Тәуекелді басқару туралы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ 2

КІРІСПЕ 3

ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6

1. 1 Тәуекелдің мәні, мазмұны және түрлері 6

1. 2 Кәсіпорындағы тәуекелді басқару процессі 13

1. 3 Қаржылық тәуекелді басқарудың негізгі тәсілдері 21

«ҚАЗКӨЛІКСЕРВИС» АҚ-ДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ

30

2. 1 «Қазкөліксервис» акционерлік қоғамының қызметінің жалпы сипаттамасы 30

2. 2 Қаржылық есеп беру көрсеткіштері негізінде кәсіпорын тәуекелін бағалау 37

«ҚАЗКӨЛІКСЕРВИС» АҚ-ДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІ ТӨМЕНДЕТУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

47

3. 1 Тәуекелді басқару бөліміндегі ұйымдастыру құрылымының жобасын және тәуекелділік картасын жасау

47

3. 2 Қаржылық тәуекелділікті басқару саясаты мен тәртібі, және тәуекелділікті басқару технологиясын дамыту стратегиясын құру

51

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63

Кіріспе

«Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару және саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін» - деп, өз сөзін бастаған ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында барлық экономикалық, әлеуметтік саяси жағдайларға тоқтала отырып, осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту мәселесіне тоқталып өтті.

Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту, мемлекеттік жекеменшік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет екендігін айтты. Бұл саясат болашақ мамандардың, яғни біздердің нарықтық экономикада өз қажеттіліктерімізді білдіру, жақсы маман иесі болуымыздың кепілі. Әрбір маман иесі, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы, біздер - болашақ экономистер ел басымыздың саясатын қолдай отырып, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.

«Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру. Ел экономикасындағы өрлеудің түрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін қазынагерлік несие-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өніммен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті.

Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әр тараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға аса көңіл бөлу керек деп санаймын» - дей отырып, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту мәселесіне тоқталған сөзінде: «Кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.

Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет» - деді.

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар көзі жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайын келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.

Кәсіпорындардың қаржылық әрекеттерінің барлық турлері көптеген тәуекелдікпен тығыз байланыста. онда ықпал ету деңгейі нарықтық экономикаға байланысты біршама артады. Кәсіпорынның қаржы әрекетіне ілеспелі тәуекелдікті, тәекелдіктің ерекше тобына бөледі. Тәуекелдік кәсіпорындардың жалпы "портфель төуекелдігінде" маңызды рөль атқарады. Қаржы тәуекелдігінің дамуы көсіпорындардың қаржы нәтижесіне ғана әсер етіп қоймай, оның жалпы ендірістік - шаруашылық әрекетінің нәтижесіне әсер етуі экономикалық жағдайлардың және қаржы нарқы конъюнкгурасының тез қарқынмен озгеруіне кәсіпорындардың қаржы қатынасы жүйесінің кеңеюіне, республика көсіпорындарына жаңа қаржы технологиясының және инструменттерінің, басқадай факторлардық пайда болуымен байланысты.

Соныменен, қаржы тәускелдігінің объективтілігі біршама факторлардың барлығымен байланысты, олардың болуы түпкі нәтижесінде фирманың іс-әрекетіне байланысты емес.

Басқа жағынан қарағанда, қаржы тәуекелдігінің субъективті негізі бар, өйткені олар әр уақыттада адамдар арқылы іске асырылады. Шындығында, тек қана кәсіпкер тәуекелдік жағдайды бағалап, көптеген мүмкінді істің нәтижесін қалыптастырып, олардың ішінен қажеттісін тандайды. Одан басқа тәуекелдікті қабылдау жекелеген адамның мінезіне, оның ақылы-ойына, психологиялық екершелігіне, білім деңгейіне және оның істеп жүрген жүмысындағы тәжірибесіне байланысты.

Казіргі заманда контейнерлік тасымалдау жылжымалы күшінің дамуына клиенттердің ұсынысы әсер етеді. ТМД елдерінің контейнерлік парктерінің операторларының өз меншікті инфрақұрылымы бар, ол сатып алушылармен жіберушілердің жұк тасымалдау контейнерлық сервизын қалыптастырады.

Қазақстанның геосаясаттық Еуропаазияттық континентің ортасында орналысуы және республиканың аумағынан бірнеше халықаралық көлік коридоры өтетіндіктен, Азия мен Еуропаның арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасына байланыс ролін атқаруға артықшылық береді. Қазахстанның құрғақтағы жолдарының көлемін ескертсек - темір жол қөлігі бөлінбейтін бөлшеге болып саналады, ол контейнерлық бизнесті ынталандырады.

Осыған орай, дипломдық жұмысында нарықтық экономиканың талабына сай өндірістің экономикасы, өндірістің тиімділігін арттырудың жолдары және т. б. өндіріс процесінде орын алатын басты мәселелер қамтылған.

Корпорация тәуекелінің деңгейі нарықтық ортада қалыптасқан экономикалық жағдайлармен, қаржы менеджмент деңгейі және стратегиясымен анықталынады. Қаржы менеджменті бақылаудың күрделі процедуралары мен инфрақұрлымын талап етеді.

Қаржылық тәуекелдің жалпы көлемін анықтаудың қалыптасқан әдісі қаржыны жабу үшін резерв рөлін атқаратын капиталдың жеткілікті көлемде болуымен анықталынады.

Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді.

Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады, ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады

«Қазкөліксервис» АҚ-ң әлуеттінің дамуына Қазахстан Республикасының контейнер паркінің операторы ретінде, өз меншігінде терминалдық шаруашылығы, контейнерлық депо және жеткілікті жылжымалы паркі болу қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты : «Қазкөліксервис» АҚ-ң мәлиметтері негізінде тәуекелділікті басқару жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- тәуекелділіктің мазмұнын анықтау;

- тәуекелділікті әртүрлі белгілеріне баыланысты жіктеу;

- кәсіпорандарды тәуекелді басқару прцессін қарастыру;

- қаржылық есеп беру көрсеткіштері негізіндегі кәсіпорын тәуекелін бағалау.

- тәуекелділік Картасын жасау ;

- «Қазкөліксервис» АҚ-ң даму жолдарын белгілеу үшін ұсыныстар беру.

ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Тәуекелдің мәні, мазмұны және түрлері

Нарықтық экономика жағдайында кез келген ортада табыстылық пен қаржы деңгейін өзара салыстыру қажеттілігі туындайтындығы бізге мәлім.

И. Шумпетер "Теория экономического развития (исследование предпринимательской прибыли, капитала, кредита, процента и цикла конъюнктуры) " атты кітабында " . . . тәуекелдер шаруашылық жоспарда ескерілмеген жағдайда, олар бір жағынан шығынның көзі, екінші жағынан табыстың көзі болып табылады" - деп жазған болатын.

Қаржы деңгейі неғұрлым төмен болған сайын, табыс алу мүмкіндігі жоғары болып келеді. Сондыңтан да кез келген тауар өндіруші бір жағынан, қаржы деңгейін ең төменгі шегіне жеткізуге талпынып, екінші жағынан, тәуекел, табыс және іскерлік белсенділік арасындағы оңтайлы қатынасты таңдап алуға тырысады. қаржы деңгейі пайда болады, егер де:

- проблемалар аяқ астынан және күтпеген жерден туындаса;

- корпорацияның өткен кезеңдегі тәжірибесіне сәйкес келмейтін жаңа міндеттер қойылған болса.

Тәуекел бұл түрлі келеңсіз жағдайлардың тікелей және жанама шығындарға алып келетін оның салдарының болу ықтималдылығы немесе, қаржы- келеңсіз жағдайлар туындаған кездегі шығындардың пайда болуының ықтималдылығы мен қауіп-қатері.

Қаржы нарығы өте күрделі, тұрақсыз және жоғарғы технологиялық орта болып табылады. Сондықтан да кәсіпорын ісі қаржы тәуекелдерінің көптеген түрлерімен тікелей байланысты. Корпорация қызметімен байланысты туындайтын тәуекелдерді бақылау және басқарудың тәжірибесі мен әдістемесі корпорация қызметі үшін өте маңызды болып келеді. Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған қаржы менеджменті кез келген қаржы институтының бәсекеге қабілеттілігі мен сенімділігінің негізгі шарты болып табылады. Зерттеп отырған әдебиеттердегі және де корпорацивтік тәжірибелердегі мысалдардан келетініміздей тәуекелдердің негізгі түрлері несиелік, инвестициялық, валюталық болып табылып, олар несие мекемелерінің қаржылық жағдайларын төмендетіп қана қоймай, кей жағдайларда капиталды жоғалтып корпорация банкроттыққа ұшыратуы мүмкін. Оларды дұрыс бағалау және басқару шығындарды төмендету мүмкіндігін береді. Қаржы тәуекелінің негізгі міндеті - болуы ықтимал келеңсіз жағдайларды анықтау немесе олардың алдын алу, олардың салдарынан құтылу жолдарын іздеу, басқару әдістемесін жетілдіру болып табылады.

Қаржылық тәуекелді басқару мәселелері дағдарыс жағдайында күрделілене түседі. Корпорация тәуекелінің деңгейі нарықтық ортада қалыптасқан экономикалық жағдайлармен, қаржы менеджмент деңгейі және стратегиясымен анықталынады. Қаржы менеджменті бақылаудың күрделі процедуралары мен инфрақұрлымын талап етеді.

Қаржылық тәуекелдің жалпы көлемін анықтаудың қалыптасқан әдісі қаржыны жабу үшін резерв рөлін атқаратын капиталдың жеткілікті көлемде болуымен анықталынады.

Экономикалық әдебиеттерде қаржы түрлеріне көптеген зерттеулер жүргізіледі. Түрлі басылым беттерінде коммерциялық ұйымдардың қызметімен байланысты қаржы түрлері қарастырылып, олардың жіктемесі беріліп жатады. Мысалы, тәуекелдердің жіктелінуінде олардың мынадай түрлері беріледі: жүйелік, елдік, несиелік, инвестициялық, валюталық, операциялық, технологиялық және т. б. Қоғамдағы тәуекелдерді түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады, алайда біз осы жұмыста корпорацияның жүргізетін саясатына әсерін тигізетін тек қаржы тәуекелін ғана қарастырамыз.

Қаржы тәуекелдігі - бұл, бір жағынан барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстардың ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан тәуекелдіктің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Сонымен қаржы тәуекелдігі алып-сатарлық тәуекл тобына жатады, үйткені ісәрекетіне байланысты шығынға ұшырауы немесе ұтысқа шығуы мүмкін.

Кәсіпорындардың қаржылық әрекетінің барлық түрлері көптеген тәуекелділікпен тығыз байланысты, оның ықпал ету деңгейі нарықтық экономикаға байланысты біршама артады. Кәсіпорынның қаржы әрекетіне ілеспелі тәуекелділікті, тәукелділіктің ерекше тобына бөледі. Қаржы тәуекелділігі кәсіпорындардың жалпы портфел тәукелдігінде маңызды роль атқарады. Қаржы тәуекелдігінің дамуы кәсіпорындардың қаржы нәтижесіне ғана әсер етіп қана қоймай, оның жалпы өндірістік - шаруашылық әрекетінің нәтижесіне әсер етуі экономикалық жағдайлардың және қаржы нарығы коньюнктурасының қаржы қатынасы жүйесінің кеңеюіне республика кәсіпорындарына жаңа қаржы технологиясының және инструменттерінің, басқадай факторлардың пайда болуымен байланысты.

Басқа жағынан қарағанда, қаржы тәуекелділігінің субьективті негізі бар, өйткені олар әр уақыттада адамдар арқылы іске асырылады. Шындығында тек қана кәсіпкер тәуекелдік жағдайды бағалап, олардың ішінен қажеттісін таңдайды. Одан басқа тәуекелдікті қабылдау жекелеген адамның мінезіне, оның ақыл ойына, психологиялық ерекшелігіне, білім деңгейіне және оның жұмыс істеп жүрген жұмысындағы тәжірбиесіне байланысты.

Қаржы тәуекелдігі - бұл, бір жағынан барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстардың ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан тәуекелдіктің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Сонымен қаржы тәуекелдігі алып-сатарлық тәуекл тобына жатады, үйткені ісәрекетіне байланысты шығынға ұшырауы немесе ұтысқа шығуы мүмкін.

Қаржы тәуекелділігі қаржы ағымдарының қозғаламымен байланысты пайда болады және негізінен қаржы ресурстары нарқында байқалады. Бұл тәуекелділіктер көптүрлілігімен сипатталады және оларды тиімді басқару үшін олардаң әртүрлі белгілеріне баыланысты жіктеген жөн болады.

Сақтандырылатын тәуекел - бұл болатын мүмкінді оқиға немесе оқиғалар жиынтығына байланысты сақтандыру жасау. Сақтандыру қызметінің түрлерін жіктеу қаржы тәуекелдігін сақтандыруын анықтайды, онда сақтандырушының міндеті, оның сақтандыруға төленетін төлем мөлшері қаралады.

Сақтандыру келесі оқиғаларға сәйкес жасалады:

• өндірістің тоқтап қалуы немесе өндіріс көлемінің айтылған жағдайларға байланысты кемуі;

• банкрот болуы;

• алдын ала болжанбаған шығындар ;

• контрагенттің келісім шарттағы қараған міндеттерін орындамауы.

Кәсіпкерлік фирманың негізгі мақсаты тәукелділікке ұғыпты болып, банкроттыққа ұрынатын шектен аспай жұмыс істеу. Осыған байланысты қаржы тәуекелділігі, қаржы шағыны денгейі бойынша төмендегіше жіктелееді:

1. Мүмкінді тәуекел;

2. Сыни тәуекел;

3. Апатты тәуекел;

Мүмкінді қаржы тәуекел фирманың қаржы әрекетін немесе белгілі бір қаржы жобасын іске асыруда жартылай немесе толық пайдадан айырлу мөлшері күткен пайдадан кем.

Сыни тәуекел- бұл қаржы тәуекелділігінің түрі белгілі қаржы мәмілесін орындауға шыққан шағын мөлшерінің артықтығымен байланысты. Санымен сыни тәуекелділіктің бірінші денгейі кәсіпкерлік фирманаң шағарған материалдық шағындарын қайтарғаннан кейінгі нолдік табыс алу қаупімен байланысты. Сыни тәуекелділіктің екінші деңгейі толық шағын молшеріндегі шығынмен байланысты, яғні жоспарланған түсімнен айырылу мүмкіндігіне байланысты қәсіпкерлік фирмаға шығындарды басқадай көздер есебінен жабуға тура келеді.

Апатты тәуекл - оның қаржы шығыны, кәсіпкерлік фирманың жартылай немесе толық мүлкінен айырылу жағдайын сипаттайды. Апатты тәуекел, әлбетте, фирманы банкротқа ұшыратады, үйткені бұл жағдайда фирма қаржы әрекетінің белгілі тұріне салынған қаржысына ғана емес, фирманың тұтас мүлкінен айырылуына әкеп соқтырады.

Кап жағдайда бұл жай, кәсіпкерлік фирманың болашақ пайдасының есебінен сарттан қарыз алуына мәжбүр етеді, бірақта апатты қаржы тәуекелдік пайда болса, фирма алған несиені өз қаржаты есебінен қайтаруына тура келеді.

Пайда болу саласына қарай қаржы тәукелділігін сыртқы және ішкі тәуекелділікке бөлуге болады. Сыртқы тәуекелділіктің пайда болу көзі кәсіпкерлік фирмаға сыртқа ортаның әсерінен, яғні бұл тәуекелділіктің фирманың жұмысына байланыстығы жоқ. Кәсіпкерлік фирма сыртқы қаржы тәуекелділігіне әсер ете алмайда, ол оны алдын-ала болжап, өз әрекетінде оны есепке алуы тиіс. Бұл тәуекел түрі қаржы операциясы түрлерімен айналасындарға тән. Сыртқа қаржы тәуекелдігі экономикалық кезеңнің жекеленген сатысының өзгерген кезінде, қаржы нарқы конъюнктурасының өзгеруінде, фирмалар жұмысының қаржы саласы бойынша заңның өзгеруі нәтижесінде, мемлекеттегі саяси тәртіптің түрақсыздығы және тағы басқа жағдайларға байланысты пайда болады, бірақта фирма өз жұмыс працесінде оларға ешқандай ықпал етпейді. Қаржы тәуекелдігінің бұл тобына инфляциялық, валюталық, пайыздық және басқадай тәуекелдікті жатқызуға болады.

Ішкі қаржы тәуекелдігі- бұл тәуекелдік, кәсіпкерлік фирманың нақталы іс- әрекетіне байланысты, яғні олардың көзі фирманың өзі болып саналады. Бұл тәуекелділікке себепші болушылар:

• фирмадағы біліктілігі нашар қаржы менеджері;

• фирмалардың активтерінің тиімсіз құрылымы;

• фирма басшыларының шамадан тыс қаржылық аперацияға тәуекелділігі;

• шаруашылық етуші серіктерді дұрыс бағаламау.

• Фирманың қаржы жағдайының тұрақсыздығы және т. б.

Ішкі қаржы тәуекелділіктің теріс жағдайларын кәсіпкерлік фирмалар көп жағдайда қаржы тәуекелдігін тиімдібасқару есебінен дұрыстай алады, яғні фирмалардың қаржы тәуекелдігінің жалпы денгейін төмендету, ішкі тәуекелділікті төмендету есебінен жетеді.

Болжау мүмкіншілігіне байланысты қаржы тәуекелдігі келесі екі топқа белінеді: болжамдалатьш және болжамданбайтын.

Болжамдалатын қаржы тәуекел - бүл тәуекелдің болуы экономиканың даму кезеңіне, қаржы нарқының конъюнктурасы сатысының ауысуы, болжам бәсекелестің дамуы және т. б. байланысты. Бірақта- атап кететін жай, қаржы тәуекелінің болжамдалуы салыстырмалы сипатта болады.

Қаржы тәуекелін жіктеудің келесі белгісі бойынша яғни әсер ету мерзімінің үзақтығына сәйкес екі топ тәуекелдікке бөледі: түрақты қаржы тәуекел және уақытша қаржы тәуекел. Түрақты қаржы тәуекел -қаржы операциясын орындаудың барлық кезеңіне тән және түрақты факторлардың әсерімен байланысты. Сонымен, түрақты тәуекелге белгілі географиялық аймақта фирманың жүмысына немесе экономиканың белгілі бір саласына тоқтаусыз қауіп төндіретін тәуекелдіктер қатысты. Қаржы тәуекелдігінің бүл тобына валюталық және пайыздық тәуекелдікті жатқызады.

Уақытша қаржы тәуекел - уақытша сипатта болады, фирма тәуекелдің бүл түрімен қаржы операциясының жекелеген кезеңін орындауда кездеседі. Уақытша қаржы тәуекелін өз кезегінде екі топқа болуге болады: қысқа мерзімді және үзақ мерзімді тәуекелдіктер. Қысқа мерзімді тәуекелдікке, белгілі бір уақыт бөліпнде пайда болатьш тоускелдік жатады, мысалы несиелік жоне инвестициялық тәуекелдер.

Пайда болу объектісіне қарай қаржы тәуекелін үш топқа болуге болады: кәсіпкерлік фирмамен орындалатын жекелеген қаржы операциясының тәуекелі; фирманың ортүрлі қаржы жүмысының тәуекелі; жалпы фирма жүмысының қаржы тәуекелі.

Жекелеген қаржы операциясының тоуекелі кәсіпкерлік фирманың белгілі-бір қаржы операциясын орындауда кездесетін барлық кешенді қаржы тәуекелдігін сипаттайды.

Қаржы әрекеттіндегі тәуекеддің әртүрлі түріне - белгілі-бір қаржы жүмысын орындауда кездесетін барлық қаржы тәуекелі жатады, мысалы, фирманың инвестициялық жүмысы, портфелдің әртүрлі инвестициялық тәуекелімен сипатгалады.

Фирма жүмысының жалпы қаржы тәуекелі өзіне өртүрлі кешенді қаржы тәуекелдіктерді қосады, олар кәсіпкерлік фирманың қаржы өрекетін орындауда пайда болады.

Бүл тәуекелдік фирмалардың үйымдық-зандылық түріне, оның капиталы және акгивтерінің қүрылымына жэне басқадай факторларға байланысты. Мысалы, фирманың қаржы түрақтылығының кему тәуекелдігінің пайда болуының бірден-бір себебі, капитал қүрылымының жетілдірілмеуіне байланысты, нәтижесінде фирманың ақша ағымдарының кірісі және шығысының баланстанбауына океп соқтырды.

Одан ары жіктеу мүмкіншілігіне қарай қаржы тәуекелдігін қарапайым және күрделі түріне жіктейді. Қарапайым қаржы тәуекелді- жекелеген түрттармағына бөлуге болмайтын тәуекел, мысалы инфляциялық тәуекел, оны ары қарай жіктеуге болмайды.

Күрделі қаржы тәуекелі - бұл тәуекел өзіне оның кешенді әртүрлі түр тармағын қосады. Қаржы тәуекелінің бұл түріне инвестициялық тәуекелді жатқызуға болады, өз ретінде ол ары қарай көптеген түр тармағына жіктелінеді.

Қаржы тәуекелінің белгісі бойынша жіктеуден басқа, түрлер бойынша төмендегідей жіктеленеді:

1. Инфляциялық тәуекел - қаржы мәмлесін орындаудан күткен табыс және пайданың немесе инфляцияның өсуіне байланысты нақтылы капитал құнының құнсыздану мүмкіндігімен байланысты қаржы тәуекелінің түрі. Бұл тәуекелдің түрі тұрақты сипатта болады және инфляциялық экономика жағдайында кәсіпорынның барлық қаржы операциясына қатысты

2. Салықтық тәуекел - кәсіпкерлік фирманың салықтық заңдардың коньюнктуралық өзгеру нәтижесінде немесе фирманың салық төлемдерін есептеуде жіберген қателіктері нәтижесінде зиян шегумүмкіндігімен түсіндіріледі.

3. Несиелік тәуекел - контрактіге қатысушы серіктер келісім шарттағы міндеттемелерді тұтас немесе оның жекелеген жайларын орындай алмайтын мүмкіндігін сипаттайды. Нисиелік тәуекелдің екі түрі болады:саудалық несие тәуекелі және банктік несие тәуекелі.

4. Депозиттік тәуекел - фирмалардың банк депозитіне салымдарының қайтарылмау нәтижесінде пайда болатын мүмкінді шығын. Бұл тәуекел өте сирек кездеседі.

5. Валюталық тәуекел - халқаралық қаржы нарықтарында қолайсыз қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді валюта бағасының ауытқу нәтижесінен шығын алу тәуекелі

6. Инвестициялық тәуекел - фирмалардың инвестициялық жұмыстарды орындаупроцесінде пайда болатын мүмкінді қаржы шығыны.

7. Пайыздық тәуекелдің пайда болуына сыртқы кәсіпкерлік ортаның әсерінен қаржы қарқынының коньюнктурасының өзгеруі әсер етеді (экономиканы мемлекеттік реттеу, бос ақша ресурстарына ұсынымның азаюы және т. б. факторлар)

8. Бизнес тәуекелі - қаржы тәуекелінің бір түрі, алдыменен бұл тәуекел акционерлік қоғамға тән; бизнес-тәуекел, әлбетте кәсіпкерлік фирманың өндірістік-шаруашылық жұмысына белгілі себептердің салдарынан, жоспарланған түрде кем дамуы жағдайында пайда болады.

Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайладың болу мүмкіндіктеріне жатады. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін осы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту, табыс алму немесе қосымша шығындардың пайда болу қаупі төніп тұр деп түсіну қажет. Тәуекелділік бірнеше топтарға бөлінеді.

1. Кәсіпкерлік тәуекелдік

2. Өндірістік тәуекелділік

3. Коммерциялық тәуекелділік

4. Қаржылық тәуекелділік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы тәуекелін басқару туралы
Несиелік тәуекелді басқару саясаты
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялықаспектілері
Қаржылық менеджер тәуекел
Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Өндірістік кәсіпорынның тәуекел көзі мен факторлары
Қаржы тәуекелін басқару
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz