаһ елшісімен, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, он жыл тұрмыс құрды. Өзінің ерекше ақылы, даналығы және парасаттылығымен танылған Айша анамыз бүкіл өмірін бар білімін адамдарға үйретумен өткізіп, бізге пайғамбарымыздың отбасылық өмірге байланысты көптеген сүннеттерін жеткізді. Сахих хадистері жинақтарында одан риуаят етілген хадистердің саны 2210-ға жетеді5. Бұл Әбу Һурайра мен Абдуллаһ ибн Омардан кейінгі көрсеткіш.

Сонымен қатар Айша өте шешен тілді кісі болған. Халифа болып сайланғаннан кейін онымен тілдесіп шыққан Муғауия, Аллаһ одан разы болсын: «Уаллаһи, Аллаһ елшісін, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын есептемегенде, мұнан өткен шешен тілді ешкімді көрген емеспін» деген.

Ахнаф ибн Қайс (Аллаһ оған разы болсын) : «Мен Әбу Бәкірдің, Омардың, Усман мен Әлидің және олардан кейінгі осы күніме дейінгі халифалардың құтпаларын тыңдағанмын, бірақ, Айшадай шешен тілді, көркем сөзді ешбір жанды кездестірген емеспін», -деген.

Айша Муғауияның кезінде һижра жыл санауымен 58 жылы рамазан айының 17 жұлдызына қараған түні алпыс алты жасында дүние салады6. Оның жаназасын Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) шығарды. Намазға осы түнге дейін пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын қаласы куә болмаған қарақұрым халық қатысты. Олар жаназа намазын зәйтүн майына салып малынған, жүннен жасалған шамның жарығымен оқыды. Оның денесі басқа мүміндердің аналарымен қатар Бақи зиратына қойылды. Аллаһ оған разы болсын!7

Хафса бинт Омар (Аллаһ одан разы болсын)

Аллаһ елшісінің, жұбайларының және бірі Омар ибн әл-Хаттабтың қызы Хафса еді. Пайғамбарымыздың бүтін әрекеттері даналыққа қалай толы болса, оның үйленгендері де дәл сондай маңызды даналықтар мен себептерге толы еді.

Хафса анамыз алдында сахабалардың бірі Ханис есімді бір кісімен тұрмыс құрған еді. Онымен бірге Мединаға һижра жасаған. Алайда, Ханис Бәдір соғысында дін жолында шәһид болып, Хафса жесір қалады. Омар, Аллаһ одан разы болсын, өз қызын қайта тұрмысқа шығармақшы болады. Ол алдымен қызына лайық күйеу болады деген ниетпен Усманға, Аллаһ одан разы болсын, барады. Ол уақытта Усманның әйелі - Пайғамбарымыздың, , қызы Рұқаййя қайтыс болған еді. Бірақ, Омардың бұл өтінішіне Усман ешбір нақты жауап бере алмаған. Алайда, ойланып көретінің уәде қылды. Одан соң Омар Әбу Бәкірге, Аллаһ олардан разы болсын, барады. Әбу Бәкір де осы өтінішке еш нәрсе дей алмады. Қызына лайық ер таба алмай, осындай жағдайға тап болған Омар қиналып қалады. Оны байқаған пайғамбарымыз, Омардың осындай күй кешкенін қаламайтын еді. Өйткені Омар, Әбу Бәкір сияқты өзіндегі барын пайғамбарымызға ұсынуға дайын болған, ең жақын достарының бірі еді. Ол Омарды Әбу Бәкірге ұқсап туыстық қатынастарымен өзіне қаратып, қуандыруды ойлады. Осы себептен Хафсаны некесіне алды. Хафса пайғамбарымызға тұрмысқа шыққанда жасы отыз бесте еді.

Осы мүбарак некеден кейін Әбу Бәкір Омармен жолыққанда, Омар оның үндемегенінің қатты әсерленгенің білдірді. Әбу Бәкір осында Расулуллаһтың Хафса туралы сұрастырғандығынан хабардар болғанын, алайда Пайғамбардың осы сырын ашыды қаламағанын, сондықтан үндемегенінің себебін түсіндіріп, Пайғамбар, оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын, алмағанда сонда оған сөз салмақшы болғанын білдірді.

Хафса өмірінің сонына дейін Мадинада тұрды. Умәуилер мемлекетінің негізін қалаушы Муғауия ибн Әбу Суфиян заманына дейін өмір сүріп, һижра жыл санауымен 45-жылы дүниеден қайтты. Ол мүміндердің аналары жатқан Бақиъ мазараында жерленген8.

Зейнаб ибн Хузейма (Аллаһ одан разы болсын)

Ол Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын үйінде бар жоғы 8 ай тұрып, жарық дүниемен қош айтысқан. Зәйнәп Бәдір соғысында жекпе-жекте шәһид болған Убайда ибн Харис әл-Мутталибидың (Аллаһ оған разы болсын) жесірі. Зәйнәп күйеуі шәһид болған кезде жаралыларға көмек көрсетіп, жарақаттарын таңумен шұғылданып жүрген-ді. Күйеуінің қазасы оны өз міндетін орындаудан тоқтатқан жоқ. Мүшріктермен болған алғашқы соғыста Аллаһ Тағала мұсылмандарға жеңіс бергенше өзіне жүктелген міндетті атқарумен болды. Зәйнәптың төзімділігін, табандылығын, сабырлылығын көрген пайғамбарымыз оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын күйеуінен айырылған оған сүйеніш болу мақсатымен өзіне некелеп оны «мүміндердің анасы» дәрежесіне көтерді.

Толық есімі-Зәйнәп бинт Хузәйма ибн Харис ибн Омар әл-Һиләлия.

Анасы: Һинд бинт Ауф ибн Зуһайр ибн Харис әл-Химйәрия. Ол жайлы: «Арабтарда Һинд бинт Ауфтай мәртебелі күйеу балаларымен танымал әйел жоқ» делінетін. Себебі оның қыздары Әбу Бәкір Сыддық, Абдулмутталибтың ұлдары Хамза және Аббас сияқты құрайыштардың беделді де абыройлы адамдарына тұрмысқа шыққан.

Сондай-ақ бұл кісі Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын тағы бір әйелі-Мәймуна бинт Харистың, Жағфар ибн Әбу Талибтың әйелі-Әсмә бинт Умәйстың, Хамза ибн Әбу Талибтың әйелі-Сәлмә бинт Умәйстардың шешесі еді.

Һинд Хадишадан (Аллаһ оған разы болсын) кейін Исламды қабылдаған екінші әйел. Сондай-ақ тарихта оның Әбу Ләһәбты ұрғаны жайлы дерек бар. Бұл алғашқы Бәдір шайқасында құрайыштар жеңіліс тапқан кезде болған жәйт еді. Мұсылмандардың жеңісі жайлы хабар Меккеге жеткенде, Әбу Ләһәб ызадан булығып, аласұрып кетеді. Нәтижеде Һинд бинт Ауфтан соққы жеп, бастан тиген соққының қатты болғаны соншалық төбе құйқасынан жылыстап қан ағады. Әбу Ләһәб осы соққыдан ұзақ уақыт зардап шегіп, ақыры осының салдарынан өледі. Өлер шағында одан әйел, бала-шағасының барлығы теріс айналған-ды, Аллаһтың оған лағнеті болсын!

Зәйнәп Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын үйінің босағасын Хафса бинт Омардан кейін аттаған мүміндердің бесінші анасы еді. Бұл өмірмен қош айтысқанда отызға да толмаған-ды.

Қысқа ғұмырын кедей-кепшік пен мұқтаждарға қарайласумен өткізген Зәйнәп, өзін материалдық қажеттіліктер мен дүниелік қызықтардан қашық ұстайтын. «Мұқтаждар мен міскіндердің анасы» деген атына заты сай Зәйнәптың құштар нәрсесі кедей-кепшікті азғантай болса да бірдеңемен қуанту болатын.

Зәйнәп көз жұмғанда, жаназасын Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын шығарып, денесі Бақиъға жерленді. Ол осы мазарда жерленген мүміндердің алғашқы анасы. Аллаһ оған разы болсын! Сондай-ақ ол пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын көзі тірісінде дүние салған екінші әйелі9. Мүміндердің анасы-Зәйнәп бинт Хузәйманы Аллаһ жарылқасын!

Умму Сәләмә (Аллаһ одан разы болсын)

Бәну махзум руынан шыққан Зәду Ракибтың ақылды да, парасатты, тапқыр, түсінігі мол, сұлу қызы еді. Оның өз аты Һинд бинт Әбу Умеййә болса да Сәләмә деген ұлы болғандықтан, «Умму Сәләмә» (Сәләмәның анасы) деп аталған.

Умму Сәләмә пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын таңдаулы сахабаларының бірі Әбу Сәләмә Абдуллаһ ибн Абдуласад ибн Һиләл әл-Махзумиге (Аллаһ оған разы болсын) тұрмысқа шыққан.

Әбу Сәләмә екі һижраның иесі атанған, өйткені ол екі рет, әуелі Эфиопияға, кейін Мәдинаға қоныс аударған болатын. Әбу Сәләмә пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын немере әпкесі Бәрра бинт Абдулмутталибтың ұлы әрі Аллаһ елшісінің оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын сүйікті інілерінің бірі еді. Әбу Сәләмә мен әйелі Һинд Исламда үлкен, маңызды орынға ие. Бұл екеуі, қауымдарынан Эфиопияға қоныс аударғандардың алғашқылары еді. Тіпті ол екеуі Хабаш жеріне қоныс аударған алғашқы ондықтың ішінде болды деген де риуаят бар.

Һинд әрдайым шаңырақ жылуымен, отбасы берекесін сақтаған, күйеуін құрметтеген үлгілі жар болды. Олар Исламды қабылдап, пайғамбарымыздың оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын соңынан ергенде кәпірлер мен көпқұдайшылдардың көрсеткен қиыншылықтарын бірге бастарынан өткеріп, қуаныш пен қайғыда ортақтасып, қабылдаған жас сенімдері-Исламды мүшріктердің әділетсіздігінен құтқару үшін бас сауғалап Эфиопияға қоныс аударады.

Һинд Эфиопияда бөтен жұрттың жерінде ұлы Сәләмәны босанады.

Аллаһ Тағала Исламды құрайыш тайпасының ықпалды ірі тұлғалары-Хамза ибн Абдулмутталиб және Омар ибн Хаттабтармен (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) күшейтіп, құрайыштардың мұсылмандарға құрған тұзағы-экономикалық қысым тоқтаған соң, көрсеткен зорлық-зомбылықтары доғарылғаннан кейін барып Әбу Сәләмә мен Һинд басқа қоныс аударушылармен бірге Меккеге оралады.

Мәдиналықтармен олардың мұсылмандарға жәрдем көрсетуі және мұсылмандардың бастарына әлдеқандай күн туғанда өмірлерін қатерге тігіп, қанымен қорғауы туралы келісім-шартқа отыру аяқталған соң Аллаһ елшісі оған Аллаһтың салауаты және сәлемі болсын Мәдинаға қоныс аударуға рұқсат берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Таблиғ» жамағаты – қандай жамағат?
Құрандағы ахлақ мәселесі
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР
Жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары
Исламдағы жанұя мәселесі
Хазірет Мұхаммед (өмір-баяны)
Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.с) пайғамбарға деген терең сүйіспеншілік
Пайғамбарымыздың өмірбаяны
Мұхаммед Пайғамбар
Құраниттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz