Сыртқы экономикалық байланыстар


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім. Сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы. Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстың қалыптасуы және дамуы. Сыртқы экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны.
3. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақстан дамудың және қазіргі әлемдегі өз орны мен рөлін сезінудің жаңа сатысына көтерілді. Елді жаңа нарықтық желіге салу жөніндегі негізгі шаралар жүзеге асырылды. Осыдан 16 жыл бұрын тәуелсіздікке ие болған сәтке қарағанда бүгінгі Қазақстан тәуелсіз экономикалық держава ретінде бәсекеге неғұрлым қабілетті әрі келешегі зор.
Алайда, Қазақстанның өзіндік даму моделін іздестіру жалғасуда және жалғаса беруге тиіс, өйткені дүние шапшаң өзгеріп, күрделене түсуде. Мұндай ізденістің аса маңызды құралы Қазақстан 1997 жылы алғаш рет пайдаланған ел дамуын стратегиялық жоспарлау болып табылады.
Өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін стратегиялық жоспарлауды алдыңғы қаталы елдер мен аса ірі трансұлттық компаниялар қолданады. Олардың қазіргі замада өмір сүру тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстан мемлекеттің рөлі мен өз дамуын стратегиялық жоспарлауды күшейтуге тиіс. Айқын стратегиялық жоспарсыз мемлекет өзінің мұратын іске асыру қабілетінен айырылады. Оқиғалар барысын басқарудың орнына, ол соларға тәуелді болып қалады.
Сонымен бірге стратегиялық жоспарлар қатып-семген догмаларға айналмауға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің икемді құралы болуға тиіс. Қабылданған барлық стратегиялық жоспарлар іске асырылу бөлігінде жыл сайын талдануға және қалыптасқан ішкі және сыртқы жағдайлар ескеріле отырып, түзетілуге тиіс дегенді білдіреді.
Қазақстан дамуының осы заманға барабар стратегиясын түзу үшін ағымдағы геосаяси және геоэкономикалық процесстерді, жаңа басталған жиырма бірінші ғасыр әкелер мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді түйсіну қажет. Социалистік жүйе күйрегеннен кейін әлем жаңа әлемдік тәртіп орнату дәуіріне қадам басты. Өз негізінде екі өрісті әлемдік тәртіп бір өрісті тәртіппен алмасты. Алайда әлемдік қауымдастық серпінді дамуын жалғастырып келеді. Әлемдік экономиканың ғылымдануы дамудың аса маңызды факторы болып табылады.
Шығыс Азия аймағының соңғы 30 жылдағы күрт дамуы күштердің жаңа ара салмағына алып келді. Қазіргі кезде әлемде үш дамыған экономикалық орталық: АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония бар. Өзімізбен көршілес Қытайдың экономикалық алыпқа айналуының нақты перспективасы бар.
Мемлекет рөлінің төмендей түсуі туралы болжамдарға қарамастан, егеменді мемлекеттер ХХІ ғасырдағы әлемдікпроцесте басты іс - қимыл иелері болып қала бермек. Басқаша айтқанда, тарихтың басты қозғаушысы мемлекетердің арасындағы бәсеке болып қала береді.
Тұтастай алғанда, қазіргі кездегі әлемдік саясат дамыған мемлекеттердің шектеулі тобының мүдделерімен айқындалады. Тарихи ресурстардың жұтаңдау жағдайында іргелі елдер стратегиялық тұрғыдан маңызды шикізатқа бақылау орнатуа тырысуда. Едәуір энергетикалыұ ресурстарға ие Қазақстанға тиісінше қатер төнуі ықтимал.
Сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы.
Сыртқы экономикалық байланыстар ұлттық экономика дамуының маңызды факторы. Кейбір елдер үшін сыртқы сауда өзінде жоқ тауарлар түрін алудың жалғыз мүмкіндігі. Бірақ «үлкен экономикасы» бар АҚШ пен Ресей сияқты елдерге бүл онша маңызды емес. Дегенмен, халықаралық еңбек бөлінісіне байланысты әрбір ел өзі үшін тиімді және арзан өндіре алатын тауарларды өндіруге мамандану мүмкіндігіне ие болады.
Бұл - әрбір мемлекет импорттың экспорттан артып кетпеуін қадағалап, өз шекараларынан өтетін капитал, қызмет көрсетуді және тауарлар қозғалысын қатаң бақылайтын саясат. Мұндай саясатты көбінесе тоталитарлық мемлекеттер, өз азаматтарының сыртқы қатынастарын шектеуге тырысатын саяси режимдер ұстанады. Кейде өз күшіне сүйену ұраны халықтың бір бөдігінің арасынан қолдаушыларын да табады. Олар, егер өзінде бар ресурстармен шектелмесе, экономикасы әлсіз дамыған ел жоғары дамыған елге тәуелді болады деп санайды. Жалпы өз ресурстарына сүйену тезисінің өзіндік рационалды дәні бар. Әрбір мемлекет өзінің ресурстарына сүйеніп өмір сүріп, дамуы қажет. Дегенмен, бірде-бір мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуында шетел несиелерінің көмегіне сүйенбесе жақсы нәтижелерге жете алмайды. Мысалы, егер Қазақстан Республикасында Менделеев таблицасының барлық элементтерінің барын есепке алсақ, өз күшіне сүйену саясаты жүруі мүмкін. Мұнай, газ, түсті және сирек кездесетін бағалы металдар т. б. маңызды қазбаларды ішкі пайдалану үшін қалдыруға да болады, бірақ, онда әлемдік аса бай рыноктан әкелетін тауарлар мен қызмет көрсетулердің саны мн ассортименті күрт шектеледі. Шикізатты сатқанда, оның орнына тұтыну тауарларын ғана емес, жаңа техника мен қазіргі деңгейдегі технологияларды алуға болады. Шикізатты шығаратын елдерді әлсіз дамыған жартылай отар деген және т. б. ескірген көзқарастардан бас тартуымыз керек. АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Норвегия сияқты жоғары дамыған елдер шикізатты сыртқа шығарумен қатар қазіргі техника мен технологияны да сатып алады. Шикізаттың барлық түрін сырттан алып келетін және жоғары технологияны сыртқа шығаратын Жапония да экономикасы орасан зор табыстарға жеткен ел.
Әрине, шикізатты шетке шығару бар да, жаңа техника мен технологияны, тұтыну тауарларын алып келу бар. Бұл арада экономикалық тәуелділік мәселесі туындайды. Бұрын тәуелділік мәселесінің өткірлік дәрежесі АҚШ пен КСРО сияқты ұлы державалардың идеологиялық қарама - қарсылығымен анықталды. Қазір ондай қарама - қарсылықтың заманы өтті, мемлекеттер алдында өз елдерінің заңдары негізіне сүйенген тиімді сыртқы экономикалық саясатты жасау қажеттігі туды.
Сыртқы сауданың пайдасы - елдердің экономикалық өрлеу деңгейін алыстыруға мүмкіндік беріп, оларды жедел дамуға ынталандырады. Нәтижесінде дамыған мемлекеттер артық өндіру шиеленісінен құрылса, дамушы елдердің экономикалық өсуіне сыртқы сауда жаңа серпін береді. Сыртқы сауданы қандай да болмасын шектеулер елдің экономикасына кері әсерін тигізеді, өркениетті мемлекеттер қатарына тезірек қосылуын тежейді.
Дамыған сыртқы сауда тауар өндірушілер арасында бәсекені шиеленістіріп, бәсекелесе алмайтын өндірістерді жабуға және пайдалы өндірістерді дамытуға, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға және т. б. мәжбүр етеді. Сондықтан, сырты сауда әсерінен өндірістің кейбір түрлерінің жағдайы төмендеуі мүмкін. Үкіметке тауарлардың шекарадар өтуіне шектеу талаптары қойылып, қысым жасала бастайды. Үкімет өз жағынан екі бағыттың ең тиімдісін таңдауы қажет. Еркін сауданың пайдасы шығынынан көп болғандықтан, соңғылары үшін өтеме механизмі жасалуы керек (жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдем, кәсіптік қайта дайындық, мамандықты жоғарылату бағдарламалары т. б. ) .
Рынокқа өту кезеңінде сыртқы саудадағы мемлекеттің рөлін шектеу объективті сипатқа ие болады. Бірақ, бұл процесс тиянақты ойлау мен жан - жақты өлшенген тәсілді қажет етеді. Мысалы, теория тұрғысынан беймемлекеттендіру саясатын жүргізгенде, жұмыссыздық пайда болып өршиді, халықтың бір бөлігінде болашаққа сенімсіздік, селқостық пайда болады және т. б. Бұл жағдайда үкімет экспорт пен импорттың арақатынасын реттеу мақсатында тарифтер мен үлестер (квота) саясатын қолданады. Мұндай жағдайда тарифтерді қолдану пайдалы болады. Біріншіден, тарифтер мемлекеттің кірісін көбейтеді, ал үлестер болса шетел тауарларына жасанды түрде шектеу қойып, соған байланысты олардың бағасының шарықтауына, сөйтіп шетел өнім шы, арушыларының баюына әкеледі. Екіншіден, тарифтер саясаты кезінде дүниежүзілік және ішкі бағалар бір бағытта өзгереді, ал үлес саясаты кезінде ішкі бағалар дүниежүзілік бағалардан тым жоғары болуы мүмкін. Мұның мәнісі, тарифтік саясат кезінде халық шаруашылығының экономикалық шығыны азаяды, ал үлес саясаты кезінде шаруашылық тиімсіздігі өте үлкен мөлшерге жетуі мүмкін.
Қандай тауарлар экспортқа шығарылуы тиіс, ал қайсысы импорт бойынша алынуы керек оны рыноктың өзі анықтайды. Бұл жағдайда, кәсіпорынның сыртқы экономикалық іс - әрекетін мемлекеттің толық қадағалауының қажеті жоқ. Рыноктық құрылымдарға өту ісінде мемлекеттің күшті әсері болуы қажет, өйткені, қалыптасқан тәжірибе негізінде, экспорттық және импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулер тобының оптималды мөлшерін табу маңызды. Бұл мәселелерді жоғары технологиялық экономикаға өту кезеңі ретінде қарастырсақ онда болашақты қамтамасыз етудің тиімді әдісі - бүгінгі шикізат экспортынан түскен пайданы, халық тұтыну тауарларын сатып алуға емес, техникалық прогресті инвестициялауға пайдалану қажет. Бұл инвестициялар болашақта Республика экономикасы мен оның халқының жоғары өмір деңгейінің негізін қалайтын болады.
Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстың қалыптасуы және дамуы.
Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және бірін бірі толықтыратын халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы; қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т. б. Бірақта бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дами алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады.
Дүние жүзілік тәжірибе бойынша бір елдің ішінде экономикалық реформалар, халық шаруашылығының құрылымын қайта құру, оның ұлттық жағдайлары, проблемалары мен міндеттеріне мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық еңбек бөлісу негізінде әлемдік щаруашылық байланысқа сәтті және тиімді енбей ішкі қайта құру процесі қалаған нәтиже бермейді.
Экономикалық егемендік және нарыққа ену кезінде Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық шаруашылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою, және республиканың региондардың, кәіпорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу.
Қазақстан КСРО құрамында болған кезінде республика КСРО сыртқы экономикалық байланыс министрлігі және одақтық сыртқы экономикалық бірлестіктері делдалдығымен тек Одақтың экспорт және импорт операцияларына қатысып қана отырды. Ал осыдан түскен валюта осы мекемелерде қала берді.
Бүкіл одақтық экспортта Қазақстанның үлесі хромит кені бойынша - 100%, өорғасын және фосфор - 90%, мырыш және феррохром - 70%, астық (қатты бидай) - 60%, ет консервісі - 25-30% болды. Республиканың Одақтық экспорт қорына өнімін өткізу төмен бағасы мен оны шетелдерге сату бағасы арасында зор қайшылық болды. Айта кетсек, баға қайшылығы хромит кені бойынша 23 есе, мыс - 16 есе, ферроқорытпа - 5 есе болды. Республика шетке негізінен шикізат тасымалдады, ал дайын өнімінің экспорттық көлемі мәз болмады. Мысалы, дайын өнімінің экспорттық мөлшері жалпы шетке шығарылған өнімнің - 10%, ал Қазақстанның халық шаруашылығының жалпы өнімінің тек 1, 5% ғана тең болды.
Баға қайшылығының нәтижесінде ақшалай есептегенде шеттен әкелінетін өнімдердің құны шетке шығарған өнімдердің құнынан көп есе асып отырды. Басқаша айтқанда респбликаның сатқанынан сатып алуы көп болды.
Қазақстанө өнімдерін тұтынушылар бойынша экспорттық құрылымы да тиімсіз болды. Экспорттық өнімнің 30% валюталары еркін айырбасталымды елдерге шығарылды, ал 70% бұрынғы социяалистік елдерге жеңілдік жағдайда төмен бағамен жіберіліп отырды. Экпорттық өнімнің айтарлықтай бөлігін шығаратын металлургия кешенінің кәсіпорындарын тек мемлекеттік тапсырманы орындаған жағдайда валюта түсімінің 30% - ақ қалдырып отырылды. Ал мұнай өндірісі бойынша республика қорына валюта жалпы бөлінбеді.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі қағидаларын, оны мемлекеттік реттеу тәртіптерін және республиканың нарықтық қатынасқа көшу жағдайында сыртқы экономикалық әрекетте ұйымдарының уәкілдік құқығын анықтау үшін «Сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі қағидалары туралы» ҚР заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық әрекеті әлем елдерінің бірлестіктерімен экономикалық, сауда, валюталық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа қатынастарды қамтиды. Меншіктің түрлеріне тәуелсіз сыртқы экономикалық әрекетке қатысатын Қазақстанның заңды ұйымдары және азаматтары, шетел заңды ұйымдары және азаматтары саналады.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды реформалау мынадай шараларды іске асыруды көздейді:
- өндірісті және сыртқы экономикалық өріс әрекетін тікелей, тұрақты және ұзақ мерзімге біріктіру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық кешенін өсінкілік, тепе - теңдес және орнықты жұмыс істейтін жүйеге өзгерту;
- өндірістің әлемдік шаруашылық байланыстарға енуіне мүмкіндік туғызу үшін оны коммерцияландыру;
- әлем шаруашылығына қатысты ашық типтес экономика қалыптастыру;
- Қазақстанның экспорттық мүмкіншілігін өсіре беру және ортақ кәсіпкерліктің әр түрлі формаларын дамыту;
Мемлекет сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту негізінде ҚР тепе - теңдес әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатымен мынадай әрекеттер жасайды: сыртқы экономикалық әрекет істеушілерді тіркейді; мемлекеттік шегара арқылы өтетін товарлар және басқа мүліктер туралы мағлұмдама жасайды; экспорт және импорт реттерін белгілейді.
Сыртқы экономикалық әрекет субъектері меншік түрлеріне тәуелсіз жұмыстарының түрлерін, көлемін және бағыттарын дербес анықтайды. Олардың ҚР және шетел банкілерінде есеп шот ашуға құқылары бар. Субъектілердің өздерінің әрекеттерінен түскен пайдасы қажетті салықтар төлегеннен кейін толық өз қарауларында қалады. Сонымен олар өндірістік әрекеттерін, ұқсас әрекетте қолданатын халықаралық нормалары және ережелерін сақтай жұмыс істеуге міндетті. Маңызды бір жағдай, сыртқы экономикалық әрекеттер табиғат сақтандыру туралы заңдарды қатаң сақтауы, жұмыс және іздеулер жүргізгенде қауіпсіздікке кепілдемелі болуы керек.
Нарыққа өтпелі кезеңде республиканың төлем қабілетсіздігін жою, халықаралық еңбек бөлісу жүйесінде Қазақстанның жағдайын жақсарту және Қазақстан товарларын сату нарықтарын кеңейту қажет. ҚР экономикалық саясатының бір бағыты - ол сыртқы экономикалық әрекеттерін жандандыра түсу. Осыған байланысты отын, металлургия және химия өнеркәсіптерінің стратегиялық өнімдерінен басқа экспорттық өнімдерге мемлекеттік монополиялық қағидадан бас тартылды. Экспорттық товарлар шетелдердегі сауда үйлері және басты әлем сауда биржасы арқылы сатылатын болады.
Республиканың сыртқы экономикалық әрекетін жандандыру үшін сыртқы сауда көлеміне шек қою жойылды, мұның мәні шектелетін товарлардың санын күрт қысқарту. Шектелмеген товарлар ішкі нарықта бәсеке негізінде және аукциондарда сатылады.
Сыртқа сатылатын өнімдерге рұқсат беру міндеті салааралық лицензия комитетіне берілді, ол экспорт және импорт өзара шарттарға сараптау жүргізеді, ең алдымен олардың әлем бағасына сәйкестігі және ұсынылған технологиялар мен товарлардың сапасының деңгейі бойынша анықталады.
Сыртқы экономикалық байланысты дамыту және шетел инвесторлары мен несие берушілерді тарту үшін инвестициялық жобалардың тізімін жедел жасап оларды тиісті техника-экономикалық дәлелдеу қажет.
Негізгі сауда серіктестері мен инвестицияны өзара қорғау үшін екі жақты келісімдерді дамыту және сонымен қатар осы салада іске асырылып жатқан халықаралық келісімдерге қосылу керек.
Шетел инвесторларының іс - әрекеттері тұрақты болғаны және енгізілген өзгерістер қазіргі кездегі жұмыс істеп жатқан инвесторлардың жобалары ақталғанға шейін жағдайларын нашарлатпаған орынды.
Қазақстан Республикасының нарыққа өтуі және сыртқы экономикалық әрекеттерді реформалау әлем шаруашылығы бірлестігіне ену үшін қажетті жағдай жасауға шаралар жүргізуді талап етеді. Олар мынадай:
- кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияға тарту үшін жағдай жасау;
- инфрақұрылымды жедел дамыту - көлік және байланыс, қаржы нарығы, банк жүйесі, қазіргі заманға сай ақпарат жүйесі;
- халықаралық құқық және маркетинг, қаржы, банк салаларын кадрлар және сыртқы экономикалық әрекеттерге басқа мамандар дайындау;
- сыртқы экономикалық байланыс өрісіне заңдар жинағын жасап ендіру және олардың орындалуын бақылау т. т.
Сыртқы экономикалық байланыстарды реформалау кезеңдер бойынша жүргізіледі.
Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық әрекеттерді ұштастыру және басқа елдермен экономикалық байланыстарды кеңіту негізінде сыртқы экономикалық байланыстарының нарықтық реформаның жүру және макроэкономикалық тұрақтануға ынталандыруға әсеріне ерекше көңіл бөлінеді. 1993 жылға дейін ішкі, республикааралық және сыртқы сауда мемлекеттік тапсырма арқылы жүрген. Экспорттық лицензия және шек қор товарлардың 200 дейінгі түрлеріне берілетін. Стратегиялық маңызы бар товарлар экспортқа тек монополиялық сыртқы экономикалық құрылымдар арқылы шығарылатын. Бүрынғы КСРО елдерімен сауда екіжақты үкіметаралық келісімдер бойынша және клиринг негізінде жүргізілді. 1993 жылы квота 34 товар атына шейін, ал лицензия 61 - ге шейін қысқарды. 1994 жылы тізілген ретіне қарай 7 және 34 шейін қысқарды. 1995ұлттық және жеке адамдардың қауіпсіздігін сақтайтын товарлардан басқаларға барлық экспорттық квоталар және экспорт-импорт лицензиялар жойылды. Сыртқы саудаға монополия жойылды, бартерлік саудаға тыйым салынды, биржалық сауданы кеңітуге шаралар қолданылды. Республика ЕБ, Канада, АҚШ, Жапония, Скандинавия елдерінде ең қолайлы статус алды. Қазақстан Бүкіл әлемдік сауда ұйымына (ВТО) және сауда, тариф Баға жүйесінің (ГАТТ) құрылымына енді. Осының барлығы Қазақстанға әлем нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Қазір республика әлемнің 145 елімен сауда жасасады.
Екінші кезеңде Қазақстанның сыртқа шығаратын өнімдерін әлем нарығына шығаруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл болса ұлттық экономикалық бәсекелесу қабілетін көтеруді қажет етеді. Бүл кезең еліміз макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына жетіп, өндіріске қарқынды инвестиция процесі басталғанда туады.
Орта мерзімді келешекте сыртқы экономикалық саясат мына міндеттерді қарастырады:
- бұрынғы КСРО елдерімен өзара ұтымды шаруашылық байланыс негізінде жаңа саяси және экономикалық байланысқа көшу;
- инвестицияны дайындығы жоғары деңгейде экспорттық өнім шығаратын өндіріске жұмсап, Қазақстанның сыртқа өнім шығаратындарын қолдау;
- үкіметаралық жемісті келісімдер, импорттық кеден салығын төмендету негізінде келісімді импорттық саясат жүргізу;
- товар өндірушілерге халықаралық нарықтарға кіруге рұқсат беруді қамтамасыз ету, оған Қазақстанның тәуелсіз ВТО және ГАТТ кіруі себеп болады;
- халықаралық сауда өресінде қаржыландыру, ақпараттық және коммерциялық қызметтерді дамыту.
Қазақстанның негізгі сауда аймақтары болған КСРО және СЭВ (экономикалық өзара көмек кеңесі) ыдырауына байланысты сыртқы сауданың құрылымы да өзгерді. Республикада маңыздары бірдей сыртқы экономикалық даму бағыттары анықталған - олар ТМД елдері, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа Оңтүстік - Шығыс Азия елдері кіретін «Азия - Тынықмұхит», Түркия, Шығыс Араб елдері кіретін - Азия, Германия, Швейцария, Англия және басқалар кіретін «Европа», негізінен АҚШ кіретін «Америка» региондары. Сонымен, Қазақстан экономикасын шетелдер банкілеріне кіруін жеңілдету, неғұрлым икемді валюта тәртібін енгізу, айқын ұлттық жобаларды іске асыру үшін шетел капиталын «портфель инвестиция» түрінде көбірек тарту қажет.
Сыртқы экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны.
Ұлтаралық өзара тығыз қарым - қатынастар, әсіресе экономика саласында кең қанат жаюда. Соңғы қырық жылда дүние жүзі мемлекеттерінің халықаралық саудасы олардың жиынтық өнімімен салыстырғанда 7, 5 есе өскен, ал екі мыңыншы жылы дүние жүзінде өндірілген өнімнің 30 проценті халықаралық саудаға түсетін болды.
Адамзат қоғамының дамуының қазіргі кезең анық көрсетіп отырғанындай қиын да күрделі мәселелердің шешімі - ұтымды ұлтаралық экономикалық байланыстар орнату. Оладың сипаты мен түрлері, қамту аясы мен көлемі қоғамның даму барысында үнемі өзгеріп отырады. Оларға меншіктің сипаты, әсіресе геосаяси жағдай мен экономикалық мамандану және басқа да факторлар тікелей әсер етеді.
Экономикалық ғылымда халықтар мен мемлекеттер арасындағы байланыстардың түрлеріне біршама назар аударылды, бірақ қатынастар мен байланыстар көбінесе синоним ретінде қолданылады. Біздіңше, бұл екі категория бір құбылыстың ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісі ретінде қарастырылуы керек. Экономикалық байланыстар халықаралық еңбек бөлінісіне, өндіргіш кұштердің дәрежесіне және шаруашылықтардың мамандануына сүйенеді. Ал осы байланыстардың үзілмей, ан жағынан өсуіне экономикалық қатынастар - меншіктің түрлері, қаржы, несие және түрлі инфрақұрылымдар жағдай жасайды.
Демек, экономикалық қатынастар мен байланыстарды сөз еткенде жоғарыдағы методологиялық тетіктерді пайдалану керек. Әсіресе рыноктық экономикаға көшу барысында халықаралық қарым - қатынастар мен алыс - берістерді тиімді, баламалы жүргізуде жалпытеориялық мәселелерді шешіп алсақ, күнделікті өмірдегі, ұлтаралық экономикалық қатынастардағы қателіктер, байланыстардағы ұтылыстар азаяр еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz