ХІХғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ.І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар.
1. 1. 1961 ж. Крепостниктің правоның жойылуы қарсаңындағы әлеуметтік саяси идеялар . . . 8 - 13
1. 2. 1870 - 1880 жж. Ағартушылар, халықшылдар идеологиясы Плехановтың «Еңбекті азат ету» тобы . . . 13 - 18
1. 3. ХІХ ғасырдың 90 жылдарындағы сациал демократиялық идеялар (Ленин, Мартов, Стасова, Засульич) . . . 18 - 24
1. 4. ХХ ғасырдың бас кезіндегі 1905 - 1907 жылдардағы орыс революциясына дейінгі және кйінгі қоғамда қалыптасқан саяси идеялар . . . 24 - 28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
Кіріспе
Ресейдегі 1861 жылғы шаруалар реформасы сот, ағарту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару салаларында да жалғасып, қоғамдық өмірде саяси идеялық ағымдар мен Ресейде Александр І-нің либералдық бастаулары мен оның әдебиетте талқылануынан (Сперанский, Карамзин) кейінгі «реформалар дәуірінде» либерализмнің келесі толқыны бой көтерді. Олардың либералдық көзқарастары ағартушылық консерватизммен аралас болды. Бұл топтың көрнекті өкілдері қатарына мыналар жатады: Б. Н. Чичерин (1828-1904) 5-томдық "Саяси ілімдер тарихының" (1869-1902), "Халық өкілеттілігі туралы" (1866), үш бөлімнен тұратын "Мемлекеттік ғылым курсы -(1894-1898), "Құқық философиясы" (1900) еңбектерінің авторы, С. А. Муромцев ("Азаматтық құқықтағы сот пен заң", (1880), Н. М. Коркунов ("Құқықтың жалпы теориясы бойынша лекциялар, (1886), М. М. Ковалевский ("Юриспруденциядағы тарихи-салыстырмалы метод", (1880), Кавказдағы заң мен әдет" (1886), '"Қазіргі әдет және ежелгі заң" (1886), 3 омдық "Тікелей халық билігінен өкілеттік халық билігіне дейін" (1906) еңбектерінің авторы.
Либералдар утопиялық социалистермен, алғашқы орыс марксшілдерімен, кейінгі славянофилдердің консервативті-романтикалық оппозициясымен қатар заңгер-догматтардың да көзқарастарымен пікір талстырды. Олардың арасында идеялық айырмашылық та болды. Мысалы, Б. Н. Чичерин классикалық либерализмнің жаңагегельдік жобасын, Муромцев мүдделер юриспруденциясы шеңберіндегі либерализм, Вл. Соловьев - діни-философиялық бағыттағы либерализм, П. И. Новгородцев табиғи-құқықтық дәстүр позицияларын ұстанса, М. Н. Ковалевский мен П. Г. Виноградов өздеріне дейінгі К. Д. Кавелин сияқты дәстүрлі либерализмнің теоретиктері болды.
Аталмыш дәуірдегі орыстың консерваторлары кейінгі славянофилдер сияқты европалық саяси тәжірибеге сенімсіздікпен қарап, патриоттық мәдени-ұлтшылдықты көтермелейді. Бұлардың қатарына Н. Я. Данилевскийді (1822-1885), К. Н. Леонтьевті (1831-1891), және Ф. М. Достоевскийді (1821-1881) жатқызуға болады.
Орыстың діни-философиялық тұрғыдағы саяси-құқықтық ойы Вл. Соловьевтің (1853-1900), Ф. Достоевскийдің, К. Леонтьевтің, ал кейінірек С. Н. Булгаковтың (1871-1944) және Н. А. Бердяевтің (1874-1848) шығармашылықтарынан көрінеді. Бұлар европалық мәдени құндылықтарды игеру ерекшеліктері мен әлемдік тарихи процестегі Ресейдің рөлі туралы сол заманғы идеяларды өздерінше ерекшелеуге ұмтылды, алайда практикада бұл әрекет сынаржақтылықпен шектесіп жатты. Достоевскийде түбіршілдік бағдар басым, Соловьевте утопиялық ойлар басым болса, Бердяевта орыс өмірі мен орыс рухындағы "терең антиномияның" салдарынан мұны жүзеге асыру мүмкін емес.
XX ғасырдың басында Ресейде марксизмнің позициясы күшейе түсті. Революцияшыл радикалдардың арасында орыс марксшілдері халықшылдарды ығыстырып шықты. Орыс марксизмнің акесі Г. В. Плеханов болып саналады. Кейін бұл бағытты В. И. Ленин, Н. И. Бухарин, Л. Д. Троцкий жалғастырды.
Ресейде конституциялық басқару енгізілгеннен кейін заң мен құқық саласында едәуір алға басушылық байқалды. Конституциялық (құқықтық) мемлекет мәселелерін зерттеумен А. С. Алексеев, С. А. -Котляревский, В. М. Гессен, М. М. Ковалевский сияқты орыстың құқықтанушылары айналысты, Құқық философиясы Г. Ф. Шершеневичтің (1863-1912), Б. А. Кистяковскийдің (1868-1920), Е. Н. Трубецкойдың (1863-1920), П. И. Новгородцевтің (1866-1924) шығармашылықтарында қарастырылды.
Кеңестік Ресейдің бастапқы тәжірибелері шетелге асып кеткен орыс құқықтанушыларының салыстырмалы-тарихи зерттеулерінің объектісіне айналды. Ресейдің "болашағы" туралы бұл сыншыл-аналитикалық жұмыс шетелдегі ғылыми орталықтарда жүргізілді. Орыс эмигранттарының мұндай орталықтары Харбин, Прага, София, Берлин қалаларында орналасты. Н. А. Бердяев, П. А. Сорокин, П. Б. Струве, Г. К. Гинс, Н. С. Тимашев, С. Л. Франк, С. И. Гессен және өзгелері шетелдегі ең танымал орыстың құқықтанушылары болды.
Философиялық-құқықтық құрылымдардың өркендеуіне жол ашты. Реформаторлар мен консерваторлардың, либералдар мен радикалдардың арасындағы идеялық алшақтық айқындала түсті.
Патша Александр 11 бұйрығымен құрылған шаруа ісі жөніндегі Бас комитеттің (басқа арушысы Я. И. Ростовцев) жұмысы үлкен қоғамдық пікірталас тудырды. Шаруа мәселесін шешуде 30-40 жылдары славянофилдер бастаған сезеайысты 50-жылдардың соңында халықшылдар жалғастырды. Халықшылдық бағдарламаның кейбір тұстары дворяндық реформаторлардың радикалды қанатының ұстанған позициясымен сай келді. Бұл бағыттың көрнекті өкілі Алексей Михрйлович Унковский (1828-1893/94), 1857 жылдың өзінде Тверь губорниясы дворяндарының атынан Александр И-ге шаруа мәселесін шешудің радикалды жобасын ұсынды. Реформаторлар қатарына митрополит Филаретті (Дроздовты) (1782-1867) де кіргізуге болады. 1861 жылғы 19 ақпандағы Манифесті дайындауды Александр II Ю, Ф, Самаринге жүктеген болатын, Алайда оның жобасымен келісім болмады, сондықтан бұл материал Филаретке тапсырылып, оның ақырғы үлгісі даярланды. Ол мемлекет пен құқыққа деген православиелік иерархиялық көзқарасты ұстанды.
1861 жылғы реформа жермен қамтамасыз ету және еркіндікке байланысты шаруалардың үмітін ақтамады. Сондықтан бұл реформа оны жақтаушылар тарапынан да, оның қарсыластары - радикалдар тарапынан да сынға ұшырады. 60-жылдар қоғамдық қозғапыстардағы радикалды идеялар мен бағдарламаларға толы болды. Бұл кезеңді тарихшылар ресейлік түбірдегі революциялык, утопиялық социализмнің қалыптасу дәуірі деп атайды. Бұл екі бағыттан - әртекті зиялы қауым ортасындағы бұқаралык, революциялық қозғалыстан және орыстың утопиялық ("шаруалық") социализм ағымдарынан пайда болды. Шындығында да, реформадан кейінгі Ресейде социапизм идеялары -бастапқыда сен-симонистік, фурьерлік, ап кейіннен маркстік идеялар студенттер, әдебиетшілер, жас офицерлер мен мемлекеттік қызметшілер, тіпті дін иелерінен шыққандар арасында кеңінен таралды.
Орыстың утопиялық социализмінің өкілдері қатарында А. И. Герцен және Н. Г. Чернышевский бар. Олардың екеуі де славянофилдердің көзқарастарын құрметтеді.
Қауымдық (халықшылдық, "шаруалық") социализмнің идеялары мен құрылымдарына алғаш келген әлеуметтік философтардың бірі Александр Иванович Герцен (1812-1870)
болды. Ол селолық қауымды болашақ орыс социализмінің негізгі тірегідеп қабылдады. Оның 1861 жылғы 1 қарашадағы "Халыққа барі" ұраны ондаған жылдар бойы патриоттық көңіл-күйдегі жастарды күреске жұмылдырды.
Герценмен салыстырғанда Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) нағыз демократ ретінде көрінеді. Оның "Қауымдық иелікке қарсы философиялық көзқарастарды сынау" (1858), "Экономикалық әрекет және заң шығарушылық" (1859) мақапалары мен "Не істеу керек?" еңбектері Ресейде оқуға тыйым салынған шығармалар болды.
Герцен мен Чернышевскийді кейде социалист-утопистер деумен қатар, революцияшыл демократтар деп саналды. Алайда "революцияшыл" деген сөз мағынасы жағынан 70-жылдардағы халықшылдар қозғалысындағы бакуниншілдер мен террористер туралы ұғымға жақын.
Михаил Александрович Бакунин (1814-1876) XIX және XX ғасырларда таралған ультрареволюциялық социализм бағыттарының бірі ұжымшылдық анархизм бағытының негізін қалаушының бірі. "Федерализм, социапизм және антитеологизм" (1868), "Кнуто-германдык, империя" (1871), "Мемлекет және анархия" (1873) деген еңбектеріндегі оның көзқарастары текорыс халықшылдары арасында ғана емес, кептеген батысеуропалық елдерде де өз жақтастарын тапты. Бакунин мен Л. Толстойдың анархистік ілімдерін Петр Алексеевич Кропоткин (1842-1921) жалғастырды. Ол бастапқыда географ, геолог, биологиядағы эволюциялық теорияны терең зерттеуші, этика теориясы мен тарихы бойынша монографиялық жұмыстардың авторы ретінде белгілі болса, кейіннен анархизм теориясы мен тарихы бойынша еңбектер жинағының авторы ретінде танымал болды. Кропоткин анархия ілімін табиғат пен қоғам туралы қазіргі ғылыммен, әсіресе, жануарлар әлемі мен адамзат қауымдастығындағы өзара көмек туралы әлеуметтік-философиялық іліммен біріктіргісі келді.
Радикалдар қатарына сондай-ақ, "Алға" журналының жетекшісі, Петр Лаврович Лавровты (1823-1900) жатқызуға болады. Бастапқыда Чернышевскийді жақтаған ол алғашқы "Жер мен ерік" ұйымына, I және II Интернационалға, Париж коммунасы мен кейінгі "Халық еркіне" белсене атсалысты. "Болашақ қоғамдағы мемлекет элементі" деген еңбегінде өзінің антиутопиялык, көзқарасымен ерекшеленеді.
І. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси ілімдер .
1. 1. 1961 ж. Крепостниктің правоның жойылуы қарсаңындағы әлеуметтік саяси идеялар
XIX ғасырдың орта шенінде Россияда феодалдық-крепостниктік системаның дағдарысы мейлінше шиеленісті. Ескі крепостниктік өндіріс қатынастары өндіргіш күштердің дамуына кедергі болды. Шаруашылықты жүргізудің кертартпа әдістерін өзгерту үшін крепостниктік шаруалардың басым көпшілігінде не қаржы, не білім болмады. Помещиктердің имениелерінде әлдеқандай бір жаңа әдістер енгізіле қалса, оларды игеруге шаруалардың құлқы соқпады. Өнеркәсіп орындарында істейтін еріксіз жұмысшылардың еңбек өнімділігі де мардымсыз болды. Жаңа, буржуазиялық қатынастар қалыптасқан, яғни ерікті және жартылай ерікті жалдамалы еңбек қолданылған жерлерде, крепостниктің үстемдігіне қарамастан, өндіргіш күштер шапшаңырақ дамыды.
1860 жылы Россияның өңдеу өнеркәсібінде істеген жұмысшылардың жалпы санының 4 /5-ше жуығы өз еркімен жалданғандар еді. Жұмысшыны өз еркімен жалдаудың капиталистік системасы мақта мата өнеркәсібінде өте - мөте көп тарады. Алайда жұмысшылардың басым көпшілігі өз иелері оброкқа босатқан мемлекеттік, удельдік және помещиктік шаруалар еді. Ауыл шаруашылығында ерікті жалдамалы еңбек негізінен Россияның оңтүстігіндегі халық аз мекендеген далалық аудандарда болмаса, басқа жерлерде сирегірек қолданылды. Крепостниктік право әлі де сақталып отырған жағдайда капигалистік шаруашылық жеңіп шығып, өндірісті толық меңгеріп кете алмады. Феодалдық системаның кертартпалығының салдарынан крепостниктік Россия экономикалық жағынан тым мешеу еді. Өндіріс орындарын техникамен жабдықтау жағынан да, еңбек өнімділігінің дәрежесі жағынан да, товар өндіру мөлшері жөнінде де батыс европалық елдер Россиядан әлдеқайда озьш кеткенді. Ауыл шаруашылығы ұзақ уақытқа дейін тоқыраған жағдайда болды, жиі-жиі егін қалуы салдарынан жұрт жаппай аштық пен түрлі эпидемияға душар болды. Астық саудасы кең етек алып отырған жағдайда феодалдық меншік иелерінің шаруалардың жер үлесін қысқартып, өздеріне зорлап жұмыс істетуі шаруалар шаруашылығыныд қорланып, ілгері басуына мүмкіндік бермеді.
Өндіргіш күштердің (ең алдымен өнеркәсіп саласында) қол, жеткен дәрежесі мен үстемдік етуші феодалдық қарым-қатынастардың арасындағы сәйкессіздік шиеленісіп, дау-жанжал түріне айнала берді. Шаруалардың барған сайын өрши түскен антифеодалдық қозғалысы белек алған осы қайшы-лықтардың өте-мөте айқын керінісі еді, Шаруалардың толқулары бытыраңқы, ұйымдаспаған түрде болса да, қоғамдық өмірдің барысына зор ықпал жасап отырды. Шаруалар қозғалысы демократиялық интеллигенция арасынан, көбіне әртектілер - мен жарлы чиновниктер, діни қауымнан және басқа сословиелерден шыққандар жағынан тілектестік және идеологиялық қолдау тапты.
50-жылдардың аяқ шені мен 60-жылдардың бас кезіндегі демократияшыл интеллигенцияның жұрт таныған көсемдері А. И. Герцен мен Н. Г. Чернышевский болды. Олар күреске шыққан шаруалардың мүдделері мен тілектерін қорғады. А. И. Герцен 1853 жылы Лондонда «Орыстың еркін баспа-- ханасын» ұйымдастырып, самодержавие мен крепостниктікке қарсы бағытталған шағын-шағын шығармаларды үзбей шығарып отырды. Қырым соғысы және Россиядағы қоғамдық өмірдің жандануы Герценге жаңа күш-қуат берді. Ол 1855 жылдан бастап «Полярная звезда» деген атпен мұқабасына өлім жазасына тартылған декабристердің бейнелері салынған мерзімді жинақ шығара бастады. Герцен дворян революцио-нерлерінің даңқты дәстүрін жоғары көтеріп, ілгері дамыта беруге ұмтылды. Декабристер сияқты, Герцен де дворян ұрпағы еді, сондықтан да ол өзінің көзқарастарында дворяндық дүние танымның кейбір қалдықтарынан арылып болған жоқ еді. Ол дворян сословиесінің прогресшіл топтарына әлі де үміт артып, қан төгіс революциядан гөрі бейбіт төңкерісті жақтады; I Николай елгеннен кейін А. И. Герцен патшаның мирасқоры II Александрды шаруаларды құлдықтан, ал Россияның бүкіл халқын деспотизмнен азат ететін жаңа жолмен жүруге көндіруге болады деген алдамшы үмітте болды. Алайда либерализм жағына қаншалықты ауытқығанымен, Герцен орыс халқын жанындай сүйетін және ен жайлаған езушілікті мейлінше жек көретін революцияшыл демократ болып қала берді; ол шаруаларды жеріменен азат етуді үнемі қолдап отырды, ал егер қоғамды бейбіт жолмен өзгертудің сәті түспесе, онда күрестің революциялық әдісін қолданудан тайынбайтынын ашықтан-ашық мәлімдеді.
Европадағы 1848-1849 жылдардағы революция күшпен басылғаннан кейін, Герценде халықшылдық көзқарастар қалыптаса бастады. Утопиялық социализм идеяларымен рухтанған Герцен жаңа дүниенің - әлеуметтік бауырластық пен теңдік дүниесінің негізін орыстың шаруалар қауымы қалайды деген қате пікірді басшылыққа алды. Герценнің «жерге праволы болу» және «жерді тең бөлу» жөніндегі идеялары шындығында помещиктердің билігін және оның экономикалық негізі - феодалдық жер иелену тәртібін жоюды көздеген шаруалардың ниетін білдірді.
Герцен өзінің досы Н. П. Огаревпен бірге 1857 жылдан бастап «Колокол» атты журнал шығаруды қолға алды. Журнал орыс қоғамының ат жалын тартып мінген азаматтарының бәрін күреске аттандыруды көздеді. Крепостниктік правоны дереу жойып, шаруалардың өздеріне тиесілі жер үлестерін сақтау - Герцен кеңінен өрістеткен үгіттің негізгі арқауы осы еді. Журнал редакциясына Россиядан кептеген мақалалар мен корреспонденциялар түсіп жатты. «Колокол» феодалдық-самодержавиелік құрылыстың өте-мөте жиіркенішті жақтарын аяусыз әшекереледі. «Колоколдың» әшкерелеу әрекеттерін Россияның билеп-төстеушілері де кез жазбай қадағалап отырды. Журнал беттері Россияға астыртын жіберіліп, алдыңғы қатардағы интеллигенцияның арасына кеқ таралып жатты. Герценнің азаттық сүйгіш сөздері Россиядағы революциялық қозғалысты өршіте түскен аса қуатты құралға айналды.
Россияда Н. Г. Чернышевский (1828-1889) және оның ең жақын пікірлестері Н. А. Добролюбов (1836-1861), ақын Н. А. Некрасов (1821 - 1877) басқарған демократияшыл үгіттің маңызы одан да зор болды. Герценге қарағанда Чернышевский әр тектілерден шыққан, студент кезінің өзінде - ақ оның дәйекті революцияшыл-демократтық көзқарасы қалыптасқан. Герцен сияқты Чернышевский де утопиялық социализм идеяларымен рухтанып, болашақ социалистік құрылыстың түп негізі қауымдық жер иеленушілік болады деп үміт артты. Герцен сияқты Чернышевский де халықшылдық идеологиясының негізін салушы болды.
Патша үкіметі алғашкы қадамдарын мейлінше сақтықпен бастады. 1857 жылдың басында үкімет Шаруалар ісі жөніндегі құпия комитетті құрды, ол шаруаларды «тым қауырт және күрт төңкеріссіз» бірте-бірте азат етудің жоспарын жасауға тиісті болды. Комитеттің құрамына өздерінің реакциялық крепостниктік көзқарастарымен жұртқа әйгілі болған Николай патшаның маңғаз төрелері кірді. Олардың ойынша крепостниктік правоны жою бір белгісіз ұзақ уақытқа созылып, өтпелі шараларды қолдану жолымен, көбінесе помещиктердің өз ынтасымен жүзеге асырылмақшы еді. Осындай ынтаны туғызу үшін үкімет Литва губернияларындағы дворяндардың қарамағындағы шаруаларын жерсіз азат етпекші болған ниетін қолдау керек деп тапты.
«Крепостниктік тәуелділіктен азат етілген шаруалар жөніндегі жалпы «Ережеден» басқа, 1861 жылғы 19 февральда алдыңғысымен тығыз байланысты тағы да 16 заң жобалары бекітілді. Бұларға бүкіл помещиктік имениелерге (жер құнын төлеп алу, басы байлы малайлар және тағы басқалары туралы) қатысы бар 4 жалпы «Ереже», империяның басты-басты аудандарындағы (Великорус, Украина, Белоруссия және Литва) шаруаларды жерге орналастыру жөнінде 4 «Ереже» және қосымша (ұсақ поместьялы жер иелерінің шаруалары туралы, кен заводтарының жұмысшылары және тағы басқалары туралы) арнаулы 8 заң жатқызылды. 1861 жылғы 19 февральда қабылданған заңдардың негізгі шешкені: шаруалардың жеке басына азаттық беру туралы мәселе, азат етілген шаруалардың жер үлестері мен міндеткерліктері туралы, шаруалар пайдаланатын жерлердің құнын төлеп алу туралы және шаруаларды басқаруды ұйымдастыру туралы мәселелер болды.
Крепостниктік шаруалар осы заң жарияланған кезден, яғни 1861 жылғы марттың 5-нен бастап, жеке басына азаттық алды.
Осы күннен бастап помещиктер шаруалардың жеке басын билеу - оларды сату, сатып алу, сыйға тарту, бұйым ретінде кепілге салу, оларды өз бетінше бір жерден екінші жерге көшіру, біреуге қызметшілікке, жұмысқа жіберу, жазаға тарту және тағы басқа осындай бұрынғы праволарынан айрылды. Шаруалар жеке басына да, дүние мүліктеріне де дереу право алды. Шаруалардың жеке басының праволары: помещиктің рұқсатынсыз, ез еркімен некелесу, жеке адамдар-мен, қазынамен өз бетінше шарт жасасу және міндеттемелер алу, сауда, өнеркәсіппен емін-еркін айналысу, өз беттерімен азаматтық және қылмысты сот істерін жүргізу болды. Сонымен қатар шаруалар енді «селоның ерікті азаматтары» ретінде өз еріктерімен қоғамдық өзін-өзі басқару органдарына қатыса алатын, басқа сословиеге (мещан, купец және басқаларына) ауыса алатын, тұрған жерінен басқа жерге өз еркімен кете алатын, қызметке кіре немесе оқу орындарына түсе алатын болды. Азат етілген шаруалар мүлік праволары жағынан - өзінің жеке меншігіне мал-мүлік жинауға, құнын тәлеп алған жерлерін емін-еркін пайдалануға және жергілікті әдет-ғұрып бойынша мал-мүлкін мұраға қалдыруға праволы болды. Бүрын помещиктердің «қол астында» болған крепостниктік шаруалардың жеке басына және мал-мүлік жинауына право беру 1861 жылғы қабылданған «Ережелердің» ең бір прогресшіл, буржуазиялық дамудың талаптарына сәйкес жағы болды.
Алайда 1861 жылғы 19 февральда қабылданған «Ережелер» экономикалық емес жолмен зорлаудың системасын толығымен жоя алмады: «селоның ерікті азаматтарының» қатарына қосылғандарына қарамастан, шаруалардың жеке басы мен мал-мүліктері түрлі шек қоюшылықпен шырмалып кала берді. Помещиктермен жер құнын төлеп алу келісімдерін жасағанға дейін шаруалар уақытша міндеттілердің жағдайында саналып, помещиктің вотчиналық өкіміне бағынуға тиісті; ал помещик оларға селолықстароста арқылы әр түрлі талаптар қоюға праволы болды. Реформа жарияланғаннан кейінгі алғащқы тоғыз жылдың ішінде шаруаның жер үлесінен бас тарту правосы болмады, демек, ол селолық қоғамның құрамынан шығып кете алмайтын болды. Бірақ бұл мерзім өткеннен кейін де шаруаны селолық қоғамнан шығармаудың неше түрлі амалы істелді. Ақшалай және затпен өтелетін міндеткерлікті уақытында дұрыс орындап отыру үшін, бәрі бірдей болып жауап беретін тәртіп азаттық алған шаруалардың еңсесін баса берді: селолық қоғамның қаулысы бойынша мойнында борышы барлар оны басқа жаққа барып, не біреудің қолына кіріп жұмыс істеп, басқа да кәсіп істеп, өтеуге тиісті болды, ал борышы жоқтар қарыздарлар үшін жарна төлеуге міндетті болды. Жер қүнын төлеп алу келісімдерін жасасқан және өзіне меншікті жер үлесін алған шаруалардың бәрі правосы тең емес, алым-салық төлейтін, әскерде ауыр жұмыс атқаратын, ұрып-соғу жазаларына тартылатын сословие болып қала берді (бұдан артықшылықпен пайдаланатын сословиелердің мүшелері - дворяндар, купецтер және діни адамдар ғана босатылғандығы.
1. 2. 1870 - 1880 жж. Ағартушылар, халықшылдар идеологиясы Плехановтың «Еңбекті азат ету» тобы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz