Экологиялық қылмыстар туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 . 6
I тарау Экологиялық қылмыстарға түсінік:
1.1. Экологиялық қылмыстардың түсінігі және басқа да қылмыстық құрамдардан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 . 14
1.2. Экологиялық қылмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 . 28
II тарау Экологиялық қылмыстар белгілерінің құқықтық сипаттамасы:
2.1. Экологиялық қылмыстардың объектісі және объективтік жағын анықтаудың кейбір құқықтық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29 . 34
2.2. Экологиялық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағының кейбір құқықтық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35 . 40
III тарау Экологиялық қылмыстарды саралаудың құқықтық проблемалары:
3.1. Экологиялық қылмыстарды саралаудың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41 . 42
3.2. Экологиялық қылмыстарды саралаудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43 . 44
3.3. Экологиялық қылмыстардың криминологиялық мәселелері ... ... ... ... 45 . 49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50 . 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53 . 54

Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми жұмыста Қазақстан Республикасында орын алып отырған экологиялық қылмыстар қарастырылған. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы экологиялық қылмыстарға жалпы түсінік, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгілейтін заңнама және де экологиялық қылмыстарды саралау проблемалары қарастырылған.
Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 - бабының 1-бөлігінде: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды»,- делінген. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық кітабында «2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс» деген болатын. Жоспарлау, орналастыру, қайта өңдеу сияқты ұйымдарда, мекемелердің құрылыстарында не тағы басқа объектілерде қажетті технологиялық тәртіпті, қоршаған ортаның бұзылуын сақтау үшін, оларды қамтамасыз ету мақсатында бірінші рет ҚР ҚК – де аталған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Аталған қылмыстардың қауіптілігі сол, ол ең алдымен ҚР Конституциясының 31 – бабында белгіленген ережелерді бұза отырып, адам денсаулығы мен өміріне елеулі зиян тигізеді. Мұнымен қатар елеулі зардап (өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, ауаға, суға, жер қыртысына т.б.) табиғи объектілердің тікелей өзіне тигізіледі.
Республикамызда экологиялық жағдай өте ауыр, қазіргі табиғаттың күйі мүшкіл. Ол баршаға мәлім. Экологиялық апатты аймақтар жылдан жылға көбеюде. Табиғатпен өзара қарым – қатына жасап, сан – алуан іс - әрекетке бара отырып, адамдар бір жағынан оған ықпал етеді, яғни басқаша сөзбен айтқанда, оны өзгертеді, сондай – ақ оны қайта өзгерту барысында өзі де өзгерістерге ұшырайды. Қоғам мен табиғаттың бір – біріне деген өзара әсер ету процесі жүреді. Адамзат табиғат байлығын жан – жақты пайдалана отырып, оны әр түрлі өндіріс қалдықтарымен, жер мен суды және атмосфераны ластап, қоршаған ортаға орасан зиянын тигізе бастады.

1. ҚР Конституциясы 30 – тамыз 1995 жыл өзгерістермен және толықтыруларымен;
2. ҚР Қылмыстық кодексі 16 – шілде 1997 ж өзгерістермен және толықтыруларымен;
3. ҚР Экологиялық кодексі 9 - қаңтар 2007 ж. өзгерістермен және толықтыруларымен;
4. «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» ҚР Зңы 1997 ж. 15 - шілде.
5. «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы. 1996 ж.
6. «Мұнай туралы» ҚР Заңы 7 – шілде 1995 ж.
7. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы 23 – сәуір 1998ж.
8. «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді өндіріп алу тәртібі туралы» ҚР Үкіметінің 01.12.1998 ж. Қаулысы;
9. «Кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнаманы соттардың қолдануы туралы» 18-маусым 2004 ж. ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулысы;
10. Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28-тамыздағы Қаулысы;
11. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл – Алматы: Атамұра, 2003ж.
12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан–2030»;
13. Ағыбаев А.Н.Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. А.-2007
14. Плещаков А.М.Уголовно - правовая борьба с экологическими преступлениями. М.-1993-7 страница.
15. И.Ш. Борчашвили. Экологические преступления: понятие и квалификация.- Караганда, 1995-9-11 страница.
16. Байдельдинов Д.Л. Правовой механизм государственного управления в области экологии. Қазақ университеті. А. 1998ж.47 бет.
17. Плещаков А.М. Экологические преступления (понятие и квалификация. М.1994-46,47ст).
18. Вода, которую мы пьем. Экология и жизнь-1991- №2,50 ст.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..2 - 6
I тарау Экологиялық қылмыстарға түсінік:
1. Экологиялық қылмыстардың түсінігі және басқа да қылмыстық құрамдардан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...7 - 14
2. Экологиялық қылмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 - 28
II тарау Экологиялық қылмыстар белгілерінің құқықтық сипаттамасы:
2.1. Экологиялық қылмыстардың объектісі және объективтік жағын анықтаудың
кейбір құқықтық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...29 - 34
2.2. Экологиялық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағының кейбір
құқықтық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...35 - 40
III тарау Экологиялық қылмыстарды саралаудың құқықтық проблемалары:
3.1. Экологиялық қылмыстарды саралаудың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41 - 42
3.2. Экологиялық қылмыстарды саралаудың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43 - 44
3.3. Экологиялық қылмыстардың криминологиялық мәселелері ... ... ... ... 45
- 49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...50 - 52
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 53 - 54
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми жұмыста Қазақстан
Республикасында орын алып отырған экологиялық қылмыстар қарастырылған.
Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы экологиялық қылмыстарға жалпы
түсінік, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгілейтін заңнама және де
экологиялық қылмыстарды саралау проблемалары қарастырылған.
Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 31 - бабының 1-бөлігінде: Мемлекет адамның
өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп
қояды,- делінген. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030
стратегиялық кітабында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл
желекті елге айналуы тиіс деген болатын. Жоспарлау, орналастыру, қайта
өңдеу сияқты ұйымдарда, мекемелердің құрылыстарында не тағы басқа
объектілерде қажетті технологиялық тәртіпті, қоршаған ортаның бұзылуын
сақтау үшін, оларды қамтамасыз ету мақсатында бірінші рет ҚР ҚК – де
аталған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Аталған
қылмыстардың қауіптілігі сол, ол ең алдымен ҚР Конституциясының 31 –
бабында белгіленген ережелерді бұза отырып, адам денсаулығы мен өміріне
елеулі зиян тигізеді. Мұнымен қатар елеулі зардап (өсімдіктер мен жануарлар
әлеміне, ауаға, суға, жер қыртысына т.б.) табиғи объектілердің тікелей
өзіне тигізіледі.
Республикамызда экологиялық жағдай өте ауыр, қазіргі табиғаттың күйі
мүшкіл. Ол баршаға мәлім. Экологиялық апатты аймақтар жылдан жылға көбеюде.
Табиғатпен өзара қарым – қатына жасап, сан – алуан іс - әрекетке бара
отырып, адамдар бір жағынан оған ықпал етеді, яғни басқаша сөзбен
айтқанда, оны өзгертеді, сондай – ақ оны қайта өзгерту барысында өзі
де өзгерістерге ұшырайды. Қоғам мен табиғаттың бір – біріне деген өзара
әсер ету процесі жүреді. Адамзат табиғат байлығын жан – жақты пайдалана
отырып, оны әр түрлі өндіріс қалдықтарымен, жер мен суды және атмосфераны
ластап, қоршаған ортаға орасан зиянын тигізе бастады.
Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстармен қамтамасыз етілген
әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Алайда біздің еліміздің табиғи
ресурстарының соншама молдығына қарамастан , оған қамқорлықпен қарау
қажеттілігі әрқашан туындап отырады. Әрине, қоғамның қазіргі дамуы
табиғи ресурстардың шаруашылық мұқтаждықтарына белсенді түрде
пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс нарықтық қатынастар дами
түскен сайын одан әрі күрделене береді.
Қазіргі таңда адамдарға тиесілі ресурстардың көбісі толығымен
қолданысқа алынған, өмір сүру ортасының нашарлауы, құрлықтардың
химиялық және радиоактивті заттармен улануы, климаттың өзгеруі,
өсімдіктер мен жануарлардың азаюы орын алып отыр. Осы туындап
отырған жағдайлар жер бетінде табиғи реакцияның бұзылуына, адамдар
арасында түрлі – түрлі аурулардың пайда болуына апарып отыр.
Бұл жағдай біздің елімізге де қатысты болып отыр. 1992 жылы
18- қаңтардың № 1162 – XII Жоғарғы кеңестің қаулысы бойынша Арал аймағы
экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал суының тартылуы сол
аймақтың жалпы табиғатына, өсімдіктер мен жануарларға да зиянды әсер етуде.
Қазіргі Арал – басынан бағы тайған бақытсыз экологиялық өлке. Арал теңізі
және ондағы аймақта тұратын халықты әлеуметтік қорғау үлкен
проблемалардың бірі.
Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына
атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде.
Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін
кәсіпорындар әсер етуде. Мұнай кен орныдарында мұнай өнімдерін өңдеу
кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды
ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен
ластанған аумағы 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнай мөлшері 1млн.
тоннадан асады. Теңіз жағалауының мұнай өнімдерімен, улы газдармен
ластануы теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай
жйылуына әкелуде. Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін
организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен
қауіп төндіруде.
Батыс Қазақстанның мұнай - газ конденсат кен орындары, Өскемен
қорғасын – мырыш комбинаты, Өскемен титан – магний комбинаты, Лениногор
полиметалл комбинаты, Жамбылдағы суперфосфат заводы мен фосфор заводы,
Балқаш және Жезқазған тау-кен комбинаттары, Павлодар алюминий заводы,
Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы, Екібастұз энергетикалық кешені,
Қарағанды металлургия заводы, Фосфор Шымкент өндіріс бірлестігі, қорғасын
заводтары және т.б. өзге де ұйымдар қоршаған ортаға орасан зиянын тигізеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес әрбір үшінші өндіріс ортасы заңды
сақтамайды. Мысалы, Қарағанды облысын алып қарасақ, бұл аймақта 426
ластаушы өндіріс ортасы бар екен. Облыс бойынша Теміртау қаласы
бірінші орында тұр. Жыл сайын Қарағанды облысы бойынша 112 млн. тонна
өндіріс қалдықтары, металлургиялық шлактар шығарылады. Тап осындай
жағдай Республиканың басқа да аймақтарында туындап отыр. Қызылорда,
Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан облыстарында соңғы 15 жыл
ішінде түрлі жұқпалы аурулардың күрт көбеюі байқалды. Химиялық
радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде
экологиялық талаптардың бұзылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасы
аумағында улану, сәулелену көздері пайда бола бастады.
Қоршаған ортаға қауіпті ірі өндіріс орындары экологиялық сараптамадан
өткізілінбей жобаланып, орналастырылып жатыр.
Осыған орай экологиялық қауіпсіздік мәселесі қазіргі таңдағы
актуальді мәселелердің бірі екені сөзсіз. Сондықтан осы проблема өз
кезегінде зерттеуді талап етеді.
Сондықтан ғалымдардың бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын
пайдаланудың адам үшін қажеттілігі мен табиғи ортаны қорғаудың
қажеттілігі арасындағы қарама – қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы
өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды: табиғи
ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың
қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жою,
барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөнінде қамқорлық
жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде әрі үнемді пайдалану
және оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе
– теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал
бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөнінде
пәрменді шараларды жүзеге асыру қажеттігін туындырып отыр. Табиғатты
қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану мәселесін шешуді
қамтамасыз ететін әдіс – тәсілдер жүйесін жасауға әр – түрлі құқықтық
институттар белсенді түрде қатысады. Олардың бәрінің де маңызды мән
– жайы бар және экологиялық дағдарыс мәселесін шешуге белгілі бір
дәрежеде ықпал жасайды. Алайда, олар тигізетін ықпалдар табиғатты
қорғау орындарының өзара қарым – қатынасын дамыту мен жетілдірудегі
мемлекеттік басқарудың ролін көтеруге негізделуі тиіс.
Жер мен оның қойнауын, ормандар мен су байлықтарын заңды
тұлғалар мен жеке азаматтардың ұтымды пайдалану жөніндегі қызметіне
бақылау жасаудың, есеп жүргізудің белгілі бір тәртібін енгізе
отырып, мемлекеттік басқару институты іс жүзінде табиғатты пайдалану
мен оны қорғауды қамтамасыз етудің барлық саласын қамтиды. Сонымен
қатар, қоршаған табиғи ортаның сапасын қамтамасыз ету мемлекет пен
оның органдары жүргізетін шараларының жүйесіне тікелей байланысты.
Осы жәйттің өзі қоғамдық қатынасқа қатысатын субъектілердің ерекше
құқықтармен қамтамасыз етілуін қажет етеді. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан бері табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен
табиғат қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жақсарту
жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. Қоршаған ортаны қорғауды жақсартуда
соңғы жылдары бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Соның нәтижесінде табиғат
қорғауға барлық жерде ерекше көңіл бөліне бастады. Браконьерлерге қарсы
күрес күшейді және т.б. бірқатар игі шаралар қолға алынуда.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экологиялық қылмыстар, яғни
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық
реттеудің теориялық мәселелері көп жылдардан бері заңгер ғалымдардың
назарын өзіне аударып келеді. Қазақстан ғалымдары бұл мәселені
зерттеуге зор үлес қосқаны баршаға мәлім. Мәселен, С.Б. Байсаловтың,
Н.Б. Мұхитдиновтың, Д.Л. Байдельдиновтың, А.Н.
Ағыбаевтың, Г.И. Баймурзиннің, И.И. Роговтың, Ә.С. Стамқұловтың, К.А.
Шойбековтың, Ә.Е. Ереновтың, Ә.Е. Бектұрғановтың еңбектері табиғат
ресурстарын қорғау, реттеу мәселесіне арналған. Қоршаған ортаны
қорғауды құқықтық реттеудің кейбір өзекті мәселелері Г.А. Аксененок,
О.С. Колбасов, Н.И. Краснов, А.В. Петров, Ю.С. Шемшученко, Б.В.
Ерофеев, С.А. Боголюбов, А.М. Плешаков, Ю.И. Ляпунов, О.Л. Дубовик,
А.Э. Жалинский, Э.Н. Жевлаков, П.Ф. Повелицына және т.б. сияқты
Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдері ғалымдарының еңбектерінде
зерттелген. Алайда жоғарыда аталған ғалымдардың көптеген еңбектері
мемлекетіміздің нарықтық қатынасқа өтуінен бұрынғы кезеңдердегі
зерттеулері болғандықтан оларда қазіргі жаңа заң актілерінің
ерекшеліктері мен жаңадан қалыптастырған ғылыми көзқарастар көрініс
таппаған. Сонымен бірге мемлекеттің нарық жағдайындағы табиғи
ресурстарды пайдаланушылардың қызметіне араласуының шегі туралы
мәселелер де қажетті деңгейде талданып, зерттелмеген.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Экологиялық қылмыстармен байланысты
күрделі ғылыми мәселелердің деңгейін қарастыру, оларға қылмыстық құқықтық
талдау жасау, сондай – ақ экологиялық қылмыстармен күрес жүргізудің тиімді
шараларын анықтау, табиғи ресурстарды игеру, табиғат ресурстарын
пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық
мәселелерін кешенді түрде зерттеу, сонымен бірге осы мәселелер
бойынша заң шығару ісін жетілдіру жөнінде нақты тәжірибелік,
теориялық ұсыныстар жасау осы ғылыми жұмыстың мақсаты болып табылады.
Ғылыми жұмыстың міндеттері. Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін
төмендегідей міндеттерді шешу көзделген:
- Экологиялық құқық бұзушылықтарды реттейтін құқықтық
нормалардың құқық жүйесіндегі орнын анықтау;
- Табиғатты қорғау қатынастарын дамыту мен жетілдірудегі мемлекеттік
басқарудың ролін анықтау және көтеру;
- Нарық жағдайындағы табиғи байлықтарды пайдаланушылар қызметіне
мемлекеттік органдардың қазіргі жүйесін танып – білу және айқындау;
- Жоғарыда қарастырылған проблемалар бойынша табиғи ресурстарды
қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметін
жетілдіру мен дамытуға, оның тиімділігін арттыруға бағытталған
қағидалар мен тәжірибелік ұсыныстар жасау мен оны ашып көрсету;
Зерттеудің объектісі. Экологиялық қылмыстардың салдарынан залал
келтірілетін, қылмыстық заңмен қорғалатын және олардың алдын алу кезінде
пайда болатын қоғамдық қатынастар зерттеудің объектісі болып табылады.
Зерттеудің пәні. Экологиялық қылмыстардың қылмыстық құқықтық және
криминологиялық сипаттамасы, осы қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін
қылмыстық құқықтық нормалар және экологиялық қылмыстардың алдын алу
шаралары зерттеудің пәні болып табылады.
Ғылыми жұмыс көлемі және құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, жеті
параграфты қамтитын үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған нормативтік –
құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарау. Экологиялық қылмыстар туралы жалпы түсінік және әртүрлі ғылыми
көзқарастар
1. Экологиялық қылмыстардың ұғымы және басқа да қылмыс
құрамдарынан айырмашылығы
Экологиялық қылмыстар өзіндік мазмұны мен арнайы белгілері бар
құқыққа қайшы іс-әрекет болып табылады. Алғаш рет экология түсігін
ғылыми айналысқа өзінің 1866 жылы Жалпы морфология деген еңбегінде
Э.Геккель енгізген болатын. Экология сөзі ұзақ уақыт бойы тірі
организмдер мен қоршаған ортаның арақатынасын реттейтін биологияның бөлімі
ретінде қолданады. Соңғы үш онжылдықта экология ұғымы әлеуметтік ұғымға
айнала бастады. Бұның себебі, адамдардың өмір сүру ортасының өздерінің
жеке қызметтерінің арқасында нашарлауы, өндірістік қызмет сипаттының
өзгеруімен, табиғи ресурстарды пайдаланудың жаңа жолдарының пайда
болумен тікелей байланысты. Қазіргі жаңа ұғымы бойынша экология
қоғам мен қоршаған табиғи ортаның байланысын реттейтін ғылым болып
табылады.
Сонымен қатар көптеген экологиядан туындайтын ұғымдар пайда
бола бастады. Олар: адам экологиясы, экологиялық қағидалар, экологиялық
кризис, экологиялық саясат және т.б. Осыған орай әлеуметтік экология
қоғамда ерекше орынға ие болды. Адамдар арасында моральдық
аспектілері бар ұғымға айналып, осыдан экологиялық этика,
экологиялық мәдениет, экологиялық құқықтық сана, тіпті экологиялық
наным-сенім концепциялары пайда болды.
Құқық саласында экология термині алғаш рет 1972 жылы КСРО-ның
Жоғарғы Сотының Пленумындағы табиғатты қорғау жөніндегі заңдардың
қолдану тәжірибесі жөніндегі талқылауда О.С.Кольасов қолданады. Ал
экологиялық құқықбұзушылықтар жөніндегі мәселелер КСРО – ның Жоғарғы
Кеңесінің 1989 ж. О неотложных мерах экологического оздоровления
страны деген қаулысында қарастырылды.
Экологиялық қылмыс жөнінде заңгер -ғалымдардың берген анықтамалары
бірнеше. В.В. Петровтың пікірінше, экологиялық құқық бұзушылық – ол
айыпты, құқыққа қайшы, адам денсаулығына нақты қауіп төндіретін әрекет
болып табылады.
1998 жылы бұл мәселе негізгі мәселелердің қатарына енді. КСРО
Жоғарғы Кеңесі құқық қорғау органдарына “ экологиялық құқық бұзушылық”
фактілерін анықтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Онымен қоса
лауазымды тұлғалардың болған апаттардың экологиялық зардаптарын, тұрғылықты
халықтың денсаулығы және өмір сүру ортасының ластануы жайлы ақпараттарды
қасақана жасырғаны үшін жауаптылық мәселесі қарастырылды. Заң шығару
органының бұл шешімі қылмыстық құқық теориясына “ экологиялық
қылмыстар” түсінігін енгізу арқылы, басқа экологиялық құқық
бұзушылықтардан айырмашылықтарын, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
бағытталған қылмыстардан, адамның жеке басына және денсаулығына қарсы
қылмыстардан, меншікке қарсы қылмыстардан, меншікке қарсы бағытталған
қылмыстардан ажыратып алуға үлкен септігін тигізді.
Заң әдебиеттерінде табиғатты қорғау саласында экологиялық
қылмыстар жөнінде бірнеше көзқарастар бар. В.И. Андрейцев экологиялық
қылмыстар деп – қоршаған табиғи ортаның табиғи ресурстарын пайдалану және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңмен белгіленген режимді
бұзуға бағытталған әрекеттерді түсінуді айтады.
Э.Н. Жевлаковтың айтуынша, экологиялық қылмыстар – адамдардың
өмір сүруінің биологиялық негізіне, өміріне, денсаулығына және шаруашылық
қызметіне қол сұғушылық болып табылады. Экологиялық қылмыстар – бұл табиғат
арқылы, оған әсер ету негізінде адамға қарсы бағытталған қылмыс деп
түсіндіреді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстар – бұл қоғамға
қауіпті, құқыққа қайшы түрде қоршаған ортаны қорғау немесе табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалануға қауіп – қатер төндіру не оған зиян келтіру
деп есептейді И.М. Тяжкова.
О.Л. Дубовик пен А.Э. Жалинский экологиялық қылмыс деп заңмен
белгіленген қоғамға қауіпті әрекет ( әрекет және әрекетсіздік) арқылы
қоршаған ортаға, оның компоненттеріне, адам өміріне қажетті және әлеуметтік
құндылық ретінде саналатын табиғи объектілерге, оны қорғауға, ұтымды
пайдалануға тигізетін қолсұғушылықты айтады.
П.Ф. Повелицынаның пікірінше, экологиялық қылмыстар – бұл қоршаған ортаны
қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін сақтауға және экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қарсы қарсы бағытталған қоғамға қауіпті
заңмен белгіленген қолсұғушылықтар болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың түсінігі Қазақ ССР – нің Қоршаған
табиғи ортаны қорғау туралы Заңында да берілген. Ондағы 72 бапта:
экологиялық қылмыс деп экологиялық құқықтық тәртіпке, адамдардың
денсаулығына немесе қоршаған ортаға нақты қауіп төндіретін экологиялық
зардап тудыратын, қылмыстық заңмен белгіленген қоғамға қауіпті іс -
әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік) түсіндіріледі.
Экологиялық қылмыстар дегеніміз қоршаған ортаға, оның
ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға
қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс - әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты – нақты табиғат ресурстары: жер,
су, ауа, жануарлар дүниесі, орман – тоғай, мал т.б.
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі қоршаған ортаны қорғау,
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи
жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі
экологиялық қылмыстарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар. Тікелей
объектісінің ерекшеліктеріне байланысты ҚК-тің 11 – тарауындағы
экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді: экологиялық
қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар: шаруашылық және өзге де қызметке
қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы; ықтимал экологиялық қауіпті
химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану
кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы; микробиологиялық немесе басқа
биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде
қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы ; мал дәрігерлік ережелердің және
өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген
ережелердің бұзылуы; экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара
қолданбау; Су және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын
қылмыстар: суларды ластау, бітеу және сарқу; атмосфераны ластау; теңіз
аясын ластау; Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану
ережелеріне қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының құрлықтық
шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы
туралы заңдарының бұзылуы; жерді бүлдіру; жер қойнауын қорғау және
пайдалану ережелерін бұзу; Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және
қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: су жануарлары мен өсімдіктерін
заңсыз алу; жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу; заңсыз
аңшылық; Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне
қарсы қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу; ормандарды жою немесе
зақымдау; Ерекше табиғи – биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау
ережелеріне қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін
және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс - әрекеттер; ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы;
Экологиялық қылмыстардың негізін бір ғана заң категориясымен
анықтау мүмкін емес. Бұл мәселені кешенді әрі жүйелі түрде қарастырған жөн.
Ол үшін қоғам мен табиғаттың арақатынасының негізін, адамның табиғатта
алатын рөлі мен орнын анықтау қажет.
Қылмыс туралы сөз болған жерде қылмыстық құрам туралы сұрақ
қойылады. Қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясындағы даулы мәселелердің
бірі болып табылады. Соның ішінде экологиялық қылмыстық құрам қылмыстық
құқық теориясында ең күрделі шиеленіскен мәселелердің негізгісі болып
табылады.
Бұл мәселе жөнінде бірнеше авторлардың айтқан пікірлері бар.
Экологиялық қылмыстық құрамдар туралы әртүрлі көзқарастар, соның ішінде
экологиялық қылмыстардың объектісі, яғни реттелінетін қоғамдық
қатынастардың ішкі құрылысы және оның элементтерінің мазмұны туралы
қарама – қайшы көзқарастардың орын алуда.
Қылмыстық құрамды дұрыс анықтау теориялық және практикалық мәнге
ие. Құрамды дұрыс анықтау қылмыстың әлеуметтік – саяси мәнін және оның
қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ашуға көмектеседі.
Экологиялық қылмыстық құрамдарды заң әдебиеттерінде басқа қылмыстық
құрамдармен алмастыру бірнеше заңгер ғалымдардың еңбектерінде айтылған.
Экологиялық қылмыстардың қылмыс құрамдарын талдай келе, шаруашылық
қылмыстардың қылмыс құрамдарынан өзіндік айырмашылықтары бар екенін көруге
болады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың негізінде зардап
тек халық шаруашылығына ғана емес, қоршаған ортаға да келеді. Мысалы:
экологиялық жүйенің өзгеруі, энергетикалық, жылу, радиациялық баланстың
өзгеруі, климаттың өзгеруі және т.б. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
қылмыстардың қылмыстық құрамдарын шаруашылық қылмыстардың қылмыстық
құрамдарымен ғана айырмашылығын көрсету жеткіліксіз.
Ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық қылмыстардың қылмыстық
құрамдарын меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық құрамдарымен алмастыру
орынды. ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес, жер және оның қойнауы, су,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және т.б. табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, жағдайлар мен
шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. Бұл туралы көзқарас Ю.И. Ляпуновтың
еңбегінде толық жетілдірілген нысанда көрініс тапқан. Ляпуновтың
қарастырған концепциясының негізінде табиғи ресурстарға қарсы бағытталған
қолсұғушылық, ол мемлекеттік меншіктің, қоғамдық өндірістік қатынастардың
материалдық негізіне қолсұғушылық деген қорытынды жатыр. Дәлірек айтқанда,
оның пікірі бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың
қылмыстық құрамдары, мемлекеттің меншігіндегі табиғи байлықтардың
заттандырылған түріндегі қатынастар болып табылады. Бұл жерде Ю.И.
Ляпуновтың көзқарасымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың
құрамын меншікпен байланыстыру қылмыстың мәнін экологиялық тұрғыдан қажетті
деңгейде ашып көрсетпейді, ол таза экономикалық категория ретінде
қарастырады.
Сонымен қатар меншікте тек қана табиғаттың белгілі бір заттай
нысанға айналған және адамдардың пайдалануында болатын объектілер ғана
болды. Бірақ қылмыстық құқық табиғи ортаның ешкімнің меншігінде болмайтын
элементтерін де қорғайды. Мысалы: атмосфералық ауа, ашық теңіз суы.
Меншікке қарсы қылмыстардың пәні болып мүлік, тауар, құнға ие
материалданған құндылықтар табылады. Экологиялық қылмыстардың пәні
табиғат ресурстары. Табиғи объектінің болуы экологиялық қылмыс құрамдарын
басқа ұқсас қылмыстық құрамдардан айырмашылығын көрсететін арнайы
белгілеріне жатады. Табиғат объектілерімен байланысты қылмыстың барлығы
экологиялық қылмыстар болып табылмайды. Табиғат объектілерімен байланысты
қылмыстарды экологиялық деп тану үшін қолсұғушылық болған сәтте объект
экологиялық байланыс жүйесінде болуы қажет. Аталған белгіге байланысты
экологиялық қылмыстық құрамдарға мынадай құрамдарды: ұрлау, жою, жабайы
аңдар мен құстарды еріксіз ұстаудағы зоопарктердегі және өзге де жануарлар
мен құстарды, аквариумдегі балықтарды, балық шаруашылығындағы сату,
пайдалану мақсатындағы балықтарға зиян келтіруді жатқызуға болмайды.
Жоғарыдағы көрсетілген қолсұғушылық объектілер табиғи жаратылысқа ие
болғанмен, олар біріңғай экологиялық жүйеде болмағандықтан және
қоршаған орта және оны қорғауға әсерін тигізбегендіктен бір топқа
жатқызылмайды. Осыған байланысты В.В. Петров былай деген: табиғат
объектілері үш титулға ие: табиғат объектісі, меншік және шаруашылық
меншіктері.
1.2 Экологиялық қылмыстардың жүйесі
Экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді: экологиялық

қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап); ықтимал экологиялық
қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен
пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-бап);
микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен
жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап); мал
дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы
күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы (280-бап); экологиялық ластау
зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап); Су және атмосфераны
тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар: суларды ластау,
бітеу және сарқу (281-бап); атмосфераны ластау (282-бап); теңіз аясын
ластау (283-бап); Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және
пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының
құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық
аймағы туралы заңдарының бұзылуы (284-бап); жерді бүлдіру(285-бап); жер
қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу (286-бап); Жануарлар
дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар:
су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (287-бап); жануарлар
дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап); заңсыз аңшылық (288-бап);
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы
қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап); ормандарды жою
немесе зақымдау(292-бап); Ерекше табиғи – биологиялық түрдегі дүниелерді
қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек
кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс – әрекеттер
(290-бап); ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап);
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу . Қылмыстың тікелей
объектісі жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар. Қылмыстың заты - жануарлар дүниесі. Жануарлар дүниесі
мемлекетіміздің табиғи байлықтарының ең басты бөлігі, оған Республика
аумағында құрғақта, суда, аспанда және жер астындағы еркін өмір сүретін
жануарлардың барлығы жатады. Жануарлар түріне: сүтқоректілер, құстар,
бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер жатады.
Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының
Конституциясында, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 21-қазанда
қабылданған Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы, Жануарлар дүниесін
қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдарында баянды
етілген. Осыған орай жануарлар дүниесін құқықтық қорғау, өсімін молайту,
оларды сақтауға мемлекет айрықша мән беріп, оларды қорғау ережелерін
елеулі түрде бұзған жағдайда кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту
шаралары көзделген.
Қылмыстық кодекстің жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу
объективтік жағынан: а) өндіріс процестерін жүзеге асыру мен көлік
құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық
тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезіндегі жануарлар
дүниесін қорғау ережелерінің бұзылуы. Бұларға: қазылған шұңқырларға
жаппай жөңкілген жануарлардың құлап мертігуі, өлуі, көлік құралдарын
жүргізушілерінің жануарларды қағып, басып өлтіруі, зақымдауы, өсімдіктерді
қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды
қауіпсіз қалдырудан оны жануарлардың пайдаланып, ауруға, өлім – жітімге
ұшырауы сияқты фактілер жатады. б) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы
тоғандарын пайдалану мен қорғау тәртібін бұзу. Бұл жерде жануарлардың
осы түрін қорғау ережелерін бұзу туралы сөз болып отыр. Арнаулы
нормативті актілерде ол туралы нақты көрсетілген.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың
зардабы ірі шығынға соқтырған жануарлар дүниесінің жойылуы немесе
қырылуы болып табылады. Жойылу деп жануарлардың жеке түрінің мүлде жоқ
болып кетуі, ол қырылуы деп оның белгілі бір бөлігінің өлім – жітімге
ұшырауы болып табылады. Жойылуы немесе қырылуы ірі залал көлемінде
болуы керек. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзумен одан болған
зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет. Қылмыс материалдық
құрамға жатады және ол заңда көрсетілген зардап көрініс алған уақыттан
бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда
қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін. Қылмыстың субъектісі 16
– ға толған жай немесе лауазымды адам.
Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кетуі қауіп
төнген түрлерімен заңсыз айналысу. Қылмыстың объектісі құрып кету қаупі
төнген жануарлар мен өсімдіктердің қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар.
Қылмыстың заты – Қазақстан Республикасының қызыл кітабына
енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері және
олар мекендейтін жерлер. Қылмыс объективтік жағынан алғанда Қазақстан
Республикасының қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек
кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе олар мекендейтін
орындарды заңсыз олжалап алу, өткізу, сондай – ақ оларды жою арқылы
сипатталады.
Қазақстан Республикасының қызыл кітабына жануарлар мен
өсімдіктердің сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген түрлері
жазылады. Оларды заңсыз олжалауға, алуға, өткізуге, сондай – ақ жоюға
заң мүлдем тыйым салады. Қызыл кітапқа жазылған жануарлар мен өсімдіктердің
мекендейтін орындарына – жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін
түрлерінің өсіп - өнуіне бөлінген жер, су үсті бөліктері жатады. Мысалы
Қорғалжын аумағы аққулар мекендейтін орын. Каспий жағалауы ерекше сирек
құстар мен балықтар өсетін орын. Өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері
өсетін – Тянь – Шань шыңы т.б.
Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен материалдық. Ол заңда
көрсетілген зардаптың сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін
заңсыз олжалау, алу, өткізу немесе жою әрекеттерінің біреуін істеген
уақыттан аяқталған деп танылған.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған кез келген адам.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы. Қылмыстың тікелей
объектісі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің қорғалуы мен
сақталуын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты мемлекет
қорғауына алынған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ( қорықтар, ұлттық,
тарихи – табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат
ескерткіштері, қорық аймақьары, ботаникалық және зоологиялық бақтар,
дендарийлер, курортты және демалыс, туризмге арналған аймақтар.).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізімі және оларды пайдалану
тәртібі Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
туралы арнаулы заңында көрсетілген. Қылмыстың объективтік жағы: а)
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу; б) осы режимді
бұзудан елеулі зиян келтіру арқылы сипатталады. Ережелерді бұзуға
(мемлекеттік табиғи қорықтардан басқа) ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды бүлдіру, жою, өрт қою, су жіберу арқылы оларды қирату,
ластау, осы аумақтардағы ағаштар мен бұталарды кесу сияқты қоғамға
қауіпті іс - әрекеттер жатады. Заңның бабы бланкетті диспозицияға
негізделген. Осыған байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
режимін реттейтін, қолданылып жүрген арнаулы құқықтық нормативтік
актілерді дәл анықтап, оның қайсы талаптарының бұзылғанын анықтау қажет.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың
субъектісі 16 – ға толған адам.
Микробиологиялық не басқа да биологиялық агенттермен не улы заттармен жұмыс
істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы. Қылмыстың объектісі
экологиялық қауіпсіздік аясындағы қатынастар. Қылмыстың заты –
микробиологиялық, биологиялық агенттер, микроорганизмдер (бактериялар,
вирустар, микроскопиялық грибтер т.б.), улы заттар.
Қылмыс объективтік жағынан микробиологиялық немесе басқа да
биологиялық агенттерді немесе улы заттарды жинап қою, жою немесе көму
кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына
ұқсату, сақтау немесе көму сияқты заңсыз әкелу, егер бұлар адам
денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызғаны
арқылы сипатталады. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттер
немесе улы заттармен жұмыс істеудің тәртібін белгілейтін көптеген
нормативтік – құқықтық актілер бар. Осы заттармен жұмыс істеудің
экологиялық талаптарын бұзу фактісін анықтау үшін маманның немесе
сарапшының көмегі қажет. Демек көрсетілген баптың диспозициясы бланкеттік.
Осы бапқа сәйкес экологиялық талаптарды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы жүзеге асырылады. Әрекетке биологиялық агенттерді, улы заттарды
жарамсыз тәсілдермен сақтау, өлшеу немесе оларды өндіруге сақтау кезінде
белгіленген температураны немесе сақтау режимін бұзулар жатады.
Әрекетсіздікке осы заттарды жиып қою, өндіру, сақтаудың белгілерін
қауіпсіздік ережелерін сақтамау жатады.
Қылмыстан адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру
қаупі тууы керек. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Заңда көрсетілген
экологиялық талаптарды бұзған елеулі зиян келтірілу қаупі нақты болған
уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Қылмыс субъективтік
жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі
арнаулы, жоғарыда көрсетілген заттармен жұмыс істеуге жіберілген адам.
Малдәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне
қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы.
Қылмыстың объектісі үй және жабайы жануарларды, құстарды және өсімдіктерді
қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың заты –
жабайы және үй жануарлары, құстар, балықтар, аңдар және басқа жануарлар,
сондай – ақ өсімдіктер дүниесі.
Объективтік жағынан қылмыс малдәрігерлік ережелерді бұзу
індеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеліп соғу арқылы сипатталады.
Малдәрігерлік ережелердің тізбегі Қазақстан Республикасының малдәрігерлік
заңында берілген. Осы ережелерді бұзу індеттерге немесе өзге де зардаптарға
әкеліп соққан жағдайда қылмыстық жауаптылық орын алады. Індеттер мен
жануарлардың жаппай жұқпалы аурумен ауруы ( эпизотия, сибирлік язва т.б.)
өзге де ауыр зардаптарға, індетке байланысты ауылшаруашылық өнімдерін ( ет,
сүт, жұмыртқа) өндіруді жою, белгілі бір тұрғын пунктеріне келіп – кетуді
тыю т.б. сияқтылар жатады. Қылмыс құрамы материалдық, ол заңда көрсетілген
зардаптар орын алған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Өсімдікердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес шараларын
белгілейтін сан түрлі арнаулы құқықтық – нормативтік актілері бар. Осыған
орай өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген
ережелердің қайсысының бұзылғанын арнаулы заң құжаттары арқылы анықтау
қажет. Баптың бұл бөлігінің диспозициясы да бланкеттік. Белгіленген
ережелерді бұзу ауыр зардаптарға әкеп соқса кінәлі адам қылмыстық
жауаптылыққа тартылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де
жасалынады. Субъектісі – арнаулы, белгіленген ережелер өзіне жүктелген
адам.
Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау. Экологиялық
ластауға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру
шараларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргізуден
жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі адам өліміне, не адамдардың жаппай
ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де зардаптарға әкеп соқса кінәлі
Қылмыстық кодекстің 294 – бабы бойынша жауапқа тартылады.
Қылмыстың объектісі экологиялық қауіпсіздікті реттейтін қоғамдық
қатынастар.
Экологиялық қылмыс объективтік жағынан экологиялық ластау
зардаптарын жою жөніндегі шараны қолданбаудан, одан заңда көрсетілген
зардаптардың орын алуынан және әрекетсіздік пен зардаптың арасындағы
себепті байланыстан тұрады. Көрсетілген зардапты жою жөніндегі шараны
қолданбау өзіне осы міндет жүктелген адамның белгіленген шараларды
жүргізуден жалтаруды ( сөз бұйдаға салып ұзаққа созуы, өз міндетін дер
кезінде атқармауы) немесе тиісінше жүргізбеуі ( жартылай шала жүргізу,
кешігіп жүргізуі немесе белгіленген талапқа сай емес күйде жүргізуі), заңда
көрсетілген зардап адам өліміне, не адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған
орта үшін өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса осы бап бойынша жауаптылық
туындайды. Өзіне міндет жүктелу заң немесе басқадай нормативтік актілер,
қызмет борышы бойынша, сот шешімімен белгіленуі мүмкін. Қылмыс құрамы
материалдық, ол заңда көрсетілген зардап орын алған сәттен бастап аяқталған
деп табылады. Іс - әрекет пен зардаптың арасын байланыстыратын себепті
байланыс болуы шарт.
Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі. Қылмыстың
субъектісі арнаулы, 16 – ға толған, өзіне осы бапта көрсетілген міндет
жүктелген лауазымды немесе жай адам.
Суларды ластау, бітеу және сарқу. Суларды ластау, бітеу және сарқығаны
үшін қылмыстық жауаптылық белгілеудің мақсаты су пайдалану ережелерін
сақтауды қамтамасыз ету, судың табиғи қасиеттерін сақтауды, тіршілік
етушілердің көбісіне судан болатын зиянды тойтару болып табылады.
Қылмыстың заты жер беті немесе жер асты сулары, мұздықтар, ауыз сумен
жабдықтау көздері болады. Суды қорғау ережелері көптеген заң және басқадай
нормативтік – құқықтық актілерде: Қазақстан Республикасының су кодексінде,
қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңда, суды ластаудан қорғау
туралы ережелерде және тағы басқа да нормативтік – құқықтық актілерде
көрсетілген.
Осы қылмыстардың объективтік жағы: а) жер беті немесе жер асты
суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау, бітеу сарқу не
олардың табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, б) осы әрекеттер жануарлар
немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына
елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, в) іс - әрекет пен зардаптың арасындағы
себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.
Зиянды заттардың қосылуы салдарынан пайда болған судың физикалық,
химиялық немесе биологиялық сипатының өзгеруі судың ластануы деп танылады,
осының салдарынан су коммуналдық, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, балық
шаруашылығы және басқа мақсаттарға дұрыс пайдалану үшін жарамсыз болып
қалады. Судың ластануы белгіленген тәртіп бойынша суды сынап көру жолымен
анықталады. Өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстардың суға
тасталуы судың бітелуі деп танылады, осының салдарынан су объектісінің
гидрогиологиялық жайы нашарлайды және суды пайдалануға кедергі келеді.
Жер асты және жер үсті суларының запас қоры, сапасы кеміп, пайдалануға
жарамсыз болуын су объектілерінің сарқылуы деп білеміз.
Судың сарқылуы өзендердің, көлдердің, бөгеттердің, жер үсті, жер асты
суларының және басқа су объектілерінің бірқалыпты су режимін сақтаудан,
суды пайдаланатын субъектілердің су объектілерінің сарқылуын болғызбау
жөніндегі міндеттерін орындаудан, жер асты суларын сарқылудан қорғау
шараларының дұрыс жүргізілмегенінен пайда болады.
Жарылыс, құрылыс басқа жұмыстардды тікелей су немесе оған жақын жерлерде
жүзеге асырудың әсерінен судың құрамының зиянды өзгеруі судың табиғи
қасиеттерін өзге де өзгертулер деп айтамыз.
Жабайы аңдардың, құстардың өсуінің сиреуі, ағаштардың, ормандағы
барлық өсімдіктердің құруы жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне
келтірілген елеулі зиян болып табылады.
Балықшылардың ауруға, өлім – жітімге ұшырауы, тұқым шашпауы және
тағы басқа зиянды зардаптардың орын алуы балық қорына келтірілген елеулі
зиян болып табылады.
Заңда көрсетілген іс - әрекеттер мен зардаптардың арасында
себепті байланыс болуы шарт.
Қылмыстық кодекстің 281 – бабының 2 – тармағында осы құрамның
ауырлататын түрі адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе жануарлар
немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сондай – ақ ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды не төтенше экологиялық жағдай аумағында
жасалған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Адамның
денсаулығына зиян келтіруге – жеңіл, орта, ауыр дене жарақатын келтірулер
жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи ресурстарға – Қазақстан Республикасының
“Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” 1997 жылғы 15
шілдедегі заңына сәйкес мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық
табиғи парктер, мемлекеттік табиғи парктер, мемлекеттік табиғат
ескерткіштер, мемлекеттік қорық өңірлері, мемлекеттік ботаникалық бақтар,
мемлекеттік дендрологиялық парктер, ерекше мемлекеттік маңызы бар ғылыми
жағынан ерекше құнды су қоймалары, халықаралық маңызы бар сулы - батпақты
алқаптар, жер қойнауының экологиялық, ғылымми, мәдени және өзге де жағынан
ерекше құнды учаскелері жатады.
ҚК – тің 281 – бабының 2 – тармағында сөз болып отырған ерекше,
қорғалатын табиғи аумақ және төтенше экологиялық жағдай аумағы қылмыстың
істелетін орны. Заңға сәйкес бұл жерлерде жасалған қоғамға қауіпті іс -
әрекет қылмыстың зардабының болған, болмағанына қарамастан қылмыс болып
табылады. Қылмыстық кодекстің 281 – бабының 3 – тармағында осы қылмыстың
аса ауырлататын түрі осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде
көзделген әрекеттер абайсызда кісі өліміне әкеп соққаны үшін жауаптылық
белгіленген.
Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және ерекше
экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы.
Қылмыс объектісі ҚР құрлықтық шельфінде, айрықша экономикалық
аймағында табиғат ресурстарын қорғау қатынастары болып табылады.
Заңға сәйкес құрлықтық шельфке Қазақстан Республикасы аумақтақ
теңізінен белгілі бір қашықтыққа дейінгі жердегі теңіздің үсті және су асты
аумағындағы кен байлықтары жатады.
Айрықша экономикалық аймаққа аумақтық теңізден тыс орналасқан
оларға түйісетін теңіз аудандары жатады.
Қылмыс объективтік жағынан : Қазақстан Республикасының құрлықтық
шельфінде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан
Республикасының айрықша экономикалық аймағына қауіпсіздік аймақтарын заңсыз
құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңіздегі кеме жүрісінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою
ережелерін бұзу арқылы сипатталады.
Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінде немесе айрықша
экономикалық аймағында заңсыз құрылыстар тұрғызу деп кез келген құрылыс
ғимараттарын қолданылып жүрген нормативтік – құқықтық актілерге қайшы,
рұқсатсыз немесе рұқсатта көрсетілген талаптардың шарттарын бұзып іске
асыруды айтамыз.
Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауіпсіздік
аймақтарын құру, теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
құралдарын салу, пайдалану күзеті немесе жою ережелері арнаулы
заңдармен немесе құқықтық – нормативтік актілермен реттеледі.
Қылмыстың объективтік жағынан қажетті белгілерінің бірі қылмыс
жасалу орны: Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі немесе айрықша
экономикалық аймағы болып табылады.
Құрылысы жағынан бұл қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс ҚК
– тің 284 – бабында тізбектелген іс - әрекеттердің біреуін істеген уақыттан
бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен ( тікелей немесе
жанама).
Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған кез келген адам. Кейбір
жағдайларда жауаптылыққа лауазым адамдары тартылуы мүмкін. Қазақстан
Республикасының құрлықтық шельфінің немесе Қазақстан Республикасы айрықша
экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиісті рұқсатсыз жүргізілген
зерттеу, игеру үшін жауаптылық ҚК – тің 284 – бабының 2 – тармағында
көрсетілген.
Жерді бүлдіру. Қылмыстың тікелей объектісі жерді қорғауға
байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты өнеркәсіп, ауыл шаруашылық,
жеке пайдаланушылардың жерлері, жер учаскелері.
Жерді улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің
өсуін ынталандырғыштарды және өзге де қауіпті химиялық, радиоактивтік
немесе биологиялық заттарды сақтау пайдалану, тасымалдау және көму кезінде
оларды ұстау ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтің
зиянды өнімдерімен бүлдіру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға
зиян келтіруге,жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына әкеп соққан іс -
әрекеттер қылмыс объективті жағын құрайды.
Жерді уландыру: ластаудың немесе басқадай бүлдірудің көздеріне
тыңайтқыштар (азот, фосфат, калий микротыңайтқыштары), өсімдіктердің өсуін
ынталағыштар (ауксиндер: гибборимендер, цитокининдер т.б.), улы химикаттар
(петицидтер, гербицидтер, инсетицидтер, акарицидтер,бактерицидтер),
тазартылмаған өндірістік – тұрмыстық қалдықтар жатады.
Көрсетілген заттарды қолданудың, сақтаудың, пайдаланудың,
тасымалдаудың және көмудің тәртібін белгілейтін көптеген құқықтық –
нормативтік актілер бар. Оларға жерқатынастары туралы заңдар, табиғат
қорғау заңдары, қауіпті химиялық, биологиялық, радиоактивті заттарды тіркеу
туралы арнаулы ережелер т.б. жатады. Көрсетілген заң немесе басқадай
нормативтік – құқықтық актілердің талабын бұзу адамның денсаулығына немесе
қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Адамның денсаулығына жеңіл, орта, ауыр дәрежелі жарақат келтіруі
мүмкін.
Қылмыс материалдық құрамға жатады. Қылмыстың субъективтік жағы
қасақаналық не абайсыздық. Субъектісі 16 толған жай не лауазымды адам.
Теңіз аясын ластау. Қылмыстың объектісі теңіз аясының экологиялық
қауіпсіздігі. Қылмыстың істелу орны - ішкі теңіз сулары, Қазақстан
Республикасының аумақтық теңізі және ашық теңіз сулары болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан құрғақтағы көздерден, не адамның
денсаулығы мен теңіздік жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды
пайдалануға кедергі келтіретін оларды көлік құралдарынан немесе
теңізде орнатылған жасанды құрылғылардан тастау ережелерін бұзу салдарынан
теңіз аясын ластау арқылы көрініс табады.
Теңіз суларына араласқан жағдайда адамның денсаулығына теңіздің
жанды ресурстарына, теңіз суларын мақсатты пайдалануға қауіп
келтіретін, халықаралық шарттар бойынша бақылауға алынған заттар зиянды
заттар деп танылады.
Ластау көздері болып зиянды заттарды теңіз аясына тастайтын
объектілер жатады. Заңда олар құрғақтағы көздер, көлік құралдары немесе
теңізде орнатылған жасанды құрылғылар деп көрсетілген.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі адамның денсаулығы
мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды пайдалануға
кедергі келтіретін заттар мен материалдарды көму немесе оларды көлік
құралдарынан немесе теңізде орналасқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz