Қылмыстық құқық туралы ақпарат


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Қылмыстық құқық қайнар көздері
- Қылмыстық құқық қағидалары
- Қылмыстық саясат
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ҚР қылмыстық заң шығарушылық толық кадификациясын ескере отырып қылмыстық заң құрылымын ҚК және оның баптарының құрама ретінде қарастырады.
Қылмыстық кодекс - қандай қоғамдық әрекеттер қылмыс болып табылмайтындығы және осы қылмысты жасаған тұлғаларға қандай жаза қолдану қажет екенін анықтайтын өзара байланысты нормалар жүйесін көрсететін ішкі бірлігімен ерекшеленетін заң шығарушылық акт.
ҚР ҚК 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімде жалпы қағидаларымен қылмыстық құқық ережелерімен баяндалған қылмыстық жауапкершіліктің негзі мен шарттары ескерілген, жаза мақсаттары қалыптастырады. Жаза түрлері ескеріледі және қылмыстық құқық заңшығарушылыққа қатысы бар басқа да жалпы мәселелер шешіледі.
Ерекше бөлімде қылмыстардың нақтылы бөлек түрлері және әрбір жасаған қылмыс түріне қолданылатын жаза көрсетілген. ҚК Жалпы және Ерекше бөлімдер өзара байланыста және бірі екіншісіз қолданылмайды. Қылмыс жасалды немесе басқа қоғамдық қауіпті әрекет жасалды ма деген сұрақты шешкен кезде ҚК Жалпы және Ерекше бөлімінің норамлары қолданылады.
ҚР ҚК жалпы бөлімі 7 бөлімнен тұрады:
1. Қылмыстың заң;
2. Қылмыс;
3. Жаза;
4. Жаза тағайындау;
5. Қылмыстың жазадан босату;
6. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі;
7. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
ҚР ҚК ерекше бөлімі нақты қылмыстар үшін жауапкершілік анықталған 16 тараудан тұрады. ҚР ҚК-нің тарауы тектік объектісі өзара байланысты (туысты) болатын бірқатар баптарды қарастырады.
Қолдануға ынғайлы болу үшін ҚК-нің барлық баптардың реттік санын (нөмері) болады. ҚР ҚК-да 1 ден 393-ке дейін баптар бар.
ҚР ҚК-нің баптарының көбі өзіндін мәні бөлімшелерден және пунктерден тұрады.
Бап бөлімі (сандық) санмен белгіленген, бөлік абзацқа бөлінеді, ал пункте бөлінетін баптар әріптік белгімен белгіленеді (96 б 2 т)
Тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартқанда міндетті түрде қылмыстық кодекстің нақты бабын, ал қажетті жағдайларда оның бөлімі мен пунктен де көрсету керек. Қылмыстық кодекс баптарына сілтеме тек заң мазмұны жағынан ғана емес, сонымен қатар оның нөмірі де нақты көрсетілген болды қажет. Бап нөмірінің және бөлімінің дұрыс қолданылуы заңсыз үкім шығаруға және оның күшін жоюға әкеледі
- Қылмыстық құқық қайнар көздері
Құқық адамдардың еркін мінез-құлқына әсер етуі арналған, ол құқықтық реттеу пәні болып қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстық құқықпен реттелетін және өзінің жиынтығында қылмыстық құқықтық реттеуді құрайтын қоғамдық қатынастар. Негізгі 3 түрін бөліп көрсеткен: қорғаушылық, жалпы ескертушілік және реттеушілік. Қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру және қылмыс оқиғасымен байланысты жаза, сонымен қатар жазаны тағайындауға оны өзгерту қылмыста жауапкершілікті және жазадан босату қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастың мазмұны болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар қылмыс жасаумен байланысты пайда болады.
Қылмыс жасаған тұлға заң қылмыс жасаумен байланыстыратын қолайсыз зардаптарды міндетті түрде өткеру қажет. Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға міндетті. Ал сот қылмыстық жаза орын алмастыратын шара тағайындайды. Бұл қатынастар құқықтық нормалармен реттеледі. Жалпы реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар нормаларда көзделген жазалау қаупімен моральдық тұрақсыз тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтап қалумен байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқықтық тыйым анықталмаған тұлғалар шеңберінде қылмыс жасаудан тоқталу міндетін жүктейді.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз керек. Қылмыстық құқық бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пәні болып табылады. Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстанр Республикасының Конституциясы болып табылады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады.
Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары қылмыс істеген адамды сол міндетті орныдауға күшпен міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық қатынсатарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастарды азаматтарды қоғамдық қауіпті қол сұғудан қорғану кезінде қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін зиян тигізу құқықтарына ие қылатын қоғамдық қатынастар. Берілген құқықтық қатынастар реттеушілік нормалар негізінде құрылады және бір уақытты және саяси пайдалы болып табылатын тұлғалардың құқықтық мінез құлықтарын реттейді.
Қылмыстық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың түрлері оларды реттеуді өзіндік әдісіне сәйкес келеді.
Қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеу әдістері:
1. қылмыс жасаған тұлғаларға санкция нормаларын қолдану
2. қылмыстық жауапкершіліктен босату
3. медициналық сатыдағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқықтық тыйымдардан шығатын қоғамдық қатынастарды реттеу әдісі бұл тыйымды бекіту тыйымды қылмыстық жаза қаупімен ұштасады.
Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар азаматтарды қоғамға қауіпті әрекеттерімен белсенді күресу құқығына ие қылу әдісімен жүзеге асырылады.
Сонымен қылмыстық құқық қылмыстылықпен әрекеттің жазалануы қылмыстық жауапкершілік негізі жаза тағайындаудың жүйесімен реттік және анықтайтын ҚР-ң мемлекеттік билігінің жоғарғы органдармен бекітілген құқықтық нормалардың жиынтығы және қылмыстық жауапкершілік және жазадан босату шаралары. Қылмыстық құқық міндеттері тікелей қылмыстық заңда жинақталған: адам мен азаматтың меншік құқықтары міндеттері мен заңды мүдделері ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қоршаған ортаны Конституциялық құрылымымен ҚР территориалдық тұтастығын, қылмыстық қол сұғушылықтардан мемлекеттің және қоғамның заңды мүдделерін қорғау, әлем мен азамат қауіпсіздігін қорғау мен және қылмыстардың алдын алу (ҚР ҚК 1 б) .
Қылмыстық құқықтық негізігі міндеті қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау. Басқа есептердің қосымша міндеттері:
а) жалпы превенция (предупреждение-ескерту) - қылмыстық құқықтық
тыйым ықпалымен азаматтардың қылмыс жасауының алдын алу;
б) жеке превенция - қылмыс жасаған тұлғаларға қылмысқа жаза
шараларын қолдану жолымен жүзеге асырылады;
в) азаматтарды заңды нақты орындау рухында тәрбиелеу.
Жалпы бөлім өзіне қылмыстық нормаларында қарастырылатын жалпы қағидалар, институттар мен түсініктер жазаны қолдану және қылмысқа жаза шектері мен негіздерін анықтайтын негізгі ережелер бекітіледі. Жаза мен қылмысты жауапкершіліктен босату негіздері мен тәртібі.
Түрлері мен тегіне байланысты анықталған нақтылы қылмыстар және сол қылмыстарды жаслуына байланысты жазаның бекітілуі нормалары жалпы бөлімде құрастырылады. ҚК жалпы және ерекше бөлімдері ағзалық байланыста және қылмыстық құқықтық нормалардың бірыңғай құрылымдық жүйесі ретінде қылмыстық құқықты тек біртұтастықта көрсетеді.
2. Қылмыстық құқық қағидалары.
Қағида қандай да бір теория білім, ғылымның және т. б. негізігі бастаппқы жағдайы.
Қылмыстық құқық қағидаларына мыналар жатады:
- заңдылық;
- теңдік;
- жеке жауапкершілік;
- кінәлі жауапкершілік;
- жауапкершіліктің ;
- әділдік;
- ізгілік гуманизм қағидасы.
Заңдылық қағидасы. Қылмыстық заңда көзделген әрекеттер ғана қылмыс болып табылады. Осыған байланысты келесідей жағдайлармен басшылық ету керек:
а) қылмыстылық әрекеттің жазалануы және оны жасаудың өзге де
қылмыстық құқықтық себептері тек қылмыстық заңмен анықталады;
б) қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаға міндеттер
жүктеледі және заңмен белгіленген құқықтармен қолданады;
в) қылмыстық заңның мазмұнын нақты мәтініне сәйкес түсіну керек.
Теңдік қағидасы қылмыс жасаған тұлғалар заң алдында тең және жауапкершілікке олардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілдік және ұлттық көзғарасына, жынысына, біліміне, тіліне, діни нанымына, айналысатын ісінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жері және т. б. мән-жайларға тәуелсіз тартылады. Берілген ереже тікелей ҚР Конституциясының 14 б белгіленген.
Жеке жауапкершілік қағидасы. Қылмыс жасаған тұлға жеке өзі жасаған әрекеті үшін ғана жауапты. Қылмыстық жауапкершілік басқа тұлғаларға жүктелмейді. Қазақстандық қылмыстық құқық заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін жоққа шығарады.
Кінәлі жауапкершілік қағидасы. Қылмыстық жауапкершілікке оның кінәсі дәлелденген зардаптар мен әрекеттері үшін тартылады, яғни қасақана ой немесе абайсыздық. Конституцияның 77 бабының 3 тармағының 1 тармақшасында келесідей қағидалар бекітілген: «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімінен танылмағанша, ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі».
Жауапкершіліктің неотвратимость қағидасы. Әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыс құрамы белгіленген кез келген тұлғаға қылмыстық заңда көзделген жаза немесе басқа да ықпал ету шаралары қолданылады. Жазаның ескертушілік ықпалы оның қаталдығында емес, неотвратимостьында екендігі барлығына мәлім.
Әділдік қағмдасы. Жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық әсер ету шаралары қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылады және жаза қылмыс ауырлығының деңгейіне, кінәлілігінің деңгейіне және оның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Ізгілік қағидасы (гуманизм) . Қылмыс жасаған тұлғаға байланысты оны түзеу мен жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында қажетті және жеткілікті ең аз шамадағы немесе өзге де қылмыстық құқықтық әсер ету шаралары адамдық қадір-қасиетін таптау немесе физикалық қасірет жәбір көрсетуді мақсат етпейді. Конституцияның 17 бабында «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетінқорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды»деп анықталған.
3. Қылмыстық саясат.
Қылмыстық саясат - қылмыспен күресудің басты бағыты, жолдары мен әдістері туралы мемлекеттің басқарушы көзғарастары.
Қылмыстық саясат келесідей ережелерге негізделген:
1. қылмыстың алдын алу қылмыспен күресудің негізін құрайды;
2. қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік болуы керек;
3. қылмыспен күрес заңдылықтардың қатаң сақталуымен жүргізілуі қажет;
4. қауіпті және аса қауіпті қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына ауыр
және ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазаның қатаң шаралары қолданылуы қажет;
5. ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстармен күресуде бас
бостандығынан айырумен, сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысы жоқ әсер ету шаралары ерекше орында орын алуы қажет болуы шарт;
6. қылмыспен күрес қалың бұқараның тартылуымен жүзеге асырылуы керек.
Қылмыстық саясаттың нақтыландыру нысандары мыналар:
1. заң шығарушылық (1-ші кезекте қылмыстық, қылмыстық іс-
жүргізушілік, қылмыстық атқарушылық) ;
2. құқық қорғанушылық (құқық нормеларын қолдануда қылмыстық әділет органдарының тәжірибелік қызметі) ;
3. қылмыспен күресуге және оның алдын алуға бағытталған бұқараның қызметі;
4. құқықты насихаттау мен құқықтық тәрбиедегі бұқараның және мемлекеттік органдардың қызметі.
Қорытынды
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде бесінші бап: «Қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп танылады» делінген. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілді.
Қылмыс қылмыстық құқықтың іргетастың категориясы болып табылады. Қылмыстық заңнамада негізгілерінің бірі болып қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын анықтау әрекетнің (процесінің) айтамыз.
ҚР-ғы құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, заңмен қорғалатын ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар ретінде, табиғи құндылықтары мен бостандықтарының біріншілігі мен бөлінбейтіндігінен кейде қылмыс түсінігін деполитизациялау және дейдеологизациялау қажет. Сәйкесінше қылмысты топталуды оның қроғамдық қауіптілік деңгейіне сәйкес қайта қарастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz