ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы
2. ХІХ ғасырдағы Қазақ ағартушы.демократтарының қоғамдық.саяси, дүнитанымдық көзқарастары мен тарихта алатын орны мен рөлі:
а) Ы.Алтынсариннің жас ұрпаққа тәлім.тәрбие, білім берудің кейбір
мәселелері, ғибратнамасы
б) Ш.Уәлихановтың әлеуметтік.саяси, ағартушылық, тарихи.географиялық ерен еңбектері мен тарихи үлесі
в) А.Құнанбаевтың . тарихи дара тұлға әрі қоғамдық қайраткер ретінде
г) Алаштың арқасүйер ардақтысы А. Байтұрсынұлының тарихқа көзқарасы
Қорытынды
Cілтемелер тізімі
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кез-келген тарихи, яки болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының інжу-маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде “әлем азаматы” санасында болып әр кезеңдегі әралуан халықтың мәдениетіне тоғыстыратын, тарихынан терең орын алған буын екендігі хақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Шын мәнінде, түп шежіресі сонау түркілерден басталатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтай қалғаны-оның еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің, асқақ рухының арқасы. Осы жолда арғы-бергі замандарда орын алған бас көтерулердің арқасы. Елі мен жері үшін жанын пида еткен боздақтардың арқасы”- деп еді. [16]
Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігі – ХІХғ. ортасына дейін қазақ балаларын оқыту – құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік болып саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ер балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғарғы дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897ж. халық санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіндігін ғана жазып белгілегенімен айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейтінін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда санақ нәтижесі жекелеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете алмады. Сонымен, 1897 жылы санақ материалдары бойынша өлке халқының 8,1 пайызы ғана сауаты барға жатқызылды, еркектерінің сауаты 12 пайыз, әйелдер – 3,6 пайызды құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың негізгі бөлігі тұратын солтүстік-шығыс губернияларынан байқалды. Қазақстан халқының сауаттылығы дәрежесінің шындап артуы ХХғ. Басында да бола қойған жоқ. Егер Ресейлік орталық аудандарында прогрессивті интеллигенцияның бастмашылдығы бойынша әліппелік сауатсыздықты жою ісімен жексенбілік мектептер ашылып, земстволар айналысса, яғни шындап қолға алына бастаса, Қазақстанда бұл сөзден әрі аспады. Дәл осындай қым-қуыт кезеңде қазақ халқының біртуар ұлдары мен қоғам қайраткерлерінің тарихи рөлі мен аса күрделі әрі ерен еңбектері, талмай күресуі, халық жауы атанған талай боздақтарымыз бен қазақ халқының қаймақтарының еліміздің болашағы үшін атқарған еңбектері ерекше болды. [1]
Бұл тақырыптың мақсаты мен міндеті - бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің жас өркенін өз халқының тарихынан терең орын алатын ұрпақты тәрбиелеу барысында халқының тарихы мен өнерінде, әдебиетінде өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың тарихи жолын айқара ашып кеңінен таныстырар болсақ, сол бір тарих бетінде өшпес іздері қалған күрескер ақындар, ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері, ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-зиялыларының қалыптасуы мен олардың ерекше өмір жолдарымен кеңінен қарастыру болып табылады. Осы зерттеу жұмысына арқау етіп отырған тақырыптың өзі бүгінгі өмірімізде өзіміздің арғы-бергі тарих жолын танудағы ең бір өзекті тарихи тақырыптың бірі. Өйткені әрбір дамитын халық өркениетке бет алып дамуы үшін ең алдымен өз халқының өткен жолын нақты талдай түсіп, терең білуі тиіс, сонда ғана ол өзінің қайда бара жатқанын, нені меңзейтінін, өзінің қай жерде тұрғанын, қандай жолдан өткенін біліп, болашағын болжап, жүрер бағытын ажырата алмады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарының басында Ресейде басыбайлы құқық жойылып, бірқатар буржуазиялық реформалар қабылданды. Бұл реформалар самодержавиенің рухани өмірін, мәдениетін, халыққа білім беру салаларын да қамтыды [2] Ресейде капиталистік өнеркәсіптің біршама жедел дамуы – отаршылдық жағдайдағы қазақ жерін арзан өнім өткізетін қорға дерлік тегін шикізат көзіне айналдырып алды.
60-жылдардың бас кезінде патша үкіметі қазақтарды басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеу үшін арнаулы комиссия құрды. Дайындап жатқан жаңа реформаның отаршылдық мәнін сол кездің өзінде-ақ сезіне білген Ш.Уәлиханов қайта құру қазақ жерінде халықтың өзін-өзі басқару негізінде жүргізілуін талап еткен еді. Патша үкіметі қазақ халқының азаттылығын жаныштай отырып, қазақтың ұлттық болмысын Ресейдің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің жалпы арнасына зорлықпен сіңістіріп жіберді. Қазақ даласына капитализмнің және тауарлы-ақшалық қатынастардың ене бастауымен байланысты мұнда шаруашылықтың патриархалдық- феодалдық укладтарының ыдырау процесi де жылдамдай түстi, қоғамның әлеуметтік жіктелуі арта түсті, қазақ еңбекшілерінің саяси санасы арта түсті. Қазақтың рухани өмiрiне реформалық Ресейдiң төңiрегiндегi идеологиялық күрес өз әсерiн тигiзбей тұра алмады. Қазақ өлкесiнде iс-әрекеттерi ұлттық мәдениет тарихында бүткiл дәуiрдi құрап тұратын көрнектi ойшылдар толқыны пайда болды. Олар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М,Дулатов, Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов сынды ағартушылар едi.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. “Бес арыс”(Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар). Құрастырған Дидахмет Әшімханов. Алматы «Жалын» 1992 ж.
2. «Алаш» 2003ж. Кітапты құрастырып, алғы сөзі мен ғылыми түсініктемелер жазғандар Ісмақова, Г.Пірәлиева, С.Сәкенов, К.Мұстафаева.
3. Қозыбаев. Ахмет Байтұрсынұлы–ХХғасырдың ұлы реформаторы Ұлттық рухтың ұлы тілі. А., Ғылым, 1999. Ғасыр арқалаған арыстар, Егемен Қазақстан.1994. 12 тамыз.
4. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995. Санат. 230-бет; Саяси элита және ұлт мүддесі, Ұлттық рухтың ұлы тіні. А., Ғылым, 1999.
5. М. Құл-Мұхаммед. Алаш ардагері. Жақып Ақбаев. А., Жеті жарғы, 1996.
6. Алашорда. Құжаттар жинағы. Құрастырған Н. Мартыненко. А., 85-б. (Бұл үзіндінің аудармасы М.Құл-Мұхаммедтің көрсетілген еңбегінен алынды).
7. К.Нұрпейіс. Ахмет Байтұрсынұлы-аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері. Ұлттың Ұлы Ұстазы. А., 2001.
8. М.Әуезов. Абайдан кейінгі соңғы ақындар. Шығармаларының 50 томдық толық жинағы. 1-т. А., Ғылым, 1997ж
9. Р.Нұрғалиев. Алып бәйтерек. Ахмет Байтұрсынұлы. Ақ жол. А., Жалын, 1991.
10. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов. Ұлттың Ұлы Ұстазы. А., 2001.
11. А.Затаевич. 1000 песен казахского народа. Оренбург, 1925.
12. З.Қабдолов. Ахаңның әдеби қисындары, Көзқарас. А., Рауан, 1999.
13. З.Ахметов. Бүкіл қазақ «Ахаң» деген. Ұлттың Ұлы Ұстазы. А., 2001ж.
14. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құрастырғандар. Шәріпов Ә., Дәуітов С.)- Алматы: жазушы, 1989.- 320 бет., порт., суретті.
15. Сембаев А.И., Храпченков Г.М. Очеркии по истории школ Казакстана (1900-1917гг.). А., 1972, 27,
16. Өлкедегі баспасөз тарихын зерттеуші, белгілі библиограф У.Субханбердинаның деректері бойынша Санкт-Петербургтегі М.Е.Салтыков-Шедрин атындағы кітапханада газеттің 22 нөмірі сақталған.
17. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Құрастырған Ү. Субханбердина. А., 1999.
18. Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті. Алматы: Сөздік-словарь. 2001ж.
19. Тасымбеков А. Жан даусы. Алматы: Жалын. 1994.
20. Азалы кітап (құрастырғандар:Қ.Оразбекұлы, С.Нұрмағамбетов, Б. Дінәсілов, Ш.Дәнеева. Алматы: Зерде.-1998ж).
21. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы. 1997.
22. Айтаханов Қ. Алты алашқа белгілі, Қазақ әдебиеті. 1994.Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар . Ташкент: Халқ мероси. 2000ж.
23. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы. 1992ж.
24. М.Рүстемов. Асыл азамат. Мәдениет және тұрмыс. 1998ж.
25. ӘбубакировС, Әбубакирова Г. Алтын діңгек. Алматы: Қазақпарат.-2002ж.
26. Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы: Санат. 1998ж.
27. Әбжанов Хангелді. Таңдамалы. Бірінші том . Алматы: Қайнар. 1998ж.-І том. .
28. Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра. -1999ж.
29. Қойгелдиев М. Ұлтшылдық бағытын ұстанған кімдер? Алматы 1991ж.
30. Зұлқарнай Алдамжар. Тарих пайым мен тағлым. Қостанай. 2002ж.
31. Әтішев.А.Ә. ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғбасындағы Қазақстанның саяси ой пікірі . Алматы. 1979ж.
32. Омарбеков Т. «Зобалаң» және «Кіші қазан ол не?» Ақиқат-95ж. №10.
33. Қ Атабаев. Айға шапқан арыстандар. Ақиқат-1998ж.
34. Әбжанов Х. Қазақстан ителлигенциясы:Тарих пен Тағдыр . Ақиқат-1991ж. №11.
35. «Ақиқат» журнал., №11. 1999ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-
зиялыларының қалыптасуы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы
2. ХІХ ғасырдағы Қазақ ағартушы-демократтарының қоғамдық-саяси,
дүнитанымдық көзқарастары мен тарихта алатын орны мен рөлі:
а) Ы.Алтынсариннің жас ұрпаққа тәлім–тәрбие, білім берудің кейбір
мәселелері, ғибратнамасы
б) Ш.Уәлихановтың әлеуметтік-саяси, ағартушылық, тарихи-географиялық ерен
еңбектері мен тарихи үлесі
в) А.Құнанбаевтың – тарихи дара тұлға әрі қоғамдық қайраткер ретінде
г) Алаштың арқасүйер ардақтысы А. Байтұрсынұлының тарихқа көзқарасы
Қорытынды
Cілтемелер тізімі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кез-келген тарихи, яки болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының
інжу-маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде “әлем азаматы”
санасында болып әр кезеңдегі әралуан халықтың мәдениетіне тоғыстыратын,
тарихынан терең орын алған буын екендігі хақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: “Шын мәнінде, түп шежіресі сонау түркілерден басталатын қазақ
халқы өзінің жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын
сақтай қалғаны-оның еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің, асқақ рухының
арқасы. Осы жолда арғы-бергі замандарда орын алған бас көтерулердің
арқасы. Елі мен жері үшін жанын пида еткен боздақтардың арқасы”-
деп еді. [16]
Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігі – ХІХғ. ортасына дейін қазақ
балаларын оқыту – құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік болып
саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе
оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды.
Мұсылман мектептерінде негізінен ер балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер
сауатсыздығының жоғарғы дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Қазақстан
халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897ж. халық санағын жүргізу барысында,
ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіндігін ғана жазып
белгілегенімен айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап
қайтарушы орысша оқи білмейтінін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда
санақ нәтижесі жекелеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете
алмады. Сонымен, 1897 жылы санақ материалдары бойынша өлке халқының 8,1
пайызы ғана сауаты барға жатқызылды, еркектерінің сауаты 12 пайыз, әйелдер
– 3,6 пайызды құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс
аударушылардың негізгі бөлігі тұратын солтүстік-шығыс губернияларынан
байқалды. Қазақстан халқының сауаттылығы дәрежесінің шындап артуы ХХғ.
Басында да бола қойған жоқ. Егер Ресейлік орталық аудандарында прогрессивті
интеллигенцияның бастмашылдығы бойынша әліппелік сауатсыздықты жою ісімен
жексенбілік мектептер ашылып, земстволар айналысса, яғни шындап қолға алына
бастаса, Қазақстанда бұл сөзден әрі аспады. Дәл осындай қым-қуыт кезеңде
қазақ халқының біртуар ұлдары мен қоғам қайраткерлерінің тарихи рөлі мен
аса күрделі әрі ерен еңбектері, талмай күресуі, халық жауы атанған талай
боздақтарымыз бен қазақ халқының қаймақтарының еліміздің болашағы үшін
атқарған еңбектері ерекше болды. [1]
Бұл тақырыптың мақсаты мен міндеті - бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің
жас өркенін өз халқының тарихынан терең орын алатын ұрпақты
тәрбиелеу барысында халқының тарихы мен өнерінде, әдебиетінде өшпес
із қалдырған ұлы тұлғалардың тарихи жолын айқара ашып кеңінен
таныстырар болсақ, сол бір тарих бетінде өшпес іздері қалған
күрескер ақындар, ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері, ХІХ ғасырдың екінші
жартысы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-зиялыларының қалыптасуы мен
олардың ерекше өмір жолдарымен кеңінен қарастыру болып табылады. Осы
зерттеу жұмысына арқау етіп отырған тақырыптың өзі бүгінгі
өмірімізде өзіміздің арғы-бергі тарих жолын танудағы ең бір өзекті
тарихи тақырыптың бірі. Өйткені әрбір дамитын халық өркениетке бет
алып дамуы үшін ең алдымен өз халқының өткен жолын нақты талдай
түсіп, терең білуі тиіс, сонда ғана ол өзінің қайда бара
жатқанын, нені меңзейтінін, өзінің қай жерде тұрғанын, қандай жолдан
өткенін біліп, болашағын болжап, жүрер бағытын ажырата алмады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарының басында Ресейде басыбайлы құқық жойылып,
бірқатар буржуазиялық реформалар қабылданды. Бұл реформалар самодержавиенің
рухани өмірін, мәдениетін, халыққа білім беру салаларын да қамтыды [2]
Ресейде капиталистік өнеркәсіптің біршама жедел дамуы – отаршылдық
жағдайдағы қазақ жерін арзан өнім өткізетін қорға дерлік тегін шикізат
көзіне айналдырып алды.
60-жылдардың бас кезінде патша үкіметі қазақтарды басқару жүйесін қайта
құрудың жобасын әзірлеу үшін арнаулы комиссия құрды. Дайындап жатқан жаңа
реформаның отаршылдық мәнін сол кездің өзінде-ақ сезіне білген Ш.Уәлиханов
қайта құру қазақ жерінде халықтың өзін-өзі басқару негізінде жүргізілуін
талап еткен еді. Патша үкіметі қазақ халқының азаттылығын жаныштай отырып,
қазақтың ұлттық болмысын Ресейдің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің
жалпы арнасына зорлықпен сіңістіріп жіберді. Қазақ даласына капитализмнің
және тауарлы-ақшалық қатынастардың ене бастауымен байланысты мұнда
шаруашылықтың патриархалдық- феодалдық укладтарының ыдырау процесi де
жылдамдай түстi, қоғамның әлеуметтік жіктелуі арта түсті, қазақ
еңбекшілерінің саяси санасы арта түсті. Қазақтың рухани өмiрiне реформалық
Ресейдiң төңiрегiндегi идеологиялық күрес өз әсерiн тигiзбей тұра алмады.
Қазақ өлкесiнде iс-әрекеттерi ұлттық мәдениет тарихында бүткiл дәуiрдi
құрап тұратын көрнектi ойшылдар толқыны пайда болды. Олар Шоқан Уәлиханов,
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М,Дулатов,
Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов сынды ағартушылар едi.
І. ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басында Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістерді қазақ
халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспанциямен
қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп таңылды.
Патша өкіметінің кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан
мейлінше айқын аңғарылды. Отаршыл билік қазақ халқының мүдделерімен
құқықтарын елемей, оның рухани дамуын тежеді.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып
отырған кезеңде орын алған соңғы құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық
санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық
сана-сезімді оятуға жағдай жасайды, қазақ қоғамын да жаңа идеалардың, ой-
пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан
алғанда, дәуірдің жаңалықтары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа
құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардың шағын
тобының меңгеруі орын алғанынан көрінеді.
Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және
ұзаққа созылған үрдіс болды. ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы халықтың
интелектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады. Ұлттық
зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік
дамуына қалтықсыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады” [2] - деген
болатын. Егер Қазақстанның кеңес дәуіріндегі интеллигенциясында
интеллектуал топты кімдер құрайды деген сауал қойылса, А. Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,
Б.Майлин, М.Жұмабаев, М.Мақатаев, ғылымда А.Байтұрсынов, С.Аспандияров,
Қ.Сәтбаев, Т.Рысқұлов, тағы басқалар аталынады. Интеллкетуалдарды қолдан
жасау мүмкін емес. Инттеллектуалдар бірін-бірі қайталамайды, қалдырған
мұраларын шатастырып алу мүмкін емес еді. [3]
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері медреселерде, не
орыс-қазақ, бұратаналық, ауылдық мектептерде оқып, бастауыш білім алуға
болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың
балаларына білім және тәрбие берудің негізі, ал Ресейдің отарлауы
басталғанға дейін біре-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің
басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында
зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және
тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне арасмастан, бұл
мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен
мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті. Медреселердің оқу бағдарламаларына
пәндердің мынадай топтамалары енгізілді: 1) араб тілі, грамматика,
морфология, синтаксис, этимология, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу
туралы ғылым және ғылыми-мәдени пікірсайыстар; 2) дін ілімі мен заңтану-
Құранның мазмұны мен маңызы, құқық, діни ережелер, мұраны бөлу тәртібі
туралы ілім, заңтану нгіздері; 3) философия, логика, математика, география,
астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары,
Отарлау кезінде, әсіресе ХХ ғасырдың басында өкімет орындары мұсылман
мектептерінің өміріне араласпау туралы сөз жүзінде мәлімдей отырып, орыс-
бұратана ұлттар мектептері желісін кеңейту және басқа да шаралар арқылы
медреселерде оқитын балалар санын азайту қол жеткізді. Патша үкіметі жаңа
әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнініде
белсенді шаралар қолданды, олар қазақ халқының арасында исламшылдық және
түрікшілдік идеяларды тарату жөніндегі қамалдар деп қарастырылды. [4]
Діни мектеп ретінде, мұсылман оқу орындары діни мекемелерге ғана
бағынышты болуға тиіс еді, сондықтан да мұсылман мектептерінің ықпалын
шектеп, оларды азаматтық мектептермен қосуға наразылық білдірді. Алайда
бұған қарамастан 1874 жылы Қазақсьанның мұсылман мектептері Халық ағрту
министірлігінің ресми мандатын алған орыс әкімшілігі мұсылман мектептерінің
жанынан орыс сыныптары орыс мемлекетінің үстемдігін орнықтыруға қажет деп
санаған отаршылық әкімшіліктің қалың тобына қатты ұнады. Көшпелі болса да,
мұсылман болса да, қазақ орыс тілін білуге тиіс, өйткені бұл-Мемлекеттік
тіл, үкіметтік және сот орындарында с сол тілде жүргізіледі.
Мұсылман оқу орындарына қатаң талаптар қойылды, олардың бұзылуын
отаршылдық әкімшілік үнемі қудалап отырды. Бірақ бұған қарамастан,
Қазақстан аумағында мектептер мен медреселер саны ұздіксіз өсе берді,
өйткені оқуға тілек білдірушілер саны барған сайын арта түсті.
Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын
шәкірттерді жаңа әдіспен оқытатын Уфадағы Ғалия, Орынбордағы Хусаиния,
Троицкідегі Расулия, Уазифа сияқты медреселерге оқуын жалғастыруға
жіберетін. [5]
Патша үкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім
берумен, яғни орыс тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу
жеткілікті деп санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім
беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді
әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс
басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып
жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Орыс
әкімшілігінің қазақ балаларын бастауыш оқу орындарына тарту ниетін осымен
түсіндіруге болады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында дамып келе жатқан капиталистік
шаруашылық жағдайында Халық ағарту министрлігінің бастауыш орыс-қазақ және
орыс мектептері елдің шаруашылық өмірінің қажеттерін қанағаттандыра алмады.
Ел өмірінде неғұрлым жоғары деңгейдегі оқу орындарын құру қажеттігі пісіп-
жетілді. Осыған байланысты өлкеде қалалық училищелер, орта
мектептер(гимназиялар), кәсіптік мектептер ұйымдастырыла бастады.
Қазақстан аумағында: 1876 жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер
гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі оларға
негізгі халықтың қолы жетпейтін етті. Өлкеде мектептердің үш үлгісі:
педагогикалық, ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды.
Патша үкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға,
әкімшілік аппарат үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет
атқаратын сенімді кадрлар даярлауға ұмтылды. Оқу бағдарламаларының мазмұны
да қазақ халқының экономикалық және мәдени дамуы мүдделерін негізге алмай,
отаршыл әкімшіліктің қажеттері мен талап- тілектеріне бейімделді. Орыс
өкімет орындарының мұндай кертартпа саясаты бүкіл отарлау кезеңінде
Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орнының ашылмауына әкеп соқты. Отаршыл
әкімшіліктің қазақ балаларын орта және оның үстіне жоғары білім алуға
жібермеу ниеті ұлттық сана сезімінің өсуінен, қазақ халқының отаршылдық
режимге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуінен қорқу, сондай-ақ ұлт
зиялыларының пайда болуына жол бермеушілік туғызған еді. [6]
Революцияға дейінгі Қазақстанда ұлттық орта оқу орындарының болмауы
қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр етті, ал олардағы
оқу үрдісінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін және орыс тілі үстемдік
ететін. Сонымен бірге революцияға дейін Қазақстанның көптен прогресшіл
қайраткерлерінің орыс оқу орындарында білім алғанын ұмытуға болмайды.
Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік
даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері
бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс
революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланады,
халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат
етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын
көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы
болғаны күмәнсіз. Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине
қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік
идеологияның түсіндіргендей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас
емес, қайта, өз халқының өмірін жеңілдету жолындағы күрестің табиғи
қиындықтары туғызды.
ХХ ғасырдың басындағы алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің
саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды
басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық
құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір
адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат
мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы
адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы
мақсатта дала өңірінде қызу қызмет жүргізді.
Сонымен Ресей оқу орындары революцияға деінгі кездің өзінде-ХІХ
ғасырдың екінші жартысы-ХХ ғасырдың басында білімді адамдар тобының
кеңеюне, әрбір халықтың ұлттық хиялыларының қалыптасуына Қазақ жастары
шетелдерде де оқып білім алды, қазақ қыздары арасынан да жоғары білімді
мамандар қалыптасты. Мәселен, Ғ.Мусин Каир университетін, Ж.Сұлтанаев пен
А.Түнғаншин Варшава мал дәрігерлері институтын, С.Шанов Стамбул
университетін және т.б. [7]
Ресейдің жоғарғы оқу орындарын бітірген қазақтар өз ауылдарымен
қалаларына қайтып оралып, өз білімін, ағартушылық рухын жерлестеріне беріп
отырды. Отарлаушылардың тілегіне қарама-қарсы, жаңа зиялылардың таңдаулы
бөлігі өз халқының мүдделерін қорғау жолына түсті, азапқа толы рухани
ізденістерден өтіп, олар рухани құлдыққа қарсы шықты және азаттық
қозғалысын басқарды.
Тарихи тәжірибенің көрсеткеніндей, күрт әлеуметтік өзгерістер
кезеңдерінде зиялылар әрқашанда едәуір белсенділігімен, дербес
бастамашылығымен ерекшеленіп отырды. Әлеуметтік, инттеллектуалдық және
адамгершілік сезімдегі зиялылар қоғамдағы жеке адамның жағдайы туралы, оның
анаға қатынасы туралы мәселені көтереді.
Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін
оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін
түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге
болады. Ұлттық Қазақ, Қазақстан газеттерінің, Айқап, Сарыарқа,
Абай журналдары басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті
дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп,
қазақ халқын білім алуға шақырды. А.Байтұрсынұлы көптеген мақалалар жазды.
Қазақ беттеріндегі еңбектерінде балаларды мектептер мен медреселерде
оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс
мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп,
балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілін де оқытуды талап етеді,
бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір
халықтың өз тіліне, жазуына дініне құқығы болуға тиіс деп санайды. Сонымен
бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді.
ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары
елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша заңдары көшпелі халықтың
құқығына нұсқап келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз
халқының ежелгі өз жерінде қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған
олар патша үкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар
жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі
арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бұқарасының
құқықтық білімін кеңейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен
тереңдетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы
мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік
мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша
үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын
әділ сынға алды.
Қазақ қоғамының рухани саласында етек алған заңсыздыққа өз
наразылығын білдіріп отырды.
Патша шенеуіктері қазақ халқы зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет
пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым
мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей
нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген өскелең қажеттері патша
үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда
бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар оқып, бастауыш
және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша өкіметі бұратаналарды орта
және жоғарғы оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Қазақ жастары
Қазан, Томск, Санк-Петербург, Мәскеу т.б. университеттерде, техникалық және
медициналық жоғарғы оқу орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рол
атқарған қазқ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы ХХ ғасырдың басына қарай нақ
сол буыннан қалыптасты [8]. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азт,
өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ
зиялыларының өкілдері патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым
жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды
қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми
мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін
насихаттауға, оның қажеттілігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті
күшін дәлелдеуге ұтылды. Олардың күш- жігері ізсіз қалмағанын атап өткен
жөн. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер саясатшылар,
судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді
азаматтары - А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және басқалардың
қалыптасуымен ерекшеленеді. М.Тынышбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов және
басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеумен айналысты. Қазақстан ғылымының
қаулап дамуы кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды,
бірақ оның ірге тасын ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас
өкілдері қалаған еді.
Сонымен, ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының
қоғамдық санасы-тарихтың душар келген қоғамның өзі сияқты күрделі құбылыс.
Біз қарастырып отырған кезеңде шовинистік отаршылдық идеология арасында
ымырасыз күрес жүріп жатты. Қазақ даласына қалыптасып келе жатқан жас қазақ
зиялылары белсене таратқан саяси идеялар қазақ қоғамының оянуына
жәрдемдесіп, бүкіл халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-
өрісіне зор ықпал жасады. [9]
2. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ,
ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ МЕН ТАРИХТА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Қазақстандағы халық ағарту ісі екі бағытта: діни және жәй азаматтық
бағытта дамыды. Діни бағыттағылары балалар мен ата-аналарының қаражатымен
ұсталған мектептер мен медреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша
жүрді. ХІХғ. өзінде Ш.Уәлиханов негізінен алғанда татар молдалары ұстаздық
еткен ауыл мектептерінің ауыр жағдайы туралы ашына жазды: Таңқаларлық
бірбеткейлік, өлі схоластика және бірде-бір нақты ой-пікірге құрылмаған
оқу, - деп бағалады ол мұны.
ХХғ. Басында мектептер уақыттың өскелең талаптарын қанағаттандырудан
қалды. Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыстар басталды. Оны
ұйымдастырушылар қазақтың біртуар ұлдары мен қазақ ағартушы-интеллигенциясы
болды. Олар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін: әріп құрастыру тәсілін дыбыстық
тәсілмен алмастыруды ұсынды, мектептерде азаматтық пәндердің – арифметика,
география, жаратылыстану, тарих және өзге де пәндерді оқыту керектігін
дәлелдеді.
Бұл орта қазақ халқының маңдайындағы шоқ жұлдыздары А.Құнанбаев,
С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Б.Майлин, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов т.б. аса ірі қоғам қайраткерлері
болды. [10]
Азаматтық сипаттағы жәй оқу орындары өлкенің Ресейге қосылғаннан кейін
ашылды. Олар отарлық аппарат үшін шенеуіктер, тілмәштер, мұғалімдер,
дәрігерлер даярлады. Мысалы, 1786ж. Омск қаласында Азиаттық мектеп, 1789ж.
Орынбор қаласында үкіметтік мектебінің негізі қаланды, 1825ж. Орынборда
Неплюев кадет корпусы, Омск кадет корпусы әскери мамандар мен әкімшілік
шенеуіктерді даярлады.
Азаматтық тұңғыш қазақ метебі 1841 Бөкей Ордасында Жәңгір ханның
бастамасымен жұмыс істей бастады. 1898-1914жж аралығында Қазақстандағы
бастауыш мектептр саны 730-дан 1988-ге жетті, шәкірттер саны 29,1 мыңнан
101 адамға дейін өсті. Мектеп ісін жолға қоюда қыз балаларға білім берудің
дамуы прогрессивті құбылыс болды. Ы.Алтынсариннің күш салуымен 1887ж.
Ырғызда қыздар училищесі ашылды. 1890-1896жж. орыс-қазақ қыздар училищелері
Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде жұмыс істей бастады.
Ы.Алтынсариннің жас ұрпаққа тәлім–тәрбие, білім берудің кейбір
мәселелері, ғибратнамасы
Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында ХІХ - ғасырдағы қазақ халқының
аса көрнектi ағартушы демократы, жаңашыл педагог, оқымысты, қоғам
қайраткерi Ыбырай Алтынсарин (1841- 1889) терең із қалдырды.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметi 1861ж. реформаның нәтижесiнде
капитализм неғұрлым жылдам дами бастаған кезде өттi. Ы.Алтынсарин қазақ
қыздарын оқыту, оларды мәдениетке және қоғамдыє жұмыстарға тарту
мәселесiндегi әлеуметтiк маңызы бар iстердi iске асырған жаңашыл қайраткер
болды.
Ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz